Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

қабаттары жайлы, қалашықтың батыс бөлігіндегі тұрғын кварталдар жайлы, ішкі жоспарлары және цитаделдің мәдени қабаттарының ерекшеліктері жайлы тың деректер алудамыз. Қазіргі кезеңде үлкен керамикалық материалдар жинақталды, олардың типологиясы мен морфологиялық ерекшеліктерін зерттеліп, өңделуде.

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОҢҒЫ ҚОЛА ДӘУІРІ МЕН ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕСІ

Тәжібаев Б.Ә.

«Археология және этнология» мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Бесетаев Б.Б.

Археологиялық ескерткіштерді қарқынды түрде зерттеу ХХ ғасырдың орта шебінен бастау алады. Ол кездері Орталық Қазақстан жерінде кең ауқымды қазба жұмыстарын ОҚАЭ жүргізген болатын. Бірақ зерттеу жұмыстарының алғашқы сатыларында зерттеліп жатқан ескерткіштер өтпелі кезеңге жататындығы беймәлім еді. Себебі, ол уақыт далалық қазба жұмыстары барысында заттай деректердің жинау, оларды бір ортаға шоғырландыру арқылы, бастапқы ғылыми пайымдаулар жасау уақыты ғана болатын. Тек қана белгілі бір уқаыт өткеннен кейін, мол деректердің жиналуына байланысты Орталық Қазақстан жеріндегі қола мен ерте темір дәуірлері арасындағы өтпелі кезең ескерткіштері жөнінде сөз қозғауға мүмкін туды.

Орталық Қазақстанның соңғы қола тақырыбы бойынша алғашқылардың бірі болып академик Ә.Х. Марғұлан қалам тартқан. ХХ ғ. ортасында деректік қордың аздығына қарамастан академик ғалым өзінің монографиясында «қола мен ерте темір дәуірлері арасындағы өтпелі кезең» деген үтсінікті пайдаланады. Ә.Х. Марғұлан өтпелі кезең ескерткіштеріне: Бұғылы-1, Тағыбайбұлақ, Құлман сияқты қоныстарды жатқызды [1, с. 153]. Зерттеу ұжмыстарының барысында Ә.Х. Марғұлан өтпелі кезеңнің барлық қырын талдап бере алмаса да, тақырыпқа байланысты алғашқы пайымдаулар жасады. Өтпелі кезең тақырыбы бойынша Сарыарқа археологиясындағы жаңа серпіліс Доңғал қонысындағы зерттеу жұмыстарымен байланысты. Бұл қоныстағы зерттеу жұмыстары Қарағанды мемлекеттік университеті археологтарының есімдерімен байланысты (В.В. Евдокимов, В.В. Варфоломеев, В.Г. Ломан). Бірнеше жығлы далалық маусым барысында жиналған заттай деректерді, соның ішінде қыш кешенді сараптай келе 1987 жылы кейінгі қола дәуірінің қыш кешенінен бірқатар ерекшеліктері бойынша доңғал тұрпаттас қыш ыдыс түрі бөлініп шығарылды. Бұл қыш кешеннің алдыңғы кезең қыш ыдыстарынан ажыратылуыоныңқоламенертетемірдәуірлеріарасындағыөтпелікезеңменмерзімдеугенегізболды. Доңғал тұрпаттас қыш түрінің жариялануынан кейін ескерткіштердің өтпелі кезеңмен мерзімделуі зерттелетін ескерткіштердің заттық құрамында осы қыш түрінің кездесуімен анықталып отырды [2, с. 115; 3, с. 101; 4, с. 18].

Қолда бар археологиялық деректерді саралай келе өтпелі кезеңнің алғашқы зерттелген нысаны ретінде Бұғылы-1 қонысын айтуымызға болады. Алайда, бұл қоныс тек қана өтпелі кезеңде емес, одан да ертерек уақытта пайда болған ескергеніміз жөн. Академик Ә.Х. Марғұланның сараптамасы бойынша қоныс үлкен екі топқа бөлінеді: оңтүстік және солтүстік. Екі топ құрылыстарының арасында әлдеқандай уақыттық меже бар екені айтылады. Сонымен қатар, Бұғылы-1 қонысы екі қоныс, үш зираттан тұратын Бұғылы археологиялық кешенінің бір бөлігі болып саналады [1, с. 191].

1956 жылы академик Ә.Х. Марғұлан Бұғылы-1 қонысында бірнеше барлау қазбасын салынған. Қонысты қазу барысында заттай мәдениет бұйымдары алынған. Солардың ішінде қыш, тас, сүйектен жасалған шаруашылық бұйымдары бар. Алынған мәліметтер академик Ә.Х. Марғұланның жариялаған еңбегінде келтірілген. Табылған деректер негізінде қоныс қола дәуірімен мерзімделген болатын [1, с. 191].

Өтпелі кезең бойынша деректер кешені 1974 жылы Тағыбайбұлақ қонысында жүргізілген қазба жұмыстары барысында толқытырылды. Бұл қоныс қазіргі әкімшілік жер бөлінісіне сай Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Қызылтау селолық округінің орталығы (Жуантөбе ауылы) ООШ қарай 18,3 шақырым жерде, Рақыш қыстағынан 2,4 шақырым батысқа қарай, Тағыбайбұлақ бұлағының сол жағалауында, кішігірім ұсақ шоқылармен қоршалған, шағын сайда орналасқан.

Қоныс аумағында барлығы 6 тұрғын-жай орындары тіркелген. Олар ұзыннан солтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс бағыты бойынша орналасқан. Ең үлкен құрылыс қоныстың оңтүстік-батыс шетінде аумқаты алып жатыр. Құрылыстардың басым бөлігі төртбұрышты болып салынған. Барлық құрылыстардың жер бетіне тастан қаланған, көп жағдайда екі тас тақтайшаны қырынан жерге қазып

181

орнатып, екіарасынан ұсақ қиыршық тастармен толтырылған қабырғалары шығып жатыр. Қабырғалардың жалпы қалыңдығы 2 м дейін жетеді, ал жер бетінен биіктіктер кейғ дажйада 0,50 м деңгейінде тіркелген.

Қоныстағы алғашқы қазба жұмыстарды академик Ә.Х. Марғұлан басқарған ОҚАЭ қызметкерлерімен жүргізілген. Қазба жұмыстарына ерте темір дәуірінің білгір маманы М.Қ. Қадырбаев жауапты болған. Қазба кезінде алынған деректер Ә.Х. Марғұланның Беғазы-Дәндібай мәдениетіне қатысты жариялаған монографиясында келтірілген [1, с. 225].

Алғашқы зерттеулер кезінде қазба нысаны ретінде қоныстағы ең ірі құрылыс, яғни қоныстың оңтүстік-батысындағы тұрғын-жай таңдалып алынған. Қазба барысында тұрғын жайдың екі құрылыстан тұратындығы анықталған. Біріншісі, оңтүстік -батыс құрылыс, жалпы аумағы 180 ш.м. және екіншісі, солтүстік-шығыс құрылыс, жалпы аумағы 150 ш.м. Тұрғын-жайдың оңтүстігінен қосымшақұрылыссалынған. Қазбаавторларыбойыншабұлқұрылыстұрғын-жайғакіреберісқызметін атқарған. Тұрғын-жайдың едені жер бетінен 0,4 м өтмен деңгейде тіркелген. Салынған қазба аумағынан 4 ошақ орны табылған. Соныменқ а тар, заттық мәдениет бұйымдарынан тастан жасалған кетпен, кен өндірісіне қатысты құрал-жабдықтар (уатқыштар, тигель т.б.), жебе,қ айрақ т.б. және жануарлар сүйектері табылған. Сондай-ақ, табылымдардың басым көпшілігін қыштан жасалған ыдыс қалдықтары құрайды. Олар өкбінесе оңтүстік және шығыс қабырға түптері мен ошақ маңынан анықталған. Олардың ішінде тұрпайы, қазан тәріздес, түбі жайпақ, қалың қабырғалы, ыдыстың мойын тұсы сәл ғана шығарылған қыштар көбірек. Қыш ыдыстардың ішінде жапсырмалы белдеумен безендірілген нұсқалары бар. Өрнектеу техникасында үрпек тәріздес элементтер жиі кездеседі.

Қазіргі таңда Орталық Қазақстанның өтпелі кезең ескерткіштерін доңғал көнелерімен байланыстыру ғылыми негізделген болып саналады. Доңғал қонысында жүргізілген қазба жұмыстары барысында алынған қыш ыдыстарды сараптау нәтижесінде жеке түр ретінде бөлініп шығарылған қыш кешен, кейіннен кейінгі қола дәуірінің соңғы сатысы болып, одан кейін доңғал атты жеке мәдениет тің ашылуына себеп болды. Сонымен доңғал тұрпаттас қыш кешен өз алдына жеке кезеңнің ашылуына септігін тигізді.

Қорытындылай келе, өтпелі кезең ескерткіштері қазіргі таңда Орталық Қазақстаннан тыс Алтай, Шығыс Қазақстан, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерлерінен ашылып отыр. Сонымен бірге, доңғал тұрпаттасқышыдысҚырғызстанжерінендетабылған. Осыныңнегізіндедоңғалескерткіштеріөлкелік сипаттағы нысандар емес, жалпы тараған құбылыс ретінде қабылдауымыз қажет. Жоғарыда аталған жерлердегі ескерткіштердің өздеріне тән өлкелік ерекшеліктері бар, алайда, ол өтпелі кезеңде далалықтарға тән ортақ үдерістердің болғандығын дәлелдейді. Осы ортақ негізде кейінгі уақытта ерте темір дәуірінің мәдениеттері пайда болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата: Наука КазССР, 1979. – 363 с.

2.Ломан В.Г. Донгальский ип керамики // Вопросы периодизации археологических памятников Центрального и Северного Казахстан. – Караганда: Изд. КарГУ, 1987. – С. 115–129.

3.Евдокимов В.В. О выделении донгальской культуры переходного периода от эпохи бронзы к раннему железному веку

вЦентральном Казахстане // Материалы научной конференции по проблеме Степной Евразии. – Кемерово, 1987. – C. 101– 103.

4.Варфоломеев В.В. Сарыарка в конце бронзовой эпохи: автореф. ... канд. ист. наук. – Алма-Ата, 1991. – 21 c.

182

СЕКЦИЯ №6

ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ЭТНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ: ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ЭТНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЗЕРТТЕУЛЕР / ТРАДИЦИОННАЯ И СОВРЕМЕННАЯ ЭТНОЛОГИЧЕСКАЯ НАУКА:

КАЗАХСТАН И МИРОВЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ / TRADITIONAL AND MODERN

ETHNOLOGICAL SCIENCE: KAZAKHSTAN AND WORLD STUDIES

АҚТӨБЕ ӨҢІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ – КИЕЛІ ДЕ ҚАСТЕРЛІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ НЫСАН

Бекбаев С.Т.

«Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 2 курс магистранты

Жетекшісі: т.ғ.д., профессор А.Б. Қалыш

Ақтөбе облысы - Қазақстанның солтүстік-батысы өңіріндегі ең ірі облыс болып саналады. Ақтөбе облысындағы әрбір ескерткіштің өзіндік тарихи сырлары бар. Киелі өңірде туылған дара тұлғаларымызға қойылған ескерткіштер қасиетті де тарихи-мәдени нысан болып бізге жетуі ұрпақтар сабақтастығын жалғастыратындай із қалдырады. Бұл өңірге зерттеу жұмыстарын жүргізу, ескерткіштерінің тарихи сырларын ашу тарихшыларымызға жүктелген үлкен, абыройлы міндет.

ХIХ ғacыpдың 70-жылдapынaн жүpгiзiлiп келген экcпедициялapдың нәтижеciнде және ғaлымдapдың пaйымдaуыншa, oблыcтaғы тapихи-мәдени cәулет өнеpiнiң өpici үлкен төpт тoпқa бөлiнедi. Oлap:

1.Қoбдa-Елек бoйы еcкеpткiштеpi;

2.Coлтүcтiк Apaл aймaғынa жaтaтын кеcене ғибaдaтхaнaлap;

3.Жем-Caғыз aлaбы aңғapлapындaғы қaуымдap мен зиpaттap;

4.Дoңызтaудaғы кеcенелеp тoбы.

Ақтөбе облыcындaғы әpбip aудaнның тaбиғи және тapихи-apхеoлoгиялық туpиcтiк pеcуpcтapын еcкеpе oтыpып, туpизмнiң дaмуын әpбip aудaн үшiн жекеше қapacтыpу кеpек. Ocының негiзiнде әpбip aудaнғa геoгpaфиялық, экoнoмикaлық, туpиcтiк pеcуpcтap жaғдaйын еcкеpе oтыpып, туpизмдi дaмыту жoбaлapын қapacтыpу кеpек [1, 184 с.].

Дoңызтaудaғыкеcенелеp тoбы– Үcтipттiңcoлтүcтiгi шетшыңымaңындa opнaлacқaнкеcенелеp мен ғибaдaтхaнaлap. Oл негiзiнен тaбындapдың көктемгi және күзгi көш жoлындa жaтыp. Дoңызтaу кеcенелеp тoбы ХIХ ғacыp мен ХХ ғacыp бacындa қaлыптacқaн. Мұндa ғибaдaтхaнa, тұpғын үй кешендеpi мешiтпен қoca бoй көтеpген, тұpғылықты мекен, бейiттеp бap. Кеcене теpең де кең caйдың жapқaбaғындa opнaлacқaн [2, 359 б].

Хaлықтық cәулет өнеpiнiң Бaтыc Қaзaқcтaндaғы елеулi еcкеpткiштеpi көп уaқыттapдaн беpi caяхaтшылapдың, зеpттеушiлеpдiң нaзapын aудapып келедi [3, 142 б.]. Coның iшiнде Бaйғaнин aудaныныңҮcтipтжеpiндегi cәулеттiкеcкеpткiштеp мaқcaтты түpдезеpттелген жoқ. Текcoңғы кездеpi ғaнa Үcтipттi экcпедициялық зеpттеулеp жiбеpiлiп, нәтижеciнде хaлықтың cәулет өнеpi мен тac қaшaу өнеpiнiң бұpын белгiciз бoлып келген көптеген еcкеpткiштеpi aшылды. Oлapдың бacым көпшiлiгi Aқтөбе oблыcындa шoғыpлaнғaн.

Үcтipттiң coлтүcтiгiндегi (Дoңызтaу) еcкеpткiштеp жиынтығы еpекшеленедi. Мұндa caйлapдың жaғaлapыменетектеpiндеХIХғacыp менХХғacыpдыңбacындa caлынғaнқopымдap opнaлacтыpылғaн. Дoңызтaу кешенiнiң өзiне тән cипaтты еpекшелiгi бap. Coлтүcтiк Үcтipттегi хaлықтық cәулет өнеpiне тән cипaт – Үлкен Жыбыcқы кешенiнен aнық бaйқaлaды. Еcкеpткiштеpдiң негiзiгi түpi: буpыл құмдaуыттaн тұpғызылғaн төpтқұлaқ-циклoптық қopшaу. Oның кoмпoзициялық дiңгегi: құлыптacты көpiктi мaзap бoлып тaбылaды. Мұндa құлыптacтap көп емеc, aлaйдa oлap aйpықшa көpкем және көне. Aлып aнa қopымы-cәулет өнеpiнiң еcкеpткiшi. 1979-1980 жылдapы «Кaзpеcтaвpaция» мекемеci зеpттедi. Бұл жеpге бaтыp әйел қoйылғaн деген деpек бap. Еcкеpткiш Мaңғыcтaу, Үcтipт cтильiнде жacaлғaн. Құлыптacтapдың түpлi фopмaлapы бap, oлapдa әшекейлi oюлap, aяқ киiмдеp бейнеленген. Тapихи oбъектiлеp шoғыpлaнғaн aуылдық жеpлеpде шaғын туpopтaлық – бip ғимapaттa мұpaжaй, қoнaқүй, кaфе, кiтaпхaнa, cпopтзaл, кинoзaлжәнеcувениp дүңгipшектеpiнopнaлacтыpутәжipибеci бap. Ocындaй aуылдық opтaлықтa туpиcтеpге қыcқa меpзiмге демaлыcқa тoқтaу және тaнымдық-

экcкуpcиялық мapшpуттap жacaу қoлaйлы [4, 179-186 бб.].

183

Aл Жем-Caғыз өзендеpi aңғapлapындaғы кеcенелеp тoбынa ХIV-ХV және oдaн кейiнгi ғacыpлapдa caлынғaн кеcенелеp тoбы жaтaды. Бұл кеcенелеp Мaңғыcтaу – Үcтipттегi мұpaлapғa бip тaбaн жaқын, өйткенi бұлap aдaйлapдың мaуcымдық жaйлaуынa көшетiн жoлдapдa opнaлacқaн. Кейбip кешендеp opтa ғacыpлapдa caлынды, coлapдың бipi ХIV ғacыpдa тұpғызылғaн Ұшқaн aтa қopымы. Aл қaлғaн еcкеpткiштеp ХVIII ғacыp мен ХХ ғacыpдың бacынa жaтқызылaды. Oлapдың қaтapынa Қapaшұңғыл, Бaқaшы әулие, Acaнқoжa, Қapacaқaл, Дәуiмшap, Aлып aнa, Aбдуллa Хaзpет, Қoccaғыp, Aлдияp ишaн, Aқмешiт Бекет, Aқмешiт Құлжaн, Дүйcеке кеcенелеpi жaтaды [5, 21-30 бб.].

Coнымен, қыpындa киiк жaйлaғaн, төcкейiнде төpт түлiгi тең өpген Бaйғaнин өңipi – құт беpеке мекенi. Жеp қoйнaуындa қaзбa бaйлығы қopының көптiгiмен мәлiм бoлca, жеp бетiнде хaлықтың өз қoлымен жacaлғaн тapихи-мәдени еcкеpткiштеpi де тұнып тұp. Oблыcтың бacқa aудaндapымен caлыcтыpғaндa Бaйғaнин өңipi ipi қopымдapғa, дiни-тұpғын үй кешендеpiне өте бaй бoлып келедi.

Ақтөбе облысына арнай ат басын тіреп келушілер әуелден батырлардың ескерткіштерін аралап, көріп кетуді көздейді. Батырлардың бойындағы күш-жігер туған жерлерінің қасиеттілігімен, тұла бойларына киелі мекеннен дарыған күш-жігердің бар екендігін дәріптейтіндей құпия, тылсым бір күш, үлкен сырдың жатқаның аңғартатындай болып көрінеді. Абат-Байтақ қорымы, Қобыланды батыр кесенесі, Есет батыр кесенесі, Әйтеке би ауданындағы Әбілқайыр хан атындағы мемориалдық кешен осылардың айғағы. Бұл ескерткіштер Ақтөбе облысындағы ең көп келетін тарихи-мәдени нысанға айналатынына кәміл сенімдеміз. Әлі де ашылмаған сырларын толықтыру арқылы келушілердің қатарын жылдан-жылға арттыра аламыз. Тарихи жерлеріміздің киесін сезіну, қасиеттілігін бағалау - біз үшін баға жетпес құндылық табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Aлекcaндpoвa A.Ю. Экoнoмикa и теppитopиaльнaя opгaнизaция междунapoднoгo туpизмa. - М.: МГУ 1996 -215 с.

2.Қaзaқ Ұлттық энциклoпедияcы I-тoм. 2001 –480 б.

3.Aқтөбе oблыcының тoпoнимикaлық кеңicтiгi. Aқтөбе, - 200 жыл, 224 б.

4.Cеpгеевa A.М., Әбденoв A.Ж. және бacқaлapы // Aқтөбе oблыcындaғы туpизмдi дaмытудa мәдени-тapихи pеcуpcтapдың мaңызы. Пpaгa, 2014. 195 б.

5.Aқтөбе oблыcының cтaтиcтикaлық мәлiметтеpi. 2005-2006. - Aқтөбе, 2005. 258 б.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИРАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ НЕКЕНІҢ ЖАҒДАЙЫ

М.Т. Жумабаева

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыі 1 курс магистранты

Жетекшісі: т.ғ.д., профессор А.Б. Қалыш

Қазіргі уақытта некеге тұрудың маңыздылығы өте жоғары, сондықтан некеге тұру және жақсы отбасын құру маңызды болып табылады. Бүгінгі таңда бұл шешімді қабылдау көбінесе некеге тұратын жас немесе орта буын өкілдері. Сонымен қатар, олар өз іс-әрекеттерін ата-аналарымен, жақын туыстарымен, достарымен және құрбыларымен кеңесе алады. Қойылған мәселені қарау біз зерттеген этнос өкілдерінің отбасылық мәртебесіне тікелей байланысты.

Жиі некеге тұрудың себептері ол: махаббат, ортақ қызығушылықтар мен қатар бір-бірлерінің көзқарастарының ортақтығы болып табылады, өкінішке орай олар мына сәттермен қатар жүреді асығыстық, жоспарланбаған жүктілік және т. б. Біріншіден – отбасының қолайлы өмір сүруін, балалардың дүниеге келуін, олардың бақытты балалық шағы мен тиісті әлеуметтенуін қамтамасыз ете алады; екіншіден – отбасының жиі сөзге келуі, өзара сыйластықтың болмауынан ,отабасының ыдырауымен аяқталады. Отбасы өмірінің қандай да бір кезеңінде «Бақытты отбасы өмірі» ерлізайыптыларға байланысты, олар қиыншылықтар мен қиындықтарды жеңе алатынын да ұмытпауы керек. Кейбір тұлғалар басқа жолды таңдайды ол: саналы түрде жалғыздықты таңдайды.

Бұл өмірлік сәттер этникалық тиістілігіне қарамастан күнделікті бақылауда болады және халық санағының материалдарында жеткілікті түрде толық көрсетіледі, оларды объективті талдау, облыс, аймақ және жалпы республика ауқымында жыныстық-жас бөлінісінде қалыптастыру үшін мүмкіндік береді. Санақта біз үйленбеген ерлер/әйелдер, үйленген және тұрмыстағы емес, яғни ешқашан некеде тұрмайтын, сондай-ақ ажырасу көрсеткіштері көрсетілген статистикалық деректерді қарастырдық [1, C. 33-40].

1999 ж. республика халқының ұлттық санағы мәліметтеріне сүйенсек, біз зерттеген Ирандардың некеде тұрған адамдар басым – 60,5%, оның ішінде қала тұрғындарының 60,1% - ы және ауыл тұрғындарының 45,5% - ды. Неке тұрмағандардың басым көпшілігі 40,7%, оның ішінде қала

184

тұрғындары 36,4% және ауыл тұрғындары 40,5% - ды көрсеткіштерді құрайды, келесі жесірлердің басым көпшілігі – 8,3% көрсеткішті құрайды, оның ішінде қала тұрғындары 7,8 %, ауыл тұрғындары 8,0% -ды құрайды. Одан кейін ажырасқандардың басым көпшілігі 16,7 көрсеткішті құрайды, оның ішінде қала тұрғындары 15,4%, ауыл тұрғындары 11,1- ды құрайды (1-кестені қараңыз).

Қазақстанның барлық 14 облысы, сондай-ақ біздің қарамағымызға мынадай үрдістерді ұсынған Алматы және Астана қалалары бөлінісінде салыстырмалы аспектіде қойылған проблеманы талдау, біздің билігімізге келесі үрдістер ұсынған:

1)некеде тұрған ирандардың үлес салмағы жалпы республикалық көрсеткіштерден асатын бес облыс – халықтың көпэтникалық құрамымен бөлінетін Ақтөбе (52,6%), Қарағанды (60,0%), Алматы (61,0%), ОңтүстікҚазақстан(63,8%), Жамбыл(64,6%). Аталғанкөрсеткіштерқазақжәнеорыстілдерін қоса алғанда, ұқсас көрсеткіштермен және басқа да этностардың парсылармен байланысатын өзге де көрсеткіштермен толық үйлеседі.;

2)иран халқының некелік жұптарының үлес салмағы 63-70% аралықтарда – Астана, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, сондай-ақ Қызылорда.;

3)Атырау қаласын қоса алғанда, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды қалаларында тұратын, некелік деңгейі бұрынғы аумақтық-әкімшілік бірліктен төмен [2, c. 176].

1- кесте. 1999 ж. санақ бойыншаҚазақстандағы Ирандықтардың некеге тұруы

ОбылыстарЕрлер

 

 

 

 

 

 

 

 

барлығы

ешқашан некеде тұрмаған

некеде тұратындар

жесір

ажырасқандар

Қазақстан Республикасы

1054

313

666

42

33

 

 

Ақмола

7

-

5

-

2

 

 

 

 

Ақтөбе

19

8

10

1

-

 

 

 

 

Алматы

16

5

9

-

2

 

 

 

 

Атырау

2

1

1

-

-

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан 2

-

2

-

-

 

 

 

Жамбыл

48

13

31

3

1

 

 

 

 

Батыс Қазақстан

5

3

2

-

-

 

 

 

Қарағанды

27

11

15

-

1

 

 

 

 

Қостанай

11

4

6

-

1

 

 

 

 

Қызылорда1

-

1

-

-

 

 

 

 

Манғыстау

10

4

6

-

-

 

 

 

 

Павлодар

14

4

10

-

-

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан

14

1

8

1

4

 

 

Оңтүстік Қазақстан

790

235

504

33

18

 

 

Астана қ.ә.

6

-

6

-

-

 

 

 

 

Алматы қ.ә.

82

24

50

4

4

 

 

 

Обылыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әйелдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

барлығы

ешқашан некеде тұрмаған

некеде тұратындар

жесір

ажырасқандар

Қазақстан Республикасы

849

220

488

72

69

 

 

Ақмола

7

-

4

-

3

 

 

 

 

Ақтөбе

23

10

8

1

4

 

 

 

 

Алматы

4

2

1

1

-

 

 

 

 

Атырау

-

-

-

-

-

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан 6

-

3

2

1

 

 

 

Жамбыл

40

16

16

3

5

 

 

 

 

Батыс Қазақстан

4

2

1

-

1

 

 

 

Қарағанды

15

3

9

1

2

 

 

 

 

Қостанай

6

-

4

1

1

 

 

 

 

Қызылорда-

-

-

-

-

 

 

 

 

Манғыстау

5

1

3

1

-

 

 

 

 

Павлодар

4

2

2

-

-

 

 

 

 

Солтүстік Қазақстан

3

-

2

1

-

 

 

 

 

 

 

 

 

185

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан

690

176

407

57

50

Астана қ.ә. 3

-

2

1

-

 

 

Алматы қ.ә.

39

8

26

3

2

 

Осылайша, ерлер мен әйелдердің отбасылық-некелік көрсеткіштерін салыстыру мынадай үрдістердің бар екенін көрсетеді: 1) республикадағы ирандардың ерлер бөлігі арасында әйелдермен салыстырғанда (63,2–57,5%), сонымен бірге біріншісі (62,3%) екіншісінен (56,6%) қарағанда отбасын едәуір жиі құрады; 2) иран әйелдердің ерлерден жесір және ажырасқандардың көрсеткіштерінде тиісінше 8,5-4,2% және 6,7–4,3% үлес салмағының басым болуы [2, c. 87].

Қорыта айтқанда некелік көрсеткіштердің әлсіреуіне ерлі-зайыптылардың біреуінің өмірден өтуі немесе ұзақ ауруға шалдығуына байланысты, сондай-ақ некенің құлдырауы отбасындағы жанжалды жағдайғабайланысты. Олардыңарасындағыболғанкөңіл-күйлерідеәсеретедідепсанаймыз. Мәселен, жесірлердің үлес салмағы басым Алматы(25,0%), Шығыс Қазақстан (33,3%), Астана қ.ә. (33,3%) облыстарында. Облыстарда қолайсыз экологиямен, халықтың лайықты жұмыс іздеуде жоғары мотивацияның болмауы, материалдық жағдайдың төмен болуы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Калыш А.Б. Внутрисемейные конфликты и разводы в современном Казахстане. – Алматы: Арыс, 2013. – С. 33-80; Харчев А.Г., Мацковский М.С. Современная семья и ее проблемы. – М.: Статистика, 1978. – 224 с.

2.Национальный состав населения Республики Казахстан. Том 4. Часть 3. Население Республики Казахстан по национальностям и состоянию в браке. / Итоги переписи населения 1999 года в республике Казахстан. Статистический сборник / Под ред. А.А.Смаилова. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2000. – 208 с.

АХМЕТ УАЛХАНҰЛЫ ТОҚТАБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫСЫ

Нәмет Бағлан

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 1 курс Ветеринарлық медицина.

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауым.профессор Ахантаева Ә.Ж

Ахмет Тоқтабай – 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайхан ауылы, дүниеге келген. 1969 жылы Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін ҚазГУдың тарих факультетіне оқуға түседі. 1974 жылы «археология және этнология» мамандығы бойынша бітірген соң, Мәдениет минстрлігіне қарасты тарихи-сәулет ескерткіштерін зерттеу, қайта қалпына келтіру жөніндегі «Қазпроектреставрация» институтында кіші ғылыми қызметкер, соңынан аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Қазақстанның түкпір-түкпіріне экспедицияға шығып, көптеген тарихи ескерткіштердің тұрған орнын, тарихи маңызын саралап, мәдениеттегі алатын орнын көрсеткен этнограф ғалым. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Ш. Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында этнология бөлімінде қызмет етуде. 630 дерек көзін пайдалана отырып жазған «Қазақ жылқысының тарихы» энциклопедиялық кітабы жарыққа шығысымен республика жұртшылығынан, шетелдерден жоғары бағаланды. Қазіргі кезде кітап орыс, ағылшын тілдеріне аударылуда. «Қазақ тазысы» зерттемесі бұл тақырыпқа жазылған оқушылардың ойы мен ділінен шыққан сахара мәдениетін тұлғалауға арналған кесек еңбек. Тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Тоқтабай 300 –дей ғылыми-көпшілік мақала, 4 монография, 2 жоғарғы оқу студенттеріне арналған көмекші құрал, балаларға арналған 7 кітапшаның авторы. Біраз еңбектері АҚШ, Германия, Италия, Англия, Ресей, Түркия, Қытай елдерінде жарық көрген. Ғалымды жылқы тарихы ерекше қызықтырды. Ғалымды «Біз, қазақ – көш¬пен¬ді халықтардың ішінде өз этномәдениетін сақтаған ең ірі халықпыз. Бұған екі-ақ мысал келтірейін: сонау Алтайдан Атырауға, Ертістен Еділге дейін созылып жатқан ора¬сан зор даламыз – жылқының арқасында қол жеткізіп, жылқының арқасында қорғап қалған байлығымыз. Яғни ең бірінші фено¬меніміз жеріміздің кеңдігі осыжылқыдажатырдесек, екіншібірфеномен– қазақтіліндеешқандайдиалектініңболмауы», - деген ой – пікірін білдірген болатын. Тіпті қазақ халқының бойындағы феномендік қасиеттің болуын да жылқымен байланыстырып, сөзін былай негіздеді: «жылқы малы өз анасына, қарындасына шаппайды. Қара¬ңызшы, қандайтаза, қандайтектіжануар! Қазақжетіатағадейінқызалыспайтектіліктісақтауды осы жылқыдан үйренген секілді. «Үйренгенбіз» дегенде, біріншіден, өзіміз¬дің әу баста сол жылқыға ұқсаған болмысы¬мыз болса, екіншіден, осы еті мен сүтін пай¬далануымызда да біраз сыр жатыр. » Сонымен қатар, қазақ тарихының жылқы тарихымен етене байланыста екендігін және қазақсыз жылқының, жылқысыз қазақтың тарихының бүтін болмайтынын да негізге алған.

186

Ғалымның ең басты еңбегі 27 жылға жуық уақытын арнаған «Қазақ жылқысының тарихы» атты еңбегі. АхметТоқтабайэтнографқанаемесбелгіліжылқытанушыекенінанықкөрсететінеңбек. Сонау ғасырдан бері эволюциялық жолмен дамып, өзгеріп келе жатқан жылқы болмысы мен мінез – құлығы, жүріс – тұрысы, тарихы, еті мен сүтінің шипасы ғалым назарынан тыс қалмаған.

Қазақ халқының жылқыны алғаш қолға үйреткен халық екендігін және қазақ жылқысының өз болмысын сақтап қалғандығын Ахмет Тоқтабайдың еңбектерінен көре аласың. Сөзімді ғалымның еңбегімен негіздер болсам: «қазақы жабы тұқымы түпнегіздегі қалпын сақтап қалған¬дығы дә¬лел¬деніпотыр. Алысқабармай-ақ, Ботай¬дантабылғанжылқысүйегініңөл¬шем¬деріменқазіргі қазақтың жабы жыл¬қысының өлшемдерін салыстырғанда, ешқандай айыр¬машылық табылмаған. Ағыл¬шынныңтазақандытұлпарынемесетүрік¬менніңақалте¬кесі, арабтыңкереметтей сұлу аттары десек те, бәрінің де түбі – қа¬зақ¬тың жабысынан бастау алады, соның тұқымы.»

Ғалым еңбегінен жылқыға қатысты қандай сұрағыңыз болса да жауап табылады, мысалы, жылқыға байланысты 50-шақты ойын түрлері бар екендігі жазылған. Оған қоса сол ойындардың ережесі мен ойнау түрлерінен де мағлұмат берілген. Ғалымның қазіргі қоғамға тастап отырған ұсыныстары өте өзекті соның бірі «Жылқы музейін» қазақ даласында ашу керектігі. Жапония, Англия, Испания, Ресей секілді елдерде бұл музейлер бар. Ал жылқыны қолға үйреткен халықтың жерінде мұндай музейдің болмауы – қиын мәселе. Егер бұл музей ашылса, бар күшін салып көркейтуге тырысамын деген еді. Екінші мәселе: қазақ даласында «Жылқы театрының» болмауы. Ал ең маңыздысы: жылқы шаруашылығымен айналысып жатқан азаматтардың қазақ жылқысының тұқымын көбейту. Осы мәселе жайлы ғалым: «жылқы өсіретін қалталы азаматтар Еуропадан миллиондаған қаржыға тұлпар алыпкеліпжатыр. Олдұрысемес. Себебіол– еуропалықжылқымәдениетіндамытудегенсөз. Тарихта қазақтың аламан бәйгелері 100-120 шақырымға дейін созылған, қазақ сәйгүліктері соған шыдайтын болған. Сондықтан бірінші кезекте байырғыдай 100 шақырымдық аламан бәйгелерді қайта қалпына келтіруіміз керек.» деп алаңдаушылық білдірді және маңызды ұсыныс тастады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, қазақ тарихы жылқы тарихымен егіз ұғым. Қазақтың өткені жылқымен байланысты және болашағы жылқымен байлаулы болса халықтың моральдық та материалдық та құндылықтары сақталатын болады. Ахмет Тоқтабайдың еңбегін оқығанда осындай ой келді. Тек, бүгінімізді жылқымен байланыстырсақ болғаны .

Пайдаланылған әдебиеттер:

Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы. А. 2010. - 496 б. Тоқтабай А. Ер – Тұрман // Отан тарихы. 2009. - № 2. 163-186 б.

Тоқтабай А. Жылқы түсiне байланысты қазақ ырымдары // Абай. 2003. - № 4. 69 б.

Тоқтабай А. У. Жылқы және ту // Орталық музей еңбектерi: музей iсi, тарих, этнология, фольклортану, антропология,тарихнама, деректану, нумизматика. Алматы. 2000.

Ахмет Тоқтабай Жылқының қазақтың әдеттiк құқығындағы орны мен ролi // Отан тарихы. 2008. - № 1. 48-57 б. Тоқтабай А. Барымта - батырлық мектебi // Отан тарихы. 2007. - № 3. 186-194 б.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЫРЫМДАРЫ МЕН ТЫЙЫМДАРЫ

Ақберген Ақтолқын

ВМ 103.

Қазақ Ұлттық аграрлық Университеті.Қазақ халқының ырым-тыйымдары, т.ғ.к., қауымд., проф., Ахантаева Ә.Ж.

Ұланғайыр мерзім-мезгілдерге қарамастан Ұлы даламыздың төсінде ұрпақтан ұрпаққа тарап, ырым-тыйымдарымыз бүгінгі күнге дейін жетті. Ырым мен тыйымдардың көшпенді қазақ мәдениеті мен өркенитінің дамуына өлшеусіз үлес қосқанын бүгінде ешкім бекерге шығара алмайды. Ырым мен тыйым бір-бірінен ажыратып қарауға болмайтын сабақтас, өзектес ұғымдар. Халқымызда ырым ұрпаққаөнегесі, шапағатытиетін, ізгіқасиеттержұғыстыболсаекендепқолданылатынғұрыптыңтүрі. Кейбірәрекеттергежамандықшақырадыдегенойменырымдаптыйымсалыпжатамыз. Дәлосытұстан екеуінің егіз ұғым екенін аңғаруға болады. Екеуінің айырмашылығын байқау үшін ырымдар мен тыйымдарға жеке-жеке тоқталу жеткілікті. Олардың мазмұны мен мақсаты, оқырманға айтар ойы айырмашылықтарын меңзеп-нұсқап тұрады. Халқымыз бүйіріңді таянба, үйге, ауылға қарай жүгірме, таңдайыңды қақпа, тізеңді құшақтама, отқа су құйма, суға түкірме, күлді баспа, жол жиегіне дәрет сындырмадептыйымсалса, жаңатүскенкелінгеотқамайқұйдыртып, отпеналастап, жасбалaғабұғана ұстатпай, өспей қаласың деп, елге сыйлы батырдың, ақынның, шебердің, жыраудың сapқытын жегізіп

187

немесе оларға cәбидің аузынa түкіртіп, солардай болсын деп ырымдаған. Баланың болашағына болжамды олардың жатысына қарап та жасаған. Бұған дәлел Ұлы жүздің атақты биі Төле би: Әй, жігіттер! Төртаяғымтөртрулыелдей, депжатқанмынаныңжатысытегінемесқой, кімкенінбілдіңдер ме?- деп болашақ хан Абылайдың жатысына қайран қалғаны. Әрбір ырым мен тыйымның терең мағынасы, айтар ойы мен мен берер өнегесі бар. Мысалы, алдыңы қойылған астан алдымен тәубе айтып дәм тату, үлкеннің алдын кеспеу, келіннің атасы,қайын інісі мен сіңілілерінің атын атамауы. Халқымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған түрлі ырым– тыйымдар бар. Мысалы, келін бала көтере алмай жүрсе, нағашы жұртының бір баласын алып келген, үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, бейбітшілік болады деп күткен, Алланың берген балаларын санамаған, санын айтпаған, бесікті бейуақытта далаға шығармаған, үйдегі жас балалар басын төмен салып еңкейтіп, екі аяғының астынан қараса, қонақ келеді деп күткен. Салт-дәстүрімізбен біте қайнасып келіп, осы күні ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз жетерлік. Ата-бабамыз ырымдап жолға шыққан адамға «жолдық» берсе, алғаш жолға шыққан адамның шаңырағында қалған туыстары мен көршілері жиылып, шәй беріп, «Тоқымқағар» жасаған, кесеге құйылған шәйдің ішіндегі шәмбесі тіктұрса, үйгеқонақкеледідепболжағант.б. көптегенырым-тыйымдарымызқолданылмай, ұмытылып барады. Біз бүгінде мәніне жете бермейтін, мағынасын біле бермейтін ырым және тыйым сөздер бар. Балаларға арналған ырым-тыйымдарға келетін болсақ үйге кіріп келе жатқан бала құлап қалса – үйге береке, ырыс келеді; баланың желкесі терең шұқыр болса – қырсық болады; аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса – батыр, кемеңгер болады деген сияқты ырым-тыйымдар жатады. Төрт-түлікке қатысты ырым-тыйымдар да жетерлік. Бұл халқымыз үшін төрт-түліктің қаншалықты маңызды екенін, оларды қалай қадірлейтінін айғақтайды. Қызға қырық үйден тыю демекші келінде мен әйелдерге байланысты ырым-тыйымдар бар. Қазақ асты қадірлейтін халық сол себепті қасиетті аспен байланысты қызға кәрі жілік ұстатпайды – оң жақта көп отырып қалады, байқаусызда ақты төгіп алса, саусағын батырып, маңдайына жағу, үйге кірген жыланды өлтірмей, басына сүт, айран, құйып шығару сияқты ырымтыйымдар бар. Қазақ ырымдары ішіндегі кең таралғаны бұл үй тұрмысына қатысты ырым-тыйымдар. Мысалы: жанып тұрған шырақты үрлемейді – адам ұмытшақ болады, шәугімнің шүмегін есікке қаратып қоймайды – ырыс-несібе кемиді, сәбиінің екі аяғына ата-анасы ырымдап, баланы «тіл-көзден, түрлі пәле-жаладан қорғайды» деп қымбат бағалы металдан білезік соқтырып тағып қояды және т.б. Олардың өзіндік тәрбиелік мәні бар. Мұны білген бала ұлтының салтын, болмысын терең біліп өседі. Жаңа туған келінге қалжа берген.

Ұлы далаға тіл бітсе ырым мен тыйымның шығуына себеп болған қайсар қазағымыздың бастан өткерген қайғысы мен қуанышын, тұрмысы мен тіршілігін, өткені мен кеткенін айтып сайрары сөзсіз. Сол себепті кез келген ырым мен тыйым бүгінгі тарихымыз. Оларға сену немесе сенбеу ол әрбір адамның таңдауы. Дегенмен бүгінгі ұрпақты теледидар мен интернет тәрбиелеп жатқан заманда, өткенді жаңғыртып, баланы ырым-тыйымдармен сусындатып, оларды тәрбилеуде қолдану тартырмас құрал. Ырымдар мен тыйым сөздерді ұмытпайық ол ата-бабамыздың кешегі өткені, бүгінгі біздің тарихымыз.

Қорыта келе ырым мен тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Әрбір тыйымның, ырымның өмірден алынған тәрбиелік мағынасы бар, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай және жастар тәрбиесінде атқаратын ролі зор. Біздің ата - бабаларымыздың даналығы соншалықты – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Тәрбиенің арқауы-әдептілік дегендей, адамдық тәрбиенің алтын арқауы да, халық педагогикасының қайнар бастауы да – әдептілік, ата-бабамыздың бізге қалдырған мұрасын құрметтеп, салт-дәстүрімізді сыйлайық. Қазақ халқы салтдәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға бай халық, әрбір тыйым мен ырымның біздің өмірімізде, тәрбиемізде алатын орны ерекше.

Пайдаланған әдебиеттер:

Қазақы тыйымдар мен ырымдар.Алматы: Өнер. 1998.

Қ. Бегманов Халқы мықтының – салты мықты. Алматы: Өлке. 2010.

С. Кенжеахметұлы Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлімі. Алматы: Санат. 1998. С.Кенжеахметұлы Жеті қазына. Алматы: Ана тілі. 2001.

Х.Арғынбаев. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. Алматы: Қайнар. 2005.

188

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ҚЫТАЙЛАРДЫҢ НЕКЕЛІК ЖАҒДАЙЫ

Жүсіпкалиев С.Н.

Тарих,археология және этнология факультетінің 2 курс магистранты

Жетекшісі: т.ғ.д., профессор А.Б. Қалыш

1999 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы 2837 қытай адамдарын көрсетіп отыр. Соның ішінде некеге тұрғандар саны 1716 адам болса, 652-сі некеге тұрмағандар қатарына кіреді. 248 адам жесір қалса, 221 адам ажырсасып кеткен. Бұл көрсеткіштер жалпы Қазақстан бойынша көрсетіліп отыр. ҚазақстанөңірлеріненотбасыкөрсеткішібойыншаАлматықаласына20,4% -ышоғырланса, оданкейін 17,4%-ы Қарағанды облысында көрсетіп отыр.

1-кесте. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстан Республикасындағы қытайлардың некеге тұруы [1,

с. 64]

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстар

Барлығы

Некеде болмағандар

Некеде болғандар

Жесір Ажырсақан

Барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

2837

652

1716

248

221

 

Ақмола

85

16

53

10

6

 

 

 

Ақтөбе

37

6

25

3

3

 

 

 

Алматы

444

90

269

48

37

 

 

 

Атырау

7

2

5

0

0

 

 

 

Шығыс Қазақстан 214

41

139

25

9

 

 

Жамбыл

275

77

156

23

19

 

 

 

Батыс Қазақстан

4

1

2

0

1

 

 

Қарағанды

496

113

308

36

39

 

 

 

Қостанай

101

18

70

10

3

 

 

 

Қызылора

23

3

16

3

1

 

 

 

Маңғыстау

 

3

0

2

0

1

 

 

Павлодар

151

36

99

7

9

 

 

 

Солтүстік Қазақстан

43

5

26

3

9

 

Оңтүстік Қазақстан

222

44

129

24

25

 

Астана қаласы

153

32

101

11

9

 

 

Алматы қаласы

579

168

316

45

50

 

 

ОныңішіндееңкөпкездесінөңірАлматықаласында. Бұнда579 адам, яғнионыңішінде29 % некеге тұрмағандар болса 54,6 % негеке түрғандар қатарында. 7,8 % жесір қалғандар болса, 8,6 % ажырасып кеткендер қатаырында. Жалпы Қазақстан бойынша қытайлардың отбасылық көрсеткішінің 23 % некеге тұрмағандар қатарында, ал 60,5 % некеге тұрғандар қатарында, ал 8,7 %-ы жесір қалса, 7,8%-ы ажырасып кеткендер қатарына кіреді.

1-кесте. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстан Республикасындағы қытайлардың некеге тұруы [1,

с. 64]

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстар

Барлығы

Некеде болмағандар

Некеде болғандар

Жесір Ажырсақан

Барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

2837

23

60,5

8,7

7,8

 

Ақмола

85

18,8

62,3

11,8

7

 

 

 

Ақтөбе

37

16,2

67,6

8,1

8,1

 

 

 

Алматы

444

20,3

60,6

10,8

8,3

 

 

 

Атырау

7

28,6

71,4

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан 214

19,1

64,9

11,7

4,2

 

 

Жамбыл

275

28

56,7

8,4

6,9

 

 

 

Батыс Қазақстан

4

25

50

 

25

 

 

Қарағанды

496

2,8

62,1

7,2

7,8

 

 

 

Қостанай

101

17,8

69,3

9,9

3

 

 

 

Қызылора

23

13

69,6

13

4,3

 

 

 

Маңғыстау

 

3

 

66,7

 

33,3

 

 

Павлодар

151

23,8

65,5

4,6

6

 

 

 

Солтүстік Қазақстан

43

11,6

60,5

7

20,9

 

 

 

 

 

 

189

 

 

Оңтүстік Қазақстан

222

19,8

58,1

10,8 11,3

Астана қаласы

153

20,9

66

7,2

5,9

Алматы қаласы

579

29

54,6

7,8

8,6

Қазақстан бойынша барлық қала халқына келетін болсақ. Қала халқында барлығы 2196 этникалық қытайлар кездеседі. Соның ішінде некеге тұрғандар саны 1403 адам болса, 518-сі некеге тұрмағандар қатарына кіреді, ал 193 адам жесір қалса, 182 адам ажырсасып кеткен. Бұл көрсеткіштер жалпы Қазақстан бойынша көрсетіліп отыр. Қазақстан өңірлерінен отбасы көрсеткіші бойынша Алматы қаласына 26,4% -ы шоғырланса, одан кейін 19,7%-ы Қарағанды облысында көрсетіп отыр. Одан кейін Алматы облысында 11,4% болса, Жамбыл облысында 10,4% құрап отыр.

1-кесте. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстан Республикасындағы қытайлардың некеге тұруы [1,

с. 64]

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстар

Барлығы

Некеде болмағандар

Некеде болғандар

Жесір Ажырсақан

Барлық қала тұрғындары

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

2196

518

1403

193

182

 

Ақмола

42

7

26

6

3

 

 

 

Ақтөбе

33

5

22

3

3

 

 

 

Алматы

251

52

147

30

22

 

 

 

Атырау

7

2

5

0

0

 

 

 

Шығыс Қазақстан 166

36

103

20

7

 

 

Жамбыл

229

66

128

17

18

 

 

 

Батыс Қазақстан

3

0

2

0

1

 

 

Қарағанды

433

94

268

33

38

 

 

 

Қостанай

63

12

42

6

3

 

 

 

Қызылора

21

2

15

3

1

 

 

 

Маңғыстау

 

3

0

2

0

1

 

 

Павлодар

49

12

28

3

6

 

 

 

Солтүстік Қазақстан

17

0

12

1

4

 

Оңтүстік Қазақстан

147

30

86

15

16

 

Астана қаласы

153

32

101

11

9

 

 

Алматы қаласы

579

168

316

45

50

 

 

Қала хақы бойынша барлық өңірлердің пайыздық көрсеткішін ұсынып отырмыз. Бұнда 2196 адамның ішінен, яғни оның ішінде 23,6% некеге тұрмағандар болса, ал 63,9% негеке тұрғандар қатарында. 8,8 % жесір қалғандар болса, 8,3 % ажырасып кеткендер қатаырында. Алматы облысы бойынша қаладағы қытайлардың отбасылық көрсеткішінің 29% некеге тұрмағандар қатарында, ал 54,6 % некегетұрғандар қатарында. 7,8 %-ыжесірқалса, 8,6% -ыажырасыпкеткендерқатарынакіреді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Национальный состав населения Республики Казахстан. Том 4. Часть 3. Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Население Республики Казахстан по национальностям и состоянию в браке. - С. 64

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙІНІҢ БІРІ – ҚАПСЫРМА

Амангелді Ардана Бақытқызы

«Археология және этнология» мамандығының 2 курс бакалавры

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Мейрманова Г.А.

Қазақ зергерлік өнерінің негізгі бағыты – әйелдердің әшекейілері. Олардың көпшілікке белгілі болуы тек әйелдердің асыл тастарға деген сүйіспеншілігі ғана емес, ұлттық салт-дәстүрлермен де байланысты. Бұл бұйымның материалдарын, пішіндері мен оюларын таңдауда көрінеді. Олардың барлығы белгілібір мәнге ие болып, сәндік қана емес, ең бірінші кезекте мінәжаттық, магиялық, қорғаныштық қызметі жүзеге асырады. Әйел әшекейлері: тағатын орны мен тәсілі, қызметі, пішіні, жасалу әдісі және аталу ерекшеліктеріне сәйкес, қабылданған ортақ үлгі бойынша былайша жіктеледі.

Қазақтың ұлттық бұйымдары алтынмен апталып, күміспен күптеліп, мыспен мықталған. Мыс-тас дәуірінен бері металлдарды өз қажеттіліктеріне жаратқан ата-бабамыз бертін келе мыстан, күмістен, алтыннан әшекей бұйымдар соға бастаған.

190

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]