Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

22-02-2016_08-49-44 / ревматология каз

.doc
Скачиваний:
86
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
311.81 Кб
Скачать

Товые вопросы по модулю «Ревматология» для интернов-терапевтов (7 курс)

180 вопросов

~ Жүйелі склеродермияда коллаген түзілуді тежейтін дәрі:

@ купренил

@ делагил

@ азатиоприн

@ преднизолон

@ циклоспорин

~ CREST – синдромының диагностикалық белгілері болып табылады: 1. эзофагит; 2. Рейно синдромы 3. тері кальцинозы 4. Телеангиоэктазия 5. түйінді эритема

@ 1, 2, 3, 4

@ 1, 2, 3

@ 1, 3, 4, 5

@ 2,4, 5

@ 2, 3, 4, 5

~ Ревматоидты артритке тән:1. аурудың типтік басталуы – ірі буын моноартриті 2. қол басы ұсақ буындарының симметриялы зақымдануы 3. таңертеңгілік құрысудың болмауы 4. ерте рентгенологиялық белгісі – буын маңы остеопорозы

@ – 2,4

@ – 1,2,3

@ – 1,3

@ – 4

@ – 1,2,3,4

~ Ревматоидты артриттің диагностикалық белгілері: 1. симметриялы артрит 2. қол басы буындарының таңертеңгілік құрысуы 3. буын маңы остеопорозы 4. екі жақты сакроилеит

@– 1,2,3

@ – 1,2,4

@ – 1,3

@ – 2,4

@ – 4

~ Остеоартроздың (ОА) белгілері: 1. Геберден түйіншектері 2. ұзақ уақыт таңертеңгілік құрысу 3. «моторлы» буын бұлшықетінің атрофиясы 4. преднизолонның әсері жоғары

@ – 1,3

@ – 1,2,3

@ – 2,4

@ – 4

@ – 1,2,4

~ Остеоартроздың диагностикалық белгілері болып табылады. 1. буын саңылауларының тарылуы 2. Остеофиттер 3. шеміршек асты остеосклерозы 4.сүйектің буын беттерінің жиектік эрозиялары

@ – 1,2,3

@ – 1,3

@ – 2,4

@ – 4

@ – 1,2,4

~ Ревматоидты артритке тән:

@ латекс-тесттің жоғары титрі

@ LЕ жасушаларының жоғары титрі

@ дистальды фалангы аралық буындардың зақымдануы

@ ұшпалы буындық синдром

@ қақпақшалардағы вегетация

~ Науқас 28 жаста бетте эритемалы дақтар, дене температурасының 39 градусқа жоғарылауы, арықтау, интенсивті полиартралгия, ісінулер және АҚҚ жоғарылауының босанудан кейін бір айдан соң дамуын байқаған. Зерттегенде анықталды: гемоглобин – 90 г/л, ЭТЖ – 50 мм сағатына, фибриноген – 6 г/л, альбумин – 30%, LE- жасушалар 5:1000 лейкоцитке. Сіздің диагнозыңыз.

@ жүйелі қызыл жегі

@ жүйелі склеродермия

@ дерматомиозит

@ диффузды эозинофильді фасциит

@ ревматикалық полимиалгия

~ Қызба, полиневрит, артериальды гипертензия, бронхообтурациялы синдром тән:

@ түйінді периартериитке

@ жүйелі қызыл жегіге

@ дерматомиозитке

@ жедел ревматикалық қызбаға

@ инфекциялық эндокардитке

~ Дерматомиозиттегі бұлшықеттік синдром сипатталады: 1. шеткі бұлшықеттің зақымдауымен; 2. бұлшықеттің симметриялық зақымдануы; 3. дисфагияның дамуы; 4. бұлшықеттің атрофиясы; 5. дисфонияның дамуы.

@ 2, 3, 4, 5

@ 1, 2, 3

@ 1, 3, 4, 5

@ 2, 4, 5

@ 1, 3, 4, 5

~Жүйелі склеродермия диагностикасындағы маңызды зертханалық көрсеткіші.

@ қанда оксипролин деңгейі

@ комплемент титрі

@ қан сарысуында LE – клеткалар саны

@ қан сарысуында КФК деңгейі

@ эритроциттердің төмендеу жылдамдығы

~ Подагралық артритке тән буын.

@ 1- ші табан-фалангалық

@ жамбас

@ тізе

@ білезік

@ иық

~ 20 жастағы науқас, тұмаудан кейін пада болған сол жақ тізе буынының ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде сол жақ тізе, буынының пішіні өзгерген, гипертермия, пальпация кезінде ауырсынуы. Қанда: эритроциттер - 4,6х109/л, гемоглобин - 120г/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы – 25 мм/сағ. Сіздің болжамды диагнозыңыз.

@ реактивті артрит

@ жедел ревматикалық қызба

@ ревматоидты артрит

@ септикалық артрит

@ подагра

~ Ревматоидты артритты жоққа шығаратын белгі.

@ дистальді фаланга аралық буындардың зақымдалуы

@ таңертеңгілік құрысу

@ буын беткейлерінің узурациясы

@ анкилоздар

@ буын маңылық тіндердің зақымдалуы

~ Клиникалық протокол бойынша Вегенер ауруының еміндегі базистік препарат.

@ циклофосфамид

@ кортикостероидтар

@ аминохинолин препараттары

@ метатрексат

@ антибиотиктер

~ 20 жастағы ер адамда буындардағы ауырсыну, уретрит, коньюнктивит мазалайды. Ең мүмкін болатын диагноз.

@ Рейтер ауруы

@ псориаздық артропатия

@ Шегрен синдромы

@. Фелти синдромы

@ Саркондоз

~ Остеоартроз кезінде ауырсыну келесі себептерден даму мүмкін: 1. периартикулярлы тіндерде зәр қышқылы тұздарының шөгуі; 2. трабекулярлы микросынықтар; 3 сүйектік веналық стаз; 4. медулла ішілік гипертензия; 5. буын маңылық бұлшық еттердің түйілуі.

@ 2, 3, 4, 5

@ 1, 2, 3, 4

@ 1, 3, 4, 5

@ 2, 4, 5

@ 2, 3, 4

~ Ревматоидты артритпен ауыратын науқас дене қызуының жоғарлауы, висцериттер және васкулиттер жоқ, тізе буындарында сұйықтық бар. ЭТЖ – 35 мм/с; ауру ұзақтығы – 6 ай, бұрын емделмеген болса, клиникалық протокол бойынша емдеу әдісі:

@ цитостатиктермен бірге стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

@ тек стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

@ тек алтын препараттары

@ D-пеницилламинмен бірге стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

@ кеналогты буын ішіне енгізумен бірге стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

~ Ревматоидты артритке тән:

@ оң латекс – тест және Ваалер – Розе реакциясы

@ LE – клеткаларының болуы

@ антистрептолизин – О жоғары титрі

@ моноклональді белоктың болуы

@ қан сарысуында зәр қышқылының жоғары деңгейі

~ 45 жастағы ер адам дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: дене қызуының жоғарлауы, миалгия, полиартралгия, құлақ қалқанының қызарып, үлкеюі, есту қабілетінің төмендеуі, мұрынның ісініп, ауырсынуы, дауысының қарлығуы, ентігу. Ауырғанына 1 апта болды. Сіздің болжам диагнозыңыз.

@ қайталамалы полихондрит

@ Шарп синдромы

@ Шегрен ауруы

@ ревматикалық полимиалгия

@ дерматомиозит

~ Құлақ маңы безі аумағындағы көлемді құрылымға; соңғы 5-6 аптада ішінде ауызының құрғауы, көзінде бөгде дененің болуы сезімі, жарықтан қорқу, көзінде жастың болмауы; субфебрилитет, кезеңді полиартралгия шағымдары бар 48 жастағы әйел адамның болжамды диагнозы.

@ Шегрен ауруы

@ Шарп синдромы

@ Фелти синдромы

@ Уиппл ауруы

@ Такаясу ауруы

~ 40 жастағы науқас қолдарының ұсақ буындарының ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. ЭТЖ – 30 мм/сағ, зәр қышқылы 0,56 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз.

@ подагралық полиартрит

@ екіншілік остеоартроз

@ создық олигоартрит

@ Рейтер ауруы

@ туберкулезді артрит

~ Антифосфолипидті синдромның қан анализіне тән өзгерістер:

@ ЭТЖ жоғарлауы, шамалы тромбоцитопения, кейде гемолитикалық анемия, лейкоцитоз

@ эритроцитоз, тромбоцитоз, кейде гемолитикалық анемия, ЭТЖ жоғарлауы

@ темір тапшылық анемия, тұрақты лейкоцитоз, тромбоцитоз

@ эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарлауы, лейкоцитоз

@ гипорегенераторлы анемия, лейкопения, тромбоцитопения

~ Ревматоидты түйіндер орналасады:

@ периартикулярлы тіндерде

@ теріде

@ сіңірлерде

@ ішкі мүшелерде

@ сүйектерде

~ Артритпен қатар көкбауырдың ұлғаюы және шеткері лимфа түйіндердің ұлғаюы тән.

@ Фелти синдромына

@ Шегрен синдромына

@ Бехтерев ауруыга

@ псориаздық артритке

@ Рейтер ауруына

~ Кеуде торының тыныс алу экскурсиясының ерте шектелуі кездеседі.

@ Бехтерев ауруында

@ омыртқа жотасының кеуде бөлігінің остеохондрозында

@ түйінді полиартериитте

@ жүйелі склеродермияда

@ ревматоидты артритте

~ Ерте сакроилеит тән:

@ Бехтерев ауруы

@ ревматоидты артрит

@ Подагра

@ Бруцеллез

@ Ревматизм

~ Қан сарысуында креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарлауы кездеседі.

@ дерматомиозитте

@ ревматоидты артритте

@ жүйелі склеродермияда

@ түйінді периартериитте

@ жүйелі қызыл жегіде

~ Гудпасчер синдромы диагнозында қайсысын анықтау маңызды:

@ бүйрек базальді мембранасына айналымдық антиденелердің анықталуы

@ лейкоцитоз және эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарлауы

@ жедел фазалық белоктарды

@ теміртапшылық анемияны

@ қанда креатининнің жоғарлауы

~ Созылмалы іріңді ринит, отит, артрит, артромиалгиялар, терінің геморрагиялық васкулиті, өкпедегі инфильтраттар және олардың ыдырауы тән.

@ Вегенер гранулематозына

@ түйінді полиартериитке

@ Такаясу ауруына

@Гудпасчер синдромына

@ Склеродермияға

~ Бейспецификалық аортоартериитте зақымдалады:

@ ірі артериялар

@ орта калибрлі артериялар

@ веналар

@ ұсақ калибрлі артериялар

@ капиллярлар

~ Склеродермияда ең жиі зақымдалатын асқазан – ішек жолының бөлігі:

@ өңеш

@ асқазан

@ ұлтабар

@ ащы ішек

@ тоқ ішек

~ Геберден түйіндері бұл:

@ соңғы фалангалардың эпифиздерінің шеттік сүйектік өсінділері

@ буынның сүйектік негізіне, шеміршектер мен сіңірлерге зәр қышқылы кристаллдарының шөгуі

@ құрамында липиді бар гистиоциттермен және алып клеткалармен дерманың, синовий қабықшасының инфильтрациясы

@ тері асты клетчаткасының ошақты некрозы және созылмалы қабынуы

@ тері асты клетчаткасында, бұлшық еттерде кальций тұздарының шөгуі

~ Клиникалық протокол бойынша Подаграның жедел ұстамасында қолданылатын препарат:

@ колхицин

@ бутадион

@ индометацин

@ бенетазон

@ аллопуринол

~ Клиникалық протокол бойынша дерматополимиозиттің тиімді емі:

@ кортикостероидтар

@ стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

@ аминохинолиндер

@ цитостатиктер

@ кең спектрлі антибиотиктер

~ Ұзақ уақыт қабылдағанда терінің эритематозды зақымдануы пайда болады.

@ купренил

@ кризанол

@ эндоксан

@ плаквенил

@ индометацин

~ Саусақтардың шеткі фалангтарының остеолизі жиі кездеседі.

@ склеродермияда

@ ревматоидты артритте

@ анкилоздаушы спондилоартритте

@ остеоартрозда

@ дерматомиозитте

~ Қатерлі ісікпен қатар жиі кездеседі.

@ дерматомиозит

@ жүйелі қызыл жегі

@ склеродермия

@ түйінді полиартериит

@ Бехчет синдромы

~ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен сырқаттанатын 35 жастағы әйел адам, жүректің декомпенсация көріністерімен ауруханаға түсті. Жүректің аускультациясы кезінде «бөдене» (перепел) ырғағы, өкпе артериясында II үннің акценті, протодиастололық шу естіледі. ЭХОКГ-да: сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың аумағы 1,2 см2. Жүрек жеткіліксіздігінің үдеуін жою үшін науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы.

@ митральды комиссуротомия

@ үздіксіз антибактериальды терапия

@ глюкокортикостероидтармен үздіксіз терапия

@ ангиотензинге айналдырушы фермент ингибиторларымен үздіксіз терапия

@ жүрек гликозидтерімен үздіксіз терапия

~ Ревматоидты артриттің дебютінде бұл диагнозды жоққа шығаратын буындардың зақымдануы.

@ алақанның шеткі фалангаралық буындары

@ білезік буындары

@ тізе буындары

@ алақанфаланг буындары

@ проксимальды фалангаралық буындар

~ 30 жастағы науқас 4 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Соңғы 6 ай ішінде лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия. Қанында: гемоглобин – 85 г/л, лейкоциттер – 3 тыс., ЭТЖ- 34 мм/сағ., СРБ+++, Ваалер-Розе реакциясы 1:128. Науқастың диагнозы.

@ Фелти синдромы

@ созылмалы белсенді гепатит жүйелік белгілерімен

@ жүйелі қызыл жегі

@ остеоартроз

@ Стилл синдромы

~ Науқас 42 жаста, ревматоидты артритпен ауырады, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар қабылдайды. Ангинадан кейін субфебрилитет пайда болып, буын синдромы күшейді. СОЭ 50 мм/сағ, СРБ +++, Ваалер Розе реакциясы 1:40. Клиникалық протокол бойынша емдеу тактикасы.

@ глюкокортикостероидтарды, базисті препараттар тағайындау

@ стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды үлкен дозамен жалғастыру

@ антибактериальді терапия тағайындау

@ емдеуге физиотерапевтикалық процедураларды қосу

@ пульс терапияны жүргізу

~ И. деген 14 - жастағы науқас, тізе, сирақ-аяқ ұшы, кәріжілік-білезік буындарындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 39°С дейін жоғарылауына, жүрек қағуына, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Об-ті: іштің алдыңғы бетінде – сақина тәрізді эритема. Буындардың пішіні бұзылған, қолмен ұстағанда ыстық, қозғалтқанда қатты ауырады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары естілмейді, брадикардия. Жүрек соғу жиілігі минутына - 52 рет. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн. гемоглобин-140 г/л, лейкоциттер -15 мың. ЭТЖ-40 мм/сағ. Диагноз: Жедел ревматикалық қызба: кардит, ҚАЖ 1; полиартрит, сақина тәрізді эритема. Клиникалық протокол бойынша қажетті емдеу тактикасын таңдаңыз:

@ амоксициллин + диклофенак + преднизолон +милдронат

@ амоксициллин + диклофенак

@ амоксициллин + диклофенак + дигоксин

@ амоксициллин + диклофенак + преднизолон+ плаквенил

@ амоксициллин + диклофенак + преднизолон + ААФ тежегіштері

~ Ревматоидты артритпен ауыратын науқастарда Фелти синдромына тән белгі:

@ спленомегалия

@ лимфаденопатия

@ перикардит

@ гепатомегалия

@ плеврит

~ 18 - жаста науқас тізе, сирақ, кәріжілік-білезік буындарындағы ауыру сезімі, дене қызуының 39°С көтерілуі, жүрек қағысы, терісіндегі бөртпелерге шағымданады. Екі апта бұрын ангинамен ауырған. Об-ті: құрсақтың алдыңғы қабырғасының терісінде – сақина тәрізді эритема. Буындарының пішіні өзгерген, ұстағанда ыстық, қозғалыс кезінде қатты ауырады. Жүректің шекаралары үлкейген, үні тұйық, брадикардия. Жүрек соғу жиілігі мин 52 рет. Қанында: эритроциттер - 4,2 млн., гемоглобин - 140 г/л, лейкоциттер - 15 мың. ЭТЖ-40 мм/сағ. Диагноз: Жедел ревматикалық қызба, белсенді фазасы, III сатысы. Клиникалық протокол бойынша преднизолонның мөлшері.

@ 30 мг

@ 120 мг

@ 100мг

@ 80 мг

@ 10 мг

~ Ревматоидты артриттің диагнозын нақтылауға маңызды зертханалық маркер:

@ циклді цитруллинді пептидке антиденелер

@ ревматоидты фактор

@ нейтрофильді лейкоцитоз

@ анемия

@ тромбоцитопения

~ 52 жастағы әйел, физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу, басының ауыруы, әлсіздік 2 апта ішінде пайда болғанын байқайды. Анамнезінен: 10 жыл көлемінде ревматоидты артритпен ауырады. Метотрексатты тұрақты қабылдайды. Рентгенде: өкпе түбірінің кеңеюі, өкпе суретінің күшеюі, өкпе құрылымының ұяшықталуы. Спирограммада: форсирленген тыныс шығару көлемінің төмендеуі. Барынша мүмкін дерт.

@ өкпелік фиброздың

@ өкпенің созылмалы обструктивті аурудың

@ пневмонияның

@ пневмониттің

@ созылмалы бронхиттің

~ К. деген 50 - жастағы науқас жүргенде күшейетін оң жақ тізе буынындағы үнемі ауыру сезіміне, жарты сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Буындарындағы ұзақ жүргенде пайда болатын шамалы ауырсынулар соңғы екі жыл ішінде мазалайды. Об-ті: тізе буындарының пішіні өзгерген, периартикулярлы тіннің тығыздануы, оң тізесендегі гипертермия көріністері. Тексергенде: тексерушінің қол астында сықырлау, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақ аралық буындарда тығыз түйіндер мен саусақтардың шықпалары анықталды. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,2 млн., лейкоциттер - 5,6 мың. ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, Ваалер-Розе реакциясы 1:8. Сіздің диагнозыңыз.

@ реактивті синовитпен остеоартроз

@ ревматоидты артрит

@ псориаздық артрит

@ реактивті артрит

@ подагралық артрит

~ К. деген 50 - жастағы науқас, жүргенде күшейетін оң жақ тізе буынындағы үнемі ауыру сезіміне, жарты сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Соңғы екі жыл бойы ұзақ жүргенде буындарының аздап ауыруы мазалайды. Об-ті: тізе буындарының пішіні бұзылған, буын айналасындағы тін тығызданған, оң тізесінде гипертермия. Тексергенде: тексерушінің қол астында сықырлау, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақ аралық буындарда тығыз түйіндер және саусақтардың шығулары анықталды. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,2 млн., лейкоциттер 5,6 мың. ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, Ваалер-Розе реакциясы - 1:8. Диагнозды анықтау үшін зерттеу әдісі.

@ буындар рентгенографиясы

@ ревматоидты факторды анықтау

@ қандағы зәр қышқылының деңгейін анықтау

@ синовиальді сұйықтықтың анализі

@ зәр қышқылының деңгейін зерттеу

~ Ревматоидты артрит кезінде сілекей және жас бездерінің зақымдалуы тән.

@ Шегрен

@ Каплан

@ Фелти

@ Рейтер

@ Псевдосептикалық

~ Ревматоидты артрит кезінде өкпенің зақымдалуымен сипатталады.

@ Каплан

@ Фелти

@ Шегрен

@ Рейтер

@ Псевдосептикалық

~ А. деген 30 – жастағы науқас, қол басы буындарының ауыруы мен ісініу, таңертеңгілік буындардағы қимылдың ауырлауына шағымданады. Об-ті: II-IY қол саусақтарының проксимальді фаланга аралық буындарында симметриялы дефигурация. Осы буындарда ауыру сезімі мен экссудативті құбылысқа байланысты, әсіресе бүгілу шектелген. Қанында: эритроциттер 4 млн., гемоглобин 128 г/л, лейкоциттер 10 мың, ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Диагнозды анықтауға қажет тексерілу.

@ Ваалер-Розе реакциясы

@ Райт және Хаддлсон реакциясылар

@ Н LA B-27 анықтау

@ стрептококкқа қарсы антиденелер титрін анықтау

@ мурексидті сынама

~ Темір дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін К. деген 19 - жастағы науқас жедел ауырып, дене қызуы 39°С-ға дейін жоғарылап, тамағы ауырып, жөтеліп, бетінің қызарғанына шағымданады. Жоғарыдағы шағымдардың пайда болуын темір дәнекерлеу кезіндегі күйікпен байланыстырады. Өздігінен ампициллин, парацетамол қабылдаған. Осы симптомдардың өршуіне байланысты ауруханаға жатқызылған. Об-ті: бетінің гиперемиясы және ісінуі. Кеудесінде, арқасында эритематозды-суланған бөртпелер. Лимфаденопатия. Ауыз қуысының шырышты қабатында - афтозды стоматит. Шашы түсіп сиреген. Жүрегі ұлғайған, тондары тұйықталған. АД-150/90 мм.с.б. ЖСЖ минутына -110 рет. Гепатомегалия. Қанда: эр-3,2 млн., Нв-100 г/л, лейкоциттер -3 мың, ЭТЖ-40 мм/сағ. ЖЗА: белок-0,9 г/л, эр - көру аймағында 1-8. Сіздің болжам диагнозыңыз.

@ жүйелі қызыл жегі

@ дәрілік ауру

@ аллергиялық дерматит

@ жедел тонзиллит

@ агранулоцитоз

~ Ұлпалардың жайылмалы зақымдануы салдарынан нефриттің гистологиялық суреті, «сым ілмек», фибриноидтық, гиалиндік тромбтар, ядроның патологиясы симптомдарымен сипатталатын қызба тән.

@ жүйелі қызыл жегіні

@ ревматоидты артритті

@ Крон ауруын

@ түйінді периартериитті

@ созылмалы гломерулонефритті

~ Т. деген 26 жастағы науқас, дене қызуының 40°С дейін көтерілуі, ентігу, жөтел, қолдың ұсақ буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінен бір ай бұрын бала көтеріп, өздігінен түсік тастаған. Қарап тексергенде: жүдеу, лимфаденопатия, беті және мұрын қырының эритемасы, қолмен аяқта - «торлы ливедо». Ішкі ағзалардағы өзгерістер- полисерозит (плеврит, перикардит), кардит, нефрит. Қанда: эритроциттер 2,4 млн. гемоглобин 70 г/л, лейкоциттер 2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. ЖЗА: нәруыз 5,2 г/т, эритроциттер 20-30 к/а, косспиральды ДНК антиденелері- оң мәнді. Диагнозды дәлелдеу үшін қажет зерттеу әдісі .

@ кардиолипинге антиденелерлі анықтау

@ ревматоидты факторды анықтау

@ стрептококқа қарсы антиденелер титрін анықтау

@ қанды бактериологиялық себіндіге зерттеу

@ урогениталды инфекцияға иммуноферменттік зерттеу

~ Т. деген 16 жастағы науқас, дене қызуының 40°С көтерілуі, ентігу, жөтел, ісінуге шағымданады. Об-ті: тамақтануы төмен, лимфаденопатия, ұрты мен мұрын қырының эритемасы, полисерозит белгілері (плеврит, перикардит, перивисцерит), кардит, нефрит. Қанында эритроциттер 2,4 млн, гемоглобин 70 г/л, лейкоциттер 2,2 мың, ЭТЖ-70 мм/сағ. ЖҚА: белок-5,2 г/с, эритрциттер 20-30 к/а, Lе-жасушалар-5:1000. Диагноз: жүйелі қызыл жегі. Клиникалық протокол бойынша пульс-терапия кезіндегі преднизолонның мөлшері.

@1000 мг

@ 60 мг

@ 100 мг

@ 150 мг

@ 500 мг

~ Клиникалық протокол бойынша жүйелі қызыл жегіде цитостатиктерді тағайындауға көрсеткіш:

@ люпус-нефрит

@ люпус-кардит

@ люпус-артрит

@ полисерозит

@ цитопения

~ Л. деген 35 - жастағы науқасты, 5 жыл бойы кеуде торшасының сол бөлігін мен сол аяқ-қолында қолайсыз, тұйық ауыру сезімі мазалайды. Тері жабындыларындағы өзгерістер соңғы 3 жылда пайда болған. Об-ті: денесінің сол жақ жартысы және сол аяқ-қолында қою-қоңыр түсті үлкен мөлшерлі, әртүрлі пішінді теріден көтеріңкі, беті тегіс және жылтыр, жіңішке көкшіл-қызыл сызықпен сау тері жабындыдан шектелетін ошақтар бар. Ішкі ағзалар жағынан өзгерістер жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз.

@ лимиттелген склеродермия

@ дерматомиозит

@ жүйелі қызыл жегі

@ псориаздық артропатия

@ жүйелі склеродермия

~ Бехтерев ауруының диагностикалық критерийі:

@ антиген НLA B 27

@ ревматоидты фактор 1:32

@ LE-жасушалар

@ антинуклеарлы антиденелер

@ гиперурикемия

~ Н. деген 20 жастағы науқас, жарты жыл бұрын тізе, сирақ буындарында ісіну және ауыру сезімімен емделіп, жақсарған. 1 ай бұрын кеуде торшасында, омыртқаның бел аймағында, сол жамбас-сан буындарында ауыру сезімдері пайда болған. Об-ті: омыртқаның бойы ауырады. Иілу сол жақ жамбас-сан және омыртқадағы ауыру сезіміне байланысты қиындаған. Сол жақ бұғана-кеуде аймағының пішіні өзгерген. Сіздің диагнозыңыз.

@ анкилоздаушы спондилоартрит

@ Рейтер синдромы

@ ревматоидты артрит

@ Рейтер ауруы

@ остеохондроз, түбіршекті синдром

~ И. деген 24 жастағы науқас, сол жақ тізе, сирақ буындарындағы қатты ауырсыну сезіміне, олардағы домбығу мен қозғалыстың шектелуіне, дене қызуының 38°С көтерілуіне, зәр шығарғандағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Об-ті: сол жақ тізе және сирақ буындары ісінген, сипағанда ыстық, қатты ауырсыну сезімді, сіңірі мен оң табан сүйегі ауырады. Қанында: гемоглобин 130 г/л, эритроциттер 3,8 млн., лейкоциттер 10 мың, ЭТЖ-46 мм/сағ, СРБ (+++). Ревматоидты фактор латекс тест бойынша 1:10. Клиникалық протокол бойынша емге қажет препарат:

@ макролидтер тобынан антибиотик

@ қабынуға қарсы стероидты емес препарат

@ цитостатик

@ алтын препараты

@ хинолинді

~ Н. деген 45 - жастағы науқас, сол жақ тізе буынында мен өкшесінде ауырсыну сезімі және ісінуге шағымданады. Анамнезінен шамамен бір ай бұрын дизентериядан емделген. Қарап тексергенде: сол жақ тізе буынының және оң өкше аймағының пішіні өзгерген, гиперемиясы бар. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, пульс- мин. 84 рет. Іші жұмысақ, ауырмайды. Қанда: эритроциттер 4,2 млн., лейкоциттер 11 мың., ЭТЖ-26 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз.

@ реактивті артрит

@ жедел ревматикалық қызба

@ ревматоидты артрит

@ септикалық артрит

@ подагра

~ Г. деген 30 - жастағы науқастың тұмаумен ауырғаннан кейін, бұлшық еттері ауырып, әлсізденген, қабағы іскен, аздаған физикалық жүктемеге ентігу, дисфагия пайда болып, дауысы өзгерген. Қарап тексергенде: жүрісі сылбыр - сүйретілген, қабағы іскен, қабағында, жақ пен мұрын қанаттарында және «декольте» аймағында эритематозды бөртпелер. Сипағанда - иық белдеуінде, сандарында ауырсыну байқалады, қолын жоғары көтеруге қиналады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ - мин.100 рет АҚҚ 140/90 мм.с.б.б. Қанда: эритроциттер 4,5 млн., гемоглобин 110 г/л, лейкоциттер 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Диагнозды анықтауға сезімталдығы мен арнайлылығы жоғары сынамалар:

@ креатинфосфокиназаның жоғарлауы

@ эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарлауы

@ қосспиральды ДНК антиденелерінің жоғарлауы

@ ревматоидты фактордың жоғары титрі

@ лейкоцитоз лейкоформуланың солға қарай ығысумен

~ Г. деген 20 жастағы науқас, босанғаннан кейін бұлшықеттерінде ауырсыну сезімі, бұлшықеттік әлсіздік пайда болған. Бір апта бұрын қабағының ісінуі, аздаған жүктеме кезінде ентігу, маңқалықі, тамаққа шашалу қосылған. Об-ті: ісінген, иық белдеуінің, сан бұлшықеттері ауырады, беті мимикасыз. Жүрек шекаралары ұлғайған, үндері қатаң, ЖСЖ мин. 100 рет., АҚҚ 140/90 мм с.б.б. Қанында: эритроциттер 4,5 млн, гемоглобин 110 г/л, лейкоциттер 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ, АЛТ-17 МЕ. Диагноз: идиопатиялық дерматомиозит. Клиникалық протокол бойынша емді бастау қажет.

@ глюкокортикостероидтардан

@ цитостатиктерден

@ аминохинолидерден

@ қабынуға қарсы стероидты емес препараттардан

@ Д-пеницилламиннен

~ В. деген 16 жастағы науқас қатты суықтаған соң есекжем, жамбас пен аяқ терісінде мономорфты симметриялық кей жерінде орталығы некроздалған папуллезді-геморрагиялық бөртпелер пайда болып, дене қызуы 39°С жоғарылаған. 1 аптадан соң бел аймағында ауырсыну сезімі қосылған, зәрі күңгірттенген. Қанында: лейкоциттер 18 мың, ЭТЖ-54 мм/сағ, диспротеинемия, гиперфибриногенемия, 3 есе жоғарылаған Виллебранд факторы, криоглобулиндердің құрамы жоғарылаған, СИА тест-оң. Зәрінде - протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Мүмкін диагноз.

@ криоглобулинемияляқ васкулит

@ тромбоцитопениялық пурпура

@ Виллебранд ауруы

@ Бехчет ауруы

@ Рандю-Ослер ауруы

~ Т. деген 16 жастағы науқасты вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін ірі буындарының ауырсынуы, субфебрилитет, бас ауыруы, бас айналуы, көз көру өткірлігінің жедел төмендеуі, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, дене салмағының төмендеуі мазалайды. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары солға ығысқан, жүректің барлық нүктелерінде, мойын тамырларына, құрсақ қолқасына берілетін систолалық шу естіледі. Сол жақ шыбық артериясының пульсациясының бәсеңдеуі. АҚҚ оң қолында 230/130 мм с.б.б., сол қолда 150/130 мм с.б.б., аяқта 220/110 мм с.б.б. Көз түбі тамырлары өзгерген. Сіздің диагнозыңыз.

@ бейспецификалық аортоартериит

@ жедел ревматикалык қызба

@ ревматикалык емес миокардит

@ гигантты жасушалық артериит

@ артериальды гипертония

~ Оң патергиялық сынама диагноздық критериі болып саналады.

@ Бехчет ауруының

@ түйінді полиартерииттің

@ Шегрен синдромының

@ Вегенер гранулематозының

@ бейспецификалық аортоартерииттің

~ Р. деген 65 - жастағы науқас, басының қатты ауыру сезімі, әсіресе оң жағының, оң көзінің көру жітілігінің төмендеуі, иық бұлшықеттерінің ауырсынуы, жүдеуге шағымданады. Ауырғанына 3 жыл болған, ЛОР дәрігері қарап, патологиялық өзгеріс анықтамаған. Кешірек осыған оң жақ беттінің ауырсынуы мен парастезия сезімі қосылған. Жағдайы ауыр, қолымен бетінің оң жақ бөлігін тіреп отыр. Самай артериясын сипап қарағанда тығыз, пульсациясы төмендеген, АҚҚ 140/70 мм с.б.б. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Окулист: көру жүйкесінің бөліктік атрофиясы. Сіздің диагнозыңыз.

Соседние файлы в папке 22-02-2016_08-49-44