Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп 07.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
96.67 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Экономика және құқық институты

«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы

Өндірістік тәжірибеден өткендігі туралы

ЕСЕБІ

«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ

Қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі

Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша

4курс 4ГМК-2топ студенті

Даңғаев Саламат орындады

Университеттен тәжірибе жетекшісі

Аға оқытушы Бимбетова Бибигул Сермагамбетқызы

Ұйымдағы тәжірибе жетекшісі

Бөлім жетекшісі Қосымов Қайрат Махсотұлы

Ақтөбе, 2017

Мазмұны:

КІРІСПЕ

1 «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1.1 «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы ережесі.

1.2«Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары.

2 Шалқар қаласы әкімінің 2016 жылғы есебі

2.1 Шалқар қаласы 2016 жылғы атқарылғтын жұмыстарына талдау

2.2 Ауыл шаруашалығы өндірісіне жалпы шолу.

3 Шалқар ауданын дамыту туралы бағдарламалар

3.1Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары.

3.2 Білім беру сапасын арттыру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Тәжірибе дегеніміз- теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Осы себептен мен 16 қаңтар – 24 наурыз аралығында «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жіберілдім.

Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым- мекеменің қызметімен толық танысып, болашақ мемлекеттік қызметкер ретінде еліміздің , облысымыздың сонымен қатар ауданымыздың экономикасымен әлеуметтік жағдайының өркендеуіне үлес қосып, ішкі саясаттың тынысымен танысу. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарының уақытылы қанағаттандырылуы, және де ақша қаражаттарының айналымы, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым .

Өндірістік тәжірибе есебін жазудағы мақсат - «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің экономикалық жағдайын талдап , анықтау болып табылады.

Өндірістік тәжірибе есебі кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан құралған.

  1. тарауда, «Шалқар қаласы әкімнің аппараты» ММ-нің жалпы ережесі жайында сөз етіледі.

  2. тарауда, Шалқар қаласы әкімінің 2016 жылғы берілген есебіталқыланған.

  3. тарауда, Шалқар қаласын дамыту туралы бағдарламалар туралы талқыланған.

Осы жұмысты жазу барысында келесідей ақпарат көздері пайдаланылды: Қала әкімінің есебі, «Шалқар қаласы әкімінің аппараты» ММ бөлімдерінің құрылым ережелері.