Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

70

.pdf
Скачиваний:
5
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.45 Mб
Скачать

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

УДК 811.512.122'272

Əбдіқадыр И.Ə.

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 1-курс PhD докторанты Алматы қ., Қазақстан e-mail: indira.kaznu@gmail.com

Ғылыми жетекші:

филол.ғ.д. Досанова А.М.

РЕПАТРИАНТ-ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛ ЖҮЙЕСІНЕ БЕЙІМДЕЛУІ

Түйіндеме: Отанымызға қайта оралған репатриант-қазақтардың бейімделуі, олардың туған жеріне сіңісуі, қазақ жəне орыс тілдерін игеруі əлі күнге дейін маңыздылығын тоқтатқан жоқ. Репатриант-қазақтардың қазақ тіліне, қазақ мəдениетіне, салт-дəстүрімізге əкелген зор ақпараты мен құндылықтары баршылық бола тұра, еліміздегі тілдік жүйеден, əсіресе қарым-қатынас тілі – орыс тілінен қиналуда. Қазіргі этникалық қазақтар – репатриант-қазақ балалары тілдерді зерек қабылдауы, олардың болашағына зор үміт сыйлайды. Репатриация жағдайында бейімделу климаттық, мəдени, əлеуметтік, тілдік, этникалық жəне діни өзгешелік, материалдық жəне тұрмыстық жəне басқа да факторлардың көптігімен күрделенеді. Бала жаңа орналасқан ортадан өз мəдениетімен ерекшеленеді, көп жағдайда қоғамның аз қамтылған тобынан шыққан, əлеуметтік қорғалмаған, мектеп жүйесінің тілін білмейтін, не нашар білетін, сондай-ақ, тілге негізделген психологияны білмейтіні анық. Оралман-балалардың бейімделуде жəне ілесудегі барынша проблемасы тілдік жəне əлеуметтік мəдени кедергілермен байланысты. Сондықтан оралман-балалардың білім берудің, мəдени-бос уақыт жəне əлеуметтікқызметтіңəртүрлерінесəттіикемденуінекедергіжасайды. Оралман-балаларғаөзініңойын, психологиялық бағдарларын өзгерту, тəртіптің жаңа қағидасын игеру оңай болмайды.

Кілтсөздер: репатриант-қазақтар, бейімделу, репатриация, оралман, мəденикедергі, этникалыққазақтар

Резюме: Возвращение на родину – адаптация казахов, их адаптация к родине, развитие казахского и русского языков до сих пор не перестали быть значительными. Репатрианты-казахи несмотря на то, что обладают большой информацией и ценностью в казахском языке, казахской культуре, традициях и обычаях, языковая система в нашей стране, особенно язык общения, является русским. Современные этнические казахи – репатрианты – казахские дети очень надеются на свое будущее. Адаптация к репатриации будет осложнена широким спектром климатических, культурных, социальных, языковых, этнических и религиозных различий, материальной и повседневной жизни и многими другими факторами. Ясно, что ребенок отличается от новой среды, часто от бедных, социальнонезащищенных, необразованныхилинеграмотныхвшкольнойсистеме, инезнаетязыковой психологии. Оралман – самая проблематичная адаптация и сопровождение детей, связанная с языковыми и социокультурными барьерами. Именно поэтому оралманы препятствуют успешной адаптации детей к образованию, культурным, досуговым и социальным мероприятиям. Репатриантдетям нелегко изменить свою игру, психологическую направленность, выработать новый принцип дисциплины.

Ключевые слова: репатрианты-казахи, адаптация, репатриация, оралман, культурный барьер, этнические казахи

Summary: Returning to our homeland – the adaptation of Kazakhs, their adaptation to the native land, the development of Kazakh and Russian languages have still not ceased to be significant. Repatriate-Kazakhs despite the fact that the Kazakhs have a great deal of information and value in the Kazakh language, Kazakh culture, traditions and customs, the language system in our country, especially the language of communication, is Russian which they find difficulties. Modern ethnic Kazakhs – repatriates Kazakh children have a great deal of hope for their future. Adaptation to repatriation will be complicated by a wide range of climatic, cultural, social, linguistic, ethnic and religious differences, material and everyday life and many other factors. It is clear that the child is different from the new environment, often from the poor, socially unprotected, uneducated or

61

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

illiterate of the school system, and does not know language-based psychology. Oralman - the most problematic of adaptation and accompanying children is related to language and social cultural barriers. That is why oralmans prevent the successful adaptation of children to education, cultural, leisure and social activities. Oralman – it is not easy for children to change their play, psychological orientation, develop a new principle of discipline.

Keywords: repatriate-Kazakhs, adaptation, repatriation, oralman, cultural barrier, ethnic Kazakhs

Қазақстан Республикасының тəуелсіздік алуы оралмандардың өздерінің тарихи отанына жаппай оралуына бастама болды. Əсіресе бұл үдеріс 1992 жылғы 26 маусымында «Көші-қон туралы» заң қабылданғаннан кейін ұлғая бастады [1].

Қазақ тілін, қазақ мəдениетін, қазақ өнері мен ұстанымдарын барынша байытып, толықтырып, еселеп жатқан оралмандар əулеті деуге болады. Ұлтымызды тұтастыратын ана тіліміздің бай қоры Республикамыздан тыс жерлерде мол сақталған. Алыстан келген репатриант-қазақтар байырғы бай, ұзын да ұғынықты өткір, асыл қазақ тілінің қаймағын бұзбай қайтадан өзімізге əкелушілер. Олармен бірге қазақ тілі, ата-баба салты ғана емес, əлемдік өмір, тəжірибе, ақпарат, білім де көшіп келуде. Оралман бауырлардың жат елде жинақтаған, түйіндеген, игерген мəдени құндылықтары бізге аса қажет.

Қазақстан Републикасының этникалық қазақтарды тарихи отанына репатриациялау бойынша тұжырымдамасында қазақ қоғамындағы оралмандардың тез интеграциялануын қамтамасызету, оралмандарүшінарнайыбейімделукурстарынұйымдастыру, мемлекеттіктіл ретінде қазақ тілін жəне Қазақстан Республикасының халықаралық қарым-қатынас тілі – орыс тілін оқыту қарастырылған. Орыс тілі бүкіл қазақ елінде функционалды тіл ретінде таралғандықтан, оралмандардың табысты еңбек нарығына интеграциялануы, сонымен қатар, олардың елдің əлеуметтік жəне мəдени өміріне енуі қиындық туғызады.

Сонымен қатар оралмандар негізгі екі объективті қиындықтарға тап болады. Атап айтқанда Қазақстан қоғамында оралман-қазақтардың тілдік бейімделуіне тікелей қатысы бар екі негізгі қиындықтармен кездеседі: біріншіден, ана тілі – қазақ тілін меңгеру/меңгермеу ерекшеліктері, екіншіден, қазақ репатрианттардың орыс тілін білуі/толық білмеуі. Солтүстік өңірлерде жұмыс іздегенде жəне жұмысқа орналасқанда орыс тілін жетік білмейтін, не болмаса мүлдем білмейтін оралмандарға үлкен қиындық тудырады, оңтүстікаймақтарда орыс тілін білмеу соншалықты кедергі болмайды, дегенмен де, бұл өңірде де қазақ репатрианттар үшін тілдік кедергілер болуы мүмкін. Қазақ тілін жетік меңгеріп, бірақ орыс тілінде сөйлей алмаса, жақсы жұмысқа орналасуына ешкім кепілдік бермейді. Тіл факторы оралмандардың тұрғылықты жерді таңдауына айтарлықтай əсер етеді. Үкіметтің мигранттарды солтүстікке жіберетініжəне сол жаққа барғандарға көп жəрдемақы ұсынып отырғаны мəлім. Бұл маңызды шарттар репатрианттардың қай елден келгеніне жəне қандай тілдік дəстүр мен қандай тілдік тəжірибеге ие болғандығына байланысты болады.

Тілді білмейтін, түсінбейтін репатриант-қазақтар үшін жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу да үлкен шешімін таппай отырған мəселелердің бірі. Жұмысқа орысша білмейтіндергі қарағанда аз да болса білетіндері тезірек орналаса алады, бірақ бұл жағдай Республика көлемінде əр өңірде бірдей емес, мысалы солтүстік өңірлерде орысша білу аса қажет болса, оңтүстік өңірлерде аса қиындық туғыза қоймайды. Себебі, оңтүстікте халық тығыз орналасқан, халыққазақықалпынсақтаған, салт-дəстүрменəдетғұрыптарғаүлкенмəнбереді, нағыз қазақша сөйлейтін орта.

Репатриант-қазақтар басқа өңірлерге қарағанда оңтүстікке көбірек қоныстанғандары да сондықтан болар. Алайда, бұл жерлерде де олардың жергілікті халықпен тез сіңісіп, бейімделіп кетуі үшін біраз уақыт керек. Осы айтылып отырған екі жағдай, яғни оларда байқалатын айырмашылық тілді білмеу – өз кезегінде олардың бейімделуін тежейтін басты кедергілер. Қазақстанның жазу жүйесін білмеу салдарынан олар өздеріне керекті құжаттарды толтыруда, виза рəсімдеуде, мемлекеттен бөлінген квоталарды, азаматтық алу жөніндегі ыхтиярхаттардытолтыруда, сондай-аққажеттіақпараталудаорасанзорқиындықтарəкелуде. [2,61]

62

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Жаңа модельдік білім беру бағдарламалары бойынша қазақ, орыс жəне ағылшын тілдері бойынша дайындалған жаңа бағдарламалар деңгейлік оқытуды талап етеді. Сонымен қоса, сөйлеу əрекетінің төрт түрінің (тыңдалым, айтылым, оқылым жəне жазылым) дағдыларын дамытуды ескеруді қажет етеді. Бұдан басқа, тілдік білім берудегі осындай тəсіл қостілде оқытуды көздейді. Ең алдымен оралман-балалар - этникалық қазақтар болып табылады. Əдеттегідей олар қазақ тілінде оқытатын мектептерде білім алады. Сонымен қатар, қазақша еркін сөйлейтіндердің басым көпшілігінің тарихи отанына келгенде қазақ тілінде оқу жəне жазу дағдылары қалыптаспағаны мəлім. Себебі көптеген жағдайларда оралмандар шыққан елдерде оқыған графикалық жүйелердің əр түрлі болуына байланысты болып отыр.

Дəстүрлі қазақ мəдениетінде балаларды біліммен қамтамасыздандыру отбасын дамытудыңнегізгіынталандырушысыболды, себебіқоғамдағыбілімдіадамныңмəртебесіөте жоғары болды. Көптеген жағдайларда бұл қазіргі заманғы қазақтардың жас ұрпаққа жоғары білім алуға қол жеткізуін айқындайды. Этникалық репатриант-оралмандар, осы жолда көптеген қиыншылықтарға тап болады, оларды жеңу тек мемлекеттік араласуды ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы теориялық жəне əдіснамалық көзқарас тұрғысынан сыни ойлауды талап етеді.

Оралман отбасылары өздерінің тарихи отанына көшудің басты мотивациясы ретінде өздерінің отбасылық мəдени ортасында жəне одан əрі əлеуметтік жетістіктерге өз балаларының қабілеттерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Бұл қажетті кəсіптік дағдыларды жəне жоғары оқу орнын аяқтағанын растайтын құжат алу арқылы, жұмысқа орналасуға өтініш бере алады. Қазақстан үкіметі, өз кезегінде, білімді əлеуметтікэкономикалық кеңістіктің «теңсіздік» бастауындағы, алға жылжу мүмкіндіктерінің «теңестіру» арналары мен құралдарының бірі ретінде қарастырады. Бұл жердегі «теңсіздік» бастауы деп көшіп келген оралмандардың түрлі елдеріндегі білім беру жүйесіндегі жəне мазмұнындағы айырмашылықтарды айтады. Бұрынғы КСРО елдерінен келген мигранттар – Өзбекстанның, Ресейдің, Түрікменстанның кеңестікбілімберу жүйесі арқылыөтіп, жеткілікті түрде (кейбір ерекшеліктерімен) орысша сөйлеп, бұрынғы кеңестік қиындықтарды жақсы біледі. Моңғолиядан шыққан оралмандар кейбір ұқсастықтарға – кириллицадағы қазақ тіліне, сондай-ақ білім жүйесінің көптеген компоненттеріне ие.

Қазақ тіліндегі жазбаша жəне оқу мəтіндеріндегі көптеген қиындықтарды Қытай елінен келген репатриант-қазақтар көруде (ҚХР-да араб əріптері пайдаланылады – төте жазу), жазбаша қазақ тілінің құрылымындағы жаңалықтар (фонетика, синтаксис, орфография, морфология, лексика семантика) қиындықтар туғызады. Дегенмен, олар үлкен бейімделу қабілетін көрсететіні экономикалық сала (жеке кəсіпкерлік, сауда) жаңа білімді меңгеру қабілетін дəлелдейді. Жалпы, оралмандардың көпшілігі бірнеше ұрпақ жинақтаған жоғары əлеуметтік жəне мəдени капиталды көрсетеді.

Бабаларымыздың «ойдан» шығарған жері мен қазақстандық қоғамның қазіргі заман ақиқаты арасындағы айырмашылықтан «мəдени есеңгіреу» алады. Қазақстан шекарасынан тыс жердегі аға буын оралмандар (бірінші репатрианттарданкейін екінші буынпайда болады) өз балаларында мəдени капиталды қалыптастырады жəне бұл танымдық пен əлеуметтік ықпалға əсер етеді. Оралмандар мəдени жағынан өздерінің білімдерін жеткілікті деп санайды, өйткені олар дəстүрлі жəне алғашқы қазақ мəдениетінің тасымалдаушылары. Ел мен халыққа, сонымен қатар, шыққан елі бойынша да олардың дүниетанымы мен құндылықтар жүйесі қалыптасқан, сондықтан олар өздері мен балалары үшін қай жер ынғайлырақ болатынын əрқашан салыстырады. Көшіп келгеннен кейін елде өмір сүру үшін тілдік құзыреттілік (қазақ тілін жақсы білу) қажет емес екенін біледі, себебі қарым-қатынас жасау үшін жұмыс тілі болып орыс тілі саналады;

Отандық білім осы күнге дейін бір тілде, қазақ немесе орыс тіліндегі іргелі білімге негізделген. Қазақстанның əлемдік білім беру кеңістігіне кіруі практикалық-бағдарланған көптілді мамандардың тапшылығын жоюды қажет етеді. Бүгінгі қажеттілік кəсіби қызметке тез бейімделе алатын, шетелде оқып тағылымдамадан өте алатын, соның ішінде шетел тілін меңгерген мамандардың пайдасына ауысты. Маңызды ғылыми зерттеулер мен кең қоғамдық

63

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

пікірталастар негізінде жұмыс берушілердің жəне академиялық қоғамдастықтардың үштілдік білім құзыреттіліктерге деген сұраныстары басым. Үштілділік білім үдерісінің нəтижесі мен негізгі мақсаты болып мəдениаралық құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады. Үштілділік білімдегі басты құндылық – мəдениаралық дағдыларды қалыптастыру – өздерінің мақсаттарын анықтау, шешім қабылдау жəне типтік/типтік емес жағдайларда əрекет жасауға мүмкіндік беруі. Мұғалімнің ұстанымы да түбегейлі өзгерді. Яғни оқушыға оқулықпен бір тілде беретін «объективті білімнің» ұсынушысы болуын тоқтатады. Оның негізгі міндеті – үш тілдік білімді меңгеруге білім алушыларды ынталандыру. Ол шетел тілі пəнінен сабақ беретін мұғалімдерменбіргеөздігіненжұмысжасаудыұйымдастыруытиіс, ондаəркімөзқабілетімен мүдделерін іске асыра алатындай болуы керек. Шын мəнінде, ол білім алушылардың белгілі бір құзыреттіліктерін, интеллектуалдық жəне басқа да қабілеттерін дамыту деңгейін қалыптастыра алатындай көптілді білім беру ортасын құрады.

Өздерінің тұрғылықты мекен жайларын өзгерткен барлық адамдар, өзге мəдениет өкілдерімен қарым-қатынасқа түскенде белгілі бір деңгейде қиындықтармен кездеседі, олардың іс-əрекетін алдын-ала айту өте қиын. Бұндай оқиғаға кезігетіндер этникалық қазақтар, біздің отандастарымыз, Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан бастап 700 мың адам келген. Алайда, алғашында бірінші көшкіндерді қабылдағанда, олар негізінен ауқаттыотбасыларыөкілдерімəденишокбелгілерінкөтереалмайөздерініңтарихиотандарын қалдыруға мəжбүр болды. Қазіргі таңда негізінен тарихи отандарында өздерінің əлеуметтік – экономикалық жағдайларын жақсарту мақсатындаматериалдық жетістіктері төмен отбасылар оралуда [3,1].

Қазақ қоғамында олар үшін жетістікті интеграциялануы үшін, қазір мемлекет бейімделу орталықтарын жасап жатыр, онда тілдерді оқыту курстары (қазақ, орыс), заңдылықтарға сонымен қатар, кириллицаны үйрету ұйымдастырылады. Олардың барлығына қарамастан тұрғылықты халық пен оралмандар арасында «мəдени алшақтық» факторлары көрініс табуда.

Оралмандардың бейімделу жетістіктері жеке жəне топтық факторлармен бейнеленеді. Жеке факторларға демографиялық (жасы, жынысы, білімі) жəне адамның тұлғалық ерекшеліктері, оның мотивациясы, өмірлік біліктілігі, коммуникациялық жаңалықтарды меңгерулері жатады.

Кішкентай балалар тез жəне нəтижелі бейімделеді, олар ата-аналарына қарағанда əлдеқайда жылдам жаңа ортаға сай мəдени нормалар мен құндылықтарды қабылдайды [4,1].

Тіл – кез келген қарым-қатынастың негізгі құралы. Сондықтан интеграция өте маңызды; мигранттардың өздері барған елдің тілін білуі, оны қаншалықты игергендігі, мəдениетіне араласуы бейімделудің басты көрсеткіші бола алады. Мұндай жағдай қоғамдағы татулық пен ынтымақтастық, ауызбіршілік пен тұрақтылыққа əкелетіні анық. Репатриант-қазақтардың алдында тұрған бірінші міндет – Қазақстандағы тілдік жағдайға түсіністікпен қарап, қазіргі қазақ тілі жəне орыс тілдерін үйрену мəселесіне аса көңіл бөліп, яғни əлеуметтік қажеттілікті өтеу барысында тілдік бейімделу үрдісінен тез өтіп, Қазақстан қоғамында толыққанды өмір сүру.

Ал құзырлылыққа бағытталған тіл үйрету сабақтарының негізгі студенттердің үйренуші тілдегі қарым-қатынасқа кез-келген адекватты жағдайда əңгіменің тақырыбы мен мазмұнына сай араласа алу қабілетін дамыту, яғни қандай жағдай болмасын өз ойын білдіріп, өзгелерді дұрыс түсінуге үйрету. Бұндай оқыту түрі белгілі бір оқыту моделі мен студенттердің тілдік қажеттілік пен жеке қызығушылығына бағытталған оқу материалдарын, арнайы оқу құралдарын, оқыту формасын керек етеді. Əрине мұндай оқыту түрі репатриант-қазақ балаларына да тікелей қатысты болмақ.

Қазіргі оқыту құрылымының дəстүрлі əдісінде келесідей жіктеліс бар: оқыту құралдарына (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, сөйленістік, этномəдениеттік) жəне оқушылардың тілідк қарым-қатынас құзыретіне қажетті дағдылар мен кешенді білім жиынтығы.

Кешенді білім жиынтығына, біздің ойымызша, біріншіден: мақсатты бағдарламалар, оқыту кезеңдері, тілдік деңгей, сағат саны, практикалық жəне аудиториядан тыс сабақта;

64

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

екіншіден, барлық тілдік қызметтің тыңдалым, сөйлеу, оқу, жазу сияқты, сонымен қоса қазақ жəне орыс тілдерінің ерекшелігін таныту жатады.

Қоғамдағы тілдік бейімделу үдерісінің қарқындылығы əрбір студенттің бейімделудің қай кезеңінде екеніне тікелей байланысты. Олар жеткен жетістіктер бірдей болмауы мүмкін, себебі бұл жерде олардың Қазақстан мемлекетінде жүрген уақыт аралығы мен ішкі сыртқы факторлардың айтарлықтай əсеріне қатысты болады. Қазақ тілін оқытудың ерекшелігі, оның рөлі мен атқарар қызметі маңызды. Кириллица жазу жүйесі оқуға келегн тыңдаушылардың ынта-жігерін бірден басып тастайды. Өзге əліппемен білім алып келген тыңдаушыларға қазақ тілін үйрету мақсаты туындайды.

Қазақ тілін үйретудің негізгі мақсатының бірі – орфографиялық жазылу нормасын, грамматикалық сауаттылықты қалыптастыр, дұрыс сөйлей алу мен дұрыс ойлай білуге машықтандыру. Себебі мəдениетті сөйлеу дегеніміз адамның сауаттылығының, білімділігінің көрсеткіші. Сөйлеу мəдениетінің шарты – оқыған материалды немесе айтылмақ ойды, дауыс ырғағына салып дұрыс дыбыстау. Қазақ тілін оқытуға арналған бағдарламалар олардың ана тілінде емін-еркін сөйлеуіне, сауатты жазуына негізделіп құрастырылады. Қазақ тілі пəне оқытушылары əр оқу жылының басында келегн тыңдаушыларға қазақ графикасын, орфографиясы мен пунктуациясын, сөздік қорын дамыта отырып, ҰБТ-ға дайындайды. Тыңдаушылардың сөздік қорында көптеп кездесетін қытай, моңғол, өзбек, түрік сөздерін қолдануы, сөйлеген кезде дауыс ырғағының жылдамдығы, дыбыстауда кездесетін, жазудағы қиындықтардан арылу үшін көп машықтанып, үнемі жаттығып отыру шарт.

Сонымен қатар, орыс тілін оқыту тыңдаушыларға мəдениаралық қарым-қатынастың қысқа курстарында жүзеге асыруға болады. Алайда, ол үшін тыңдаушылардың тілді білу деңгейін анықтау керек. Оқытудағы қарым-қатынас мазмұнының негізгі жəне басты факторы

– жеке тұлғаның өзіндік қызығушылығы мен қажеттілігі болып табылады. Алыс-жақын шетелдерден (Қытай, Моңғолия, Түркия т.б.) Қазақстанға білім алуға келегн репатриант-қазақ студенттер үшін орыс тілі жұмыс тілі, білім тілі болып есептелетіндіктен, олардың кəсіби дайындықтарының сапасы орыс тілін қаншалықты игергендігіне байланысты болып тұр. Қазақ жəне орыс тілдері бойынша оқу бағдарламасында оқылатын пəндер тізімі берілген [2, 121].

Оралман-балаларды қабылдаған мектеп, жаңа ортаға келген олардағы «көштің есеңгіреуін» жоюға, балаларды өзгермелі өмір сүру жағдайына, білім беру, əлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесуі қажет. Балалардың жаңа ортада қауқарсыз, тəуелді, оларға физикалық тіршілік ету үшін ғана емес, сонымен бірге психологиялық жəне əлеуметтік амансаулықта жəне сəтті бейімделуі үшін ересектердің қолдауы керек. Жаңа əлеуметтік ортаға адамның оңтайлы енуінің негізгі шарттарының бірі өзгермелі ортаның жағдайына тұлғаның белсенді ілесу үдерісі болып табылады, яғни əлеуметтік-психологиялық, əлеуметтік – мəдени бейімделу. Бейімделу тірі организм мен орта арасындағы қатынасты сипаттайтыны мəлім. Репатриация жағдайында бейімделу климаттық, мəдени, əлеуметтік, тілдік, этникалық жəне діни өзгешелік, материалдық жəне тұрмыстық жəне басқа да факторлардың көптігімен күрделенеді. Қоныс аударушылардың балалары өте қиын жағдайда болады: бала жаңа орналасқан ортадан өз мəдениетімен ерекшеленеді; көп жағдайда қоғамның аз қамтылған тобынан шыққан, əлеуметтік қорғалмаған, мектепжүйесінің тілінбілмейтін, ненашар білетін, сондай-ақ, тілге негізделген психологияны білмейтіні анық. Оралман-балалардың бейімделуде жəне ілесудегі барынша проблемасы тілдік жəне əлеуметтік мəдени кедергілерменбайланысты. Сондықтаноралманбалалардыңбілімберудің, мəдени-босуақыт жəне əлеуметтік қызметтің əр түрлеріне сəтті икемденуіне кедергі жасайды. Оралманбалаларға өзінің ойын, психологиялық бағдарларын өзгерту, тəртіптің жаңа қағидасын игеру оңай болмайды [3, 1].

Қазақстанға келмес бұрын қандастарымыз осындай жайттардың себебінен қиналатындарын сезді ме екен? Алайда, біздегі оралмандардың мигранттардан басты ерекшелігі – олар өзге ұлттық ортаға түскен жоқ, керісінше, өздерінің туған отанына оралды. Бірақ бұл жердің тілдік жағдайы алуан түрлі, өзіндік мəдени құндылықтармен ерекшеленген,

65

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

яғни олардың танымына жат орта болды. Ендігі кезекте репатриант-қазақтар үшін бір жағынан, өзінің ортасы, яғни қазақ тілі, қазақ мəдениетіне, екінші жағынан өзге тілді, өзге мəдени ортада əлеуметтенуі керек болды.

Əдебиеттер:

1.«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі N 477-IV Заңы //adilet.zan.kz. 26.06.2018.

2.Досанова А.М.Этникалық қазақтардың тілдік интеграциясы мен бейімделуі. – Алматы, 2016, 61-121б.

3.Есказинова Ж.А. Мектепте білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында оралман-балаларды қостілде оқытудың дидактикалық негіздері, Философия докторы (PhD) дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Қарағанды, 2018. – 6-14 б.

4.Амитов С.А. Оралмандардың қазақстан қоғамына əлеуми-мəдениеттік бейімделуінің кезеңдері. – ҚазҰУ хабаршысы, Алматы, 2009. https://articlekz.com/kk/article/17584

ƏОЖ: 81 276.1

Əбдіманапова М., Сарсенбаева М.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Тараз қаласы, Қазақстан mereke.abdimanapova@mail.ru, sarsenbaeva1111@mail.ru

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖƏНЕ СӨЗ ТАПТАРЫ

Түйіндеме: Фразеологиялық оралымды лексика-грамматикалық топтарға жіктеуде атауыш сөз таптарының қатегориялық семантикалары негізге алынады. Жеке-жеке сөз таптарына телінбекші фразеологизмдердід қай-қайсысы болсын, олардың семантикалық жағы есекерілуі керек, яғни соз табының құрамына енетін фразеологизмнің бəрі де лексика-семантикалық тұрғыдан қарастырылып талдануы қажет.

Резюме: При классификации фразеологических оборотов на лексико –грамматические группы за основу берется категориальная сематика самостоятельных частей .С точки зрения пригостности к частям речи учитываются грамматические признаки фразеологизмов, то есть грамматические харектеристики и особенности. При классификации фразеологизимов частей речи отнесенности учитываются как лексико – грамматические так и грамматические(морфологические и синтаксических) признаки фразеологизмов.

Summary:The classification of the phraseological units by lexical – grammatical groups is based on categorical semantics of the contend words. From the aspect of involvement in parts of speech, it is considered grammatical signs that are grammatical characteristics and features of phraseological units. A classification of the phraseological units by the part-of-speech belonging. It is considered both lexical – grammatical and grammatical (morphological and syntactic) signs of phraseological units.

Фразеологиялық оралымды лексика-грамматикалық топтарға жіктеуде атауыш сөз таптарының қатегориялық семантикалары негізге алынады.Жеке-жеке сөз таптарына телінбекші фразеологизмдердід қай-қайсысы болсын, олардың семантикалық жағы есекерілуі керек, яғни соз табының құрамына енетін фразеологизмнің бəрі де лексика-семантикалық тұрғыдан қарастырылып талдануы қажет.

Əрине,сөз таптарына қатыстылығы тұрғысынан фразеологизмдердің грамматикалық жақтары, яғни грамматикалық сипаттары мен ерекшеліктері де ескеріледі.Сонымен, тілдегі фразеологизмдерді сөз таптарына топтастырғанда, олардьң лексика-грамматикалық жақтары да, грамматикалық (морфологиялық жəне синтаксистік) жақтары да бірдей назарға. алынды.

Əдетте сөз табы деп лексика-грамматикалық сипаттары мен беігілері бірдей я бірыңғай сөздердіайтамыз, алфразологизмдердітаптастырудадаосықағидаескеріледі, бірақбұлжерде

66

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

грамматикалықсемантикаданфразеологиялықсемантикабасымекендігіескеріледі.Дегенмен, қазақ тіліндегі фразеологизмдердің ішінде мызғымастай болып қалыптасқан сөз таптарына қатыстылықбарүзілді-кесілдітұжырымжасауғаболмайды. Бірсыпырафразеологизмдержеке сөздерге семантикасы жағынан балама болып келмейді, сондықтан да олар зат есім, етістік, үстеу, сын есім мағыналарымен тең мағыналы болып келе бермегенімен де, белгілі бір сөз табының мағынасына, қызметіне, қасиетіне жуықтайтын фразеологизмдер де тілімізде жеткілікті. Мысалы: ит өлген жерде деген оралым алыста деген сөзбен балама, лексикаграмматикалық семантикасы жағынан үстеуге ұқсайды.Ал таразыдан жеді оралымын бір созбен ауыстыру қиын, оның мағынасы «кем өлшеді» деп беруге болады, мұндай жағдайда да оралымның семантикасына жіті қарау қажет сияқты. Паремиологиялық оралымдардың, предикативтіяқұрылымқұрылысысөйлемгетеңфразеологизмдердіңсөзтаптарынақатысын анықтау өте-мөте қиын да күрделі мəселе.

Қазақ тіліндегі фразеологиялық оралымдар сөз таптарына қатыстылығы жағынан негізінен: 1) зат есім мағыналы субстантив); 2) сын есім мағыналы (адъектив); 3) етістік жағыналы; 4) үстсу мағыналы (адвербиал) фразеологизмдер болып төрт топқа жіктеледі, өйткені басқа сөз таптарының семантикасына сəйкес келетін мағыналы фразеологизмдер жоқтың қасы, бар болса да аз. Мысалы: зат есім мағыналы фразеологиялық оралымдар: без бүйрек, ашатұяқ, баукеспе, жамабие, игімұратт.б.; етістікмағыналыфразеологизмдерқарық кылу, мұрнын көкке көтеру, аузын ұстап қалу, аузымен орақ ору, сөз бұйдаға салу т.б.; үстеу мағыналы фразеологизмдер: қас пен көздің арасында; қас қағымда; аттың жалы, түйенің қомында; көзді ашып жұмғанша т.б.; сын есім мағыналы фразеологизмдер: мұртына ұстара тимеген; үріп ауызға салғандай; бармағынан бал тамған; мұрынға сұққандай екен; қара бет; аузын буған өгіздей т.б.

Фразеологизмдер сөз таптарымен мағыналас болып кешгенімен, бір ұғымды білдіріп, бірінің орнына бірі жүргенімен, сөз табына қатысты сөз бен фразеологизмнің білдіретін мағыналары тепе-тең емес. Фразеологизмдерде ішкі астар, туынды, астарлы, образды, экспреесив мағына болады, көркемдік мəні көрініп тұрады да, дара ұғымды күрделендіріп, бейнелеп білдіреді.

Фразеологизм сөйлемнің құрамында, мəнмəтінде қолданылғанда да, оның бір мүшесінің қызметін белгілі бір сөз табына мағыналастығы тұрғысынан бөлініп-жарылмай, тұтас күйінде атқарады. Ал коммуникативтік фразеологизмдер болса, олардың сөйлемнің мүшесі болу я болмау мəселесі олардың қүрылымдық сипатына жəне семантикасының дəрежесіне қарай анықталады.

Сонымен қатар, көпшілік жағдайда фразеологиялық оралымдардын сөз таптарына қатыстылығын, оның мағынасының негізінде, тек мəнмəтіннің аясында тұрғанда, мəнмəтіндегі басқа создермен синтаксистік байланыстарын талдау тұрғысынаи анықтауға болады.

Коммуникативтік фразеологизмдср қүрылымы жағыиан сөйлемдер сияқты тұлғаланған, Бірақ, басқа предикативтік фразеологизмдерден коммуникативтік фразеологизмдердің айырмашылығы - олар тек сөйлем қүрылымдас емес, сонымен қатар, сөйлемдермен арақатысты. Басқаша айтқанда, коммуникативтік фразеологизмдердің мағыналарын тек сөйлемдердің мағыналарымен ғана беру мүмкін. Олар сөйлемде де коммуникативтік қызмет атқарады, сонымен қатар, басқа сөйлемдермен, сөздермен, сөз тіркестерімен байланысқа түседі.Коммуникативтік фразеологизмдердің үлкен бір тобын мақалдар мен мəтелдер құрайды, екінші тобына құрылым-құрылысы сөйлемге тең: ел бетін көрместей болу;

ауызына ақ ит кіріп, көк ит шығу; ерін бауырына алып тулау; бір биеден ала да туады, құла да туады; біреу бойып секіреді, біреу тоңыпсекіреді; күн артынан күк өтті: көзіне көк шыбын үймелету т.б. сияқты фразеологизмдер жатады.

Қазақ тілінде сан есім, есімдік, еліктеуіш, одағай, шылау, модаль сөз таптарымен арақатысты, оларменмағыналасфразеологизмдеркездеспейді, кездесседеазкездеседі.Көбіне бұл аталған сөздер фразеологизмдердің құрамында ғана үшырасады. Сан есім заттьң сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы болса, құрамында сан есімдер бар

67

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

фразеологизмдердің . мағынасы сан мөлшермен, ретпен, шамамен тікелей сай келе бермейді, яғни тілімізде сөз табы ретіндегі сан есім категориясына мағынасы жағынан сай келетін фразеологизмдер бар деп кесіп айтуға болмайды. Мысалы: алтау ала болса; алпыс екі тамыры босау; алпыс екі айлалы; алты арыс т.б. фразсологизмдердің тұтас мағынасы сандық, мөлшерлік, заттық я құбылыстың қанша екендігін білдірмейді

Сан есім өзінің мағынасы мен қызметі жағынап сын есімге біршама жақын болғандықтан, я болмаса субстантивтеніп қолданылатындықтан, олар фразеологизмдердің құрамынданақтымөлшердібілдіруденгөрі, асаүлкен, шамадантысмөлшерлік-мағыналарды жасауға қызмет етеді. Құрамында сан есім кездесетін фразеологизмдердің фразеологиялық мағынасыньңқалыптасуынасанесімдердіңсемантикалықжақтан өзгеріскетүсуінегізболған. Мысалы, алты батпан азап, бес биенің сабасындай, екі езуі екі құлағында сияқты фразеологизмдердегі «алты», «бес», «екі» сан есімдрі өздері тіркескен сөздер атайтын заттардың бойына тəн түрлі-түрлі сындық та, сапалық та, мөлшлерлік қасиеттерді білдіріп тұрған жоқ, тұтас фразеологизмнің астарлы мəнге өтуіне ықпал ететіндей семантикалық өзгеріске түскен. Бұл фразеологизмдердегі мөлшерлік мағына ішкі экспрессивтік, туынды мəнде ұғынылады. Сол себепті «бес тиынға тұрмайды», «екі дүние бір қадам», «алпыс екі тамыры босады» т.б. сияқты құрамында сан есімдер кездесетін фразеологизмдер өздерінің қызметіне қарай əр түрлі сөз таптарымен мағыналы болып тұрады. Бұларды сан есімдерге жуықтастыратынбелгісіолардыңбіршамамөлшерлікастарлымағыналарығана, олартікелей зат я құбылыстың қанша екендігін білдірмейді.

Құрамында сан есім кездесетін фразеологизмдер өзінің – семинативтік қызметіне жəне тұтас семантикасына қарай əр түрлі сөз таптарымен мағыналас болып келеді. Мысалы, алты батпан азап, алты арыс т.б. – зат есім мағыналы; алпыс екі тамыры босау, бес тиыига түрмау т.б. – етістік мағыналы; алпыс екі айлалы, бесбиенің сабасындайт.б. – сын есім мағыналыт.б.

Сан есімді фразеологизмдер əр түрлі сөз таптарымен мағыналас болып келетіндіктен, олар өздері қатысты сөз таптарының морфологиялық, синтаксистік көрсеткіштерін қабылдап, əр түрлі синтаксистік қызмет атқарады. Фразеологизмдердің бұл топтарының да өзгеріптүрлену парадигмасы, синтаксистік қызметтері шексіз емес, олардың өзгеріп түрленуі мен басқа сөздермен синтаксистік байланыстары фразеологиялық норманың сақталу шегіне дейінгі өзгеруді ғана қамтиды.

Сан есімдер кез келген сөзбен қарым-қатынасқа түсе бермейтіндіктен, фразеологизмнің қүрамындағысанесімменолтіркескенсөздіңарасынабасқасөздіқыстыруға, санесімніңөзін өзіертіп-түрлендіруге болмайды Фразеологизм құрамындағы сан есімдермен тіркескен сөздер қабыса я жанаса байланысса да сан есімдерден кейін тұрады, орындарын озгертіп қолдануға көнбейді. Фразеологизмнің құрамында сан есімдердің тікелей тіркесіп келетін сөздері - зат есімдер, зат есімнен жасалған сын есімдер, етістіктер, ал жинақтық сан есімдер субстантивтік қызметте қолданылатындықтан, бұл нормаға бағынбайды, мысалы, «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» т.б.

Құрамында есімдіктер кездесетін фразеологизм-дердің семантикалық жəне грамматиакалық құрылымы да құрамында сан есім бар фразеологизмдердің құрылымына ұқсас. Олар мағынасы жағынан əр түрлі сөз табының қатарына топтасады: бұл дүние, бұл дүниелік адам, мен де біредің аткан оғы т.б. – зат есім мағыналы; қай жарасына жаратады, кім білгенге басу, біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді, біреудің отына жалыну, ешкімнің ала жібін аттамау т.б. - етістік мағыналы; анаумынау емес т.б. – сын есім; əлде не уақытта т.б. – үстеу мағыналы т.б

Есімдікті фразеологизмдердің семантикалық жақтан өзгеріске түсіп ауыс мағынаға өтуіне құрамындағы есімдік сөздердің семантикалық дамуының əсері болғандығы байқалады. Мысалы, «қай жарасына тартады» етстік фразеологкзмініц тууында «қай» есімдігі «көп кемшілікті, я жетіспеушілікті» меңзеп тұрғандығын кереміз, бастапқы тура мағынадағы «коп жара» келе-келе «көп кемшілік, жоқтық, жетіспеушілік, тақыр кедейлік» – ұғымын білдіру мағынасынаөткен.“Қай” есімдігініңмағынасы“жара” сөзініңмағынасыменбайланысындаекі жақтан семантикалық даму жəне өзгеріс пайда болған. Бұл фразеологимдердің

68

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

морфологиялық жақтан əр түрлі прадигмалық көрсеткіштерге ие болуы, синтаксистік қызмет атқаруыолардыңқайсөзтабыменсемантикалықжақтанарақатнастылығына, сөйлемдеқандай сөздермен байланысқа түсінуіне байланысты.

Құрамында еліктеу сөздер кездесетін фразеологизмдердің семаникалық жəне грамматикалықерекшеліктерібасқасемативтікнемесекоммуникативтікфразеологизм-дердің тілдік табиғатынан алшақ кетеді.

Фразеологизмдердің құрамында еліктеу сөздер көбінесе тікелей етістіктермен тіркесіп келеді, соның ішінде “ет”, “кел”, “бол”, “түс” “қыл” сөздерімен тіркесу сипатында болады. Елікеу сөздер фразеологизмдердің құрамында да толық мағыналы дербес етістіктердің өздерінің тұлғаларына орайласатындарымен тіркесуі жəне семантикалық байланысы Негізінде өзгеріске түсіп, фразеологизмнің тұтас мағынасын жасауға ат салысқан. Мысалы: мырс етті, беті шылп етпей; алау-далау болды, ал-дал болды, дел-сал болды, арса-арса болды, əлтек-тəлтек болды, бұрқ-сарқ болды; алқын-жұлқын келді; апыл-тапыл басты; артын жымжырт қылды; арсаң қақты; əш-пүш дегенше; беті ду ете тусті т.б, етістік мағыналы. Олардың бір сыңары еліктеу сөздер де, екінші сыңары міндетті түрде етістік сөздер болып келеді.

Фразеологизмдер құрамында еліктеу сөздердің етістіктерден басқа сөздермен тіркесіп кесуі кездеспейді, сондықтан құрамында еліктеу сөзі бар фразеологизмдер етістік мағыналы болып келеді, етістік фразеологизмдер сияқты өзгеріп-түрленеді жəне синтаксистік қызмет атқарады.

Жалпы еліктеу сөздердің еліктеушілік жəне бейнелеушілік сипаты, дыбыстық құрамыкда мағынаға əсер ететін сипаты болатындықтан, олардың адам іс-əрекеттеріне, əр түрлі құбылыстарға қатысты астарлы мəндері етістік сөздермен байланысында дамыған да, фразеологизмдердің астарлы тұрде атау қызметіне етуіне негіз болған.

Еліктеу сөздер фразеологизм құрамында негізінен етстіктермен тіркесіп келетіндіктен, құрамында еліктеу сөз бар фразеологизмдердің синтаксистік қызметі баяндауыш болыптабылады. Мысалы: Қасқыр жеп кеткен ірі қараның сүйегі арсаарсасы шығып, ағарып жатыр екен (Ə.Н.). Ал фразеологизмнің құрамындағыеліктеу сөзбен тіркескенетістік əр түрлі формада келіп, фразеологизм басқа сөз таптарымен мағыналас болған жағдайда, оның синтаксистік қызметі басқаша болады: Əш-пүш дегенше жетіп келді де, жұртты қамшының астына алды (ҚЕ). Бұл жерде “əш-пүш дегенше” үстеу мағыналы (лезде, көзді ашыпжұмғанша).

Құрамында одағай сөздер кездесетін фразеологимз-дер көп емес: ай-шай деспей, əу десті, əу дейтін жер, ойбай салды, аһ ұрды, шу дегеннен, ай-түйге қарамай, айт-ұйт жоқ, айшай жоқ, бəсе десеңші т.б. одағайлар қатысқан фразеологизмдердің семантикасы одағайлардың етістікпен тіркесуі негізінде семантикалық бірлікке ие болған. Бұлардың да морфологиялық жəне синтаксистік табиғаты, шектеулі болса да, өздері мағыналас сөз таптарының категорияларына тəн қасиеттерімен ерекшеленеді. Өйткені, одағайлар қатысқан фразеологизмдер, еліктеу сөз, шылау сөз, сан есім, есімдік қатысқан фразеологизмдер сияқты, фразеологизм заңдарына бой ұсына бермейді, олар сан жағынан да аз жəне олардың көпшілігі фразеологизм мағынасынан жырақ тұрады.

Модаль сөздер көбіне номинативтік жəне коммуникативтік фразеологизмдерді мəнмəтінге (контекске) енгізу қызметін атқарады да, номинативтік те, коммуникативтік те фразеологимздердің құрамына қатыспайды. Мысалы, “Ер шекіспей бекіспейді” деген, шекістім, сен жеңдің деймін, – дейді ішінен Қоңырқұлжа, – міне қолым (І.Е.). Жалпы модаль сездер номинативтік жəне коммуникатквтік фразеологизмдердің құрамында кездеспейді.

Əдебиеттер:

1.Қожахметова Х. “Фразеологизмдердің көркем əдебиетте қолданылуы”– Алматы, 1972 ж. 2.Қордабаев Т. “Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары”. – Алматы, 1987 ж. 3.СағындықұлыБ. “Қазақтілілексикасыдамуыныңэтимологиялықнегіздері”.– Алматы, 1994 ж. 4.Сауранбаев Н.Т. “Қазақ тіл білімінің проблемалары”. – Алматы, 1982 ж.

5.Смағұлова Г. “Фразеологизмдердің варианттылығы”. – Алматы, 1996 ж.

69

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

УДК 82-3

БaйболaтФ.У.

2-курс мaгистрaнты

Ғылыми жетекші: Р.Б. Борaш

педагог.ғ.к., aғa оқытушы Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық университеті Aлмaты қ., Қaзaқстaн

e-mail: borash62@mail.ru, fariza_11_93@mail.ru

БІЛІМ МAЗМҰНЫН ЖAҢAРТУ ЖAҒДAЙЫНДA ӨЗГЕ ҰЛТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ

ҚAЗAҚ ƏДЕБИЕТІ ПƏНІНІҢ МAЗМҰНЫ

Түйіндеме: Мaқaлaдa өзге ұлт мектептеріндегі қaзaқ əдебиеті пəнінің оқытылу жaйы қозғaлып, дəстүрлі білім беру мен жaңaртылғaн мaзмұндaғы бaғдaрлaмaлaрғa тaлдaу жaсaлғaн. Дəстүрлі бaғдaрлaмaдaғы хaлық aуыз əдебиеті үлгілерін оқыту мен білім мaзмұнын жaңaрту жaғдaйындa жaсaлғaн бaғдaрлaмaлaрды сaлыстырa ой қорытaды. Мaқaлaдa хaлық aуыз əдебиеті үлгілерінің бaлa тəрбиесіндегі орны, оқытудaғы бaсты мaқсaты, қaзaқ тілінде оқытпaйтын мектептердің пəн бaғдaрлaмaлaрындa берілуіне тоқтaлғaн.

Кілтсөздер: дəстүрлі бaғдaрлaмa, жaңaртылғaн білім мaзмұны, қaзaқ əдебиеті пəні, кіріктірілген пəн, оқыту əдістері, хaлық aуыз əдебиеті.

Резюме: В стaтье рaскрывaется проблемa преподaвaния кaзaхской литерaтуры в школaх других нaционaльностей, aнaлизируется прогрaммa трaдиционного обрaзовaния и обновленного содержaния. В трaдиционном прогрaммном обеспечении срaвнивaет прогрaммы, рaзрaботaнные в условиях обновления содержaния обрaзовaния и обучения обрaзцов устной нaродной литерaтуры. В стaтье говорится о роли обрaзцов устной литерaтуры в воспитaнии детей,глaвной цели обучения, о том, что в предметных прогрaммaх школ с некaзaхским языком обучения.

Ключевые словa: трaдиционнaя прогрaммa, обновленное содержaние обрaзовaния, предмет кaзaхской литерaтуры, интегрировaнный предмет, методы обучения, устнaя нaроднaя литерaтурa.

Summary: The article reveals the problem of teaching Kazakh literature in schools of other nationalities, analyzes the program of traditional education and updated content. The traditional software compares programs developed in the context of updating the content of education and teaching samples of oral folk literature. The article refers to the role of oral literature in the education of children,the main purpose of education, that in the subject programs of schools with non-Kazakh language of instruction.

Keywords: traditional program, updated content of education, the subject of Kazakh literature, integrated subject, teaching methods, oral folk literature.

Білім беру сaлaсындa жүргізіліп жaтқaн білім мaзмұнын жaңaрту бaғытындaғы түбірлі өзгерістерқaзaқтіліндеоқытпaйтын мектептердегіəдебиетпəнінсaпaлы, əрімaзмұндыоқыту мaқсaты мен міндеттерін aйқын тaнытaды. Қaзaқ тілінің мемлекеттік мəртебесін жaн-жaқты дaмыту міндеті тек қaзaқ тілі пəнін сaпaлы оқытуғa ғaнa жүктелмейді, əдебиет пəнінің де бұл мaқсaтты шешуде aлaтын өзіндік орны үлкен. Бүгінгі тaңдaғы еліміздегі білім беру сaясaтының жүзеге aсырылуы білім беру мен оқытудың бaрлық əдістемелік жүйесін əлемдік білім кеңістігіне шығу тaлaптaрынa сaй қaйтa қaрaуды тaлaп етеді. Бұл турaлы Қaзaқстaн Республикaсы Президентінің Жолдaуындa: “Бəрі де мектептен бaстaлaды. Сондықтaн біздің 2018 жылдaн бaстaп 12 жылдық жaлпы ортa білім беруге көшіп, педaгогтaрдың кəсіптік деңгейін оқулықтaр мен білім беру бaғдaрлaмaлaрының сaпaсын aрттыру керек” деп aйтылғaн [1, 6].

Рeспyбликaмыздaғы оқытy үрдiсi орыс тiлiндe жүргiзiлeтiн мeктeптeргe aрнaлғaн қaзaқ əдeбиeтi пəнiн xaлқымыздың рyxaни қaзынaсын оқытy aрқылы бaлaлaрды əр кeзeңдeгi оның өмiргe дeгeн көзқaрaсымeн, сaлт-дəстүрiмeн, əдeт-ғұрпымeн тaныстырып, əдeби бiлiмі мeн

70

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]