Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
delta_bank.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
53.18 Кб
Скачать

Қр білім және ғылым министрлігі

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АКТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және құқық институты

Қаржы және есеп кафедрасы

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы:« «Delta Bank» АҚ»

Актөбе – 2017

Мазмұны

КІРІСПЕ

I тарау «Delta Bank» АҚ қызментіне сипаттама

1. «Delta Bank» АҚ тарихы

1.2 «Delta Bank» АҚ даму тарихы

II тарау. «Delta Bank» АҚ қаржы ресурстарын пайдалану көрсеткіштерін талдау

2.1 «Delta Bank» АҚ рейтингі

2.2Саудалық қаржыландыру

2.3Екінші деңгейлі банктердің қаржылық жағдайын талдау

2.4 Банктің қаржылық көрскеткішін талдау

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Банктер ақша салымдарын қабылдап, таратады, несиені беріп, кассалық қызметпен қатар, әртүрлі қызмет көрсетеді.. Банк дегеніміз–ақша құралдарын таратуға және қайтарылымдылық, төлемділік , жеделділік шартымен тарату үлесін жүзеге асыру үшін құрылған мекеме болып табылады . Бұл операциялар теңгемен де, шетел валютасымен де жүргізілуі мүмкін. Банк жүйесі – нарықтық экономиканың бөлінбес маңызды құрылымының бірі болып табылады. Банктер қаржылық делдалдар бола отырып, шаруашылық органдарының капиталдарын , халық жинағы және тағы басқа бос ақша құралдарын таратады. Сонымен қатар , оны қарыз алушыларға (заемщиктер) уақытша пайдалануға беріп, ақша есеп жүйесін жүргізіп, басқа да көптеген экономикалық қызметтер көрсетіп, қоғамдық өнімнің айналымы мен өндіріс тиімділігіне ықпалын тигізеді.

Жұмыс кіріспеден, бөлімшелерден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. «Deltabank» АҚ  Қазақстанның барлық аймақтарындағы жеке тұлғаларға, шағын және орта кәсіпорындар мен корпоративтік клиенттерге банктік қызметтің толық спектрін ұсынатын Қазақстанның жетекші бөлшекті банкі болып табылады

1.«Delta Bank» ақ» қалыптасу тарихы

«Delta Bank» АҚ серпінді дамып келе жатқан қаржы институты, қызметі клиенттердің қажеттіліктері мен нарықтағы ұсыныстарды ескере отырып банктік өнімдердің және қызмет көрсетулердің кең ауқымын беруге бағытталған.

1993 ж. 1 қыркүйегінде Ақтау қаласында Батыс Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының бастамасымен негізі қаланған банк өзінің 23-жылдық тарихында елдің қаржы нарығындағы өз ұстанымын елеулі нығайтты.

Осы уақыт аралығында жиналған тәжірибе, өткен жылдарда жеткен жетістіктері мен табыстары Банкке стратегиялық басымдылықтарды кейінге жылжытып әмбебаптыққа бет бұру арқылы бизнес жүргізудің жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік берді. 2007 жылы Банкті ребрендингтеу қажеттілігі туды. Оның негізділігі, бірінші кезекте, бөлшек, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жаңа стратегияны қабылдаумен байланысты. Бұдан басқа, Банк клиенттерінің құрамынан мұнай секторы компанияларының үлесі қысқаруының салдарынан салалық болуын тоқтатты.

Банктің бүгінгі күнгі негізгі мақсаттары – жаңа стратегия, жаңа өнімдер мен қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын жасау және енгізу арқылы жаңа деңгейге шығу.

Банк командасы жылдан жылға заманауи банктік технологиялар мен алдыңғы тәжірибелерді қолдану қажеттілігі қаржылық қызмет көрсетудің мүмкіндігін елеулі кеңейту ескертілген қаржылық қызмет көрсетудің толық спектрімен бірге әмбебап Банк құру жолында.

«Delta Bank» АҚ:  1. «Қазақстанның қаржыгерлер ассоциациясының» мүшесі 2. «Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ-ң депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы   3. VISA International Халықаралық төлем ассоциациясының принципалды мүшесі 4. "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшесі 5. SWIFT SCRL Әлемдік Банкаралық қаржылық телекоммуникация Қоғамы S.W.I.F.T. Халықаралық банкаралық телекоммуникация жүйесінің мүшесі  6. «Бірінші несие бюросы» ЖШС-ң мүшесі болып табылады.

«Delta Bank» АҚ-ң аймақтық желісіне 11 филиал кіреді. Банк жоспары - қосымша филиалдар ашу арқылы өзінің аймақтық қатысуын кеңейту.

«Delta Bank» АҚ-ң активтері 412 521 млн.теңгені, несие портфелі (нетто) 343 010 млн. теңгені құрайды. Жеке капиталы — 57 154 млн.теңге (деректер 2017 ж. 1 ақпан жағдайына келтірілген).

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 24 қазандағы №213 лицензиясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]