Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия КИС 6к каз +.doc
Скачиваний:
250
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
1.22 Mб
Скачать

«Астана медицина Уневерситеті » АҚ

Форма № С- 07.1.11

Шығу күні 26.09.12

ЛОР және көз аурулар кафедрасы

Ревизия күні

Ревизия #:

Стр 162 из 162

ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯ, ОФТАЛЬМОЛОГИЯ МОДУЛІ БОЙЫНША БІЛІМІН, ІСКЕРЛІГІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ ҮШІН БАҚЫЛАУ- ӨЛШЕМ ТАПСЫРМАЛАРЫ

нтернатура бағыты : ХИРУРГИЯ

Мамандығы : ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

Тәжірибелік сабақ 180 (сағат)

ИӨЖ 90 (сағат)

Экзамен 12-13(семестр)

Барлығы 270 (сағат)

Курс 6

Семестр 12

Астана 2012 ж

1.Ситуациялық есептер (Рубежный контроль)

мемлекет тілінде:

30 есеп

орыс тілінде

  1. есеп

2. Экзамен

1-і этап – Тесты по модулю

мемлекет тілінде:

700

орыс тілінде:

700

Оториноларингология

мемлекет тілінде:

250

орыс тілінде:

250

Офтальмология

мемлекет тілінде:

250

орыс тілінде:

250

Анестезиология және реанимация

мемлекет тілінде:

100

орыс тілінде:

100

Клиничкалық анатомия және оперативті хирургия

мемлекет тілінде:

100

орыс тілінде:

100

2-і этап – іскерлігі мен дағдыларың бағалау

мемлекет тілінде:

30 билет

орыс тілінде:

30 билет

.

Практикалық дағдылардың тізбесі:

1. Лабиринтитте клиникалық және инструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау.

2. Риносинуситте клиникалық және инструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау

3. Риногенді бассүйекішілік асқынулардын даму кезіндегі клиникалық және инструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау.

4. Көмей тарылуының клиникалық және инструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау

5. Құлақ, мұрын, көмей және жұтқыншақтын бөгде заттарының клиникалық және инструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау.

6. Сыртқы есту жолының құлығы мен бөгде затынының клиникалық және инструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау.

7. Жіті ортаңғы отитте клиникалық жәнеинструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау.

8. Жіті және созылмалы ринит пен риносинуситтін клиникалық және инструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау.

9. Мұрын-жұтқыншақтың бөгде денесінің клиникалық және инструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау.

10. Мұрын фурункулында клиникалық және инструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау.

11. Жіті және созылмалы тонзилиттің клиникалық және инструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау.

12. Жіті және созылмалы фарингиттің клиникалық және инструмент арқылы зерртеу әдістерін талқылау.

13. Жіті және созылмалы тонзилиттің диагностикасы

14. Жіті және созылмалы фарингиттің диагностикасы

15. Құлақ, жұтқыншақ және көмей жарақатының алғашқы өндеуі.

16. Мұрын сынығының репозициясы

17. Паратонзиллярлы абсцессті ашу.

18. Мұрын қуысының алдыңғы және артқы тампонадасы

19. Мұрын фурункулының, мұрын аралығының гематомасы мен абсцессің ашу

20. Үстінгі –жақ қуысын тесу.

21. Трахеотомия және трахеостомия

22. Көру жітілігін тексеру

23. Тонометрия жүргізудің әдістемесі

24. Нестеров бойынша тонография жүргізудің әдістемесі

25. Тонометриялық сызғыштың көмегімен көзішілік қысымның деңгейін анықтау әдісі

26. Конъюнктивалық қапшықты шаю

27. Конъюнктивалық қапшықтан сүртінді (мазок) алу

28. Ферстер периметрмен периметрия әдісін жүргізу

29. Тікелей офтальмоскопия

30. Кері офтальмоскопия

31. Түстерді ажыратуды анықтау

32. Бүйірлік жарықтандырумен әдісімен зерттеу

33. Өтпелі жарықпен зерттеу әдістемесі

34. Рефракцияны анықтаудың субъективті әдісі

35.Скиаскопия өткізу

36. Экзофтальмометрия

37. Ширмер-I тестін өткізуәдістемесі

38. Норн сынамасын өткізу

39. Үлкен кісілерде көзжасын әкетуші жолдарды зондтау

40. Үлкен кісілерде көзжасын әкетуші жолдарды шаю әдісі

41. Жоғарғы қабақты айналдырып ашуды жүргізу

42. Демодекс анықтау үшін кірпікті зерттеуге алу әдісі

43. Алгезиметрия жүргізу

44. Цилиарлық ауырсынуды анықтау үшін көзалманың пальпациясын жүргізу әдісі

45. Қарашықтың жарыққа деген тікелей және қосарлас реакцияларын анықтау

46. Комберг-Балтин бойынша көзішілік бөгде заттың рентген-локализациясы әдісі

47. Көзалманың конъюнктивасынан бөгде затты алып тастаудың әдісі

48. Мөлдір қабықтың беткейінен бөгде затты алып тастаудың әдісі

49. «алақанда тесік болып көріну» Соколов сынамасын өткізу

50. Гиршберг бойынша көзқылилықтың бұрышын анықтау әдісі

51. Көзалмаларының орнатқы қимылдарының болуын анықтау әдісі

Қорытыңды бақылау үшін оториноларингология бойынша ситуациялық есептер:

1 Есеп

30 жастағы науқастың шағымы: жоғарғы ерін аймағының ісінуі, ұстағанда ауру сезімі, мұрынның оң жақ жарты аймағында ауру сезімі. Жоғарғы айтылған шағымдары шамамен 6 күн, дене қызуының 37,5-38°С көтерілуі байқалады. Емделмеген.

Объективті: жоғарғы ерін терісінің қызаруы мен инфильтрациясы байқалады (көбінесе оң жақта). Алдыңғы риноскопия кезінде: мұрын қуысы түбінің оң жақ аймағында инфильтрат 1,5 х 2 см, орталықта іріңді өзек, пальпация кезінде ауру сезімі. Мұрын қуысының шырышты қабығы ісінген, қызарған, бөлінділер жоқ. Оң жақ мұрынмен тыныс алуы қиындалған.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

2 Есеп

25 жастағы науқас мұрын арқылы тыныс алудын қиындауына (көбінесе сол жақтан), мұрыннан бөлінділер болуына шағымданады. Науқас ауырғанына 1 жыл болды, нафтизинмен қолданады (ауысымды нәтижемен). Анамнезінен: бала кезінде мұрын жарақатын алған (алтыбақанмен соғылған).

Объективті: мұрынның сыртқы пішіні бұзылмаған. Арқасы ортаңғы сызық бойынша. Алдыңғы риноскопия кезінде: мұрын қуысының шырышты қабықшасы қалыңдаған. Мұрын аралығы сүйек-шеміршекті бөлімінде Ѕ-тәрізді қисайған. Төменгі мұрын желбезектерінің еркін шеттері ісінген, адренализация кезінде нашар жиырылады, шырышты бөлінділер. Мұрынмен тыныс алуы қиындаған.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

3 Есеп

35 жастағы науқас 3 күн бойы мұрынмен тыныс алуының қиындауына шағымданады. Анамнезінен: 10 күн бұрын жаттығу кезінде (бокс) мұрын жарақатын алған.

Объективті: мұрын пішіні мұрын арқасының оң жаққа қарай девиациясына байланысты өзгерген. Алдыңғы риноскопия кезінде: мұрын пердесі оңға қисайған. Оң жақ мұрынның пердесінде 1 х 1,5 см ісінген бөлік анықталады, мұрын қуысының толық жауып тұратын; зонд арқылы тесергенде жұмсақ. Шырышты қабықшасы қызарған, ісінген, бөлінділер жоқ. Мұрынмен тыныс алуы оң жағынан қиындаған.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

4 Есеп

40 жастағы науқастың шағымдары: таңертеңгілік уақытта түшкіру ұстамасына, мұрыннан сулы бөлінділер болуына, мұрынмен тыныс алуыдын қиындауына. 5 жыл бойы ауырады. Соңғы 1,5 жыл бойы тұрақты түрде тамыртарылтатын мұрын тамшыларын қолданады.

Объективті: мұрын қуысының шырышты қабықшасы бозарған, мұрын кеуілжірлері ісінген, беткейінде ақ дақтар көрінеді.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

5 Есеп

18 жастағы науқас мұрынның бітелуіне, мұрынның екі жағында шырышты-іріңді бөлінділер, бас ауруына шағымданады. 12 күн бойы ауырады. Дене қызуы 37,9°С. Жүктілік 14 апта.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

6 Есеп

Науқас сыртқы мұрынның деформациясына және мұрын аймағында ауру сезіміне шағымданады. 4 сағат бұрын хоккей ойыны кезінде беттен жарақат алған. Есін жоғалтпаған, құсу, жүрек айнуы байқалмаған, мұрыннан аққан аздаған қанды өзі тоқтатқан.

Қарау кезінде мұрын оңға ығысқан, сол жақ мұрын скатының түбіне қарай түсуі, бұл аймақтың жұмсақ тіндері ісінген, пальпация кезінде ауру сезімі, сүйек сынықтыры қозғалмалы. Мұрынның шырышты қабықшасы ашық-қызыл, ісінген, мұрын жолдарында геморрагиялық қоюлар, мұрын пердесі ортаңғы сызық бойынша. Рентгенограммада мұрын сүйектерінің жарылуы мен ығысуы анықталған.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

7 Есеп

27 жастағы науқас ішімдік ішкен жағдайында металды құрылымен бет аймағына соққы алған. Қысқа уақытқа есін жоғалтқан, құсу және жүрек айну болған.

Түскен кезінде - сол жақ төменгі қабақ аймағында қан құюылуы; мұрын арқасы ортаңғы сызық бойынша, қозғалмалы, бұл аймақтағы жұмсақ тіндер шамалы ісінген, пальпация кезінде крепитация анықталады. Рентгенограммада мұрын сүйектерінің және жоғарғы жақтың орбитальды қабырғасының сынуы, тотальды қараюы.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және т нұскауларды беру.

8 Есеп

19 жастағы науқас жол жақтауына сырғанап мұрынмен құлағаннан кейін бетте ісіну пайда болды. Мұрыннан қан кетуі өз-өзінен тоқтаған, құсу, жүрек айну болмаған, мұрынмен тыныс алуы бұзылмаған. 3 аптадан кейін бетте ісіну жоғалғаннан кейін науқас мұрынның пішіні өзгергенін байқаған.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

9 Есеп

Науқас 21 жаста, шағымдары: тамағының ауру сезіміне, дене қызуы 38 С, әлсіздік, шаршағыштық. Суық тиген, 2 күн бойы ауырады.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t – 38 С, тері жабындысы бозғылт, пальпацияда жұтқыншақтың лимфа түйендері ұлғайған. Фарингоскопиялықта жұмсақ таңдайдың доғашықтарының, тілшенің қызаруы және инфильтрациясы анықталады, таңдай бадамша бездері ісінген және қызарған, беткейінде көп дөңгелекті, шамалы көтерінкі сары нүктелер.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

10 Есеп

3 жастағы бала жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөлімшесіне келесі шағымдарымен жеткізілген: тыныс алуының қиындауына, тамағының ауырсынуына, t – 38,2 С, әлсіздік. Ата-анасының айтуынша ауырғанына 3-ші күн, бұл уақыт аралығында іріңді бөлінділер анықталған, називинмен емделген.

Объективті: жағдайы ауыр, тынысы стридор тәрізді, дауысы қарлыққан, тері жабындысы бозғылт, t – 38,6 С, ұлғайған, қатты ауратын лимфа түйендері пальпацияланады, басы сол жаққа қарай қисайған.

Фарингоскопиялық: ассимметрия, жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы мен томпайғаны, көбірек сол жағынан. Зондпен тексергенде жұмсақ ісік анықталады.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

11 Есеп

20 жастағы науқас жиі баспаларға, буындарындағы анда-санда ауырсынуға, тез шаршағыштыққа шағымданады.

Анамнезінен: 3 жыл аралығында әр жарты жыл сайын баспамен аурады, бір жыл бұрын паратонзиллитпен ауырған

Объективті: жалпы жағдайы қанағатанарлық, тері жабындысы қалыпты, төменгі қабақтары цианозды, ұлғайған аймақтық лимфа түйендері пальпацияланады, дене температурасы қалыпты.

Фарингоскопиялық: орта сызықта бір-біріне қабысып тұрған таңдай бадамша бездері, лакуналарда іріңді тығындылар.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

12 Есеп

63 жастағы науқас жұтқыншақтағы құрғау және қыжылдау сезіміне, кей кезде күйдіру жане қатты тағам жұтқанда ауырсыну сезіміне, аузынан сасық иістін болуына шағымданады.

5 жылдан көп аурады; анамнезіде – созылмалы ахилиялық гастритпен холецистит. Мезофарингоскопияда – жұтқыншақтын шырышты қабығы бозғылт, жүқарған, құрғақ, қан-тамырлармен инъекцияланған, тұтқыр шырышпен жабылған.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

13 Есеп

18 жастағы науқас сол жақ құлағындағы қатты аурсынуға, есту қабылетінің төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 2 күн болды. Объективті: AD – норма, AS – сыртқы есту жолында патологиялық бөлінді жоқ . Mt – гомогенді гиперемирленген. Сыбырлап сөйлеу -1,5м.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

14 Есеп

30 жастағы науқас оң жақ құлағындағы қатты аурсынуға, есту қабылетінің төмендеуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін ауырғанына 2 күн болды. Объективті: AD – сыртқы есту жолында патологиялық бөлінді жоқ. Mt – гомогенді гиперемирленген. Сыбырлап сөйлеу -0,5м.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

15 Есеп

50 жастағы науқас сол жақ құлағынан ірің ағуына, құлақтағы және құлақ арты аймағындағы қатты аурсынуға, есту қабылетінің төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 3 апта болды. Объективті: AS – сыртқы есту жолында 3 ватник шамасында шырышты-іріңді бөлінді, иіссіз. Mt – гиперемирленген, алдыңғы-төменгі квадрантта перфорация, «пульс тәрізді рефлекс», сыртқы есту жолының жоғарғы-артқы қабырғасының салбырауы. Еміздікше өсіндіні пальпациялағанда қатты ауырсынады, ұшында қаттырақ.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

16 Есеп

19 жастағы науқас оң жақ құлағындағы қатты аурсынуға, есту қабылетінің төмендеуіне, бетінің асимметриясына шағымданады. Ауырғанына 1 апта болды, суық тиген. Кеше анық көрінетін бетінің асимметриясы пайда болды.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

17 Есеп

32 жастағы науқас клиникаға бас айналу, құсу, тепе-тендігінің бұзылуы, сол жақ құлағындағы шуыл, есту қабылетінің төмендеуі шағымдарымен жеткізілді. Үстама өмірінде бірінші рет нервті күштенуден кейін пайда болды.

Тексергенде – ЛОР-ағзалары қалыпты, сол жағынан есту қабылеті төмендеген: С.с.- 1 м., Қ.с.- 4 м., сол жақта III дәрежелі SpNy бар, саусақ-мұрын сынамасы –оң жаққа қарай істей алмайды, Ромберг тұрысында – тұра алмайды, оң жаққа қарай құлайды.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

18 Есеп

26 жастағы науқас оң жақ құлағындағы шуыл, есту қабылетінің екі жақтан төмендеуіне шағымданады Бала тапқанан кейін ауырғанына 6 жыл болды лет, шулы жағдайда жақсы естиді. Mt - барлық анықтайтын контурларымен. Есту қабылетінің бұзылуы кондуктивті түрі бойынша, оң жағынан көбірек. Вестибулярлық қызметі қалыпты.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

19 Есеп

36 жастағы науқас, мономицинмен пневмонияны емдеген кезде екі құлағындада шуыл пайда болды және күрт есту қабылеті төмендеді. Аудиометриялық зерртеуде дыбыс қабылдағыш түрі бойынша екі құлағындада күрт есту қабылетінің төмендеуі анықталды (III дәреже).

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

20 Есеп

23 жастағы науқас шағымы: даусының қарлығуы, тамағында күйдіру сезімі, құрғақтық, аз қақырықты жөтел. Жоғарыда аталған шағымдар ЖРВИ кезінде пайда болды. Объективті – жалпы жағдайы қанағатанарлық, дене температурасы 37,3°С. Тура емес ларингоскопияда көмейжұтқыншақта және көмейде шырышты қабықтың анық гиперемиясы, ісіну анықталады, дауыс байламдары маңындағы тіндермен "бір-біріне қосылған". Дауыс саңылауы 1,5 см, тыныс алу бос, афония.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

21 Есеп

Қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен 53 жастағы науқас жұтқыншақта бөгде дене тұрған сезімі, шаншу, жұтынғанда құшейетін шағымдарымен жеткізілді. Объективті: көмей үсті шеміршектің негізінде тілдік бетінде балық сүйегі анықталды.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

22 Есеп

3 апта бойы науқас сол жақ құлағында біртіндеп есту қабілетінің төмендеуін байқады, құлақтан бөлініс бастапқыда аз мөлшерде иіссіз болды, кейіннен сасық көп мөлшерде. Отоскопияда сол жақ сыртқы есту жолында қою ірің; құлағын тазалағанан кейін дабыл жарғағында 4 әр түрлі және көлемді перфорация, 2-і шеттік. Самай сүйегінің Шюллер әдісі бойыншы рентгенограммада – сол жағында жайылған кариес, емізік өсіндіде секвестрлер

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

23 Есеп

16 жастағы науқастың шағымы мұрын арқылы тыныс алудың мүлде болмауына, оң жақ құлағының бітелуіне және есту қабылетінің төмендеуіне. Мұрынның бітелуі мен мұрын арқылы тыныс алудың қиындауына 2 жыл болды.

Объективті: оң жақта мұрын қуысының артқы бөлімдерінде анық-қызыл өсінді анықталды. Оң жақта мұрын арқылы тыныс мүлде жоқ. Мұрынжұтқыншақ қуысы тегіс тығыз өсіндімен толған, ол толық хоананы.жауып тұр. Мұрынжұтқыншақ рентгенограммасында жұмсақтінді өсіндінін қараюы анықталады, мұрынжұтқыншақты және сына тәрізді қуысты толық жауып тұрған, мұрын қуысына қарай өскен. Өсіндіні қоршап тұрған сүйекті қабырғалары анық контурларымен.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

24 Есеп

Науқас қабылдау бөліміне келесі шағымдармен келді: құлақ қалқанында ауырсыну, осы аймақта қызу, күйдіру сезімнің болуы, температурасының жоғарлауы және жалпы дімкәстік. Ауырар алдында байқаусыздан 5 кун бұрын құлақ қалқаның түйреуішпен тырнап алған. 3 кун бұрын қабылдау бөліміне келгенше, құлақ қалқаны қызарды, оның көлемі ұлғайды, ісінді, басы ауырды. Науқастың жағдайы біртіндеп нашарлады, температура пайда болды. Тексергенде құлақ қалқанының терісі күрт қызарған, инфильтацияланған. Процесс құлақмаңы аймағына, сыртқы есту жолына тараған. Гиперемирленген бөліктері демаркация сызығымен қоршалған. Сыртқы есту жолында патологиялық бөліді жоқ, дабыл жарғағы өзгермеген.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

.

25 Есеп

Науқастың шағымы 4 ай бұрын пайда болған маңдай аймағында бас ауру. Ақырғы кезде бас ауру күшейді де тұрақты болды.. ЛОР – ағзаларың тексергенде патологиялық өзгерістер табылған жоқ. Мұрын қосалқы қуыстарынның рентгенограммасында сол жақ маңдай қуысында домалақ түрді тегіс шеттерімен сүйек тығыздығындай қараю анықталады.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

26 Есеп

38 жастағы науқастың шағымы оң жақ мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, осы жақтан қанды-іріңді бөліністін болуы, бас ауру, оң жақ маңдай қуысында аурсыну. Ауырғанына 3 ай, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы біртіндеп көбейді, ақырғы айда бас ауырды. Объективті: оң жақ мұрын қуысы үлкен бұдыр-бұдыр қызыл-көк өсіндімен обтурацияланған, онының алдыңғы бөлігі жаралы, зондпен тигенде қаңсырайды. Мұрын аралығы сол жаққа қарай қисайған. Мұрынжұтқыншақ қуысы бос. Оң жақ хоана жоғарыда айтылған өсіндімен обтурацияланған. Мұрын қосалқы қуыстарынның рентгенограммасында оң жақ мұрын қуысында жұмсақтінді өсіндінін қараюы анықталады, оң жақ торлы лабиринттің жасушалары сирелеген . Оң жақ маңдай және үстіңгіжақ қуыстары қарайған.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

27 Есеп

33 жастағы науқас шағымы: сол жақ құлағынан анда-санда іріңді бөліністін болуы, есту қабілетінің күрт төмендеуі. Бала кезден аурады, қызылша отитінен кейін. Отоскопиялық: сол жақ сыртқы есту жолындааз мөлшерде іріңді сасық бөліністер, дабыл жарғағының жоғарғы-артқы квадранттында шеттік перфорациясы. Емізік өсінді рентгенограммасында сол жағында аттико-антральды аймақта шеті ыдыраған қуыс анықталады. Оң құлағы патологиясыз.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

28 Есеп

30 жастағы науқас қабылдау бөліміне келесі шағымдармен келді: оң жақ құлағында қатты шыдатпайтын ауырсыну. Ауырғанына 4 – 5 күн болды, суық тигеннен кейін. Жалпы жағдайы қалыпты, белсенді, температурасы жоғарлаған жоқ. Тексергенде құлақ қалқаны өзгермеген, бірақ тартқанда қатты ауырсынады. Сыртқы есту жолы тарылған, ішінде шырыш аралас іріңді бөлініс, сыртқы есту жолына жіңішке құлақ айнасы әзер кіргізіледі, дабыл жарғағының көрінетін бөлігі сұр түсті лайлы.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

29 Есеп

21 жастағы науқас жедел жәрдеммен ессіз жағдайда жеткізілді, температура 39,7°, анық желке бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады, симптом Кернига он. Оң жақ құлағынан көп мөлшерде сасық іріңді бөлініс және ірімшік сияқты массалар. Дабыл жарғағының артқы-жоғарғы бөлімінде үлкен перфорация.

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.

30 Есеп

14 жастағы науқас емханаға келесі шағымдармен келді: оң жақ көзінің қиындықпен ашылуы, бас ауру, мұрын бітелу, дімкәстік. Ата-анасының айтуынша жедел суық тигеннен кейін ауырды. Мұрын бітелу, іріңді бөлініс, әлсіздік, бас ауру, енкейгенде күшейе түстетін пайда болды. Өткізіліп жатқан емге қарамай науқастың жағдайы нашарлады. Сол жақ маңдай қуысы аймағында ауырсыну пайда болды, одан кейін сол жақ жоғарғы қабағы ісінді, ісік ұлғая бастады. Көзі ашылмай қалды. Объективті – мұрын шырыштысы қызарған, ісінген, кеуілжірлер гипертрофирленген, сол жақ мұрын қуысында қөп мөлшерде ірің. Рентгенограммада – сол жақ гайморов қуысының гомогенді қараюы, маңдай қуысында – сұйықтық деңгейі. Сол жақ жоғарғы қабағы ісінген, терісі қызарған, жоғарғы қабақтын тіндері сәл кернеулеген, пальпацияда біраз ауырсынады. Көзі өз бетімен ашылмайды, көз алмасының козғалғыштығы шектелмеген, экзофтальм анықталмайды, конъюктива гиперемиясы

Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.