Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Терапия казак.doc
Скачиваний:
4434
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
6.68 Mб
Скачать

Геморрагиялық диатездердің негізгі түрлерінің екшеу диагнозының белгілері

Белгілер

Геморрагиялық васкулит

Идиопатиялық тромбоцитопения

Тромбоцитопатия

Гемофилия

Қансырағыштық түрі

Тұқым қуалау

Тромбоцит саны

Тромбоциттер функциясы

Қан ағу уақыты

Қан ұю уақыты

ТСҚҰ синдромы

Васкулитті-пурпуралық

Жоқ

Норма

Норма

Норма

Норма

Болады

Петехиялы-дақты

Жоқ

Азайған

Норма немесе бұзылған

Ұзарған

Норма

Жоқ

Петехиялы-дақты

Жиі кездеседі

Норма немесе азайған

Бұзылған

Ұзарған

Норма

Жоқ

Гематомалық

Кездеседі (рецесс. тип)

Норма

Норма

Норма

Ұзарған

Жоқ

Клиникалық диагнозды тұжырымдауда ескеру керек:

1. Аурудың клиникалық-патогенетикалық түрін.

2. Даму барысын.

3. Активтілік дәрежесін.

Диагноз тұжырымдаудың мысалдары:

1. Геморрагиялық васкулит, тері-буын зақымдану түрі, АИК көбейген, қайталамалы даму, орташа дәрежелі активтілік.

2. Геморрагиялық васкулит, тері-бүйрек зақымдану түрі, АИК көбейген, жедел даму, жоғары дәрежелі активтілік.

Емі. Геморрагиялық васкулиттің базисті еміне гепаринмен емдеу жатады; гепаринді 400-800 ӘБ/кг есебінде 6 сағат сайын тері астына немесе венаға егеді. Оның гипокоагуляциялық әсерін, қан ұюды бақылап отыру керек.

Қанның реологиялық қасиетін жақсарту үшін антиагреганттар беріледі: курантил, трентал, индометацин.

«Жітіфазалық» белоктар деңгейі жоғары болғанда, ЭТЖ өте өсіп кеткенде 3-5 күнге преднизолон (тәулігіне 30-40 мг) беріледі. Буын синдромында бейстероидтық қабынуға қарсы қолданылатын дәрілер (вольтарен, индометацин) белгіленеді. Бүйрек зақымданғанда гепаринмен емдеуді иммунодепрессанттармен емдеумен ұштастыру қажет.

Криоглобулинемия мен ЭТЖ жоғары болғанда, гепарин мен плазмаферезді қосып қолданады.

Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы. Аурудың асқынуы кезінде науқас адам буын және абдоминальдық синдром толық жойылғанға дейін, жаңа геморрагиялық бөртпе-лер болмаса 7-10 күн бойы еңбекке жарамсыз. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың орташа мерзімі: аурудың тері зақымдануы түрінде – 21 күн, тері – буын зақымдану түрінде – 28 күн, абдоминальдық түрінде – 40 күн.

Медициналық-әлеуметтік сараптама. МӘСК жолдама беру көрсетпелері: геморрагиялық васкулиттің буын функциясының бұзылуының 2-3 дәрежесін тудыратын тері-буын түрі, аурудың жиі қайталайтын абдоминальдық түрі.

Прогнозы. Аурудың тері зақымдануы және тері-буын зақымдану түрінде болжам жайлы болып келеді. Абдоминальдық синдром ішек инвагинациясы, ішек перфорациясы түрінде асқынып, аурудың болжамын ауырлатып жіберуі мүмкін. Аурудың бүйрек зақымдануының прогнозы көптеген жағдайда, әсіресе гломерулонефрит созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен асқынған жағдайда, аурудың болжамы жағымсыз.

Профилактикасы. Бұл ауруларға алдын алу (профилактикалық) екпелерін, аллергиялық әсері бар антибиотиктерді қолдануға болмайды, аллергендік әсері бар тағам қабылдауға болмайды, 40 жастан жоғары адамдарға инсоляцияны (күн түсу) шегеру керек. Криоглобулинемияда салқын тигізбеу керек.