Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Терапия казак.doc
Скачиваний:
4434
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
6.68 Mб
Скачать

Қалыпты артериялық қан қысымы

Категория

САҚҚ с.б. мм

ДАҚҚ с.б. мм

Тиімді

< 120

< 80

Қалыпты

< 130

< 85

Жоғары деңгейдегі қалыпты

130-139

85-89

Тиімді артериялық қан қысымы – жүрек-тамыр асқынулары дамуының ең аз қаупін қамтамасыз ететін артериялық қан қысымының деңгейі.

Жоғары деңгейдегі қалыпты қан қысымы – эпидемиологиялық зерттеулерде жүрек-тамыр жүйесі асқынулары болуының жоғарғы қаупі бар АҚҚ деңгейі.

Егер САҚҚ мен ДАҚҚ әр түрлі категорияда болатын болса, артериялық қан қысымына жоғарғы категория беріледі.

Мақсатты АҚҚ – жүрек-тамыр ауруларымен сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің ең төменгі деңгейі болатын артериялық қан қысымының деңгейі.

Жас және орта жастағы адамдарда қан қысымының деңгейі с.б. 130/85 мм деңгейінде болса, жүрек-тамыр ауруларымен сырқаттану қаупі төмендеген немесе ондай қауіп болмайды. Мосқал жастағы пациенттер үшін мақсатты қан қысымының деңгейі – с.б. 140/90 мм.

13-кесте

Аққ көтерілуінің дәрежелері

Дәрежелері

САҚҚ с.б. мм

ДАҚҚ с.б. мм

І дәрежесі

140-159

90-99

ІІ дәрежесі

160-179

100-109

ІІІ дәрежесі

> 180

> 110

Егер САҚҚ мен ДАҚҚ әр түрлі категорияда болса, онда жоғарғы категория беріледі.

Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993

Сатылары

Сипаттамасы

І сатысы

Нысана – органдар зақымдануының объективті белгілері жоқ

ІІ сатысы

Кем дегенде «нысана – органдар» зақымдануының бір белгісі болу:

- сол жақ қарынша гипертрофиясы (ЭКГ, Эхо-КГ, рентгенография);

- микроальбуминурия, протеинурия және/немесе креатинемия 1,2-2,0 мг/дл (105,6 – 176 мкмоль/л);

- қолқада, тәж артерияларында ультрадыбыстық немесе рентгенологиялық тексеру жолымен анықталған атеросклероздық түймедақ белгісі;

- көз торы артерияларының жайылмалы немесе ошақты тарылуы.

ІІІ сатысы

Нысана – органдар зақымдануының клиникалық белгілері болуы:

Бас миы:

- ишемиялық инсульт

- геморрагиялық инсульт

- транзиторлық ишемиялық көрініс

- гипертониялық энцефалопатия

Жүрек:

- миокард инфарктісі

- стенокардия

- қан іркілмелі жүрек әлсіздігі

Бүйректер:

- креатинемия 2 мл/дл (176 мкмоль/л)

- бүйрек жетіспеушілігі

Шеткі тамырлар:

- қолқаның шарбыланған аневризмасы

- шеткі артериялардың зақымдануының айқын клиникалық белгілері (ұстама ақсақтық)

Көз торы:

- геморрагиялар немесе экссудаттар

- көз нервісі емізегінің ісінуі

Шекаралық АГ: систолалық АҚҚ с.б. 140-149 мм тең, диастолалық АҚҚ с.б. 90-94 мм тең АГ.

Жекеленген систолалық АГ (ЖСАГ): систолалық АҚҚ с.б. 140 мм жоғары, диастолалық АҚҚ с.б. 90 мм төмен болатын АГ. Оның дәрежесін систолалық АҚҚ деңгейіне қарап анықтайды. Мысалдар: АҚҚ с.б. 150/80 мм – ЖСАГ І дәрежесі, АҚҚ с.б. 190/70 мм ЖСАГ ІІ дәрежесі.

1) Шекаралық ЖСАГ – систолалық АҚҚ с.б. 140-160 мм, диастолалық АҚҚ с.б. < 90 мм.

2) ЖСАГ бөлек топқа бөлінбейді, эссенциальдық АГ тобына кіреді.

АГ қауіптік дәрежесін анықтау.

АГ қауіпті дәрежесін анықтау критерийлері 15-кестеде келтірілген.

15-кесте

Қауіптік дәрежені анықтау критерийлері

Қауіп факторлары

Нысана – органдардың зақымдануы

Қосалқы клиникалық күйлер

І Негізгі (қауіпті анықтауда қолданылатын):

- еркектер, 55 жоғарғы жастағы

- әйелдер, 65 жоғарғы жастағы

- шылым шегу

- холестерин > 6,5 ммоль/л

- жүрек-тамыр аурулары бар әулеттік анамнез (65 жастан жоғары әйелдерде және 55 жастан жоғарғы еркектерде)

ІІ Қосымша

- ЖТЛП холестеринінің азаюы;

- ТТЛП холестеринінің көбеюі;

- қант диабетімен ауыратын науқастà микроальбуминурия-ның болуы

- глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы

- қимылсыз тіршілік

- фибриногеннің көбеюі

- әлеуметтік-экономикалық факторлар

- этникалық фактор

- географиялық фактор

Сол жақ қарынша гипертрофиясы (ЭКГ, Эхо-КГ, рентгенография.

Протеинурия және/немесе креатинемия 1,2 – 2 мг/дл.

Ұйқы, мықын және сан артерияларының, қолқаның атеросклероздық за-қымдануының ультрадыбыстық, рентгенологиялық белгілері

Көз торы артерияларының жайылмалы немесе ошақты тарылуы

Ми аурулары:

- ишемиялық инсульт

- геморрагиялық инсульт

- транзиторлық ишемиялық көрініс

Жүрек аурулары:

- миокард инфарктісі

- стенокардия

- аорто-коронарлық шунттаудан, баллонды ангиопластикадан кейінгі тәж артерияларының реваскуляризациясы

- қан іркілмелі жүрек әлсіздігі

Бүйрек аурулары:

- диабеттік нефропатия;

- бүйрек жетіспеушілігі (креатинемия > 2 мг/дл)

Тамыр аурулары:

- қолқаның шарбыланған аневризмасы

- шеткі артериялардың симптоматикалық зақымдануы

- гипертониялық ретинопатия

- геморрагиялар, экссудаттар

- көз нервісі емізігінің ісінуі

- қант диабеті

2. Қауіптілік дәрежесінің диагностикалық критерийлері (1-кесте):

2.1. Төменгі қауіп дәрежесінің критерийлері:

- 55 жастан жас еркектер мен әйелдер

- АГ І дәрежесі

- Қауіп факторлар, нысана-органдардың зақымдануы, жүрек-тамыр жүйесінің және қосымша аурулар жоқ

- Жақын арадағы 10 жыл ішінде жүрек-тамыр ауруларының болу қаупі 15% төмен

2.2. Орташа дәрежелі қауіп критерийлері:

- Қауіп факторлар бар және/немесе АГ 2-3 дәрежесі

- Нысана-органдардың зақымдануы жоқ, жүрек-тамыр аурулары және қосалқы (біріккен) аурулар жоқ

- Жақын арадағы 10 жыл ішінде жүрек-тамыр жүйесі ауруларының даму қаупі 15-20%

2.3. Жоғарғы дәрежелі қауіп критерийлері:

- Нысана – органдардың зақымдануы бар, АГ 1-3 дәрежесі, нефропатия жоқ қант диабеті

- Қауіп факторларының болуы міндетті емес

- Жақын арадағы 10 жыл ішінде жүрек-тамыр ауруларының даму қаупі > 20%

2.4. Өте жоғары дәрежелі қауіп критерийлері:

- Қосалқы (біріккен) аурулар және/немесе қант диабеті бар, АГ 1-3 дәрежесі

- Нефропатия бар қант диабетімен ауыратын адамда жоғарғы деңгейдегі қалыпты қан қысымының болуы

- Жақын арадағы 10 жыл ішінде жүрек-тамыр ауруларының даму қаупі > 30%

Науқас адамдарды қауіптілік дәрежесіне қарай бөлу АҚҚ деңгейіне, қауіпті факторларға, нысана – органдардың зақымдануына және қосалқы клиникалық күйлерге қарап іске асырылады. Мұндай тәсілдің ерекшелігі – емдеу әдістерін таңдағанда АҚҚ деңгейі ең маңызды фактор деп есептелмейтіндігі. Емдеу әдістері қауіптік дәрежеге қарап құрастырылады: