Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Абай өзі тірлік етіп отырған бұзық ортаның дертті кескінін бейнелейді. Ол айналасындағы бұзық содыр мінезді адамдардың қылығына ыза болып, сөзін ұғар жанның жоқтығын айтып күйінеді. Ақын жаны ауырып, оған қайғырады.

Пьесадағы Сырымның сөздеріне ары қарай үңілсек: Сырым: Сол түннен, Қарагөзден мені айырған сұмдық түн-

нен бастап, ыстық асау жүрегімді тастай суық мұз боп қатқан бір қатал қол уыстап қысып, бүріп алды да қойды. Жүрегім мұз, жаным мылқау болмады ма сол суық қолдан?... [129, 142].

М. Әуезов Сырымның Қарагөзге деген шексіз махаббатынан туған қайғысын осындай шерлі толғаныспен тебірентеді. Жазушы Сырымның монологіне Абайдың ақындық жүрекпен толғаған көңіл күй лирикасындағы жиі айтылатын сөздерді енгізеді. Мәселен Абайдың:

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек [42, 146].

Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» өлеңіндегі:

...Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? [42, 275].

«Кейде есер көңіл құрғырың» өлеңіндегі:

...Асау жүрек алқынар [42, 170].

Сырымның монологіндегі «ыстық асау жүрегімді», «суық мұз», «жүрегім мұз» деген тіркестер Абайдың жоғарыда келтірген өлеңдеріндегі поэтикалық образды сөздермен байланысып жатыр.

«Сырым образын асқақтатып шырқау биікке көтеріп тұрған сол Қарагөздің оған деген шексіз махаббаты» [110, 54]. Сүйгеніне қосыла алмай зар жылаған Сырымның бейнесін М. Әуезов психологиялық дәлдікпен суреттейді. Сырымның өксікке толған сөздерін былай деп береді:

Сырым.

Мен келдім зарға толып, күнім, саған, Бір ауыз сөзің бар ма айтар маған?

151

Жылайын, жырлайын да тілейін мен, Көзімде жас қалмасын ағызбаған [129, 149].

Осы Сырымның зарлы монологі Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңіндегі:

Жылайын, жырлайын, Ағызып көз майын. Айтуға келгенде

Қалқама сөз дайын, [42, 187] –

деген шумақтағы оймен сарындас келеді. Сырымның ішкі зар қайғысына ұқсас толғанысты жазушы Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңіндегі осы шумақтан тауып, оқиға ретіне қарай өлеңмен толғатады.

Сырым мен Қарагөздің алдында тұрған кедергілер өте көп. Соның ең негізгісі: ежелден келе жатқан әдет-ғұрып. Жеті атадан бергі жерде қыз алып, қыз беріспеу заңы. Осы қағиданы берік ұстанғандардың бірі – пьесадағы Мөржан бәйбіше. Қарагөздің Наршаға баруға риза еместігі Мөржанның құлағына жетеді. Алақанына салып әлпештеген өз бауырындағы баласының сұмдық сөздерді шығарғанына ыза болып, айбарлы мінезге басады. М. Әуезов Мөржанның Сырымға қарсы болған әрекетінен шығарманың тартысын өршіте түседі. Жазушы осы оқиғаға байланысты Абайдың «Жүрегім, ойбай соқпа енді» өлеңінен мысал келтіре отырып, Мөржанға айтқызады.

Мөржан: «Жетім қозы – тас бауыр» деп, қанаттыға қақтырмай, туған шешесін жоқтатпаймын деп келсем де, бір қадір-қа- сиетімді басқа тепкені ме?! (Ақбалаға) Мұны бұзып жүрген кім? Наршадан асып тапқаны қайсы, менсінбегенде? [129, 113].

Мөржанның Қарагөздің қылығына ыза болып айтқан сөзін жазушы осылай береді. Абай өлеңіндегі:

Жетім қозы – тас бауыр, Түңілер де отығар, [42, 197] –

осы жолдарда көп мағына бар. Адамның басындағы өмір тәжірибесі жатыр. М. Әуезов ақынның өлеңіндегі осы жолды Мөржанның Қарагөзге өкпелі көңіліне дөп келтіреді.

152

«Қарагөз» трагедиясындағы негізгі кейіпкердің бірі – Нарша бейнесі. Нарша бейнесі сырт көзге сонша нәзік, сыпайы көрінсе де, ол да – берік жүректің, зор сүйіспеншіліктің иесі. Сезімнің байлығы, ниетінің тазалығы, махаббатының тұрақтылығы Наршаны пьесадағы кейіпкерлер ішіндегі ең көрнектісі етіп ерекшелейді.

«Нарша аузымен Қарагөз сырттай сипатталады. Сыпайы, сұлу мінезді, қылықты қыз көз алдыңызға елестейді. Ата-баба дәстүрімен дүниесін төгіп, заңды күйеу боп келе жатқан Нарша кеудесінде удай дерт: Қарагөз оны сүймейді, майда мінезбен ке-

рі серпіп отыр» [130, 132-133].

Қарагөзге ынтыққан Нарша ішіндегі күйінішті сырын Сырымға былай жеткізеді:

Нарша: Сырым, сенің жалынды сөзіңді ажалдыға кез келсін деуші еді жұрт. Бірақ шарай топтың көзінше пұшпағынан ілінген ажалды киік мен болам ба? Азалы, қайғылы – жалғыз Қарагөз емес, сен де арманда дейім бе, мен не дейін? [129, 120].

Нарша өз басын ажалды киікке балайды. Наршаның жү-ре- гіндегі күйікті сырын драматург психологиялық тебіреніспен жеткізеді. Оны Абайдың «Татьяна сөзі» аудармасындағы өлең жолдарындағы сөздерге ұқсас баламамен береді. Мысалы:

Сен жаралы жолбарыс ең, Мен киіктің ылағы ем [42, 353].

Абай аудармасында Онегинді жаралы жолбарысқа, Татьянаның өзін киіктің лағына балайды. Махаббат қасіретін басынан кешкен Татьянаның жан сыры пьесадағы Наршаның зор қайғысы мен қайғылы назына сәйкес келгендіктен, драматург осы өлеңдегі ақынның сөзін қолданады. Азапты өмірдің тауқыметіне түскен Қарагөздің есінен айырылуы Наршаны қайғы отына салады. Осынау қатты науқасқа Нарша қолдан келер амал таппай дал болады. Ақыры Сырымды іздетіп шақыртады. Қарагөзге ем бола ма деп Сырымға ән салғызады. Сырымның зарлы үніне Нарша былай дейді:

Нарша: Дәурен өткен соңғы, ән де ажарынан айырылады екен-ау. Тіпті бұрынғы тәтті ән сияқты болып селт еткізбейді

[129, 147].

153

Драматург Наршаның сөзіне Абайдың:

Құлақтан кіріп бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй, –

деген өлең жолдарындағы тәтті ән сөзін алады. Жазушы Наршаның диалогіне Абайдың сөзін енгізу арқылы өмірдің сәні кеткен соң тәтті әннің де ажарынан айырылатынын түсіндіреді.

М. Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясында Абай өлеңдеріндегі ақындық сөздік қордың молынан ұшырасып отыратынына көзіміз жетті. Драматург кейіпкерлердің диалогтарына, монологтарына Абай сөздерін енгізіп, оқиға желісіне орай мысалдар арқылы байланыстырады. Жазушы пьесаны өнер адамына, өнерлі жастардың басындағы оқиғаға арнап жазып отырғандықтан, өзі де ақындық шабытпен тебіренеді, ақынша толғайды. Пьесаның тілі көркем өріліп, поэзия тілімен құрастырылып отырады. М. Әуезовтің кей тұстарда Абай өлеңдерінен сөздерді өзгертпей сол қалпында мысал ретінде алып отырғаны білінсе, кейде ақын сөздерін жазушының өзіне дәстүрлі дағдылы қалыппен қолдана беретіні байқалады.

М. Әуезовтің шығармашылылығында, әсіресе драматургия саласында көрнекті орын алған – «Түнгі сарын» пьесасы. «Түнгі сарын» әлеуметтік маңызы және көркемдік қасиеті жағынан Әуезовтің ең үздік шығармасы болып қалар»,– деді Ілияс Жансүгіров. Сыншы Ілияс Қабылов, белгілі революционер Әліби Жангелдин, драматург, режиссер Жұмат Шанин, профессор Құдайберген Жұбанов «Түнгі сарын» трагедиясын жоғары бағалады. «Түнгі сарын» пьесасы өзінің тек идеялық тереңдігімен ғана емес, сонымен қатар көркемдік кемелдігімен де құнды болып табылады. Тарихи тақырыпқа арналған бұл шығарма оның негізгі саналатын тарихи шындық дұрыс та терең әрі көркем бейнеленген»,– дейді А. Нұрқатов [132, 168].

«Қазақ театры сахнасында зор табысқа жеткен «Түнгі сарын» трагедиясы Әуезовтің өзінің қатысуымен басы қасында болып басшылық етуінің арқасында орыс тіліне аударылып, 1937 жылы орыс драма театрында қойылды. «Түнгі сарын» – орыс тілінде қойылған қазақтың тұңғыш пьесасы» [95, 115].

154

Тарихи кезең жүгін арқалаған пьесада М. Әуезов ел басына күн туғандағы әлеуметтік жағдайды көрсетеді. Пьесадағы кейіпкерлердің көпшілігін типтік характермен берген. Шығарманың тілін драматург кейіпкерлердің характерлерімен байланыстырып күрделендіріп бедерлі суреттейді. Аталмыш пьесада да жазушы тіліндегі Абайдың сөздері кездеседі. Шығармадағы оқшау тұрған образдардың бірі – мұғалім. Мұғалімнің сөзіне үңілсек:

Мұғалім:

Ей, Сұлтани Махмұд, не қылар сәт! Мәгәр халқында юқ болса вахбуд Жас бала жайып саусағын!..

Талпынған шығар айға алыс!.. Міне сәңә дәріс әпендім!.. [129, 252].

Жазушы мұғалімнің диалогіне Абайдың өлең жолдарын қосады. Абайдың «Татьяна хаты» аудармасында:

Шеш көңілімнің жұмбағын, Әлде бәрі – алданыс.

Жас жүрек жайып саусағын Талпынған шығар айға алыс, [75, 166] –

деп берілген. Абайдың аудармасындағы соңғы тармақтарды драматург мұғалімнің сөзі арқылы пьесадағы басқа қатысушыларға үлгі ретінде беріп отыр. Мұғалімнің келесі сөзіне келсек:

Мұғалім: Бәсе, не болды маған? Тілім ғана бар, қолымда қайрат жоқ. Жүрегімде дерт бар, жазылар шарам жоқ. Мен бір ғазиз бәндә [127, 296].

Осы мұғалімнің сөзі Абайдың мына өлең шумағындағы ойға үндесіп жатыр.

Тыңдамаса еш адам, Өз жүрегім толғансын! Әр сөзіне қарасын,

Іштегі дертім қозғалсын [75, 99].

М. Әуезов мұғалімнің диалогіне Абай поэзиясында жиі айтылатын қайрат, жүрек, іштегі дерт деген сөздерін кейіпкердің көңіл күйіне қатысты қолданып отыр.

155

«Отызыншы жылдар – Әуезов драматургиясының өрбу-да- муындағы жаңа кезең: бұл тұста жазушы дәстүрлі тарихи тақырыппен қатар қазіргі дәуір шындығына шұғыл бет бұрып, өзінің көркем прозасымен бірге драматургиясын да жаңа арнаға салды» [131, 251]. Сол жаңа заман тақырыбын қозғаған кеңес өкіметінің құрылысын нығайту жолындағы кедергілер мен кеселдерге қарсы күресін көрсететін «Тас түлек» драмасын айтуға болады.

«Тас түлек» пьесасында автор біркелкі жас буынның тұтас өсуін көрсету арқылы қазақ интеллигенциясының қалыптасу жолын таныту мақсатын алдына қояды. Кешегі қойшы, жылқышылардың жаңа тұрмысқа жетуі сөз болады.

Осы пьесада М. Әуезов бір жерде Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінен мысал келтіреді. Оны осы пьесадағы кейіпкер Сөлкебайдың айтуы арқылы береді. Мәселен:

Сөлкебай:

Қараңғы түнде тау қалғып Ұйқыға кетер балбырап, Даланы жым-жырт дел-сал қып Түн басады салбырап, –

деген ақындар ғой бұлар [129, 411].

Драматург Абай өлеңдерін көпшіліктің жатқа білетінін, ақын поэзиясынан жастардың рухани ләззат алатынын білдіру мақсатында Сөлкебайдың сөзі арқылы танытады.

М. Әуезовтің тер төгіп сарыла ізденген, ұзақ уақыт бойына шұғылданған тақырыптарының ең бастысы, негізгісі – халқымыздың ұлы ақыны Абайдың өмірі, оның әлеуметтік ағартушылық және ақындық қызметі. Бұл тақырып оның шығармашылық өмірінің өрісті өзегіне, жазушылық еңбегінің мағынасы мен мақсатына айналды. Жазушының өз мәлімдеуіне сүйенер болсақ, Абай жөнінде жазу ойыонтоғызжасында-ақ асқарлы арманынаайналған.

Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеп жинау, оның шығармаларын бастырып шығару және ұлы ақынның тұлғасын көркем әдебиетке мүсіндеу ісімен М. Әуезов отыз жылдан аса уақыт бойына шұғылданды. Бұл салада оның сіңірген еңбегі мейлінше мол әрі жемісті.

156

М. Әуезов 1934 жылдан бастап көптен ойлап жүрген Абайға байланысты дерек жинап, белсене кіріседі. «Мұхтар Әуезов, суреткер ретінде, бұл тақырыпқа әуелі пьеса, ізінше либретто, кейін сценарий, осылардың үстінде жеке-дара фабуласы бар «Татьянаның қырдағы әні», яки «Ақын үніне сахара мүлгіді» дейтін новелла жазды...», – деп академик З. Қабдолов жазушының шығармашылық жолына сипаттама береді [11, 99].

М. Әуезовтің бүкіл ғылыми-шығармашылық ғұмырында Абай тақырыбы басты орын алғаны белгілі. Ақынның бай тілін меңгеруде рухани мұраның қалыптасуындағы Абайды зерттеп тануы, бүгінгі таңда Мұхтартану саласына жол ашты. Бұлардың өміріндегі сабақтастық туған топырақ, кіндік қан тамырымен ұштасып жатыр. М. Әуезовтің Абай өлеңдерін, қалдырған өнегесін өзі туып өскен ортада жүріп қабылдап, көңіліне құйып өскені, олардың арасындағы рухани жалғастық тууына жағдай жасағанын ескеру қажет.

Абай мұрасынан нәр алып сусындаған, ақын дәстүрін бойына сіңіріп өскен М. Әуезов оған рухани жағынан өте жақын болып кеткен. М. Әуезовтің Абайды білгені соншалық, соған рухани бар болмысымен сіңісіп кетеді. Жазушы шығармашылығы ақын рухымен шығып отырады. Әуезов шығармашылығын зерделей қарағанымызда анық байқағанымыз, оның «Абай» пьесасы мен «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай қалыптастырған мұраның іздері. Өнер адамына арналған көркем туындылар жазып отырғандықтан, Абай образын ашуда жазушы ақынның өз шығармаларын шебер де келісті пайдаланған. Жазушы ақын тұлғасын әуелі көркем шығармада «Абай» пьесасы арқылы сомдап бейнелейді. «Тарихтағы Абай бар да, жазушының творчествосындағы Абай бар, егер жазушы тарихтағы Абайды сол қалыпта ғана алып өзінің даяр сөзімен сөйлетіп, өзінің өмірбаянындағы уақиғаларын жинақтап бере салса, біз үшін қызықты да болмас еді, ол көшірме ғана, болмаса натуралық сурет болып шығар еді», – деп ғалым Е. Ысмайылов Абайдың өмірдегі тұлғасы мен көркем шығармадағы бейнесінің аражігін ажыратып береді

[133, 262-263].

«М. Әуезов пен Л. Соболевтің бірігіп жазған «Абай» атты трагедиясы – аса көрнекті драматургтің қаламынан туа алатын үлкен еңбектің бірі, шебер ойдан, шын жүректен туған пьеса ре-

157

тінде бағалайды академик Р. Нұрғали [95, 146]. Ғалым шығармада ақын өмірінің соңғы жылдары, ақындық творчествоның әбден кемеліне келген кезі қамтылатынын көрсетеді. Бұл кезеңде, яғни өмірінің соңғы 10-15 жылында Абай ақындық творчествосы дамып кемеліне келуімен қатар, өзі өмір сүрген ортаның талай тартысты басынан кешіргенін де түсіндіреді. Пьесаның терең мазмұн мен қызу тартысқа құрылғанын, шебер тілмен жазылғанын анықтап береді.

Әуезов көркем шығармасында Абай бейнесін суреттеуі, оның заманын, өмір жолын, ақындық, ағартушылық, қоғамдық қызметін сипаттап көрсетуі, Абайға арналған пьесасы, опералық либреттосы, киносценарийі, әсіресе төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы жүзеге асты. Демек, жазушы ақын тұлғасын әуелі пьеса арқылы сомдап көрсетеді.

М. Әуезовтің «Абай» трагедиясы – ақынның өмірінен мәлімет беретін, оның қоғамдық-ойшылдық көзқарасын танытатын аса қуатты туынды. Пьесаға Абай өмір сүрген ортаның әлеуметтік тартыс оқиғасы өзек болады. Халқының қамын ойлаған азамат ақынның өмірінің соңына дейін айналасындағы жауыздықпен, надандықпен алысып, хақ жолы әділдікке бастаған бейнесі жан-жақты сомдалады. Шығармада Абайдың халықты бастаған ізгілік ісіне кедергі жасап, ақынға қарсы әділетсіз қоғамның, топас қауымның сойқанды содырлары қастық жасағаны шындықпен суреттеледі. Өзінің айналасындағы екіжүзді зымиян топпен алысып, өмірде сүйенер тірек таппай, сол топтың зұлымдығынан түңілген ұлы жүректің жалғыздықпен күн кешкен өмірінің соңғы трагедиялық кезеңі пьесаға арқау болған. Пьесада Абай ақын ғана емес, ол – күрескер, өз халқының тағдыры мен келешегі жөнінде қатты қайғыратын, осы жолда барлық ақыл-ой, қуат-жігерін сарп еткен ел қамқоры.

Абай мұрасынан нәр алған М. Әуезов өнер адамы туралы пьесасында ақын шығармаларына иек артады. Өлеңнен өзге артында жартулы дерек қалмаған ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде жазу жазушыға оңай соқпағанын ескертеді. Сондықтан жазушы Абай жөнінде көркем туынды жазу үшін ақынның әдеби мұрасына сүйенген. Жазушы Абайдың ақындық тұлғасын сомдап, қоғамдық көзқарасы мен гуманизмін таныту үшін трагедияда ұлы ойшылдың сөздерін негізге алған.

158

Аталмыш туындыны оқу барысында, М. Әуезовтің Абай өлеңдері мен қарасөздерін пьесада өзгертпей, сол қалпында пайдаланатын тұстары, сонымен бірге ақын сөздерін проза тіліне айналдырып, түрлендіріпберетіндежазушыныңсанқырлытәсілдерібайқалады.

Пьесада ақынның бірнеше өлеңдері мен қарасөздері кездеседі. Жазушы Абай өлеңдері мен қарасөздерін трагедиядағы оқиға желісіне орай келтіріп, пьесадағы тартыстың төңірегіне байланыстырып береді. Қаһармандар арасындағы диалогқа ақын сөздерін дәл, нанымды қиюластырады. Мысалы:

«Жетім қозы – тас бауыр: түңілер де отығар» деген сөзі бар еді Абай ағамның, – деген пьесадағы бас кейіпкер Ажардың сөзі ақынның «Жүрегім, ойбай, соқпа енді!» өлеңінен алынып отыр. Әбіштің қалыңдығы Мағыштың кітапты ашып Абайдың:

Мағыш.

Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, Көзбен көр де – ішпен біл. Сүйісер жастар қате етпес,

Мейлің илан, мейлің күл... [134, 320] –

деген өлеңінен үзінді оқып беруі жастардың ақын өлеңдерін сүйіп оқитындығын дәлелдейді. Пьесадағы Абайдың аузынан шыққан әрбір сөзі ақынның өлеңдерінен немесе нақыл сөздерінен алынып отырады.

Абайдың үміт еткен сүйікті ұлы Әбіш бейнесі пьесадағы басқа қаһармандардан дараланып тұрады. Жазушы адал, өмірге құштар Әбдірахманға Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңіндегі ақын сөзін Мағыш екеуінің арасындағы диалогта келтіреді. Мысалы, «Тым құрымаса, сен бақытты болшы. Мен ше? Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан... О-о, өмір!» [134, 345]. Әбіш өз өмірінің шолақ екенін ескертіп, Мағышқа бұл дүниеден өз орнын табуын Абай сөзі арқылы түсіндіреді.

Бұл пьесада Абайдың айналасында тағлымын ұғар, оның өлеңдерін ынтыға оқып, халыққа таратып жүрген бірнеше жастар мен ақынның шәкірттері бейнеленеді. Сондай кейіпкердің бірі Зейнептің:

«Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, –

159

деп еді-ау Абай. Шәкірт болса, ұстазын қуантар шәкірт болсын да», – деген Абайдың өлеңінен үзінді айтуы арқылы ақынды ұстаз тұтып үлгі ететінін жазушы көрсеткісі келеді.

Трагедиядағы екіұшты күрделі кейіпкер – Керім бейнесі. «Керім – өзінің жеке басының қамы үшін қылмыс жасаудан таймайтын зиянды, сұм адам ретінде таныстырылады» Ы. Дүйсенбаев [110, 76]. «Керім характері әртүрлі ситуацияда алуан сырлы психологиялық күйімен ашылады. Жиренше болжамы дұрыс: Керім сыртымен ғана Абай жақ, іштей разы емес, қарсы» [95, 160]. Оның дәлелі ретінде жазушы Керімге:

Керім. «Жеңсікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер жетпей мақтайды» деп еді Абай ағам», – деген сөзді айтқызады.

Бұл ақынның 37-қарасөзінде: «Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды», – деген сөзі болатын. Яғни жазушының Абайды сырттай жақтап, ақын сөзінен дәл осы үзіндіні Керімге айтқызғанында терең мағына бар. М. Әуезов ғылыми монографиялық еңбегінде Абайдың шербешнай съездегі болыстардың қылығына ыза болып, соларға қарата айтқан сөзі деп сипаттама береді.

Пьесадатөртіншіпердебасталғанда, Абайдыңболыстардыәжуалаған «Болыс болдым, мінеки» мен «Мәз болады болысың» өлеңдерінен үзінділер беріледі. Ел ішіне тарап кеткен Абайдың әйгілі өлеңдерін жазушы халық аузынан Оразбай, Жиренше, Нарымбеттерге айтқызады. Абайдың әділдік жолында күрескен Оразбайларментартысынажазушыақынөлеңдеріненмынадайүзінділербереді.

Орман:

Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға [134, 362]. 1-ші кісі:

Оңашада оязға Мақтамаймын елімді, Өз еліме айтамын «Бергем жоқ» деп белімді. 2-ші кісі:

Табаныңнан тозасың, Құр жүгіріп тарпылдап. Орман:

Сүйтсе-дағы елімді Ұстай алмадым мығымдап [134, 364].

160

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]