Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

Өзінің құдасы Күлембай болыстың «сыяз бар десе жүрегі орнықпай суылдап, сыртқыларға сыр бермей құр күлгенін», күштілер сөз айтса, бас изеп шыбындағанын» өз аузымен айтқыза отырып «міндейді».

«Жауға мылтық, досқа ынтық» інісі Оспанның, «жақсы өмірі бұзылмай, жас қуаты тозылмай» өмірден ерте өткеніне күйінеді, бірақ «жайнаған туы жығылмай, жасқанып жаудан тығылмай» өткен өнегелі өмірін үлгі етеді.

Сөйтіп, прецедентті есімдер мазмұнының мәтінде атқарған қызметі – Абайдың тілдік тұлғасының дискурста алға қойған мақсат-міндетінің уәжін айқындайды: «Тыныштық сүймей қышынып, өтірікке тұшынған», «әулекі арсыздарға» кісілікті ұқтырғысы келеді, өйткені «іштегі қайғы-дерт пен көкіректі өрт қысудың» басты себебі адам бойындағы (замандастары бойындағы) «бейілі шикі, ақылы күйкі» қылықтардан болады. «Сырласа алмай, сөз аша алмай бендеге», «қайтты көңілі, бұл дүниенің ісіне». Бірақ өз кесімді пікірін ашып айтып, ашық білдіре береді. Сөйтеді де, «ақылға кедей байлардың» әрекетіне қоғамдықәлеуметтік бағасын береді.

Прецедентті есімдер семантикасы – қосымша ақпараттардан түзіледі де, ол ақпараттар мәні экстралингвистикалық мазмұн негізінде ұғынылады, яғни тілден тыс жағдайлар бірлесуінен туындайды.

Абай тілдік тұлғасының дискурсында осы атаулардың шығарма идеясын айқындаудағы рөлі үлкен. Сонымен қатар, дискурс мазмұнын кеңейтіп, көркем образ қалыптастыруға да үлес қоса алады. Сөйтіп, Абай дискурсындағы прецедентті есімдер 1) көркем образ жасау үшін; 2) шығарма идеясын нақтылаудағы лингвостилистикалық тәсіл ретінде алынғанын анықталды.

Талданып отырған прецедентті есімдер тілдік тұлғаның таным (когнитивті) кеңістігін құрауымен де назар аударарлық әрі құнды деп есептейміз.

Абай тілдік тұлғасындағы прецедентті есімдер:

Абайдың тілдік тұлғасында Шығыстың жеті жұлдызы,

поэзия жауһарларының, Сократ, Аристотель, Платон сияқты батыс ойшылдарының қоғамдағы орнына ой екпін түсіре айтылады. Бұл аталған прецедентті атаулар Абай шығармашылығының тарихи тамырын тануға мегзейді.

241

Сократ, Аплатон, Аристодем – асқан білімділіктің ассоциациясын тудырады да, көзіқарақты әр оқырманның мәдени аялық білімі шеңберіне сыйымды болып, олардың ойымен ортақтасады, сөйтіп ешқандай түсініксіздік тудырмайды, «ақтаңдақтар» (лакун) қалдырмайды.

Ұлы ақын нәр алған рухани бұлақтың бірі – шығыс мәде-

ниеті. Олардың Абай танымына әсер-ықпалы орасан зор болғаны да аян. Медресе шәкірті бала ақын, жас Абай ішкі түйсігімен, сезім қуатымен сол бұлаққа кейін қайта соғарын, сол тұмадан талай су ішерін сезгендей есімдерін балаң жырына арқау етті. Ізгілікке іңкәрлік танытқан, адамгершілікті ақиқат сыйына балаған, сөйтіп шығыс поэзиясын әлем әдебиетінің асқарына шығарған жыр жұлдыздары Рудаки, Фердауси, Омар Хайам, Джалал-ад-дин Руми, Сағди, Жәми, Хафиз ойларының нәрін бойына сіңіреді. Шығыс шайырларының есімін құрметпен атай келе, олардың рухына сыйынып, медет тілейтіні бар:

«Физули, Шәмси, Сайхали, Навои, Сағди, Фирдоуси, Хожа Хафез-бу һәммәси Мәдәд бер я шағири фарияд»

деген жолдар оған дәлел.

Білімге бас қойған шәкірт Шығыс ғұламаларына ұстаздық ұстаныммен қарады. Абай шығармаларын зерделегенде байқалғаны: 1) Ол ақындардан ізгілік сабағын алды; 2) Өлеңнің сыртқы түрін алмаса да, ойына ортақ етті (дидактикалық сарындағы өлеңдерінен Сағди, Ғұламаһи Дауани әсері байқалатыны жайлы әдеби талдауларда айтылған).

Философ-ғалым Ж.Әбділдин Абай танымы туралы мынадай тұжырымды пікір білдіреді: «Ұлы ойшыл Абай адамзаттың рухани құндылықтарына сүйене отырып, өзінің бірегей ұлы поэзиясын, философиялық ойларын тудырды... Ең әуелі Абай шығыс философиясын терең дамытып, дәстүрін жалғастыра-

ды» [53, 356] .

Абай өзінен бұрын ғұмыр кешкен қазақ ойшылдары мұрасынан ғибрат ала отырып, шығыс пен батыс ойшылдығын қазақ даласының даналығымен тұжырымдады, қазақ ойының көрігіне

242

қыздырды. Даналық өлшемі болған ойшыл ақынның ой қазығы

– Адам табиғатын таныту және кемел адам келбетін сомдай отырып, сондай Адамды қоғамның қуатына айналдыру.

Абай шығармаларының орталық деңгейі – Адам дедік. Мәселенің осы тұсын зерделегенде мына екі жағдайға баса назар аударып, аса көңіл бөлу керектігі жөнінде философ Ж. Әбділдин пікірі зерттеу барысында еске алынуы қажет деп есептейміз. Ғалымның пайымдауы бойынша, Абай батыс философиясынан гөрі шығыс философиясына тереңірек дендеген, оған себеп шығыс ойшылдары адамды зерттеді. Адам жаны мен жүрегіне үңілді, адамның көңіл-күйіне мән берді. Батыс философтары философиялық жүйе құрылымына, әлем туралы ілім жасауға көңіл аударады, қоғам мен мемлекет туралы ілім қалыптастырады, рационалды жүйеде ойлайды [53, 357].

Шығыс классиктері мен Абай шығармаларындағы ой ортақтығы байқалатыны туралы жүйелі зерттеуінде ғалым М. Мырзахметов «Абай шығыс мәдениетінен қазақ ұғымына үйлесетін тұстарын ғана алып, одан әрі ой көрігіне шыңдағанына» назар аудартады [52, 208].

Ғұламаһи Дауани есімі тілдік тұлғаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде аталады. Өз заманының (ХІ ғ.) атақты ғұламасы атанған Джалал-д-Дин-Мұхаммед бен – Асхад=ус Сидики ад=Дауани мораль, философия саласындағы шығармаларымен танылған. «Әл-Фараби, Ибн-Сина дүниетанымымен үндес, өз заманындағы ғылыми ойдың әрі қарайғы дамуына өзіндік үлес қосқан Дауани еңбектерін Абай парсы тіліндегі түпнұсқадан оқып білген деуге келеді» [52, 167].

«Мұны жазған білген құл, / Ғұламаһи Дауани / Солай депті ол шыншыл, / Сөзін оқып және ойла!», – деген түйінінде дала педагогы жастардың «білмекке құмарлығын» арттырып, ғылымға, ғалымға көңіл бөлуге, сөзін ойлана оқуға шақырады. ХІ ғасырдағы айтулы ғылым саңлағына Абай өзі де ерекше ілтипат көрсете, «сөзіне қарай кісіні таңдағанын» білдіреді. Ғұламаһи Дауанидың ең танымал еңбегінің бірі – «Жалали этикасы» – мораль, мінез-құлық тәрбиесі мен отбасы және басқа да өмір тәжірибесінен туған ойлар жинақталған – адамгершілік кітабы. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде «Мұны жазған білген құл, Ғұламаһи Дауани», – деп атап көрсетуінің бір

243

себебін және пікір, ой үндестігін осы «Жалали этикасымен» байланыстыруға болады [52, 167].

Ақынның көркемдік амалы – осы дискурсынан да көрінеді. Қазақ менталитетінде біреудің пікірін өз ойына қоса білдіру анағұрлым әсерлі болатыны белгілі. Автор өзінің көзқарасының өзгемен сабақтастыра таныту үшін «құрғақ сөз», жалаң ой, үлгісіз үгіттен гөрі осы әдіске сүйенеді. Сөйтіп Ғұламаһи Дауани тәрізді шығыс ойшылының даналығынан үйренуге шақырады, өйткені «білімге ынтық», «жаңаның басы» көптеп, көктеп өсіп келеді. Әлемдік ақыл-ой алыптарының дәрежесіне көтерілген кемеңгер Абай өз халқына өзге елдің даналарын танытуды ұлы мақсат етіп қоя білді.

Абайдың тілдік қолданысында прецедентті есімдермен (феномендермен) қатар прецедентті мәтіндердің де өзіндік үлесі бар.

Дүние жүзін түгел жаулап алмақ болған Александр Македонский туралы Европа әдебиетінде жазба деректер де, ауызша тараған аңыз-әңгімелер де мол. Шығыстан келген әпсана-хи- каяттар да бар. Абай солардың бір желісін арқау етіп, «Ескендір» дастанын жазады. Онда Ескендір патшадан басқа, көне грек философы, данышпан ғалым Аристотельге қатысты Абайдың когнитивтік тілдік сана көрінісі негізгі желіге айналған. Осы дастанда Аристотель есімі аса бір сүйіспеншілікпен аталатынын аңғарамыз. Ол ғұлама ғалым, жеке дара тұлға, ақылы асқан хакім ретінде бағаланады. Абай Ескендір ессіздігіне қатысты өз ойын осы Аристотель арқылы (сөзімен) білдіреді. «Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, / Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда»

деген синтагмалық тұтастықтың мәні зор.

Әдеби ортаға мәлім мәтін мазмұнына қысқаша тоқталсақ: Ескендір патша келесі бір қанды жорығында келе жатып, кәусар бұлаққа тап болады. Шөлін басып, бұлақты бойлай жүріп, әрі қарай биікке өрлеп көтеріле бергенде алтын қақпа кезігеді.

...Бірақ патша қақпаны ашқыза алмаса да, оның күзетшісінен орамалға түйілген «керемет» сыйлық алады. Өзі талап етіп алған сыйлықты асыға ашып қараса, адамның бас сүйегі болып шығады. Оның мәнін пайымдай алмай, ашумен лақтырып жібергенде, данышпан жолдасы Аристотель сүйекті таразыға салдырып өлшетеді. Кішкене ғана көз сүйекті небір асыл заттар, алтын мен

244

күміс те қанша ауыр болса да баса алмайды... әйтсе де бір уыс топырақтың «күшімен» таразының екінші басы аударылып түседі. Абай суреттегендей:

«Хакім жерден топырақ алып барды, Бір уыстап сүйекке шаша салды. Ана басы сылқ етіп жерге түсіп, Сүйек басы жоғары шығып қалды».

Бұның мәнісін сұрағанда Аристотельдің жауабы: «- Бұл – адам көз сүйегі, – деді ханға.

Тоя ма адам көзі мың мен санға? Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда».

Осы жауапты естіген патша: «Бекерлік екен менің бұл ісім деп, Қолын алып жұртына қайта көшті».

Поэма мазмұны қысқаша осылай баяндалады. Шығарманың Абай танымы әлемін айқындаудағы рөлі де өзіне көңіл бөлуді талап ететіндей. Жаңа материалдар мен ізденістер негізінде Абайдың «Ескендір» поэмасының сюжеттік түп төркінін табуды мақсат еткен белгілі ғалым С. Қасқабасов поэма мазмұнын ежелгі дәуірдің аса құнды жазба ескерткіштерінің бірі – «Талмуд» кітабымен байланыстыра қарастырады. Ғалым Абай «Ескендірінің желісін» Талмудтың ХІХ ғасырдағы орысша аудармасымен салыстыра келіп, көптеген сәйкестік табады, Ақынның сюжетке енгізген бір өзгерісі – поэманың басында Ескендірдің әкесін, тұрған жері мен патшалығын көрсетуі және Ескендірдің ұстазы Аристотельді енгізуі – дейді ғалым [98, 236].

Сонымен, «Ескендір» поэмасы мен Талмуд әңгімесінің желісінде ұқсастықтар мол болып шығады. Шығармадан алынған кез келген үзіндіден үндестік табуға болады. Мысалы, ... «Дали ему черепную кость. Придя в свое царство, Александр положил на одну чашу весов кость, а на другую все серебро и золото, бывшее при нем. Перевешивал кость... ...Эта кость, – ответили мудрецы, орбита человеческого глаза, ненасытного в жадности своей» [98, 231]. Сонымен, «Ескендір» поэмасының сюжеттік негізі – көне заманның ескерткіші Талмудтағы мысал-әңгіме. Ол Батыс-Европа арқылы орыс әдебиетіне, одан Абайға жеткен. Абай Жуковский өлеңін, Талмудтың өзін, сондай-ақ Македония мен Ескендірге қатысты тарихи еңбектерді шығармашылықпен

245

пайдаланғандығы жөнінде өзінің ғылыми тұжырымдарын білдірген. Белгілі әдебиеттанушы ғалым С.Қасқабасов одан әрі былайша ой қорытады: «Шығыста Фирдоуси, Низами, Джами, Науаи; Батыста Лампрехт, Ламберу, Бериэ, Шатильонский, Шамиссо; ал Ресейде Жуковский жырлаған «Ескендір» Абайды да қызықтырған. Сөйтіп, ол әлемдік «Ескендірнамаға» өзіндік үлес қосқан» [98, 224-237].

Абайдың тілдік тұлғасының қалыптасуында өзіндік орны бар шығарма жайлы келесі дерек те аса құнды болып табылады. Ал әдебиетші Т.Әлімқұлов өзінің «Жұмбақ жан» атты еңбегінде Абай танымының тереңдігін былайша сараптайды: «Абай оқыған Дрэпердің «История умственного развития Европы» атты кітабында осы Ескендір, яғни Александр Македонский туралы недәуір мағлұматтар келтіреді», – деп сарындас, үндес біршама деректерді алға тартады. Соның бірін дастанның басталуынан аңғаруға болады: «Этот искатель приключений, осуществляя намерение отца своего Филиппа, начал свое выступление с крайне ничтожными средствами» деп жазса, Абай: «Филипп патша баласы ер көңілді, мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен» деп сипаттайды [106, 89].

Әрине, Абай Дрэперді толық қайталамайды, бұнда ойшылдық үндестік пен көзқарас ортақтығы басты көрсеткіш екені белгілі. Абайдың ақындық кітапханасы жайлы айтқанда, М. Әуезовтің «Дрэппер – ақын құмарта оқыған білімпаздардың бірінен саналады», – деген тұжырымын да еске алған орынды. Біз бұл деректерді не себепті келтіріп отырмыз?

Осы мәліметтерден бірқатар ой түюге негіз бар: Танымдық мәні зор осы деректер автордың білім-білігін, таным тереңдігін байқататын, оның аялық білімін көрсететін құндылықтар қатарында қарастырылады. Яғни, Абай танымының кеңдігі, Батыс пен Шығыс әдебиетін жете меңгергені, Александр Македонский жөніндегі тарихи еңбектерден де хабардар болғаны анықталады. Тілдік тұлға танымы көрінеді.

Осы дастанды жазудағы мақсат – тек қана қызығушылықтан болмаса керек. Автор аңыз мазмұнын өзінің адамгершілік ұстанымдарына сәйкестендіріп, өзіндік биік парасатын таны-

тады. Дастан мазмұны арқылы бірқатар прагматикалық уәжсебептер жүзеге асады.

246

Автордың таным әлемі мен тілдік деңгейін айқындайтын келесі бір прецедентті мәтін – мазмұндық желісін шығыс аңызынан алған «Масғұт» дастаны. Осы шығарма арқылы ақын тағы да өзінің гуманистік ойларын жеткізбек болады. Өзінің биік адамгершілікті уағыздар дидактикасын автор имплицитті астармен сынамалап та, ашық та білдіріп отырады.

Сөйтіп, шығыстан келген мағыналы ой мазмұнын «шығармашылық шикізат» ретінде өңдеп, өз кәдесіне жаратады. М. Әуезов сөзімен айтқанда, «өзінің дағдылы идеясына қарай пайдаланады: Масғұт – Абай ұғымынша өзі аңсаған «толық» адамға әбден лайық кейіпкер. Өз ортасына үлгі ретінде ұсынған ақылды жас. Прецедент мәтін ретінде алып отырған дастан мазмұны Абай оқырмандарына тегіс таныс екені мәлім: Бағдат шаһарындағы Масғұт деген жігіт ұрылар тонап жатқан шалды, арашалап алып қалады. Шал (Қыдыр) ертегісінде оны оңаша тамға алып барып, үш жемістің бірін сыйлыққа ұсынады:

«Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар. Егер де қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар».

Масғұт қызыл жемісті таңдайды. Сөйтіп, Абай ойшыл Масғұт пікірі арқылы өзінің мораль философиясын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып ұсынады. Ол туралы М. Әуезов автор болмысын ашатын өте бір шыншыл ойларын білдіреді: «Масғұттың ақ жемісті таңдамай, ақылдан қашуы Абайдың өз басындағы күйге аса жақын. Ол көп айтатын шерлі уайымы бойынша, көп наданның арасындағы бір жалғыздың халін қандай трагедиялық ауыртпалық хал деп отыр. Масғұтқа Абай сол өз басының аянышты күйін айтқызып отыр» [2, 188]. Сонымен бірге Масғұтсарыжемісті – байлықты таңдамауы да, Абай заманындағы байлық пен дәулет аздырып жүрген байларды сынауы болып шығады. Ал қызыл жемістің мәні адамзаттың асылы – әйелді, яғни мейірім, шапағат иесін бағалауыдептүсініледі.

Автор осы шығарма идеясын тәрбиелік мақсатқа пайдаланады, өзге өлеңдерінде көтерілген ойларын әрі қарай жетілдіре түседі. Ақын танымының келесі бір құндылығы дастан оқиғасын баяндау барысында тілдік тұлғаның тағы бір

247

концептуалды мәнділігі арқылы айқындала түседі. Мысалы, ке-

сапат жауынның суынан ішкендер түгел жынданады. Есі кеткен жұрт хан мен уәзірге тап береді. Зәресі ұшқан екі хакім жауын суынан ішіп, жұртпен бірге жынданады, сөйтіп көпшілікпен тіл табысады. Шығарманың соңы былайша қорытындыланады:

«Көптің бәрі осындай, мисал етсең, Көп айтты деп алданып, уағда күтсең. Ғапіл боп көп нәрседен бос қаласың, Аңдамай көп сөзімен жүріп кетсең».

Олай болса, өлең астарынан көптің өзіне сын көзімен қарау керек деген парасат-пайымды аңғарамыз. Сөйтіп, дастан мазмұны арқылы саналылыққа, ойлылыққа тәрбиелей отырып: «Көрдің бе, көп тентектің қылған ісін / Еріксіз есті екеуін есер етті», – деген идеялық қорытынды «Жұрт айтса болды, көп айтса көнді, әдеті надан адамның» болмауы үшін білім мен парасатқа жүгінуге шақырады. Өз идеясына бағындырады, жаңа мақсатқа пайдаланады (Осы мәселе «көп» концептісіне байланысты сөз болады).

Гераклит ілімімен үндестік Абай шығармалары мазмұны-

нан айқын байқалады. Ежелгі грек философиясының атақты философы Гераклит есімі (б.э.д. 520-460 жылдар) философия тарихында әйгілі. Оның идеяларын Платон сынға алса, Аристотель ой-пікірлерімен айтысқа түсті. Гегель оның шығармаларын жан-жақты терең зерттеп, көптеген идеяларын пайдаланды. Атақты неміс ойшылы Ф. Лассоль ол туралы екі томдық еңбек жазды. Әйгілі Ф. Ницше Гераклитті барлық философтардың ішіндегі ең ұлы адам деп есептеді. Гераклит дүниенің тұрақсыз-

дығын, оның үнемі қозғалыста, өзерісте, жалпы дамуда бола-

тынын айқындап берді. Асқан ойшылдың осы көзқарасын Ф. Энгельс: «Дүниеге ең алғашқы, қарапайым, бірақ асылында, дұрыс көзқарас, ерте замандағы грек философиясына тән көзқарас еді, ал барлық нәрсе бар, сонымен қатар жоқ та, өйткені, барлық нәрсе үнемі өзгеріп отырады, барлық нәрсе үнемі туу мен жойылу процесінде болады», – деп аса жоғары бағалаған болатын. Әрине, өмірде мәңгілік ештеңе жоқ, бәрі өзгереді, бәрі жаңғырады, – деген түйін – тек қана Гераклитті емес адамзат атаулының бәрін толғантқан мәселе.

248

Ұлы ойшылдың, Абайдың, баянсыз өмір, өмір – ағын, дүние

– соққан жел сияқты диалектикалық заңдылыққа құрылған философиялық түйіндерін концептуалды талдау барысында Гераклит ілімімен сабақтастыра қаралады.

Әрине, Абай ақын дүниенің концептуалды бейнесін өзінің логикалық-прагматикалық танымына негіздей отырып, ақиқат дүниені өзіндік тәсілмен, өзіндік қабылдаумен объектілендіреді

«Баянсыздың» концептісі. Өмірдің өтпелі, бәрінің баянсыздығына Абай шығармасы дискурсында мынадай байлам-түйін жасалады. «Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ» ... деген ой Жиырмасыншы Қарасөзінің орталық өзегіне айналған. Ал өлеңдеріндегі осы эмпирикалық таным былайша концептуализацияға түседі:

1.Өмірде бәрі өзгереді, бірқалыпта ештеңе тұрмас: Өсімдік дүниесі, табиғат өзгереді (ол – адам өмірінің символы ретінде қабылданады):

«Тоты құс түсті көбелек, Жаз сайларда гулемек, Бәйшешек солмақ, күйремек, / Көбелек өлмек, сиремек».

2.Уақыт, мезгіл өзгереді: Ақын Абай ол заңдылықтан да түйін түйеді.

а) «Қарашада өмір тұр,

Тоқтатсаң, тоқсан көнер ме,

Арттағы майда көңіл жүр,

Жалынсаң, қайтып келер ме?».

ә) «Ол күндер – өткен күнмен бәрі бір бәс, Келер, кетер, артына түк қалдырмас».

б) «Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған».

в) «Бір минут – бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ, қайта келмек».

г) «Ой артынан ой қуар Желге мінсең, жеткізбес».

3.Адам қуаты да қайтады; бірақ «талайғы кәрі дүниенің, бір кетігін ұстап бақ».

а) «Жалыны қайтар дененің, Үнемі тұрмас осы шақ»;

ә) «Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,

249

От азайса, әр істің бәрі тайғақ».

4.«Жас мөлшерінде де тұрақтылық жоқ; сол себепті де, «распен таласпа ойла, айттым, адамдық атын жойма» – дейді.

а) «Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,

Көз жетті бір қалыпты тұра алмасқа».

ә) «Балалық өлді, білдің бе? / Жігіттікке келдің бе?

Жігіттік өтті көрдің бе? / Кәрілікке көндің бе?

...Баяндыдан сөндің бе, / Баянсызға төндің бе?». б) «Сұм дүние тонап жатыр ісің бар ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?».

5.«Тірлік – баянсыз; алайда «арттағыға сөзің мен ісің қалса, өлсең де, өлмегенмен боласың тең».

а) «Тірлік арты өлмек-ті».

ә) «Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ». б) «Бір минут – бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ, қайта келмек».

в) «Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек».

г) Өмір, дүние дегенің – ағып жатқан су екен.

6.«Барша дүние өзгереді. Соған көз жеткіз, «шын илан да, таза ойла бір иманды». Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес».

Абай өз дискурсы арқылы, ондағы семиотикалық таңба, сема мәні арқылы өмірдің өтпелі екендігін еске сала бергендегі негізгі себеп не? Бұдан шығар қорытынды прагматикалық қандай? 1) «Баянды сөніп, Баянсызға төнетін уақыт келмей қоймайтындығын білдіре отырып, «Өлмек үшін, туғансың, ойла, шырақ»,– деп саналылыққа шақырады. 2) Атымыз адам болған соң, Адам болып қалу керектігін үнемі естен шығармауды мегзейді.

3) Бәрі өзгерсе де, Алла мен Адамгершілік (Адамдық) мәңгі тірі, асқақ. Бәріне осы Биіктен қарауға үндейді.

Белгілі мән жайды тағы да қайталап отырған себебіміз – Абайдың (тілдік тұлғаның) таным әлемі лингвокогнитивтік талдау үшін қажетті нысан екендігіне ой екпінін түсіру.

Гераклиттің диалектикалық көзқарасы дүние үнемі қозғалыста, өзгерісте, дамуда болады деген тұжырыммен ғана шектелмейді.

Мұндай тұжырым – ол кезде де, қазірде де айтыла береді. Мәселе басқада: Гераклит қарама-қарсылықтардың бір-бірінен

250

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]