Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Куралай

.rtf
Скачиваний:
33
Добавлен:
30.03.2016
Размер:
115.65 Кб
Скачать

Құқық қағидаларының түсінігі және функциясы

II. Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері.Құқық функциясы.

Құқық салаларын, оның пәнін, әдісін құқықтық реттеудің салалық әдісін және құқықтық жүйені тұтасымен теориялық талдаудың маңызды инструментіне құралына құқық қағидасының түсінігі жатады.Құқықтық қағидалар қалай болмасын, құқықта көрсетілгендей, негізгі идеялар ретінде осы уақытқа дейін көрсетілуде.Қазіргі кездегі, біздің құқықтануда, құқықтық қағидалар теориясы құқық қағидасы ретінде қабылдаып, қандай күйде болсын құқықта бекітілгендей, негізгі бастаушы идеялар ретінде қалды.

Ғалыдардың көзқарастарындағы ол мәселе туралы ұқсастықтар орынды.Шектен тыс дауласу, әрине бұл жұмысқа кедергі.Алайда, бұл оқиғада проблема басқадай: құқық қағидалары біржақты түсіндіріледі, олардың түсінігінің дамуы сол күйінде тоқтап қалды,ол жалпы құқық теориясының даму деңгейіне жауап бермейді және соған байланысты теориялық мәселелерді шешуге кедергі жасайды.

Сонымен бірге, мынандай үш компонеттерді біріктіру: Жалпы жүйе теориясының жағдайын, құқықтық реттеу тетігінің идеяларын, бірақ олардың синтезі емес, барлығы құқықтық құбылыстар өмірінен, обьективтік құқықтың ашылу тетігіг ретіндегі сыртқы жағдйы және құқықтың табиғатын блу. Бір жағынан, олардың негізгі құқықтық ықпалдың құралы туралы мәлісеті бар, екінші жағынан - маңызды элементі, құқықтық құралдардың шын мәніндегі жалғасы, нақтылы тәртіп актісін реттеу процесінде объективтік құқықтан шығарылған. Ол теориялық реакцияны туғызып, нәтижесінде құқықтық қағиданың түсінігіне тиіті жаңа көзқарас туды.

Құқық қағидаларының дәстүрлі түсінігінің қалыптасу түріндегі жағдайы туралы айтсақ, ол шын мәнісінде басқа емес құқықтық жүйедегі бар шын мәніндегі құқықтағы негізгі ақпараттық көрініс болып табылады. Бұл бағытта, қағидалар жалғыз ғана құқық жүйесінің ақпараттық компонеттер жүйесі болып қалды, оған қатысты еш қандай екіжақты онтологиялық ұқсастық құқықтық шындықта іздеушілік әрекеттері жоқ.

Барлық қазіргі қалыптасқан құқықтық қағидаларды ( ойдан шығарылғаннан басқа) қағидалар- байланыстарына сай бөлуге болады, яғни әрқайсысындағы идея қағидаларында өздері негіз жасаған қағида- қатынастарды табуға болады.

Салалық идея қағидалары екі топтағы құқықтық байланыстарғанегізделеді:

1)Салалық пәнде көрсетілген байланысқа;

2)Оның құқықтық реттеу тетігіндегі байланысқа, яғни құқықтың ықпал құралы мен пәннің арасындағы.

Бұл қағидалар байланыстарынаң кейбіреулері бір- біріне сәйкес келуі мүмкін.Мысалы, құққықтық реттеу тетігіндегі ( ҚРТ) маңызды құрылыс байланысына субъектілер арасындағы байланыс жатады, яғни құқықтық қатынастар. Сонымен қатар, салалық пән құқықтық құрылысты тегін өтеді (құқықтық қатынастар жүйесі).

Кейбірқұқықтық қағидалар идеяларының объективтік ұқсастықтарын іздеу бағытында қараймыз. Мысалы, заңдылық қағида шын тәртіп пен құқық нормаларының арасындағы маңызды байланыстарды көрсетеді, дәлірек (фактідегі) тәртіп пен құқық талаптарының арасындағы сәйкес келу қатынасын ақпараттық басқаружүйесі ретінде көрсетеді. Не, мысалы, азаматтық процессуалдық құқықтағы бекітілген процессуалдық құқықтардың қағидаларының жақтары, азаматтық құқықтағы субъектілердің қатынастарының маңызды ерекшеліктерін көрсету, өз кезінде екіжақтық теңдігімен, азаматтық айналумен қамтамасыз етілген. Ал қағидалар- идеялар (қылмыстық- процессуалдық құқық) азаматтық және қылмыстық процестердің материалды- құқықтық ортаның байланысының ерекшеліктерін сипаттайды. Объективтік шыңдықтың процессуалдық қағида процестің байланысына, оның объектісі мен мақсатына негізделеді.

Процессуалдық құқыққа кіргізілген қағидалар- идеялар бөлігі- қағидалар байланысындағы соттық ұйымдастыру құрылысының және басқа юрисдикциялық жүйелердің көрінісі ( халық заседательдерінің қатысуы жөнінде және істі қараудағы коллегиялық жағдай ).

Құқық жүйесінде мыналарды айыра білу қажет.

а) қағидаларидеялар, соның құрамындағы ақпараттық жүйе ретінде және құқықтық реттеу тетігіндегі объективтігі бар байланыстың және құқықтық реттеу объекттінің идеялық көрінісі;

ә) құқық жүйесінің меншікті құрылыс ұйымдарының қағидалары. Әңгіме құқықтың өз ішіндегі байланыс туралы болып отыр, элементтердіңарасындағы байланыстар туралы: салалардың, институттардың.

Қағидалар мен құқықтың құрамдық қағидалары және идеялы қағидаларымен арасындағысақталған байланыстар күмәнсіз.Кейінгілердің қағидалы- байланыстарымен, құқықтық құралдармен және сала пәндеріндегі байланыстармен қамтамасыз етілуі, не байланысты заңдар жүйесін жетілдірудің объективті негізін құрайын жалғастықты құрады.

Бұлай келу, номативті шығармашылық процесі кезінде заң шығарушыны заңдарда бекітілген қағидалы идеяларға жүгінуі жүгінуге мәжбүр ету, ең алдымен,құқық жүйесіндегі шын мәніндегі бар принципті байланысты есепке алуды талап етеді. Оған қоса, біріншіден, кей жағдайларда оның өзінің меншікті әрекетінің нәтижесі.

Кейде заң әдебиеттерінде жеке салалардың принциптер жүйесінің барлығы туралы тұжырымдамаларды кездестіруге болады, не барлық құқық жүйесінің көлемінде.Проблеманың зерттеу бағыты дұрыс және болшағы бар, бірақ әр уақытта осындай қорытындылар соған сай аргументация таба бермейді.Салалық принциптер идеялар жиынтығында, кемінде екі жағдайда жүйені құра алады:

а) қағидалы байланыстар, өздері негізделген принциптер мен идеяларда принципті байланыстардың жүйесін құрайды;

ә) қағидалы идеялар, принципті байланыстардың жүйесін бірдей көрсетеді, яғни артығы жоқ, қажеттіні қосады.т.с.с.

Жүйе байланысы(қатынастар) жүйелік келу теориясында құрылыс деп аталады. Сондықтан, құқықтық байланыс жүйесі туралы мәселе – құқықтық құрылыс мәселесі жөнінде.

Жоғарыда көрсетілгендей,қағидалы идеялар екі негізгі құқықтық байланыстарға негізделген: құқықтық реттеу тетігіндежәне сала пәнінде. Соған сай, қағидалы идеялар жиынтығы туралы ойлағанда алдын ала ол кезді зерттеу керек. Айтылған құқықтық қатынастар түрлері салыстырмалы бостандықта. Сонымен бірге, тек кешенді саланың ғана құқықтық құрылымы бар, ал негізгі пәнде пайда болған құқықтық қатынастар, жүйеде бір-бірімен байланыстаемес. Дегенмен, олар қағидалы идеяларды қалыптастыруға қажетті материалдарды береді.

Басқа жағынан, егер әйтеуір бір құқық саласының мазмұның зерттегендегі нәтиже мен әртүрлі тұтастық қағида идеялардың жиынтығы ретінде сипатталса, онда бұл күмәнсіз түрде кешенді құқық саласы.

Құқықтық қағидалар(олар- құқық қағидалары,құқықтық реттеу қағидалары)- бұл басты белгілеуші,құқықтық реттеу обьектісіндегі маңызды құрамдық байланыстар,құқықтық жүйенің іші және оның сыртында (әлеуметтік ортадағы байланыстар) олар обьективтік құқықтың мазмұнында ақпаратттық көрінуді принципті идеялар түрінде табуға міндетті

2.1 Құқықтың қағидалары- бұл құқықтың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетеді және заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүріс- тұрыс ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық және салалық қағидаларды бөліп қарастырады.

Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салалаында күшке ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады:

-әділеттілік

-азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;

-ізгілік ( гуманизм)

- демократиялық;

-құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;

- сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.

Салааралық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мәнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық және сот өңдірісінін жариялылығы және т.б. қағидаларды бөліп атауға болады.

Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет етеді. Мысалы, азаматтық құқықта- мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасы; қылмыстық құқықта – кінәсіздік презумпциясы.

Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды ретеуге қатысады, себебі, олар құқықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешмнің негіздемесіне де енуі мүмкін.

Ж

Құқықтың негізгі қағидалары:

1.Қоғамдағы әртүрлі мүдде – мақсаттарды нормативтік: жүйемен реттеп – басқару;

2.Адамдардың, ұйымдардың бостандығының іс- әрекетінің деңгейін, шеңберін норма арқылы анықтап отыру;

2.Адамдардың, ұйымдардың ара қатынасындағы келіспеушілікті шешудің, реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру.

2.2 Құқықтың функциясы

Құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, өқұқықтық әсер етудің негізгі бағыттары.

Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:

1) Сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары анықталады, олар:

-экономикалық (құқық өңдірістік қатынастарды, реттейді,меншік нысанын бекітеді және т.б.)

-саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді және т.б.),

- тәрбиелік (құқық белгілі біридеологияны көрсетеді, тұл,аларға арнайы педагогикалық әсер етеді және т.б.) функциялар.

2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар реттеуші және қорғаушы функциялар.

Реттеуші функция- бұл позитивтік жүріс- тұрыс ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуға жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар.

Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық институттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда кронституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мәнге ие.

Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс- тұрысын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, әкімшілік,еңбек құқығының инститтарынан көрініс табады.

Қорғаушы функция- бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын,оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.

Бұл функцияның әдіс – тәсілдері;

- қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;

- құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету;

- жауапкершіліктің түрін көрсету;

- жасағанқателіктері үшін субъектілерді жаупқа тарту.

I.Құқықтың түсінігі .

Құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формалбды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Құқықтың белгілері:

1) еріктілік сипаты;

2) жалпыға міндеттілігі;

3) нормативтілігі;

4) мемлекетпен байланысы;

5) формальды анықталғандығы;

6) жүйелілігі;

Құқықтың мақсаты.

Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік әртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.

1.1 Құқықтың құндылығы.

Бұл құқықтың азаматтардың және жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың әлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:

1) құқық адамдардың әрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты, үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылауын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін егізе отырып, оларды өркениетті құбылысқа айналдырады;

2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүріс тұрысы мен қызметіне әсерін тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді басып жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;

3) құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші және анықтаушы болып табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;

4) құқық әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық материалдық игіліктердің дұрыс және әділетті бөлінуінің талаптарын орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;

5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сәйкес қоғамның жаңаруының қайнар көзі болып табылады; әсіресе, оның құндылығы тоталитарлық режимдердің құлауы мен жаңа нарықтық механизмдердің бекітілуі жағдайларында өсе түседі;

6) құқықтық тәсілджер халықаралық және ұлтаралық сипатағы мәселелерді шешудің негізі және жалғыз құралы болып табылады.

1.2 Құқықтың оъективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі.Табиғи құқық.Позитивтік құқық. Бұқаралық құқықы.

Объективті құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет – ғұрыптар, заң преценденттері және нор¬мативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана – сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.

Субъективті құқық – бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға арналған заңды мүмкін болатын мінез – құлықтарының өлшемі. Субъективті құқықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана – сезіміне, ерік –жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.

Құқықтың заңды мағынасындағы мәнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқытарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай – да бір құжаттарда бекілітілгеніне немесе бекітілмегеніне байланыссыз өмір сүре береді, және де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды.

Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасындағылардан (объективті,субъективті) басқа позитивті құқық сияқты, яғни заңдарда және басқа да қайнар көздерде көрсетілген құқықтар да болады.

Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:

1) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар заңшығарушылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;

2) заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни,жай ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.

Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның қарама – қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты екі жағы анықталды.Бірінші жағы бұқаралық- құқықтық жағы, екінші жағы-жеке – құқықтық жағы.

Көпшілік (бұқаралық) құқық – бұл мемлекеттік істер облысы, яғни мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұқаралық) билік, барлық көпшілік институттар сияқты билік пен бағыныштылық бастауларына, субординация қатынастарына орнатылған.

Жеке құқық - бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке, субъектілердің заңды теңдігіне,олардың бір – біріне бағынбаушылық бастауларына негізделген жеке бастың ерікті мәртебелерінің облысы.

Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың түсінігіне кірген аса манызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:

1) мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;

2) құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтікжәне басқа да мүдделерге сәйкес реттейді;

3) құқық жалпыға міндетті сипатқаие, бұлоның ерекше әлеуметтік реттеуші,заңдыжәне заңсыз әрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді.

4) Басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік–міндеттеуші мазмұнымен байланысты.

Ш. Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып , демократияның экономикалық бостандықтың , тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.

Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің манызы зор;

1)формальдық- кез- лелген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі.

2)мазмұндығы- осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:

- таптық,бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушытаптыңзаңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін , мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;

- жалпыәлеуметтік ,бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың , әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.

Құқық әлуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп- басқарып отырады. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің, ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қакйталап өтейік,- құқық мен мемлекеттің өмірге кғелуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі. Бұл объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:

-қоғамның әкімшілік тереториясынгда тұрақты тәртіп қалыптастыру қажет болды;

-Қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып, оны реттеп, мемлекттік бірлестіктеордің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Міне, бұл күрес- қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.

Қоғамның объективтік даму процесінің бұл талаптарын іске асыру үшін құқықтық нормаларды қарқынды, сапалы дамытып, қарым- қатынастарды тағы басқа құбылыстарды реттеу жұмыстары басталып, қоғамның жақсы дамуына жағдай жасалды және мазмұнына келсек, оның сан қырлы түсінігі, санұқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғамммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан, оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырды. Ғалымдар құқықты зертегенде бір- екі қырынан мазмұның анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Арйстотель құқықты саяси шындық, әділеттік, - деді. Орта ғасырдың ғалымдары – құқық діни норма, Ж.Ж.Руссо – құқық қоғамдық билік деп түсіндірді. Осы пікірдің бәрі дұрыс.

Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланысты дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез - құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана- сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүде мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым – қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтын мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, саналы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс бірақ жеткіліксіз.

Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамкершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси – экономикалық, мәдени – әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекетің ішкі – сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т.б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы мен ныцсаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, мәдени- рухани сипатына байланысты. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуымен жоғары бола алмақ емес»1 – деді.

Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси – экономикалық, мәдени – әлеуметтік мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әр түрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым – қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын қамтиды, бұлар; әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбектік, процессуалдық т.б. Мемлекетке қажетті қоғамдық тәртіп құқықтық қатынастар негізінде ғана орнай алады. Бұл - құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты.

Біз, жоғарыда құқықтың түсінігін және мазмұнын нормативистік тұрғыдан қарастырып келдік. Бұл құқықтың түсігінің, мазмұнының негізгі бағыты. Өмір тәжірибесінде біраз ғалымдар құқықтың мазмұнын кеңейтілген түрде зерттеп, түсінігін сол көлемде береді. Олардың қосымша зерттеген мәселелері: құқықтық қатынас; құқықтық сана, субъективтік құқық, құқықты қолдану, құқықты бұзушылық және жауапкершілік.

Міне, осы мәселелердің бәрін олар құқықтың мазмұнына жатқызады. Біздінше бұл дұрыс пікір. Өйткені осы қатынастардың бәрі де құқықтық нормалармен реттеліп, шешімін тауып жатады. Екінші олардың кеңірек зерттген мәселесі – құқық пен заңның, бостандық пен құқықтың арақатынасы және айырмашылығы. Құқықтық норма абстрактік түрде қарастырып іс – әрекетті кеңірек қамтиды, ал заң нақты түрде бір немесе бірнеше мәселені қамтиды. Адамдардың бостандықтары мен құқықтарын бөліп қарауға блмайды – деп түсіндіреді. Бұл пікір де дұрыс, бірақ ғылыми зерттеуде оларды жеке бөліп қарастырған жөн – анализ, синтез әдісімен зерттелсе, қорытынды тұжырым дұрыс болады.

Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі- қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді – заңды көзқарас деп атайды.Екіншісі- бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды. Ниглизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.

Заңды көзқарас көне дәірден қалыптасып құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жан- жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қортынды тұжырымдар жасалады. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, ХІХ – ХХ ғасырларда өзінің тарихи процесті құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттуші негізгі әлеуметтік факторлардың бір екенінпе ешкім күмән келтірмейді.

Қоғамның объективтік тарихи даму құқықтың маңызы мен рөлі туралы заңды көзқарас пікірінің дұрыс екеніндәлелдеп отыр. Заңды нигилизм пікірін қазір ешкім қолдамайды.

Құқық- философиялық категория. Сондықтан, оның мазмұның, өмірге келуін, дамуын түсінуде әртүлі пікрлер бар. Бірақ, құқықтық нормаларды пайдалануда сол арқылы қарым- қатынастарды реттеуде, мүдде- мақсаттарды іске асыруда, орындауда адамдардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдарың іс- әрекетінде, жұмысында ғажап бірлестік бар.Мұның себебі адамдардың, ұйымдардың іс- әрекетінің, жұмыстарының құқық арқылы басталуы, құқық арқылы дамуы, құқық арқылы орындалуы.Құқықтың мазұның түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы, қарым- қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы. Құқықтың күнделігі қоғадық масштабта барлық құбылыстардың шешуші негізі болуында. Бұл ғылыми қорытынды пікірді барлық мемлекеттердің және адам қоғамының миллиондаған жылдар тарихи толық дәлелдеп отыр.

Заң ғылымында ″құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» деген ресми түрде таылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың ( мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың) да құқықтық мүмкіндіктері болады. Бұл көрсетілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік мағынада қолданылады.

Екіншіден, «құқық»деген- құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге асырылуы диалектикалық процес арқылы жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік құқықғы туралы Конституцияның 4 бабында былай делінген: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік- құқықтық актілері» болып табылады.

Үшіншіден, «құық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, қылмыстық құқық, отбасы құқықғы т.б.

Төртіншіден, «құқық» термині субъективтік құқық пен объекитвтік құқықтың жиынтығы ретінде де қлолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықтық жүйе.

Сонымен, «құқық» терминінің көптеген мәні бар, оны зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті деп айтуға болмайды.

Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Марксистік ілім: құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Өйткені адам тарихында болған қоғамдардың бәрінде де таптық мүддене қоса құқық жалпы қоғамдық мүдде- мақсатты да реттеп - басқарып отырады.

Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келед десек қателеспейміз.

Қоғамның диалекиткалық даму процесінде қарым – қатынастарды дұрыс реттеп, басқарып, дағдарысқа ұшыратпау үшін мемлекет пен құқық объективтік жолмен өмірге келді. Бұл қоғамның прогрестік жолмен дамуының нәтижесі. Құқық адамдардың, ұйымдардың іс әрекетімен тығыз байланысты, олардың бостандығының шеңберін, мүдде – мақсаттарының орындалу шеңберін анықтап, реттеп басқарып отырады. ҚҰқықтық норманың қалыптасуы үш кезеңнең тұрады. Мүдде, қатынас, норма. Құқықтың негізгі үш тірегі бар:

- имандылық;

- қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайы;

- мемлекет;

Құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.

Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, рухани мәдени сипатына байланысты. Құқықтың дамуынакүресімен бірге саяси- әлеуметтік ұлттық қатынастар, идеология, қоғамның мәдени өсу дәрежесі де үлкен әсер етеді. К.Маркс « Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық ешуақытта да эконогмикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес» - деген. Құқықтың нормалары қоғам дамуының экономикалық мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әртүрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым – қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады.