Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 130217 / local / Илтимас.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
74.33 Кб
Скачать

Кіріспе

Саяси ілімдер тарихы – адамзаттың рухани мәдениетінің құнды да ажырамас серігі және саяси ғылымның бір құрамдас бөлігі болып табылады. Қандай да бір халық болмасын, оның ойлау мәдениеті, өз ішінен шыққан ойшылдары болады. Тарихта ойлау кеңістігі болмаған халық, мемлекет болған емес. Сондықтан да саяси ілімдер тарихының мәні – саясат пен мемлекеттің мәнін ашу, халықтардың саяси өмірі мен тіршілік тәсілдерінің, саяси ой-түсініктерінің қалыпта-суын, эволюциялық дамуын зерттеу болып табылады. Қазіргі заман бейнесін дұрыс танып білу үшін, сондай- ақ келешекте жақсы да парасатты мемлекет басшысын сайлауда және қоғамда жақсы жол таңдап алу үшін адамдар әр кезде өзіне дейінгі болған идеяларға арқа сүйеген. Саяси ілімдер де адамзаттың рухани және күнделікті саяси тұрмыс тіршілігінде маңызды рөлге ие болған. Ол өмірдің жан-жақты саяси шындығы мен қайшылықтарын өрнектеуде қалтықсыз қызмет атқарып келеді. Саяси ілімдер қоғам мүшелерінің саяси мәдениетін айқындайды. Сондықтан да қоғамның саяси мәдениеті адамзаттың төрт мың жыл бойы қалыптасқан саяси ілімдер тарихынсыз дамуы мүмкін емес. Ал Ежелгі Грекиядағы саяси көзқарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады.

1) Ерте кезең (б.з.б. IX-VI ғ.ғ.) ежелгі грек мемлекеттілігінің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационалдандыру (Гомер, Гесиод, атақты «жеті данышпан») байқалады және мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады.

2) Екінші кезең (б.з.б. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі  грек философиясы мен саяси-құқықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Платон, Арситотель және т.б.).

3) Үшінші кезең (б.з.б. IV ғасырдың екінші жартысы мен ІІ ғасырлары) эллинизм кезеңі, ежелгі грек мемлекеттігінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер, Полибий және т.б.).

Ежелгі Грекиядағы философия мен саяси ойлар

Ежелгі Грекия территориясында алғашқы мемлекеттер б.э.д. I мың жылдықта дербес, егеменді қала – мемлекеттер – полистер ретінде пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан құлдық формацияға көшу процесі қоғамда өте қатал таптық қайшылықтарға толы болды. Екі антогонистік тап қалыптасты. Бір жағынан бай аристократтар болса, екінші жағынан кедейленген қала тұрғындары және ерікті адамдар мен құлдар болды. Мемлекет басқару формасында қала полистер арасында қатаң бәсекелестік басталды. Бұрыннан билік басында болған ақсүйектермен (аристократтар) бақталастыққа олигархтар (ірі мүлік иелері) түсті. Осындай қиын жағдайда кейбір қалаларда демократиялық басқару формасы қалыптасты (Афина мен Абдер қалаларында). Қоғамдағы осы саяси жағдайлар мен процестер грек ойшылдарының саяси ілімдерінің қалыптасуына ықпал етті.

Грекиядағы саяси ойлардың даму ерекшеліктерін саралағанда, біз оның үш кезеңін қарастырамыз: Алғашқы кезең – (б.э.д IX–VI ғғ.) ол көне грек мемлекеттерінің қа- лыптасуымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттің пайда болуын философиялық-құқықтық (Пифагор, Гераклит) негізде түсіндіру үрдісі қалыптасады.

Екінші кезең – (б.э.д. V–IV ғғ.) грек философиясының өркендеуі мен саяси- құқықтық идеялардың даму кезеңіне сай келеді. Бұл Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель заманы еді.

Үшінші кезең – эллинизм дәуірі, грек мемлекеттерінің құлдырауы мен грек қала полистерінің әуелі Македонияның, одан кейін Рим империясының қол астына енуімен сипатталады.

Ежелгі Грекия философиясының ерекшеліктері:

- Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.

- Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.

- Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.

- Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грекияда аса жарқын филосо-фиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп болды.

Көне Грекия философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина. Көне Грекия философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:

  1. Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мс фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің ғашқы бастауы мәселесін қарастырды.

  2. Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін ке-нейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.

  3. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грекияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпшуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.

Саяси ілімдер тарихы Демокрит (б.э.д. 460–370 жж.) өзінің саяси ойларында алғаш рет адам мен адамзат және қоғамның дамуы әлемдік даму үдерісінің табиғи жалғасы деп қарастырды. Осылайша адамзат қоғамы прогрессивті эволюциялық өзгерістерден кейін өзінің қалыпты жағдайынан шықты. Осы тұрғыдан алып қарағанда полис, қоғам және заңнамалар қолдан жасалған, ол табиғаттан алынбаған. Сондықтан да олардың пайда болу үдерісінің өзі қажеттіліктен туылған, яғни кездейсоқ процесс емес деп көрсетеді. Осыдан да болар Демокрит үшін табиғи және қолдан жасалған дүниенің байланысы саясат пен этикалық нормалардағы өлшеммен анықталады. Сондықтан да ол адам табиғатына қарсы келетін дүниенің барлығын әділетсіз деп қабылдайды. Демокрит үшін мемлекетте әділеттілік пен жалпыға бірдей мамыражай жағдай қалыптастыру керек. Мемлекеттік мүдде барлығынан да жоғары тұруы керек, ал азаматтар мемлекеттік құрылым мен басқаруды жетілдіруге ат салысуы тиіс деген. Демокрит «жақсы басқарудағы мемлекет – зор қорған, өйткені ол жалпы тұтастықтың негізі, егер де ол өлсе, онымен бірге барлығы да өледі» дейді. Мемлекеттілікті дамыту барлық мемлекет тұрғындарының ісі, олардың бір-біріне өзара көмегі мен туысқанды ғында. Қоғамдағы азамат соғысы екі жаққа бірдей тиімсіз. Қоғамдағы тепе-теңдікті ұстап тұруда мүліктік жағынан алшақтық болмау керек, өйткені мемлекеттегі әлеуметтік тұрақтылыққа кері әсер етеді деп санайды. Демокрит үшін ел басқару ісі ол тек аристократияның үлесі. «Ақымақтар үшін бағынышта болу абзал, өйткені ел басқару тек жайсаңдардың үлесі. Әдеп бойынша заңға, билікке, ақылы асқандарға бағыну керек, ақымақтардың қол астында болу қандай қасірет» деген екен. Ақымақ азаматтарға биік мансап беруге болмайды, өйткені олар әдепсіз және топас болады дейді Демокрит. Ел басқару ісінде 17 2-тарау. Көне Грекиядағы саяси ілімдер тарихы Демокрит тектілікке, көрегендікке және жауапкершілікке ерекше мән береді. Заңдар тек қарапайым адамдар үшін керек, өйткені олардың арасындағы қызғаныш пен бір- біріне деген алауыздықтарды жою үшін, ал даналар үшін, қай қоғамда өмір сүрсе де, олар әділетті болады, себебі әділеттілік даналар үшін мызғымас қағида дейді. Сократ (б.э.д. 469–399 жж.) адамзат тарихында өш- пес рухани із қалдырған танымал ойшыл. Өз заманында лайықты бағасын алып, данагөй атанған. Софистермен болған пікірталаста ол қарсыластарының көптеген идея- ларын өзіне алып, кейінірек оларды дамытқан. Сократтың пікірінше мемлекет басқару ісін практикада істі білетін іскер адамдар айналысуы керек. Ал теориялық деңгейде мемлекетті басқарудың адамгершілік мәнін ашу керек деп түсінді. Билікті ұдайы сынағаны үшін Сократ бірнеше рет қудаланды. 399 жылы қарсыластары оны дінсіз, заңды бұзушы ретінде өлім жазасына кескен болатын. Сонда Сократтың жақтаушылары оны түрме қызметшісіне пара беріп шығарып алмақ әрекет етеді. Сол кезде Сократ «Мен өзім жұрттан заңдылықты талап етемін, енді қалайша өзім заңсыз әрекетке бармақпын» деп өлім жазасына мойын ұсынады. Кейінірек Сократтың ілімдері Платон мен Аристотель сияқты заманының ғұламаларына үлкен серпіліс әкелді. Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, еш уақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажетақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзіндіөзің таны». Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім — менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды.

Платон (б.э.д. 427–347 жж.) – антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Ол ірі ақсүйек отбасында дүниеге келді. Жас кезінде ол ( б.з.д. 407-399 жж) Сократтың шәкірті және тыңдаушысы болды. Сократтың қазасынан кейін, Платон басқа шәкірттермен бірге Афиныдан кетеді. Алдымен мегораға келген жас ойшыл кейін талай ел мен жерге, Египетке, Парсы елдеріне, Ассирияға, Финикияға, Италия мен Сицилияға барады.

Б.з.д. 387 жылы грек батыры Академның  атымен аталған Академиядан өзінің философиялық мектебін ашады. Бұл мектептің өмірі ұзақ болып, өзінің өмір сүрген мың жылдай  тарихында  философтар мен математиктердің ғылыми ордасы ретінде жұмыс істеді.Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік идеализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар  әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік,олар  жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.Бүкіл әлем, табиғат пен қоғам – сол идеялардың жүзеге асқан бейнесі.Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркәмнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен лоардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту  мүмкіндігін жоққа шығармайды. Платон иделды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, адамдық қасиетке зорлық-зомбылық қасиеттері де қосылды. Сондықтан да мемлекеттіак құрылым келеді. Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, демократия, олигархия, тимократия және тирания) айтады. Олардың әрқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептелінеді. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания – мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі. Заң  деген шығармасында Платон мемлекеттік құрылымның екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскелерін алады. Бұл дер оларға жеке меншік түрінде емес, пайдалану құқығы ретінде ғана беріледі де, мемлекеттің жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар тқрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлықтың заң шеңберіндегі шегі анықталады. Жеке меншік иелерінің ешқайсысы да алтынға немесе күміске ие бола алмайды. Азаматтар қатарына (5040) құлдар мен шет елдіктер жатқызылмайды. Тұтыну теңдігін жақтаған Платон құлдар мен шет жерлерден басқаларында мүлік артықшылығы болмауы тиіс деп санайды. Жеке отбасылар мойындалғанымен, тәрбие ісі түгелдей заңдастырылған арнайы лауазымды адамдар қолына берілді. Әйелдер ерлермен тең құқылы болғанымен, олар жоғары билік қатарына ене алмады.Платон мемлекеттің басында көп сатылы сайлау жолымен сайланған 37 билеуші тұрды. Билеушілер жасы 50-ден 70-ке дейін шектелді. Билік басында бір билеушінің 20 жыл тұруға мүмкіндігі болды. 360 мүшеден тұратын (әр топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуір билікке ие бола алды. Халық жиналысына бірінші және екінші топ азаматтарының қатысыуы міндетті еді, ал үшінші және төртінші топ азаматтарының халық жиналысына қатысуы міндетті болмады. Заңдылықтың сақталуына әділ сот жауап берді, жекелеген және қатал заңдар азаматтарының бұқаралық және  жеке өмірін реттеп отырды. Сотта қаралған істерді қорғау мүмкіндігі қарастырылды. Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрі дамуы және тереңдеуі Платонның шәкірті және сыншысы Аристотельдің  (б.з.д. 384-322 жж.) есімімен тікелей байланысты. Кейбір деректер бойынша, ол саны 400-ден 1000-ға дейін жететін ғылыми еңбектердің авторы болып табылады. Ол өз өмір сүрген замандағы құл иеленуші мемлекеттің әртүрлі формаларын зерттеп, оның үш түрін көрсетті. Аристотель (б.э.д. 384–322 жж.) аралығында өмір сүрген антикалық дәуірдің көрнекті ғалымы. Аристотельдің саяси-құқықтық тақырыпта жазылған бірнеше еңбектері бар: «Саясат», «Афина саясаты», «Этика», «Риторика». Аристотель саясат туралы ғылымды барынша жан- жақты дамытуға тырысты. Саясатты ол этикамен тығыз байланыстырды. Аристотельдің пікірінше, саясаткердің адамгершілік қасиеттері басты назарда болуы керек. Аристотель де Платон сияқты мемлекет жайлы ой қозғағанда, мемлекеттік мүддені барлық басқа құндылықтардың бәрінен жоғары қойды. Аристотель үшін мемлекет – табиғи дамудың жемісі. Мемлекеттің пайда болуын ол отбасылық жағдаймен, яғни отбасының пайда болуымен салыстырады. Жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік дамуы полистерден (қала мемлекеттер) басталады. Жеке тұлғаның саяси өмірге 20 Саяси ілімдер тарихы араласуы және қалыптасуы осы полистердегі саяси жағдайға тікелей байланысты деп түсіндіреді. Платонмен салыстырғанда Аристотель жеке меншікке ерекше көңіл бөлді. Өйткені, меншік иесі болу адамның табиғатынан және өзіне деген махаббатынан шығады деп көрсетеді. Қоғамдағы барлық теңсіздіктер меншікке байланысты дей отырып, Аристотель өз пікіріне қарама- қайшы пікір айтады. Қоғамдағы саяси-әлеуметтік қайшылықтар осы мүлік теңсіздігіне және қоғамдағы орта таптың орны мен рөліне байланысты дейді. Аристотельдің ойынша, мемлекеттің басты мақсаты – орта тапты қалыптастыру және сол орта тап мемлекеттегі саяси-әлеуметтік тұрақтылық кепілі болады. Мемлекеттің басқару формасына келгенде Аристотель оны «дұрыс», яғни көпшілікке пайда, жақсылық әкелетін түрін: монархия, аристократия, полития және сонымен қатар «бұрыс» басқару – тирания, олигархия және демократияны көрсетеді. Аристотель идеалды-озық мемлекет ретінде полития- ны ұсынады. Полития оның пікірінше, басқарудың ең жақсы элементтері, яғни аристократия, олигархия және демократиядан тұрады. Аристотельдің бұл тұжырымында үлкен мән бар, өйткені ол аристократтардан қашанда ізгілік есіп тұратынын, олигархтар қоғамда жұмыс орнын қалыптастырушылар, ал демократия халықпен санасу деп тұжырымдайды. Бірақ Аристотель де Платон сияқты демократиялық басқару формасына қарсы болды. Себебі, егер демократия қадағалаусыз болса, онда ол қоғамды тығырыққа апаратын жол деп көретеді. Жалпы мемлекетті басқаруда, байлық жинауда және билікті жүзеге асыруда орташа болу керек, яғни орта тапқа арқа сүйеу керек деп ескертеді. Философияның басқа ғылымдардан артықшылығын Аристотель былай деп түсіндірді: «Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан да мақсат  пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады.”  Аристотельдің пікірінше, философияның пәні жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттардың(құрамды мәндері) – статуя, мемлекет, т.б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады. Метафизикада және басқа да еңбектерінде  Аристотель заттарды  табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді; материалды себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы: үй салудың бастамасы – құрылыс өнері, мақсаты, материясы (тас, кірпіш немесе жер), формасы (ұғым). Аристотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине ең алдымен оның субстраты (материясы) алып қарастыру керек. Бірақ, тек жездің өзінен, мүсіннен, эстетикалық сезім қалай туатынын түсіну қиын. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра білуге тура келеді. Аристотель «Политикада” мемлекеттің, отбасының шығуын тереңірек зерттейді. Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына,ең алдымен, адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни Аристотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы – ой еңбегімен шұғылдануында деп тұжырымдайда. Саяси іс-әрекетке ерекше мән беріп, саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді, — дейді. Аристотель адамды саяси жануар деп қарауы оның адам мемлекет, қоғам жөніндегі мәселерді шешудегі ұстанымы болды. Бірақ Аристотель мемлекеттің шығу себептерін қоғамдық өмірден, ондағы даму қайшылықтарынан іздемей, адамның өз табиғаты мен мүдделерінен іздейді. Аристотель құл иеленушілермемлекетінің әртүрлі формаларына (монархия, демократия, олигархия) терең талдау жасап, олардың ішінен мемлекеттің алғашқы формасы боолып табылатын монархияны алдыңғы қатарға қояды. Мемлекет билігін қолына алған «кемеңгер адам” қоғамның материалдық және моральдық  жағынан өркендеуіне зор ықпал етеді деп ойлайды. Аристотельдің этикалық көзқарасы оның адам жөніндегі ұғымына негізделген. Этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шығып, Аристотель адамға белсенділіктің тән екендігін атап көрсетеді. Стагирктің пікірінше, мемлекеттің азаматы реелды сезімдері басылып, жаншылған жағдайда емес, қайта жер бетіндегі қасиеттіліктер мен «сыртқы игіліктерді” игеруіне сонымен бірге адамгершілік пен ғылымға деген анта жігерінің дамуына сай қалыптасады. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттымасы деп таниды."Политикада" ол былай деп жазады: «Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. семья мен мемлекеттің негізін қалайтын  ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді”. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенделік пен жасампаздық деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты. Александр Македонский Аристотель шәкірті болғандықтан, оған патша тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: «Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристогтельге қойған Александр”. Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель ашқан 1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа шығару заңдары. Аристотельдің ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі ұлы жерлесіміз — Әбу Наср әл Фараби болды. Аристотельдің философиясы орта ғасыр мен жаңа дәуірде қазіргі батыс философиясында талқылауға түсті, әр кезеңде ойшылдар өзінше түсінуге және өзінше түсіндіруге де тырысты. Алайда оның мұралары адамзаттың ақыл-ойына өлмес азық бола берері анық.Эллиндік философия. Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Эллинизм ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей мектебі мен софистерді,Платонды әрқарай ілгері жалғастырушылар болды. Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөль атқарды. Стоялық бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды. Эпикуршілдік бағыттың өкілі Эпикурдің есімімен аталатын философиялық ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдаужасайды. Скептиктер (грек тілінде «қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») бағыты адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар \Пиррон, Секст Эмпирик, тағы басқалары болды. Бұл философияның негзі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау. Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз Тұтастық пен оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және Тұтастық пен материалдық ғарыш, құдай мен адам арасындағы шексіз аралық сатыларды іздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда жаңғыртуға әкелді.Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру тек ерте христиандық философияғ ғана емес, бүкіл ортағасырлық теологиялық ойлауға озінің едәуір ықпалын тигізді. Филон Александрийскийдің Көне Өсиет (Ветхий Завет) грек философиясымен алғаш синтездеуге ұмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске шығару арқылы жүзеге асты. Бұл ортағасырлық өркениетте бастапқыда антиктік - христиандықты, ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады.

Соседние файлы в папке local