Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық теория пэні жоғарғы оқу орындарынд....doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
474.62 Кб
Скачать

1-тақырып. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРАТЫН МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАС

1. Қазақстан экономикасы түсінігі

Қазақстан экономикасы бүкіл ел, мемлекет дәрежесінде макрожүйе ретінде сипатталады. Макрожүйе - бұл қоғамдық әлементтерді немесе қатынастарды біртұтас алып қараған жағдайда, олардың заңдылық байланыстары кезіндегі әлементтер мен қатынастар жүйесі.

Макроэкономика экономиканы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары үкімет, кәсіподақ, орталық банктер, тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады.

Экономикалык ілімді макро және микроэкономика деп бөлу XX ғасырдың 30 жылдары Д.М. Кейнстің ғылыми зерттеулерінің әсерінен пайда болды.

Осы уақытқа дейін экономикалық ғылымда А.Смиттің теориялық көзқарасы басым болып келеді. А. Смиттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулері» 1776 жылы жазылғанымен XX ғасырдың 30 жылдарына дейін көптеген экономистердің негізгі көзқарасына айналған болатын. Олар А.Смиттің: экономикадағы мемлекеттің ең дұрыс саясаты - ол экономикаға араласпау дегенін толық қолдады. Олардың пайымдауынша, экономикаға мемлекет араласпаса сұраныс және ұсыныс күштері тепе-теңдікті сақтап тұруы тиіс. Одан әрі, егер жалпы сұраныс және жалпы ұсыныс тепе-тең, болып тұрса, кез келген адам жұмыс іздесе, оны табады және ол жұмысы үшін қалыпты жалақы алады, ал кез келген компания өз өнімдерін нарықтық бағада сата алатын болады деп қорытындылады.

Алайда, 30 жылдар өзімен бірге ұлы депрессияны ала келді. Классикалық мектеп экономистерінің (А.Смит бастаған) барлык сендіруіне қарамастан, АҚШ-та және басқа да индустриясы дамыған елдерде жұмыссыздық және кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы ең үлкен деңгейге жетіп, ол тарихи ақиқат болды. Міне, осы кезде (1936 ж.) Д.М.Кейнстің «Жұмысбастылықтың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабы баспадан шықты. Бұл кітап-ХХ ғасырдағы экономикалык. көзқарасты XVIII ғасырдағы «Халықтар байлығының табиғатымен себептері туралы зерттеулер» сияқты түбегейлі өзгертті.

Кейнс өз кітабында, жалпы сұраныс пен жалпы ұсыныс бір-біріне тепе-тең болып тұрғанның өзінде, кейбір жағдайларда, толық жұмысбастылық бәрібір болмайтындығын дәлелдеп көрсетті. Оның үстіне, Кейнс жұмыссыздық, егер де біреулер әдейілеп жалпы сұранысты көбейту үшін әрекеттер жасамаса, шектеусіз ұзақ мерзімде қала беретінін көрсетті.

Бұл тұста «біреулер» дегенде Кейнс мемлекетті ойда тұтты. Егер мемлекет қоғамдық жұмыстарды жүргізуді қаржыландырса, онда бұрын жұмыссыз жүргендер табыс тауып, ол сұраныстың өсуіне мүмкіндік туғызып, іс белсенділігін жандандырып, толық жұмысбастылыққа келуге болатындығын дәлелдеп берді.

30 жылдары мемлекеттің көптен орын алып келе жатқан саясатын, экономиканы тұрақтандыруға белсене араласу қажет деген көзқараспен ауыстыруы, әрине, экономикадағы төңкеріс болды. Осы уақыттан бастап «Кейнс төңкерісі» барысында айтылған идеялар, өзінен-өзі белгілі сияқты болып тұрды. Қазіргі кезде кез келген елде, кез келген уақытта құлдырау кезеңі басталып, елде, инфляция болса, онда экономистер және Кейнстің жақтаушылары алдымен осы құбылысты өзгерту үшін, үкімет тарапынан жасалатын әрекеттерді айтады.

Д.М. Кейнстің еңбегі, оның идеялары жалпы біртұтас ілім ретінде экономиканы мемлекеттік реттеу белсенділігінің қажеттілігін негіздеді және макроталдаудың дәстүрлі әдіс үлгілерін кұрастыру болып табылады.

Үлгі (модель) - бұл басты факторларды есепке алатын және екінші реттен босатылған, теориялық оңтайланған сұлба.

Үлгіде екі топ элементтері бар: анықтауды қажет ететіндері, яғни, белгісіз өлшемдер немесе «эндогендер» және берілгендер, яғни, белгілі өлшемдер немесе «экзогендер».

Үлгіні құру жүйесі үлгінің (модельдің) белгісіз және белгілі өлшемдерін байланыстыратын қызметті анықтауды білдіреді.