Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 130217 / local / q2ewt / Автокад ргр.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
154.08 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы энергетика және байланыс университеті» жылу энегретика факультеті

Инженерлік графика және қолданбалы механика кафедрасы

ЕСЕПТЕУ-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №1 Тақырыбы: КОМПЬЮТЕРЛІК СЫЗУ ЖӘНЕ 3D-МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗДЕРІ.БҰРАНДАМАМЕН БІРІКТІРУ СЫЗБАСЫН ОРЫНДАУ

17 - нұсқа

Орындаған: АУк 16-1 студенті Тулегенов Ермурат

Тексерген: Нұрахынова. А

Алматы 2017

Мазмұны:

1. Жұмыстың мақсаты және тапсырма.

2.Жұмысты орындау

   2.1Дайындық әрекеттері

   2.2.Сызбаны орындау

     Әдебиеттер тізімі

 

1 Жұмыстың мақсаты және тапсырма. Техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету.

Бұл есептік-сызбалық жұмыстың мақсаты AutoCAD жүйесінде бұрандамамен біріктірудің қарапайымдандырылған сызбасын орындаудың негізгі әдістерін пысықтау.

Жұмыс тапсырмасы: вариантқа сәйкес 1 кестедегі берілгендерді пайдаланып, 1 суретте көрсетілген бұрандамамен біріктірудің қарапайымдандырылған сызбасын А4 пішімінде орындау керек.  

Есептік-сызбалық жұмыс Windows XP ортасына әмбебап графикалық жүйе  AutoCAD 2004 (бар болған жағдайда неғұрлым кейінгі версияларын  пайдалануға болады) орнатылған дербес компьютерде орындалады.

2.2 Сызбаны орындау

Сызбаны орындауды төменде келтірілген инструкцияларға сәйкес қадамдар бойынша орындаймыз.

1 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатында ORTHO (ОРТО) режимін қосып,сызба өрісін 4 бөлікке бөлетін тік және горизонталь сызықтар жүргіземіз. Төменгі сол жақ бөлікте бұрандамалы біріктірудің үстіңгі көрінісі, үстіңгі сол жақ бөлікте фронталь тілігі және үстіңгі оң жақ бөлікте профиль тілігі кескінделеді.

Горизонталь және тік сызықтардың қиылысу нүктесінен  45 бұрышпен түзу кесіндісін жүргіземіз, ол бұдан ары қарай байланыс сызықтарын жүргізу үшін (2 суретті қара) пайдаланылатын болады.

Осевые_линии (Өстік_сызықтар) қабатында 2 суретте көрсетілгендей өстік сызықтарды жүргіземіз. Бұдан ары қарай оларды тиісті командаларды (үзу, кесу, «тұтқалар» (ручки) көмегімен реттеу) пайдалана отырып, өс сызықтары зат контурынан шамалы ғана шығатындай етіп реттеу қажет.

 

2 қадам. Основной (Негізгі) қабатында берілген масштабты ескере отырып үстіңгі көріністе келесі тұрғызуларды орындаймыз: диаметрі dшеңбер, радиусы D'/2=d шеңберді іштей сызылған алтыбұрыш, диаметрі D'ш шеңбер. Біріктірілетін бөлшектердің сызбасын тұрғызу үшін, алдымен біріктірілетін бөлшектер ені b тең диаметрдегі шеңбер тұрғызуға, бұдан кейін  Snap to Quadrant (Квадрант) объектілік байланыстырушысын (привязка) пайдаланып, горизонталь сызықтар (бұл жерде бір сызық тұрғызып алып, сонан соң оны шағылу өсі арқылы кескіндеуге болады) жүргізуге болады. Бұдан кейін бұл сызықтармен шеңбердің сол жақ бөлігін қию қажет (3 суретті қара).

 

3 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатында байланыс сызықтарын 4 суретте көрсетілгендей етіп жүргіземіз. Сызбада сызықтар үймелеп қалмау үшін, байланыс сызықтары көріністің тек бір жағынан  ғана жүргізілген, бұдан ары қарай кескіннің контур сызығы үшін шағылу өсі арқылы кескіндеу пайдаланылатын болады.

 

 

 

4 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатта берілген масштабты ескеріп, берілген және есептелінген өлшемдерді: бұрандама басының биіктігі h', біріктірілетін бөлшектер қалыңдығы t1 және t2 , тығырық қалыңдығы Sш, сомын биіктігі H, бұрандама ұзындығы Lпайдаланып  горизонталь сызықтарды жүргіземіз. Горизонталь сызықтарды   Snap From (Ығысу),  объектілік байланыстырушысын пайдаланып, және базалық нүкте ретінде бұрын тұрғызылған горизонталь сызықтардың біреуінің соңын қабылдап жүргізген қолайлы. Бұл тұрғызулардан кейін сызба 5 суретте көрсетілгендей түрде болады.

 

 

5 қадам. Основной (Негізгі) қабатта контур сызықтарын бастыруды 6 суретте көрсетілгендей фронталь және профиль тіліктерінің сол жағынан жүргіземіз.

 

 

 

 

 

6 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатын сөндіреміз және Основной (Негізгі) қабатта контур сызықтарын, оларды тік бұрышты контурмен белгілеп және шағылу өсі арқылы кескіндеудің өстері ретінде кескіндердің өс сызықтарын пайдаланып саламыз. Фронталь тілігінде жоғарғы бөлшектің оң жақ шекарасын және төменгі бөлшектің сол жақ шекарасын жүргіземіз, содан соң олармен біріктірілетін бөлшектердің шығыңқы сызықтарын кесеміз. Профиль тілігінде сомын  қабырғасы мен бұрандама басының қабырғасын жүргіземіз. Сызба 7 суретте көрсетілгендей  түрде болады.

 

 

 

 

7 қадам. Тонкие_линии (Жіңішке_сызықтар) қабатында фронталь мен профиль тіліктерінде бұранданы кескіндеу үшін сызықтар, үстіңгі көріністе және фронталь тілігінде – біріктірілетін бөлшектердің үзу сызықтарын жүргіземіз.

Сонан соң сызықтауды  орындаймыз, және де мұнда сызықтау бағыты қарама-қарсы жақтарға бағытталуы үшін үстіңгі бөлшек үшін көлбеулік бұрышын  деп, ал астыңғы бөлшек үшін көлбеулік бұрышын 90˚ деп пайдаланамыз. Сызба 8 суретте көрсетілгендей түрде болады.

 

 

8 қадам. Размеры (Өлшемдер) қабатында 9 суретте көрсетілгендей сызбада өлшемдер қоямыз,және де мұнда сомынның кілт өлшемі  S бұранда диаметріне (ол нақты өлшемге дәл келмейді, өйткені бұрандамамен біріктірудің қарапайымдандырылған кескінінде стандарт емес, жуықталған өлшемдер пайдаланылады) сәйкес 1 кестеден алынады. 

 

Соседние файлы в папке q2ewt