Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритм ОСКЭ.doc
Скачиваний:
148
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
105.47 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» ақ

1 акушерлік және гинекология кафедрасы

Әрекет алгоритмі

_2_ОҚКЕ станциясы

Арнайы гинекологиялық зерттеулер жүргізу

Дағдыларды бағалау белгілері

Әрекет алгоритмі

1

Залалсыздандырылған қолғапты кию.

Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.

Залалсыздандырылған бір рет қолдануға арналған қолғапты екі қолыңызға киіңіз.

Сыртқы жыныс мүшелерін қарау үшін екі қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ернеуін ашамыз, онда қынап кіреберісін, қынап қабырғасының шырышты қабатының өңін, сыртқы несеп жолы саңылауы каналының, парауретральды және қынап кіреберісінің үлкен безінің шығару жолдарының жағдайын қараймыз.

2

Қынапқа екі жаққа ашылмалы айнаны енгізу.

Жатыр мойнының қынаптық бөлігін және қынапты айнамен қарауды жүргізу.

Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарауды жүргізіңіз: ол үшін екі жаққа ашылмалы айнаны оң қолға алып, сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеуін ашамыз. Айнаны қынапқа жамбастың тік өлшемімен тереңдете енгізіп көлденең өлшемге бұрамыз.

Жатыр мойнын және қынапты ашамыз.

3

Қынаптан екі жаққа ашылмалы айнаны шығарамыз.

Екі жақты ашылмалы айнаны жабамыз және көлденең өлшемнен тік өлшемге келтіре отырып, ақырын қынаптан шығарамыз,.

4

Екі жаққа ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салу.

Екі жаққа ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа саламыз.

5

Қынапты бимануальды зерттеу жүргізу.

Қынаптық зерттеу жүргізіңіз. Ол үшін сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен жыныс ернеулерін ашамыз. Қынапқа оң қолдың екі саусағын енгіземіз, бірінші – қынаптың артқы қабырғасын басатын ортаңғы саусақты, содан соң сұқ саусақты енгіземіз. Сол қолды алдыңғы құрсақ қабырғасына ауыстырып және ұқыптап енгізілген оң қолдың саусақтарына бағыттап басамыз. Екі қолдың саусақтарын бір біріне жақындатып жатыр денесін және мойнын пальпация жасау керек. Ал жатыр қосалқыларын және қынап күмбездерін екі жақты (оң, сол) зерттеу үшін екі қолдың саусақтарын кезекпен жатыр бұрышынан жамбастың бүйір қабырғасына ауыстырыңыз. Оң қолдың саусақтарын қынаптан шығармас бұрын жамбастың ішкі қабырғасын пальпациялаңыз.

6

Қынаптан саусақтарды шығару және бөлінділер сипатын бағалау.

Қынаптан саусақтарыңызды шығарыңыз, бөлінділер сипатын қараңыз және бағалаңыз (қанды, іріңді, шырышты).

7

Қолғапты шешіп, оларды арнайы контейнерге салу.

Қолғапты шешіп, оларды арнайы контейнерге салыңыз.

Станция ұзақтығы5 минут.

Каф. меңгерушісі, проф. ___________________ Ахмедьянова Г.У.\

Кафедра мәжілісінде бекітілді 27.08.2014 ж. хаттама № 1

Астана медицина университеті» ақ

1 акушерлік және гинекология кафедрасы

Әрекет алгоритмі

_3_ОҚКЕ станциясы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]