Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makroekonomika.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
94.44 Кб
Скачать

Кіріспе

 

       Экономикалық шаруашылықты тұтас бірыңғай түрде зерттейтін негізгі пәндердің бірі - «Макроэкономика» курсы. Макроэкономиканы оқытудың маңыздылығы макроэкономикалық рыноктардың өзара байланысы мен тәуелділігін орнатуға және ұлттық экономиканы толықтай зерттеуге бағытталған талдау әдістерін  игеру болып табылады. Макроэкономикада  ұлттық табысты, жұмыссыздық деңгейін, инфляция қарқынын, мемлекеттік бюджет жағдайы мен елдің төлемдік балансын анықтайтын факторлар зерттеледі. Макроэкономикалық білім қойылған мақсаттарды жүзеге асыру деңгейін анықтауға, белгілі экономикалық саясат құруға және әр түрлі елдердің экономикалық потенциалын салыстыруға жағдайлар жасайды.

«Макроэкономика» пәні барлық мамандықта даярланатын экономистердің оқу жоспарындағы негізгі базалық пәндердің бірі болып табылады. Осыған орай, аталмыш пәнді игеруде студенттерге көмек болатын оқу-әдістемелік құралдың болуы міндетті.

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен несиелік жүйе бойынша оқитын барлық экономикалық мамандықтардың студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік құралының мазмұны «Макроэкономика» пәнінің  типтік оқу бағдарламасына сай құрылған.

Оқу-әдістемелік кешенінде әр тақырып бойынша семинар сабақтарының негізгі мақсаты мен талдау сұрақтары, тақырыпқа қатысты түсініктер мен терминдер, материалды бекітуге арналған тестілер мен есептер, іскерлік ойындарды жүргізу тәртібі, студенттің өздігінен дайындалуына арналған тапсырмалар және әр тақырыптың соңында әдебиеттер тізімі берілген.

1-ші тақырып.  Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп-шот жүйесі.

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты:

-         макроэкономика теориясының негізгі сұрақтарын оқу.

Талдау сұрақтары:

1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістері.

2. Баға индекстері: Ласпейрас. Пааше, Фишер.

3. Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуелділіктер.

           

Негізгі түсініктер:

Макроэкономиканың пәні. Макроэкономиканың объектісі. Макроэкономиканың субъектісі. Макроэкономикалық үлгілер. Экзогендік өзгермелілер. Эндогендік өзгермелілер.  Ex post. Ex еnte.  Статикалық күту концепциясы. Адаптациялық (бейімделу) күту концепциясы.  Тиімді күту концепциясы. Қорлар.   Ағындар.

 

Қайталап еске түсіретін түсініктер

Ұлттық есеп-шот жүйесі (ҰЕЖ). Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). Таза ұлттық өнім (ТҰӨ). Ұлттық табыс (ҰТ). Жеке табыс (ЖТ). Қолда бар табыс (ҚБТ). Тұтыну (С). Инвестиция (I). Қор жинағы (S). Амортизация. ЖҰӨ-ді табыс бойынша есептеу. ЖҰӨ -ді шығын бойынша есептеу. Аралық өнім. Соңғы өнім. Қосылған құн. Ласпейрас индексі. Пааше индексі. Фишер индексі. Нақты ЖҰӨ. Номиналды  (атаулы) ЖҰӨ. ЖҰӨ дефляторы. Көлеңкелі экономика.

 

Тест сұрақтары

1. Экономикадағы атаулы ЖҰӨ – 40 млрд. теңге, ал нақты ЖҰӨ – 32 млрд. теңге. ЖҰӨ дефляторы қандай шамаға тең болады:

A)   1,25.

B)   0,8.

C)   8.

D)   1.

E)    25.

 

2. Табыстар бойынша ұлттық табыс- бұл :

A) рента, еңбекақы, капиталға түсетін пайыз, меншіктен түсетін түсім, корпорацияның пайдасы және дивиденттер.

B)  C + I + G – трансферттік төлемдер – жанама салықтар.

C) Инвестициялар – қаражат қор жинақтау.

D) Ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен қызметтердің құны.

E)  ЖҰӨ – амортизация.

 

3. Жалпы жеке инвестициялар төмендегідей есептеулер кезінде ескеріледі:

A)   ЖҰӨ-ді шығындар ағыны әдісімен .

B)   ЖҰӨ-ді табыстар ағыны әдісімен.

C)   ТҰӨ-ді шығындар ағыны әдісімен

D)   Жеке табысты.

E)    Ұлттық табысты.

 

4. Капиталды пайдаланғаны үшін аударым – бұл:

A)Амортизация.

B) Таза инвестициялар.

C)Таза шетелдік инвестициялар.

D)Капиталдың қалдық құны.

E) Капиталдың нарықтық құны.

 

5. Төменде көрсетілгендердің қайсысы ЖҰӨ-нің құрамына кіреді:

A)Кітап дүкеніндегі жаңа оқулықтың құны.

B) Үй шаруашылығындағы әйелдің қызметтері.

C)Көршінің пайдаланылған автомобилін сатып алу.

D)Брокерден жаңа акциялар сатып алу.

E) Жеке меншік жерде жеке тұтыну үшін картоп егіп өсіру.

 

6. «Ағын» көрсеткіштерін анықтаңдар:

A)   Бюджет тапшылығы.

B)   Тұтынушы мүлкі.

C)   Индивидтің жинақ қоры.

D)   Жұмыссыздар саны.

E)    Мемлекеттік қарыз.

 

7. Тұтынушы ай сайын 1 кг сиыр еті мен 1 кг балық сатып алады деп ұйғарайық. Базистік жылы сиыр етінің де, балықтың да 1 кг-ның бағасы 1000 теңге болды дейік. 2002 жылы сиыр етінің бағасы көтеріліп, 200 теңге болды, ал балықтың бағасы өзгермей, бұрынғы қалпында қалды. Осыған орай 2002 жылы ТБИ төмендегідей болады:

A)   3/2.

B)   1/2.

C)   2.

D)   1.

E)    2/3.

 

8. ЖҰӨ дефляторы дегеніміз:

A)   Номинал (көрсетулі) ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы.

B)   Нақты ЖҰӨ-нің ЖҰӨ-ге қатынасы.

C)   Нақты ЖҰӨ-нің баға индексіне қатынасы.

D)   Нақты ЖҰӨ-нің ТБИ-ге қатынасы.

E)    Ағымдағы жылы шығарылған заттай өнімнің базистік жылға қатынасы.

 

9. Тұтыну шығындарын 250 теңге деп жорамалдайық. Тұтыну өсімшесінің жылдық қарқыны 2 %. Мемлекет шығыстарының шамасы тұрақты – 40 теңгеге тең. Инвестициялық шығындар функциясы: I = 20 + 100 % / r,  бұндағы r = 20 %. Осы деректерді пайдаланып, ЖҰӨ-ді есептеңіз:

A) 320.

B)  315.

C) 318.

D) 250.

E)  255.

 

10. Тұтыну бағаларының индексі:

A)   Төменде айтылғандардың бәрі дұрыс.

B)   Ласпейрес индексі.

C)   Бағаның жалпы деңгейінің көрсеткіші.

D)   Тұтыну себетінің құн көрсеткіші.

E)    Инфляция қарқынын есептеу индексі.

 

11. Қор өзгермелілеріне жатады:

А)  Тұтынушылық шығындар.

Ә)  Бір жылдағы инвестицияның көлемі.

Б)  Салым үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі.

В)  Бір айдағы жұмыссыздар саны.

Г) Мемлекеттік қарыз.

 

12. Статикалық күту концепциясы бойынша:

А) Экономикалық субъектілер болашақта өткен жағдайлар қайталанады деп күтеді.

Ә) Экономикалық субъектілер бұрын жіберілген қателерін ескере отырып болашақты күтуде түзетулер енгізеді.

Б) Экономикалық субъектілердің болашақты болжауы өздерінде бар ақпараттың барлығын өңдеу арқылы оңтайлы нәтиже негізінде құрылады.

В) Экономикалық субъектілердің тәжірибелерді нақты бағалауы.

Г) Дұрыс жауабы жоқ.

 

Есептер:

1.     Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:

Тұтыну шығындары (С) = 2300

Инвестициялар (I) = 700

Мемлекеттік шығындар (О) = 800

Мемлекеттік трансферттер (TR) = 100

Мемлекеттік қарыз бойынша %-ті төлеу (N) = 100

Салықтар (T) = 800

ЖІӨ = ЖҰТ

Есептеңдер:

А) жеке жинақтар;

Б) мемлекеттік жинақтар;

В) мемлекеттік облигациялардың бағасын (құнын) және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін шығарылған қосымша ақша көлемін.  Тапшылықтың 80%-ға жуығы облигация шығарумен қаржыландырылады.

 

2.     Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд. долл.):

 

Трансферттік төлемдер

4,0

Жалпы ішкі инвестициялар

16,2

Бизнеске салынатын жанама салық

7,0

Жеке табыс салығы

2,6

Таза экспорт

1,1

Корпорацияның бөлінбеген пайдасы

2,8

Амортизация

7,9

Жеке тұтыну шығындары

77,2

Корпорацияның пайдасына салынатын салық

1,4

Әлеуметтік сақтандыру салымдары

0,2

Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу

8,5

 

А) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер.

Б) Жеке жинақтардың көлемі қанша?

В) Экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті? (есеп ЖІӨ=ЖҰӨ жағдайында шығарылады).

 

3.     Қоғамда 3 игілік өндіріледі және тұтынылады. Төмендегі кестеде игіліктер көлемі мен  бағасы (1 бірлікке) 2 кезеңге берілген.  Ласпейрес, Пааше, Фишер индекстерін есептеңдер. (1992 ж. базалық кезең)

 

Жылдар

1992

1992

2002

2002

бағасы

Саны

бағасы

саны

кітаптар

20

20

30

7

джинсілер

52

10

75

5

теледидарлар

1200

5

800

3

 

Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

     1. Ex-post және ex-ante макроэкономикалық талдау.

2. Кірістер мен шығыстардың ауыспалы айналымы.

3. Көлеңкелі экономика

Бақылау түрі:

-         кіріспе бақылау;

-         конспект тексеру.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика -: Оқулық. – Алматы:  Экономика, 2003. 6-39 беттер

2.Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика/ под ред Сидоровича А.В. -М., 2004

3. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997. с. 13

4. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. 4. 4. .Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 9

5. Кенжеболатова М.Ш. Макроэкономика. Оқу құралы. Астана, 2005 ж.

2-ші тақырып.   Макроэкономикалық тепе-теңдікті анықтаудың  классикалық тәсілі