Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Терапия казак.doc
Скачиваний:
4433
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
6.68 Mб
Скачать

Иэ емдеуде қолданылатын антибиотиктер

Микроорганизмдер

Дозалары және егу жолдары

Емнің ұзақты-ғы, апта

Пенициллин сезімтал стрептококтер: МИК* < 0,1 мкг/мл, жасыл көк стрептококк А және С топтарының S.вovis, pneumoniae, pyogenes

- Пенициллин 4 млн ӘБ 4 сағ. сайын

- Цефтриаксон 2 г 1 рет/күнге венаға

- Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағат сайын

4

Пенициллинге шартты төзімді стрептококтар: МИК > 0,1 мкг/мл < 1 мкг/л

- Пенициллин 4 млн ӘБ венаға 4 сағат сайын + гентамицин 1 мг/кг 12 сағат сайын венаға;

- Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағат сайын

4

Пенициллинге төзімді стрептококтар: МИК > 1 мкг/л; E.faecalis, faecium, басқа энтерококтар

- Пенициллин 18-30 млн ӘБ күнде венаға үздіксіз жіберіледі, немесе бірдей дозалары 4 сағат сайын венаға егіледі + гентамицин 1 мг/кг венаға 8 сағ. сайын;

- Ампициллин 12 г/тәул. венаға үздіксіз немесе бірдей дозада 4 сағ. сайын + гентамицин 1 мг/кг 8 сағ. сайын;

- Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағат сайын + гентамицин 1 мг/кг венаға 8 сағат сайын

4-6

Стафилококтар

Метициллин сезімтал микробтар:

- Цефазолин 2 г венаға 8 сағ. сайын;

- Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағ. сайын.

Метициллинрезистентті микробтар:

- Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағ. сайын

4-6

Қақпақ протезіндегі стафилококтар

Метициллинсезімтал микробтар:

- Нафициллин 2 г венаға 4 сағ. сайын + гентамицин 1 мг/кг венаға 8 сағ. сайын

Метициллинрезистентті микробтар:

- Ванкомицин 15 мг/кг венаға 12 сағ. сайын + гентамицин 1 мг/кг венаға 8 сағ. сайын + рифампицин 300 мг ішке 8 сағ. сайын

4-6

НАСЕК тобы

- Цефтриаксон 2 г венаға 1 рет/тәул.

- Ампициллин 12 г/тәул. венаға үздіксіз немесе бірдей дозаға бөлініп, 4 сағ. сайын + гентамицин 1 мг/кг венаға 12 сағ. сайын

4

Neisseria

- Пенициллин 2 млн ӘБ венаға 6 сағ. сайын;

- Цефтриаксон 1 г венаға 12 сағ. сайын

3-4

Pseudomonas aeruginosa, басқа грамтеріс микроорганизмдер

- Пенициллин кең спектрлі

- Цефалоспориндер 3-ші буынның

- Имипенем + аминогликозид

4-6

* МИК – минимальды ингибиторлаушы концентрация.

Глюкокортикостероидтарды иммунды қабыну процестерін (миокардит, артрит т.б.) және бактериялық шокты емдеу үшін қолданады.

Имунотерапия әзір антитоксикалық заттар енгізу арқылы қанда айналып жүрген токсиндерді бейтараптауға негізделген (пассивті иммунизация). Пассивті иммунизация үшін ең тиімді препараттар – қоздырғыштың түріне қарай (антистафилококтік, көкшіл іріңді таяқшаға қарсы плазма т.б.) дайындалған гипериммунды плазма, антистафилококтік гамма-глобулин, венаға егуге арналған адамның қалыпты иммуноглобулині. Антистафилококтік плазманы 4-6 мг/кг (орта есеппен 250 мл) дозасында арасына 1-3 күн салып 4-6 рет венаға жібереді.

Антистафилококтік гамма-глобулинді 5-10 мл дозада күнде 10 күн бойы етке егеді.

Адамның қалыпты иммуноглобулинінің 50 мл венаға егеді; минутіне 20-40 тамшыдан жіберіп, 3 күн қатарынан егеді.

Дезинтокскация әдістері. Жақсы нәтижені экстракорпоральды детоксикация (гемосорбция, плазмаферез т.б.) тәсілдері береді.

Симптоматикалық ем. Қан айналысы жетіспеушілігінде жүрек гликозидтерін, несеп жүргізетін дәрілерді береді, су мен тұз шектелген диета тағайындалады. Анемия, лейкопения, тромбоцитопения және геморрагиялық синдромда орнын басу емі (қан препараттары, темір, С, В12 – витамині), гемостатикалық препараттар қолданылады.

Хирургиялық ем. Оның мәні зақымданған жүрек қақпағын алып тастап, оның орнына жасанды механикалық немесе биологиялық протез орналастыру.

Хирургиялық емнің абсолютті көрсетпелері:

1. Үдемелі жүрек әлсіздігі.

2. 3 апта антибактериялық емге төзімділік.

3. Эхокардиографиялық тексергенде және вентрикулографияда табылатын миокард пен фиброзды сақина абсцесі.

4. Саңырауқұлақтық эндокардит, себебі эндокардиттің бұл түрін емдеу көптеген қиындықтар тудырады және жиі тромбоэмболиялық асқынулар болады.

5. Протезді қақпақтың эндокардиті.

Хирургиялық емнің шартты көрсетпелері:

1. Вегетацияның деструкциясы себепті қайталамалы болатын эмболиялар.

2. Жасалған емге қарамастан қызбаның сақталуы.

3. Емнің бойында вегетация мөлшерінің үлкеюі.

Еңбекке қабілеттіліктің қалпына келу критерийлері.

Ондай критерийлерге аурудың басты белгілерінің жойылуы, қабыну процесі белгілерінің болмауы, қан себіндісінің теріс нәтижесі (кем дегенде 3 рет), жүрек пен бауыр қызметінің компенсациялы күйде болуы жатады.

Еңбекке қабілетсіздік сараптамасы. Еңбекке қабілетсіздіктің орташа мерзімі – 2-3 ай, сепсистік процестің активтілігі сақталған күйде ол мерзім 4-5 айға дейін созылады.

МӘСК жолдама беру көрсетпелері: сепсистік процестің дамуының ұзарып кетуі, кардит, ауыр ағымды гломерулонефритке қоса айқын жүрек әлсіздігі мен бүйрек жетіспеушілігінің белгілері; ми тамырларының тромбоздары мен эмболияларының салдары (гемипарез, афазия және басқалары), өкпе артериясының қайталамалы тромбоэмболиясы.

Диспансерлеу. Науқас адамдарды диспансерлік есепке алады. 6 ай бойы ай сайын 1 рет қарап тұрылады, кейін жылына 2 рет қаралады, қараған кезде міндетті түрде ЭхоКГ жасау керек.

Санаторийлы-курорттық ем. ИЭ-тен жазылғаннан кейін, ішкі органдарда резидуальдық өзгерістер барында іске асырылады. Қолқа қақпақтарының кемістігінің фонында жүрек әлсіздігінің І ФК жоғары емес дәрежесі науқасты бальнеологиялық курортқа жіберудің көрсетпесі болып табылады. Созылмалы гломерулонефриттің қайталауы жоқ кезде ыссы климатты курорттарға жібереді.

Прогноз. Ем болмаған жағдайда ИЭ жедел түрі 4-6 апта ішінде өліммен, жеделше түрі – 6 айдан кейін өліммен аяқталады. Жағымсыз болжам белгілері: аурудың себебі стрептококк болмауы, жүрек әлсіздігінің болуы, қолқа қақпақтарының зақымдануы, қақпақ протезіне инфекция жұғуы, егде жас, фиброзды қақпақ сақинасының зақымдануы немесе миокард абсцесі.

Профилактикасы. ИЭ дамуына түрткі болатын факторлардың барында, өткінші бактериемия тудыратын жағдайлардың алдын алу шараларын іске асыру керек:

1) Ауыз, мұрын қуыстарында, ортаңғы құлақта қан ағуды тудыратын іс-әрекеттерде жасыл көк стрептококтің гематогендік тарауының алдын алатын шаралар қолдану. Ол үшін амоксициллиннің 3 г манипуляцияға дейін 1 сағат бұрын және 1,5 г манипуляциядан 6 сағат кейін ішке қабылдайды.

2) Пенициллинге аллергия болса, эритромициннің 800 мг немесе клиндамициннің 300 мл процедурадан 2 сағат бұрын және препараттың 50% дозасын процедурадан 6 сағат кейін қолдану.

3) Асқазан-ішек, урологиялық операцияларда энтерококк инфекциясының профилактикасын жасайды. Ол үшін ампициллиннің 2 г етке немесе венаға гентамицинмен (1,5 мг/кг) етке немесе венаға қосып егеді, немесе амоксициллиннің 1,5 г ішке қабылдайды.