Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

42

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.01 Mб
Скачать

Ергөбек Қ.,

Қ.А. Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы

АЗАМАТТЫҚ БЕДЕЛ, ҒЫЛЫМДЫҚ КЕМЕЛ

Сары күз. Табиғаттың жомарт шағы. Ағаштың сарғыш тартқанжапырақтарыүзіліп түсіп,қалықтапкеліпжергежәйімен қонады. Кейбірі сап-сары, кейбірі жартылай сарғайған жүрекше жапырақтарды аяқпен басудың өзі аяусыздық сынды. Жүрегіңді аяныш сезімі буады. Ақырындап басып жүріп келемін.

Табиғат. Өзгермелі уақыт. Кеше ғана студент едік. Енді, міне жоғары оқу орнын аяқтаған, қалтасында қалақтай дипломы бар, білдей мамансың. Алда не күтіп тұр? Ол жағы беймәлім. Университетте бес жыл бірге оқыған бозбала достарды бірінен соңбірінсапарға шығарыпсаламыз. Бірі туғанауылына, ендібірі өмірі көрмеген өңірге аттанып жатады. Әрі салғанда бір жыл бедерінде кездесетін болып, сөз байласасың. Келе алмасыңды іштей сезіп, біліп те тұрасың. Досыңды мінгізіп, ала жөнелген поездың өзіне біртүрлі дұшпан тұтып қарайсың. Бұл – ұлы Абай айтқан: “Балалық өтті, білдің бе?!”- дейтін сәт. Бүгін де бес жыл бірге оқыған достың сапарға аттанатын күні. Вокзалға беттеп келеміз.

Ертең мен Көкшетау жүремін.

Жастық буы бұрқырап, әрі әсем Алматыны, әрі парталас достарды қимай, бір шоғыр жігіт құшақтаса әндетіп келеміз. Кенет...

... қарсы алдымыздан ұстазымыз Тұрсекең шыға келгені. Ия, бес жыл әдебиеттің қыр-сырын зердемізге құйып берген ұстаз, үлкен ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы! Шәкірттік бейілден бәріміз шуылдай, дуылдай амандастық.

-Әй, батырлар қайдан жүрсіңдер? Ұстаз бәрімізге мейірлене қарады.

-Осылайдаосылай,жолдастардыпоезғашығарыпсалғалы барамыз.

-Құлбек, сен неге хабарласпайсың?

-Қол тимей жүр, ағай!

-Бейсекеңмен /Кенжебаев Қ.Е./ хабарласып жүрсің бе?

-Иә.

31

-Қолды тигіз. Маған хабарлас.

Досты Алматы-Мәскеу поезына шығарып салып, ертеңіне Тұрсекеңе хабарластым. Ұстаз тікесінен тік сұрақ тастады.

-Сені біз осы қайда жібердік?

-Көкшетауға.

-Иә, онда не істейсің?

-Облыстық оқу бөліміне барамын. Олар ауданға жіберер, аудан совхозға жолдама берер, совхоз бөлімшеге жіберер. Сонда барып мұғалім боламын. Мәртебелі мамандық...

-Бейсекең не дейді?

-Барсаң бар, бірақ жазуыңды тастап қойма – дейді.

-Ой, әулием-ай. Ауылға барып мұғалім болған адам жазумен айналысушы ма еді?! Ой, жарықтық-ай! Көкшетауға барарсың. Арқаның бір аруын аларсың. Сонымен бәрі бітті дей бер. Менің бір қарындасыммен Көкшетауда қаларсың. Олай етуге болмайды.

-Енді не істеймін?

-Біз не ғылымды ойламаймыз, не жастардың тағдырын

ойламаймыз. Сонда не ойлайтынымызды білмеймін. (Ұстаз әлдекімге зекіп ала жөнелді. Бейне маған ұрсып отырған сияқты. Бірақ, ойы басқа жақта. Әлдекімдерге ұрсып, сыртай ұстасып отыр). Анау Жанғара, Бәйділхан, Жарылқасын, Төребай секілді жігіттер де ауылға кетіп барады екен. Сен де ауылға кетіп барасың. Сені Бейсекең Алматыға алып қалар деп жүр едім. Сырқат қой, енді қайтсін? Былай келісейік: мен бір іске бел байлап отырмын. Сендерден жасыратын не бар, енді студент емессіңдер ғой, Оқу министрінің орынбасарымен бір отырыста жүзграммшараптыбіргеішіпедім.Соғансендердіертіпапарып, мән-жайды айтып, Алматыға алып қаламын ба деп отырмын. Содан кейінгісін тағы көреміз-дағы...

- Ұстазбен уәделескендей, таңертеңгілікте Қазақстан Жазушылар одағына Жанғара, Бәйділхан, Төребай, Жарылқасын бәрімізбірге келдік.Пленумбе, әлде басқа ма,әйтеуір біралқалы жиын, келелі мәжіліс өтіп жатыр. Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының сол кездегі екінші хатшысы, жазушы Шерхан Мұртаза күндей күркіреп баяндама жасады. Залда ине шаншар орын жоқ. Түрегеп тұрып баяндама тыңдадық. Жазушы Қалихан Ысқақовтың“Тұйық”романыжөніндебаяндамашытүйіліңкіреп, шүйіліңкіреп сөйлеп жатты. Көзімізді қыдыртып залдан Тұрсекең ұстазды іздейміз баяғы. Таптық. Таптық та “бізді

32

көрсін” деген оймен бесеуміз қаздай тізіліп қасына жақындап барып тұрдық.

Бізді көрген ұстаз “қазір” дегендей емеурін жасады. “Баяндама аяқталсын” дегені шығар. Баяндама аяқталды. Ұстаз

орнынан асығыс тұрды да, көпшілікті қақ жара басып бізге

жетті. “Жүріңдер” – деп сыртқа бастай жөнелді. Жазушылар одағы жанында “Балалар әлемі” магазині. Қасында такси аялдамасы.Соғанжарысакеліп,қолкөтерісіпмәшинетоқтаттық. Қарасақ, анадай жерде мәшине тоқтатып балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев тұр. Ол кісіні бірге қамти жөнеп бердік.

Оқу министрлігіне келіп ат басын тіредік. Шөпірлеген шәкірттер сыртта қалып, ұстаз “Оқу министрінің орынбасары Қанапин” деген жазуы бар есікке еніп кетті. Күтіп тұрмыз.

Әлден уақытта іштен күлімдеп шыққан ұстаз: - Жүріңдер! – деді жайдарыланып.

Ілесіп жүріп келеміз.

Алматыдағы әсем ғимарататтың бірі – Ұлттық Ғылым академиясының үйі. Сол еңселі ғимаратқа келдік. Ішке еніп

келеміз. Аяқ басқан сайын күмбезі күмбірлеп саған жеті қат көктен тіл қатқандай болады. Екінші, одан үшінші қабатқа

көтерілдік. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. Директордың кабинетіне кіріп кеткен ұстаз іле-шала қайта шықты. “Аңшының кешіккенінен сүйін” дегендей, ұстазымыз кешіксе жолымыз болатындай көріп қалған біз, ол кісінің шортандай шоршып шыққанынан шошып та қалдық-ау. Жоқ. “Жүріңдер!”- деді. Осы бір “Жүріңдер!”- деген жалғыз ауыз сөзге біздіңтағдырымызбайлаулыжатқандай.Ұстаз“жүріңдер”- десе жанымыз семіреді. Ұстаз жүзінде жаман рай жоқ, жақсы шырайбар. Ата-анасының жүзіне жәутеңдегенжас баладай ұстаз жүзіне қарап-қарап қойып тартып келеміз. Бейне бізді Бақыт ауылына бастайтындай ұстаз алда келеді. Шамасы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директоры Әди Шәріпов ұстазымызды бетінен қақпаған болуы керек.

Директордың орынбасары көзілдірікті қараторы жігіт ағасы. Аз уақытта ұстазды алға салған бес бозбала шәкірт сол кісінің алдында тұрдық. Шаруаның сәтті бітуіне айналғанын сезіп, бірбірімізді түртіп қалып, жымың-жымың етеміз. Бәрі де алдын-ала келісіліп қойған секілді. Құжаттарымыз директордың орынбасарының қолына өтті. Ол қарап отыр.

33

- Тұрсынбек, - деді қара жігіт алтын сулы көзілдірігін жалт еткізіп, жоғары қарап,- Бұлардың бәрі бірдей сенің ауылыңның балалары болып ұят болып жүрмесін. Жымиып күлді. Жүзінде “Ұрлығыңды ұстап алдым ба, бәлем?” –деген кісінің жеңісті келбеті. Құлағымызға жайсыз сөз шалынған біз қолайсызданып

қозғалақтап қалдық.

Ұстаз күмілжіді. Сөйтті де әлгі кісіге қарады:

-Айтқандай,Зәки,меносылардыңқайсысыныңқайданекенін білмейді екенмін. Әйтеуір, жақсы оқыған, студенттердің ғылыми жұмысында жақсы көрінген жігіттер. Кейбірі сын мақалаларын жариялай бастады. Мен бұларды сендерге осы ретпен әкеліп отырмын. Басқасын білмеймін. Өздерінен сұрайық.

Алтын көзілдірік тағы да жалт ете түсті. Бізге тесіліп тұр.

-Жанғара Дәдебаев - Жамбыл облысы, Талас ауданынан.

-Байділхан Балажанов - Алматы облысы, Ұйғыр ауданы.

-Төребай Омаров - Қызылорда облысы, Қазалыдан.

-Ергөбек Құлбек - Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы.

-Жарылғас Әбішев - Көкшетау облысы, Степняктан. Сөзіміздің аяғын ешкім тыңдай қойған жоқ. Бірде-біріміз

Тұрсекең туған өңірден болмай шықтық. Жерлес емеспіз. Тұрсекең шынайы ұстаз келбетін танытып мерейленіп тұрды.

- Азаматсың Тұрсынбек!

Алтын көзілдірік ризалық кейіп танытты. Бақсақ, бұл кісі – қазақтыңүлкенғалымыЗәкиАхметовекен.Қатар-құрбыжігіттер өзара сыйластығын қазақ қоғамына, ғылымға деген адалдыққа бұрып, принциптілік танытып жатыр екен ғой. Ауадай қажет мінездер екен-ау, қазақ қоғамын таза ұстауға, ұлтты тұтас өсіретін мінез екен-ау, ағалардың ойлағаны. Оны біз ол сәтте түсіне қоймадық...

Сол күннен бастап М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының лаборанттары атандық. Сөйтіп, Жанғара Дәдебаев, Бәйділхан Балажанов, Төребай Омаров, Жарылқасын Әбішев... дегендей ҚазМУ-дің қабырғасынан бірге түлеп ұшқан бір шоғыр жас өмірден өз орнымызды осылай тапқан едік...

Қауырсыны қатпаған түбітқанат балапандардан үміт күтіп, келешек көрген ұстаз жүрегінің ұлылығына, әрі шәкірттерін алаламай, бөлмей құшағына тұтас қысқан ұстаз құшағының жылылығына біз әлі күнге тәнтіміз. Уақытқа қарай бойымызда бір пендешілік ояна қалса –ұстаздың адал бейілі, есепсіз жасаған қамқорлығы есімізге түсіп, қылмыс жасағандай ішімізден

34

ұятымыз түрекеледі қызарақтап. Ұстаздардың бейілі бізді иектегелі тұрған сайтандарды қағып-қағып жіберетін періште секілді. Қайран, ұстаздар-ай!

...Қай-қайсымыздыңдабойымыздадашешушісәттешешімді іс атқарып, қамқорлық жасаған ұстаз Тұрсынбек Кәкішұлына қарыздар бейіл, ризашылық сезім жүр. Бір ғажабы – уақыт өткен сайын ескіріп, өшіп кету орнына ұдайы жанымызда жаңарып, жадымызда жаңғырып, өркештеніп жүреді сол бір қастерлі сезім. Біз бозбастандық. Ғазиз жүректі ұстаз көрінбейді мынау бейопа жалғанда. Бір шоғыр бозбала сөйтіп әдебиетке ұлы жүректі ұстазымыз Тұрсынбек Кәкішұлының азаматтық беделі арқасында келіп едк әдебиет әлеміне...

Іштей “Жақсыдан шарапат!”- деп қойып оның әдеби қорығына қарай аяңдаймыз.

Профессор Тұрсынбек Кәкішұлы жайындағы сөз қалайық, қаламайық - қазақ әдебиеттану ғылымына барып саяды. Ойлап отырсақ, қазақ әдебиеттану ғылымы және оның қайраткерлері өткен жол – бұралаң соқпақты, өрісінен еңісі көп, табуынан адасуыжиі,“таржол,тайғақкешу”жолысекілдікөрінеді.Олай болмағанда қайтеді, қазақ әдебиетшілері көрмеген құқай жоқ. ТыңнанжолсалғанАхметБайтұрсынұлы,ХалелДосмұхамедұлы бастағанбіршоғырәдебиетшіғалымдаратылды,Е.Ысмайылұлы, Х. Жұмалыұлы, Т. Нұртазин сотталды, М. Әуезұлы, Б.Кенжебайұлы КОКП қатарынан шығарылып, қызметтен қуылды. Олардан кейінгі буын да “ұлтшыл” атанып, бір бұйырықпен шарпылып барып, “әупірім-тәңірмен” аман қалды әйтеуір. Міне, осындай қорқыту, үркіту, тұқырту арқылы қалыптасқан әдебиеттануда, үрейлене жүріп жасаған әдебиетте не береке болады?!

Мына ғажапқа қараңыз: қаншама қуғын-сүргін көрсе де сол аға буын әдебиетші ғалымдар ұлттық болмыстан бір айнымай, азаматтық мұраттан бір сәт те шегінбей өтіпті. Өмірден олар атылып бара жатып та айтқанынан қайта қойған жоқ. Олар қазақ әдебиеті тарихы үшін сотталып, жазасын өтеп қайта оралғанда ұлттық мұраттан бас тартпай қайта сол келген жерінен әрі қарай жалғап жүре берді. Қазақ халқына деген осы бір адалдықты, ана тілі үшін алысып, ұлттық мүдде үшін тұрысатын табандылықты мирас етіп алып қалған балауса бір буын ағалар ізімен қазақ әдебиеті тарихын жасауға білегін сыбанып кірісіп кетті. Бұл –

35

елуінші жылдар еді. Міне, осы буынның көрнекті өкілі – Тұрсынбек Кәкішұлы!

Қазақ Университетінде оқып жүрген 3 курс студенті Тұрсынбек Кәкішұлына ұстазы профессор Бейсембай Кенжебайұлы студенттердің ғылыми қоғамы ұйымдастырған қалалық ғылыми конференцияда баяндама жасату үшін

“Сұлтанмахмұттың публицистикасы” – деген тақырыпты ұсынып, жетекшілік етіпті. Қазақ әдебиеті тарихы мәселесін тереңнен көтеремін деп өз басы даудан ажырамай жүретін Бейсекең ұзамай (1953 ж) партия қатарынан шығарылады, М.О.ӘуезовекеуібірбұйрықпенҚазМУ-денжұмыстанқуылады. Өз басына туған қасірет шәкіртті қоса шарпымасын деген оймен

Сұлтанмахмұт жайлы студенттердің қалалық ғылыми конференциясында баяндама жасамай-ақ қой” деп сақтандырады. Алған бетінен қайтпайтын қайсар студент Ғылым академиясына барып, академик Ісмет Кеңесбаевқа жолығады. Академиктің де қарсылығына қарамастан баяндама жасайды.

Ұстазы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне мамандандырғысы келген. Тұрсекең университет бітірген соң жиырмасыншыжылдар әдебиетінзерттеуге денқояды. ХХғасыр басындағы қазақ әдебиетіне қарағанда да қиын кезең, қалтарыс, қатпары көп қауіпті дәуір еді бұл.

Аспирант болып кіріп, күллі тағдырын сабақтастырып, ауыр бейнетін кешіп, алғыс орнына қарғыс есітіп, тарықса да, торықса да тартынбай, ауыртпалықты қайыспай көтеріп, бүгінгі биігіне ғалым жиырмасыншы жылдар әдебиетін зерттеу арқылы көтеріліп шықты.

Өмірі өнімді еңбекпен өткен Т.Кәкішұлын “мол пішімді” С.Мұқанұлы “тонның ішкі бауындай” жақсы көрген. Е.Ысмайылұлы шәкірт ретінде сүйген, Б.Кенжебайұлы сенген, сүйенгентұлға.Алдындағыағаларыдегенненшығады,абызақын Әбділдә Тәжібайұлы өмірінің соңғы кездері жарық көрген бір еңбегінде: “Тұрсынбектіменәппақпейілі ақаусыз, кісілікпен кішілік бірдей жарасқан аса ірі азамат деп таныдым” – деп жазыпты. Дәл бағалау. Ағалар бағалауы осы бір байламға келіп тоғысып жатады-ау, асылы. Ағалары Тұрсекеңдей ғалымды тек марапаттап, бағалап қана өтті десек, артық болады, өздері атқарған, бастап аяқтай алмай кеткен қазақ әдебиеті жайындағы ізденістерді де аманат етіп, міндет артып кетті. Ұстазымыз

36

Тұрсекең ағалар аманатын арқалап әдебиетке келді, аманатты адал атқарып, ертеңге адымдап кетіп барады.

Тұрсынбек Кәкішұлы – арзаннан олжа тапқысы келетін, көрініпқалатынбейілдіжандарданемес,түрендітереңгесалатын тегеуірінді ізденістің адамы. Оның қайтпас қуаты мен белшеден кешкен бейнетінің куәсіндей өзі ғана ашқан әдеби өңір, тұтастұтасдәуірбарқазақәдебиетінде.Ол– бұлкүндеәдебимектептің көшбасшысы. Сол көп еңбекпен келген зерттеулердің бір шоқтықтысы – жиырмасыншы жылдар әдебиеті жайындағы

еңбектері.

Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиеті - қазақ әдебиетінің күрделі кезеңі. Өйткені, бұл кезеңде – адамзаттық тарихымызда жаңа дәуір басталады. Әрбір жаңа қоғам өмірге келгенде оны қостайтын, қостамай, қарсы тұратын түрлі саяси күштерді туғызары хақ. Арғы бастауын ХХ ғасыр басынан алған жиырмасыншы жылдар әрі саяси партиялардың өзара айтысқан, әдеби ағымдардың тартысқан, аянбай майдандасқан кезеңі. Марқұм профессор Бейсембай Кенжебайұлы айтар еді:

“Докторлық диссертацияға тақырып етіп жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиетін алып тұрып, зерттей келе Ақаң, Жақаң, Мағжандарды айтқызбайды ғой деп бас тарттым”

деп. Демек, жиырмасыншы жылдар әдебиетін зерттеуге өзіне-өзі сенген, қиындығына көнген, қателессем халық түсінер, келер ұрпақ кешер деген ақ, адал ойлы, арын алдына тұтқан әдебиетші ғана бара алады. Аға буыннан Б.Кенжебайұлы, Е.Ысмайылұлы тиіп-қашып қана барған осы бір күрделі кезеңнің түбегейлі зерттеушісі Тұрсынбек Кәкішұлы! Күрделілігі соншалықты әлі күнге жанартаудай қозғалып, қоздап, түрлі айтыс-тартысқа дәнекер болып жататын бұл кезеңнің бірден-бір іргелі зертеушісі Тұрсекең екенін оның досы түгілі дұшпаны да мойындайды.

Жиырмасыншы жылдар әдебиеті - ғалымның әрдайым айналып соғып, әр қырынан тынбай зерттеп келе жатқан алтын көмбесі. Бұл орайда “Октябрь өркені” -ғалымның осы кезеңге қатысты басты еңбегі болса, ұстазы – Е.Ысмайылұлы, тұстасы – М.Дүйсеновпен тізе қоса отырып жазған “Қазақ совет әдебиетінің алғашқы дәуірі” (“Қазақ әдебиетінің тарихы”, 3-

том, 2 кітап) аталатын байсалды тарау, “Сын сапары”, “Оңаша отау” ғылыми дилогиясының (қазақ әдебиеттану ғылымында мектеп қалыптастырған еңбектің) сүбелі бір тарауы, “Қызыл сұңқар”, “Сәкен Сейфуллин” – сынды сәкентануға айрықша

37

үлес болып қосылған еңбектері, С.Шәріпов, Е.Бекенов, Ж.Тілепбергенов әдеби мұрасын жинақтау, алғысөз жазу үстіндегі ізденісі басты зерттеуді толықтыра түсерлік қосымша еңбектер. Осы толымды еңбектерді өзара салыстырып қарасаңыз

“Қазақ совет әдебиетінің алғашқы дәуірі” – объектісін тұтастыра қарастырған шолу, “Октябрь өркені” - әдеби әдіс, ағымдардың табиғат-тағдырын талдай қарастыратын терең зерттеу, маңызды ғылыми монография. “Сын сапары”, “Оңаша отау” – кезең әдебиеттеріне белгілі бір жанр өзегімен қараудың әдеби әдемі үлгісі, түрлі портреттер – (“Дәуір суреттері”) жиырмасыншы жылдар әдебиетіне жекелеген дарындар тағдыры арқылы келіп, үңілу, зерттеу нәтижелері екенін көреміз.

Әдеби сын тарихын – жанр тарихы арқылы келіп зерттеудің бір әдемі үлгісі – “Сын сапары”, “Оңаша отау” аталатын қос кітаптан тұратын еңбегі. “Құлағы кесіліп құнтиып, мұрны кесіліп шұнтиып” жұлмаланып жарық көрген қос кітаптық зерттеуді ойға алса ұстаздың жаны шырқырап кетеді. Кезінде баспа бұл қос томдықты аяусыз қырқып, “жүнін жұлған тауықтай” жұлмалап қысқартып шығарды. Баспаға бірге тапсырылған кітаптың екі том арасына он жыл салып барып жарық көргенін айтыңыз. Олай болатын реті бар.

Сынқоғамдықойдыңқозғаушысы,ұлттыоятатын,есейтетін есті жанр. Ғалым қазақ ұлтының ояну дәуірі болған – ХХ ғасыр басындағы әдеби сын жайында айтқанда Патшалық Ресей қыспағына қарсы небір ащы ойларды, бостандық алдық дей отырып, ұлт оянуын, тәуелсіздік таңын аңсаған небір тотяйын ойға оранған өткір пікірлерді тұтас-тұтас үзінді күйінде кітабына еркін енгізіп отырған еді.

Әдеби факты ретінде ХХ ғасыр басында баспасөзде жарияланғанына қарамастан қазақ халқының бар кезеңдегі әлеуметтік жағдайын жарлай айтып тұрған ол ұлтшылдық пікірлерден басшылық тайсақтамай тұра алмасы хақ. Ғалымның қазақ елінің жаңа буын жас ұрпағын кезінде айтылған пікірлерді ұсына отырып оятқысы келген ойы барынша ізгі.

Ізгі ой ол кезде осылай үлкен -кіші кедергіге тап болып жататын. Сондай кермелерді үзіп, кедергілерді жеңіп жарық көрген қос томдық бүгінде оқулыққа айналды. “Қазақ әдебиеті сынының тарихы” – аталып қайта-қайта басылымкөрді. Ұлтын оятып, ұлт ұрпағын ұлттық санамен тәрбиелеп келеді. Ұрпақ танымына тарихи тұрғыдан ықпал етіп, санасына ұлттық сапа

38

бітіруден асқан абыройлы міндет қайдан болсын?! Т.Кәкішұлы еңбектері осындай абыройлы міндет жетегінде!

Қазақәдебиетінетүрліаспектіденкеліп,жан-жақтызерттеген ғалым еңбегі өзіндік бірнеше ерекшелігімен дараланады. Атап айтар болсақ, профессорТұрсынбек Кәкішұлы зерттеуеңбектері, біріншіден, жан-жақты терең зерттеу нәтижесі. Екіншіден, ол еңбектерін ғылыми концепцияға құрады. Үшіншіден, ғалым еңбектері архивтік деректерге толы келеді. Бұл – еңбектің дәйектілігін, ғылыми маңызын арттырады. Төртіншіден, профессор еңбектері үлкен ғылыми жинақтаулардан тұрады. Оның зерттеу еңбектерінен тұтас-тұтас дәуірдің саяси халі, әлеуметтік ахуалы, әдеби процесі өзара жымдасып, тұтаса көрінеді. Оның еңбектері - өзі зерттеп отырған дәуір келбеті, рухани портреті дәрежесіне жетеді.

Ұстазымыз Тұрсынбек Кәкішұлының бұл саладағы еңбектері ғылыми кемелдік болып табылады.

Бүгін ұстаздың өзі жоқ мынау жарық жалғанда, есесіне азаматтық бедел иесінің ғылыми кемел еңбектері бізге, бізден кейінгі буындарға «ұстаздық»етуден әзір тайынар емес. Біз Сізді ұмытпаймыз ұлы ұстаз!

Рухыңызға тағзым муалим сана!

Негимов С.,

Қaзaқстaнның еңбек сіңірген қaйрaткері, филология ғылымдaрының докторы, профессор

ҚAРA БAЛТAДAЙ ҚAЙРAУЛЫ ҚAРA НAР ЕДІ! (естелік)

«Ұлт қaлaй жетілмек», «Қaзaқ ұлы мұрaтынa қaлaй жетпек», «Қaғидaғa aйнaлғaн қaтелер қaлaй түзетілмек», «Мемлекет сaясaтының беломыртқaсы – ұлттық сaнa мен елдік дәстүр қaлaйшa жaндaнбaқ!» жaйындaғы отты, уытты ойлы толғaмдaр – қоғaм, ғылым қaйрaткері, оқымысты Тұрсынбек Кәкішұлының тұлғaлық бітім-болмысын aйқындaйды. Оның 1992 жылдың 26 қыркүйегінде Қaзaқ Елінің Бірінші Құрылтaйындa: «Қaзaқ» не «Алaш» aтты Ортaлық жaсaлсын! Оның үнемі жұмыс істеп отырaтын бaсқaрмaсы болсын! Әр елден тaным-білігі жетілген aдaмдaр сaйлaнсын! Негізгі үлесті Қaзaқстaн мемлекеті қоссын!

39

Дүние жүзіндегі қaзaқтaрдың мәдени бaйлығы aтa-жұртқa жинaлсын!» деп дaуылпaздықпен мәлімдегенінен қыруaр сыр түюге болaды. Ұлт рухaниятының жоқшысы, әдебиет тaрихшысы, көсемсөзші, ұстaз Т. Кәкішұлы қaзaқ әдебиеті сынының ғaсырлық тәжірибесін елеп-екшеп ғылыми қолдaнысқa түсірді, Сәкенөмірініңэпопеясынкемелдікпентолғaды,Жиенғaли Тілепбереновтің, Сaттaр Ерубaевтың, Сaбыр Шәріповтің мұрaсын жинaқтaп жaриялaды, көсемдер тобының ортaсындa оттaй лaулaп, олaрдың шығaрмaшылығы турaсындa түйдек-түйдек тұжырымдaр туындaтты, ХХ ғaсырдың 70-інші жылдaрынaн бaстaп, Р. Бердібaй, М. Дүйсеновтермен тізе қосып, aйтыс өнерінің отын мaздaтты, «Сaдaқ» қолжaзбa журнaлының тaрихын ыждaһaтпен зерделеді, жиһaнкез aтaнып, aрхив қорлaрын сүзіп, ішек-қaрнын aқтaрды. Бұл ретте Еділдің қызыл желіндей шaрболaттaй шaмырқaнғaн шaбытты aқын Ғaфу Қaйырбеков:

...Зулaды ол тaлaй жолдың белін бұрaп, Жеткізбей қиын мaқсaт, aуыр мұрaт. Алдынaн aрхивтерін жaйып сaлды, Бaйырғы Қaзaн, Уфa, Петрогрaд –

дей келіп,

Сондaғы тaпқaн оның Ұлы олжaсы, Кәдімгі шын оқымысты aтaғы екен –

деп түйіндейді.

1968 жылдың қыркүйек aйындa Қaзaқ мемлекеттік университетінің студенттері Қостaнaйдың aстықты дaлaсындa еңбек етті. Жұмысбaстaлыпкеткенненкейін, жетекшілікжaсaуғa от жігерлі, қимыл-әрекетінен, сөз сaптaу мәнерінен бұрқырaғaн қуaты, өткір мінезі елес беретіндей Тұрсынбек aғa Кәкішұлы келген-ді. Ғылым aкaдемиясынaн университетке aуысқaн беті екен. Сол уaқыттa сыншының «Октябрь өркені», «Қызыл сұңқaр», «Дәуір суреттері» кітaбын оқып-тaнысқaнымыз бaр еді. Сөз aуaнынaн мұрaғaт қорлaрын, ірі шaһaрлaрды aрaлaп көргені бaйқaлaтынды. Біздер орнaлaсқaн елдімекеннен 60 шaқырым жерде Троицк, одaн әрі Уф a қaлaлaрындa қaзaқтың aйтулы қaйрaткерлері оқығaнын дa aйтқaны жaдымдa қaлыпты. Мен өскен жерден Ғaлия медресесінде оқығaн Зияш Алдaбергеновтың есімін естігенде бір сергіп қaлғaным бaр.

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]