Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

СРС АЙКА

.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
24.16 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Құқық негіздері және сот медицина кафедрасы

СӨЖ

Тақырып: Мемлекеттік басқарудың дамуы жолындағы жергілікті басқару органдарының рөлі

Орындаған: Рахатова А.Р

Топ: 103ЖМ

Тексерген: Усипбаева Л.С

Астана-2016жыл

Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

4-жағдайлық есеп

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді.

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару ту­ралы” Қазақстан Республикасының 2001 жыл­ғы 23 қаңтардағы Заңының қабылда­нуымен әрбір билік деңгейі үшін мем­лекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөнін­дегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мә­селелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды. Қабылданған Заңға сәйкес жер­гілік­ті мемлекеттік басқару – заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм – Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.

1 Жағдайлық есеп

Шарт:

Азамат Алимов жоғары білімді жас маман. Оның жасы жиырма бесте. Өзінің мамандығы бойынша жұмысқа орналасқысы келеді. Жақын күндері Мәслихатқа депутаттыққа сайлау болатындығын естіген еді. Ол өзін депутаттыққа ұсынуды ойлады. Ата-анасы да азамат Алимовтың бұл шешімін қолдады. Азамат Алимов Орталық Сайлау комиссиясына өтініш білдірді.

Сұрақ: Азамат Алимовтың өтініші қаралып, қабылданады ма?

Жауап: ҚР Конституциясының сегізінші бөлімінің 86-бап:

1. Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әуімшілік – аумақтық, бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

2. Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды.

3. ҚР жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады.

2 Жағдайлық есеп

Шарт:

Азамат Қасымов Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының тұрғыны. Бұл азамат 35жыл Қазақстан Темір Жолында электромеханик болып қызмет атқарған. Қызметі бойынша қазіргі таңда зейнетке шыққан. Осы еңбек өтілі бойынша Аягөз ауданының әкімі азамат Қасымовқа «ҚР құрметті азаматы» деген атақ бергісі келетінін жеткізді.

Сұрақ: Әкімнің бұл жағдайға байланысты қандай құқығы бар.

Жауап: ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңнамасының 2-тармағының 6-бабы: Әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;      1) әкімнің ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру;      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі әзірлеген және ұсынған «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту;      3) облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені әзірлеу және бекіту;       Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;     азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;       Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

3 Жағдайлық есеп

Шарт:

Мәслихат депутаты Жанаев біраз уақыттан бері депутат қызметін атқарып келеді. Қызмет еткеніне 3жыл. Отбасындағы жағдайға байланысты бұл азамат ҚР азаматтығынан шығып, шетел азаматтығын алатын болды. Бұл жағдайды жоғарыдағы басшылыққа ескертті. Және өзінің өкілеттілігінің уақыты әлі келмегенін де айтып, жұмыстан шыққысы келмейтінін айтты.

Сұрақ: Бұл депутаттың өкілеттілігі тоқтатыла ма, әлде жалғаса ма?

Жауап: Тоқтатылады. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда тоқтатылады:       1) депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;       2) депутатты әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;       3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;       4) депутат қайтыс болған, депутатты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;       5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан тоқтатса;       6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін депутатқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;       7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;       8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;       9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса;       10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.

4 Жағдайлық есеп.

Шарт:

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының тұрғындары тұрғын үй кешеніндегі ауыз су мәселесі әлі дұрыс жолға қойылмағанын айтып әкімшілікке шағымданады. Олардың айтуы бойынша үйге тікелей су кіргіземіз деп жүргендеріне жиырма жыл өткен. Суды әлі сырттан тасып ішеді екен. Бұл жайлы талай шағым айтса да мәселенің қарастырылмағанын айтады. Бұл жағдайға жауапты компания бюджеттен қаржы бөлінбей жатқанын айтып ақталуда.

Сұрақ: Осы мәселе бойынша әкімшіліктің іс- әрекеті қандай?

Жауап: Әкімшілік бұл мәселе бойынша ең бірінші жауапты компаниямен сөйлесуі керек. Бұл жағдайдың себебін анықтауы керек. Жалпы жауапты компанияның әрбір ісін қадағалау әкімшіліктің міндеті. Сондықтан бұл жағдайда екі жақтың да кінәсі бар.  3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi

      1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн:       1) жергiлiктi бюджет;       2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк;       3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.       Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыруға құқылы.

    

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР Конституциясы

  2. «Құқық негіздері» С.Д.Баққұлов, Алматы,2010ж

  3. «Құқық негіздері» оқу құралы Ағдарбеков

  4. «Құқық негіздері» Оспанов