Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

kaz1

.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
16.02.2017
Размер:
26.93 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Тіл дамыту кафедрасы

1 Семестрлік жұмыс

Пән атауы: Кәсіби қазақ тілі

Мамандық: 5В071800 – Электрэнергетика

Орындаған: Бекболат К.Д.,Селеубаева Г. Б.

Топ: Э-14-7

Тексерген: аға оқытушы Ахметова Э.Т.

____________ _____________«____» ____________2017 ж.

(баға) (қол)

Алматы 2017

Мазмұны

Тапсырма 3

Диалог 4

Әдебиеттер тізімі 6

Тапсырма.

Сіз университетте оқитын танысыңызды кездестірдіңіз, одан бітірген соң қандай мамандық алып шығатынын, қандай пәндерді оқитынын, қай пән оған ұнайтындығы туралы сұбхаттасыңыз.

Диалог.

- Сәлем, Камилла! Қалың қалай?

- Сәлем, Гүлзада! Жақсы, өзің қалайсың?

- Рахмет, менде бәрі жақсы. Сен университетте қай факультетте оқисың?

- Мен «Электр энергетикасы» факультетінде оқимын.

- Сендердің факультеттерің біздің факультетке қарағанда әлдеқайда үлкен шығар?

- Мүмкін... Біздің факультет төрт кафедрадан тұрады. Айта кетсем: «өнеркәсіптік кәсіп орындарды электрмен жабдықтау», «электр стансалар», «автоматтандырылу және электр техникасының теориялық негіздері» кафедралары бар. Әр кафедрада сан түрлі мамандықтар бар.

- Сен қай мамандықты таңдадың?

- Мен «электрмен жабдықтау» мамандығын таңдадым, себебі оқытушылар құрамы өз мамандықтарының хас шеберлері, теориялық және тәжірбиелік деңгейі өте жоғары, қазіргі заманға сәйкес білім бере алады. Ал сен қандай мамандықты оқисың?

- Мен «Жылу энергетикасы» мамандығының «Жылу электр стансасы» мамандануында оқимын. Біздің факультете: «Жылу электр стансылары, «су және отын технологиясы», «өнеркәсіптік жылу энергетика» мамандықтарына бөлінеді.

- Не себептен сен осы мамндықты таңдадың?

- Себебі мен 2 курста ЖЭС-та тәжірибе өттім. Сол жер маған қатты ұнаған.

- Өте қызық екен! Жарайсың, досым. Қай ЖЭС-та болдың?

- Екінші ЖЭС-та болдым. Ал сен тәжірибені қай жерден өте бастадың?

- Біз тәжірибені оқу орнының қабырғасынан бастадық.Тәжірибеде сан түрлі жаттығулар берді. Барлығымыз қызығып жұмыс істедік. Тәжірбие аяқталған соң бізге екінші дәрежелі «электрмонтёр» сертификаттарын таратып берді. ЖЭС-те тәжірибеңнің ұзақтығы қанша күн болды?

- Мен тек бір ай ғана ЖЭС-та жұмыс жасадым. Жазда кәсіби тәжірибені қай жерде өтетін болдың?

-Алматы Жарық компаниясында өтемін. Ал сен қайтадан ЖЭС-қа барасың ба?

- Ия, олар мені жазғы демалыста жұмысқа шақырды.

- Сабағың қалай? Бұл семестрде қандай пәндер өтіп жатырсыңдар?

- Біз «электрмен жабдықтау», «энергетикадағы экономика», «есептеу техникасы», «электр стансалары», кәсіби қазақ және ағылшын тілдерін оқып жүрміз.

- Саған ең қиын қандай пән?

- Негізінде «электр стансалары» қиындау сабақ деп есептеймін. Оның зертханалық жұмыстарында өте көп анализ жасап және кең көлемде есептер шығаруға тура келеді. Соңдықтан қалған сабақтарға уақытым жетпей қалатын кездер болады. Менде өтетін пәндер сенде бар ма?

- Ия, біз «есептеу техникасы» пәнін бірінші семестрде өттік.

- Сенде «МАTLab» бағдарламасы бар ма? Егер де бар болса, маған қондырып бере аласың ба?

- Ия, әрине. Сабақтан кейін компьютеріңді әкел, мен саған көмектесемін. Көріскенше!

Әдебиеттер тізімі.

1. М.М.Төлеуп. Кәсіби қазақ тілі. 5В071800 – Электр энергетика бағыты студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар. АЭжБУ, 2013.

2. АЭжБУ сайтты. http://www.aipet.kz/index_kz.htm

3. Техникалық терминдер сөздігі. –Алматы, 2009.

4. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы,1998.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]