Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Терапия казак.doc
Скачиваний:
4432
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
6.68 Mб
Скачать

Бауыр циррозының сирек түрлерінің емі.

Вильсон-Коновалов ауруы.

1) Диетада құрамында мыс көп тағамдар (бауыр, шоколад, кептірілген жемістер, саңырауқұлақтар) болмауы керек;

2) Қалған өмір бойы ішке Д-пеницилламин (купренил) қабылдау керек; ол мыстың бөлінуін көбейтеді. Басында 250 мг күнге 2-3 рет тамақ алдында қабылдайды, кейін тәуліктік дозаны біртіндеп күнге 1-1,5 г дейін көбейтеді (мыстың несеппен бөлінуін ескере отырып). Д-пеницилламин В6 витаминінің антиболиті болып есептеледі, сондықтан оны пиридоксинмен бірге (тәулігіне 25-50 мг) қабылдайды. Бауыр ауыр зақымданғанда, цирроз қалыптасу сатысында Д-пеницилламиннің аз дозасы (тәулігіне 300-900 мг) қолданылады. Д-пеницилламинмен емдеген кезде лейкоцит пен тромбоцит деңгейін және бүйректің функциональдық көрсеткіштерін бақылап отыру керек.

Кейбір авторлардың пікірі бойынша, Д-пеницилламинге ұқсас әсерді одан улы қасиеті анағұрлым төмен цинк сульфаты да көрсетеді: ол мыстың ішектегі абсорбциясын тежейді. Капсулада 200 мг күнге 3 рет тамақтан 30 минут бұрын қабылдайды.

Гемохроматоз. Ең тиімді емдеу әдісі – жүйелі түрде қан жіберу. Алғашында 500 мл арасына апта салып қан жіберіп тұрады, қан жіберуді орташа дәрежелі қаназдық пайда болғанға дейін жалғастырады. Кейін қан жіберу арасындағы үзілістерді 3 айға дейін созып, емді бауырдағы шамадан тыс жиналған темірді жойғанға дейін жалғастырады.

Еңбекке қабілеттіліктің қалпына келу критерийлері: клиникалық – лабораториялық белгілері бойынша бауырдағы активті қабынудың жойылуы, бауыр – клеткалық жетіспеушілік синдромының, портальдық гипертензияның, гиперспленизмнің компенсация немесе субкомпенсация күйге оралуы.

Уақытша еңбекке қабілетсіздіктің орташа мерзімдері: онша айқын бауыр – клеткалық жетіспеушілік белгілері жоқ аурудың жеңіл қайталауында – 4-5 апта, айқын бауыр – клеткалы жетіспеушілік белгілері бар аурудың ауыр қайталауында 2,5-3 айға дейін.

МӘСК жолдама беру көрсетпелері: портальдық гипертензия, төменгі және орташа дәрежелі бауыр – клеткалық жетіспеушілік бар бауыр циррозы.

Диспансерлеу. Бауыр циррозымен ауыратын адамдарды учаскелік терапевт диспансерлік есепке алады. Қарау жиілігі – жылға 4 реттен сирек емес, компенсациялы бауыр циррозының тұрақты дамуында қарау жиілігі жылына 2 реттен сирек болмауы керек.

Прогнозы. Бауыр циррозындағы патологиялық процесс қайтымсыз болып келеді, бірақ барлық ем – алдын алу шараларын сауатты іске асыру науқас адамның компенсациялы күйін анағұрлым созуға мүмкіндік береді. Жағымсыз болжам көрсеткіштері: 1) билирубиннің 300 мкмоль/л жоғары болуы; 2) альбуминнің 20 г/л төмен болуы; 3) ХҚҚ – 2,0 төмен (немесе протромбин индексі < 60%).

Профилактикасы. Бауыр циррозындағы профилактикалық шараларға этиологиялық факторларды жою немесе шектеу, созылмалы гепатит пен бауырдың майлы дистрофиясын емдеу, ауыр астенияда жұмыстан босату, бауырға жағымсыз әсер ететін өнеркәсіп факторлар мен дәрілерді жою жатады.

Асқорыту мүшелерінің аурулары бойынша тестілер сұрақтары