Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

69

.pdf
Скачиваний:
4
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.44 Mб
Скачать

Қабылтайқызы Айбота

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының «Аударма ісі» мамандығының 1-курс студенті Ғылыми жетекші: Бақытнұр Маулит

АУДАРМАНЫҢ ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ЖАСАҒАН ӘСЕРІ.

Аннотация:Мақалада Қытайдағы қазақтар тілінің құрылымдық өзгерістеріне қытай тілінің жасаған әсері және қазақ тілінің көркейіп дамуы, аударма барысында екі тілдің айырмашылықтарын сипаттау және де Қытайдың тіркес сөздерін аударудағы ерекшеліктері туралы баяндалады.

Түйін сөздер: Интерстрат, індет, тілдік факторлар, диаспора.

Аударманың қай тілде болмасын алатын орны өте ерекше. Елдер мен мемлекеттер, халықтар мен ұлттар арасындағы рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси, экономикалық сауда қарым-қатынастары күннен-күнге қарқындап келе жатқан дәуірде екі жақтың бірін-бірі түсінісу құралы болатын, ғылым мен білімді, әдебиеттерді дәл жеткізе алатын аударма дәнекер ретінде аса үлкен рөл атқарады.

Тарихи себептерге байланысты Қытай елінде қоныстанған қазақ диаспорасы сол өңірдегі өздерімен ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан қытай, ұйғыр қатарлы ұлттар мен бір қоғамдық ортадабірліктееңбекетіп,қоян-қолтықараласыпкеледі.Әсіресе,қытай,ұйғырхалықтарыменараласа отырған қазақтар шаруашылықтың қай саласында болса да солармен үнемі тығыз қарым-қатынаста болудың нәтижесінде олар қытай және ұйғыр халықтарының тілін үйренуге ерекше ден қойды. Бұл процессжаңаҚытайХалықРеспубликасықұрылғаннанкейінгідәуірлердеерекшеқарқыналабастады. Достық қатынастағы тілдердің бір-біріне тигізетін әсерлері интерстрат құбылысы деп аталатыны белгілі. Әрине, Қытайдағы қазақтар тілінің құрылымдық өзгерістеріне өз әсерін тигізіп отырған қытай тілі әлементтерін де осындай интерстраттық құбылыс деп қараған жөн.(С.Мұстафаұлы)

Қатар өмір сүріп отырған тілдердің бір-біріне тигізген әсерлерін зерттеген орыс ғалымы Н.Т.Буларева Сибирде жасайтын орыстардың тіліне жергілікті халықтар тілінің жасаған ықпалына әдейі тоқтала келіп: "Процессы освоения иноязычного слова совершаются в устной языковой форме - народной речи, в которой "переламывается" слово. Оно приобретает фонарическую оболочку, получает грамматическое оформление дейді /2,127/. Қытайдағы қазақ тілі ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер еткен басты фактор - аударма екендігі белгілі.

Әрине, Қытайдағы қазақтар тілінің құрылымдық өзгерістеріне қытай тілінің жасаған әсері тек осы өңірдегі халықтық ауызекі тіл аясы мен ғана шектеліп отырған жоқ, сонымен қатар осы өңірдегі қазақ тілінің синтаксистік құрылымына да өзіндік әсерін тигізіп, оның қатарын жаңа сөз тіркестері, сөйлем формалары мен толықтырғанын осы өлкедегі жазба тілден де байқауға болады. "Ұлттық мәдениетіміздің өзге саласын былай қойып, қазақ әдеби тіліне бүгінгідей дәрежеге жетуін еске алғанның өзінде де аударма қосқан үлес өз алдына бір төбе.(С.Мұстафаұлы). Алғашында аударма арқылы еніп, бүгінде өз тіліміздің сан қилы айшықты өрнек үлгілерін жасап отырған жаңа сөздер мен сөз үйірлері, тың тіркестер мен сөйлем орамдары жазба тіліміз түгілі, ауызекі сөйлеу тілімізде мол дей келе тілші ғалым Өмірзақ Айтбайұлы орыс тілінің қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы үлкен әсерін тұрақтандырады. Мұндай жағдайды Қытайдағы қазақ тілі де өз басынан кешіп отырғандығы белгілі . Аударманың қытайдағы қазақ тілінің дамуы мен кемелденуіне оның тілдік құрылымындағы өзгерістергежасағанигіәсерінеәдейітоқталакелетілшіғалымИбырайым - Пәйзоллаудыбылайдейді: "Біздің баспа сөздерімізде ұлт тілінде жазылған басылымдарға қардармалар бірнеше есе мол, сондықтан әдеби тіліміздің аударманың әсеріне әлде қайда көп ұшырайтыны да табиғи"/4,34/. Қытай тіліндегі көркем әдебиетерді, түрлі ғылыми кітаптарды, саяси әдебиеттерді қазақ тіліне аудару арқылы қытай тіліне тән сөз саптау нормалары, сөйлем формалары осы өлкелегі қазақ сөйленісіне сондай-ақ, оның жазба тіліне де сол қалпы өзгеріссіз кіріккен.

Дегенменде бұл жерде үлгі етіп айта кететін нәрсе тарихи себептерге байланысты қалып қойған қазақхалқының Қытай ұлтының арасында өмір сүріп жүрсе деөз ұлтының ана тілін ұмытпауы. Жалпы аударманыңҚытайдағықазақтілініңдамуыменқалыптасуынатигізгенәсері,еңалдыменосыөлкедегі жазустилініңөзіндікерекшеліктеріненайқынкөрінеді.Бұлерекшеліктердіңбірі - сөйлемніңтымұзын құрылуы болса, енді бірі - сөз саптау ерекшелігі мен сөйлемдердің құрылымдық ерекшелігі жағынан қытай тіліне бейім болуы. Әдете қытай тілінің құрылымдық ерекшелігі бойынша бір әріп бір сөздің орнына жүреді. Сондықтан қытай тілінде қысқа құрылған бір сөйлем қазақ тіліне баспа - бас аударылғанда көлемі түп нұсқадағысынан әлде қайда кеңейеді. Мысалға қытай тіліндегі жеті жолдық

161

ұзақ сөйлемді қазақ тіліне аударғанда бар болғаны үш немесе төрт ғана жолдық сөйлем ғана болып аударылады.

Байырғы тілімізде өсір бұйрық райлы етістігі әдетте малды, шашты, сақалды, бидайды өсір сияқты сөздермен тіркесім жасайтындығы белгілі. Осы өлкедегі қазақ тілінде аударма жолымен қалыптасқан қырағылықты өсіру - қытайша: ti gao jing ti; білім қабілетін өсіру - қытайша: ti gao zhi shi shui ping; саяси сананы өсіру - қытайша: ti gao zheng zhe jue wu сияқты басқа да түрлері бар. Мысалы: Ұлы көсемімізМаужушидің(төрағаМауЗыдоң)"Қырағылықтыөсіріп,отандықорғайық"дегенұлытәлімін көкірегіне берік сақтаған, қызыл жүрегі партияға талпынған кедей малшылар ұрпағы, қағылез халық жасақтарымыз тап жауларының сегнал оғын деркезінде байқап, Мау Зыдон идеясы үгіт дүйіне (отряд) мәлімдеді (Қыраулы қырқалар "роман", Б. Кәрі 445б). Байырғы тілімізде жол беру тіркесі кезігеді. Қытайдағы баспа сөз бетінде кезігетін " кеңінен жолға қою" тіркесі де аударманың әсерінде қалыптасқан тіл деуге болады. Тіркес қытай тіліндегі: guang fan shi shi бір тіркесінің дәлме-дәл аударылуы арқылы қалыптасқан. Мысалы: «Төңкерістік жас батырларды батыл қорғандар" деген нұсқау дазыбау (әшкерелеу қағазы) жазу, ашылып-сайрауды кеңінен жолға қойған,… (Қыраулы қырқалар "роман", Б. Кәрібаев. 926). Сол сияқты қытайдағы қазақ тілінде қолданылатын мынаны баса дәріптеу тіркесі қытай тілінде сөйлем ішінде келіп, дағды бойынша белгілі бір түйінге өзгелердің назарын аудару мақсатындағы қаратпа сөз ретінде жұмсалатын қытайша: qiang diao le zhe yi dian деген тіркестің баспа бас аудармасы. Мысалы:…,автономиялы районның төрағасы Сымайл Тілеуалды 20 қазан түстен кейін, автономиялы райондық радио, кино, телевизия мекемесінде қызмет тексергенде мынаны баса дәріптеді, районымыздың радио, кино, телевизия істері реформасын үздіксіз тереңдетіп, батылдық пен жаңалық жаратып, дәуірмен бірге алға басып, кәсіптік өміршеңдік пен жалындылықты бастан-аяқсақтауқажет(Шынжаңгазеті,2003ж,22қазан,19137сан,1б).Мысалғаалынғанпубликация бетіндегі осы бір сөйлемнен әдеби тілімізде көп қолданылмайтын дәуір мен бірге алға басу - қытайша: yu shijujin; бастан-аяқ сақтау - shi zhongbao chi сияқты тіркесімдерді де тікелей аудармажолымен осы өлкедегі қазақ жазба тілін енген тың оралымдар деуге болады. Сол сияқты тағы көзқарасқа бұрылыс жасау - қытайша: zhuan bian guan nian "көзқарасын өзгерту деген мағынада жұмсалып отыр" тіркесін де айтуға болады. Тіркес тікелей аударма жолымен қытай тілінен қазақ публикациясына еніп орныққан. Мысалы: …,игерту барысында Чапчаг Сібе автономиялы ауданы кадрлардың саясы насымен назариялық білім өресін жоғарлатып, халық үшін қызмет істеу саналылығын жоғарлату, көзқарасқа бұрылыс жасау,…(Шынжаң газеті, 2003 ж., қазан, 19137 сан, 1б). Әдеби тіліміздегі ешбір тіркесіне жасай алмайтын жекелеген кейбір сөздер қытай тілінен тікелей аудару арқылы осы өңірдегі жазба тілде тіркес ретінде қалыптасып, жергілікті ҳалық тіліне әбден сіңісіп кеткен. Мысалы, қытай тіліндегі: алдағы уақытта, келесі кезекте мағынасында жұмсалатын хіа yi bu тіркесі осы өңірдегі жазба тілде келесі қадамда болып тікелей аударылып қалыптасқан. Мысалы: Келесі қадамда сарстан сақтану және оны емдеу қызметінің шаралары жөнінде әзірлік мығым, тиянақтандыру ойдағыдай болған (Шыңжаң газеті, 2003 ж, 22 қазан, 19137 сан, 1б).

Қытайдағы қазақтар тілінде қолданылып жүрген "жиналыс өткізу "мағынасындағы ''мәжіліс ашу'' тіркесі де қытай тіліндегі: каі һиі тіркесінің баспа-бас аударылған түрі. Қытайша: каі - ашу, hui - мәжіліс. Мысалы: Әр түрлі мәжілістер ашып, Мау жушидің әртүрлі нұсқауларын кең көлемде терең үгіттеді (Шыңжаң газеті, 1960ж. 5 наурыз. № 231, 36). Мысалдағы кең көлемде терең үгіттеу тіркесі де қытай тілінен дәлме-дәл аударылып алынған қытай Тіліндегі: guang fan - кең көлемді, shen ru - терең xuan chuan - үгіттеу тіркесі, яғни байырғы тілімізде мүлде тіркесім жасамайтын терең және үгіттеу сөздері аударманың әсерімен тіркесім жасап баспа сөзде орныққан. Қытай тілінің өзіне ғана тән болып келетін " бір,…бір немесе бірден,…екіден"сияқты рет-ретімен келетін сөйлем формасы да дәлме-дәл аударылып жұмсалу нәтижесінде осы өңірдегі қазақ публикациясында қалыптасып орныққан деуге болады. Мысалы: Бұл жер бірден кедей, екіден ақ болғандықтан партия мені жіберді (Шыңжаң газеті, 1960 ж. 19 желтоқсан, № 352 сан)… көкірек кернеген сеніммен бір ниет, бір тілектен селбесіп, өз күшімізгесүйеніпөмірсүру,қажырлылықпеншаруашылықжарату,рахатпенмиханаттабіргеболу,…( Шынжаң газеті, 1960 ж. 19 желтоқсан, № 352 сан). Тек қытай тіліндегі ерекше сөйлем формасы саналатын, белгілі бір іс-әрекеттің орындалуының орындаушыға байланыстылығын көрсететін қытайша: bei dong ju "bei "әріпті сөйлем немесе құрамында bei "әріпі келетін сөйлем де қазақ тіліне дәлме-дәл аударылып қолданылу нәтижесінде баспа тілде қалыптасып, жергілікті халық тіліне әбден сіңісіп кеткен сөйлем формалары болып табылады.

Қортындылай келе біз ең алғаш қазақ елі әр ұлтпен тығыз қарым-қатынаста екенін көріп отырмыз. Қытайдағы қазақтар тілінің дамуы мен кемелденуіне, сондай-ақ оның жазба тілдік нормаларының қалыптасуына аударма өз әсерін тигізгендігін өз тілдерін ұмытпай одан ары қарай дамытқанын, Қытай тіліндегі сөздерді қазақшаға аударғанда түсетін өзгерістер мен айырмашылықтарды байқаймыз.

162

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Бухарева Н.Т. Сибирская лексика и фразеологияНовосибирск; Наука, 1983. 202c

2.Айтбайұлы Ө. Аударма ісіндегі сөз жасам тәжірбиесінен // Түркі тану мәселесі; Алматы; Қазақ мемлекеттік КПИ,

2001. 21-31б

3.Пәйзолла И. Аударма не күйде // Тіл және аударма. Үрімжі 2000 №1 33-37б

4.С.Мұстафаұлы Вестник КазНУ Серия филологическая №8(90).2005

5.Аударма тәжірибесі. Алматы, “Қазақ университеті” 2009

Қонқанова А.А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы 2 курс магистранты Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент. Ахметбекова А.К.

ИБРАХИМ АБД ӘЛ-МАЖИДТІҢ «ҚАБЫРҒА» ӘҢГІМЕСІ

Аңдатпа

Берілген мақалада мысырлық жазушы Ибрахим Абд әл-Мажидтің шығармашылығы сөз болады. Мақалада Ибрахим Абд әл-Мажидтің негізгі " " (Кеңістіктер) әңгімелер жинағының үшінші тобынан алынған " " (Қабырға) әңгімесіне талдау жасалынады және жан-жақты зерттеледі.

Кілт сөздер: Ибрахим Абд әл-Мәжид, новелла, рәміз, қабырға, бала.

Ибрахим Абд әл-Мажид романдар мен новеллалар жазған мысрлық жазушы. Оның "تاءﺎﻀﻓ" (Кеңістіктер) деп аталатын әңгімелер жинағы бес топқа бөлінген. Әңгімелердің әрқайсысы әр түрлі уақытта жазылған. Алайда жазылу стилі бойынша бір-бірімен ұқсас келеді.

Солардың ішінде оның "راﺪﺠﻟا" (Қабырға) әңгімесі. Бұл әңгіме 1988 жылы жазылған. Оқиға сюжетіне тоқталатын болса, мұнда басты кейіпкер – кішкентай бала адасып жүр, ол өзінің үйін таппай жүр, ол қайда бармаса да, оның алдында үнемі қабырға пайда болады.. «Ары қарай, күн батады және оның артынан шуақтарын шашып жаңа күн туады», - деп үмітпен жазып келе жатып: «ал бала өз үйін қайтадан іздейді, оның алдынан қайтадан қабырғалар пайда болады..» деп жазып, оның әлі де тығырыққа тірелген күйінен шықпағанына меңзейді. Одан кейін: «бала үйін тапты, бірақ ол үйдің кірерге не есігі, не терезелері жоқ» - деп жазады.

Әңгіменіңбасынжазушыбаланыңаяқкиімінсипаттауданбастайды.Балағақаратүсұнамайтынын, ол баланың қоңыр аяқ киімінің қап-қара болып кетуін сипаттау арқылы баланың көп уақыттан бері адасып жүргенін сипаттайды. Әңгіменің осы жерін автор былайша жазады: " ،ﻲﻣﺪﻗ فاﺮطأ ﻰﻠﻋ ﻰﺸﻣأ ﺖﻨﻛ ﻲﺘﻟﻮﻔط ﺬﻨﻣ ﻰﻨﺒﻟا نﻮﻠﻟا ﻖﺸﻋأ و ،اﺪﺑأ دﻮﺳﻷا نﻮﻠﻟا ﺐﺣأ ﻻ ﺎﻧأ و ،دﻮﺳأ رﺎﺻ ﻲﻨﺒﻟا ﻲﺋاﺬﺣ ﺖﯾأﺮﻓ" – «Жаяу жүріп келе жатып, қара аяқ киімімқап-қара болғанын көрдім,ал менқара түсті мүлдемжақсыкөрмеймін, алқоңыртүстіболса кішкентай кезімнен жақсы көремін.» [2, 654]. Мүмкін ол аяқ киімін тазалап, қалпына келтіре алмаған болар. Біріншіден, бұл жолдар арқылы жазушы басты кейіпкердің өзіне ұнамайтын халде екенін және сол халден шыққысы келетіндігіне меңзейді. Екіншіден, «оған не себеп болды?», - деген ойға келеміз. Солсұрақтыңжауабыәңгіменіоқубарысындаөздігінен-өзішығакеледі.Олбалакөшелердіңарасымен адасып, үйін таба алмай, шарасыз күйде қалды.

Әңгімені жалғастыра отырып автор баланың қалаға кіріп, көшелердің қаңырап бос қалғанын, тірі жан жоқтығын жазады. Яғни: "سﺎﻨﻟا و ﺔﻛﺮﺤﻟا ﻦﻣ ﺔﯿﻟﺎﺧ عراﻮﺸﻟا ىرأ و ،ﻢﯾﺪﻗ ﻊﺳاو بﺎﺑ ﻦﻣ ﺔﻨﯾﺪﻤﻟا ﻞﺧدأ ﻲﺴﻔﻧ ﺖﯾأر ﻢﺛ" –

«Артынан үлкен ескі қақпа арқылы қалаға кірдім. Көшелердің қозғалыссыз, бос, тым-тырыс екенін көрдім» деп, автор қалаға кіргендегі, сол қаланың жағдайын сипаттап, көшелерінде тірі жан, қозғалыс жоқтығын сипаттайды.[2, 654]. “Көшелерде неге адамдар жоқ?” деген сұраққа жауап бірнеше болуы мүмкін. Ол даладағы ауа-райының көшеге шығуға қолайсыздығы болуы мүмкін. Алайда, көшелердің бостығын біз елдегі бейбітшіліктің жоқтығымен байланыстырдық. Далаға шығу қауіпті болғандықтан, сонымен қатар жұрттың біраз бөлігі шығанақ елдеріне көшіп кеткендіктен адамдар аз деген тұжырымға келдік. Ол ойға біз жазушының "مﻼﺣﻷا ﻰﻠﻋ ﻦﯾرﺎﻤﺗ" (Армандарға жаттығу) әңгімесін оқи отырып келдік. Ол жерде жазушы басты кейіпкердің достары «бай елдерге» жұмыс істуге кетіп қалғандығын жазады.

Автор өз әңгімесін ары қарай жалғасытра келіп, бір көшеге кіріп, ол көшеде кішкентай балалардың ойнапжүргенін,аланаларыболсабалкондарданмойындарынсозақараптұруларынжазады."عرﺎﺷﻰﻨﻠﺑﺎﻗ ﻞﻄﺗ ءﺎﺴﻧ ﺮﮭﻈﺗ و ،ﻰﻟﺎﻄﻨﺑفﺮﻄﺑ نﻮﻘﻠﻌﺘﯾ ﺔﮭﺟ ﻞﻛ ﻦﻣ لﺎﻔطأ ﺮﮭﻈﯾ و ،تارﺎﻤﻌﻟا حﻮﻄﺳ ﻰﺘﻣﺎھ ﻮﻠﻌﺗ و،ﻼﯾﻮط دادزا ﻲﺴﻔﻧ ﺖﯾأﺮﻓ ،ﮫﯿﻓ ﺖﻠﺧد

- "ﺎﮭﻗﺎﻨﻋأ ﺔﻌﻓار تﺎﻓﺮﺸﻟا ﻦﻣ “Алдымдағы көшеге кірдім, бойым өсіп кеткендей болды, ал басым ғимараттардың төбелеріне жетті, ілініп тұрған панталондардың шет жақтарынан балалар көрінеді және балкондардан мойындарын соза қарап тұрған әйелдер көрінеді”.[2, 654].

163

Ол қайда барса да, қай көшеге кірсе де, алдынан үлкен темір қабырға пайда болатынын, күн шуағы көрінбей, үміті үзіліп көңілсіз қалған баланың жағдайын сипаттайды. Өзінің бұл әңгімесінде күннің шуағы да көрінбейді деп ауыспалы мағынада тіптен үміттің шуағы да жоғын айтады. Осылайша Ибрахим Абд әл-Мажид Египеттегі панасыз қалған адамдардың, әсіресе кішкентай жетім балалардың жағдайын сипаттайды. «Ол бала неге адасып қалды? Оның ата-анасы бар ма?», - деген сұрақтар пайда болады.

Оның үйін таппай жүруін интерпретацияла үшін біз «үй» сөзінің символикалық мағынасын қарастырдық. Н.А. Истомина өзінің «Символдар сөздігінде» былай деп жазады: «В некоторых культурах дом – это место встреч для общих совещаний, праздников и дней скорби...

Для психологии подсознания дом является важным символом, возможно, как в мечте: «Важные сны говорят просто о доме... Что происходит «в доме», то творится и у нас внутри. Фрейдистская психология приписывала символический дом матери и женщине в половом либо «рождающем» смысле.Вобразедоматакжезаложенобольшеженски-материнского,нежелимужского.Всвязисэтим каждыйсновидецможетсамстатьолицетворениемприведенноговпорядоклибовупадке, старогоили нового дома из своего сна» (Аеппли)».[3, 207-208]

«Үй»сөзінің символикалық мағынасына сүйенетінболсақ, үй – ол ана. Үйдің тағы дабір мағынасы ол адамдардың жиналатын жері. Ендеше, біз екі тұжырымға келе аламыз, біріншіден, ол бала анасын іздеп жүр. Екіншіден, үйді таппай жүрген бала адамдардың жиналған жерін, қоғамды таппай жүр. Ол қоғамдағы бірліктің жоғалғандығына меңзегендей болады.

Басты кейіпкердің тұрмыс жағдайы нашар екенін оның «ескі желбабынан» көре аламыз. Сонымен қатаролбалажолтаппайжүргенінжазылған.Әңгімеатауыныңөзі«Қабырға»қандайдабіртығырыққа теңеуді білдіреді. «Сөйтіп адасып жүрген балалар қаншама, олардың тағдырын кім шешпек?» - деген сияқты сұрақтарға жетелейді. Оқырманды ары қарай ойлауға шақырады, кейіпкердің тағдыры не болмақ. Сол кейіпкердің тағдырын шешу арқылы мысыр халқының да тағдырын шешуге итермелегендей болады.Яғни, жазушы өз ойын тура мағынада жеткізбей, ауыспалы мағынада, барлық жетім балалардың жағдайын бір жетім баланың бейнесі арқылы сипаттайды." ﺐﯿﻐﻤﻟا ﻰﻟإ ﻲﻀﻤﺗ ﺖﻧﺎﻛ ﺲﻤﺸﻟا

-«"...ﺾﯿﺑﻷا ﮫﻧﻮﻟ ﻲﻓ ﺶھﺪﻣ و ،ماﻮﻘﻟا ﺐﯾﺮﻏ ﻒﯿﻔﺷ ءﻮﺿ كﺎﻨھ نﺎﻜﻓ ﻞﯿﻠﻟا ءﻰﯿﺠﻣ ﺔﻋﺮﺳ ﻦﻣ ﺮﺒﻛأ ﺔﻋﺮﺳ ﻲﻓ «Күн тез батып бара жатты, түннің ерекше бір жарығы болды және ақ түсті жарық бір ғажайып болып көрінді» - сол ғажайыпжарықтабірүміт сезілгендейдепжазып,арықарай:"،ﻲﻜﺑأ و ،ﻦﯿﺗﺮﯿﻐﺼﻟا ﻲﻔﻜﺑ ﻲﻨﯿﻋ ﻚﻋدأ ﺖﺣر ﺎﻀﯾأ ﻲﻨﻜﻟ

-«"ﺎﮭﺴﻔﻧ ﺔﻘﺑﺎﺴﻟا ﻲﻟﺎﯿﻠﻟا ءﺎﻜﺑ تﻮﺻ ﮫﻟ ﻲﻘﯿﻘﺣ ﻞﻔط ﻲﻧأ ﺎﻛرﺪﻣ «Бірақ мен сол әр түн сайын жылайтын кішкентай бала

мен екенімді түсініп, екі көзімді жұмып жылай бастадым» - деп жазушы өзін сол тығырыққа тірелген, кішкентай жетім балаға теңейді. [2, 655].

Жалпы «Қабырға» сөзінің мағынасы қандай? Белгілер мен символдар энциклопедиясында «қабырға» сөзіне келесідей анықтама беріледі: «Стена – символ стойкости и постоянства, незыблемости и неприступности, защиты и опоры. Стена – самый надежный оплот... Но есть у стены и обратная сторона. Эта теневая сторона стены символизирует жесткое ограничение, духовную неволю, непреодолимую преграду и разделение («стена отчуждения», «стена непонимания» и т.д.)»

[5].

“Wall. Its significance is diverse, depending upon which of its different characteristics is taken as fundamental. In the Egyptian system of hieroglyphs, the wall is a determinative sign conveying the idea of ‘rising above the common level’ (19); clearly the predominant sense here is that of its height”.[6, 362-363]

Джон Кирлоттың бұл сөздеріне сүйенетін болсақ, Ибрахим Абд әл-Мажид басты кейіпкерге сол қабырғадан асып түсу керек демекші. Ол қабырғадан асып түсу үшін балаға батылдық, күш пен шыдамдылық керек. Бірақ бала алдынан пайда болған қабырғаға қарап, кері бұрылып, қабырға жоқ жерлер іздейді. Бірақ басқа көшеге бұрылған кезде де, қабырға жоқ жерде, оныың алдында жаңадан қабырға пайда болады. Автор бұл жолдар арқылы бала қай көшеге кірмесе де, қайда бармаса да, алдынан қабырға пайда болатынын жазу арқылы, адам қандай істі бастамаса да, қиыншылыққа тап болатындығына меңзегендей болады. Бірақ ол қиыншылықтарға жеңілуге болмайтынын айтқысы келгендей болады. Ары қарай «Символдар сөздігінде» «қабырға» сөзі келесідей сипатталады:

It expresses the ideas of impotence, delay, resistance, or a limiting situation. Now, the wall seen from within as an enclosure has a secondary implication of protection which, according to its function and the attitude of the individual, may even be taken as its principal meaning. [6, 362-363]

Джон Кирлоттың берген «Қабырға» сөзінің екінші мағынасында ол шарасыздықты, қарсылықты немесе шектеулі жағдайды білдіреді. Сонымен қатар, «қабырға» сөзі тағы да қорғау мағынасын білдіреді және ол осы сөздің негізгі мағынасы болып табылады. Олай болса, бұл әңгіменің атауының өзі екі дуальді мағынаға ие. Бір жағынан ол кішкентай балаға кедергі, үйін табуда бөгет болса, екінші жағынан қарасақ, мүмкін ол қабырға баланы бір жамандықтан сақтаған болған шығар.

164

At the same time, this image has another term of comparison, that of matter as opposed to spirit (4). It should be noted that the symbolism in the latter case remains unchanged, since matter corresponds to the passive or feminine principle, and spirit to the active or masculine”.

Үшінші мағынасында Джон Кирлот «қабырға» сөзін бостандықтың антонимі ретінде түсіндіреді. Яғни, қабырға адамды шектейді, оның бостандығына шек қояды. Сонымен қатар, ол қабырғаны өзгеріссіз, пассивті, консервативті бір қалыпқа теңейді және активті талпынысқа, күш-жігерге ынталандырады. [6, 362-363]

Берілгенәңгіменіоқиотырабіз«қабырға»сөзініңбұлжердекөбінесеадамбостандығыншектейтін, консервативті, шарасыз қлып деген мағыналарға ие екендігін көре аламыз. Өйткені кішкентай бала қайда барса да алдынан қабырға пайда болатынын жазып, оның тығырыққа тірелгендігін, қабырға оның алдында бөгет болып тұрғандығына меңзейді. Бірақ, мүмкін бұл «қабырға» жақсы мақсаттарға, яғни адамдарға қорған болу мақсатына қолданылу керек болған, алайда ол өзінің барлық негативті тұрғысында сипатталып тұр.

Ибрахим Абд әл-Мажид әңгімесіндегі бала сөзінің символдық мағынасына келетін болсақ, Н.А. Истоминаның айтуы бойынша бала ол пәктіктің, тазалықтың, болашақтың белгісі. Бәріміз де өзіміз жетпеген жетістіктерге балаларымыз жетуін қалаймыз. Сондықтан да, көп жағдайда бала болашақта орындалуы мүмкін потенциалды мүмкіндіктер символы ретінде қарастырылады. Сол сияқты бала адамның жақсы жаққа өзгеріп, өзін шыңдау үшін қайта туған адамның символы ретінде де қарастырылады. Бала ықылас пен тазалықты білдірген соң көбінесе адамның жаңа туғандағы табиғилығын білдіреді. [3, 515]

Әдебиеттер тізімі:

1. .ةﺮھﺎﻘﻟا .1997 ،ﻲﻟﻮﺑﺪﻣ ﺔﺒﺘﻜﻣ ،"ﺔﻠﻣﺎﻜﻟا ﺮﯿﻏ لﺎﻤﻋﻷا" ﺪﯿﺠﻤﻟا ﺪﺒﻋ ﻢﯿھاﺮﺑإ – Ибрахим Абд әл-Мажид «Бітпеген амалдар», «Мадбули» баспасы, Каир, 1997.

2.Т.Турскова «Новый справочник символов и знаков». – М.: РИПОЛ КЛАССИК, 2003. – 800 с. – (Необычные справочники). ISBN 5-7905-1836-2.

3.«Энциклопедический словарь символов»/Авт.-сост. Н.А. Истомина. – М.: ООО «Издательство АСТ»: ООО

«Издательство Астрель», 2003. – 1056 с. ISBN 5-17-014890-9 (ООО «Издательство АСТ), ISBN 5-271-05043-2 (ООО

«Издательство Астрель»)

4.С.Силина, «Язык символов: мифология и религия». – М.: Изд-во Эксмо, 2006. – 384с.: ил ISBN 5-699-13205-8.

5.www.znaki.chebnet.com/s10.php?id=708

6.J.E. Cirlot “A Dictionary of symbols”. Second Edition. London, 1971.

Қайруллаев Е., Жани А.,

Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2-курс студенті

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ ТУРАЛЫ СӨЗ» ЕҢБЕГІНІҢ ЗАМАНАУИ ТІЛ БІЛІМІМЕН ШЕКТЕСУІ

Қасиеттіқазақдаласындаадамзаттарихынабілімніңәртүрлісалаларындамытуғаайтарлықтайүлес қосып кана қоймай, сонымен қатар, бірқатар ғылымдардың негізін қалаған көрнекті тұлғалар жетерлікжәне олар тек нақты бір ғылыми сала төңірегінде емес, ғылымның көптеген салаларында өзінің еңбектерін өшпестей етіп келер ұрпаққа мұра қылып қалдырды.Қазақстандық фарабитанушылардың айтуынша, «уақыт өтсе де, құндылығы одан әрі арта түскен мұрасының маңыздылығы философия, әлеуметтану, логика, этика, эстетика, жаратылыстану ғылымдары саласындағы өз ұстанымдары мен еңбектерінің тек Шығыс халықтарының әлеуметтік және философиялық ой-өрісін одан әрі дамытуға үлес қосып қана қоймай, Орта ғасырдағы және Ренессанс кезіндегі Еуропаға да оңтайлы әсер еткендігінен көрініс табады». Осылайша, әл-Фарабиді білім мен ақиқатты іздестіру жолында этникалық, мәдени, лингвистикалық және діни ерекшеліктерге сәйкес барлық қарама-қайшылықтарды еңсере білген әлемнің адамы деп санауға болады. Түркі жерінде дүниеге келген ойшылдың болашақта бойына көптеген мәдениеттердің – ирандық және үнділік, гректік, арабтық және түркілік жасампаз күштерінің самалын сіңіріп, араб-мұсылман мәдениетін танытатын философ ретінде әлемге мәшһүр болуы осы жазылған сөздерді дәлелдейді. Өмір тарихына қысқаша көз жүгіртер болсақ, Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн

165

Ұзлағ әл-Фараби Отырар оазисінде дүниеге келді. Қазақстан жерінде егіншілік пен қалалық мәдениеттің көпғасырлық тарихы бар. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстанда көне замандарда-ақ қалалар менсуармалыегіншілікпайдаболды.АрабтаржаулапалғаннанкейінОтырароазисіФарабаймағыдеп аталып кетті. Онда бірнеше қала орталықтары, солардың арасында Весидж (Оксус) қамалы да орналасты.

Әл-Фараби осы жерде дүниеге келіп, балалық шағын осында өткізді. [1, 6] Ғылыми білім негіздерін Әбу Насыр әл-Фараби Отырарда алады. Мұнда сол уақыттағы ең бай кітапхана орналасты. Әл-Фараби осы кітапханада философиялық және ғылыми еңбектермен танысуға мүмкіндік алды. IX-X ғғ. Отырар ірі саяси және мәдени орталық еді. Осында әртүрлі діни сенімдер: шаманизм, зороастризм, несториандық, манихейшілдік, буддизм кең таралды. VIII ғасырда Оңтүстік Қазақстан араб халифатының құрамына кіргеннен кейін, осы жерді мекендеген халықтардың рухани өміріне көп өзгеріс әкелген ислам діні кең тарала бастады. Жалпы сол заманның әр түрлі діни көзқарастар ұлы философ болуына да септігін тигізгені байқауға болады. Осында әл-Фараби өзі өкілі болған түркі мәдениетінің рухани құндылықтарын бойына сіңіреді. Әр адамның көзқарасы шындықты рухани-практикалық игерудің жүйесі болып табылады. Онда мәдени аяда қалыптасқан білімдер мен нанымдар, адамгершілік мұраттар, қоршаған ортаға деген психологиялық және эстетикалық қатынас жиынтығы көрініс табады. Көптеген фарабитанушылар әл-Фарабидің көзқарасына түркі мәдени дәстүрінің әсер еткенін мойындайды. Әл-Фараби тумасынан өкілі болып табылатын түркі мәдениеті өзіне тән дүниетанымдық бағдарлар мен категорияларды, болмыс принциптері мен дүниені ұғыну құндылықтарын қалыптастырды. Ол құндылықтар жастық шағында әл-Фарабидің тұлғалық қалыптасуын анықтады. Білім іздеген әл-Фараби халифаттың мәдени орталықтарына аттанды. Олардың ішінде Бағдат қаласының маңызы зор еді. Әл-Фарабидің рухани мұрасын зерттеуші ғалым М.М.Хайруллаев: «Әдебиетте әл-Фараби Орталық Азиядан кеткенге дейін Шаш пен Самарқантта болып, біраз уақыт Бұқарада оқып, еңбек етті дегендеректер бар. Бағдатқа барар жолында ол Иранның көптеген қалаларында: Исфаханда, Хамаданда, Рейде (Тегеранда) және т.б.болды. Әл-Фараби сапарға қашан шығып, Бағдатқа халиф әл-Муктадир билік құрған уақытта (908-932) қоныс аударғаны туралы айтылады» - деп жазды. [2, 43]. Бағдадта әл-Фараби біліми және ғылыми қызметке белсене араласады: парсы,грек,сириятілдерін,еңалдымен,арабтілінүйренеді;теориялықматематика,медицина,логика, философия,поэзияжәнет.б.ғылымдардыигереді.Әл-Фарабидіңұстаздарыежелгігрекфилософиясын терең игерген Юханн ибн Хайлан мен Әбу Бишр Матта болды.

Әл-Фараби білім нәрімен өте терең сусындаған. Тіл білімі, философия, музыка, математика, астрономия, дін және сол кезеңдегі басқа да ғылымдарды үйренген. Философиялық ғылымдардағы қабілеті мен біліктілігіне байланысты Аристотельден кейінгі екінші ұстаз – муаллим-ус сани деген атаққа ие болған. Фараби көне грек ойшылдары – Платон, Аристотель, Эвклид, Птолемейлердің еңбектерін адамзатқа түсіндірген ойшыл. Қыпти мен Ибн бу Усайбияның жазбаларына сүйенсек әлФарабидің еңбектерінің саны жетпістен асады. [3, 120].

Әл-Фарабидің рухани мұрасы барлық өмірінің барысында қалыптасты және дүниетанымдық тұрғыда, идеялықбастауында әртүрлі мәдениеттердің – түркілік, антикалық,әсіресеклассикалық грек, үнді, иран мәдениетінің ықпалдарымен айқындалады. Ортағасыр дәуірінде қалыптасқан түрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен сұхбаты исламдық дүниетаным аясында жүзеге асып, адамзатты әлі күнге дейін таңдандыратын мәдени өмірді дүниеге әкелді. Бұл дәуірді жиі Батыстағы Ренессанспен салыстырады,тіптіА.МецтіңізіншемұсылманРенессансыдәуірідептеатайды.Соларқылыисламдық

ортағасыр

мәдениетінің

қайталанбас,

нәрлі

өрлеуін

атап

көрсетеді.

[4,

7]

Сонымен қатар, әл-Фараби артынан Стамбул мен Париждің, Тегеран мен Лейденнің,

Мадрид пен

Калькуттаның кітапханаларындағы көптеген қолжазбаларда көрініс тапқан бай философиялық мұра қалдырды. Б.Г.Гафуров пен А.Х.Қасымжанов әртүрлі елдер кітапханасында әл-Фараби қолжазбаларының сақталуының төмендегідей мысалдарын келтіреді. Тегерандағы Меджилис кітапханасында оның 14 шығармасынан тұратын 7 қолжазбасы бар. Стамбулдағы Айа София кітапханасында 16 шығармадан тұратын 10 қолжазбасы сақталған. Британ музейінде №7518 инвентарлық нөмірлі аса құнды қолжазбасы 11 трактаттан тұрады. Өзбекстан ғылым академиясының Шығыстануинститунда «Даналар трактатының жинағы»деген атпен№2385қолжазбасы сақтаулы. Ол әл-Фарабидікі деп саналатын 16 трактаттан тұрады. Ресей ғылым академиясы Шығыстану институның Санкт-Петербург бөлімінде әл-Фарабидің 10 трактаты енетін 4 қолжазба бар. Әл-Фараби еңбектерінің ішіндегі бүгінгі күнгі ең айтулы да маңыздыларының бірі - «Ғылымдардың жіктелуі туралы сөз». Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Фарабидің ғылым сатылары туралы кітабы былай дейді: «Біз бұл кітапта мәшһүр ғылымдарды бірінен соң бірін тізіп, ғылымдардың әрқайсысы мен ғылымдардың әр бөлімі қамтитынның бәрін және сол бөлімдердің құрамында бардың

166

бәрінтүсіндіругеталпындық».[5,167]Әл-Фарабидіңбұлғылымдардыжіктеуніңөзіндіксебептерібар. Өзінен кейінгі келер ұрпаққа түсінікті болуы үшін ғылымдарды 5 тарауға біріктірді:

біріншісі – тіл білімі және оның бөлімдері екіншісі – логика және оның бөлімдері

үшіншісі – математикалық ғылымдар. Бұлар: арифметика, геометрия, оптика, тәлімдік астрономия, музыка ғылымы, ауырлық туралы ғылым, механика

төртіншісі – физика және оның бөлімдері, діни ілім және оның бөлімдері бесіншісі – азаматтық ғылым және оның бөлімдері, фиқһ, қаләм.

Осындай реттілікпен ғылымды классификацияларға бөліп жазған кітабы арқылы кез келген ғылым ізденуші ғылымдарды бір-бірімен салыстырып, қайсысы лайықтырақ, пайдалырақ, қайсысы барынша жетілген, ал қайсысының маңыздылығы аз, тым осалдау екенін біле алады дейді ғалым өз еңбегінде. Сондай-ақ, осы кітаптыңарқасында бұлғылымдардың қайсысынакімнің қаншалықтыжақсыхабардар екені мәлім болады. Фарабидің ғылымдар саласын топтастыру әдісінің өзінде терең мағына жатыр. Алдымен ол кісінің тіл іліміне аса зор мағына беретінін көреміз. Ол кісі әрбір атау сөздерді, термин түсініктерді түрлі ғылымның кілті деп қарайды, тамаша талдаулар жасайды.Ұлы ойшылдың пайымдауынша, білім берудің бастамасы ретінде тілден және оның құрылымынан бастап алу керек. Жалпы тілдерді меңгерген тұлға басқа ғылым салаларын үйренуге бастама ашады. Ойшылдың тілге аса үлкен мән беруін оның бірнеше тілдерді меңгеруінен байқауға болады. Әл-Фарабидің пікірін айшықтай отырып, тізбекте «тіл туралы білімнің» алғашқы болып тұру себебі, бұл білім адамның пікірін дұрыс жеткізуге, сұрақты дұрыс қойып, оларға дәйекті жауап беруді үйретеді деп айтуға болады. Сонымен қатар тілдің грамматикалық құрылысына ғылыми негіз салады. Әл-Фарабидің зерттеулері бойынша, тіл білімі сөздерді есте сақтау және олардың мағынасын, заңдылықтарын білуден құралады. Әрбір халықтың тіл туралы ғылымы үлкен жеті бөлімге бөлінген:

1)Жай сөздер туралы ғылым

2)Сөз оралымы туралы ғылым

3)Жай сөздердің заңдары туралы ғылым

4)Сөз оралымдарының заңдары туралы ғылым

5)Дұрыс жазу заңдары [орфография – А.Қ.]

6)Дұрыс оқу заңдары [орфоэпия – А.Қ.]

7)Өлеңді дұрыстап шығару ережелері. [5, 169]

Бұл жазылған еңбектердегі ережелер қазіргі таңдағы тілдердің грамматикасында жиі кездеседі. Атап айтса, жай сөздердің заңдары туралы ғылым атты бөлімде ғалым, ең алдымен, әріптерге негіз болған дыбыстарды, олардың санын, дыбыстың дыбыстау мүшелерінің қайсысынан шығатынын зерттейді. Қазіргі сәтте дыбыстар өзінше бөлек зерттеліп, фонетика атты тіл білімі ретінде қарастырылады.Мысалы, қазақ тілінде үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Дыбыс фонациялық ауаның өкпеден шыққан кезінде кедергі ұшырай ма, әлде еркін шығады ма деген мәселелер бойынша зерттеледі. Сонымен қатар, әл-Фараби жайсөздердіңжасалуүлгілерінебасаназараударып,түбірсөздержәнетуындысөздерсияқтытүрлерін ажыратады. Мысалы, қазақ тілінде жай (дара) сөздер: ана, ауыл, аялдама; ал күрделі сөздер: ата-ана, қара торы, бүгін, АҚШ, т.б. Бұйрық рай мен тыйым салу етістіктерінің қалай өзгеруі керектігін, ал сапалық жағынан алғанда, етістіктердің дұрыс және бұрыс етістікке бөлу қажеттігін көрсетіп, етістіктің жақтары мен шақтары туралы түсінік береді. Әрбір тілде бұйыру мәніндегі сөйлемдерінің жасалуының өзіндік ережелері мен ерекшеліктері бар. Қазақ тілінде бұйрық рай түрі жұрнақ арқылы жасалмай, етістік түбірлерінің ерекше жіктелуі арқылы, яғни жіктік жалғаулары арқылы жасалады: (сен) кел, отыр, сөйле, т.б. Ал қытай тілінде бұйыру мәнді сөйлем құрау кезінде « (bie)»

иероглифынан кейін етістік қою арқылы жасалады: (ni bie kai wu xian dian le) «

(ba)»иероглифы арқылы да бұйыру мәнді сөйлем құралады: (zan men zou ba)! Дұрыс пен

бұрыс етістіктерге тоқталар болсақ, ағылшын, неміс, француз, итальян және латын тілдерде өте көп бұрыс етістіктер кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде дұрыс етістік –ed жалғауы арқылы жасалса, ал бұрыс етістіктердің формасы әртүрлі болады. Етістіктіктің жақтары мен шақтары көп тілдерге тән. Сонымен қатар, ол тіл туралы ғылымының 7 бөлімінде өлеңді дұрыстап шығару ережелері туралы жазып қалдырды. Себебі шығыстың ұлы атасы поэзияға жаны жақын болды. Әбсаттар Дербісалиевтің «Әл-Фараби эстетикасы» еңбегінде Сирияның Халаб қаласының әміршісіСайф ад-Даула сарайына жиналған жиналған данышпан данагөйлер мен ақиық ақындар аптаның әркүні әдемі, әуезді, бұлбұлды баққа отырып, мұшайраға түсетін еді. Әбу насыр әл-Фараби де оған жиі қатысатын. Ол өзгелердей

167

емес, Сайф ад-Дауланың өзімен келіп, әкімнің жанында отыратын. Білімпаз билеуші шығысқа оцымен шұғыла шашқан Фарабидің философиялық тұжырымдарын да, өлеңдерін де қатты ұнататын, сүйсіне тыңдайтын. Мұндай санаткерлік сынға араб, парсы ақындарының сайыпқырандары ғана қатысатын. Дей келе, Отырардан шыққан ойшылдың шындыққа толы шынайы шұмақтарын келтіреді:

Қайтейін мен көкжиек көңілімді, Келер күнге үмітпен жол ашамын, Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді, Сенім артып тұр соған болашағым. Бір шөлмекке көк сия толып тұрса, Екіншіде шарап бар жайы мәлім. Даналықты сиямен молықтырсам,

Шараппенен шерімнен айығамын.[6, 14] Бұл өлең шұмақтарынан ақын өмірді ағып жатқан өзенге теңеп, барлық дүниенің өткінші екенін

көз алдына келтіріп тұрғандай болады. Әл-Фарабидің «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» еңбегін жазғаны баршамызға мәлім. Әзірге бізге мәлім Ренессансқа жататын еңбектерінің ішінен Аристотельіліміненегізделіп,өзіндікқолтаңбасыменерекшеленіпжазылған.ӘбуНасырәл-Фарабидің өлең өнеріне байланысты көптеген зерттеулерді жинақтап, өз табиғатымен жіктеген ұлы адамның парасатты пайымдаулары соншама уақыт өтсе де, құнын жойған жоқ.

Өлең өнерін зерттеу барысында, ойшыл қазіргі лингвистиканың теориялық және практикалық міндеті болып табылатын сөйлеу мәдениетінің мәселесін көтерді. Тілдің сарқылмас байлығын зерделеу, оларды мақсатты және тиімді пайдалану үшін тіл мәдениеті ең маңызды құрал болып табылады.Дегенмен, адамдарға тілге тек қарым-қатынас құралы ретіндеғана емес,сондай-ақ адамның тәрбиесі мен білім алуындағы маңызды фактор ретінде қарау қажеттілігін алдыға қояды. Атап айтқанда, әл-Фараби «Шеър санъати» атты еңбегінде сөйлеу мәдениетінің, шешендік өнерінің, поэтикалық сөйлеу ерекшеліктері туралы айтады.

Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы жайлы» атты кітабында былайша жазған: «Тіл мен сөйлеу мәдениетін меңгерген адамнан артық тіршілік иесі кем де кем». Әл-Фараби пікірінше, бұл игілікті жоғары бағалайтын адам оны игеруге ұмтылады және ол бірқатар артықшылықтарға ие болады. Атап айтқанда, ол «шешен болуға тырысуы, білімді және дана адамдарды құрметтеуі» тиіс. Осылайша өзінің ойларын білдіре отырып, әл-Фараби ең алғашқы ғылым

– тіл, яғни ол объектілерге, субстанцияларға ат беру туралы ғылым, екінші ғылым – грамматика, яғни ол сөздерді орнымен дұрыс пайдалану туралы ғылым, ал үшінші ғылым – логика, яғни ол грамматикадан бөлек, барлық халықтардың сөздеріне жарайтын ережелер беретін ғылым деп пайымдады. [5, 178].

Қорытындылай келе, профессор Сатай Сыздықовтың «Мәңгі ел» идеясының қалыптасуы деректеріндегі мынадай пікірімен аяқтағымыз келеді: ««Мәңгілік ел» идеясының үш негізден немесе үш тұғырдан тұрғаны анық. Біріншісі – Түркі қағанаты билеушілерінің саясиакт – «манифест»ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы; екіншісі – әл-Фарабидің философиялық шығармашылығында идеяның теориялық-философиялық тұрғыдан негізделуі және үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастанында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының, яғни Ата Заң іргетасының қалануы».Көптілді меңгеру деген ұғым - қазақ дүниетанымында бұрыннан бар түсінік. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, ұлы ғұлама Әбу Насыр әлФараби бабамыз өз өмірінде 70-тен аса ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігі анық. Ол философия, жаратылыстану, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия, әдебиеттану, тіл білімі, музыка секілді ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мәлім. Осынша ғылымды меңгерген Ұлы далалық ғалымның еңбектері Түркі дүниесінің ғана емес, әлем халықтарына ортақ мұраға айналды.

Әдебиеттер:

1.Қар.: әл-Фараби и развитие науки и культуры стран Востока. Алма-Ата: Наука, 1975. – С. 6-7.

2.Хайруллаев М.М. Абу Насыр Аль-Фараби (873-950). М.: Наука, 1982. – С. 43.

3.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары. Қазақ халқының философиялық мұрасы: Ислам

философиясы. Жиырма томдық. 4-том. /Аударғандар: Д.Кенжетай, Д.Шәуенов, Н.Жүсіпбай, Ш.Зиядов, З.Мулинова, Б.Сатершинов. Сарапшы – Н.Аюпов. – Астана: Аударма, 2005. /– 440 б.

4. Қар.: Мец А. Мусульманский Ренессанс. (Неміс тілінде ауд., алғы сөз, библиогр. және көрсеткіш Д.Е.Бертельтікі). М.: Издательство «ВиМ», 1996. – С. 7

168

5.«Мәденимұра»мемлекеттікбағдарламасыныңкітапсериялары.Қазақхалқыныңфилософиялықмұрасы:Әл-Фараби философиясы. Жиырма томдық. 3-том. /Аударғандар: Т.Ғабитов, Қ.Затов, Д.Кенжетай, А.Құрманәлиева, Г.Нұрышева, Ж.Сандықбаев, Д.Шәуенов. Сарапшы – Ж.Молдабеков. – Астана: Аударма, 2005. /– 496 б.

6.Әбсаттар Дербісалиев, «Әл-Фарабидің эстетикасы», Қазақ ССР жоғары және орта арнаулы білім министрлігі. С.М Киров атындағы еңбек қызыл ту орденді қазақ мемлекеттік университеті. – Алматы, 1980. –66 б.

Қызыке Л.

Түркология мамандығының 2 курс магистранты Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. Қортабаева Г.

ОСМАНДЫҚ АРХИТЕКТУРАДАҒЫ МИМАР СИНАННЫҢ РӨЛІ

Орта ғасырларда Осман империясында сәулет құрылыс өнері жоғары деңгейде дамыды. Империя халқы болмысынан сәулет өнері мен құрылысты, архитектуралық нысандар салуға бейім болды. Алғашқыкездемешіттерсалу,Исламдінібойыншабасқадасиынатынорындар,мавзолейлер,жамилер салумен айналысты. Әсіресе Стамбул мен Эдирне қалаларында мұндай құрылыстар өте көп болды. Осман сұлтандары түрлі архитектуралық кешендер салуға өте бейім болды. Солардың бірі Сүлеймен сұлтан болып, оның тұсында атақты түрік сәулетшісі, әлемдік архитектураның танымал тұлғасы МимарСинанболды.ОныңесіміҚожаСинанболып,Мимар(құрылысшы,сәулетші)есіміноғанхалық берген болатын. Оның салған өнер туындылары қазіргі кезге дейін сақталуда.

Сәулетші Синан Османлы Түркия тарихындағы ХVI ғасырда өшпес із қалдырғанына ешбір күмән жоқ. Оның алдында түрік архитектурасы, сәулет өнері әрдайым ерекшеленіп тұрады. Әртүрлі ғылым салалары мен білім негіздеріне байланыстырылып маңызды туындылар,яғни, мықты және мұқият салынған ғимараттар түрік архитектурасын байыта түскен болатын. Мимар Синан өз заманында бұл шебер жұмыстарды әрі қарай жетілдіріп, өзіне дейінгіні дамытта түсті. Өз туындыларында жинақталғантәжірибеніғанаемес,соныменқатарбұрыннанбарстатистикакажүйесіннығайтып,күшжігерін - Шахзада Бейазидтің мешітіне салғанын көруге болады. Онда ол төрт жарты күмбезден тұратын орта күмбезді орнатты. Бұған дейін Ускюдарда,көпірдің жанында орналасқан Михримахханшайымның мешітінде осы нұсқаны сынақтан өткізген, оның күмбезі 3 жартылай күмбезден тұрады [1].

Соңғы сәулет өнерінің үлгісі - Сыртқы қасбеттерді жұмылдыру тұрғысынан, Шехзаде (Ханзада) мешіті, Синанның сәулет өнерінде жасаған ең маңызды туындыларының бірі болып саналады. Оның көрнекті шоқтары бар мұнаралары үшін, бұл мешіт Османлы архитектурасында бірінші және мүмкін соңғы әдемі мешіт болып саналады. Сонымен ққоса Синан салған Сүлеймение мешіті (Сұлтан Сүлейменнің құрметіне салынған) Стамбулдағы мешіттердің ішіндегі ең әдемі мешіт болып саналады, ол Халидзенің ең төменгі төбесінде орналасқан, Синанның ең ұлы жұмыстарының бірі,оның мақтанышы болып саналады. Осман сәулетінің ең керемет туындыларының бірі болып табылады. БаяғыуақыттардабелгілінеміссәулетшісіБруноТаутСтамбулмешіттерін «Қаланыңтәжі»депайтқан екен. Бұл құрылым сәулет ескерткіші бола отырып, оның келбеті мен сұлулығына ғана емес, сонымен қатар, сәулет өнерінің жасалуы қаланың «топографиясы» мен орналасу жеріне сай болуы керек. Ұзақ зерттеулер мен мұқият есептеулердің арқасында Синан өз туындысын, басқа туындылары сияқты Сүлейменияны жасап шықты. Төбеде орналасқан бұл керемет жаратылысты, Халид жақтан қарағанда өте ыңғайлы панорамада көруге болады. Бұл ескерткішті құру кезінде өте мұқият есептеулер қолданылғанын көрсетеді. Мұнда Беязид Ахмед мешітіндегі құрылыс әдістерін қолданғандығын көруге болады. Атап айтқанда, негізгі күмбез екі жартылай күмбезбен ұстатылған, сыртқы қасбетінде өткір бұрыштардың болмауы үшін (үйлесімді) галереялармен безендірілген. Синанның барлық туындылары олардың дәлдігімен, қажеттілігімен ерекшеленеді. Ғимараттың бірде-бір элементі қалып кетпеген, құрылымына бір элементті қосудың да қажеті жоқ - барлығы өз орнында. Тіпті оның туындыларындағыоюларменәшекейлерөзорыныменқолданылған.Сұлулықтуралыойлануғакедергі жасайтын қателіктер мен артықшылықтар жоқ, оның барлық сәулет өнеріндегі туындалары көз жауын алады [2].

Сулеймание мешітінің құрылысы жылдарында Осман Империясы Изник тақтайшаларын жасау жәнепайдаланудықолғаалабастағанкезеңі еді.Бірақсолкезде Синанбұлкеремет тақтайшалардыөте шектеулі мөлшерде қолданды, мұнда ол тек михраб үшін пайдаланып, өзіндік стильді ұстанды. Осылайша, мешіттің ішкі көрінісі жоғары деңгейдегі құрылыс стилінде болды, бірақ бұған қарамастан оның тұтастығы мен ұлылығы сақталып қалды. Осман империясының дәуірінде Сүлеймение

169

күмбезінің барлық қабырғалары тақтайшалармен (Изник тақтайшасы) жабылуы мүмкін еді, бірақ Синан өзіне сенімді болғандықтан, осы керемет ескерткіштің безендірілуінде ысырап пен артық әшекейлерге жол бермеді, ал сол заманда Стамбулда өте шағын Рамазан Эфенди мешітінің (Безирған мешіті), шатыры ағаш болған, ал сәулет өнері тұрғысынан көзге аларлықтай болмаса да, барлық ішкі қабырғалары төбеге дейін осы «Изник» тақтайшаларымен жабылған.

Сүлеймениенің құрылысы шығындары мен басқалары – осының барлығы мешіттіңкітаптарында көрсетілген. Мұның бәрі кейінірек Омар Лүтфи Баркан жариялады. Мешітке жанасатын үлкен сыртқы ауланың ортасында ескерткіш орналасқан. Ол Сұлтан Сүлеймен мен оның жоғары мәртебелі және сүйікті әйелі Хюррем Сұлтан ескерткіші еді. Сыртқы ауланың айналасында медресе, аурухана, табхан және тіпті ас үй мен монша (хамам) орналасқан. Осылайша, мұнда XVI ғасырдың Османдық сәулет өнері элементтерінің көпшілігі ретке келтіру ұсынылған. Құрылыстардың жағдайын ескере отырып, базарлар мен каравансарлар оларға көңіл бөлінді, олар сәл төмен алыс жақта– табханада орналасқан, өйткені олар біршама иеліктен шығарылды.

Оның туындыларының ішінде (ерте кезеңдегі) Халифтегі Хусрев мешіті туралы айту керек, бірақ Синанның айтуы бойынша, Эдирнедегі Селимия мешітінің шеберлігімешіттердің шыңы болып саналады. Бұл құрылысты Осман кезеңінің Түркия архитектурасының ең ұлы туындысы ғана емес, сонымен қатар Эдирне бүкіл әлемдік сәулетшілігінің тегіс, жазық жерлерде орналасқанын мойындау керек, Осман сұлтандарының ескі сарайы жағында төбе шақтардаорналасқан. Селім II-нің құрметіне салынғанмешіттіңқұрылысыкезіндеолСтамбул-Румелиякеруенжолынанмешіттіңекімұнарасының әдемі және көрнекті күмбездерін көрді, қалған екі мұнарасы көрінбеді. Өкінішке орай, уақыт өте келе, жолдардыңжаңаруынажәнежергіліктіжердіңабаттандырылуынабайланыстыосытамашапанорамаға зиян келді. Бұл мешіт құрылысы кезінде Синан II Сұлтан Селімнің есімі мәңгі болуы тиіс деп ескертілді, бірақ алдыңғы сұлтандарға қарағанда Селімбасқаша болды, ол батылдықпен және басқа да адами қасиеттермен ерекшеленбеген. Бұл ғимарат басқалардан өзінің кемелденуімен және ұлы болуыменерекшеленді,сұлтаноныңқұрылысынаешқандайқаржықұймады.Осылайша,ұлышебердің қолымен және ақылымен Түрік мәдениеті сәулет өнерінің бірегей туындысы мен оның есімі – Синан алды [3]. Селимие барлық жағынан үлкен күмбезді қуатты бағандармен қоршалған. Мұнда барлық жағынан михрабтарды көруге болады және осылайша, екінші жоспардың аумағы жоқ, өйткені басты күмбез аумақтың тұтастығын сезінеді. Төрт бұрышпен орнатылған төрт минарет аспанға дейін Ұлы күмбездібиіктетереді.Ішкідекорөтеқалыпты,ұлышебергетәнкөпнәрсежоқ.Кейінгіжылдарықайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде ішкі жоғарғы галереялардағы көптеген әшекейлер бүлініп, кейіннен жоғалып кетті.

Кейбір мешіттердің құрылысы кезінде ол жаңа әдісті қолданды - жабық галереялардан кейін ол медресе бөлмелерін орналастырды. Мәселен, Маглуу су беру жүйесі су мен медреселер мен мешітті жеткізе алады. Бұл үлгілерді Кыдырғадағы Сокуллу Мехмет Паша мешіттері мен Эдирнедегі Михримах Сұлтан мешітінің құрылысына табуға болады. Мұндай ұқсас нысандарды Шамдағы үлкен ғимараттарда, ал ең алдымен Сүлеймение, сосын Селимие мешітінен табуға болады.

Осман империясының ұлы мұрасын қалдырған Ұлы Синанның барлық жұмысын осы мақаланың шеңберінде қамту мүмкін емес, өйткені ол осы негізге сай келмейді. Оның жұмысының іздері Түркиядан - Қырымдан Сауд Арабиясына, Сирияға, Грецияға, Венгрияға дейін, сондай-ақ Түркияда Эдирнеден Ванға дейін көрінеді, бірақ ол тек мешіттер мен вакфтарды (қайырымдылық мекемелер), жоспарланған екен. Өкінішке орай, олардың көпшілігі Стамбулдың сыртқы қабырғалары көпке дейінсақталмайды.

Мешіттермен қатар, Синан бүкіл Түркияда салынған көптеген медреселердің авторы болды. Мысалы, Стамбулдағы Рүстем Пашаның қазіргі медресесі Амасиядағы көрнекті автордың сегізбұрышты медресесінің ықпалымен осы медресе құрылысына 40 жыл бұрын кейбір түзетулермен құрылды. Сәулетші Амин Абас және ол оны ұстануға шабыттандырды. Басқа архитекторлар оның үлгісін орындамағанын және бұл жалғастырылмағанын атап өткен жөн [4].

Классикалық кезеңдегі Осман архитектурасында су жолдарын, су құбырларын, су дистрибьюторларын, бөгеттерді салуға басымдық берілді. Османлы архитектурасының таңғажайып мысалы – бұл кейінгі жылдарда қалалардың келбетін өзгертуге ықпал ететін шағын архитектуралық ескерткіштерге айналған субұрқақтардың құрылысы. XVI ғасырдың құрылымында, одан кейін XVII ғасырда су архитектурасының элементтерінің бірі болып табылатын ішетін субұрқақтар (себили) кең таралды.Синаның қоғамдық пайдалану үшін құрған құрылымдары үлкен жетістікке жетті, бірақ осы құрылымдардың арасында магистральдық көпір құрылысына ерекше мән берді. Солардың бірі - Бюркешкемчи көпірі, ол жергілікті халықтың арасында ғана емес, сонымен қатар шетелдіктердің де көңілінен шығады. Әрине, бұл шебердің ең ұлы туындысы [5].

170

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]