Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
184.5 Кб
Скачать

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық технологиялар факультеті Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Орындаған: БИСк-11-1 тобының студенті

Серікова Әсем Тексерген: аға оқутушы Смагулова С.Е.

Компьютерлік желі

Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда, компьютерлік желі деп байланыс арналарының көмегімен ақпараттарды үлестіріп өңдеу талаптарын қанағаттандыратын, бірыңғай жүйеге біріктірілген компьютерлер мен терминалдардың жиынтығын айтады.

Желілер құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер қорымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілердің түрлері

Бір-бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер жиынтығын жергілікті желі деп атайды. Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.

Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Біррангілі желінің барлық тораптары тең құқықты, яғни ерекшеленген сервері жоқ. Мұнда әрбір жұмыс бекеті басқаларға өзінің ресурстарын ұсына отырып, әрі клиенттің, әрі сервердің ролін атқарады.

Бір желінің бірнеше сегменттерін біріктіруге арналған

құралды хаб (шоғырлауыш) деп атайды. Хаб аралық жадта ақпарат жинайды, түзетеді және іріктейді, басқа

арнаға тасымалдайды, жүйеде өңдеу үшін ақпарат дестелерін қарастырады. Ол жеткізу құрылғыларының қызметтік, сызба-құрылымдық және жылдамдық

мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әрбір компьютер оған ұзындығы жүз метрден аспайтын сегмент арқылы

қосылады. Олар 8, 12 жән 16 портты болады. Сондықтан оған соншама компьютерлер қосыла алады.

Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте

жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

-құжаттарды ортақ пайдалану;

-мәліметтерді жеткізу жылдамдығы жоғары;

-құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

-компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

-сервердегі қолданбалы программалармен оңай

байланысу;

-принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын,

Аймақтық желілер (WAN) – алдын-ала анықталған әкімшілік-экономикалық (географиялық) аудандағы абоненттерді немесе осы аудандағы белгілі бір санаттағы абоненттер ауқымын қамтитын есептеу желісі. Ол географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады. Егер желі тұтас қаланы немесе қала ішіндегі бірнеше ғимаратты қамтитын болса, онда кейде оны аймақтық есептеу желісі деп атайды.

Аймақтық желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте кашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе кешендік қызмет (ІSDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.

ИНТЕРНЕТ

Дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен байланыстыратын ең ауқымды желі. Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Қазіргі кезде интернет желісі

компаниялар мен олардың тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқарып отыр. Мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары сияқты жұмыстар да

осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.

Желілік

топологиялар

Желінің атқаратын

қызметіне байланысты торологиялардың түрліше: шиналық, жұлдыз тәрізді, сақиналық

ШИНАЛЫҚ

ТОПОЛОГИЯ

Ең қарапайым, тиімді топология. Мұнда жұмыс бекеттері желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Тасымалданатын ақпарат жөнелтуші бекеттен жұмыс бекеттерінің барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс бекеті қабылдайды

ЖҰЛДЫЗ ТӘРІЗДІ ТОПОЛОГИЯ

Түйіндері орталық түйінмен байланыстырылған топология Мұнда

ортақтандырылған

коммутациялық түйін —

желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы - кез-

келген бір жұмыс бекетінің істен шығуы

жалпы байланысқа әсер

етпейді.

САҚИНАЛЫҚ

ТОПОЛОГИЯ

Байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс бекеттерін аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған

соң жұмыс тоқтатылады. Бұл

топологияның кемшілігі - кез- келген бір жұмыс бекетінің істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Соседние файлы в папке Слайды