Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

4. Диқандардың дәнді сабағынан ажырату әдісі:

А. Дән суыру Ә. Астық бастыру

Б. Дәнді қауызынан аршу В. Астық тарту Г. Дән ұшыру

5.Мағыналық байланыстағы мәтіннен алынған сөз тіркестері:

А. Шығырын сайлау Ә. Қонысыңды майла Б. Бел жазбай отыру В. Жер кеудесін сауу

Г. Бидайды төртінші рет суару

6.Лиман сөзі беретін ұғым:

А. Егінге жер асты суын пайдалану Ә. Өзен-жылғалардың суымен егін суару

Б. Теңіз суын қасындағы егіс алқабына пайдалану В. Қақ суын пайдалану Г. Көктемгі жаңбыр суын пайдалану

7.Мәтін бойынша ақ егінді суару түрлері:

А. Желке су, мойын су, жер суы Ә. Орақ суы, желке суы, мойын суы, жер суы Б. Жер суы, мойын суы, орақ суы В. Орақ суы, жер суы, желке суы Г. Жер суы, желке суы

8.Халықтың мол өнімді қабылдау түсінігі:

А. Тәңірінің сыйы

Ә. Ас атасы – нан Б. Маңдай тердің жемісі

В. Адал еңбектің жемісі Г. Арпа-бидай – ас екен

11

ЕКІНШІ НҰСҚА

Байса

Байса – көшпелі халықтардың қағаны тарапынан билік иелері бектерге, әмірлерге, мәмлегер билерге, елшілерге, саудагер керуен басыларға, үкімет адамдарына берілетін арнайы құқықтық белгі. Байса көбінесе алтын, күміс секілді бағалы металдан жасалып, оған иесінің шеніне сәйкес хайуанаттардың (лашын, жолбарыс, т.б.) суреттері салынатын болған. Байса – қытай-ман- жұр тілінде белгі деген сөз. Осы белгімен жүрген үкімет адамдары басқа елдердің шекарасына еш кедергісіз өтуге құқылы болып, азық-түлік, мініс көлікпен қамтамасыз етілетін болған. Бұл дәстүр әлемдік дипломатияның тарихында үлкен қызмет атқарып, қазіргі халықаралық заңнамадағы виза деген ұғым осы негізде қалыптасқан. Байсалардың лауазымдық айырмасы болған. Мысалы, жүздік, мыңдық ұлығына арыстан басты күн, ай бейнесі бедерленген байса, өлке билеушісіне сұңқар суреті салынған алтын байса берілген. Ресей мұражайларында Алтын Орда ханы Өзбектің, Абдулланың, Келдібектің байсалары сақталып тұр.

Қой дегенде бір шапқан, Құястан жап – жас ақын Жұмай бар. Балаңқылар батпаған, Байсасы тудай Мәмбет бар, –

деп жырлаған Шалкиіз ақынның «Ер Шобан» жырынан байсаның ноғайлы дәуірінде де қолданыста болғанын аңғаруға болады

(«Ана тілі» газеті, 21.09.2017).

1. Байсаны алуға құқығы бар тұлғалар:

А. Бектер, билер, керуенбасылар, әмірлер Ә. Қағандар, мәмлегер билер, әмірлер, үкімет адамдары, саудагер керуен-

басылар Б. Керуен басылар, бектер, билер, елшілер

В. Үкімет адамдары, елшілер, бектер, мәмілегер билер, керуенбасылар Г. Аталғандардың бәрі

12

2. Лауазымға байланысты берілетін байсалардың бір-бірінен айырмашылығы:

А. Алтын, күміс секілді бағалы металдардан жасалуы Ә. Аң-құстардың суреті салынуы Б. Жыртқыш аңдардың белгісі таңбалануы

В. Дәрежесіне лайықты көлемі өзгеруі Г. Байсада мемлекет таңбасы (рәмізі) көрсетілуі

Алапа

Алапа орта ғасырлық түркі-моңғол елдерінде мемлекеттің тұрақты қызметіндегі әскердің ат-көлігін ұстауға мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат. Бұрынғы кезде хан ордасын күзетуге, қаланы қорғау сияқты мемлекеттік қызметті атқаруға тұрақты әскерлер ұсталынған. Олардың азық-түлігі, көліктерінің жемдері мемлекет тарапынан қамтамасыз етіліп, ол үшін «алапа-үлепе» деп аталатын белгілі мөлшерде қаражат төленіп отырды: үлепе деп адамдарға бөлінетін жалақыны, алапа деп аттардың азығына бөлінетін қаржыны атаған. Пошталық бекеттерде елші, жаушы, хабаршылардың мінген көліктері мен ауыстыратын аттарын ұстауға жұмсалатын қаражат та алапа деп аталған. Алапа жергілікті халықтан салық түрінде жиналды. Осы мағынада алапа атауы Алтын Орда заманындағы мемлекеттік ресми құжаттарда кездеседі. Мемлекет қызметіндегі адамдардың аттарын күтіп ұстауға бөлінетін қаражат есебінде алапа Қазақ хандығы кезінде де қолданылған. Бұқар жыраудың Абылайға арнаған толғауында:

Айбалтасын алтынменен булатқан, Алапасын арттырып, Арпалап атын қунатқан, –

деп жырлауы мұндай хан қызметіндегі аттардың азығына мемлекеттен бөлінген қаражат қазақтарда беріде, Абылай заманында да болғанын көрсетеді. Алапа атауы кейде олжа, пайда, табыс, «пара, алым, ауыз бастырық» деген мағыналарда да қолданылады. Егін жақсы шықса халыққа үлкен алапа деген мақал бар. Ерте заманда жаудан түсетін олжа алапай деп аталған («Ана тілі» газеті, 21.09.2017).

13

1.Мәтін бойынша алапа сөзінің мағынасына сай келмейтін сөзі бар

қатар:

А. Олжа, пайда, табыс, ауыз бастырық, пара Ә. Ауыз бастырық, алым, пара, олжа, табыс Б. Алым, алапа, табыс, пайда В. Табыс, қаржы, алым, ауыз бастырық, пайда

Г. Олжа, алапай, алапа, табыс, пайда, алым

2.Мәтін бойынша алапа сөзінің беретін мағынасы:

А. Мемлекеттік қызметкерлерге төленетін жалақы Ә. Қызметкерлерге көлік сатып алу үшін жиналатын салық

Б. Мелекеттік қызметтегі елші, хабаршылардың азық-түлігіне жиналатын

ақша

В. Мемлекеттік көліктердің азығы үшін халықтан жиналатын ақша Г. Пошта қызметкерлеріне, мініс аттарға көмек ретінде бөлінетін қаражат

3. Мәтіндегі «Арпалап атын қунатқан» тіркесінің мәні:

А. Алапаның күшімен атын семірту Ә. Арпаның атқа азық болуы

Б. Халықтың қаражатын малға шығындау В. Мемлекет қызметкерінің азығын атқа беру

Г. Алапаның көмегімен атына арпа беріп, баптау

4. Мәтін бойынша үлепенің алападан айырмашылығы:

А. Мемлекеттің қазынасынан беделді адамдарға берілетін ауыз бастырық Ә. Көліктерге жұмсалған қаражаттың артылған мөлшері, яғни олжа Б. Мемлекет қызметіндегі тұлғалардың еңбекақысы В. Айырмасы жоқ, екеуі де халықтан жиналатын салық

Г. Пошта, хабаршы қызметіндегілердің мініс көліктеріне арналған қаражат

Жасыл желекке малынған жаңа қала

Қазақ «Орманы бардың – қорғаны бар» деп бекер айтпаса керек. 1997 жылы «Жасыл белдеу» жобасын жүзеге асыруға пәрмен бергенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқымыздың осы сөзін басшылыққа алған еді. Жиырма жыл ішінде жасыл белдеу аумағы 80 мың гектарға жетіп, Астананың іргесін бекіткен бейіш мекенге айналды. Бұл аймақта 9,6 миллион ағаш пен 1,8 миллионға жуық бұталар өсіп жетілуде. 1999 – 2004 жылдары негізінен жапырақты ағаштар егілді. Атап айтқанда, сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, ірі жапырақты шегіршін, кәдімгі қарағай, көде, боз жиде, қазақстандық терек, алтын қарақат, ақ көріктал, бессея шиесі, татар бөріжидегі отырғызылды. Жасыл аймақ құру

14

елорда төңірегінде жабайы жануарлардың көбеюіне ықпал етті. Бүгінде жасыл белдеу аумағында марал, түлкі, бұлан, елік, суыр, дала қарсақтары, ондатр, қоян және кішкентай тышқандар мекен етеді. Ал құстардан балқарағай торғайы, сұр шіл, сұр сандуғаш, көк қарға, жасымық, шиқылдақ, мәскеу торғайы мен қырғауыл бар. Астананы абаттандыру жобасы аясындағы қажырлы істердің тағы бір нәтижесі – ботаникалық бақ. Оның таныстырылымы биыл бірінші шілдеде өтеді. Ботаникалық бақтың құрылысы 2012 жылы сәуір айында басталған болатын… Орман – іші-сыр- ты бірдей сұлу бас қаламыздың «өкпесі». Ол – ұрпақ үшін жасалып отырған сый, мәңгілік мұра. Астанаға ұшақпен келіп қонған адам көкпен бой жарыстырған ғажап ғимараттардан бұрын қаланың жайқалған жасыл желегін көреді. Президент айрықша көңіл бөлген жобаның ең бірінші мақсаты – елорданың экологиялық жағдайын жақсарту болса, екіншіден, елорда тұрғындары демалатын аймақ жасауды көздеген еді. Екі мақсат та орындалды. Қарап отырсақ, Елбасы идеясы Махамбет Өтемісұлының өлеңімен үндесіп жатқандай. Күрескер ақын:

Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім, –

демеп пе еді?! Бір кездері жетімсіреп ағатын Есілдің бойында бүгінде ел де, ен тоғай да бар. Енді оның игілігін көріп қана қоймай, аялай білсек, апат пен өрттен қорғай алсақ болғаны («Түр-

кістан» газеті, 12.02.2018).

1.Астана қаласын көгалдандыру жобасының атауы:

А. Жасыл желек Ә. Жасыл белдеу

Б. Орманы бардың – қорғаны бар В. Орман – қаланың «өкпесі» Г. Мәңгілік мұра

2.Астананың маңына отырғызылған жапырақты ағаштар:

А. Қазақстандық терек, кәдімгі қарағай, алтын қарақат, ақ қайың Ә. Татар бөрі жидегі, көк қарағай, ақ көрік тал, сүйелді қайың, ірі жапы-

рақты шегіршін

15

Б. Ұсақ жапырақты шегіршін, сүйелді қайың, кәдімгі қарағай, татар бөрі жидегі

В. Қазақстандық терек, ақ көрік тал, бессея шиесі, қараған, кәдімгі қарағай Г. Татар бөрі жидегі, сүйелді қайың, көк шілік, ұсақ жапырақты шегіршін,

ірі жапырақты шегіршін

3. Мәтіннен алынған «Жасыл аймақ құру елорда төңірегінде жабайы жануарлардың көбеюіне ықпал етті» сөйлемінің стилін солғындатып тұрған сөз:

А. Құру Ә. Жануарлар Б. Жабайы

В. Ықпал етті Г. Төңірегінде

4.Астанадағы ботаникалық бақтың ашылған мерзімі:

А. 2012 жылы Ә. 2004 жылы

Б. Ботаника бағы ашылуы тиіс В. Ботаникалық бақ салынбақшы

Г. Астананың он бес жылдық мерекесінде

5.«Жасыл белдеу» жобасының басты мақсаты:

А. Астана қаласының экологиясын жақсарту Ә. Елорда тұрғындарының демалыс орнын қалыптастыру Б. Жаңа қаланы жасыл желекпен көріктендіру

В. Астана қаласының экологиясын жақсарту мен тұрғындардың демалыс аймағын жасау

Г. Қаланы зәулім ағаштар көмегімен желден қорғау

6 . Жасыл белдеу аумағындағы құстардың түрлері:

А. Мәскеу торғайы, балқарағай торғайы, сұр шіл, ұзақ қарға Ә. Жасымық, сұр шіл, сұр сандуғаш, бұлбұл Б. Шиқылдақ, мәскеу торғайы, ақ қайың торғайы, көк қарға

В. Қырғауыл, балқарағай торғайы, сұр сандуғаш, жасымық Г. Сұр шіл, бөдене, көк қарға, шиқылдақ

Ғасыр адамы

Қарағандының көшесі – жөңкілген жұрт. Кім келіп, кім кетпеген бұл жерден?! Бір кезде осынау шаһардың көшесінде маңдайы жарқырап Әлімхан Ермеков жүрген. Алашорданың соңғы көзі! Қазақтың алғашқы математигі! Кеудесі толы – Алаш идеясы! Қазақстанды Жапонияның деңгейіне дейін көтереміз деп ой-

16

лаған көксерек топтың бірі һәм бірегейі. Бірақ оны өзге түгілі өз қазағы да түсінген жоқ... Жетпісінші жылдары фәниден бақиға аттанғанда соңынан аз ғана ағайын шығарып салды. Қазақ Алашорданың соңғы тұяғынан көз жазып қалғанын сезбей қалды! Мұнда Евней Бөкетов те жүрген. Өзі – химик, өзі – лирик. Төбеден қамшы ойнатқан қатыгез совет өкіметі оның да маңдайынан сыйпай қойған жоқ. Көп қорқытты, терең батырды. Ол да қазағына Құдай берген құдіретті дарын-арынын сарқып бере алмай, ішқұса болып фәниден бақиға озды. Қазір осы шаһардың көшесінде алшаң-алшаң басып Темірғали Көкетаев жүр. ХХ ғасырдың ғұламасы. Ол атақты жапондардың ұсынысымен оған 1999 жылы Кембридждегі Халықаралық Биографиялық орталық берген. Омырауында соның күміс медалі. Екі ғасырдың бірдей аса көрнекті физигі. Резерфорд емес, Эйнштейн емес, Көкетаев. Қазақ! Америка, Англия немесе Жапонияда туғанда атақ абыройы бұдан да асқақ болар ма еді. Бірақ бұл жолы Алланың таңдауы Алашқа түсті. 2006 жылы Англияның Оксфорд университетінде лекция оқыды. Бұл дүние жүзінің Ұлы физиктері Ньютон, Резерфордтар маңдай терін төккен, әлемдегі саусақпен санарлықтай оқу орындарының бірі. Іргетасы 1242 жылы қаланған. Англияның пре- мьер-министрлері Уинстон Черчиль, Маргарита Тетчер осында оқыған. Т. Көкетаевтың дәрісін Франция, Германия, Англия, Жапония сынды дүниенің іргелі елдерінің жетпістен астам аузына әлем қарап отырған ғұламалары сүйсіне тыңдаған. Ғаламды қара үздіріп бара жатқан бір жұрт жапондар ғой. Солармен кездескенде қандай ғылыми шаруамен айналысып жатсыңдар десе: Першкиннің «Физикасын» тәржімалап жатырмыз, – дейді. Орыстың орта мектептерге арналған оқулығы – бұл. Міне, совет оқу жүйесінің озықтығының бір белгісі. Ғасыр адамы атанған Темірғали Көкетаев:

Мен физик болғаныма өкінемін, – дейді.

Неге?

Қазағымның жоғын түгендей алмадым. Біз Американың үндістері секілді өз байлығы өзіне сор болған елге айналып барамыз. Қазақтың қазаққа жаны ашымайды... Поляктарға қарашы! Парижде баяғыда дүниеден қайтқан Шопеннің жүрегін Варшаваның шіркеуіне әкеліп әспеттеп қойды! Ал біз не істеп жүрміз?

17

Кенесарының басы қайда? Біреуге есесін жіберген ел – ел емес! – деді де, физикадан лирика мықты, – деп қалды. Мен аң-таң қалдым... Бір қалада тұрсақ та анда-санда бір көрем. Той – томалақта. Төрде отырады, әрине. Аузынан ақ майы аққан байшікештердің арасында. Көңілі құлазып отырады, меніңше. Аналар мәзмейрам. Өздерінің кіммен отырғанын сезбейді! Біреуі – ірі компанияның иесі. Біреуі – ең кем дегенде базардың бастығы! Шетінен бай. Тәкаппар! Өр кеуде! Есептері түгел! Осындайда философ Диоген еске түседі. Олимпия сарайынан келген Диогеннен біреулер «Онда халық көп жиналды ма?» деп сұрайды. Сонда ойшыл: «Халық көп, жөні түзу кісі аз» депті («Егемен Қазақстан» газеті, 30.03.2018).

1.Мәтінде қазақтың зиялы өкілдері – Е. Бөкетов, Ә. Ермековтер не се-

бепті өкінішпен еске алынған?

А. Алаш партиясының тарағаны үшін Ә. Ғылымдағы жетістіктері бағаланбағаны үшін

Б. Кеңестік кезеңнің белгілі адамдары болғаны үшін В. Орталық Қазақстаннан шыққан ғұламалар болғаны үшін Г. Ғылымдағы ірі жаңалықтары үшін

2.Мәтіндегі ғалымдардың зерттеу нысандары:

А. Химия, математика Ә. Физика, химия

Б. Физика, математика, химия, лирика В. Физика, химия, математика Г. Лирика, математика, физика

3.Мәтін бойынша жапондықтардың мектепке арналған физика оқулығын орысшадан аудару мақсаты:

А. Ғылыми мақсатта Ә. Оқулық мақсатында

Б. Тәжірибелік мақсатта В. Кеңес физиктерін оқып-білу үшін

Г. Аталғандардың бәрі мақсат тұтылды

4.Мәтін бойынша екі ғасырдың көрнекті физигі:

А. Ньютон Ә. Резерфорд Б. Көкетаев В. Эйнштейн Г. Першкин

18

5.Темірғали Көкетаевты ХХ ғасырдың ғұламасы атағына ұсынған мемлекет:

А. Англия Ә. Жапония Б. Франция В. Қазақстан Г. Германия

6.«Қазақстанды Жапонияның деңгейіне дейін көтереміз деген көксерек топтың бірі һәм бірегейі» сөйлеміндегі шылау түрлері:

А. Септеулік, демеулік Ә. Септеуліктер

Б. Жалғаулық пен септеулік В. Демеулік пен жалғаулық

Г. Септеулік, жалғаулық, демеулік

7.Мәтіндегі философ Диогеннің «Халық көп, жөні түзу кісі аз» деген сөзінің берілу себебі:

А. Арпа ішінде бір бидай Ә. Ғасыр ғұламасын шет ел ғалымдарымен салыстыру

Б. Ғасыр ғұламасын қасындағы байшікештермен салыстыру В. Өзінен басқаны адам қатарына қоспау Г. Халықтың күшін бағалау

8.Ғалым Т. Көкетаевтың басты өкініші:

А. Қазақтың жоғын жоқтай алмағаны Ә. Физиктен гөрі, лирик болмағаны

Б. Қазақ елін Жапония сияқты елдермен теңестіре алмағаны В. Резерфорд және Эйнштейн сияқты физик бола алмағаны Г. Кенесары ханның басын тауып, еліне қайтармағаны

19

ҮШІНШІ НҰСҚА

Көк күмбезді киіз үй

Киіз үй кеңістігінен қазақ дүниетанымын тануға болады. Қазақ баласы осы үйде дүниеге келіп, өседі, өнеді, өмірден өтеді. Қазақ ұғымындағы қара шаңырақ – күннің символы. Шаңырақ көтеріліп жатқанда ешкім сөйлемейді. Ұлы іс атқарылып жатқанда үнсіздік орнауы тиіс. Осыған байланысты «Жеті уық шаншылғанша жетесіз ғана сөйлейді» деген сөз қалған. Шаңырақтың төрт күлдіреуіші – төрт тарапты, ал уықтар күннің шапағын елестетеді. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Үйдің есігі әдетте шығысқа қаратылады. Бұл – күннің сәулесі алдымен үйге түссін дегені. Есікке қарсы беттегі төрде сыйлы адамдар, ақсақалдар мен батагөй қарттар отырады. Алтын босағасына қонақ болып саналатын қыз бала да төрден орын алуға құқылы болған. Оң босағада ер-тұрман, ат әбзелдері, бүркіт, т.б. орналасады. Киіз үйдің сол жағы (сол жақ босаға) – шаңырақтың киесі деп есептелген әйелдің орны. Сол жақ босағадан кірген дүние сыртқа шықпай, қазанға түседі. Бұл тұста кебеже, саба, мес, күбі, т.б. заттар қойылады. Сондықтан сол босаға құт мекен саналады. Табалдырық – төменгі әлеммен байланысқа түсетін орын. Сондықтан балаға табалдырықты бастырмайды. Көшпенділік өмір салты туғызған тарихи жәдігер, экономикалық-экологиялық және тұрмыстық тұрғыдан өте қолайлы киіз үй – құрылысы, жабдықталуы жағынан жетілген үздік заттық және рухани мәдениет үлгісі, атабабамыздың асыл аманаты, ұлтымыздың баға жетпес құндылығы

(«Ана тілі» газеті, 30.05.2013).

1.Мәтін бойынша киіз үйдің құт мекені:

А. Есікке қарсы беттегі төр Ә. Азық-түлік орналасқан сол жақ босаға

Б. Ер қанаты – ат әбзелдері мен киелі құстың мекені – оң жақ босаға В. Шаңырақтың тура астындағы ошақ орны Г. Жермен байланысқа түсетін табалдырықтың үсті

2.Мәтін бойынша киіз үйдің шаңырағы мен уығының теңеулері:

А. Аспан мен күн

Ә. Күн мен оның шуағы

20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]