Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Алматы Энергетика және Байланыс Институты
Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы
Электрэнергетика пәні
(Электр станциялары бөлімі)
№1 Есептеу-графикалық жұмыс
Орындаушы: БЭк-10-13 тобының
студенті Тұрсын Ш.Қ.
Оқытушы:проф. Хожин Г.Х.
Нұсқа №148
Алматы 2012
Мазмұны
Есептеу-графикалық жұмыстың мақсаты және мәселелері....................................3
Кіріспе...........................................................................................................................4
ЖЭО туралы жалпы мәлімет.Электр генераторлары..........................................5
ЕГЖ-ның берілген мәндері.......................................................................................12
Станцияның құрылымдық сұлбасы.........................................................................14
Қалыпты режимде 1-ші нұсқа үшін жүктемелердің балансын құрастыру.........16
Қалыпты режимде 2-ші нұсқа үшін жүктемелердің балансын құрастыру.........19
Қорытынды.................................................................................................................22 Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................23
1. Есептеу-графикалық жұмыстың мақсаты және мәселелері
Жұмыстың мақсаты, студенттерге қойылған тапсырмаларды өз бетімен шешім шығаруын дамыту, теориялық білімдерін баянды ету, техникалық әдебиеттерден алынған ақпараттарды тәжірибемен ұштастыра отырып электрлік станциялардың құрылымдық сұлбаларын таңдау және жүктемелердің баллансын құрастыру.
Есептеу графикалық жұмыс, бұл типтік есеп, оған кіретін мәселелер:
генераторлардың түрін, қоздыру жүйесін және салқындату жүйесін
таңдау;
станциялардың құрылымдық сұлбаларын құру;
қалыпты режимде ЖЭО-ң жүктемелердің балансын құру.
Кіріспе
Электр станциясы деп – электр энергияны өндіруге арналған кәсіпорын немесе фабрика болып табылады. Электр станцияларымен қатар электр энергияны түрлендіруде және таратуда басты рольді электр тораптары мен жүйелері атқарады.
Энергожүйенің жобасын жасаудағы есебі болып, энергияны аз мөлшерде жұмсап, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін электр станцияларында және электр тораптарында керек жабдықтарды технико-экономикалық жағынан тиімді таңдап алу болып табылады.
Есептеу графикалық жұмыста электр станцияның барлық құрылғыларын есептеп, таңдап алу мүмкін емес. Сол себепті бұл жұмыста жобаланатын станция жұмыс істейтіндей және қажетті құрылғылары тексеріле алатын электр жүйенің параметрлері ескеріледі.