Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инфек.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
741.7 Кб
Скачать

«Астана Медициналық Университеті»

СӨЖ

Тақырыбы:Балалардағы қызылша.

Орындаған: Құрбантай Б.Б.

Топ: 426 ЖМ

Тексерген: Тусупова К.Н.

Астана 2016

Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Қызылша анықтамасы.

  2. Аурудын этиологиясы

  3. Эпидемиологиясы.

  4. Патогенезі.

  5. Қызылшаның клиникалық көріністері.

  6. Себептері

  7. Белгілері

  8. Диагностикасы.

  9. емі , күтімі

  10. Арнайы санитарлық алдын алуы.

Балалардағы қызылша.

Қызылша (корь) – парамиксовирустармен қоздырылатын, ауа-тамшылы механизм арқылы берілетін, клиникасы циклді ағымымен, қызбамен, интоксикация белгілерімен, катаральді синдроммен, макулопапулезді бөртпемен және ерекше энантемалармен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Қызылша – аурудың жалпы жағдайынан бұзылуымен, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен және денеге теңбіл, терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

Қоздырғышы: фильтрленуші вирус. Бұл вирус қоршаған ортада төзімсіз, бірақ өте ұшпа, яғни вирус ауамен тез және алысқа тарайды.

Тарихы.

Аурудың қоздырғышы - вирус екенін 1911 жылы Андерсон және Гольдбергер анықтаған. Қызылшаның клиникалық көріністерін зерттеген ғалымдар: Н.Ф.Филатов, Д.И.Доброхотова, С.Д.Носов, Л.В.Быстрякова, В.Ф.Попов, И.Ж.Жаинбаев.

Этиологиясы.

Қызылша қоздырғышы (Polinosamorbilliorum) парамиксовирустарға қатысты. Басқа парамиксовирустармен морфологиялық жағынан ұқсас, вирион диаметрі – 120-250 нм. 3 қабаттан тұрады,құрамында РНҚ бар, сыртқы ортада төзімсіз.

Эпидемиологиясы.

Жұқпалы ауру көзі – тек науқас адам. Жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 4 кунге дейін сыртқа қоздырғыштарын бөледі. Ал 5-күнінен кейін жұғу қауіпі жойылады. Контагиозды индексі бұрын 1,0 болған, вакцинациядан кейін -0,1-0,2. Өршу мерзімі қараша-наурыз айлары аралығы.

  1. Ауру көзі-ауру адам, қызылша әсіресе бастапқы және бөртіп шыққан алғашқы күндерінде мейлінше жұққыш болып келеді. Бөртіп шыққаннан 4 күн өткен соң науқас қауыпты емес.

  2. таралу жолы –ауа –сілекей жолы. Қызылшамен ауырған кезде пайда болатын жөтел мен түшкіру инфекцияның таралуына себеп болады. қызылшамен ауырған адаммен бір бөлмеде және қасындағы бөлмелерде болу балаларға жұғу қаупін төндіреді.

  3. Сезімталдық балаллар жас шамасына қарамастан қызылшамен ауырғыш келеді, әсіресе 1-8 жас аралығындағы балалар.

  4. Маусымдылық – қыс, көктем айлары.

  5. Иммунитет –тұрақты.

Патогенезі.

Кіру қақпалары – жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары. Вирус тыныс алуу жолының эпителиінде көбейеді. Жасырын кезеңнің соңғы күндерінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 1-2 күн ішінде вирусты қаннан бөлуге болады. Ағзаға гематогенді таралады. Жасырын кезеңнің аяғында вирусемияның тым шиеленіскен 2-толқыны байқалады.

Вирусты кеңірдектің шырыш қабықтарынан, б\ронхтардан, кейде дәреттен табуға болады. Гиперплазиялы лимфоидты тіндерден,соның ішінде лимфа түйіндерінен де, көмекей бездерінен, көк бауырдан гигантты ретикулоэндотелиоциттерді табуға болатыны анықталлған. 3-күні вирусемия бірден төмендеп, 4-күні вирус әдетте табылмайды.

Қызылшаның клиникалық көріністері.

Қызылшаның жасырын кезеңі 11күнге созылады.Иммуноглобулинмен алдыналу шараларын жүргізу барысында, оның 15-21күнгедейін созылуы мүмкін.Ауру циклді түрде дамиды.Бастапқы немесе продром кезеңіде не қызуының 38-39°Сдейін көтерілуімен , шаршағыштықпен , тәбетінің нашарлауы мен сипатталады . Катаральды көріністер қалыптасады . Құрғақ жөтел басталады, конъюнктивит, склерит,жарықтан қорқу, блефароспазм пайда болады.Ұсақ қызылдақты қызылша энантемалары (Филатов-Коплик-Бельскийдақтары) пайда болады , ол жиі жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабықтарына жайыла бастайды . Оның сыртқы түрі ұнтақ жармасына немесе кебекке ұқсайды.

Клиникалық көріністері.

1-4-сурет: Қызылша бөртпесі; 2-сурет: Бельский-Филатов-Коплик симтомы; 3-сурет: Продромальді периодтегі Энантема.

Жіктемесі:

1. Түрі бойынша:

-типтік;

-атиптік(митигирленген,абортивті,басылғанбелгілерсіз);

2. Ауырлығыбойынша:жеңіл,орташа,ауыртүрі;

3. Ағымыбойынша:

-біркелкі

-біркелкі емес ( асқынулармен , салдарлық жұқпаның қосылуымен , созылмалы аурулардың өршуімен).

Қауіп-қатерлі факторлар:

1. Вакцинация жəне ревакцинацияны алмағандар.

2.Иммунды тапшылығы бар балалар.

3.Қызылшамен сырқаттанған баламен қатынасу.

4.Баланың ерте жасы.

5.Күрделіленген преморбидті фон.

Диагностика критерилері.

Шағымдармен анамнез

Катаралды кезеңде:

1.Қызылшамен ауырған науқаспен қатынасу.

2.Аурудың біртіндеп басталуы.

3.Дене қызуының көтерілуі.

Бөрту кезеңінде:  сипатты эпид. анамнез.

Физикалық тексеру:

1.Біртіндеп ұлғайып келе жатқан катаралды синдром (жөтел, ринит, конъюнктивит жəне т.б.).

2.Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдалу синдромы (энантема,болбырлық, шұбарлық,күңгірттүс).

3. Бельский-Филатов-Копликдақтары(кезеңніңсоңында).

Бөрту кезеңінде:

1.Бөртпенің этаптық пайда болуы.

2.Папулезді-дақты бөртпе қосылуғ ажəне дақтануға ауысу бағыты бар.

3.Дене қызуының жаңадан көтерілумен бірге бөрпенің пайда болуы.

4.Үдемелі уыттану.

5. Қызба жəне катаралды синдромнан жоғары дəрежеде анықталады.

6. Бельский-Филатов-Коплик дақтары кезең басында.Инструменталдық

зерттеулер: көрсетілмеген.

 Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:

- офтальмолог (офтальмологиялық асқынуларда);

- невропатолог (қыртыстық энцефалит дамуына күдік болғанда);

- стоматолог (ауыз қуысында жара пайда болса);

-оториноларинголог(жіті ортаңғы отит дамуында).

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1.Жалпы қан анализі(6 параметр).

2.Жалпы зəр анализі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  Окулист, невропатолог, ЛОР-дəрігердің консультациясы(көрсетелім бойынша).

Лабораторлық зерттеулер: лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы.

Дифференциалды диагноз: қызамықпен,жалған туберкулезбен жəне иерсиниозбен, Коксаки жəне ЕСНО вирустары туындатқан энтеровирусты эк Клиникалық белгілері: Қызылшаның 4 кезеңі бар:

  • Жасырын кезең

  • Катаральды кезең

  • Бөртпе шығу кезеңі

  • Реконвалесценттік кезең

Жасырын кезең 9-10 күнге созылады, ал егілген балада 21 күнге дейін болады.

Катаральды бастапқы кезең 3-5 күнге созылады. Баланың дене қызуы 38-390С-ға дейін көтеріледі, катаральдық белгілер пайда болады: мұрнынан су ағады, жөтел, түшкіру, коньюктивит, көз қарығу болады.

Осы кезде қызылшаға ғана тән Бельский-Филатов-Коплик белгісі пайда болады: ауыздың сілекейлі қабығында, азу тістерінің тұсында ұнтақ жарма тәріздес ұсақ ақ дақтар пайда болады, олар 2-3 күнге дейін сақталады. Мұнымен қатар жұмсақ таңдайдың сілекейлі қабығында қызғылт дақтар –энантэма пайда болады. ауырған баланың беті қабырынқы, көзі қызарып, жасаураған, қабақтары ісіңкі, көзі қарығулы, мұрнынан су ағып тұрады.

Бөртпе шығу кезеңі. Аурудың дене қызуы 39-400С дейін көтеріліп, көңіл күйі бұзылып, бас ауырғаны ұлғайып, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, ен жар көңілді. Аурудың денесіне этаппен бөртпе шығады.

Бірінші күні ауырған баланың бетіне, құлақтың сыртына, мойнына, терінің үстіне көтеріліп теңбіл бөртпе шығады.

Екінші күні денесіне шығып, кейбір бөртпелер қосылып ұлғайяды.

Үшінші күні бөртпе қолдарына, аяқтарына тарайды. Бөртпе шығып болғаннан кейін аурудың дене қызуы төмендеп жалпы жағдайы жақсара бастайды.

Реконвалесценттік кезең – бөртпе шыққандағы кезекпен жоғалады да орнында қоңыр дақ қалады. Аурудың клиникалық көріністерінін жойылуы баланың толық айығып кеткендігін білдірмейді, оның организмі әр алуан микробтарға қарсы тұра алмайды.

Қызылшаның 3 түрі бар: жеңіл, орташа, ауыр түрі.

Асқынуы: пневмония, ларингит, бронхит, энцефалитзантемалармен,сарысулық аурумен,аллергиялық бөртпелермен жүргізеді.