Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

немесе халық тұрмысынан мүлде ығыстырылып қалатыны белгілі. Ал солардың ішінде өміршең, әр заманда өз мәнін арттырмаса, кемітпейтін салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар да бар. Соның бірі

бесікке салу дәстүрі. Көшпелі тұрмысқа әбден қолайлы бесік – заттық мәдени құндылық қана емес, ұлттық менталитеттегі лингвомәдени категория ретінде ақпарат көзіне айналған.

Ата-баба дәстүрін ұлықтап, барлық дәстүрін сақтаған жас жанұялар бұл күнде де баршылық. Эстетикалық нысана болу – тек өнерге, әдебиетке ғана емес, қоғамдық өмірдің материалдық, әлеуметтік, рухани аясына да қатысты. Ұжымдық дүниетанымының қағидасы бойынша, қасиетті бесікке қатысты ырымжоралғылар түгел сақталып отырған. Жаңа туған баланы бесікке салу деген құрметті дәстүрге байланысты ырым-сенімдерге аса мән берген халқымыз, баланы бесікке бөлеуге де ерекше көңіл бөледі. Бесікке салу – жолы өмірі мәнді ел анасына немесе бауырынан өнегелі көп ұрпақ өрген ардақты аналарға лайықты деп есептелген. Сол абзал аналар сәбидің кішкентай ұясын отпен аластап, «пәле-жаладан тазартқаннан» кейін, ақ бесікке бөлеп, бесік жырын айтқан. «Әрі қарай өмір бесігінде тербеле берсін» деген тілекпен бірге, өмір жолындағы ұлы мақсаттарына жетуіне ниет қосады: «елін қорғар батыр болу да, сөзіне ел ұйыған шешен болу да, бармағы майысқан қатардағы шебер болу да – бесіктегі сәбидің ендігі еншісі» деген үкілі үмітін қоса «бөлеп жіберген».

Мазмұны халықтық дүниетанымнан сыр бөлісетін вербалды, бейвербал таңбалар Абай шығармашылығында түрлі прагматикалық сипат иеленген.

Ұлттық танымда бесікке қатысты ұлттық мәдени ерекшелікті айқындайтын мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер тәрбие құралы, тәрбие көзі ретінде пайдаланылған. Мысалы, «есік көргенді алма, бесік көргенді ал» дегенде ер жеткен баласына қалыңдық іздегенде есік көрген (бұрын тұрмыс құрған) адамды емес, бесік тәрбиесін ғана алып, ата-ананың алақанынан шықпаған қызды іздеген. Бұл мәдени стереотип мазмұны «қызға қырық үйден тыю» сияқты дала мектебінің тәрбиесінен тәлім береді. Бейвербал таңба – бос бесікті тербетпеуде терең сыр бар. «Бос бесікті қозғамау» ырымы – жамандық, пәле шақырмауды білдірсе, «бесіктен белі шықпау» фразасы буыны

161

бекімеген, бұғанасы қатпаған жас баланың эпитеті қызметінде немесе «әлі жас» деген ауыспалы мағынаны білдіру үшін қолданылатыны белгілі.

«Тал бесіктен – жер бесікке» дегеннің де философиялық мәні зор...

Қорыта келгенде, Абай шығармалары мәдени ақпараттан мәлімет бере отырып, тәрбие құралы ретінде коммуникативтік, этномәдени мазмұнында кумулятивтік қызмет атқарады.

4.2 «Қымыз» концептісі арқылы рухани құндылықты бағалау

Адамдар өз өмір тәжірибесінде объектив дүние сырын танып, біле түскен сайын, өмір құбылыс, зат мәні туралы түсінігі өзгеріп отыратыны белгілі, ал соған сай өздері бұрын таныған құбылыс мағынасында да өзгерулер мен жетілу, толысу болатыны анық, яғни белгілі бір концепті мағынасын ашып көрсеткенде, оның басты семантикалық өрісімен қатар, нақты бір жағдаятқа сай толығып қосылған немесе өзгеріске түскен сипатбелгілер жайы да сөз болмақ, себебі мағына мен мәннің өзгеруіне мәдениет дамуы, саясат ықпалы, уақыт таңбасы, идеологиялық бағдар сияқты объективті факторлардың әсері болары сөзсіз.

Абай поэзиясы жаңа әлеуметтік-философиялық мазмұнға лайық жаңа эстетикалық түр-сипат туғызады, яғни жаңа мазмұнға сәйкес жаңа түр табады. Бұл құбылысты ақын шығармашылығын саралау барысында көз жеткізе аламыз. Абай тілдік тұлғасы дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі қарапайым киім-кешек, тағам атауларын және қимыл-әрекет, қозғалысты танытар бірліктер мәнін әлеуметтік таңба немесе мәдени код дәрежесіне жеткізеді. Мысалы, киім кию – қоғамдағы орынды айқындаса, тағам – қанау құралына айналды, ал қимыл-әрекет те «өз тілі» арқылы қоғамдық мәселелерді көтере алады.

Өз шығармашылығы арқылы ұлт мүддесіне қызмет ету міндетін алға қойған ақын-қаламгер өзінен бұрынғы дәстүрді меңгеріп алумен шектеліп қалмайды. Ондай жағдайда дәстүршілікке бой ұрғаны болар еді. Жаңашыл ақын Абайдың тілдік

162

тұлғасы бұрыннан өлеңге өзек болып келе жатқан белгілі жайттарды жалаң қайталауға бармады. Сөздің қоғамдық рөлін терең сезінген ақын шығармашылық тоқырауға ұрынудан бойы мен ойын аулақ салды. Әр қазаққа етене таныс қарапайым жайттан күрделі мәселе деңгейіне тереңдеді. Сөйтіп өзіне дейінгі ой орамдарынан өзгеше ой айтып, басқа бейне сомдайды, қоғамдық ой айту үшін тыңнан жол салады (Зерттеу барысында талдауға түскен «қымыз», «тон», «шен-шекпен», «мақтан», «өтірік» лингвокультуремалар мәні оған дәлел бола алады).

«Қымыз» концептісінің құрылымы арқылы Абай – тілдің қоғамдық қызметін жете пайдаланады. Ең алдымен қымыз сөзінің лексикалық (денотаттық) мәнін мәнін ашып алған жөн.

Қымыз – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде орны ерекше, маңызы жоғары тағам түрі. Ол, біріншіден, бойға қуат дарытатын, нәрлілігі басым сусын болса, екіншіден, қазақ тұрмысында алыс жолдан шаршап келген жолаушыға немесе үйіне арнайы келген қонаққа ұсынылатын қадірлі ас.

Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Алғаш рет қымыз ашытарда биі сүті сабаға, арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып сүттен әзірлейді. Қор дегеніміз ескі қымыз, ол – жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны. Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіштен өткізіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы саумалдың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап не тығындап ұстаған.

«Ауруға ем, сауға қуат, дәрі – қымыз» – дегендей сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз – ерекше дәмді, құнарлы, адамның жан сарайын ашып, зауқын келтіретін хош иісті және өте сіңімді сусын. Оның бұлай болу себебі жылқы жануардың өзіне ғана тән асыл қасиетінен болса керек. «Адымы кең, өрісі ұзақ сәйгүлік саңлақтар қазақ даласының кең байтақ жайлауын емін еркіндеп, дәмдіден – дәмдіні, қоректі мен құнарлыны ғана тереді, өсімдіктің шұрайлысын ғана үзеді. Сөйтіп кең даланың сан алуан – бәйшешектері мен мың түрлі дәрі-дәрмектік шөптерінен жылқы малы адамға шипалы, жағымды тамақтық заттарды өз бойына сіңіреді деуге болады».

163

Қымыздың түрлері. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз деп атаған. Сондай-ақ уыз қымыз, бал қымыз, түнемел қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз, құнан қымыз, қысырақ қымыз, қысырдың қымызы, сірге жияр деген түрлері де бар («Шаңырақ» энциклопедиясынан).

«Қымыздың концептуалды» мағынасы. Қымыз – көрсетілетін сый-құрметтің рәмізі. Ұлттық танымда орны осылайша белгіленген қымыз лингвомәдени таңбасы Абай дискурсында одан өзге мәнмәтіндік, стильдік реңкте қолданылады. Абай өзіне шейінгі қазақ әдебиетінде белсенді өрістемеген сөз – образдар арқылы философиялық пікір айту әдісіне кең жол ашады, философиялық ойды өз биігіне көтере білді дедік.

Сөйтіп, ұлттық стеореотип Абай дүниетанымында «өзгеріске түседі». Тілдік тұлға тезаурусында (Абай шығармаларында)

онға жуық қолданылған («қымыз құйған», «бір аяқ қымыз берген», «қымыз – борыш», «қымыз – мақтан») сияқты тілдік бір-

ліктер мәні қоғамдық-әлеуметтік сипат иеленген.

Абай қазақ тіршілігіндегі қымыз сияқты қасиетті, мәні зор ас түрін, физиологиялық қажеттілік қана емес, идеологиялық тәрбие құралы ретінде пайдаланбақ болған деп айта аламыз. Біріншіден, Абайдың «мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» деген ұстанымы және қымыз сөзін негіз етіп алған өлең идеясы қымыздың «мәртебесін» осылай анықтауға «құқық» береді. Екіншіден, абайтанушы ғалым Р. Сыздықованың атап көрсеткеніндей, «Қазақ қоғамының мәдени талабын жалғыз көркем әдебиет қанағаттандыра алмады» [4, 48]. Ағартушы-ұстаз Абай сөздің қуаты мен әсер-ықпалы арқылы тәрбиелеуді де мақсат еткені мәлім. Көркем дискурста оның бірнеше мысалын береді.

Соның бірі, қымыз сөзін ой қазық етіп алған мәтіндердің прагматикалық қызметінен көрінеді. Ол адам бойындағы кесірлі әдеттерден (қызық қуу ↔ қымыз қуу; еңбектен қашу ↔ қымыз іздеу; мақтанға салыну ↔ қымызға масаттану) жирендіруді мақсат етеді; немесе өзі айтқандай, «Қаруыңның барында қайрат қылмай, Қаңғып өткен өмірдің бәрі де – жел» болатындығын санаға сіңдірмек болады.

Осы айтылғандар мәтін бойынан табылатындығына тезаурус қатарларын талдау арқылы көз жеткіземіз.

164

Қымыздың коннотациялық мәніне қатысты алғанда дүниенің тілдік бейнесі автор танымында мына тұрғыдан суреттеледі:

І. Қымыз – әлеуметтік жіктелістің символы. Оны іштей былайша саралауға болады: 1) Қымыз – байлық, өйткені қолында қымызы бар мен қымызы жоқтар қоғамдағы таптық бөлініс-

ке негіз болады, яғни бай мен кедейге ажыратылады. Қымызы бар қымызы жоқты өзіне тәуелді етеді. Автордың айтпағы – осы: «Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген / Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа»; «Сабадан қымыз құйдырып / ортасына қойды-

рып, жасы үлкендер бір бөлек»...

2) Қымыз – байлықтың бағасын арттырушы құрал, сөйтіп мақтанға көрік беруші ықпалды күш.

Тілдік тұлға риторикалық сұрақ қояды: «Осы қымыз қазаққа / Мақтаның ба, асың ба?» – дей отырып, мәнмәтіндегі айтылмақ негізгі ойға ауысады. Қымыз ас, тағам болудан әрі тереңдеп, мақтанның белгісіне ауысқандығын мәтін түзіміндегі компоненттер одан әрі нақтылай түседі:

«Осы қымыз қазаққа / Мақтаның ба, асың ба? Мақтанға бола жиям деп, / Жылқы үшін жұртқа бас ұрма.

Қымыз, семіз дегенің / Бір мақтан ғой жасырма».

Бірнеше рет логикалық екпін түсе айтылған мақтан семасы

қымыз идеясын өзектендіретін стимулятор. Стилистикалық көркем тәсілдің бірі – қайталамалардың мәтін түзіміндегі стильдік қызметі осы тұста тағы бір байқалады. Мақтан сөзі авторлық мақсатқа сай үш рет қайталана қолданылып, көркемдік аясын кеңейткен.

3) Қымыз – қызық қуғанның серігі, бос жүріске салынған-

ның құмары. Бұл – оның концептуалды мәні болса, прагматикалық сипатымен де ерекшеленеді, сол себепті автор қолданы-

сында мінез-құлықты әшкерелеу құралы. Онымен үндес тағы бір мәні – «харекетсіз жасты» еңбек етіп, мал табуға үндеу, яғни

«Еңбек жоқ, қарекет жоқ, қазақ кедей Тамақ аңдап қайтеді тентіремей? Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді, Ол немене жоқтықтың әсері емей?

Ет, қымыз тамақ болса, әр кімге арзан,

165

Тәтті, дәмді іздер ең онан да арман. Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр, Құлдық ұрып асайын осы бардан».

Абай осы өлеңінде тамақ аңдыған, «жылы жүзін асқа сатқандар» мен ас берер ауылды іздеп жүргендерді өз еңбегімен мал табуға үндейді. «Асаған, ұрттағанға (қымызға) жұбанатын ез болмай», еңбек ету керектігін айтады, өйткені «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар».

Ақынның «қорқатыны» – терін емес, «телміріп көзін сатқандар», сондықтан борышкер болып қалмау үшін «Қызылшыл семіз, жас қымыз / Бір үлкен борыш басыңда. Жуасты мін де, айран іш, жоқ немеге шатылма» – деген тыйым салуында да мән бар: Ол мән – «жүзін асқа сатудан» сақтандыру мәнімен ассоциацияға түседі.

Қорыта айтсақ, бұл ойдың уәжі қоғам қайраткері, ағартушы, ойшыл ақынның «тіл (сөз) – қоғамды жетілдіретін, көпті тәрбиелейтін қуатты құрал», – деп қарағандығына байланысты. Тілдік тұлға прагматиконы қоғамдық санада осылайша өзектеле түседі.

Біздіңше, Абай ақын тағы бір тың тұжырым ұсынған. Ол: «күнделікті қорек көзі – қымыз қоғамдық сипат иеленген әлеу-

меттік таңба (белгі)» деген ойға жетелейді. Тілдік санадағы әлеуметтік таңбаның қызметі өлең идеясына өзек болған.

Тақырып пен идея жалғастығы принципі Абайға дейінгі және онымен тұстас, одан кейінгі де қазақ көркем әдеби тілінде әрі қарай өрістегеніне куә боламыз.

Салыстыра қарағанда, «Қымыз» тақырыбы Дулат ақында да, Абайда да, А. Байтұрсынұлы және І. Жансүгіров те де әлеуметтік мәселе деңгейінде көтеріліп, қоғамдық дәрежеге жеткенін байқадық.

Белгілі бір кезеңде жасалған образдар мен метафоралардың көркемдеу амалы ретінде кейінгі толқында қайталанып келуін және әр дәуір ақындарында тақырып пен ой ортақтығы болуын белгілі ғалым Р. Сыздықова «жалғастылық принципінен туған заңдылық», – деп есептейді [4, 450].

Ұлтқа ортақ дүниетанымның қай салада болсын бой көрсетуі ықтимал. Оған объективті, субъективті факторлар ықпал етуі де сөзсіз. Осы аталған табиғи заңдылықтардың қазақ поэзиясы

166

тіліндегі көрінісіне лингвокогнитивтік бағдар жасауға болады. Белгілі ғалымдар М. Әуезов, Қ. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Р. Сыздықова т.б. зерттеп, талдап көрсеткеніндей, Абайға дейінгі қазақ поэзиясының қуатты мектебі болған. Ол Абайдың ақындық биік шеберлігіне баспалдақ дәрежесінде еді.

Зерделеп, зерттегенде танылғаны – Дулат ақын мен Абай көзқарастарында идеологиялық қайшылық емес, рухани үндес-

тіктің, үйлесімнің болуы, тіпті жиі қайталанатыны дәстүрге айналған деуге болады.

Зерттеушілердің назар аударғаны – Дулат пен Абай шығармашылығындағы тақырып, көркемдік бейне, жалпы идея мәселесінің тоғысуы. Бірде жарысып, бірде жалғастық тауып жатқан шеберлік пен көкірек көзімен зерделегенде ғана ұғынылатын астарлы ой сабақтастығы екі сөз зергерін байланыстыратын рухани арқау екені даусыз.

Дулат пен Абай шығармашылығында тілдік, көркемдік үйлесіммен қатар, дүниетаным және ой үндестігі де қабысып жатыр. Солардың қатарында Дулат ақынның «Қылжың, қылжақ туысқан» және «Май, май десең» шығармасы мен Абайдың «Аш қарын жұбана ма, майлы ас жемей» және «Осы қымыз қазаққа»... деген өлеңдері бар.

Абайдағы ішкен қымызына мастанып мақтан қуған («Қымыз, семіз дегенің, Бір мақтан ғой..., Мақтан қума, керек қу» желікпенің образын алсақ, ол Дулаттағы («Қымызы бар құ-

тыртса, Соқтығасың әркімге) қымыздың өз күшінен гөрі қымыз иесінің күшін артық бағалап, содан қуат» алған образдан гөрі терең бейнеленген.

Дулат өлеңінде қымыз иесінің ықпалы басым болса, Абай қолданысында қымыздың өзі «билігін жүргізеді».

Әлеуметтік сарын адамның пиғыл-ниетінен оның тағамына ауысқан. Әйтсе де, келесі бейне екі авторда бірдей әрекет етеді. Екеуінің шаруаға құлқы жоқ, екеуінің де аңдығаны – тамақ. Салыстырсақ:

Абайда:

«Еңбек жоқ, қарекет жоқ, қазақ кедей, Тамақ аңдап қайтеді тентіремей Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді, Ол немене жоқтықтың әсері емей»...

167

Дулатта:

«Шаруа десе жиреңдеп,

Өсек десе сүйреңдеп,

Қымыз аңдып қыдырып,

Бейпіл сөзге сыдырып, Жалаңдасып ұл кетті»

Мәтін түзіміндегі курсивпен берілген жолдарда ой ортақтығы анық байқалады. Жалпы екі шығармадағы идея мен тақырып бірлестігі де, тілдік, көркемдік үйлесім де – «дәстүр жалғастығы принципінен туған заңдылық» деп есептейміз. Сонымен қатар, бұл заңдылық осы өлеңдер бойында тұтастай сақталған. Дулат өлеңі мәнмәтініндегі «Бейпіл сөзге сыдырып / Жалаңдасып ұл кетті» деген ой Абай қолданысында тұтас, бір мәнмәтінде берілмесе де, өлеңнің құрылысында әр шумаққа «ша-шы- рай» орналасқан. Мысалы, Дулаттың «Бейпіл сөзге сыдырған» ұлы, Абайда «күлдіргіштеу, қалжыңға ұста», яғни алдыңғыдан сәл «мәдениеттілеу». Есесіне, Дулаттағы «Жалаңдасқан, қымыз аңдығандар» мен Абайдың таным дүниесіндегі – «бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан» бейне өте ұқсас болып беріледі. Олар енді аңдығанды қойып, тіпті жүзін де сатып жібереді.

Бұл Дулат заманында басталған келеңсіздіктің Абай ортасында асқынған күй кешкенінен хабардар етеді, соны дәлелдейді. Заманның, әлеуметтік ортаның ащы шындығын көрсетеді.

Абайдың философиялық дискурсында көркемдік шындық пен өмір шындығы, тең түсіп жатыр. Бұл көркем уақыт және көркем кеңістіктің шынайы уақытпен сәйкесуінен туса керек. Уақыт және кеңістік континуумы Абай туындыларын өміршең еткендіктен, қай кезеңде оқысаң да, өзінің шынайылығымен баурап алады. Оның тағы бір себебі – өлеңнің көркемдік қуаты және шығармадағы факторлардың ақиқат дүние бейнесінен алынғандығы дейміз.

Уақыт талабына сәйкес әдебиет өмір тынысынан әркез хабар жеткізіп отырады. Дәуірі ортақ, сезіп-сезінгені үндес келіп жатқан қаламгерлерде рухани байланыстар да үзілмейді.

Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді қозғау үшін халықтың болмыс-бітімін ерекшелейтін рухани және материалдық мәдениет түрлерінің қайсысын болсын шебер пайдаланған тілдік

168

тұлға шығармасының мотивациялық деңгейі мен прагматикалық уәжі, өзге ақын-жазушылар стилінен де байқалады.

Заманы бір, ойы мен рухы жақын ақындарда айтар ұлағат пен «күйдірер күйік» те – ортақ болуына уақыт төрелік етеді. Мысалы, қымыздың – «идеологиялық азыққа» айналуы мәселесін А.Байтұрсынұлы шығармалары желісінен де табамыз.

Қоғам қайраткері, азамат-ақын әдебиеттің қоғамдық мәнін терең түсінген. Ол шығармашылығын өз мұраты мен саяси мүдделерін жүзеге асыратын, оны танытатын күрес алаңы етіп алады. Ал өлеңдерін сол идеяларын жүзеге асыруға бағыштайды немесе ағартушылық мақсатқа пайдаланады. «Қымыз» концептісі А. Байтұрсынұлының да бірнеше өлеңдерінің идеялықстильдік көркемдігіне айналған.

Соның бірі – Абайдың «Сегіз аяғы» үлгісімен жазылған «Жиған-терген» атты идеологиялық салмағы зор шығармасында көрініс табады. Автор ел еңсесін басқан жайттардан сөз қозғайды, қоғамдағы өзекті мәселелер: елдік, бірлік, әділдік туралы ой қорытады. Қоғамдағы келеңсіз көріністерге ашынғанда, «сөзіңді ұқпас көп наданнан» Абайша түңілгенде ащы сын айтады. «Улы сия», «долы» қаламынан зар төгіледі: «Ұлғайып қайғы /Уытын жайды, / Айтпасыма болмады» – деп келеді де, әрі қарай енжарлық пен бойкүйездікті, болашағын ойламас бейқамдықты сынап қана қоймайды, «белі сынуға таянған елінің» тағдырына толғанады.

«Емшегін еміп, / Анағасеніп, / Бала ұйықтайды жастықпен. Қымызға қанып, / Қызарып жанып, / Бай ұйықтайды мастықпен». Бұл мәнмәтіндегі қымызға қану – елдің өзін-өзі ұмытуы деген астарлы ойды білдіреді. Мәтін түзімін құраушы компоненттер осы ойды дәлелдей түседі, яғни «түксиген мұртты обыр» әдейі осылай етеді. Ол қазақтың өз қымызын өзіне жау етіп, ұйықтатып тастайтын, рухани ұйқыға жіберетін у – дәрі

ретінде пайдаланады. Автордың жан айқайы:

«Түн етіп күнін, Көрсетпей мінін, Оятқызбай қорып тұр / Обыр болса қамқорың, / Қайнағаны сол сорың!» –

дегендей естіліп, көзі жұмулы елдің, санасын «аш көзіңді, оян!»

– деп сілкілемек болады. Бұл – А. Байтұрсынұлының ел еңсесін

169

көтеру үшін және билеуші империя саясатынан сақтандыру үшін қолданған амалы. Өлеңнің прагмастилистикалық мақсаты осылай анықталады.

«Ақын ініме» өлеңінде жаңағы «ұйықтату амалына айналған қымыз» енді, сөзді ұқтырудың, елдің санасын ұйқыдан оятудың бір амалы болып, басқа қырынан алынады. Мысалы:

«Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа, Ет асып табақ-табақ шақырым, інім,

...Қымызды шара-шара сапыр, інім. Ет пенен қымыз беріп сөйлеп көрсең, Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім Ақылың Аплатондай болса-дағы,

Қымыз бен еті жоқ құр татыр, білім (40).

Өлең идеясы: біріншіден, «түйсіксіз елге» керегі рухани азық (ақыл, пікір) емес, тамақ; екіншіден, «ақылың Аплатондай болса-дағы» қолыңда ұсынар қымызың болмаса, сенің бағаң кем, бақытың мен бағың бір аяқ қымызға байланған», – деген ой түйгізеді. Сөйтіп, қоғамдық санадағы адам образын аша отырып, өзінің қоғамдық өмірге қатынасын қоса білдіреді. Ағартушылық идеясының бір мақсаты – тәрбилеу болса, «Ақын інісіне» соны қалай жүзеге асырудың жолын нұсқайды.

Өлеңнің когнитивтік деңгейінен нені ұғамыз? Ұстазы Абай айтқандай «ақыл тыңдағаны үшін ақы сұрайтын» көптің де, «ақы беріп тыңдатқан сөздің» де құнын пайымдай аламыз.

Абайдың «Жүрегім, нені сезесің?» өлеңіндегі мына жолдар да осы талдауға түсіп отырған «Ақын ініме» өлеңінің астарымен толық үндестік тапқандай:

«Ақы беріп тыңдатқан Сөз көкейге қонар ма?

Құлағын сатқан – тәңірі атқан Оңдырар ма, оңар ма?».

Бұл – ой қайталау ма? Әлде жалаң еліктеу ме? Әрине, екеуі де емес! Қазақ әдебиетіндегі биік Тұлғалардың ой үндестігі.

Дүниенің концептуалдық бейнесін зерттеуде тұлғалардың танымдық-тілдік субъект ретіндегі қызметі өте ұқсас болған. А. Байтұрсынұлы дәстүр жалғастығын осылайша ұтымды ұлас-

170

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]