Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Бүркіт бір ай ішінде тартынақ жеп танауынан су ақпаса, денсаулығы азаяды. Бүркіттің қара тұмсығы, қара тұяғы су (жауын суы) тимесе, кеуіп, қурап кетеді. Бұл да бүркітке зиянды. Қысты күндері түлкіге түсіп алысқанда аяғы су болатын себепті, құсты сулауға қажеттілік болмайды. Ал жазда жаңбырлы күндері жауын астында ұстап, батпақты, сулы жерге байлаған жөн.

8. Қанатсыз жаратылған адам көксеңгір астында қыранша қалықтай алмайтынын мойындап, құсты қолға үйретуге асықты ма екен?! Әлде көк тағысын жуасыту арқылы сол аспанның иесіне билігін жүргізбек болған қарекеті ме?! Бір ұққанымыз – қыран құс болып жаратылу да, оны баптайтын құсбегілік те табиғат ананың таңдауы түсіп, жаратқанның мейірімімен бұйыратын қасиет екен. Құс мінезін қалт етпей ұғып, киелі құстың күйін кетірмей, жиған тәжірибелерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізген халықтың саятшылыққа құмарлығын да осылай түсінуге болатын шығар... («Жалын» журналы. – №12. – 2005).

1. Мәтін бойынша «тартынақ» сөзінің беретін мағынасы:

А. Бүркітті қоян терісімен айналдыра ұшырып терлету Ә. Қыран құстың жемін жұлқылап жеуі Б. Құстың аң терісін тырнағымен тартқылап паршалауы

В. Қыран құсты терлетуге арналған еті сыпырылған сүйек Г. Қыранның алғырлығын жетілдіру үшін берілетін сіңірлі ет

2.Мәтін бойынша «құсбегілік» дегеніміз:

А. Тәңірінің берген қасиеті Ә. Әр адамның бойында бар қасиет

Б. Адамның құмарлықтан туған амал-әрекеті В. Атадан балаға берілетін дәстүрлі ұлағатты іс

Г. Саятшылықты кәсіп қылған адамның шеберлігі

3.Кәнігі құсбегі нағыз бүркітті алыстан қалай таниды? Өйткені оның:

А. Түсі қоңыр, көзі қара, қарашегір, тұмсығы көкшіл сары, қабағы биік,

жанары отты Ә. Көзі сарышегір, түсі қарақоңыр, жанары отты, қабағы қатулы, тұмсығы

көкшіл сары, аяғы көкшіл сары Б. Жанары отты, тұмсығы көкшіл сары, көзі сарышегір, аяғы көкшіл сары,

түсі қарақоңыр В. Өңі қарақоңыр, тұмсығы шұғыл имек, көзі құмшегір, қабағы ашық, аяғы

көкшіл сары Г. Көзі шүңіректеу, қара, тұмсығы көкшіл сары, түсі қара торы, кейде кү-

рең, саусақтары салалы

181

4. Мәтіндегі «қолбала» бүркіт дегеніміз:

А. Балапан кезінен қолға үйретілген бүркіт Ә. Құсбегінің баласына арнаған бүркіті

Б. Балағына бау байлап, аңға түсуге үйретілген бүркіт В. Ұясынан енді алынып, қырандыққа баулыған балапан

Г. Ұшырғанда кетіп қалмай, қайтып оралатын балапан бүркіт

5.Тауешкі, қарақұйрық секілді ірі аңдармен қоректенетін бүркіт:

А. «Іш жарғыш» бүркіт Ә. Ақ иық бүркіт Б. Долы бүркіт

В. Темір саусақ бүркіт Г. «Қанға тоймас, қара тіл» бүркіт

6.Жемтігіне басқа құстар жармасса, тастай салып, ұшып кете беретін бүркіт:

А. Батыр бүркіт Ә. Қу бүркіт

Б. Әрі долы, әрі қу бүркіт В. Аңғал әрі битті бүркіт

Г. Таңдайы қара қорқақ бүркіт

7.Мәтін бойынша қаршыға, сұңқар секілді құстардың жемтігін тартып жеуге құмар бүркіт:

А. Батыр бүркіт Ә. Ақ иық, алғыр бүркіт Б. Қу бүркіт В. Аңғал бүркіт

Г. Денесі кішілеу, ұшқыр бүркіт

8.Мәтіндегі алған түлкісімен көп алыспай, салмағымен белін үзіп жіберетін бүркіт:

А. Ірі денелі, битті бүркіт Ә. Кең ауыз, долы бүркіт

Б. Темір саусақ, шеге тұяқ бүркіт В. Алтайдың ақ иығы Г. Қанға тоймас, қара тіл бүркіт

9.Қыран құстың сыртқы тұлғасы мен қасиеттеріне қарай бөлінуін сипаттайтын мәтін бөлімдері:

А. Бірінші және екінші бөлігі

Ә. Екінші және үшінші бөлігі Б. Екінші және алтыншы бөлігі

В. Үшінші, төртінші, сегізінші бөліктері Г. Бірінші, екінші, жетінші бөліктері

182

ЖИЫРМА БІРІНШІ НҰСҚА

Кітап оқу құбылысы

Орта есеппен алғанда адам минутына 200-250 сөз, яғни 2 бет оқып шығады екен. Әлемдегі адамдардың 5 пайызы өте баяу оқитындықтан, олар минутына 180-220 сөзді ғана оқып үлгереді. Бірақ қызығы, асықпай оқу барысында кітапта жазылған дүниенің 60 пайызын ғана қабылдайды екен. Жылдам оқығанда, керісінше, туындының 80 пайызын түсінуге тура келеді. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңетін көрінеді. Зерттеушілер жылдам оқығаннан гөрі, асықпай оқығанда көздің тез талатынын анықтапты. Қарапайым адам бір нүктеге қарағанда 10 әріптік нүктені көруі мүмкін, яғни көзінің көру аумағы бір мезетте 1-2 сөзді қамти алады. Ал бұған қарағанда жылдам оқитын адамның мүмкіндіктері жоғары. Ол бір зер салғанда 200500 белгіні, яғни 33-83 сөзді бір-ақ көре алады екен. Тарихта жылдам оқу қасиетімен есте қалған талай мықты тұлғалар бар. Мысалы, Наполеон Бонопарт өзінің қолбасшылығымен ғана емес, оқу жылдамдығымен де ерекшеленген. Ол минутына екі мың сөз оқитын болған. Ал Фрацуздың атақты жазушысы Оноре де Бальзактың 200 беттен тұратын романды жарты сағатта оқып тастайтын қабілеті болған деседі. Ал Максим Горький минутына 4 мың сөз оқи алған. Кітап оқудың денсаулыққа да пайдасы зор екенін естен шығармаған жөн. Кітап оқу барысында қан қысымы төмендеп, жүрек соғуы қалыпты деңгейін сақтай алады («Ана тілі» газеті, 24.10.2014).

1.Мәтін мазмұны бойынша кітапты жылдам оқуға мүмкіндік беретін ерекшелік:

А. Оқығанын тез қабылдау ерекшелігі Ә. Ақпаратты қабылдауға дайындалып кірісуі

Б. Көзінің көру аумағының мол қамтылуы В. Жүйрік ой, сезгіш сана

Г. Шығарманың мазмұнына емес, оқиғасына мән беріп оқу

2.Мәтін бойынша кітапты асықпай оқудың кемшін тұстары:

А. Уақыттан ұтылып, тез жалығасың

183

Ә. Қан қысымың көтеріліп, көзің қарауытады Б. Оқығаныңды жете түсінбей, жүрек соғысың жиілейді В. Көзің тез талып, жүйкең сыр береді

Г. Оқыған дүниеңнің жартысынан астамын ғана қабылдап, көзің тез талады

«Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда»...

Адам жасы егделікке иек артқан шақта алға қарап емес, көбіне артта қалған өміріне қарап күн кешетін сияқты. Өз көңілінің түкпір-түкпірін ақтарып, кісі не ойламайды дейсіз?! Өткеніне бүгіннің көзімен қарағанда, жастықта жіберген кемшіліктері мен міндері анық көрінер. Тіпті қатты ашуға бой алдырған, қапаланып абыржыған, ренжіген сәттерінің өзі адамға бір-ақ рет берілер ұлы сый – тіршіліктің жанында түкке тұрғысыз ұсақ-түйек екенін түйсінер еді. Сол үшін таусылып, көңілге кірбің түсіруге, бірбірінің көңілін қалдырып, бет жыртысуға тұра ма?! Адамға ғұмыр екі берілмейтінін әрі соншалықты қысқалығын кеш ұғына- мыз-ау! Бәрі де пендешілік қой...Адам жастау кезінде не уақыттың, не жастықтың қадірін білген бе? Біз де өз деңгейінде танып, білмедік пе деп қорқамын. Мен, тіпті, адам өзін алдаумен тіршілік кеше ме деп те қаламын. Бар өмірім алда, әлі ұзақ жол бар, бүгінімнен ертеңім қызығырақ болмақ, мені бұдан да жақсы беймәлім қуаныштар күтіп тұр, – дегендей көңіліміз тек көкте, қияли ұғымда жүргеніміз жасырын емес. Әлдебір шаруаны жасауды ойлауын ойлап, ал іске асыруға келгенде, «Ертең де күн бар ғой», «Кейін істермін» деген сияқты сырғытпамен әйтеуір бір сылтау тауып жүріп аламыз. Білдіртпей күндер өтіп жатпақ. Ал көбіміз күнделікті ағымдағы тіршілікті күйттеп күн кешеміз. Жас болдық па, әлде қамсыз, уайымсыз жастықтың буына мас болдық па, есейе алмай, бұлғақтап жүруіміз көп. Сөйтіп жүргенде өмір шіркін өте шығады екен. Өкініштісі осы ғой... («Жұлдыз» журналы.

– №2. – 2009. Шәрбану Бейсенова, жазушы).

1. Мәтін бойынша адам баласының кеш ұғынатындары:

А. Жастықтың қадірін бағалау мен уақыттың құндылығы Ә. Тіршіліктің бітпейтін күйкі амалы мен уайымсыз өмірдің болмайтын-

дығы Б. Өмірдің қысқалығы мен екі берілмейтіндігі

В. Жастықтың буына мас болуы мен бұлғақтап жүруі Г. Көңілдің көкте қалықтауы мен қиялдың шексіздігі

184

2.Мәтін бойынша тіршіліктің жанында ұсақ-түйек болып есептелетіндер:

А. Ашуланып, ренжіп, абыржыған сәттер Ә. Әлдебір шаруа бітіруді ойлап, оны сырғытпа сылтауға салып, бітіре

алмау Б. Ертеңнің қызығы мен беймәлім қуанышты күткен сәттер

В. Біреудің көңіліне кірбің түсіріп, содан жағымдылық сезіну Г. Шегі жоқ күйбең тіршілік пен шалқыған жастық жігер

3.Мәтін бойынша адам баласы үшін ең өкініштісі:

А. Жастықтың қайтып оралмайтындығы Ә. Қызығы мол кезеңнің таусылып, уайымға берілетіндігі

Б. Өмірдің таусылмайтын қуанышын уысыңда ұстап тұра алмайтындығы В. Өмірдің көз алдыңда өте шығатындығы Г. «Ертең бітіремін» деп кейінге қалдырған істерді аяқтай алмайтындығы

4. Мәтін бойынша адам ғұмырында ненің қадірін танып, біле алмауы мүмкін?

А. Сыйлас жандардың қадірін Ә. Жастық пен уақыттың Б. Ата-ана мен ағайынның

В. Өмірдің екі рет берілмейтіндігін Г. Бүгініңнен ертеңіңнің қызығырақ болатынын

Соңғы парыз

...Жолы түсіп әне бірде астанаға бара қалғанда Арал проблемасы жөнінде болып жатқан үлкен айтыстың үстінен шықты...

Түстен кейін ұзын бойлы аққұба жас жігіт сөз алып еді, бірақ қарсы жақ жер тепкілеп, ысқырып сөйлетпеді. Ызалы жігіт әбден ашынған бір тұста қатты ақырып, көп шуылдақтың аузына құм құйды да, сөзін жалғап кетті: Қазақстан мен Орта Азия халқының маңдайына біткен жалғыз теңіз әне тартылып жатыр деді. Жарым жартылап тартылған теңіз түбінен жыл сайын мың-мың тонналап ұшып жатқан тұз қазірдің өзінде Қызылорда облысы мен бүкіл Қарақалпақ елін тұншықтырып, ауасы мен суын улап, шөбі екеш шөбін көктемей жатып күйдіріп, ал халық сорлы бұрын-соң адам баласы есітпеген ем қонбайтын бейдауа індетке ұшырап, келешек ұрпақтың тағдырын тұйыққа тіреп қойғаны анау деді. Бүгін ішіпжегеніне мәз болып, елінің ертеңін ойламайтын осынау дардаңдаған есалаң адамдарға бұл Арал әлі де өзінің ақырғы үкімін айтпай, артына сақтап отыр деді. Соңыра Арал әбден тартылар-

185

ау, тартылған теңіз түбіне төрт жарым миллиард тонна тұз тау боп шөгер-ау. Сонда осынау алды-арты ашық ұлан байтақ далада сахара шөлдің өрттей ыстық аптабы күн-күн, түн-түн аңырап соғып бергенде, келешекте Орта Азия мен Қазақстанда кім қаларын бір Құдай болмаса, басқа ешкім білмейді... Естеріңде болсын, келешекте адам баласының жер бетінде болу-болмауы – табиғаттың болу-болмауына тікелей байланысты», – деп аққұба жігіт сөзін бітіргенде, сен екі езуің екі құлағыңда, орныңнан атып тұрып едің-ау. Басқалардан бұрын қызына қол соғып едің ғой...

Аққұба жігіт мінбеден түсіп, арт жақтағы өз орнына барып отырды. Сен: «Айналайын інім, алдыңнан ақ күн тусын», – дедің ішіңнен. Тіл-көзден аман болсаң, осы қазақтың маңдайындағы дыңдай азаматы болғалы тұр екенсің. Ана жақта суы тартылған теңіз бен шаруасы күйзелген халықтың сөзін сөйлейтін жер бетінде сендей де жан бар екен ғой. Оған да шүкір! (Ә. Нұрпейісов, Соңғы парыз).

1. Жер бетінде адам баласының болу-болмауын айқындайтын құбылыс:

А. Арал теңізінің қалпына келу-келмеу нәтижесі Ә. Табиғаттың болу-болмау нәтижесі

Б. Тонналап ұшқан тұздың жойылу-жойылмау нәтижесі В. Ертеңін емес, бүгінін ғана ойлайтын адамдардың өзгеру-өзгермеу нә-

тижесі Г. Аталғандардың бәрі

2.Мәтін бойынша ауа мен суды улап, шөпті күйдіріп, бейдауа дерт таратып жатқан табиғи құбылыс:

А. Сахараның өрттей ыстық аптабы Ә. Күні-түні дамылсыз бораған құмды дауылы

Б. Теңіз табанынан тонналап ұшып жатқан тұз В. Таңдайы кепкен халық пен көктей семген шөпті қуыра түскен шөл

Г. Тартылған теңіз табанына мақта егеміз деп атыздаған алқаптан бораған

шаң

3.Мәтіндегі аққұба жігіттің ерлікке татырлық ісі:

А. Арал теңізін қалпына келтіру жолдарын ұсынуы Ә. Аптап ыстық пен суырылған құмды даланы суландыру жобасын ұсы-

нуы

Б. Өз қарсыластарының аузын жауып, жеке пікірін ашық жеткізуі В. Ел мен жұртын табиғат апатынан сақтандыру үшін жанын пида етуге

дайын болуы Г. Тартылған теңіз бен шаруасы күйзелген халықтың сөзін сөйлеуі

186

4. Мәтін бойынша Қызылорда облысы мен Қарақалпақ елін тұншықтырып, ұрпақ тағдырын тұйыққа тіреп қойған алапат күш:

А. Қазақстан мен Орта Азиядағы жалғыз теңіздің тартылуына жол берген саясат

Ә. Тартылған теңіздің орнына мақта екпекші болған ғалымдар шешімі Б. Арал теңізінің түбіндегі сортаңға шыққан улы шөптің жерді кептіріп,

шөлейтке айналдыруы В. Жартылай тартылған теңіз табанынан ұшқан тұз

Г. Теңіздің самалынан айырылған аптап ыстық пен аңқасы кепкен шөлейт

Қош келдің, айлардың сұлтаны!

Расында, Рамазан – береке айы. Бұл айда мұсылман баласының ниеті мен амалы үйлесіп, жақсылыққа ұмтылады. Ізгі ғұламалардың бірі «Ережеп желге, Шағбан бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбанда суарылмаса, Рамазанда қандай егін күтуге болады» деген екен. Рамазан – азық жинайтын берекелі ай. Пенде ораза кезінде өзінде бар нығыметтің берекесін сезінеді, қадіріне жетеді. Таң намазы алдында сәресі ішуге тұрған адам уақыт пен ризық-несібенің берекесіне бөленеді. Халық даналығында айтылатын «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген тағлымды тұжырым осыдан қалса керек. Демек таң – ризық-несібе мен берекеге бөленетін сәт. «Сәресі ішіңдер! Расында, сәресіде береке бар» деген хадистің мәні – осы.

Рамазан – тақуалық айы. Бірде әйгілі сахаба Әбу Һұрайра тақуалық туралы сұраған кісіге былай дейді: «Сіздер өмірлеріңізде тікені көп жермен жүріп көрдіңіздер ме?». Сонда қасындағы адамдар: «Иә, жүрдік», – деп жауап береді. Әбу Һұрайра тағы да: «Олай болса, сол жерден өткенде не істедіңдер?» – деп сауал қояды. Олар: «Тікендерден сақтанып өттік», – деп жауап береді. Сонда сахаба: «Тақуалық та дәл солай, күнә мен қателіктерден сақтану» деп түсіндірген екен. Былайғы күндері біреудің әдепсіз әрекетінің «қарымтасын» беруге асығып тұратын жан қасиетті Рамазан айында өзге адам дауыс көтеріп, шектен шығып жатса да, «мен ораза едім» деп мәселені тақуалық жолмен шешеді. Өйткені Рамазан айында «мен оразамын» деп айту – сүннет амалы, яғни Пайғамбар жолы. Ардақты пайғамбарымыз былай өсиет еткен: «Кім де кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс

187

көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе, мен оразамын десін». Ораза кезінде тақуалық таныта алмаған адам сауаптан құр қалады. Асан қайғы бабамыздың:

– Ерегісіп, ұрыспа, Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа. Атаңның құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те, қоя бер, Бұрынғыны қуыспа,

деп жырлауы тегін емес.

Рамазан – тәрбие айы. Алла тағала «Фуссилат» сүресінің 34-аятында: «Жақсылық пен жамандық тең болмайды. Жамандықты жақсы ісіңмен жолға сал. Сонда ғана сенімен дұшпандығы бар қас адам өзіңнің сырлас досыңдай болып кетеді», – деп баяндайды. Қазір көп сөзбен насихат айтуға қарағанда, бір көркем а- малдың әсері әлдеқайда нәтижелі болуда. Ауыз бекітіп жүргеніміздің өзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. «Мұсылман» деген атты көтеріп жүргеннен кейін, соған лайықты өмір сүруіміз керек. Өйткені айналамыздағы адамдар сіз бен бізден жақсылық күтеді. Әбубәкір Кердерінің:

Мұсылман болсаң, іждәт қыл, Иман, руза, намазға.

Ағайын болсаң, тату бол, Әуес болма аразға, –

деп жырлайтыны сондықтан...

Рамазан – қайырымдылық айы. Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөз бар. Садақа пенденің мал-дәулетін азайтпайды, керісінше, берекесін арттырады. Біз берген садақа бір отбасын қуанышқа бөлейді. Қайырымдылық айында ізгі іс-шараларға атсалысып, сауап алуға асығайық.

Рамазан – мейірім айы. Әз пайғамбар: «Бір-бірін жақсы көруде, бір-біріне жаны ашуда, бір-біріне мейірім танытуда мүмін-

188

дер тұтас бір ағза секілді. Дененің бір мүшесі ауырса, басқа мүшелері оған қосыла сыздайды» деген. Қарны тоқ адам аш адамның жағдайын түсінбейді. Бай адам өзі ораза ұстаған кезде тамаққа жарымай, аш жүрген пенденің жағдайын терең сезінеді. Бауырының жағдайын жүрегімен түсінген адам оған мейірім таныта бастайды. Ораза – бай мен кедейдің арасын теңдессіз жақындата түсетін құлшылық. Жаратушы ием баршамызды оразадан оразаға дейін айдан аман, жылдан есен жеткізе бергей! Әмин! («Egemen Qazaqstan» газеті, 23.04.2020. Наурызбай қажы Тағанұлы, бас мүфти).

1.Рамазан – мейірім айы. Мәтін бойынша адамның мейірім таныту шағы:

А. Адамның әлсіздердің жағдайын көрген шағы Ә. Байлығынан үлес бөліп беретін мезгілі Б. Бауырының жағдайын жүрегімен түсінген шағы

В. Өз бауырына қамқорлық жасап, қатардан қалдырмау шағы Г. Алланың мейіріміне бөленіп, құлшылық ету кезеңі

2.Мәтін бойынша оразаның құлшылық сипаты:

А. Бай мен кедейдің арасын жақындата түсетін Ә. Адамның күнәсін мойындай түсетін

Б. Біреуге мейіріммен қарауға бағытталған құлшылық В. Кемінде бір отбасын қуанта түсетін құлшылық Г. Адамзатты жақсы көруге талпынтатын

3. Мәтін бойынша таң дегеніміз:

А. Сәресі ішіп, құлшылыққа берілетін мезгіл Ә. Сәресі іше отырып, аштықтың қадірін түсінетін уақыт Б. Ерте тұрып, ырысыңды арттыратын сәт В. Ризық-несібең мен берекеңе бөлінген сәт

Г. Таң намазынан кейін ризық-несібеңді күтетін сәт

4.Мәтін бойынша жамандықты дұрыс жолға салатын іс:

А. Қайырымдылық жасау Ә. Садақа тілегендерді разы қылу Б. Ешкімнің көңілін жықпау

В. Жақсылыққа жақсылықпен үлгі болу Г. Жақсы іс жасау

5.Мәтін бойынша пендеге үлкен жауапкершілік жүктейтін әрекет:

А. Адамның сәресіні уақытында ішуі

Ә. Ауыз бекіту Б. Рамазан айында «аузым берік» деп айту

В. Бітір-садақаның мөлшерінен жаңылыспау Г. Оразаның береке, мейірімін түсіну

189

6. Мәтін бойынша тақуалық дегеніміз:

А. Ораза айында дауыс көтеріп сөйлемеу Ә. Біреуге қиянат жасаудан сақтану Б. Қателігі мен күнәсін мойындай білу

В. Күнә жасау мен қателесуден сақтану Г. Мейірім мен жанашырлық таныту

7. Мәтін бойынша саған дөрекілік танытып, ерегіскісі келетін адамнан құтылудың тақуалық жолы:

А. Үнсіз, салғыласпай кетіп қалу Ә. «Мен ораза едім» деу

Б. «Оразам бұзылады, ашуланбаңыз» деу В. Оразаның сауап екендігін түсіндіру Г. «Ораза – шыдамдылық кепілі» деу

8.Мәтін бойынша пенденің берекесін арттыратын іс:

А. Садақа беру Ә. Бітір зекет

Б. Мейірім төгіп, қолдау көрсету В. Рамазан айының қасиетін ұғыну

Г. Ашығу арқылы өзгенің жағдайын үғыну

9.Мәтіндегі Асан қайғы бабамыздың «Атаңның құны болса да, алдыңа келіп қалған соң, Аса кеш те, қоя бер» өлең жолдарының мәні:

А. Кек сақтамау Ә. Тақуалық жолын дәріптеу

Б. Кешірімшіл болудың сауап екендігі В. Иілген басты қылыш кеспейді Г. Мейірімділік пен қайырымдылық

10.Рамазан айында адам баласының үйлесім табатын қасиеттері:

А. Мейірімділік пен құлшылық

Ә. Жақсылығы мен төзімі Б. Ниеті мен амалы

В. Ақ ниеті мен қайырымдылығы Г. Сауап істері мен тақуалығы

190

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]