Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
759.3 Кб
Скачать

60

  1. Ақпарат теориясының негізгі ұғымдары

Кіріспе

Ақпарат

Ақпаратты жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап ақпарат алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады.

15 ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.

19-20 ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы ақпаратты кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді.

Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін 20 ғасырдың ортасында пайда болған электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, компьютер деп те аталады) берді. ЭЕМ-дер бастапқыда есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару мүмкіндіктері туындады. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде, сызу мен графиктік жұмыстарды, өндірісті автоматтандыруда және басқа да адамзаттың көптеген қызмет салаларында қолдана бастады.

Соңғы кездері ақпарат өңдеу жабдықтары мен әдістерінің түрлерін құру проблемасына ерекше назар аударылып отыр. Көптеген дамыған елдерде қызметтер ақпаратты компьтерлік өңдеу саласында атқарылады. Ақпаратты компьтерлік өңдеу жаңа ақпараттық технологияларға негізделген. Оны жалпылама қолдану нәтижесінде адам қызметінің барлық салаларында кез-келген күрделі мәліметтермен жұмыс жасауға жол ашылып отыр.

ЭВМ-ң көмегімен немесе басқа да техникалық жабдықтармен ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және беру туралы ғылымның саласын ақпараттану деп атайды.

Ақпараттану орыстың информатика сөзінен аударылған. Оның түп негізі informatigue француз терминінде .

Бұл термин information (информация) және automatigue (автоматика ) сөздерінен түзелген.

ЭВМ-ді ақпаратты түрлендіргіш деп қарауға болады, өйткені ол өзінің кірісіне берілген бастапқы мәліметті түрлендіріп, нәтижесін шығысына береді.

Ақпарат теориясының негізгі ұғымдарына хабар, белгі, сигнал , сөз сияқты ұғымдар жатады.

Ақпаратты материалдық-энергетикалық түрде кескіндеу үшін сигналдар (электрлік, сәулелік, дыбыстық т.б) ұғымы пайдаланылады.

Ақпарат көздері 2-ге бөлінеді:

1. үздіксіз

2. дискретті (үзілісті)

Үздікті ақпарат көзі ақырлы уақыт аралығында ақырлы мөлшерлі ақпартты қамтитын ақырлы мөлшерлі дискретті хабарлар жасайды.

Дискретті хабарлар жекелеген элементтердің (белгілердің) жинақты жинағынан тұрады. Элементтер жинағы ақпарат көзінің алфавиті деп аталады. Бұған алфавит көмегімен немесе сандар тізбектерімен жазылған мәтіндер мысал бола алады.

Үздіксіз хабар үздіксіз ақпарат көзінен тұрады және физикалық шамалармен (кернеу, тоқ т.с.с) көрсетіледі.

Үзіліссіз хабардың математикалық моделі үзіліссіз математикалық F=F(t) функциясымен, ал дискретті хабарлар дискретті f=f(t) функциясымен өрнектеледі. Мұндағы t- уақыт.

Соседние файлы в папке 3.Информатика