Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Абай дәстүрінің Мағжанның суреткерлік шеберлігіне әсері қаншалықты болғанын академик З. Ахметов былай деп көрсетеді: «...Мағжанды айтсақ, ол теңдесі жоқ лирик ақын ретінде Абайдың өз көңіл күйін және жалпы адамның жан дүниесін, ішкі сезімін суреттеудегі дәстүрлерін өзінің сыршылдық шеберлігіне тірек етіп, өзінше жалғастырған деу орынды» [32, 70]. Мағжан Абай дәстүрін жалғастырды, сонымен қатар өзі қазақ поэзиясына үлкен жаңалықтар мен көркем игіліктер әкеліп, ешкімге ұқса-майтын тың, соны жол салды. Өзінен кейінгі әдебиетке зор әсер етіп, соны үлгі қалыптастырды.

Осы жерде айта кететін жайт – Мағжанның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы мен өзінен кейінгі әдебиетке жасаған ықпалы жайын зерттеу мәселесі болашақтың еншісінде екендігі. Сондай-ақ Абай мен Мағжан лирикасының сыршылдық сарынын арнайы зерттеу қажеттігін ескертеміз.

Ал біздің зерттеп қарастырған мәселеміз – Абай дәстүрінің Мағжан поэзиясына әсері, Абай мен Мағжан поэзиясындағы азаматтық сарын, сондай-ақ ақындар лирикасындағы табиғат көрінісін суреттеу шеберлігі. Табиғат лирикасына байланысты жазған Абай мен Мағжан өлеңдерінің ортақ басты ұқсастығы: табиғатқа жан бітіріп, табиғат құбылысын адам бейнесінде кейіптеу тәсілі, пейзаж көрінісін берудегі сөзден сурет салған хас шеберлігі, сөз образын жасаудағы көркемдегіш құралдарды сәтті пайдаланған суреткерлік даралығы.

Абай, Ахмет, Міржақып, Мағжандар қазақ әдебиетінде жаңа көркемдік әдістің негізін салды. «Абайды білген немесе оның аты мен шығармаларына сырттай қанық ірілі-кішілі ақындардың Абайдай көркем сөз алыбына еліктемегені, тағлым алуға тырыспағаны кемде-кем» [68, 63].

Қорыта айтсақ, біз арнайы сөз қылған Абай дәстүрін жалғастырған Алаш әдебиетінің өкілдері: Сұлтанмахмұт, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан – әдебиетіміздің шоқтығы биік тұлғалары. Ғасыр басында шығармашылық дарашылдығымен, айрықша ақындық тұлғасымен көзге түскен ұлттық поэзиямыздың ірі өкілдерінің Абай дәстүрін қабылдап, әрқайсысы өз шығармашылығында ақын үлгісін жасампаздықпен дамытқан шеберліктерін ашуға тырыстық. Алаш әдебиетіндегі Абай дәстүрін зерттеу барысында, оларға ортақ мына мәселелерді анықтадық:

61

Алаш ақындары поэзиясымен Абайдың азаматтық сарыны, қоғамдық пікірлері, саяси-әлеуметтік көзқарастары ұштасып жатыр.

Абайдың халқым, елім, жұртым деп соққан жүрегіндегі ұлтжандылық, азаматтық үні Алаш ақындары поэзиясында өрістей түсіп, өлеңдеріХХ ғасырбасындақазақ елінеұранболыптарады.

Абай поэзиясында сөз болып, ащы сынға ұшырайтын қазақ халқының отаршылдық езгіде отырған ауыр тағдыры Алаш арыстарының шығармаларында өткір әшкереленіп, халқының қамы үшін зар шегеді, осы бұғаудан шығуға жол іздейді.

Абай шығармаларында да, Алаш қаламгерлері туындыларында да халқының осынау трагедиясынан алып шығар жол деп тапқаны – жұртының көзін ашып, оқу-білімге шақыруы, өнер мен мәдениетке үндеп, өркениетке нұсқауы.

Абай шығармаларындағы болыс-билер мен атқамінерлердің жағымсыз әрекеттері, елге тізесін батырып отырған қылықтары Алаш ақындары өлеңдерінде де әшкереленеді. Абай заманындағы ел іргесінің сөгітіліп, бірлігі кеткен халі ХХ ғасыр басында да еш өзгеріске түспей, тіпті алашапқын аумалы-төкпе- лі кезеңге тап болғаны ақындардың өлеңдерінде реалистік шындықпен көрініс табады. Халқының қамын ойлап, елін бастап шығар нағыз қайратты ұлды, кемеңгер басшыны армандайды.

Ел ішін жайлап, қазақтың аяғын шалған кемшіліктер ұрлық, өсек, ұрыс-керіс, барымта Абай өлеңдерінде ащы шындықпен беріліп, Алаш қаламгерлері шығармаларында да өткір сөз болады. Олар халқының өз ішіндегі ауыр халіне жүрегі ауырып, елді түзеу жайын ойлайды.

Алаштың ардақты өкілдері ұлттық әдебиетке өз бағыт-бағ- дарымен, өзіндік бет өрнегімен, әсіресе ұлы жаңалықтарымен келген қаламгерлер. Қоғамдық, гуманистік, ағартушылық, демократтық озық идеядағы тамаша туындыларымен, рухани мол мұраларымен қазақ әдебиетінің алтын ғасырын жасаған классиктер.

Алаш ақындарының өлеңдеріндегі ой тереңдігі қазақ қоғамының шындықтарымен тамырластығында жатыр. Абай мен Алаш ақындарын біріктіретін ортақ мақсат: біріншіден, олардың бәрі де қазақ халқының қамын ойлап, ұлттық тәуелсіздігін көк-

62

сеген, ел еңсесін көтеруді мақсат еткен; екіншіден, бәрінің де негізгі ой-армандары елін, халқын жетілдіру, сауаттарын ашу басқа халықтармен терезесін тең ету еді. Бір сөзбен айтқанда, ғасырлар бойғы қазақтың ұлттық рухын паш ету, ел намысын, болашағын аяқасты етпеу.

1.2. Ақын өмір сүрген дәуір болмысының М. Әуезов туындыларында бейнеленуі

Абайдың ғылыми өмірбаяны, ғұмыр кешкен дәуір сипаты түгелдей дерлік кеңес өкіметі тұсында, таптық көзқарас үстемдік етіп тұрған шақта жазылды. Қатал темір саясаттың құрсауында жазылған ақын өмірбаянына қатысты кейбір деректер бір жақты, үстірт қарастырылып, ал кейбіреулері мүлде бұрмаланып та берілді. Бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткен уақытта өткендегі кемшіліктерге сын көзбен қарай отырып, тарих беттеріне үңіле қарағанда, осы жайларға көзіміз жете түсетіні анық. Осы жөнінде белгілі абайтанушы М. Мырзахметұлының айтқан сөзі қазіргі жас буынға ой салады: «Алдымен Абай мұрасын танып білу, түсініп оқу үшін жастарға керегі – Абай ғұмыр кешкен заманның саяси-әлеуметтік болмысы мен дәуір ерекшелігін, қазақ елінің отарлану тарихын, сырттан ендірілген ел билеу жүйесіндегі талас-тартыстың әлеуметтік тамырын білу» [69, 10]. Абай шығармаларында қозғалатын мәселелерді түсіну үшін ақын өмір сүрген дәуір болмысы мен сол ортаның саяси ахуалын білу шарт. Ақын ғұмыр кешкен заманның жағдайын білу үшін ХІХ ғасырдағы Қазақстанның тарихын еске алу керектігін академик М. Әуезов ескертеді. «ХІХ ғасырдың орта кезі, екінші жартысында Абай кезінде болған жағдайларды білу үшін сол кездегі жалпы Қазақстанның тарихи халін еске алу керек», – дейді ғалым. «ХІХ ғасырдың орта тұсында Абайдың балалық шағы өтеді. Бұл кезде Қазақстанда патшалық отарлау саясатының алғашқы дәуірі аяқталған. Әскери колонизация өз дегеніне жеткен шақ. Ол дәуірдің алдында болған қозғалыстар аяқталған кезі. Патша өкіметінің отарлау саясаты өз жемісін бере бастаған мезгіл. Әскери түрде отарлау арқылы бірсыпыра жергілікті

63

шаруа халқының қонысы ауысып, өздерінің шұрайлы жерлерінен айырылады» [70, 5]. ХІХ ғасырда қазақ халқы мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылып, Ресей империясының отар еліне айналды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы қазақ қауымының әлеуметтікэкономикалық, саяси және мәдени өміріндегі түбегейлі өзгерістерімен сипатталады. Бұл өзгерістер ХІХ ғасырдың 60-жылда- рында аяқталған қазақ жерінің Ресейге қосылуына байланысты туындады.

«Тағылық тәсілмен отарлау Ресейдің өз дамуының империалистік сатысына өтуін тездетті. 1868 жылғы әкімшілік реформаға сай қазақ даласы Еуразиялық империяның шет аймағына айналды. Хандық билік патша әкімшілігінің қолдауына сүйенді. Ал орыс шенеуніктерінің өктемдігі орнаған соң патшаның 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы», 1824 жылғы «Орынбор қазақтары туралы» жарлықтарымен хандық билік жойылады. Жарлықтарға сәйкес қазақ жері округтерге бөлініп, оны сайлау арқылы тағайындалған сұлтандар биледі», – деп көрсетілді Қазақстан тарихында [71, 74]. Патша әкімшілігіне өлкені отаршылдық тұрғыда шешу үшін қазақ даласына басқарудың бірыңғай жүйесін ен-гізу және басқа да шараларды жүзеге асыру арқылы Қазақстанды түгел дерлік бағындыру қажет болды.

«Хандық өкіметті жойғаннан кейін енгізілген жаңа әкімшілік құрылыс Батыс-Сібір губернаторы М.М. Сперанскийдің Сібір (қазақтары) қырғыздары аймақтары үшін 1822 жылы әзірлеген «Сібір қырғыздары туралы жарғысында» негізделген. Сібір қырғыздары аймағына Орта жүз жайлаулары, Ұлы жүздің Батыс-Сібір губернаторлығының қарамағындағы бөлігі қарайтын. «Жарғыға» сәйкес бұл жерлер округтерге, болыстар мен ауылдарға бөлінді»....

Жаңа әкімшілік құрылыс жергілікті ерекшеліктерді жойып, байырғы рулық байланыстарды күйретуге тиісті болды. «Уақытша ережеде» қазақ қоғамын руына қарай бөлу мүлде ескерілмей, оған территориялық принцип негізге алынды. Қазақстан тарихындағы мәліметке сүйенсек: «Әкімшілікке бөлу негізінде территориялық принцип алынды. Облыстар уездерге, уездер учаскелерге, учаскелер болыстар, ал болыстар әкімшілік ауылдарға бөлшектенді» [72, 75]. Соның салдарынан Қазақстанның барлық

64

жері үш: Түркістан, Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губер- наторлығына бөлінді. Ол бірнеше облыстан құралды. Әр облыс уездерге бөлінді. Мысалы: Батыс-Сібір генерал-губернаторлы- ғына қарайтын Семей облысы Семей, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Қарқаралы және Өскемен уездерінен құрылды. Уездер жеке әкімшілік бірлік болып табылатын болыстар мен ауылдарға бөлінді. Оған облыстық және уездік орыс әкімшілігі басшылық жасады. Тек болыстар басшылығына ғана қазақ халқының өкілдерінен болыстық басшылар сайланып, әкімшілік ауылдарды сол болыстың басшылары тағайындайтын ауылнайлар басқарды. Ауылнайлар ел ішінде тәртіп сақтау және саяси өкімет билігін жүзеге асырып, алым-салық жинаумен айналысты, билер сотының шешімдерін іске асырды. Болыс басшылары реформаны жүзеге асыру кезеңінде отарлық басқару аппаратының басты тірегіне айналды. Басқару аудандары неғұрлым ұсақ әкімшілік бірліктерге бөлшектеніп, жергілікті жерлерде патша әкімшілігінің билігі күшейе түсті. «Әкімшілік құруда «Бөліп ал да билей бер» деген римдік принцип басшылыққа алынды. Қазақ халқы үш генерал-губернаторлық шеңберіндетарыдайшашылды» [72, 74].

Бұл саяси жағдайды М. Әуезов былай түсіндіреді: «Осындай отарлау саясатын ойдағыдай жүргізу үшін патша өкіметі қазақ жайлаған өлкелерге мемлекет аппаратын құрды. ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін Қазақстан округтерге бөлінуші еді. 1868 жылғы жаңа тәртіп бойынша, енді қазақ даласындағы патшалықтың әкімшілік аппараты басқа түрлі болды. Бар Қазақстан бірнеше облыстарға бөлінумен қатар, сол облыстар уездерге бөлінеді. Уезд болыстыққа бөлінеді. Болыстық ауылнайларға (старшиналарға) жіктеледі» [70, 7]. Тарихи дерекке сүйенетін болсақ: «Басқарудың жаңа жүйесі көшпелілер өмірінің патриархалдыфеодалдық құрылысын шайқалтты, сұлтан-билер мен ағамандардың билігін шектеді. 1867–1868 ж. Реформаларды жүзеге асыру рулық ақсүйектердің ықпалы әлсіреуіне әкеп тіреді, мұның өзі олардың құқықтық, экономикалық және саяси жағдайларынан көріне бастады» [72, 236]. Бұл турасында М. Әуезов: «Қазақ сахарасын билеуде патша үкіметі түрлі әдістер қолданып отырды. Абай өмір сүре бастаған кезде Қазақстан ішкі Россияға сәйкес әкімшілік жүйеге сай бөлінген еді. Алты облысқа (Семей,

65

Жетісу, Торғай, Сырдария, Орал, Ақмола) бөлінген еді. Әр облыстың басында военный губернатор (жандарал) тұрған. Әр облыс бес-алты уезге бөлінген. Ал уезд болыстарға (волость) бөлінген. Бір уезде жиырма-жиырма бестен болыс болған. Ал әр болыс ауылнайға (старшинство) бөлінетін. Бір болыста мың я мың бес жүз үй болатын. Әр жүз үйден бір ауылнай сайланған. Болыстың басында (волостной управитель) болыс сайланып қойылатын. Ал болыстықтан жоғары әкімшілік қазаққа берілмеген. Болыс үш жылда бір сайланатын. Оларды халық емес, елубасылар (әр елу үйден бір адам) сайлайды. Осы елубасылардың тасын алу үшін, бүгін сайлама салып үш жыл бойы талас жүргізілетін», – деп ел басқару жүйесіндегіөзгерістергесипаттамабереді [73, 187].

Абай – орыс патшалығының отарлау саясатының белең алып, елді билей бастаған кезінде өмірге келіп, бейбіт елдің басына тәуелділік ноқтасы біржола кигізіліп, езгіге түскен кезінде тіршілік кешті. Абай өмірбаянына қатысты бүгінге дейін беймәлім болып келген мәліметтерді тауып, жұртшылыққа ғылыми тұрғыдан танытқан ғалым Байғалиев Абайдың ел басқару ісіне араласып, сол ортада 12 жыл үздіксіз болыс болғанын, одан кейін 6 жыл би болғанын архив қорларын ұзақ жылдар ақтару нәтижесінде дәлелдеді. Осы туралы: «Абай ел басқару ісіне кезінде аға сұлтан болған әкесі Құнанбайдың ықпалымен өте жастай араласты. Ол ел басқару ісіне алғаш рет патша өкіметі 1822 жылы 22 шілдеде бекіткен «Устав о сибирских киргизах» атты заң ережесінің іс жүзінде қолданыста болған соңғы жылдарында араласа бастап, одан кейінгі 1868 жылы 21 қазанда бекітілген «Временное положение об управлении в областях Уральской, Тургайской, Акмолинской и Семипалатинской» деген заң-ереженің қазақтар «Жаңа низам» деп атаған билік құрып тұрған жылдарында өзі туып-өскен Тобықты елінде ұзақ жылдар болыс, би болып қызмет атқарады», – дейді [74, 23]. Сондай-ақ тарихи деректерге қарағанда Абай Павлодар, Қарқаралы, Семей, Өскемен уездері мен Зайсан приставтығы билерінің 1885 жылы руаралық Шар съезінде қа-былданған ережені әзірлеуге қатысады. Ол ұсынған жоба 93 баптан тұрады. Онда қазақтардың дәстүрлі праволық заң жүйелері көрініс тапқан.

Отарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарланушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығын

66

айырып, тайпаластар, руластар арасына іріткі салу екені белгілі. Осы мақсатта жоспарлы жұмыс істеген патша өкіметінің әкімшілік аппараты бірді бірге айдап салып, кеңқолтық бейқам қазақтар арасынан парақорлар-пәлеқорлардың жағымпаз бен жан- дай-шаптардың қаптап кетуіне жол ашты. Бұл саясаттың түпкі төркінін анықтаған профессор М. Мырзахметұлы: «...бүкіл қазақ даласындағы партиягершіліктің әлеуметтік-саяси төркіні қайда жатқанын, оның қандай саяси мақсатпен өндірілгенін Сырдария облысының генерал-губернаторы Н.И. Гродековтан артық әрі ашық айтқан кісі болған емес», – дейді. «Ол өзінің 1889 жылы Ташкентте басылған «Сырдария облысының қырғыздары мен қарақырғыздары» еңбегінде: 1817 жылдың заңы ... қазақ руларын ыдыратып әлсірету мақсатымен көшпенді халықты болысболысқа, ауыл-ауылға бөлуді өте қажет деп қарады. Өйткені көптеген қазақ руларын тұтастырып бір үлкен ру басына билету саяси жағынан барынша зиянды нәрсе деп табылды. Осы мақсат негізінде 1817 жылы болыстар құрылып, оларда мүмкіндігінше әртүрлі руларды мидай араластырып жіберу көзделді» [6, 68].

Отарлау саясатындағы бұлай бөлудің түпкі негізі бар. Халықтың бірлігін жою, аздырып-тоздыру, Ресей империясына толық бағындыру еді. Ол мақсатына билік пен сайлау жүйесі арқылы толық жетті. Территориялық принцип бойынша бір руды ыдыратып, болыстық таластағы партиягершілікті күшейту үшін, болыстықты біркелкі ру адамдарынан құрмай, оның құрамына әдейі бір-бірімен партиягерлік таласына түсетін әр-түрлі рудан құрастырады. Сайлауға түсер алдында он екі болысты осылай бір-біріне айдап салады. Демек, рушылдықтың отына май құйғандай партиягершіліктің мақсаты ұйып отырған елді сүттей іріту еді.

Абайдың бүкіл саналы өмірі, шығармашылық әрекеті осындай ерекшелігі бар тарихи қоғамдық өмірдің ортасында өтіп жатты. Міне, Абайдың ел тірлігіне араласып, әлеумет қайраткері болып шыққан, ақындық өнерге ден қойған тұстағы бүкіл қазақ даласындағы жағдайы осындай болатын. Осындай жағдай Абайдай алыпты өмірге әкелді, оны «мыңмен жалғыз алысуға» мәжбүр етті.

Осы жерде ғалым Т. Жұртбайдың Абайдың саяси әлеуметтік лирикасы жайлы айтқаны ойға оралады: «Абайдың тағдыры

67

мен тауқыметті толғаныстарының тамырын өзі өмір сүрген заманынан, отаршылдық езгіден бөліп алып қарау мүмкін емес. Осы уақытқа дейін Абайдың зарға толы өлеңдерін бай мен болысқа ғана қаратыла айтылған, орыстың шенеуніктерін ғана әшкерелеген деп бағалап келдік. Шындығына сайғанда, Абай осы туындылар арқылы Ресейдің отаршылдық пиғылын, құлдыққа айналдырмақ болған құлқын қолқасымен суыра әшкереледі» [23, 15]. «...Абайдың ақындық әлемі оның қоғамдық-әлеуметтік қызметімен, ол өмір сүрген қоғамның саяси-экономикалық ахуалымен іштей қабысып, тығыз байланысып жатады. Көпшілік жағдайда ақын басынан кешкен өмір шындығы оның қайталанбас бірегей туындыларына сәуле түсіріп, көркемдік шындыққа айналып отырған» [74, 6]. Абай елдің бірлігінің кеткенін, ел іші бұзылғанын жүрегі ауыра отырып жырлайды:

Ұрысса орыс, Елде болыс

Үйден үрген итке ұқсап, Өзі ұлыққа, Кәдір жоққа

Қарамай, өз халқына. Сөз қайырмай, Жөнді айырмай

Жұртқа шабар талпына. Ел де жаман, Ер де жаман – Аңдығаны өз елі, Елде сияз, Ойда ояз,

Озбай-ақ тұр со жері. Кетті бірлік, Сөнді ерлік

Енді кімге беттемек? Елің – ала, Отты шала,

Тайса аяғың, кім көнбек? [75, 94].

Абай жырлаған болыстардың жексұрын әрекеттерінің түп негізін туғызып отырған – осы саяси мақсат. Ресей империясы өзінің билігін жүргізу үшін болысты шығарып, оларды халыққа айдап салар қолшоқпар ретінде пайдаланды. Болыстың дербес билігі жоқ. Оның еркі екі жақты тәуелдіболды. Әуелі– империяға, содан соң–

68

сайлаушыларына. Өзі надан, қорқақ, көрсоқыр. Сырт қарағанда, Ресей империясына берілген және сол үшін қызмет ететін болып көрінсе, ал түптеп келгенде оны іштей жек көреді. Мансап үшін болысболып, елгетізесінбатыруүшінолбәрінедаяр.

Абай өзінің үшінші қарасөзінде осы партиягершілікті, болыстық сайлауды сынайды: «Әр-берден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке, болыстық, билікке таластық», – дейді [76, 98]. Болыс болу үшін ел ішінің атысып-шабысып, қызметке таласып болғанын айтып ақын күйінеді. Қазақ ішіндегі болыстың сайлауға түскеннен кейінгі жағдайын былай деп түсіндіреді: «Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы: «Сені біз сайламадық па?» – деп елдің бұлданғандығымен күн өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күн өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап, тағы болыс болып қаларға мүмкін болар ма екен деп күн өтеді. Енді несі қалды? Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан-жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң менің ойыма келді…» [76, 98-99].

Абай ел ішінің бұзылып, халықтың бірлігінің кетіп бара жатқанына қатты налып, қатты күйінеді. Ел іргесінің бұзылуының басты себебін осы болыстық сайлаудан, билікке таласудан көреді. Бүкіл қазақ даласына партиягершіліктің тигізіп отырған зиянды жақтарына көз жіберсек: «Бұл дертке ұшыраған талай байларымыз малынан, абыройынан жұрдай болды. Қырық жылдан бері ойлаған ойымыз, жұмыстаған жұмысымыз бір ғана сол партиягерлік болды. Бұл жолға бүкіл қазақ баласы болып ақылымызды, өнерімізді, иждиһатымызды, күшімізді һәм малымызды қаражаттап жұмсадық. Үлкен-кішіміздің ойлағанымыз, іздегеніміз партиялық болды, бөтен істі ойлауға, жұмыстауға партия ісінен босана алмай, уақытымыз босамады. Әлі күнгеше сол дерт бізді айналдырып келе жатыр. Мінез-құлқымыз, ниет-пиғы- лымыз мүлдем бұзылып болды» [6, 68].

Қазақстан жері түгел отарланып, халық бодандыққа ұшыраған соң, кең байтақ қазақ даласын экономикалық және идеологиялық жағынан меңгеру мәселесін патша үкіметі күн тәртібіне қойды. Бұл үшін қазақ алдын ала ойластырып, көп жылғы ғылыми зерт-

69

теулер мен «бейбітшілікті» бүркенген экспедициялар ар-қылы халықты билеудің жаңа жүйесі – территориялық принципке негізделген көп сатылы болыстық сайлау жүйесі енгізілді. Мұның өзі – қазақ даласында бірыңғай билік жүргізу үшін үкімет арнаулы «дала комиссиясын» құрып, қазақ елін алдын ала жан-жақты зерттеп барып келген елеулі түрдегі саяси-әлеуметтік қорытындысы болатын. Бұл мәселенің түбірлі зардабын қазақ интеллигенциясының алғашқы тобы, яғни өмірі мен шығармашылығы көп жылдар бойы ақтаңдаққа айналған ақын-жазушылар, Алаштың азаматтары, терең сезініп, қарсылық білдіргендееді.

«Отыз жастарға келгенде Абай феодалдық-рулық ортадан біржола түңіледі. Ол патша үкіметі тұтандырып отырған рулық тартыстың халық үшін өте ауырға соғатынын анық көреді» [77, 367-368]. Бас билігі түгелдей патша өкіметінің тізгінінде болған қазақ халқының сол кездегі ел басқару жүйесіне Абайдың наразы болғанын оның шығармаларынан айқын тануға болады. Абайдың шығармашылық мұрасында ел ішінің саяси жағдайы мен халық тағдыры, ел билеу жүйесінің келеңсіз жайларына арналған өлеңдері көп.

Ресей империясының енгізген территориялық принципке негізделген ел басқару жүйесіне қазақтың тұңғыш ғалымы, озық ойлы кемеңгер ұлы Шоқан Уәлихановтың да қарсы болғаны белгілі. Шоқан қазақ халқының ежелден келе жатқан рулық билік жүйесін дұрыс деп санайды және соны құптайды. Бұл пікірді Шоқан Уәлихановтың «Сот реформасы жайында» атты еңбегіне сүйеніп айтып отырмыз. Аталмыш еңбегінде ғалым ежелгі халықтық үлгідегі билер сотын ұсынады. Ол бұрыннан келе жатқан билердің соты мен қазіргі орыс ұсынып отырған мировой соттың аражігін ажыратып береді. Қарапайым халық өкілдері мен болыстардың, атқамінерлердің көзқарастары қандай екеніне талдау жасайды, олардың пікірлерімен санасады. Мәжіліс ұйымдастырып, «...билер соты мен съездерін ежелгі халық үлгісінде қалдырып, оған заман рухы мен жағдайға байланысты кейбір үйлесімдік пен қосымшалар енгізілсін», – деген мәселені жоралғы етеді. Халықтың сот реформасына деген көзқарасын былай деп түсіндіреді: «Болыстар өздерін сақтап қалу мақсатымен қазірде қолдарындағы чиновниктік билікке тікелей қауіп төніп тұрғанын аңғарып, билерге қатты қарсылық көрсетті.

70

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]