Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
16.02.2017
Размер:
40.6 Кб
Скачать

Сингапур: тарихи және географиялық шолу

Сингапур - экватордан 137 км солтүстікте, Малайзияның Жохор облысының оңтүстігінде, Индонезияның Рияу аралының солтүстігінде орналасқан. Өзіндік тарихы бар қала-мемлекет қытайлықтар табан тепкенмен, малайлықтардың тарихи отаны болып табылады. Ұзындығы - 42 км, көлденең алғанда – 29 км болатын арал Малакка түбегінің оңтүстік бөлігінде, екі мұхит торабында (Үнді және Тынық) тиімді географиялық орынға ие.

Негізінен мемлекет осы үлкен аралдан және оны қоршап тұрған 59 ұсақ аралдардан (20 аралда адамдар өмір сүреді) құралады. Географиялық территориясы Индонезиядан импортталатын құмды үйінділер есебінен біртіндеп ұлғаюда. Егер тәуелсіздік алған мезетте аумағы 581,5 км2 болса, бүгінгі таңда 715,8 км² аумақты(174-орын) құрайды. Халық саны тәуелсіздік алғаннан бері 4 есе артып, қазіргі кезде 5 312 400 адам мекендейді (әлемде 114-орында).

Бүгінгі таңда халықтың 76,2%-ын қытайлықтар құрайды, 13,8% - малайлықтар, 8,3% - үнділіктер, 1,7% - басқалары. Олардың 32%-ы буддизмді, 22% даосизм, 15% ислам, 15% христиан дінін және 4% индуизмді ұстанады. Көрсетілген статистикалық мәліметтер Сингапурдың этносаясаты Қазақстанға ұқсас екеніндігін аңғартады.

1945 жылы Жапония капитуляциясынан кейін ағылшындардың әкімшілік билігі қалпына келтірілді. Бірақ Атлантикалық хартия[2] бойынша, Англия өзінің барлық отарларына еркіндік беруге міндетті болды, сол елдердің қатарына Малайе де кірді. 1959 жылы британдық үкіметпен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Сингапур Британ достастығы[3]құрамында өзін-өзі басқаруға қол жеткізді.

1963 жылғы референдум нәтижесінде Сингапур Малайя, Сабах және Саравак елдерімен қатар Малай федерациясының құрамына кірді. Өкінішке орай, саяси және әлеуметтік жүйелердегі айырмашылық нәсілдік негіздегі 1964 жылғы шілдедегі қанды қақтығыстарға әкеп соқты, ақырында Одақ тарап кетті.

Нәтижесінде 1965 жылы 9 тамыз күні Сингапур тәуелсіз мемлекет атағына ие болып, осы кезден бастап, қазіргі уақытта дүниежүзіне мәлім «Сингапурлық ғажап» атты процесс өз бастауын алды.

1959-1990 ж.ж. Ли Куан Ю билігі кезінде ресурстардан айырылған Сингапур, көптеген ішкі проблемаларды шешіп, үшінші әлем елдері қатарынан жоғары дамыған елдер қатарына зор серпіліс жасады. Бүгінде Сингапурдың негізгі ерекшеліктеріне саяси тұрақтылық пен экспортқа бағытталған әлеуетті экономика жатады.

 

Сингапурлық саяси жүйе ерекшеліктері

Саяси құрылым бойынша Сингапур парламенттік республика болып табылады, демек мемлекет басшысы Президент. Британдық Одақ құрамына мүше болып кіреді. Мемлекетте 1963жылғы Конституция (1965ж. және 1991ж. енгізілген түзетулермен) қолданыста. 1991ж. Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Мемлекет басшысы жаппай дауыс беру арқылы (1991ж. дейін Президент Парламентпен тағайындалатын) 6 жылдық  мерзімге сайланады. Қазіргі Президент Тони Тан Кен Ям (жетінші) 2011 жылы сайланған болатын.

Атқарушы билік Үкіметке тиесілі. Президент Премьер-Министр лауазымына жалпы парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия лидерін тағайындайды. Үкімет мүшелері Премьер-Министр ұсынысымен Президент тарапынан белгіленеді. Министрлер кабинеті Парламентке есеп береді. Мемлекет тарихындағы 3-інші Премьер-Министр Ли Сянь Лун осы лауазымды 2004 жылдың тамызынан атқарып келеді.

Заң шығарушы билік органы бірпалаталы, жалпы тікелей дауыс берумен 5 жылға сайланатын Парламент арқылы жүзеге асады. Парламент вестминстрлік модельдің[4]ережелері мен заңдарын ұстанады. Парламент 94 депутаттан құралады – 84-і сайланушы депутат (3 депутат оппозициядан) және 9 депутатты Парламенттік сайлау комитеті ұсынысымен Президент тағайындайды.

Сот билігін Жоғарғы сот жүзеге асырады. Ол Басты және Аппеляциялық соттардан (соңғы инстанция соты) тұрады. Жоғарғы соттың 13 судьясы бар және Жоғарғы судья Президент тарапынан белгіленеді. Сингапурда англо-саксондық (британдық) құқықтық жүйе жүзеге асырылуда.

Сингапурдағы ішкі саяси жағдай тұрақты және болжамды болып табылады. Ішкі саяси аренадағы мемлекет тарихында сайлауда бір рет те жеңіліс таппаған Халықтық Қимыл Партиясы (1954 ж. 21 қарашада құрылған) басым рөлге ие жалғыз партия. Халық билеуші партия мен Үкіметті түгелдей қолдай отырып, мемлекеттің гүлденуі мен әлеуметтік-экономикалық ауқаттылығын осы билік күштерімен байланыстырады. Жалпы «ХҚП заманы» бүгінгі таңда жалғасуда деп анық айтуға болады.

2006 ж. 6 мамырда өткен жалпы парламенттік сайлаудың нәтижелері биліктегі партияға қарсы бірде-бір саяси қарсыластың жоқ екенін іс жүзінде дәлелдеп шықты. ХҚП кандидаттары 47 депутаттық орынның 45-ін иемденді. Қалған екі мандатты оппозициялық күштің өкілдері жеңіп алды (Жұмысшылар партиясы және Сингапурлық демократиялық альянс). Демек, 94 орны бар Парламентте 82 мандат ХҚП өкілдеріне, 2 – Жұмысшылар партиясына, 1 – СДА мүшесіне беріледі. Еш партияға жатпайтын қалған 9 депутатты Президенттің өзі сайлайды.

2004 ж. тамызынан Сингапур Премьер-министрі Ли Сянь Лунь (Ли Куа Юдің баласы).  

Соседние файлы в предмете Политология