- •Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес құру туралы
- •Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес туралы ереже
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
- •3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
- •3. Кеңестiң функциялары
- •4. Кеңестiң өкiлеттiктерi
- •5. Кеңес қызметiн ұйымдастыру
- •Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңестiң құрамы
- •Кеңес мүшелерi:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 1 шiлдедегi N 625 Жарлығы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 32, 332-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 2 шiлде, N 198-199 (25170)
Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында толық мәтiнi және республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиiс
Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жүйесiн жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңестiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 1 шiлдедегi N 625 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жастар саясаты жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
жастарға қатысты кешендi мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және iске асыру жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау;
Қазақстан Республикасының Президентiн жастар арасындағы ахуал туралы хабардар етiп отыру;
мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру тиiмдiлiгiне талдау жасау;
мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылау болып табылады.
3. Кеңестiң функциялары
4. Осы Ережеде айқындалған негiзгi мiндеттердi iске асыру үшiн Кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мемлекет басшысына мемлекеттiк жастар саясатын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
2) жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын қарап, талқылайды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жастар мәселелерi жөнiндегi ресми құжаттарын дайындауға қатысады;
3) мемлекеттiк органдардың, жұртшылықтың, үкiметтiк емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн елдiң жастар саясаты саласын қозғайтын мәселелерiн талқылауға тартады;
4) жастармен жұмыс барысында туындаған мәселелердi шешуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға консультативтiк көмек көрсетедi;
5) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк билiк органдарымен, үкiметтiк емес ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
6) жастар саясаты мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болады.