Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

70

.pdf
Скачиваний:
5
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.45 Mб
Скачать

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

отанымыздың əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.

Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа əліпбиге көшу жөнінде: «Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын. Əлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін жəне бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын əліпбиін үйрену, меңгеру жəне сол графикада жазуға қадам жасауымыз заман талабынан туындап отырған шешім деп түсінуіміз керек.

«Елу жылда – ел жаңа» дейді дана халқымыз. Яғни, заман талабына сай болып жатқан өзгерістер мен реформаларды дұрыс қабылдап, оларды бойымызға сіңіру, олардың іске асырылатынынасенужəнесолигіліктіқадамдарғаөзүлесіміздіқосубаршамыздыңміндетіміз деп білеміз. Осы орайда «латын əліпбиіне көшсек, оның біз үшін тиімді тұстары қандай болмақ» деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Біріншіден, ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры, цифрландыру заманы десек, осындай компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын əліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Екіншіден, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан əрі кеңейтуге мүмкіндік береді. Тіл тазарып, тіліміздің жат дыбыстарды таңбалайтын əріптері қысқарып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Үшіншіден, латын əліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дəрежеге шығуына жол ашады. Төртіншіден, латын əліпбиіне көшу арқылы тіліміздің табиғатын сақтаймыз, даму заңдылығының бұзылуына жол бермейміз, фонетикалық жүйесін қалпына келтіреміз. Жалпы өз сөзіміз өзімдікі болады.

Осылайша, аймағымызда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан бері, сондай-ақ аталған бастаманы іске асыру мақсатында Аймақтық жобалар офисімен бірлесе «Қазақ əліпбиін латын қарпіне көшіру» бойынша тиісті жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

Латын əліпбиінің алғашқы нұсқалары жарияланған кезеңдерде жоғары оқу орындарының ғалымдарымен «Латын графикасына көшудің ұтымды тұстары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оның қорытындысы бойынша ғалымдар алғашқы нұсқалардағы диграфтар мен апострафтарға қатысты «бір əріп – бір дыбыс» принципін қолдауға қатысты ұсыныстары қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссиясына жолданған болатын. Облыстың барлық жоғары оқу орындарында, тіл орталықтары мен Қазақстан халқы ассамблеясының этномəдени бірлестіктерінде, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында латын əліпбиін енгізудің тарихи кезеңдері талқыланған дөңгелек үстелдер, жергілікті телеарналарда сұхбаттар, кездесулер, «Латын графикасына көшудің ұтымды тұстары» атты дөңгелек үстел, «Латын əліпбиіне көшу – заман талабы» атты пікірсайыс, қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында «Тіл білімі жəне латын əліпбиі» тақырыбында онлайн семинар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты түйінді пікірлер талқыланған «Тіл, мəдениет, жастар – жарқын болашақ!» атты жастар форумы өтті. Шара барысында «Латын графикасы жəне қазақ тілі» мен «Мемлекеттік тіл – жастар» тақырыбындағы секциялық бөлімдерде қатысушылар тарапынан латын əліпбиіне көшудің ұтымдытұстарыменпайдасытуралытұжырымдарайтылып, жастарөзойларынортағасалды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағытының бірі үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері», «Тілдарын» облыстық шаралары өткізілді.

Осы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латынграфикасынакөшірутуралы» 2017 жылғы26 қазандағы№569 Жарлығынаөзгерісенгізу туралы Жарлығы бекітілді.

Басқармада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарыəзірленіп, бекітілді. Жоспарғасəйкеслатынкабинетіашылып, тұрғындарғақазақтілі

101

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

əліпбиінің латын графикасына көшуі бойынша ақпарат ұсынылуда. Сонымен қатар «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» облыстық филиалының мүшелерімен кездесу, мектепке дейінгі мекемелердің тəрбиешілеріне арналған тайм-менеждмент тренингі өтті. Алдағы уақытта аталған жоспар шеңберінде «Қазақ тілінің латын графикасына көшу тиімділігі» тақырыбында диалогтық алаң, онлайн режимі арқылы тіл мамандарына арналған «Терминологияның өзекті мəселелері» ақпараттық сағат, қазақ тілінен флеш-тренинг курстарында ашық дəрістер, қазақ тілі əліпбиінің латын графикасына көшуі бойынша қазақ тілі оқытушыларына арналған онлайн семинар, тіл мамандарына арналған вебинар жəне тағы да басқа шаралар өткізу жоспарланған.

Бүгінгі таңда өңірімізде Басқарманың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық тізімге енгізілген 4 жоба жүзеге асырылуда. Олар: тілдік-туристік- мəдени бағыттағы «Тіл – керуені» жобасы, «Отбасымен бірге үш тілді үйренеміз» жобасы, зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған «Күн сəулесі» жобасы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Тілдік келісім» жобасы.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп дана халқымыз айтқандай, екі қолды сыбанып нақты əрі нық қадаммен алға бассақ, айтарлықтай үлкен кедергілер жоқ. Негізінен, халықтың көзқарасы, ниеті бір болса, қиындықтарды жеңіл шешуге болатыны анық. Жастар жағы, орта буын өкілдері компьютерді толық меңгергендіктен олар үшін латынды үйрену қиындық туғызбайды деп ойлаймыз. Латын əліпбиі негізінен төл əліпбиіміз болғандықтан, халқымыз үшін қиындықсыз іске асырылып кететіне сенім мол.

Демек, баршамыз елдік істе ұйысып, кемел жұмыстың қолдаушысы болсақ, болашақта ұлттың табысты болуының кепілі болатыны айқын.

ТұңғышЕлбасыныңқазақтіліəліпбиінкириллицаданлатынграфикасынакөшірутуралы Жарлығын қалың жұртшылық қолдауда.

Латын əліпбиіне көшу - қазақ xалқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіпөркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін əкелері сөзсіз, – деді еркіндіктермен жүздесуде «Жаңа əліпби жаңа дəуір бастауы» атты ақпараттық топтың мүшелері.

Жалпы айтқанда, латын əліпбиі бізге таңсық дүние емес, бұл қаріпті əлем кеңінен қолданады. Сондай-ақ, латын əліпбиіне көшу түркі жəне жаһандық əліпбимен ықпалдасуға, сананың жаңғыруына жол ашады.

Латынəліпбиінкүнделіктітұрмыста, ақпараттықтехнологияменжұмысістеубарысында қолданып жүрміз. Сондықтан, бұл бізге жат дүние емес. Осы тұрғыда Елбасының бастамасын толықтай қолдап, жұмыла жұмыс істеуіміз қажет.

Төл əліпбиіміздің болуы – мемлекеттік тіліміздің беделін үстем етері сөзсіз. Тұңғыш Елбасымыздың əліпбиімізді латын қарпіне көшіруде «ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызатындығын» атап өту керек. Ана тіліміздің халықаралық дəрежеге шығуына ықпал етіп, білімнің, мəдениеттің əлемдік айдынына шығуға үлкен септігін тигізеді. Латын əліпбиіне көшу мəселесінде біздің ұтарымыз көп.

Əдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ə. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақала. http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_ news/press

2.Уалтаева А.С. Исторические аспекты перехода на латиницу. Электронный научный журнал

«edu.e-history.kz» №4 (12).

3.Əміржанова Н. «Латын əліпбиі негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен орфографиясы». Канд.дисс. Алматы, 2010ж.

4.Қазақ əліпбиін латын графикасына көшіру туралы ғылыми зерттеу материалдары. Алматы,

2007ж.

5.Жүнісбеков Ə. Əліпби ауыстыруды жазу реформасына айналдыру керек. Орал, 2007ж.

102

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

ƏӨЖ 811.512.122

Кəрібаева А.Ө.

ф.ғ.к., доцент, РАМ-ның корреспондент мүшесі, профессор Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Алматы, Қазақстан

ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӨЗЖАСАМ ТƏСІЛДЕРІ

Түйіндеме. Бұл мақалада түркі тілдеріндегі терминдердің сөзжасам тəсілдері салыстырмалытарихи əдіс арқылы зерттеліп, сөзжасамдық заңдылықтарға сəйкес қарастырылады.

Кілт сөздер. сөзжасам, аффикс, аффикстік тəсіл, салыстырмалы-тарихи əдіс.

Резюме. В статье рассматриваются и изучается методы словообразования тюркского языка. Ключевые слова. словообразование, аффикс, сравнительно - исторический метод.

Summary. The article discusses and studies the methods of word formation of the Turkic language. Key words: writer, artist, scientist.

Түркі тілінің грамматикалық заңдылығына сəйкес кейбір терминдер тілімізде сөзжасамның көмегімен жасалады. Сөзжасам бір түбірлі сөздердің негізінде тілде қалыптасқан үлгі бойынша аффикстер мен жаңа сөздерді біріктіру немесе қосарлау арқылы конверсия арқылы сөздерді жасау. Сондай-ақ, ол күрделі жəне туынды сөздердің пайда болуын, олардыңқызметін, құрылысынжəнеолардытоптастырудықарастыратынтілбілімінің бір саласы. Жаңа сөздердің дүниеге келуі шетелдік лингвистикада деривация деп аталады. Сөзжасам теориясының негізгі түсініктері мотивация түсінігінен туындаған ұғым. Өйткені, мұнда туынды жəне күрделі сөздердің мағынасы, оларды жасау үшін қолданған сөздердің мағынасына тəуелді болады. Сөзжасам теориясының дамуында бірнеше кезең болған. Морфологиялық тұрғыдан алғанда дериваттың пайда болуы морфемамен тығыз байланысты. Сондай-ақ сөзжасам тіліміздің қажетті құрылымдық элементтерінің бірі. Ол сөз жасаушы аффикстер мен сөз түрлендіруші аффикстер арқылы сөзжасамдық жəне терминжасамдық қызмет атқарады.

Профессор Н.А. Баскаковтың пікіріне сүйенсек, «сөз жасаушы аффикс тек қана сөз жасап қана қоймастан, тілдің белгілі бір бөлігіне қатысты жеке сөздердің келіп шығуында өз септігін тигізеді», – дейді [1,78].

Ал, лексика-грамматикалық тəсіл арқылы сөз жасау тəсілі қазақ, қарақалпақ тілдерінде «аффикстіктəсіл» депаталады. Аффикстіктəсіл– көбінесеқазақ, қарақалпақтілдерініңөнімді жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, қазақ тілінде: қақпашы, шаңғышы, сырғанақшы, қорғанушы, семсерші, төреші, ойыншы т.б. Үш төреші қайрылып та қараған жоқ [2.58].

-шы, -ші қосымшасы туынды түбірге де, біріккен сөздерге де сөз тіркестерінде жалғана береді. Мысалы: майталман футболшы, жеке ойыншы, əйгілі қақпашы, спорт шолушы,

кəсіпкер футболшы, жартылай қорғанысшы т.б.

Бұндайжолменжасалғанспорттерминдеріқазақтіліндеөтекөпкездеседі. Мысалы: Сол жұлдызы жоғарылар ФРГ, Англия, Италия, Перу командаларын чемпионның жеке ойыншыларының техникалық білімі асып түсіп жатты. Менің əкем Доминто жас кезінде кəсіпкер футболшы болған адам. Ол ағылшынның кəрі тарланы, спорт шолушысы Р.Магдональд еді. Англияның бұрынғы классиктерінің атын біле бермейтін ағылшын жастары, біздің əйгілі қақпашыны түстеп таниды. Оның авторы неміс шабуылшысы Хельд. Бұл сөз тіркестері арқылы жасалған спорт терминдерінің түркі тілдерінде нақты қолданылуы жазушының үлкен шеберлігін көрсетеді.

Қарақалпақ тілінде бұл терминдер: боксшы, хоккейши, дəруазаман, мəреши, қорғаныушы, футболшы болып қолданылса, өзбек тілінде: боксчи, хоккейчи, дорвозаман, хужимши, кукпарчи, футболчи болып өзбек тілінің фонетикалық жəне лексикалық заңдылықтарына сəйкес қолданылады.

103

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

Əрине, қазақ тілінің грамматикалық заңдылығына сəйкес кейбір аффикстердің термин жасаудағы қызметі ерекше. Мұның дəлелі ретінде біз қарастырып отырған түркі тілдерінде спорт терминдерінің жасалуында көптеген аффикстерінің ролі күшті екенін байқадық. Олардың көпшілігі түркі тілдерінің өнімді жұрнақтары арқылы жасалады.

Терминнің нақты болуы негіз бен қосымшаның үйлесуіне тікелей байланысты. Сондықтан –шы, -ші, -ши, -чи аффикстері түркі тілдеріндегі ең өнімді жұрнақтардың бірі.Біз қарастырып отырған түркі тілдеріндегі–шы, -ші, -ши, -чи қосымшалары негізгі терминге жалғану арқылы белгілі бір кəсіп иесінің немесе спорттың белгілі бір түрі бойынша жарысушының атын, титулын білдіретін спорт терминін жасайды. Мысалы: баскетболшы, волейболшы, хоккейші, велосипедші, дзюдошы, спортшы, боксшыт.б. Мысалы, қазақтілінде: Дабыл үшін бұларда жүйрік конкиші жоқтай [2, 25].

Аффикстік тəсіл арқылы термин жасау дегеннің өзі лингвистика ғылымында синтетикалық тəсіл болып есептеледі. Синтетикалық тəсіл дегенде тілдің сөз жасауға, сөз түрлендіруге қатыстырылатын қосымшаларының термин жасамдағы ролі қарастырылады.

Мəселен, -шы, -ші қосымшасы туынды түбірге де, біріккен сөздерге де, сөз тіркестеріне де жалғана береді. Мысалы: майталман футболшы, жеке ойыншы, əйгілі қақпашы, спорт шолушы, кəсіпкер футболшы, жартылай қорғанысшы т.б. Көркем əдебиеттерде мұндай терминдер сан жағынан да мол ұшырасады. Мысалы: Сол жұлдызы жоғары ФРГ, Англия, Италия, Перу командаларынан чемпионның жеке ойыншыларының техикалық білімі асыптүсіп жатты. Төреші болғаннан ойыншы болғанның өзі артық.

Өйткені, бұл қазақ тілінде: семсерші; қарақалпақ тілінде: қылышласушы; өзбек тілінде: киличпаз; қазақ тілінде – төреші, қақпашы; қарақалпақ тілінде – дəруазаман болып қолданылады.

Бұл келтірілген мысалдардан біз қазақ тілінің төл түбірлерінің соңына –шы, -ші қосымшалары жалғану арқылы қазақ тіліндегі спорт терминдерінің жасалуынан көріп отырмыз. Яғни, бұл деривациялық процесс барлық түркі тілдерінде бірдей емес.

Өйткені, спорт терминдерінің жасалуында қазақ тілінің лексика-грамматикалық заңдылықтарына сəйкес тіліміздегі барлық жұрнақ-жалғаулар қатысады деуге болмайды. Терминжасам процесінде олардың кейбірі көбірек жұмсалса, ал кейбір жұрнақтар аз қатысады.

-шы, -ші жұрнақтары негізінен орыс тілі арқылы енген халықаралық терминдерге жалғану арқылы тілімізде жаңа терминжасам процесін пайда етеді. Сонымен бірге бұл жұрнақтың негізгі түбірге қосылуы арқылы жасалған спорт терминдері тек қана қазақ тілі емес, бүкіл түркі тілдерінде кездеседі.

Сондай-ақ, морфемалардың калька жасаудағы бір ерекшелігі ол кез-келген терминге жалғана бермейді. Мəселен, олардың ішінде –шы, -ші морфемасы тек түбірі бар сөздерге ғана жалғанады.Сондай-ақ, тілімізде лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық тəсілдермен сөзжасаудың негізінде терминологиялық өріс пайда болды. Бұл термин сөздердің өзіне тəн барлыққасиеттерінсақтайалатын, оныңөмірсүру аймағыболыптабылады. Сөздікбелгілібір терминологиялық өріске қатысты болуы оның қандай да бір лексикалық жүйенің мүшесі болатындығы оны термин ретінде танудың жəне өзге салалардан ажыратудың басты белгілерінің бірі.

Бізқарастырыпотырғанқазақтіліндегітерминдерімізнегізіненекіжолғасүйенеотырып жасалды. Оның бірі тілімізде бұрыннан бар сөздерді терминдік мəнде қолдану болса, екіншісі жаңа терминдерді сөзжасам мүмкіндіктеріне қарай пайдалана отырып жасау.

Жаңа сөз жасау əрекетіне қарай сөз жасаушы аффикстер өнімді жəне өнімсіз аффикстер болып бөлінеді.

Өнімділік дегеніміз – тіл дамуының барысында жаңа сөз жасауға қатысатын белгілі бір қосымшалардың бірі. Мəселен, З.Бейсенбаева, Е.А.Земскаялардың пікіріне сүйенсек, өнімді жұрнақтар қатарына тек тіл дамуының қай дəуірлерде болмасын жаңа сөз жасауға қатыстыралатын қосымшаларды жатқызады [3, 74].

104

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Жаңасөздітүбіргежатжұрнақжалғапшығарғаннанөзжұрнағымызбеншығарғанартық, - деп жазады ғалым Е.Омарұлы [4,74].

Түркі тілдерінде терминдер кейбір көне сөздердің жаңаруы арқылы жасалады. Байырғы лексиканы терминдік ыңғайда қолдануға аударманың мол септігі болатынын мына сөздердің қолданыс өрісінен де байқай аламыз, əуелде толық қанды балама ретінде қызметі сараланған бұл сөздер қазір осы қалыптасқан мағынасында қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылып, сіңісіп кетті. Яғни, бұларды қазір көркем əдебиет тілінде де, саяси көпшілік əдебиетте де, баспасөз, радио, телевидение жəне өнер, білімнің неше алуан салаларында да кездестіре береміз.

Түркітілдеріндегітерминжасампроцесіндеазқатысатынжұрнақтардабар. Оларөнімсіз жұрнақтар деп аталады. Мұндай жұрнақтарға: -қыш, -кіш, -гіш, -паз, -ман, -бан, -бен, -қар, - кер, -ар, -ер, -р жұрнақтарын жатқызуымызға болады. Мысалы, қазақ тілінде: атқыш, ойнағыш, жүзгіш, секіргіш, лақтырғыш, көрсеткіш т.б.; қарақалпақ тілінде:атқыш, ойнағыш, жүзиш, секиргиш, ыдақтырғыш, көрсеткиш тұлғасында қолданылады. Ал, өзбек тілінде бұл терминдер фонетикалық дыбыстықтарға сəйкес қолданылады, мысалы: отқич, уйнагич, юзич, саккиргич, илоқтирич т.б.

Атахан суға тапшы жерде өскеніне қарамай жүзгіш екен. Отыз минутта жетіп-жетпей құлайды көрсеткіш.

Бұл мысалдағы «жүзгіш» термині бұрыннан қолданылғанымен, бұл көрсеткіш тілімізде, не əдебиет беттерінде, не баспсөзде бұрын-соңды қолданылмаған. Ол орыс тіліндегі «табло» деп қолданылып жүрген терминнің жаңадан қазақ тілінде пайда болған жаңа қолданысы. Өзі термин жасамадағы негізгі бағыт ұлт тіліндегі баламасы бар терминдерді ұлт тілінде қолдану. Сондықтан, -қыш, -ғыш, -кіш, -гіш жұрнақтарының жалғануымен қимыл-əрекетті білдіретін спорт терминдері жұмсалады десек, кейде спортқа қатысты дүниенің бəрін өз тілімізге аударып, термин жасау міндеті туады. Бұл қазіргі кездегі дəуірдің талабы.

Академик І.Кеңесбаев терминжасам мен сөзжасамдағы кейбір өнімді аффикстердің активтілігі қатарына –қыш аффиксін де қосып кетеді [5, 80]. Дегенмен, бұл аффикс қазақ тілінде термин жасау процесінде өнімсіз жұрнақтар қатарына кіреді. Өнімсіз жұрнақтар қатарына жатқызып жүрген –кер, -гер қосымшаларын қоғамның дамуымен тілімізде жаңа термин жасауда активтілігі бір уақытта арта түскенін байқаймыз. Сондықтан, біз бұл қосымшаларды өнімділер қатарына жатқызамыз. Мысалы: жеңіскер. Біріншіліктің жеңіскері ЦСКА мен жүлдегерлер «Динамо жəне Спартак» мерзімінен бұрын анықталған болатын. Бұл күндері Лондонда өтіп жатқан шахматтан əлем тəжі үшін үміткерлердің жартылай финалдық сайыстарының əр партиясы жанкүйерлер назарын аударуда.

Жоғарыда келтірілген мысалдардан біз қазақ тіліндегі спорт терминдерінің өнімді жəне өнімсіз жұрнақтардың қызметін байқадық. Бұл жұрнақ, жалғаулардың қызметіне қарай біз өнімді деп жүрген қосымшалардың ішінде, яғни –кер, -гер, -қыш, -кіш, -ман, -мен қосымшаларыныңактивтігікүннен-күнгеқоғамныңдамуынабайланыстыбарғансайынартып бара жатқанын байқаймыз.

Бұдан келіп шығатын қорытынды қазіргі күнгі дəуір талабына сай ұлттық тіліміздің терминологиясын байытар екенбіз, сондықтан қолдан келген мүмкіншілікке қарай, терминдерді өз ұлт тілдерінде аударып, тиісті баламасын немесе тиісті варианттарын тауып, ұлт тіліміздің төл терминдерін жасауымыз керек. Соғын қосымша түркі тілдерінің синтетикалық тəсілін пайдалана отырып, жалғау-жұрнақтардың қызметін басқа тілден енген терминдерді қабылдауда тілімізде тиісті термин ретінде жасап қолдануымызға болады.

Жалпы, сөзжасамға қатыстырылатын қоысмшалар туралы сөз қозғағанымызда кейбір мамандардың пікірлеріне сүйенсек, -шы, -ші, -ма, -ме, -ыс, -іс, -шылық, -шылык, -ым, -ім, -ыл, -іл, -лық, -лік, -лы, -лі, -қы, -кі, -қ, -у қосымшаларын өнімділер қатарына қосып жүр.

Бұдан басқа қазақ тілінде «күреске» байланысты терминдер көптеп кездеседі. Үндіеуропа тілдерінен енген терминдерге қазақ тілінің –ыс, -іс, -с жұрнақтарын жалғау арқылы да жаңа спорт терминдері жасалады. Мысалы: сайыс, көпсайыс, бессайыс, онсайыс,

105

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

үшсайыс, жарыс, шабыс, дойыршабыс, көсіле шабыс, үзеңгі қағыс,, үдере шабыс, жай желіс т.б. Мысалы: Көп күндік сайыстың жеңімпазы анықталар асу [6, 70].

Бұл мысалдағы «сайыс» термині «жарыс» сөзінің орнына қолданылып тұрса, ал Аргентина сапары алдында клубтық футболда күн күркірегендей сайыс салып жүрген сайыпқырандары өз елдеріне тайып отырды. Бұл мысалдағы «сайыс салу» деп жарысып жүрген деген мағынадағы метафора үлгісіндегі қолданылған термин.

Қазіргі қазақ тілінде «жарыс» сөзінің мағынасы кең көлемде қолданылады. Мысалы: жаяужарыс, атжарысы, қызжарысы, веложарыс, автожарыс, көпкүндікжарыст.б. терминдер кездеседі.

Етістіктің лексика-грамматикалық құрылысы –у қосымшасы қосылу арқылы жасалады. Өйткені, көпшілігінде бірдей жасалғанымен кейде олардың грамматикалық категорияларына қатыстыайтарлықтайболмайды. Негізгітүбіретістіктенболғанзатесімге–ужұрнағыжалғану арқылы да спорт терминдері жасалады. Мысалы: жүзу, секіру, лақтыру, тау, шолу, өлшену, күресу, айқасу, сүңгу, жаттығу, белдесу т.б. қазақ тілінде қолданылса, ал қарақалпақ тілінде: жүзиу, секириу, ылақтырыу, атыу, шолыу, гүресиу, айқасыу, сүңгиу, машықланыу, беллесиу т.б. Бұлардың көпшілігі қарақалпақ тілінің сингармонизм заңына сəйкес дыбысталуы арқылы фонетикалық ерекшеліктермен жасалған. Мұнда дыбыс өзгешелігі емес, үндестік заңы ғана байқалады. Ал, «машықланыу» терминіқарақалпақтілінеирантілдерінененгентермин. Өзбек тілінде бұл терминдер –у қосымшасы емес, -ич, -иш қоысшалары арқылы жасалады. Юзич, саккарич, илоқтирич, отич, улчаниш, курашич, машуқланич, беллашув болып қолданылады. Кейінгі кездерде баспасөз беттерінде «секіру» деген термин орнына «секіріс» термині қолданылып жүр. Ə. Ахметовтың 600 секіріс жазылған есебіне. Бұл қазіргі кездегі түркі тілдерінің бір-біріне жасалған ықпалы болса керек. Қосымша –у жұрнағының жалғануы арқылы белдесу, бəсекелесу, семсерлесу, күресу т.б. терминдер пайда болады:

Тілдің сөзжасамдық құрылысы – оның дамуының жүйесі. Тілдің құрамында дамудың нəтижесі, көне дəуір фактілерінің негізінде қалыптасқан. Тілдің морфологиялық құрылымының тарихи дамуы, оның туыстас тілдердің материалдарымен, тілдік тарихи деректермен салыстыра отырып зерттеуде, сол тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтердің мəнін ашумен байланысты. Түркі тілдерінің осы күнгі жағдайысөзжасамдық тəсіларқылы грамматикалыққұрылымынбүгінгіқалыпқажеткізужолында əртүрліəдістерді қолданған. Тілдің сөзжасамдық құрылысының даму кезеңдерін, туыс түркі тілдердің материалдарымен салыстырып қараудың маңызы зор.

Əдебиеттер:

1.Н.А.Баскаков Историкотипологическая морфология тюркских языков.-Москва,1979.

2.С.Бердіқұлов. Таңдамалы шығармалар жинағы. А.,1991,- 431б.

3.А.Е.Земская. Современный русский язык: Словообразование. –М.:Просвещение. – 1973.– 208

с.

4.І.Кеңесбаев, Жанузаков Т. Краткий русско-казахский словарь лингвистических терминов Алма-Ата, 1956.

5.А.Бұғыбаев. Белдессең – бекем бол. Алматы:Мектеп,1989. – 116 с.

106

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

УДК 81'1

Кемелбек А.

1-курс магистранты Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті aiss955@mail.ru

Ғылыми жетекші: Медетбекова П.Т.

ф.ғ.к. доцент м.а. medet_73@mail.ru

ТІЛДІК БІРЛІКТЕРДЕГІ «ЖАҚСЫЛЫҚ» СӨЗІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОБЫ

Қазіргі тіл ғылымындағы жаңа бағыттағы зерттеушілердің мақсаты – тіл жүйесін қозғалыстағы, өзгермелі жанды нысан ретінде зерттеп қарау. Лингвистикадағы прагматикалық, функционалдық, семантикалық т.б. жаңа бағыттар тілге даму тұрғысынан қарап, тілқұбылысынқозғалыстатаныпбілудікөздейді. Тілдіқозғалыстатаныпбілудегеніміз

– тілдің өзін, оның бірліктерін адамдардың өзара қарым-қатынасында, байланыстық үрдісте қарастыру. Соның нəтижесінді тілдің мүмкіндіктерін, атқаратын қызметін толық анықтауға мүмкіншілік туады.

Тілдің кез келген деңгейіндегі кез келген бірліктер, олардың құрылымдықсемантикалық, функционалдық, этномəдени, əлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық жəне өзге де ерекшеліктері лексика-семантикалық талдаудың нысаны бола алады.

Бүгінгі жаһандану заманында мəдениет пен өнердің, саясат пен халықаралық қатынастың дамыған уақытында лексика-семантикалық ерекшеліктер тіл білімінде өзекті мəселелердің бірі. Себебі тілдерді лексика-семантикалық тұрғыдан зерттеп қарастыру əр тілдің ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге, сол тілдерді сөйлейтін ұлттардың таным, болмысы мен тұрмыс-тіршілігін, менталдық айырмашылығын көрсететін салт-дəстүр ерекшеліктерін танып білуге мүмкіндік береді.

Еліміз егемендік алып, əлемдік өркениет биігіне ұмтылып отырған заманда жоғары дамыған беделді елдермен саяси, экономикалық əрі мəдени байланыстың дамып отырған уақытында қазақ тілін əлемнің беделді тілдерімен қатар деңгейге қойып, оралымға жеңіл, əуезді естілетін тілімізді жарыққа шығарып, мақтанатын сəт те алыс емес.

Қазіргі тіл біліміндегі өзекті мəселелердің бірі – тілдің сөздік құрамындағы бірліктерді зерттеу. Себебі əр халықтың басынан өткен, өмір шындығына, əлеуметтік жағдайларға, шаруашылыққа, дінге, мəдениетке т.б. қоғамның əрбір саласына қатысты лексемалар заман талабына сай өзгеріп, туындап жатады. Сондықтан да олардың құрылымы мен мағыналарының қалыптасуында əр тілдің тек өзіне ғана тəн ерекшеліктері болады. Сондай-ақ олардың өзара ортақ қасиеттері де болуы мүмкін. Мұның бəрін тіл факторларын лексикасемантикалық ерекшеліктерін зерттеу арқылы ғана анықтай аламыз. Бұл мəселенің көтерілуінетүрткіболыпотырғансебеп– олұлттыңқайтаөркендеуі, соңғыуақыттахалықтың өзінің тілі мен тарихына, əдет-ғұрпы мен салт-дəстүріне деген қызығушылығының артуы. Əр халықтың дүниетанымы оның өткен тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі арқылы таразыланатынысөзсіз. Алұлттыңруханижəнезаттықмəдениетінен, тарихыменəдебиетінен, жалпы жұмыс тұрмыс-тіршілігінен толық ақпарат бере алатын оның тілі болып табылады.

Лексикалық семантика негізгі екі мақсатты ұстанады. Біріншісі – осы тілдің барлық сөздерінің семантикалық мағынасын көрсету. Мұны түсіндірме сөздіктерден көре аламыз. Екінші мақсат – сөздердің арасындағы семантикалық мақсаттарды анықтау, яғни лексикалық мағыналар жүйесін сипаттау [1, 126].

Лексикалық мағыналар жүйесін сипаттауда əр түрлі сөздердің мағыналарының арасындағықатынастарайқындалады. Мұндайəдістесөзмағынасыдербесбірлікретіндеемес, басқамағыналарменқатынастыңжиынтығыретіндеанықталады. бұлмақсаттышешудіңжолы

107

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

семантикалық өрістерді сипаттау болып табылады. Семантикалық өріс, негізінде, басқа да тілдік бірліктерді қамтығанымен, классикалық семантикалық өріс лексемалар мен лексикасемантикалық варианттарды біріктіреді.

Қазіргі тіл білімі зерттеуші-ғалымдарға тілдің семантикасында жүйелі-құрылымдық талдаудың түрлі əдіс-тəсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Солардың ішінде түрлі елдің ғалымдарының жұмыстарынан «өріс» термині мен ұғымы нық орын алады. Өріс теориясы тілдік жүйенің түрлі қатпарындағы семантикалық деңгейдегі сөздердің өзара қарымқатынастағы микро-құрылымдығын жоғары дəрежедегі пара-парлықпен баяндауға мүмкіндік береді. Осындай тіл қазынасындағы халықтың жаратылыс құбылыстарын бағалауға бағытталған жастыққұндылықкатегориясыныңмағыналыққұрылымындағы, семантикалық тұлғасындағы кодталған əртүрлі ақпараттарды айқындау қазіргі тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр.

Біздің зерттеуіміз, жоғарыда атап өтендей «жастық» сөзінің лексика семантикасы болғандықтан да, зерттеу барысында өрісін айқындау əбден мүмкін. Себебі «жастық» сөзінің ауқымы кең, оған қатысты тілдік бірліктерді жинақтау да маңызды.

«Жастықта көкірек зор, уайым жоқ» немесе «жасыңда жалықпасаң – қартайғанда тарықпайсың», «Жастықкөкке, кəрілікжергеқаратады», «Кəрікелсеасқа, жаскелсеіске», т.б. мақал-мəтелдер мен ұлы ойшылдардың қанатты сөздерінен келтіре отырып, сауалнама барысында қатысушылардың келтірген сөз орамдары зерттеуіміз үшін құнды материал бола алды.

Жоғарыда келтірілгендей мақалдардың мағынасы кең, ауқымдылығы жоғары екені даусыз. Осындай зерттеуіміздің нысанына «жастық» сөзінің синонимдері, антонимдері мен омонимдерін де атай отырып, семантикалық топ құрылды.

«Жақсылық» сөзінің тек қазақ тіліндегі семантикалық тобын құрау оңай емес, себебі зерттеу нысанымыздың мағыналық, қолданыстағы рөлі ерекше. Мұндағы айтпағымыз, қазақ жəне ағылшын тілдеріндегі «жақсылық» сөзінің қолданыс аясын қарастыру негізгі мақсатымыз. Алдымен қазақ тіліндегі қолданысы мен мағыналық тобын құру арқылы өзге тілдермен салыстыру өнімділігі жоғары болары сөзсіз. Сол себепті алдымен қазақ тіліндегі тілдік бірліктерді саралап, іріктеу орынды деп білеміз. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін осы сөзге қатысты өзіндік пікірлері мен танымы өте ерекше, əрі қызық.

20-40 жастағылар «жастық» сөзін – «арман, сенім, құштарлық, махаббат, лирика, романтика, ұшқырлық, сұлулық» – деп ұғынса;

Ал 50-70 жастағылар «жастық» сөзін – «балғын шақ, жарқын жаздың бейнесі, армандайтынсəт, тəттіөмір, алаңсызөмір», ерлікжасаркезең, қателіккебойалдыраршақ, т.б. атап өтті.

Осындай бірліктерді біріктіре отырып, зерттеу нысанының астарында алдымен, мəдениеттілік, білімділіктің де басым екенін аңғардық. Жастық шақтағы жастардың көбінің пікіріне сүйенсек, төмендегідей семантикалық топ құрауға тырыстық:

«Жастық» сөзінің семантикалық тобы

СҰЛУЛЫҚ

МАХАББАТ

ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ

АЛАҢСЫЗ ӨМІР

КЕЛЕШЕК

 

ЖАСТЫҚ

Жарық болашақ

ЕРЛІК

АРМАНДАЙТЫН

СЕНІМ

РОМАНТИКА

 

СƏТ

 

 

108

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Жоғарыда берілген кестеде жалпылама, мұнда жас ерекшелігі, жынысы қарастырылмаған жəнежағымдыжақтарығана беріліп отыр. Ал зерттеу нысанымыз бойынша жағымсыз жақтары да жоқ емес. Дегенмен адамзат өміріндегі ең керемет шақ – жастық шақ екені белгілі жəне оны дəлелдейтін мысалдар да жетіп артылады.

Тіл білімінің философия ғылымымен етене аралас екені мəлім. Осындай тілдік бірліктерді зерттеу барысында жүргізілген əдіс-тəсілдеріміздің нəтижесінде философиялық ұғымдардың да берері мол екенін аңғару қиын болмады.

Сөз – тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу нысанының бірі болып саналады. Алайда тіл білімінің əр саласы сөздің бір қырын өз нысаны етіп алады да, өз заңдылықтары негізінде сөз етеді. Сөз мағынасына байланысты айтылатын қағидалар тек тіл теориясының ғанадамуынақатыстыемес, оныңтəжірибеүшіндемəнізор. Сөзсемантикасытектілшілердің пікір таласына арқау болып қоймастан, ол философияның да, психологияның да, семиотиканың да ойларына азық болып жүр. Жалпы сөз лексика-семантикалық ерекшеліктері философияның кей категорияларымен байланысты екенін ғалымдар бұрыннан білген болатын.

Қазіргі тіл білімінде халықтың тамыры тереңде жатқан салт-дəстүрін, мəдениетін, адамгершілік бастауларын жаңа көзқараспен қарап, түсінуге көмектесетін тілдің этнолингвистикалық аспектілеріне, байланыстарына ерекше ықылас танытылуда. Бұл тұтастай халықтың тіліне деген үлкен құрмет қана емес, сонымен қатар тілдің кең ауқымды қанат жаюына, ашылмаған сырлары мен зерттелмеген тұстарын айқындауға мол мүмкіндік береді. Ұлт пен тілдің бірлігі жөніндегі қағиданың тіл білімінде əлдеқашан айтылып, бұл күнде орнығу дəрежесіне дейін жететін уақытысы болған сияқты.

Аталған тұжырымды кезінде əйгілі тілші В.фон Гумбольдтың дəлелдеп кеткені тілші ғалымдарүшінжаңалықемес. Олөзсөзінде: «Тіл– сөйлеуарқылыойдыжеткізуүшінтұрақты қайталанып отыратын рухтың күші. Демек, əрбір ұлт өз тілінің шеңберімен қоршалған», - деп көрсеткен еді.

Жоғарыда айтылған қағиданы белгілі қазақ тілшісі, академик Ə. Қайдар да нақтылай түсіп, тілдің ұлттық ерекшеліктерге сай қалыптасатын қызметінің арқасында ұлт туралы толық мағлұмат алуға болатындығын айтып өткен еді.

Тілдің ұлтқа қызмет етуі, ұлтпен тығыз бірлікте өмір сүретіндігі туралы академик Ə. Қайдардың тілдің кумулятивтік қызметін ашып көрсетуі де маңызды. Себебі, тілдің негізгі қызметтерінің бірі ретінде мəдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Сондықтан əр қазақ өз ұлтын, оның болмысын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын білу, ұғыну үшін, біріншіден, этнолингвистика ғылымының берері мол, екіншіден, көркем шығармадағы ұлттың, ұлыстың ұлттық сипатын даралық ерекшеліктерін беретін материалдарды зерттеудің де мəні зор.

Əдебиеттер:

1. Кронгауз М.А. Семантика: учебник для вузов. – М.: Рос. гос. гуманит. ун-т, 2001. – 399 с.

109

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

УДК 81’ 38; 801.6; 808

Киынова Ж.К.

д.филол.н., профессор Казахский национальный женский педагогический университет г. Алматы, Казахстан e-mail: zhanarkiynova@gmail.com

ПЕРЕВОДИМОСТЬ КАК СПОСОБ ВОССОЗДАНИЯ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОЙ ИНФОРМАЦИИ

Резюме. Статья посвящена описанию и анализу разновременных переводов произведений А.С. Пушкина на казахский язык. Особое внимание уделяется сравнению лексико-стилистической базы разноструктурных и неродственных языков с целью выявления фукнкционального своеобразия стилистически и культурно маркированных языковых единиц. В статье проведен анализ перевода славянизмов как стилистически маркированных архаизмов, которые не только составили основу традиционно-поэтической лексики русского языка, но и соотносятся с историей и культурой русского народа. Примеры перевода стихотворных контекстов раскрывают ассоциативно-образный потенциал казахского языка, позволяющем сохранить и воссоздать семантико-стилистическое своеобразие поэтизмов. Авторсопоставляетсинонимическиесредстварусскогоиказахскогоязыков, составляющие не только богатство их образной системы, но и систему национально-культурных стереотипов. Обобщение результатов перевода позволил автору выявить функционально-равнозначные слова, т.е. контекстуальные эквиваленты (синонимы, сравнения, эпитеты, образные и перифрастические выражения), с помощью которых достигается стилистическая эквивалентность как основной критерий перевода художественных (особенно поэтических) произведений.

Ключевые слова. сопоставительная стилистика, художественный перевод, славянизм, архаизм, традиционно-поэтическая лексика, стилистическая эквивалентность.

Түйіндеме. Мақала А.С. Пушкиннің əртүрлі уақытта қазақ тіліне аударылған шығармаларының сипаттауыменталдауынаарналған. Стилистикажəнемəденитұрғыданмаркіленгентілдікбірліктердің функционалды ерекшеліктерін айқындау мақсатында құрылымдары бөлек туыс емес тілдердің лексико-стилистикалықбазасынсалыстыруынаасакөңілаударылады. Мақаладаорыстілініңдəстүрліпоэтикалық негізін құраған жəне орыс халқының тарихы мен мəдениетіне тікелей қатысы бар стилистикалық маркіленген архаизмдер болып табылатын славянизмдердің аударылуына талдау жүргізілген. Өлең контекстілерін аудару мысалдары поэтизмдердің семантика-стилистикалық ерекшеліктерін аударматілінде сақтауғамүмкіндік беретін қазақ тілінің ассоциативті-бейнелі əлеуетін ашып көрсетеді. Автор орыс жəне қазақ тілдерінің бейнелі жүйесінің байлығын, сонымен қатар ұлттық-мəдени стереотиптер жүйесін құрайтын синонимикалық құралдарды салыстырады. Аудару нəтижелерін жалпылау авторға функционалды-баламалы сөздерді, яғни контекстуалды баламаларды (синонимдер, теңеулер, эпитеттер, бейнелі жəне перифрастикалық сөйлемшелер) айқындауға мүмкіндік туғызды. Аталған бейнелі құралдарды пайдалану көркем (əсіресе поэтикалық) шығармаларды аударудадың негізгі өлшемі болып табылатын стилистикалық баламалыққа қол жеткізуге əсер етеді.

Кілт сөздер. салғастырмалы стилистика, көркем аударма, славянизм, архаизм, дəстүрліпоэтикалық лексика, стилистикалық баламалық.

Summary. Article is devoted to the description and the analysis of the translations occurring at different times of works Ampere-second. Pushkina on the Kazakh language. The special attention is paid to comparison of leksiko-stylistic base the unrelated languages for the purpose of identification of a fuknktsionalny originality stylistically and culturally marked language units. In article the analysis of the translation of Slavonic words as stylistically the marked archaisms which not only made a basis of traditional and poetic lexicon of Russian is carried out, but also correspond to history and culture of the Russian people. Examples of the translation of poetic contexts open the associative and figurative potential of the Kazakh language, allowing to keep and recreate a semantic-stylistic originality of poetizm. The author compares synonymic means of the Russian and Kazakh languages, components not only richness of figurative system, but also system of national and cultural stereotypes. Generalization of results of the translation I allowed the author to reveal functional and equivalent words, i.e. contextual equivalents (synonyms, comparisons, epithets, figurative and perifrastichesky

110

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]