Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

Қорытып айтқанда, батырлар образын сомдаған бұл романдар қазақ тарихы романының арнасын кеңейтіп, байыта түскен табысты еңбектер саналады. «Ерлік өнегелері тарихыты нұрландыра түседі» деп В.Гиюго айтқандай елін жаудан қорғап, даудан сақтаған батырлардың ерлік өмір жолдарын, өнегелі істерін қайта жаңғырту арқылы қазақ тарихының әлі сыры ашылмай жатқан беймағұлым тұстарын тануға мүмкіндік туады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Елеукенов Ш. Шығармалары 1-том. Астана - 2011, 536 бет.

2.Тұрлыбайұлы Ж. Раймбек батыр. Алматы - 2004, 456 бет.

3.Ахмади Ж. Айтұмар. Алматы “Мирас” баспасы, 2009, 512 бет.

4.Қондыбай С. Жауынгерлік рух кітабы. Алматы - 2006, 240 бет.

5.Ахмади Ж. Есенгелді би. ҚХР Шинжяң жастар-өрендер баспасы, 2006, 467 бет.

Туткабаева Г. Б.

Алматы қаласы Әуезов ауданы Қ.А.Яссауи атындағы №123мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі ,п.ғ.м.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ БЕЛЕС»

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. «Жаңғыру» атаулыға бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіспіз. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.

Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.

Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессия отырысында Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың басын қосатын тіл қазақ тілі болуы керек деп анық атап айтты:

«Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы шуақтары іспетті.

Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол–біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз.

Ол – біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз».

Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған.

Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек» .

«Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы.

Осы орайда құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты:

-Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;

-мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;

-ағылшын тілін меңгерту;

151

-орыс тілін жетік білу;

-әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;

-тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.

Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз.

Өз іс-тәжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Үздік тілші», «Кел, сайысайық!», «Тілдер сөйлейді» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Оқушыларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Мәселен, «Мақал-мәтелдердің үндестігі» салыстыру жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, сыныбына орай күрделеніліп отырады. Бұл тапсырмада мақал-мәтелдерді тақырып бойынша табу, үш тілде аудармасын ұсыну, үндестігін табу.

Бұл жерде оқушылардың сөйлеу тілдері мен сауаттылықтарына назар аударылады.

Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін

Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Олай болса бүгінгі талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге сәттілік тілейік. Осы орайда Елбасымыздың халыққа дәстүрлі Жолдауындағы «Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» деген тебіреністі сөздерінің жүректерге ұялап, толқытқаны ақиқат. Кезінде Елбасының идеясымен шаңырақ көтерген білім ордасының студенттерін Мәңгілік Ел идеясы нұрландырып, патриоттық сезімдерін алаулата түсуде.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

2. Ақиқат. 2011жыл, №5. «Қазақ тілін білу - әншейін бір ұран емес», Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессиясында сөйлеген сөзі.

3.Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007 ж.

152

Ыбырайым Ә. О.

ф.ғ.к., доцент. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.,

ҰЛЫ ДАЛА ТАНЫМЫ – ҰЛТТЫҚ ТҰТАСТЫҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ

Аннотация. В статье отражены научная значимость выводов Первого Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева и их роль в воспитании поколений об оценке, сохранении и передаче национальной истории и культуры, духовных ценностей казахского народа подрастающему поколению.

Annotation. The article reflects significance of conclusions of the first President of the Republic of Kazakhstan N.Nazarbayev and their role in educating generations about the assessment, preservation and transmission of national history and culture, the spiritual values of the Kazakh people to younger generation.

Азаттық пен татулықтың көк туын желбіретіп, тәуелсіз мемлекет атанғанымызға да ширек ғасырдан асып отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстан өз тәуелсіздігін баянды етуден бастап, мемлекетіміздің тұғырын берік нығайтты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен төл тарихымызды қайта тұғырына қондырып, Мәңгілік ел болуды мақсат тұтқан ата-бабаларымыздың арман-тілектерін, өнегелі істерін келер ұрпаққа амант етудің астарында үлкен мән жатыр десек қателеспейміз.

Қазіргі Ұлы Дала елін түркі халықтарының ата жұрты ретінде қабылдауға негіздеу, тамыры терең ұлттық мәдениеттің сақталуын және дамуын қамтамасыз етуде Елбасы тәуелсіздік алғаннан кейін-ақ: «...Еліміздің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешілуі үшін де, алыс-жақындағы мемлекеттеріміздің бізді танығаны, мойындағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы – тағлымды тарихың, озық ғылымың, өрелі мәдениетің. ...Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге толық таныта алмай келе жатқан халықпыз. ...Бұл – әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ өлкенің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. ...Түптеп келгенде біз осыны мақсат етеміз»,– деп атап көрсеткен еді [1].

Ежелден-ақ қазақтың кең байтақ даласы Батыс пен Шығысты, Еуропа мен Азияны жалғап отырған алтын көпір саналып келгендігі тарихымыздан белгілі. Әртүрлі діндер мен мәдениеттің, тарихымыз бен салтымыздың асыл жауһарлары тоғысқан тұтас түркі даласының алтын бесігі, қастерлі қарашаңырағы болған еліміз Ресей империясына отар болуымен төл мәдениетіміз бен тағлымды тарихымыз құрдымға ұшырады, бір кездегі әлем жұртшылығы мойындаған өркениетіміз, жабайылыққа телінді. Осы мәселені басты назарда ұстап, қазақтың тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ екендігін негізге алған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға беріп, жеке-жеке тоқталып, нақты мысалдармен дәйектеп, оқырмандарға ұсынған еді. Бұл еңбекте еліміздің аумағындағы әлеуметтік-саяси және мәдени-рухани дамуды он екі кезеңге бөліп, ежелгі дәуірден бастау алған біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің ерекшелігі, қазақ даласының социумы ерекше суреттелген еді [2]. Аталмыш еңбекті әдіснамалық тұрғыдан алып қарасақ әрі тың, әрі ұрпақ зердесіне қонымды жүйе екендігін аңғару қиын емес.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2004 жылғы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында, көптеген шет мемлекеттердегі еліміздің тарихына тікелей қатысты тың деректер, тарих беттерін жаңаша мәліметтермен толықтырғанын мақтанышпен айта аламыз.

Сөз жоқ, Елбасының тағлымды бастамасымен тамыры терең тарихымыз түгенделіп, түркі елдерінің арасындағы үзіліп қалған алтын арқау қайта жалғанып, жаңа белеске көтерілді. Тарихымызды қайта жаңғыртумен қатар, түркі тілдес бауырлас елдер арасындағы саясиэкономикалық, мәдени-әдеби байланыстарды нығайтуға негіз қалады. Бұл орайда қазіргідей жаһандық үдерістер қарқын алған тұста барша түркі жұртының алдында маңызды міндеттердің де туындап отырғандығы жасырын емес.

153

2014 жылы Елбасы Ұлытау төріндегі сұхбатында да ұлттың өткен тарихына жаңаша бағасын беріп, алдағы даму жоспарына дейін, мәдениет, дін, тіл секілді мәселермен бірге ел экономикасы, инновациялық даму туралы ой қозғаған болатын. Осы сұхбатта Ұлы Даламыздың арғы тарихы ғұндардан басталып, көк түріктерге жалғасатынан, одан кейінгі орта ғасырда Алтын Орда тарихының хандық дәуірге ұласқандығын, тағдыр сыйы тәуелсіздікке жеткенімізді алға тартып, тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр екендігін қадап негіздеп берді.

Қылышынан қан тамған Кеңестер Одағы тұсында тарихымыз бұрмаланып, ел еңсесін көтеретін ұлт зиялылары қуғындалып, қудаланды. Айта берсек «әттең-ай» дейтін кезеңдерді де артқа тастадық. Қазіргі жастарымыз тарихымызды жан-жақты жетік меңгеруі тиіс. Елбасы бұл мәселені де назардан тыс қалдыра алмады. «....Қазақстанда қасиетті жерлер көп. ....Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген»,– деген [3] тұжырымдары жастарымызды патриотизмге баулуда негізгі ұстаным, темірқазық болуы тиіс.

Бұл сұхбаттың жалғасы болған 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының аясында төл мәдениетіміз бен тарихымыз жаңа белестерге көтерілді [4]. Ел көлемінде қасиетті, әулиелі жерлеріміз қайта түгенделіп, әлеуметтік-гуманитарлық салада 100 жетекші оқулық аудармасы бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыруға серпін берсе, 100 жаңа есім жобасы қазіргі еліміздің мәдени-әлеуметтік, саяси-экономикалық дамуына белсене үлес қосып отырған тұлғаларды тануға негіз қалады. Ең бастысы туған жердің тарихын терең білуге бағытталған «Өлкетану» оқулығының жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларына енгізіле бастауы жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің бастауы болса, латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Елбасы: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтынына»,– ерекше мән беріп, ұлттық-рухани тамырымызды «...тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы»,– деп бағалайды [4] .

Ұлттық-рухани тамырымыздың ана тілімізден бастау алатыны айдан анық. Өйткені этнос өмірінің шын мәніндегі дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Ұлттық ұғымдарға байланысты атаулардың сыр-сипаты мен қасиеті тіл фактілері, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер арқылы ғана бізге жетуі мүмкін.

Әр халықтың ана тілі – сол ұлттың тұтастығының символы. Ал ата жазуы – сол тұтастықты жүзеге асырудың негізгі құралы. Сондықтан да қай кезде болмасын, отарлаушы мемлекеттердің негізгі іс-әрекеті – отарланушы ұлттардың тілі мен жазуын, сол арқылы тарихы мен ұлттық санасын жоюға бағытталған. Мысалы, араб шапқыншылығы түркілік төл ойма жазуымызды түп-тамырымен жойып, оны араб графикасына алмастырды. Тұран өлкесіне жасаған қанды жорығында олар бірденақ жергілікті халықтардың рухани болмысын түбірімен өзгертуді, яғни халықтың тарихи жадын мүлде жойып жіберіп, оның орнына ислам идеологиясын енгізуді көздеді. Сондықтан да жергілікті халықтың тілін, дінін, ділін, жалпы дүниетанымын, ұлттық салт-дәстүрін тарих сахнасынан өшіру үшін ойма жазу таңбаларын істен шығарып, оны араб жазуы таңбасымен алмастыру саясатын кешенді тұрғыдан жүргізуді ұстанды.

Ал Ресей империясы өз билігін мәңгі сақтап қалу үшін түркі халықтарын орыстандыруды басты мемлекеттік саясат деңгейіне көтерді. Ол үшін түркі халықтарының діні мен діліне, тілі мен ата салтына, жазу таңбасына қысым жасады. Түркі халықтары қолданып келген араб жазуын орыс жазуына алмастыру саясатын ұстанды. Ал Кеңес Одағының алғашында латын, сосын орыс алфавитіне көшіруінің астарында да саяси-иедологиялық, отаршылдық астыртын жымысқы саясат жатты. Профессор М.Мырзахметұлы Кеңес Үкіметінің бұл саясатын екі түрлі ұрымтал саяси айлатәсіл арқылы жүзеге асыруға асыға кіріскенін көрсетеді: «Біріншіден, латын жазуын алуды уақытша саяси айла-тәсіл деп білгендіктен, түрік халықтарының тарихи жадын аз да болса өшіріп, келер ұрпағын мәңгүрттендіре беруге бұл латын таңбасы да қызмет ете алады деп қарады. Екіншіден, алдымен латын жазуын алу арқылы ұлы орысшылдыққа қарсы наразылық білдіретін бұқара халық

154

пікірін басқа арнаға бұрып жіберуді ойлады. Осы арқылы-ақ түбінде түркі халықтарын орыс жазуына көшіруге жағдай туады деген жасырын саясатты ұстанды, яғни үкімет ұрымтал уақытты күтті»

[5,201].

Ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігінің жаңа бастауына айналған Елбасы мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» бөлімінде алдағы уақытта жүзеге асырылатын нақты жобалар ішінде қазақ әліпбиін біртіндеп латын графикасына көшіру кезек күттірмейтін ауқымды істердің бірі екендігін баса көрсетті. Себебі, тіл – ұлттың өзегі. Сондықтан тіл мәселесінің өткені мен болашағын да тарихи тұрғыдан зерделеп, келешектегі оның жағдайын анықтағанымыз жөн. Осыған орай, мемлекеттік тілді реформалауға рухани жаңғыру бағдарламасында маңызды мәселелердің бірі және тарихи мәні бар оқиға ретінде баға берілген. ХХ ғасырда қазақ әліпбиінің үш рет ауыстырылуының негізгі себептері саясаттан туындағаны анық. Мемлекеттің бүгінгі тілдік реформаларында да саясаттың рөлі жоғары екені белгілі. Оны Елбасы Н.Назарбаев аталмыш мақаласында анық та көрсеткен: «Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді» [4].

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында жүзеге асырылуы тиіс міндеттердің бірі – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы [4]. Бұл жоба ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт болуды және елімізді әлемге қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де танытуды көздейді:

«Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт.

Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс. Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін

ойластыру керек.

Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал.

Төртінші, бұған ауқымды мемлекеттік қолдау жасалуы қажет. Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министрліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек.

Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс.

Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкілдері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анықтап алуымыз керек.

Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз» [4].

Бұл жобаны жүзеге асырудың негізгі бағыттарын Елбасы өзінің 2018 жылдың қараша айында жарық көрген «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында жан-жақты талдап, ғылыми-танымдық тұрғыдан негіздеп берді:

«Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.

Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.

Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді» [6].

Бұл мақаланы оқу барысында Алтай мен Атырау, Ертіс пен Еділ арасындағы ұланғайыр атырапты мекендеп, Ұлы Даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына, төл мәдениетіміздің құндылығына тереңдей түстік. «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы тек Қазақстан үшін ғана емес, тарихын Ұлы Даладан бастау алатын, түбі бір түркі жұртының да ортақ игілігіне айналатыны айқын.

Осы уақытқа дейін тарихымызды зерттеп, зерделеп жүрген ғалымдарымыз бен жазушыларымыздың еңбектерінде көптеген оқиғалардың шеті мен шегі әртүрлі жазылып, тарихи деректердің бір арнада тоғыспауы жиі кездесетіні жасырын емес. Алғашқы дәуірлер тарихын

155

айтпағанның өзінде Шыңғыс ханның ұлтына байланысты, Қазақ хандығына және одан берідегі Жоңғар шапқыншылығына қатысты, тіпті кешегі отарлау саясаты мен ХХ ғасырдың өн бойындағы тарихи оқиғалардың өзінде қарама-қайшылық пен терең зерттеуді қажет ететін дүниелер баршылық.

Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында осындай шешуі қиын көптеген күрделі мәселелерде ғылыми дәйек табылатынына сеніміміз мол. Біз рухани жаңғыру мақаласы аясында өзіміздің ұлттық кодымызды терең танысақ, «Ұлы даланың жеті қыры» арқылы тарихымыздың нақты айқындалу жолын негіздедік.

Әсіресе, мақаладағы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасының біздер, филологтар үшін маңызы ерекше болмақ. Елбасы бұл жоба аясында «Дала фольклорының антологиясын» жасауды тапсырып отыр. Мұнда Ұлы Дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталатын болады.

Бұл бағытта 2004 жылғы «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде де біршама жұмыстар атқарылғаны белгілі. Ондағы негізгі жұмыстардың қатарында халық ауыз әдебиеті үлгілерінің 100 томдық «Бабалар сөзі» болып шыққаны белгілі. Бұл бастама Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазыналы Оңтүстік» жобасы арқылы жалғасын тапты. Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи, рухани мұраларына арналған көптомдықтың бүгінде 311 томы жарық көрді және оның 242 томы бұрын баспадан шықпаған, жаңа ғылыми-танымдық шығармалар болып табылады. Қызылорда облысы да «Сырдария кітапханасы» сериясымен осы өңірде өмір сүрген тұлғалардың 200 томдық мұралар жинағын шығарып, руханият дүниесіне қомақты үлес қосты.

Мақаланың барша қазақстандықтар үшін маңызы зор, астарында Ұлы Дала Елінің тарихына қатысты терең көзқарас жатыр, бір-бірімен өзара сабақтас бөлімдер шынайы түрде тарихы терең, мәдениеті бай ұлт екеніңді сезіндіре түседі. Мақалада айтылған жобаларды жүзеге асырудың да тетігі боларлық мәселелердің де егжей-тегжейлі баяндалуы ұлтымыздың болашақтағы темірқазығы болары даусыз.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалалары – әлемдік жаһандану мен бәсекелік дәуірінде ұлттық құндылықтарды ұлықтау, ұлттық мәдениетті асқақтату, қоғамның ұлттық танымда дамуы мен өркендеуіне бағытталған аса маңызды ғылымитанымдық бағдарламалар. Мақалада айтылған пікірлер мен ұсынылған ауқымды жобалар зиялы қауымға парасатты ой тастап, барша халықтың бойындағы рухани құндылықты түлеткен, санаға рух, жанға жігер беріп, еліміздің даму жолындағы салиқалы ойлар мен салмақты бастамалары бар қазақтың ой-санасын тебіренткен, мазмұны терең, ауқымы кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасына айналды.

Білім – адам капиталына салынатын аса тиімді инвестиция. Жастардың білім сапасын көтеру мәселесінің маңыздылығы – болашақтың иесі жастар білімінің шешуші мәнге ие екенінің айғағы. Еліміз студент жастардан Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, білікті мамандар күтеді. Жастардың сапалы білім алуына жағдай туғызу, олардың бойына ұлттық сана қалыптастыру, отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу – бүгінгі күннің негізгі талаптарының бірі. Еліміздің білім және ғылым саласындағы жаңалықтар, игі өзгерістер жастардың жарқын болашағы және олардың биік мақсат-мүдделерінің іске асуы үшін жасалатын тиімді шаралардың бірі. Алған білім мен игерілген білікті жүзеге асыру үшін тәжірибелердің орны ерекше. Жас ұрпақ жеке басының жауапкершілігін арттырып, білімін, біліктілігін, кәсіби шеберлігін, күш-қуаты мен іскерлігін елдің береке-бірлігінің артуына, мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығы жолына жұмсауға ұмтылуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың еліміздің шығармашылық зиялы қауымының танымал өкілдерімен кездесуінде сөйлеген сөзі. 17.03.1998 ж.

2.Назарбаев Н. Тарих толқынында. –Алматы: Атамұра, 1999. -296 б.

3. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбаты. 25 тамыз 2014 ж.// http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/akorda_other_events/kazakstan-prezidenti-nenazarbaevtyn-ulytau-torindegi-suhbaty.

4.Назарбаев Н. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы // «Егемен Қазақстан». 12.04.2017 ж. 5.Мырзахметұлы М. Қазақ қалай орыстандырылды? –Алматы: Penton Hill, 2011. -399 б.

156

6. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы. 21 қараша 2018 ж. // http://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysynyn-uly-dalanyn-zheti-kyry-atty-makalasy.

Бактыгалиева Э. С.

М.Өтемісов ат.БҚМУ, магистранты

ӨТЕЖАН НҰРҒАЛИЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ

Аннотация. В статье рассматривается художественная черта баллады поэта О.Нургалиева.

Annotation. The article is devoted the artistic feature of ballad poetry O.Nurgaliyev.

Әр халықтың мәдениеті қадым замандардан бергі келе жатырған рухани әдеби мұрасымен ерекшеленеді. Қазақ халқының әдеби мұрасы мен жазу мәдениеті көне түркі дәуірінен бастау алатыны баршаға аян. Қазақ жазба әдебиетінің өкілдерінен бергі асыл сөз әлемінде өзіндік сөз өрнегімен ауылдың, ауыл адамдарының шынайы портретін өлеңдерінде суреттей алған ақындардың бірі – Өтежан Нұрғалиев.

Елуінші - алпысыншы жылдарда қазақ поэзиясында жаңаша ойлау қырымен, айқын көрінген ойы да айқын, сөзі де айқын - «бүкіл табиғаты: жүрген жүрісі, мінез-құлық, қимыл-қарекеті, бүкіл болмысы тек поэзия үшін жаралған. Ақын қандай болдаы десе, ақын мынадай болады деп Өтежанды көрсетуге болады» деп М.Мақатаев атап көрсеткен ақын – Өтежан Нұрғалиев болатын. Балалық шағы тыл тағдырымен сабақтасып, ауылдағы жетім мен жесір тағдырын көзімен көрген ақын поэзиясының негізгі жырлаған тақырыбы – соғыс жылдарындағы ел ішінің тағдыры мен халықтың тұрмысы. Отты жылдардан кейінгі ауыл өмірін, өзі көзімен көрген тұрмыс тауқыметін Өтежан ақын еш боямасыз жырлаған. Ауыз-екі тіл арқылы көңілге қонатын өлең тудыра білген.

Ақын Қыдыр Мырза Әли: «Күдіктенбей-ақ айта беруге болатын бір шындық бар. Ол: Ө.Нұрғалиев – ақын және таза ұлттық поэзияның өкілі деген мойындау. Оның куәсі - «Менің махаббатым», - деп пікір білдірген болатын. Ауылдың тыныш-тіршілігі Өтежан Нұрғалиев өлеңдерінен оқи отырып, ақынның күнделікті қолданыстағы сөздермен-ақ суреттеу шеберлігіне тәнті боласың. Мысалы: «Соғыстың соңғы жазы» жинағының екінші кітабындағы

Сол кезеңнің сыры нәзік білгенге, Сол кезеңнің жыры нәзік білгенге, Біле тұра қалай барам қорықпай Шындық үшін бас кететін күндерге!? Өткен күнге, Өшкен сырға жан кіріп,

Жүрегіңді жүреді ұзақ жандырып, Жүрегімнің қылдан нәзік хабарын Айта алам ба нанбайтынды нандырып. Қалар ма екем сәл жалғанға қақтығып, Асып кетіп жүрмес пе екем аптығып, Сор сыятын сұр маңдайға екі елі

Сыяр ма екен шындықтағы қаттылық!? [1,12] Бұл балладаның оқиға желісі жинағы шымыр өрілген. Шаңырақтың ай сайынғы кірісі болған

«жәрдем ақша» «алпыс бес сом тиынды» бір күнде сауда жұмсаған кейіпкер мен маңдайын балтамен ұрған қара кемпірдің әркеті бар қазақ даласындағы әр шаңырақтағы қиыншылық пен ауыртпалықтың суреті айқын көрініп қана қоймай, ауыртпалыққа шыдаған төзімнің бір сәтте морт кетуін ақын:

Секілді боп қолына алып балғаны Сөнгендей боп ішіндегі арманы, «Көрдің бе деп мына сорлы маңдайды» Өз маңдайын өзі салып қалғаны! «Өмір бойы жетім бақты бұл маңдай, Өмір бойы отын шапты бұл маңдай...» Осылай деп өз маңдайын өзі ұрды Барлық пәле сол маңдайда тұрғандай.

...Құйттай ғана әжім-әжім сұр маңдай, Кемпір айтқан сол арада жыр қандай!-

157

Мен маңдайға үрейлене қарадым «Соғыс» дейтін сөз жазулы тұрғандай! [1,15] «Қара кемпірдің жаралы маңдайы – қан майдан

алабын, соғыста өлген әкені еске салғаны тым әсерлі шыққан.

Өтежан Нұрғалиев өлеңдерінде троп пен фигураның және жергілікті облыс, аудандарда ғана қолданатын диалектизмдерді түрін кездестіруге болады. Мысалы, “...Құйттай ғана әжім-әжім сұр маңдай”. [1,15] “Қауын құмар құйттай екі “мұсылман” [1,134]. Құйттай сөзі Батыс өңірінде көлемі шап-шағын, титтей деген мағынаны білдіреді. Ақынның “Мыңбай гүлдегенде” балладасында да

“Мыңбай неге қалжыңменен іледі? Бұл қуларың бірдеңені біледі. Нән-нән қыздар қарайды да Мыңбайға,

Бетін басып шу-шу етіп күледі ” [1,150] үшінші тармақтағы “нән-нән” үлкен деген сөздің синонимі мағынасында қолданған. Бір дерекке сену, илану, мағынасындағы “нан” етістігін “Жылдарға сапар” балладасында ұтымды қолдана білген.

Келер күнім – бір несібем көрмеген...

Өткен күнім – бір несібем өлмеген...

Өткен күннен болашаққа нәр жалғап, Үзілмейтін несібе боп мен келем. Үзілгенде Нан дейтұғын Несібем, Барар жерден... мәңгі бақи кешігем. Нан туралы кітап жазғым келеді Замандастың кетпейтұғын есінен, Нансоғарлар бұл сөзімен нанбайды, Нанбаса да айтпай шөлім қанбайды. Нан жайында талай өлең айтқанмен,

Бұл жолы да айтарым сол нан жайлы. Сонымен қатар өлең тармақтары әсерлі болу үшін фигураларды оның ішінде анафоралар жиі кездеседі,

Жастайымнан өлең болып жатталған, Бір наным бар Болашаққа аттанған. Бір наным бар Өмір дейтін кітапта

Өлең іздеп оянатын ақ таңнан. [1,131] немесе, “Түйе туралы аңыз” өлеңінде: Кешір мені, сәл томпақтау сөз айтсам, Кешір мені көрінгенге көз артсам, Кешіре ме уақыт дейтін қара нар,

Қара нардың қасиетін азайтсам! [1,119]. Ақын өлеңдеріндегі ҒАкиеліктің белгісі реңқінде қара сапалық сын есімін жиі қолданған. Мысалы, “Қара нұр, қара нан, қара кемпір, қара нар, қара жер, қара қыз ” т.б. сөз тіркестері. Дыбыстық қайталаулар аллитерация мен ассонас ақын өлеңдерінің көркін ашады. Мысалы, Есімде жоқ мен аттым ба, ол атты?!

Кім бірінші қорғасынды боратты?! Көк түтіннің арасынан көргенім –

Көк фуражка сәл қисайып баратты. [1,96].

Өтежан өлеңдерінде теңеулер галереясы күнделікті тұрмыс тіршілікте қолданылатын сөздермен әдемі өрнектелген. “Сағындықтың жалғыз ұлы - Әбілхайыр” өлеңінде,

Шалбар кисе шалдар кұсап кең киіп, Дөңбек тастай дөңде қалған дөңкиіп, Үй алдында ауызын буған өгіздей Әбілхайыр отыратын өңкиіп. [1,86]

Ақынның “Өкпемен қағу” балладасында денедегі дертті өкпемен қағатын ескі жоралғыны соғыс қажытқан ауыл адамдарының тағдырымен астастыра суреттейді.

Ақтарғанда “архивтердің” қабатын Анам менен неше ауруды табатын. Тоқсан түрлі кеселіне бір шипа

Осы ғой деп жас өкпемен қағатын. Немесе, қорықтық құю салты да осы баллада да шебер бейнеленген.

Шынымен-ақ ауру менен көше ме?

158

Сол бір жылы ем жасалды нешеме, Әкеміздің немістерден өлгенін Басқармалар естірткенде шешеме, Менің нәзік, шікәсі бар жүрегім Тайғызып ап әрең тұрған тірегін, Бірде жылма, бірде құйып қорықтық...

Әбден әуре қылғанымды білемін. [1,64] Отты жылдардағы еңсені езген аурумен алысқан тағдыр иелері Өтежан ақынның азаматтық

мұратын анықтауға ықпал еткені ақиқат. Ауылдағы әр оқиға, әр кейіпкер тағдыры ақынның қырағы көзінен, сезімтал жүрек назарынан тыс қалмағанын балладаларынан айқын аңғаруға болады. Ө.Нұрғалиев поэзиясы – ақындық, азаматтық кредосы нақты айқындалған жырлар. Ұлтжандылығын барлық өлеңдерінен көруге болады. Сонымен қатар Өтежан өлеңдерінің негізгі арқауы азаматтық ойдың тереңдігі мен тіліндегі қазақы бояу бедердің айқындығы оның поэзиясын өзге ақындардан даралап тұратын ерекше қасиеттерінің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ө.Нұрғалиев “Соғыстың соңғы жазы” 2том.Алматы, 2015

2.Ө.Нұрғалиев “Соны сұқбаттар” 3том.Алматы, 2015

3.“Өтежан Нұрғалиев шығармашылығы: әдеби болмыс және дәуір шындығы” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Ақтөбе. 2018

Тұрсынбек қажы Елдесбай,

Исламтанушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

АҒА ӘРІ РУХАНИ ҰСТАЗЫМ

Берікбай аға Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қашқансу ауылдық кеңесіне (советіне) қарайтын 6-шы ауылда (кейін Чапаев атындағы колхоз, қазіргі Ақтөбе ауылы) қарапайым шаруа адамы болып көрінгенмен, халыққа белгілі аулие Сағындықтың отбасында дүниеге келген.

Сағындық атаның әкесі Мүсірбай заманында Қазалы, Қармақшы, Тамды өңіріне белгілі атақты байлардың бірі болған, ал шешесі – тарихта өзінің орны бар Елекей ханның бас батыры Байқожаның жалғыз қызы Ханша ана. Байқожа батыр аруақты кісі болған. Осы күнге дейн Арал, Қазалы, Қармақшы төңірегінде кісі біреуге қатты ренжи қалса, «Байқожа бабаның аруағына тапсырдым»,- деп қолын бір сілтеп жүре береді.

Сағындық ата Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде аты аңызга айналып, 60 жыл бойы кереметтерін көрсеткен санаттағы аулие Алтыбай атаның ізбасары болып, Озған пайғамбардың шырақшысы болып, киелі қызмет атқарған. Озған пайғамбарды (қазір Күжімді аулие деп те атайды) Нух пайғабардың топан суынан әлдеқайда бұрын өмір сүрген. Бұл зираттың жасанды жер серігінен түсірілген фотосуреті Өзбекстан мемлекеттік мұражайында сақтаулы. Алтыбай ата аулиеден мирас болып калған жалғыз ғана аса таяғына Сағындық ата иелік етіп үстаған.

Берікбай ағаның шешесі Толе анамыз өте діндар, әулие кісі болған Қауымбет сопының қызы. Әкесі дүниеден өтерінен алдында қызына бір әулие кісі келіп уйленетінін айтып кетіпті. Сол әулие кісі Сағындық ата екен.

Сағындық атаның ағасы Ізтілеу ата мен менің әкем Жарас Елдесбайұлы (1882-1967) өте жақын араласқан. Ізтілеу атаның қызы Кеніш апаны туысқандық жағынан бізге жеңге болғанымен ол кісіні біздер апа дейтинбіз. Менің әкем Сағындық атаны да жақсы білген, екеуінің жастары да шамалас – Сағындық ата 1878 жылы дүниеге келген. Сағындық ата және Берікбай аға туралы біздің отбасымызда көптеген әңгімелер айтылатын.Берікбай аға бүгін де менің рухани ұстазым болғаны үшін Алла Тағалаға шүкіршілік етемін.

Берікбай ағаның бүкіл адамзат қауымына сіңірген адал еңбегіне қысқаша тоқталсақ, ол кісі он сегіз мың ғаламның сыларынан хабардар болғандықтан, Жер-Ананың да шынайы тарихын жақсы меңгерген. Сондықтан аға қазіргі жер бетінде қолданыстағы барлық тілдердің негізі бір екенін бұлтартпасыз толық дәлелдеп берді. Бүгінгі таңда осы бағыттағы ізденістер кең ауқымда жалғасуда.

159

Берікбай ағаның елу жылдай уақыт бойында талмай жемісті еңбек етіп филология ғылымында іріірі жаңалықтар ашқан бағыттары: түркологияның сан-саналы ғылыми-теориялық мәселелеріне қосқан өте құнды үлестері; орта ғасыр ескерткіштерінің транскрипциясын, аудармасын, түсіндірмелі алфавиттің, кері алфавиттің, жиілік сөздіктерін шығарып, олардың ғылыми айналымға қосылуына сіңірген орасан еңбегі; тілдің лексиколоиялық саласында осы уақытқа дейн ешкім білмеген де, ойламаған да «түбіртек» теориясын құрып теңдесі жоқ зор табысқа жетуі.

Берікбай ағаның теология саласындағы еңбектері өз алдына бір төбе. Ағаның бойына қанмен сіңген, тәрбиесімен дарыған имандылық діни еңбектерді толық игеру барысында кемелдене тускен. Әсіресе, Рағбузидің «Қисас-ул анбийсе» еңбебінің орны ерекше екені сезіледі. Осы еңбекті түптұсқасында оқып, өз тарапынан мұқият зерделеп, бүкіл жан-тәнімен түсініп алып жазған «Ғаламның ғажайып сырлары» атты діни-танымдық кітабы – дер кезінде шыққан өте құнды еңбек.

Бұл кітапта Алла Тағаланың құдіреті, Пайғамдардың мұғжизасы, әулиелердің кереметі, көзге көрінбейтін рухтар, адам тағдырына араласатын күштер, сиқыршылардың сыры, емші-балгерлердің құпиясы, жазмыш пен тағдыр, көр азабы, ақырзаман, қиямет қайым, Алланың ұлық, адамның кіші сипаттары туралы сол кездегі бұқара халық түсінетін деңгейде біршама мағлұмат берілген болатын. Осы кітаптың екінші басылымының мазмұны баспасөзде жарияланған теолог-ғалымның мақалаларымен толықтырылып, бірнеше тараулары өңделіп, рухани құндылығы әлдеқайда артқан. Тағы да бір жаңалығы қасиетті Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) хадистері керекті жерлерде дәлел ретінде орынды әрі ұтымды қолданылған.

Егер кітаптың бірінші басылымын Алла тану ғылымының әліппесі десек, кітаптың екінші және үшінші басылымдарын ғылыми-көпшілік, мектеп оқушылары, студенттер, медресе шәкірттері, діни жоғары оқу орындарының талабалары (бакалавриат, магистратура, PhD, доктарантура) мен ұстаздары, мешіт имамдары және ғаламның ғажайып сырларын білуге ұмтылған бүкіл оқырман қауым пайдаланса болады.

Өз басым, Берікбай ағадан еш жерде ұшырыстыра алмаған көптеген таңғажайып сырларды, тылсым құпияларды білдім. Олардың аз ғана бөлігі мыналар:

Тіршілікті әрбір адам мақсатына, талабына жетуіне көмектесетін ерекше құіретті күштің аты ғылым екен. Ғылым бөліп-жаруға келмейтін біртұтас ұғым. Бірақ оны дұрыс пайымдау үшін шартты түрде іштей бірнеше салаға бөліп қарастыруға болады. Жаратушы ғылымы ең алдымен құпия ғылым және жария ғылым болып екіге бөлінеді. Жария ғылым ғаламзат ғылымы және адамзат ғылымы болып екіге болінеді. Ал адамзат ғылымы бақи дүние ғылымы және фәни дүние ғылымы болып екіге бөлінеді. Бақи дүние ғылымы ол дүниеге, ал фәни дүние ғылымы бұл дүниеге қызмет етеді. Бақи дүние ғылымын Алла Тағала дайын күйінде пайғамбарлары арқылы мағлұм етті.

Бақи дүние ғылымы іштей адам тану, ғалам тану, Алла тану деп аталатын үш үлкен салаларға бөлінеді. Бақи дүние ғылымының адам тану саласы тағы да өзін тану, өзгені тану, қоғам тану болып іштей үшке бөлінеді.

Ал фәни дүние ғылымы заттардың, құбылыстар мен процесстердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын тұжырымдайтын оқу, іздену, еңбектену, тәжірибе жинау арқылы игерілетін шынайы, ақиқат білім жүйесі.

Бұларға қоса Берікбай ағадан логиканың (қисынның) бес түрін, Құранды түсінудің жеті деңгейін, құлыпты кілтсіз ашудың бес түрлі жолын, адамның өздігінен ұшуының бес түрлі мүмкіндігін, адамның айтқанының жүзеге асуының алты жағдайда болатындығы жөніндегі ғажайып сырларды білдім.

Сөз соңында, Бекрікбай ағаның 80-жасқа толу мерейтойына орай ағаға екі дүниенің барлық жақсылықтарын тілеймін.

160

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]