Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

делегацияның құрамында... Парижге топ етіп түскенім бар...

Тамашалап жүрміз. Кенет көлденеңнен ...бір кісінің өзіме әуестене, өзгеше ықылас-пейілмен қарағанын аңдадым. Жалт бұрылсам, қазақ екен. Ат жақты, кең маңдай, қиғаш мұртты, аққұба кісі. Менің өзімнен аумайды. Тек жасырақ және ашаң. Киім үлгісі советке ұқсамайды, шет елдік қазақ тәрізді. Мен де көп орыс, аз ғана грузин-армян арасындағы жалғыз қазақ, қандай тұрғыда, қалай амандасқанымыз есімде жоқ, келер сәтте-ақ бейтаныс туысымның қазақ емесі мағлұм болды. «Моңғол боласыз ба?» – деп сұрады менен. Ағылшын білмесем де, «моңғолы» түсінікті ғой, «қазақ, Қазақстан», – дедім. Өзі? Араб болып шықты. Мысырлық. Мені жанына соншама жақын тартып, шыр айналып, маңымнан кете алмай қойды. Ақыры қимай айрылыстық. Әрқайсысымыз өз тарабымыздан игі, жанашыр тілекпен. Иә, әуезді Құран тілімен қоштасты. Келер мезетте ғана бейтаныс туысымның ата-тегі турасында нақтылап ойланыппын. Мысырлық мұсылман екені күмәнсіз, жайсаң азамат екені тағы анық. Бірақ араб емес. Түрік. Түрік болғанда, анадолы, оғыз әулетінен емес, қыпшақ нәсілінен. Мәмлүк! Баяғы Бейбарыс мәмлүктерінің тұқымы! О, Тәңірім! Арада сегіз ғасыр өтті. Қаншама аударыс, төңкеріс. Тілі, ғұрпы, тіпті түріне дейін өзгерді. Алайда қаншама буын өтсе де, баз-базында әлдебір таңбалы пенде ежелгі ата-жұртынан аумай туатын нәсіл заңы бар ғой. Өзіне тартып жаралған. Тарихты біледі, білмейді, әкесінен, әжесінен әлдебір аңыз, ертегі сорабын естіді, естімеді, әйтеуір, өзінің түр-тұлғасы мысырлық ежелгі қауым кейпінен де, бүгінгі жаппай араб тұрпатынан да өзгешерек екенін көріп өсті. Енді, міне ол үшін де қиян алыс Парижде дәл өзінен аумаған нәсілдес, тектес, ұқсас адамды көріп тұр. Кім? Нендей халық өкілі, қайдан келген? Ғайыптан шыққан туыс екені анық. Көре тұра ақиқатын танымақ. Жоқ, мысырлық қыпшақ әулетін үйіре тартқан менің сыртқы түрім ғана емес. Ішкі үйлесім. Жүректегі жақындық, қан-тамыр, жұлын-жүйкедегі ортақ жіптіктер. Бірге туған бірлік. Айнымас туыстық. Мысырлық мәмлүк және мен – жұрты жырақ, тіршілік-тынысы бөлек, ғаламның екі қиырында жасап жатқан осы екеуіміз – ет пен сүйек, қан мен жан

– бар болмысымыз бір шаңырақ астынан шыққан етене туыс едік. Бәлкім, отызыншы, отыз бесінші атадан табысатын бауыр. Иә, иә, өзімнің бір шығармамда атап жазғанымдай, бұдан сегіз, он

161

ғасыр бұрынғы Ұлы Дала шегінде жасаған киіз туырлықты кез келген көшпенді – бүгінгі кез келген қазақтың бабасы деп. Бейнелі емес, тура мағынасындағы сөз. ...Мысырлық мәмлүк менің шын туысым еді. Бірақ тағдыры бөлек, жат туыс. Бірімізді-біріміз көрген бетте үйіріліп түсіппіз (М. Мағауин).

1.Мәтін бойынша автордың өз келбетімен мақтану әдісі:

А. Бойшаңдығын сездіреді Ә. Аққұбалығын білдіреді Б. Мұрт қойғанын баяндайды В. Бейтанысқа ұқсатады

Г. Жастық шағын еске алады

2.Мәтін бойынша бейтаныс азаматтың шығу тегі:

А. Түрік, оғыз Ә. Түрік, анадолы Б. Қыпшақ В. Мысырлық Г. Араб

3.Екі бейтанысты бір-біріне жақын тартқызған:

А. Сырт киім үлгісі Ә. Кескін-келбеттері

Б. Бір мақсаттағы қызметтері В. Моңғолға ұқсастықтары Г. Ішкі үйлесімділіктері

4.Мәтін бойынша бүгінгі қазақтың бабасы:

А. Ұлы даладағы киіз туырлықты көшпенді Ә. Мысырлық мәмлүктер Б. Өздерін қыпшақ санайтындар

В. Қаны мен жанын бір санаған көшпенділер Г. Ат үстінде күн кешкен батыр жауынгерлер

5. Мәтіннің идеясы:

А. Сәлемнің тілсіз түсіністігі Ә. Бейтаныс жанның шет жерде амандасуы Б. Діндерінің ортақтығы В. Құран тілінде сөйлесу Г. Түбі бір туыстық

6. Мысырлық мәмлүктің жақындық белгісінің сипаты:

А. Қаны мен жаны ажырамас Ә. Жаны мен тәні бір

162

Б. Атасы бір айнымас туыс В. Жат туыс Г. Бауырмал, ақкөңіл туыс

7.«Мысырлық мұсылман екені күмәнсіз, жайсаң азамат екені тағы анық. Бірақ араб емес» сөйлемдеріндегі шылаулар:

А. Жайсаң, тағы Ә. Бірақ, екені Б. Емес В. Бірақ

Г. Емес, бірақ

8.Мәтіндегі бейтаныс екі азаматты бір-біріне тартқан себептерге қатысы жоқ белгі:

А. Түбі бір түркі Ә. Қан мен жанның үйлесімі Б. Қан мен тамыр В. Сырт киім үлгісі

Г. Бірінің қазақ, бірінің араб болуы

163

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ НҰСҚА

Сәкен шай ішкен кесе

Жаңаарқа ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы тарихиөлкетану музейінде халқымыздың аяулы ұлдарының бірі Сәкенге қатысты сирек кездесетін және аса құнды жәдігерлер көздің қарашығындай сақталған. Сондай жәдігерлердің бірі – ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері дастарханының сәні болған екі кәрлен кесе мен аққұман. Жобамен алғанда, ХІХ ғасырдың соңында Қытай фарфорынан жасалған бұл қымбат бұйымдарды ақынның інісі Мәжиттің қызы Рымжан апамыз сыйға тартыпты. Бұл – 1994 жылы Жаңаарқа ауданында Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына арналған үлкен іс-шара аясында болған оқиға екен. Сол тойға апамыз анасы Әминамен бірге қонақ ретінде шақырылған. Жәдігерді мұражайға тапсырарда Рымжан Мәжитқызы бұл ыдысты сұлулыққа жаны құштар Сәкен ақынның күнделікті тұрмыста жиі қолданғанын айтыпты. Сыры кетсе де, сыны кетпеген қос кесе мен аққұманды ақынның жары Гүлбаһрам қайнысы Мәжитке аманаттап тапсырып кеткен екен («Егемен Қазақстан» газеті, 20.04.2020).

1.Қазақтың белгілі ақыны Сәкен Сейфуллиннің туған жылы:

А. 1894 ж. Ә. 1884 ж. Б. 1904 ж. В. 1914 ж. Г. 1994 ж.

2.Мәтін бойынша қытай фарфорынан жасалған кесе мен аққұманды Сәкеннің інісі Мәжитке аманаттаған тұлға:

А. Сәкеннің өзі Ә. Мәжиттің қызы Рымжан

Б. Сәкеннің жары Гүлбаһрам В. Сәкеннің анасы Жамал

Г. Жаңаарқа ауданының тұрғындары

164

Ұлағатты ұстаз ұстанымы

Әлемде адамзат баласы жаралғалы бері халық қадір тұтқан мамандықтар саусақпен санарлық. Солардың бірі және бірегейі – шәкірт бойына білім нәрін дарытатын, өнегелі тәрбие тағлымын беретін мұғалімдік мамандық. Тілдің этимологиясына – алтын тамырына көз салған адам «ұстаз» сөзінің «ұста» сөзімен тамырластығын бірден байқайтыны сөзсіз. Бірі жай жатқан қара темірді отқа салып балқытып, июін қандырып, аса қажетті зат жасап шығарса, екіншісі жас баланың жан дүниесіне білім кәусары мен тәрбие нұрын құя отырып, оны саналы да салиқалы жарқын әлемге жетелейді. Міне, сол себепті әрбір келген жас ұрпақ Мұқағалиша айтқанда, «Тарыдай боп кіретін, таудай боп шығатын» «мектеп» дейтін шеберханадан «ұстаз» атты қасиетті ұстаның ықпалымен азамат қатарына қосылады. Дәрігерлік ілімнің атасы Әбу Әли Ибн Сина бір байбатшамен келе жатып, алдынан өте берген жас жігітке басын иіп, бүгіліп сәлем бергенде: – Бұл кім өзі? – депті қасындағы байбатша таңырқап. Сонда Ибн Синаның жүзіне нұр толып, жан дүниесіне ерекше шуақ шашылғандай күй кешіп: «Бұл менің ұстазымның баласы ғой», – деп жауап берген екен. Тағы бір мысал, Ұлы қолбасшы Ескендір Зұлхарнайыннан бір замандасы әкесі Филипп патшаға қарағанда ұстазы Аристотельді көбірек құрмет тұтатынының себебін сұрапты. Сонда Зұлхарнайын «Рас айтасыз, әкем менің тәнімді тәрбиелеп, көктен жерге түсірді, ал ұстазым Аристотель болса, жанымды тәрбиелеп, мені көкке көтерді» деген екен. Осыдан-ақ ежелден бүгінге дейін аға ұрпақ өнегесі бойынша ұстазға деген құрмет атадан балаға мирас ретінде жалғасып келе жатқанын көреміз. Ыбырай Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», – деп бекер айтпаса керек («Ұлағат» журналы, №1, 2012).

1. Мәтін бойынша ұста мен ұстаз сөздерінің сабақтас болуының мәні:

А. Бірі темір балқытады, бірі адам жанын балқытады Ә. Екеуі де талмай еңбектеніп, ғажайып нәтижеге қол жеткізеді Б. Екеуі де ұстамды мінез танытып, білімді бағалайды В. Ұста темірден өрнек жасап, ұстаз өмірді безендіреді Г. Екеуіне ортақ бір шеберхана болады

165

2.Мәтін бойынша ежелден бері атадан балаға дейін жалғасын тауып келе жатқан қасиетті құбылыс:

А. Бала тәрбиесі Ә. Ұстаз болу арманы

Б. Білімге деген құштарлық В. Ұстазға деген құрмет Г. Ұстаға деген құрмет

3.Мәтіннің тақырыбына лайықты нақыл сөздердің дұрысы:

А. Ұстазсыз шәкірт – тұл Ә. Ұстазы жақсы – ұлттың жанашыры

Б. Ұстазы жақсының ісі – ұлағатты В. Жақсы ұстаздың шәкірті бол

Г. Ұстазы жақсының ұстанымы – жақсы

Нар сүтінен нәр алған құмаршық

Қарашаның басында Атырау қаласында «Құмаршық дәні» атты композициялық ескерткіш ашылған еді. Композицияға қарасаңыз кітап оқығандай боласыз. Алапат аштық болған уақыт, шағылда өскен құмаршық арқылы ұрпағын сақтаған ана бейнеленген екен...

Құмы ысқырына бораған аңызақ далаға көктің жайқала өсіп кетпейтіні аян. Алайда аптап ыстық пен құм суырған дауылдың да таңғажайып сұлулығы болады. Көктем туа дүр көтерілген шөптесін жаздың аптап ыстығына шыдас бермей, тез көктеп, жылдам сола бастаған сәтте Нарынның құмына көрік берер аздаған шөптің бірі де, бірегейі – құмаршық. Ескіден жеткен аңызда ботасынан айрылған нардан саулап аққан сүтті құмдауыт жер сіңіріп алып, одан осы шөп өсіп шығыпты. Құмаршық қар мен жаңбыр суынан нәр алып, құмды, шағыл жерлерде, Нарын құмында өседі. Биіктігі 30-50 см, таспа тәрізді жапырағы бар, жемісі 3,5 – 5,5 мм. Түксіз, үлпілдек, құрамында қанты болады екен. Тұқымының ұзындығы 1,3 – 2 мм, түсі – алқызыл. Дәндері аса ірі емес, дөңгеленген, ұсақ, жып-жылтыр, майлы. Сабағы түп жағынан бастап тамырланып өсетін өсімдіктің тікенектері қаттылығы жағынан ошағанға ұқсайды. Құмаршықтың қазақ үшін қадірлі болатын себебі – алапат аштықта елдің өзегі талып, дәрмені таусылған шақта қалың жұртты дәл осы дәннің құтқарып қалуы. Атыраудың салқар даласын жайлаған осы күнгі бір қауым ел

166

амандығы үшін әуелі Аллаға, содан соң осы бір өсімдікке қарыздар. Нарын бойындағы ауылда 1932 жылы дүниеге келіп, құмаршық орып, оны тағам ету процесін түгелдей қол еңбегімен жасап көрген 87 жастағы анамның әңгімесі: – «Құмаршықты нар сүтінен пайда болды» деген негізсіз емес. Тас диірменмен құмаршықты тартқанда аппақ ұн болып шығатын. Түсінің аппақ болуын сүтпен байланыстырамыз. Құмаршық – тікенегі мол шөп. Тамыз айының ортасында пісе бастайды. Бірақ қыркүйек-қазан айларында, әбден піскенде шалғы орақпен шауып, баспа етеміз. 10-15 күннен соң құмаршықты кепсін деп арасын ашып, бір-бірі- не сүйеп қоямыз. Құмаршықты «көк баспа», «шық баспа» деп атайтын едік. Алғаш піскен уақытында көк баспа деп аталса, шық түскенде орылғанын шық баспа дейді. Күніне 100 баспадай құмаршық орамыз. Сол жүз баспадан 50 пұт құмаршық дәнін аламыз. Қазіргі мөлшермен 50 келілік 20 қап шамасында дән шығушы еді. Бұл бір қыстық азығымызға молынан жетеді. Құмаршықтың дәнін диірменге тартып, талқан жасайды. Ұнын қамыр етіп илейміз, сүт көже жасаймыз, пешке салып нан пісіреміз. Ол наннан таңертең бір үзім жеген адамның кешке дейін қарны ашпайды... Нарын бойында құмаршықтан басқа қияқ, жыңғыл, қарабарақ деген өсімдік түрлері өсіпті. Құмаршықпен бірге, қияқтың басында қылтиып шығатын сұлыға ұқсас дән де ашаршылық жылдары азық болыпты. Енді осы құмаршық, қияқ, жыңғылдар шағылды құм Нарында қалай пайда болды деген сауалға келер болсақ, бұл өсімдіктердің барлығы 1865 жылдардан бастап әдейі еспе құмды тоқтату үшін және құмды жайылымдық жер ету мақсатында егілген болып шықты... Әлі күнге дейін құмдағы ауылдың адамдары құмаршықтың талқанын түйіп, көжесін дайындап, нанын жеп отыр. Қазақтың басынан өткерген қилы заманның, ау- малы-төкпелі уақыттың азабына да, өмір үшін арпалысқан жандардың сан тарау сезімдеріне де куә құмаршықтың жыры ескерткішпен тоқтап қалмайтыны анық («Ана тілі» газеті,

14.11.2019).

1. Мәтін бойынша құмаршықтың нар сүтімен байланыстылығына сенімділік айғағы:

А. Құмдауыт жерде өсуі Ә. Диірменге тартылған ұнының аппақ болуы

167

Б. Тікенекті жапырақтарынан сүт тәрізді сөл бөлінуі В. кепкен құмаршықты суға қайнатса сүт тәрізді түске өзгеруі Г. құмаршық жеген түйенің сүтті мол беруі

2. Атырау жұртының құмаршық өсімдігіне қарыздар болу себебі:

А. Соғыс жылдарында азық ретінде пайдаланды Ә. Жайылымды, шалғынды жерлерді құм басудан сақтады Б. Ашаршылық жылдары елді аман алып қалды В. Елдің әлеуметтік дамуына ықпал етті Г. Халықтың жергілікті жеңсік асына айналды

3. Нарын құмына басқа өсімдіктермен бірге құмаршықты арнайы отырғызу мақсаты:

А. Құмаршықтың құмды, желді жерлерге бейімділігін тәжірибеден өткізу Ә. Жайылымдық жерлерді ұлғайтып, мал азығын даярлау Б. Құм көшкінін тоқтатып, Нарын құмын ылғалдандыру

В. Нарын құмына дәнді-дақылды өсімдіктер отырғызып, тұрғындарға пайдалы іс жасау

Г. Құм көшкінін тоқтатып, Нарын алқабын жайылымды жерге түрлендіру

4. Мәтіннен алынған мағыналық үйлесімі бар тіркес:

А. Талқанын илеп Ә. Нанын түйіп

Б. Сүт көжесін ашытып В. Қылтиып шығатын Г. Сан тарау куә

5. Мәтіндегі «көк баспа» құмаршықтың «шық баспа» құмаршықтан ерекшелігі:

А. Жасыл кезінде орылып, кептірілгені Ә. Таңғы шық кепкеннен кейін орылып, бастырылғаны Б. Алғашқы піскен кезде орылғаны В. Диірменге тартқанға дейінгі дәндері

Г. Он-он бес күннен кейін кептіруге жайылған құмаршық

Сәмбі тал

Жаны жайланған Шынар шешей кебісін тыпырлатып кері бұрыла беріп еді... сырттан біреулердің сыбырлай сөйлескендері естілгендей болды да, елең ете қалды. Демін ішіне алып, қайта тың тыңдады. Рас, біреулер сыбырласатын секілді, ап-анық естіліп тұр.

– Тыңдашы, Әйгерім, сәмбі тал ән салып жатыр.

168

Сен, немене...сәмбі талдың не дейтінін түсініп тұрғаннан саумысың?!

Алдымен дұрыстап тыңдасай... Әне, естідің бе, не туралы?.. «Әйгерім, сені Жәдігер жанындай жақсы көреді...»

Кетші, ұят емес пе?!

Тағы да не туралы сыбырласқандарын айтайын ба?

Керегі жоқ... Ұялам...

Шынар шешей еппен аяғының ұшымен басып, терезеден басын сәл қылтитып, қараңғыға сүзіле көз салды. Сәмбі талдың төгіле жаздап тұрған жапырақтары әлгі екеуді көлегейлеп тұр екен. Көзі жетпеді. Сәмбі тал сыбдыр қағады...

* * *

... Шатыр-шұтыр жанған отты бірінші кемпірі байқаған:

– Көтек!.. Өртеніп жатыр! Сәмбі тал өртеніп жатыр!..

Иман қайырар жастағы шалы төрде тірсек қайырып жатқан. Терезеден қалай секіріп кеткеніне кейін өзі де қайран қалып жүрді. Артынан шелек сүйрете келген кемпірімен екеулеп өртті сөндірген. Алайда еңселі үйдің ажарын ашып тұрған сәмбі талдың түте-түтесі шығып, жүнін жұлған тауықтай жұлмаланып қалғаны жанына батпасы бар ма?.. Батқанда қандай, өзегі өртенген.

Қайран сәмбі тал!.. Есігімнің сәні еді... Көз тиді бейшараға!

деп кемпірі абыржи тіл қатып еді.

Қысқарт! – деген шалы. Сосын сүйретіліп сарайға кірді. Көп уақыт өтпей балта, күрек, басқа саймандарын арқалап қайта оралды.

Әй, сен не істегелі жүрсің? – деген кемпірінің сөзін елең қылмады. Сәмбі талдың айналасын қопсытты, оған су тасып құйып, әбден илеп пісірді. Сонсоң әлдене есіне түсіп, кемпірінен:

Әлгі қызға алған дәкені жаратпап па едің? – деп сұрады. Қарлыққан даусында зіл бар.

Жоқ, жаратқам жоқ... Оны неге сұрадың?

Соны әкелші?!

Сенің есің дұрыс па?.. Оны Гүлшаһарға арнап алғам жоқ па? Ертең сұраса, не бетімді айтам...

Сұраса, болғанды айтарсың. Қазір әкел! – деді үзілді-ке-

сілді.

169

Мына шалды жын соққан шығар, – деп сөйлей жүріп ақ масаты дәкені әкелді. Шал дәкені пора-порасын шығарып жыртты да, әлгі сағызданып илеген балшығын сәмбі талдың күйігіне жағалай жағып, оны ақ дәкемен айналдыра мықтап таңа бастады. Оның сыртынан тағы да балшық жағып, жел өтпестей желімдеп тастады. Қыздың бір киеріне деп алған ақ матаға іші удай ашыған шынар шешей сылп-сылп басып ішке кіріп кеткен еді...

Шынар шешей келіп көргенде шошып кетті. Тамағы құрғап, жөтел қысты.

Ойбай-ау, не істеп қойғансың, құндақтаулы бала сияқты...

Осыншама қара терге түсіп не әкеңнің құны қалып еді? Отай салмадың ба отынға...

Әй, кемпір-ай, сенде бір түйір ми болсашы, арғы атамның көзі емес пе... Әбілет басып, жалғыз мүлкін сақтай алмасам, кім болғаным? Әруағы кешер ме... Одан да анау екі үрпек бастың аманшылығын тілеп, тағзым ете жүр... Желеп-жебесін!..

Сол күннен бастап шалының мінезі күрт өзгерді. Күні бойы түртіншектеп сәмбі талдың маңынан шықпайды, соғыс және еңбек ардагерлеріне арнайы салған шайханаға үйір еді, құрдас шалдармен күн батқанша әңгіме-дүкен құрып, от басының қамын да бір сәтке естен шығарғандай болушы еді. Оны да ұмытты.

Жаз өтті. Жаз өтіп күз, күз өтіп қыс, қыс артынан көктем жеткен сырнайын сызылтып. Жер-көкке рең кіріп, бусанып, талтерек бүршік жарып көгере бастады. Сол күні Шынар шешей үйде еді. Ұршық иіріп отырған. Шалының шақырған қарлығыңқы даусы ойын бөліп жіберді.

Кемпір, әй, кемпір, мұнда келіп қарашы, сәмбі тал бүршік атыпты... Әй, Шынар, тірімісің... Бері шық деймін... Сәмбі тал...

Не дейді?.. Қазір... қазір, белімді жазып алайын! Кемпірі кебісін сүйретпектеп тыпыр-тыпыр шалының қасына жеткенше бірқыдыру заман өткен. Шал байғұста ес жоқ. Күле береді. Қиқар шал дегенін істеп тынған екен. Сәмбі тал бүршік атыпты. Тағы бір жетіде жайқалып, жасарып кеткелі тұр...

Сол жылы күзге салым, қыркүйек қотан шақырғанда отағасы ауырмай-сырқамай бұл пәнимен қош айтысып еді. Содан бері сәмбі талды көзіндей қадірлеп, баптап келе жатқан – өзі. Жалғызсырағанда – сырласы, жылағысы келсе – мұңдасы. Әйтпегенде ше, құдай қосқан қосағы, некелі жары Қамбарбегінің ама-

170

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]