Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

қалмауы үшін. Ілкі заманда үш жасқа толысымен атқа ашамай салып үйрете бастаған екен. Ал біздікі бестен асып кетті. Осыдан карантин бітсін, ағатайымның үйіне алып барамын. Ашамайлап атқа мінгіземін. Бәлкім, бәсіреге бір тай атар. Қиял көкжиегі бәсіреге жеткенде ұры ойдың қылаң бергені. Тай атаса, қысқы соғымның реті кеп қалар. Бірақ есімді жиып, әлгі ойдан тез айныдым. Баланың бәсіресіне қиянат жасағаным ұят болар («Egemen Qazaqstan», 22.04.2020. Байқал Байәділ).

1. Мәтін бойынша ашамай дегеніміз:

А. Түйеге немесе атқа баланы отырғызу үшін арналған құрал Ә. Кәдімгі ерге бала ұстап отыру үшін бекітілетін қосымша ағаш

Б. Аша тәріздес, отырған баланың бойындай ағаштан жасалған ер В. Баланы атқа отырғызып үйрету үшін жасалған қарапайым ердің түрі

Г. Атқа мінген адам баласын отырғызу үшін мойнына асып алатын арнайы ер-тоқым

2. Орыс ер-тоқымының балаға ыңғайсыз тұстары:

А. Шап-шағын, бірақ темірден жасалған Ә. Жалпақ ағаштан жасалып, қапталдары аласа ойылған Б. Темірден жасалған, ебедейсіз әрі жалпақ

В. Алдыңғы, артқы қастары қатты қайыңнан жасалғандықтан, баланың ұстауына ебедейсіз

Г. Ердің өзі ыңғайлы болғанымен, үзеңгілері өте төмен

3. Қонақ бөлмедегі бес жасар Айтуардың міне сала шауып бара жатқан аты:

А. Ағаш ат Ә. Ойыншық ат

Б. Ойнатып жүрген әкесі В. Бәсіреге алған ат Г Диван ат

4. Балаға арналған ашамайдағы үзеңгінің өлшемі:

А. Тоқымнан төмен тұрады Ә. Тепкішекпен қатар тұрады

Б. Баланың тізесінің тұсына дейін жетеді В. Үзеңгі болмайды

Г. Баланың сирағының ұзындығымен бірдей болады

Әдебиет қамқоршысы Әбубәкір

Башқұрттың белгілі этнограф ғалымы Әбубәкір Диваевтың қазақ жұрты үшін қылған еңбегі – ұшан-теңіз. Әбубәкір 1876 жы-

121

лы Орынбордағы Неплюев кадет корпусын бітіргеннен кейін қызмет жолын Ташкенттегі су-халық басқармасында тілмаш болып бастады. Ұзамай Сырдария әскери губернаторының тілмашы қызметіне ауысты. Осы кезден, яғни 1883 жылдан бастап ол түркітілдес халықтардың (қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, т.б.) ты- ныс-тіршілігімен тереңірек танысып, олардың салт-санасы, тұр- мыс-тіршілігі, дәстүр-жоралғысына қатысты тың деректер жинады. Соның ішінде қазақ фольклоры мен этнографиясын бөлек қарастырды. Диваев ел арасынан қазақтың ай, күн, жұлдыздар, басқа да нәрселерге қатысты ырым-сенімдері, ай атаулары, жерлеу рәсімдері, бақсылық, марқұмға дұға бағыштау, неке қию рәсімдері, түс жору, албасты, жын секілді кейіпкерлердің шығу төркіні, оларға қатысты халық арасындағы аңыздар, қазақтың бесік жыры, мақал-мәтелдері, батырлар және ғашықтық жырлары, ұлттық өнері, ойындары, нақыл сөздері, мал шаруашылығы туралы айтылған құнды дүниелер тапты.

Мағжан Жұмабаев 1923 жылы Әбубәкір жайлы жазған мақаласында: «Елдің елдігін сақтайтын – әдебиеті, тарихы, жолжорасы. Қазақ-қырғыз елінің ел болуын тілеген Әбубәкірдің әдебиет, жол-жора жинау жолына кіруінің мәнісі – осы. Ол күндерде қазақ-қырғыз тілінде газет-журнал жоқ болғандықтан, Әбубәкір жинаған әдебиет орыс тіліне аударылып, орыстың газет-журнал- дарында жарияланып отырған», – деп жазады. Рас, Әбубәкір бүкіл жиған-терген деректері негізінде ғылыми-зерттеу мақалаларын жазып, сол кездегі «Туркестанские ведомости», «Этнографическое обозрение» басылымдарында жариялады.

1921 жылы Қазақ ғылыми конференциясы, 1922 жылы Жетісу этнографиялық экспедициясы құрамында болды. Осы экспедициялар нәтижесінде қазақ фольклорына қатысты құнды қазыналарды тапты. Атап айтқанда, қазақтың «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Шора батыр», «Бекет батыр», «Айман – Шолпан» жырларының ел арасындағы түрлі нұсқасын жинақтады. Сондай-ақ Алдар көсе мен Жиренше шешенге қатысты аңыз-әңгімелер және ел арасында сирек кездесетін қазақ ертегілері, шешендік сөздер, жұмбақтар, қиссалар жинады.

Диваев ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтап қойған жоқ. Ол жойылу қаупі төніп тұрған қазақ ескерткіштеріне де қорған болды. Атап айтсақ, Қорқыт ата бейітін су үңгіп, жойылып кеткелі

122

тұрғанда жергілікті билікті құлағдар етіп, адамзат мәдениеті тарихындағы озық ескерткішті сақтап қалуға жәрдем жасады. Оның «Несколько слов о могиле святого Коркут-ата» мақаласы 1894 жылы Орыс археологиялық қоғамы Шығыс бөлімінің жазбаларында жарияланғаннан кейін Қорқыт бабамыздың бейіті мемлекеттік қорғауға алынды. Мұстафа Шоқай 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған мақаласында: «Біздің қазақ халқын шын көңілмен жақсы көріп, қолынан келген қадірінше қалам өнерімен қызмет қылғандардың алдыңғы қатарында Әбубәкір Диваевтың аты айтылса керек. Әбубәкір көп жылдар Түркістан ге- нерал-губернаторына тілмаш болып тұрды. Қызмет үстінде қазақтармен таныс болып, тілі бай, сөзге шебер екенін байқап, бұлардың құр арыздарын тәржіма ете бергенді былай қоя тұрып, ертегі, мақал, неше түрлі өлеңдерін жинаумен болды. Әдейі бұл жұмыс үшін олай-бұлай шығып жүре алмаса да, өзіне таныс адамдары арқылы халық арасында айтылып жүрген белгілі сөздерді жаздырып алып, орыс тіліне тәржіме етумен болды», – деп жазды. Өкінішке қарай, Әбубәкір ақсақал өмірінің соңғы жылдары күтімсіз қалып, тақыр кедей күй кешкен көрінеді. Мұны естіген қазақтың қайраткер ұлдары оны қадірменді қарт деп бағалап, қаржылай көмек көрсетті. 1923 жылдың 21 наурызында Түркістан Республикасы Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың қаулысымен Ә. Диваевтың ғылыми қызметінің 40 жылдығына байланысты оған ай сайын берілетін 75 рубль көлеміндегі зейнетақы тағайындалып, Ташкенттегі 36 жыл тұрған үйі жеке иелігіне берілді. Салық, басқа да төлем қызметтері тоқтатылды. Бүкіл шығармалары кітап қылып бастырылды.

Этнограф 1933 жылдың ақпанында 96 жасына қараған шағында дүниеден өтті.

1. Ә. Диваевтың зерттеу нысанынан тыс қалған ауыз әдебиеті саласы бар қатар:

А. Мақал, жұмбақ, батырлар жыры Ә. жерлеу, Құран бағыштау, неке қию рәсімдері

Б. Бақсылық өнер, аңыздар мен шешендік өнер В. Сирек кездесетін ертегілер, тұрмыс-салт жырлары, бәдік айтысы, жол-

жоралғылар Г. Бесік жыры, ғашықтар жыры, түс жору, эпостық жырлар

123

2.Мәтін бойынша елдің елдігін сақтайтын дүние:

А. Елдің тарихы, әдебиеті мен жол-жорасы Ә. Халықтың ауыз әдебиеті, тарихы, өнері Б. Елдің тарихы, әдебиеті, тұрмыс-тіршілігі

В. Халықтың тарихы, тыныс-тіршілігі, салт-санасы Г. Елдің ерлігі туралы, әдет-ғұрпы туралы әдебиет

3.Мәтін бойынша Әбубәкірдің қазақ фольклорын танымал ету жетіс-

тігі:

А. Сирек кездесетін ертегі мен аңыз әңгімелерді жинауы Ә. Қазақ халқының ұмытыла бастаған фольклорын жинақтап, тәржіма-

лауы

Б. Қазақ фольклорын орыс тіліне аударып, жариялауы В. Ел аузынан фольклорлық шығармаларды жазып алып, елге таратуы

Г. Түркістан губернаторы арқылы фольклорлық шығармаларды жинақ қылып бастыруы

4.Ә. Диваевтың мақаласынан кейін құлағалы тұрған Қорқыт ата бейіті қандай өзгеріске түсті?

А. Күмбезі жаңартылып, бой көтерді Ә. Зақымданған жерлері жөнделіп, жергілікті биліктің қарауына өткізілді

Б. Жергілікті билік қамқорлығына алып, қалпына келтірді В. Мемлекеттің қамқорлығына алынды Г. Ел-жұрттың бастамасымен кесенесі қайта тұрғызылды

5.Мәтін бойынша Әбубәкірдің қазақ фольклорына жасаған еңбегіне баға берген қазақ зиялылары:

А. Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев Ә. Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев

Б. Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай В. Қазақтың оқыған зиялы қауымы Г. Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов

6.Мәтіннен алынған стильдік кемшілігі бар сөйлем:

А. Ол жойылу қаупі төніп тұрған қазақ ескерткіштеріне де қорған болды Ә. Салық, басқа да төлем қызметтері дереу тоқтатылды Б. Өкінішке қарай, Әбубәкір ақсақал өмірінің соңғы жылдары күтімсіз

қалып, тақыр кедей күй кешкен көрінеді В. Біздің қазақ халқын шын көңілмен жақсы көріп, қолынан келген қаді-

рінше қалам өнерімен қызмет қылғандардың алдыңғы қатарында Әбубәкір Диваевтың аты айтылса керек

Г. Соның ішінде қазақ фольклоры мен этнографиясын бөлек қарастырды

124

Кидім камзол

1918 жылы Ақмолада Совдеп құлады. Сәкен бір топ серіктерімен тұтқынға алынды. Түрмеде ол жан төзгісіз азап шегеді. Сондай күйзелісті күндерде артынан жүздесуге әкесі Сейфолла мен туған інісі Мәжит келеді. Әкесі мен інісі Сәкеннің әбден ісіпкеуіп, жарақаттанған аянышты кейпін көріп, сөз айта алмай, ебілдебіл жылай береді. Сонда Сәкен көзіне жас алмай тұнжырап, аяқ-қолы кісендеулі болса да, өзін еркін ұстап: «Әке, ел жағдайын айтыңыз...Үй ішінің ахуалы қалай? Жамалекең (Сәкеннің анасының есімі – Жамал, Сәкен осылай атап кеткен) ән салып жүр ме? Жамалекең айтатын «Кидім камзол» есімнен шықпай қойды», – дейді.

Алматыда Сәкеннің үлкен әулетінің жұрнағы – Мәжит ақсақалдың үйі бар... Келісті жиындарда Жаңаарқа топырағының ежелгі «Кидім камзол» әнін Мәжит ақсақалдың бәйбішесі Әмина апа айтар еді сызылтып.

Бұл ән – Сәкенге ана сүтімен дарыған ән. Анасы Жамал – Жаңаарқадағы Тышамбай деген айтулы кісінің қызы. Өзі ұзын бойлы, қара торы, құралай көз сұлу адам болған. Сәкеннің реңі, келбеті анасына тартқан. Ал әкесі Сейфолла аңшы, балуан, жігіт дүрі болып ән шырқап, домбыра тартып жүріп алған Жамалды. Сәкен анасының әдемі сырлы әуезін ештеңеге теңгермеген. Ол дәйім: «Мені ақын еткен Жамалекең ғой», дейді екен. Сәкен анасынан Сапалайдың «Сәулем – айын», Біржан салдың «Ләйлім», «Ақ баян», «Гүлдерайым» әндерін, қиссалардан «Көрұғлы», «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебекті» тыңдап-тыңдап, бір кезде: «Ал енді «Кидім камзол»... деп осы әнге еш құмары қанбай қойған. Әмина апа осы сырды былайша тірілтеді: «Ел енемізді «Әнші Жамал» деп атады. Әнші десе, әнші еді жарықтық. 1934 жылдың қысында қайтыс болды. Өз қолымызбен жөнелттік. Немерелерін екі қолтығына балапанша шүпірлетіп, шапанының етегімен қымтай отырып:

Кидім камзол қарадан қиылмаған, Жылқым жатыр жапанда жиылмаған. Қыздан сорлы жан бар ма, тәңірі-ай деген, Өз елінен топырақ бұйырмаған-ай!

125

Ақ түйенің өркеші олақ екен, Аз ғана күн қыз байғұс қонақ екен – ай!

Оң жағында ағаның той тойладым, Көрген қызық жалғаннан сол-ақ екен – ай! –

деп балбырататын еді.

Негізінен, Сәкен аға әнші, күйшілерге де тәкаппар көзбен қарады. Сол сыншы қасиетіне «төзген» сыралғы өнерпаздары да көп еді. Солардың ішінде Қосымжан әнші мен Әбікен күйшіні «менің филармониям» дейтін-ді. Ал жаны сүйген бағзы бір жандарға телефонмен «Кидім камзол» әнін айтып отырғанын талай көрдім. Кейде жай ғана өзді-өзіміз болып, отбасында шүйіркелесіп отырғанда Сәкен аға: «Қане, Жамалеке, «Кидім камзолыңызды...»», – деп басын анасының тізесіне сүйеп, жүзі қоңырқай тартып, терең ойға беріліп, шынтақтап қана үнсіз жатар еді. Осы жолдардың авторы – мен Мәжит ақсақал мен Әмина әженің өз аузынан «Кидім камзол» әнін үйреніп алып, оны сол кездегі жас әнші Майра Ілиясоваға үйреттім. Кейін Мәжит ақсақал дүние салды. 1990 жылы көкек айында «Сәкен және музыка» деген екі бөлімді телевизиялық хабар (авторы – І. Жақанов) түсірілді. Хабарға Сәкеннің өз әулеті, кезінде Сәкенді көрген, білген жақын ағайындары, ел кісілері қатысты. Әңгіме барысында Сәкен сүйген әндердің бірі ретінде Әмина апа «Кидім камзолды» жайлап өзі бастады да, одан оны Майра Ілиясова тұтас айтып шықты.

Адам өмірінің бір алаңсыз қызық күндерін еске салып, «Уа, дариға, өттің дәурен!..» дегізетін тәтті мұңға тұнған «Кидім камзол» әні әйел затының тылсым құбылысты тебіренісіне таңғалдырады. Ән тек әйел үнімен ғана сезімге тиеді, әйел үнімен ғана көрікті («Егемен Қазақстан» газеті, 07.04.2020. Ілия Жақанов, композитор, өнер зерттеушісі).

1. Мәтін бойынша келісті жиындарда «Кидім камзол» әнін сызылтып орындаушы:

А. Майра Ілиясова Ә. Сәкеннің анасы Б. Сәкеннің келіні В. Қосымжан әнші

Г. Жаңаарқа топырағынан шыққан әншілер

126

2.«Кидім камзол» Сәкен үшін қандай ән еді?

А. Халық әні Ә. Ана сүтінен дарыған ән

Б. Сағынышқа толы ән В. Мұңды, сазды ән

Г. Анасы жақсы көрген ән

3.«Кидім камзол» әнін Сәкен кімдерге айтып отырушы еді?

А. Жанында отырған адамдарға

Ә. Анасы мен әкесіне Б. Анасының тізесіне басын қойып, отбасындағыларға

В. Жаны сүйген жандарға Г. Достары Әбікен мен Қосымжанға

4.Мәтін бойынша «Кидім камзол» әнінің басты идеясы:

А. Қыз баланың бас бостандығы Ә. Қыз баланың елге деген сағынышы

Б. Сүйгеніне қосыла алмаған мұңлық В. Ұзатылған қыздың қимас сыңсуы Г. Қыз – жат жұрттық

5.Сәкеннің інісі Мәжит пен келіні Әминадан «Кидім камзол» әнін үйреніп алушы:

А. әнші Майра Ілиясова Ә. Сәкеннің досы, әнші Қосымжан

Б. Сәкеннің «менің филармониям» дейтін күйші досы Әбікен В. композитор Ілия Жақанов Г. Жаңаарқа топырағындағы жерлестері

6.Мәтіндегі немерелерін қымтай отырып, «Көрген қызық жалғаннан сол-ақ екен-ай», – деп балбыратушы:

А. Сәкеннің анасы Ә. Әмина апа

Б. әнші Майра Ілиясова В. Сәкен аға

Г. Өнер зерттеушісі, мәтін жолдарының авторы І. Жақанов

7.«Кидім камзол» әнінен алынған «Аз ғана күн қыз байғұс қонақ екенай» сөйлеміндегі шылау түрлері:

А. Септеулік пен демеулік

Ә. Екі демеулік Б. Екі септеулік

В. Демеулік пен жалғаулық Г. Жалғаулық пен септеулік

127

8. Әнді сезімге тигізіп, көрікті қылатын құдірет:

А. Жанды тербейтін әуені Ә. Сезімнің қылын шертетін ырғағы Б. Әйел үні

В. Әйел тағдырын баяндайтын сөзі Г. Сазгердің құдіретті таланты

128

ОН БЕСІНШІ НҰСҚА

Ақшатау

...Аралдың оңтүстік батысында Ақшатау деген ауыл бар. Кезінде бұл ауыл ірі колхоздың орталығы еді. Бұл колхозда алты жүздей үй болған. Колхоздың негізгі тіршілігі – балықшылық пен мал шаруашылығы. Ақшатау көп жердің көлемін алып жатқан, суының тереңдігі алпыс алты құлаштан кем түспейтін айдынды шалқар көл болды. Табиғаттың өзі кескіндеп пішкендей, биік жотаны көлдің біраз жеріне дейін ендіре енгізіп салдырғаны ғажайып іс. Шамамен XIV-XV ғасырларда жер бөліске түскен кезде Әлім атаның үлкені болып есептелетін Жақайым атаның киіз үйін осы жотаның ұшар басына тігіп берген. Сазаны тайдай тулаған, жылқылары көл жағалауын жайлаған жерді аманаттайды. Осы жотадан сәл ілгері табиғаттың өзі қолмен қойғандай кіші Ақшатау деп аталып кеткен құс базары бар. Бұған көктем және жаз айларында түрлі құстар ұшып келіп, қоныстап, балапандарын көкке ұшырып жатады. Осындай берекелі құтты мекенді отыздан астам тұрғын қазірге дейін иеленіп келеді. Биік жотаның шығыс бетінде Жақайым атаның бел баласы болған, ізіне мың баланы ертіп жоңғарға қарсы күреске шыққан Сартай бабаның қонысы тұр. Мұны «Сартай төбесі» деп атайды. Бұл төбені біреу білсе, біреу біле бермейді («Ана тілі» газеті, 04.12.2019).

1. Мәтіндегі Ақшатау атауы берілген орындар:

А. Көлдің, өзеннің, жердің атаулары Ә. Көлдің, ауылдың, құс базарының атаулары Б. Төбенің, жердің, судың атаулары

В. Құс ұя салатын аралдың, жотаның ұшар басының, көлдің атаулары Г. Сартай бабаның қонысы, балығы тулаған терең теңіз бен құс базарла-

рының атаулары

2. Мәтіндегі Жақайым атаның бел баласы Сартай батыр бейнеленетін қазақстандық көркем фильмнің атауы:

А. «Мың баланың ерлігі» Ә. «Жау жүрек мың батыр»

Б. «Мың бала мен Сартай батыр»

129

В. «Жау жүрек мың бала» Г. «Жауын жеңген мың бала»

Құмырсқалар құдіреті

Ғалымдар құмырсқалардың ұйымдасып жұмыс істеу құпиясын әлі күнге дейін аша келмей келеді. Олардың жүйке талшықтары өте жіңішке, тым нәзік. Құмырысқалар қауымы жалпыға бірдей қатаң тәртіпке түгелдей бағынышты. Қауымдағы әрбір мүшенің өзіне тиесілі міндеттері бар. Жауапты міндеттермен ұйымдасқан жәндіктер жұмыс барысында еңбек етуден еш жалықпайды. Алдарына мақсат қойып, жоспармен жұмыс істейді. Құмырысқалар шашылып қалған дәнді дақылдарды жинап, ұясындағы құрғақ қоймаға әкеліп сақтайды. Қоймадағы қызметшілер сырттан әкелген түрлі дәнектерді сұрыптап, тазалайды. Жиналған астықты жеместен бұрын қауызын аршып, тазартып, ұн қылып ұнтақтайды. Біздіңше айтқанда, диірменге тартады. Дастарханға жауапты құмырсқалар ұнтақты сілекейімен сулап, қамыр илеп, быламық жасап, құндақта жатқан «бөпелердің» аузына апарып салады. Дәндерді ұзақ мерзімге сақтау үшін жанкешті еңбек етеді. Нөсер жауыннан соң «ас-ауқаттары» дымқыл тартып қалса, дереу далаға шығарып, кептіріп, ішке қайта тасиды... Құмырсқалар өздерінен екі-үш есе үлкен жәндіктерді түрлі айлатәсілмен оп-оңай қолға түсіреді. Үлкен өсімдіктердің жапырақ талшықтарын қиып алып, одан кішкене үйшік жасайды. Үйшіктің ішіне көптеген жауынгерлер жасырынады. Бірнешеуі бастарын ғана қылтитып, жемтігін шақырады. Әлгі жердегі өсімдік шырынына жиналған ара, қоңыз, шегіртке тәрізділер үйшікті өсімдік жапырағы не сабағы деп ойлайды. Олжасын күтіп отырған құмырсқалар ұйымдасқан түрде қорегіне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ірі жәндіктер жаппай жабылған жауынгер құмырсқалардың тістелеп салған уына шыдас бермей, «гүрс» етіп құлайды. Көзді ашып-жұмғанша жауынгерлер жемтіктерін бөлшектеп, тасып әкетеді. Құмырсқалардың ақыл-ой, айла-тәсілдері- нің құпиясы әлі күнге дейін ашылған емес («Ана тілі» газеті,

10.10. 2014).

130

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]