Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / 1 курс / 3.Информатика / Информатика / информатика билеты.docx
Скачиваний:
30
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
63.17 Кб
Скачать

17 Билет.

Есептің программасын құрастырудан бұрын алдымен оны орындауға арналған амалдардың тізбегі немесе осыған байланысты есептің шешу жолы анықталуы тиіс. Бұл жерде алгоритм туралы түсінік қарастырылады. Қойылған мақсатқа жету жолында орындалатын амалдардың тізбегін алгоритм деп атайды.

Алгоритм туралы түсінікпен қатар алгоритмдік жүйелер мен есептерді алгоритмдеу туралы түсініктер қарастырылуы тиіс. Сонымен, алгоритм дегеніміз берілген алғашқы шарттардан қойылған мақсатқа жетудің дәл сипаттамасы.

Программа құрастырушының талаптарына сай болуы үшін алгоритм келесі қасиеттерді қанағаттандыруы тиіс:

1. Детерминдік (негізделгендік, анықталғандық). Алғашқы деректерге қолданылған ережелер мен амалдар үрдісі (есепті шешу жолы) бір мәнді түрде анықталған. Бұл дегеніміз математикалық есептің тек бір ғана шешімінің болуы туралы тұжырымға сәйкестігі.

2. Көпшілікке арналғандық. Алгоритм бір ғана есепті шешуге емес, бір типке жататын есептердің жиынын шешуге арналған болуы тиіс. Көпшілікке арналғандық дегеніміз алгоритмнің әмбебап болуы, ал жеке есептің алгоритмі оның алғашқы деректерінің мәндерін ғана өзгерту арқылы алынатындығы. Алгоритмнің әмбебап болуы программаның да әмбебап болуын қамтамасыз етеді.

3. Нәтижелілік. Есептеу үрдісінің алгоритм бойынша ережелерінің белгілі бір орындалу қадамдарынан кейін есептеу нәтижесінің алынуы және есептеу үрдістің тоқтатылуы.

Алгоритм дегеніміз бір типке жататын есептердің кез-келгенін шешуге оны (алгоритмді) орындаушыға мүмкіншілік беретін ережелер мен командалардың (нұсқаулардың) белгілі бір жиынтығы

Түрлері:

-Сызықтық алгоритм немесе есептеу тек бір бағытта орындалатын амалдардан тұрады;

-Тармақталған алгоритм немесе берілген шарттың орындалуына байланысты есептеу жолы таңдалынады. Қайталанатын алгебралық немесе берілген шарт бойынша амалдар жиыны көп рет қайталанады.

18-билет.

ЭЕМ үшін программа құрастыру үрдісін программалау дейді. Жасанды компьютерге арналған программаларды құрастыруға арналған программалау тілін жатқызуға болады. Программалау тілі дегеніміз формулаларды жазу моделін қамтамасыз ететін, алгоритмді сипаттауға арналған белгілеулер жүйесі. Программа тілі туралы мәліметтер өте көп.

Программаларды құрастыру жұмысын жеңілдету мақсатымен арнайы программалау тілдері жасалынып, программалар құрастыру үшін пайдаланыла бастады.программалау тілдерінің саны қазіргі кезде өте көп және олар негізінен төменгі және жоғарғы деңгейдегітілдер болып екі топқа бөлінеді. Іс жүзінде кездесетін есептер өте күрдел болуы мүмкін.Күрделі есептің алгоритмін бірнеше қарапайым бөліктерге жіктеу арқылы программалау үрдісін жеңілдетуге болады. Осының арқасында алгоритмнің әрбір бөлігінің программасын жеке программа бірлігі түрінде дайындауға мүмкіндік туады. Осындай тәсілдердің жиынын программалау технологиясы деп атайды. Қазіргі кезде программалау ісінде қолданылатын программалау технологиялары көптеп саналады; мысалы, құрылымдық программалау, модульдік программалау, объектіге бағдарланған программалау, визуальді программалау, CASE – жүйелер және т.б.

Программалау технологиясы бойынша, алгоритмнің кейбір бөліктерін кішігірім бөліктерге жіктемеуге де болады. Керісінше, кейбір бөліктерді біріктіру әдістері де қолданылады.

19-билет. Программалаудың интегралдық орталары. ТУРБО ПАСКАЛЬ ж/е БОРЛАНД ПАСКАЛЬ интегралдық орталары. Трансляторлар мен олардың түрлері.

Қазіргі кезде өзіне қажетті программаларды құрастырушылар көбінесе жоғары дәрежелі алгоритмдік тілдерді пайдаланады. Бұл тілдерді пайдалану программалаудың интегралдық ортасында жұмыс істеуді қажет етеді. Интегралдық программалау ортасы дегеніміз алгоритмдік тілде программа құрастыру үрдісіне қажет жағдай жасайтын, информацияны құрастыру, өңдеу ж/е талдау жасауға көмекші болатын дайын программаның жиыны. Интегралдық ортаға енген программалар жиыны құрастырылатын программалардың алғашқы мәтінін дайындауға, оны редакциялауға, тексеруге, стандартты программалар қорын пайдалануға ж/е орындауға арналған. ТУРБО ПАСКАЛЬ программалау жүйесін іске қосу үшін Turbo.exe. файлын орындатып,экранға негізгі менюды шығарады. Пайдаланушыларға арналған көмекші ретінде интегралдық орта анықтама жүйелерімен жабдықталған. Пайдаланушы өзіне қажетті мәліметті алу үшін F1-help клавишасын қолданады.

Транслятордегеніміз программалау тіліндегі мәтінді машина тіліне аударатын программа. Олар интерпретаторлар және компиляторлар болып екі типке бөлінеді.

Компилятор дегеніміз программаның трансляциясы (аударылуы) мен орындалуы уақыт бойынша бөлінген; алдымен программаның барлық мәтіні аударылады, содан кейін ғана ол орындалады. Мысалы, Паскаль немесе Си тілдерінің трансляторлары компиляторларға жатады.

Интерпретатор дегеніміз программаның трансляциясы мен орындалуы уақыт бойынша біріктірілген немесе программа мәтінін әрбір оператор бойынша аударып, әрқайсысын жеке орындайтын транслятор. Мысалы, Basic тілі мен MS DOS операциялық жүйесінің командаларының интерпретаторы.

20-билет. Қолданбалы программалардың дестелері. MS Office ж/е оның құрамы.

Кез-келген мекемеде, оның қызметкерлеріне көптеген құжаттармен жұмыс істеуіне тура келеді. Ол жұмыс көп уақытты алады әрі оның қиындығы мол. Осындай күрделі жұмысты жеңілдетуге арналған программаларды офистік (office - кеңселік) программалар деп атайды. Әрбір қолданбалы программалардың дестесі (пакеті) стандартты есептерді шешуге арналған бірнеше программалардан тұрады. Қазіргі кезде олардың біздің елімізде кең қолданылатыны әрі кең тарағаны - MICROSOFT OFFICE офистік программалар дестесі. Бұл программалық өнімді көпшілік пайдаланушылар WINDOWS жүйесінің бөлінбейтін бір негізгі құрамасы деп таниды, себебі ол жүйелік программалармен бірге компьютерді сатып алғанда бірге қойылады. MICROSOFT OFFICE дестесінің бірнеше жаңартылған түрлері (модификациялары) бар. Мысалы, MICROSOFT OFFICE XP негізінен үш түрлі вариантты болуы мүмкін.

Стандартты вариант келесі программалардан тұрады:

  • MICROSOFT WORD 2002 – көп функционалды мәтіндік редактор;

  • MICROSOFT EXCEL 2002 – элктрондық кестелерді құрастыру мен өңдеуге арналған программа;

  • MICROSOFT POWER POINT 2002 – графикалық, мәтіндік, дыбыс (аудио) және бейне (видео) элементтері бар презентацияларды (көрмелерді, таныстыруларды) дайындауға арналған программа;

  • MICROSOFT OUTLOOK 2002 – электрондық пошта, факс дайындау және жіберу, кездесу мен байланыстарды жобалау, жазба кітапшасы және т.б. программаларын біріктірген офистік менеджер.

Кәсіпқойлық вариантқа стандартты вариантқа енген компоненттерден басқа келесі программалар енгізілген:

  • MICROSOFT ACCESS 2002 – деректер базасын құрастыру мен өңдеуге арналған программа;

  • MICROSOFT PUBLISHER 2002 – мәтіндік басылымдарды дайындау және әшекейлеу программасы.

Құрастырушыларға арналған вариантқа кәсіпқойлық варианттағы компоненттерден басқа MICROSOFT FRONT PAGE деп аталынатын Интернет бетін құрастыру және әшекейлеуге арналған программа кіреді.

21-билет. Мәтіндікредактор. Информация дайындау мен өңдеу тәртібі.

MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге ж/е қағазға басып шығаруға арналған WINDOWS жүйесінің қосымша программасы. Ол – мәтіндік ж/е графикалық информацияларды өңдеу барысында 100ден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі. Жалпы WORD редакторларында типография жұмыстарын керекті баспа материалдарын теруден бастап, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған негізігі мүмкіндіктері құжаттарды форматтаудың кең мүмкіншілік. Материалдардың формулаларменн жұмыс істеу, әртүрлі шрифттерді пайдалану мүмкіндіктеріне көмек беруші жүйелер.

22-билет.MS WORD редакторында математикалық формулаларды енгізудің ерекшеліктері. Кесте құрастыру.

WORD программалары формулалары редакторының көмегімен құжат мәтініне математикалық формулалар мен символдарды орналастыруға болады. Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спектрлі мүмкіндіктерді қамтиды. Формулалар редакторының көмегімен жазылатын объектілерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер жатады ж/е де олардың экран бетіндегі сырт бейнелері принтерден басып шығарылатын көшірмелерімен бірдей болады. Формулаларды форматтау барысында пайдаланылатын әріптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын қаріптерге байланысты өзгертілуі мүмкін. Реттелген, ықшам информацияеы, құжаттарды сақтаудың ең бір қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Сондай-ақ кестелер әр түрлі тізімдер мен тізбектерде қаржы ақпараттарын көрсетуде ж/е басқа да осындай мәселелердің көптеген түрлерін шешуде жиі пайдаланылады.WORD редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдететін, әр түрлі амалдар жиынын орындай алатын кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады. Кестелердің жұмыс істеуге арналған командалар кестені даярлау мен оны өңдеуді жеңілдетуге, сондай-ақ ондағы сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік береді. Кесте құжаттық мәтіннің кез-келген жеріне қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін. Сондықтан ол бір н/е бірнеше беттерде орналаса алады. Құрастыру үшін:

  • Даярланатын кестенің сол жақ жоғарғы шетіне курсорды алып бару;

  • Тышқан тетігін аспаптар тақтасындағы кестені енгізу батырмасынбасамыз;

  • Тышқан курсорын кестенің қажетті мөлшеріне дәл келетін оң жақ төменгі торына жылжытып апарамыз;

  • Керекті торлар санын бейнелеп алып, тышқан батырмасын жіберіңіз.

23-билет.MSEXCELL. Электрондық кесте. Информация сақтау

ұяшықтары. MS EXCELL-нің көмегімен есептеулер жүргізу тәртібі.

Электрондық кесте термины мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады.

Экономикалық, техникалық жоспарлау есептерін шешуге, бухгалтерилық ведомость құруда ж/е т.б.көптеген жағдайларда берілгендерді кесте түрінде дайындап, өңдеу қажет. Кесте ұяшықтарына сан, мәтін,формула ж\е т.б. берілгендер енгізілуі мүмкін. Әмбебап компьтерде кестеләк құжат құрып ,оған енгізілген сандық берілгендерімен автоматты түрде есеп жүргізуге болады. Ол үшін MSDOS ж\е WINDOWS жүйесінде қолданылатын электрондық кесте атаулы түрлі қолданбалы программалар бумалары дайындалған. Supercolc 3,4,5; Lotus1-2-3; Excel5.0; Excel 7.0; Excel 97 т.б. Excel-дің түрлі нұсқауларын жұмыс істеудің айырмашылығы көп емес. Кітапта негізгілерін Excelдің Excel97 нұсқасымен жұмыс істеу тәсілдері баяндалған. Excelде бүкіл жұмыс кітабын,кез келген парақты немесе кейбір ұяшықтарды өзгертуден қорғап қоюға болады. Информацияны қорғап қою оны өзгертуден қорғалу қасиеттен алып тастағанға дейін сақталады. Мәліметтерді қорғау 2 тбөліктен тұрады: 1. Өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғалу қасиеттері алынады;2. Ағымдағы параққа н/е оның кейбір блокноттарына қорғалу қасиеті енгізіледі. Деректердің жиындарына қолданған біртипті есептеуледі орындау.Қорытынды есептеулерді автоматтандыру функцияның кестелік мәндерін табу есептерді параметрлерін таңдау арқылы шешу, параметрлердің тиімді мәндерін табу.

24-билет. MS EXCELL-дің негізгі функциялары ж/е оларды пайдалану тәртібі. MS EXCELL-де графиктер мен диаграммалар құрастыру тәртібі.

MS EXCELL программсында жұмыс істеудің мәтіндік редакторлары жұмысынан көп айырмашылығы бар. EXCELL программаларының тағы бір ерекшелігі—оның орындалуға дайын функциялардың болуы. Олардың көмегімен жиі кездесетін амалдарды өте жылдам әрі оңай орындауға болады. Көптеген материалдық есептерді шешу сонымен қатар, диаграммалар мен графиктерді тұрғызу, деректерді белгілі бір шарт бойынша сұрыптау сияқты әр түрлі жиі кездесетін амалдарды орындау. Бұл программалардың компьютерді пайдаланушылар үшін құндылығын арттырады. Диаграмма—мәліметтерді графиктік түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Орындалуы тиіс әрекеттер:

1 диаграмма құрылатын баған блогын таңдау;

2 аспаптар панелінің диаграмма шебері түймесін шерту не кірістіру. Диаграмма командасын беру;

3 терезеден диаграмма типі мен көрінісін таңдау. Тип атаулары гимстограмма, айналма, сақиналы, график ж/е т.б.

4 терезенің «одан әрі» түймесін шертіп, екінші терезені ашу;

5. 3-ші терезеде, қажет болса, диаграмма параметрлерін орнату;

6. 4-ші сұхбаттық терезеде диаграмманы дайындалған бетке кірістіру;

7. терезенің «дайын» түймесін шерту, функция графигін салу

25-билет.Деректер базаларын басқару жуйелері (MS Access).Деректер базасын жобалау.Кестелер құрастыру, оларға информация енгізу, сұраныс арқылы алу және есеп беру жолдары.

Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің негізгі функциялары: мәліметтерді анықтау (мәліметтер қорының құрылымын бейнелеу), мәліметтерді өңдеу және басқару.

Кез-келген мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтермен негізгі төрт операцияны орындауға мүмкіндік береді:

- кестелерге бір немесе бірнеше жазбаларды қосу;

- кестелерден бір немесе бірнеше жазбаларды жою;

- бір немесе бірнеше жазбадағы кейбір өрістердің мәндерін жаңарту;

- берілген шартты қанағаттандыратын жазбаларды табу.

Реляциялық типті мәліметтер қорын басқару жүйесінің бірі Microsoft Access боп саналады, оның жоғарыда айтылып кеткен функциялард орындауға барлық қажетті құралдары бар. Microsoft Access-тің жеке мәліметтер қорын құрып қана қоймай, қарапайым немесе күрделі қолданбаларды жасауға мүмкіндік беретін қарапайым графикалық интерфейсі -оның құндылығы болады.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мәліметтер қорын басқару жүйесі – мәліметтерді сақтау, қосу, жою, редакциялау үшін қолданылатын программалық жүйе.

Мәліметтер қорын басқару жүйелері: Access, Clipper, Oracle, Paradox, FoxPro, FoxBase.

Access программасы - мәліметтер қорын басқару жүйесінің танымал программаларының бірі. MS Access файлының кеңейпесі: .mdb. Басқа жүйелерге қарағанда, Microsoft Access пайдалануға жеңіл және ыңғайлы. Ол пайдаланушыға келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- Мәліметтер қорын құру және оған мәліметтер енгізу;

- Кестенің құрамын қарап шығу және оны редактрлеу;

- Кестелер арасында байланыс орнату;

- Мәліметтердің тұтастығын және құпиялылығын қорғауды қамтамасыз ету;

- Мәліметтерге әртүрлі сұраныстар жасау;

- Ақпаратты қалып және есеп түрін көрсету;

- Қалыпқа және есепке суреттер және графиктер қою;

- Мәліметтерді импорттау және экспорттау;

- Интернеттің Web беттерінде мәліметтер қорын қолдану.

26-билет.

Сыртқы ортамен информ.алмасу үшін ЭЕМнің арнайы құрылғыларын қолданылады. Инф.ны ЭЕМ жадына енгізу құрылғылары (клавиатура, тышқан, манипулятор және т.б.) арнайы коип.жадына программалар мен нақты тапсырманы орындауға қажетті деректер енгізіледі. Инф.ны ЭЕМнің жадынан шығару құрылғылары (принтер, плоттер т.б.) копм жадынан қажетті инф.ны алуды немесе басқа адреске жіберуді қамтамасыз етеді. Инф алмасудың негізгі көрсеткіші уақыттың бірлігінде жіберілетін немесе алынатын инф көлемі оның өлшем бірлігі секундына бит немесе бір килобит, секундына мегабит,секундына гигабит. ЭЕМның және оның жоғарыда аталған құрылғының тек программалау басқаруымен ғана жұмыс істей алады. Сондықтан осы комп.дың негізінде құрастырылатын есептеу жүйелерін тиімді пайдалану олардыің программамен қамтамасыз етілуіне байл. Сапалы программалаудыңболуы комп.діңт мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Пернетақта комп.ге берілгендер мен командалардың енгізу құрылғысы пернелер функцияларды алфавитті цифрмен және басқару пернелері өш тқрге бөлінеді:принтер инф.ны қағазға басып шығару құрылғысы. Оның өз жады және матрицалық, лазерлік т.б.типтері бар. Монитор құрылғысын дисплей дейді.

27-билет.Интерфейс дегеніміз программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісім шарттары. Басқаша айтқанда, интерфейс – пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық–программалық құралдардың жиынтығы. Интерфейс түрлері:

  1. аппараттық интерфейс (есептеу техникасы құралдарының аппараттық қамтамасыз етiлуi)

  2. программалық интерфейс (есептеу техникасы құралдарының программалық қамтамасыз етiлуi)

  3. аппараттық программалық интерфейс (аппараттық және программалық құралдардың әрекеттестiгі)

  4. пайдаланушы интерфейсi (пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы).

Құрылғыларды бір-бірімен байланыстыратын жүйелер мен сигналдарды пайдаланушы адам мен компьютердің қарым-қатынасын, техниканың программалық құралдар жиынтығын, және техниканың өзара келісімдерді интерфейс дейді. Мыс: адаптерлер жүйелік шина және құрылғылардың әрекеттерін байланыстыру – интерфейстер.

Процессордың жұмыс істеу жылдамдығның негізгі көрсеткіші – такт жиілігі. Такт жиілігі процессордың уақыт бірлігінде қайталайтын цикл санына тең. Оның негізгі өлшем бірлігі МегаГерц және ГигаГерц. Компьютерлікжүйеде компьютерлер жұмысының жылдамдығы үшін оған балама етіпэлектрондық схеманың жұмыс ритмын ұйымдастыратын электр импульсының такт жиілігі алынған (такт тізбекті берілетін екі сигнал аралығының уақыты).

Импульс көзі түрлі сигналдар аралығы үзілістерді ұйымдастырушы микросхемадан импульс генераторы (generator-өндіруші). Қазіргі кезде кәсіби дербес компьютерлерде пайдаланылатын микропроцессорлар типіне қарасты 4-50 МГц шамасындағы, тіпті 100МГц асатын тактілік жиілікпен жұмыс істей алады.

28-билет. Информацияны4 берілісі және жеткізу жүйелері. Информация берілісінің жүйесі. Байланыс жолы. Деректердің байланыс арналары арқылы берілісі. Модем

Информацияны берушіден алушыға уақытында, ешбір кедергісіз және қатесіз жеткізу - информациямен жұмыс істеудегі маңызды мәселенің бірі. Информацияның берілісінің жалпы құрылымдық схемасы бойынша, оның құрамына информация көзі, оны алушы, жіберуші мен қабылдаушы құрылғылары, байланыс жолы енеді. Информация таратушы (беруші) жіберілетін хабарламаны сигнал түріне айналдырады, ол байланыс жолы арқылы қабылдаушыға жеткізіледі, осыдан кейін қабылдаушы сигналды қайтадан берілген кездегі хабарлама түріне айналдырады. Осы аталынған амалдарды цифрлық жүйелерде орындайтын құрылғыны модем деп атайды.

Байланыс жолы (линия связи) дегеніміз сигналды беруші мен қабылдаушы арасындағы берілісті қамтамасыз ететін орта, ал информация жеткізу жүйесі деп осыған қажетті техникалық құралдардың жиынын атайды. Жеткізу жүйесін жалпы жағдайда телекоммуникациялық желі (телекоммуникационная сеть) деп атайды. Жеткізілетін өніміне байланысты энергетикалық, транспорттық, информациялық, су құбырларының және т.б. желілер болады.

29-билет.Информациялық желілер. Есептеу желілерінің классификациясы.Интернет. Информацияны іздеу. Информациялық желі (информационная сеть) дегеніміз генерациялау, қайта өңдеу, сақтау және пайдалану кезінде өнім ретінде информацияны пайдаланатын телекоммуникациялық желі.

Дәстүрлі жағдайда дыбысты - телефон желілері, бейнелерді – теледидар, мәтінді – телеграф (телетайп) арқылы жеткізетін болса, соңғы кездері олардың барлығын жеткізуге интегралдық түрде қамтамасыз етуші информациялық желілер пайдаланылады. Ол – есептеу желісі (вычислительная сеть) деп аталынатын, құрамында есептеуші (ЭЕМ және арнайы сыртқы құрылғылар) жабдықтары бар, информациялық желі.

Екі немесе одан көп компьютерлерді қосу арқылы компьютерлік желіні құрастыруға болады. Желіге қосылған компьютер немесе жұмыс стансасы (рабочая станция) оның торабы (узел) болады. Компьютерлік желі үшін арнайы аппараттық жабдық (желілік жабдық) пен программалық жабдық (желілік программалық құралдар) қолданылады.

Есептеу жүйелерін әртүрлі нышан бойынша, мысалы, желінің тораптарының ара қашықтарына, тораптардың байланысының топологиясына, басқару тәсіліне, қолданылатын ЭЕМ-нің типтеріне, меншіктік құқығына, информация алмасу түріне байланысты жіктеуге болады. Осылардың кейбіреулері туралы қысқаша мәліметтер беруге болады.