Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

4.Tryjаrskі E. An Armeno-Kipshak Sermon by Anton Vartabed from thе 17th сеntury // Trastat Altaica, 1976. – Р.647-674.

5.Kudasov S. The Armenian Kypchak Monument "The Language Dana Khikar word. – Almaty: Science, 1990. –

118 p.

6.Sсhuts Е. Аn АrmеnoKypchak Tеxt from Lvov // Асtа Orіеntаlіа Hungаrіса. – Hungаry, 1962. – №15 (1-3) – Р.291-309.

7.Yeganian O.S. On an ArmenianKypchak grammar manual of the XVII century. // Questions of linguistics. – M., 1962. – №5. – P.152-154.

8.Garkavets A. Kypchak languages: Kumansky and Armenian-Kypchak. – Alma-Ata: Science of the Academy of Sciences of the KazSSR, 1987. – 223 p.

9.Сlаuson G. Аrmеno-Qyрсhаk. // Roсznіk Orіеntаlіstyсzny, 1971. – №34 (2). – Р.7-14.

10.Garkavets A.N., Khurshudyan E.Sh. The ArmenianKypchak Psalter, 1575/1580. – Almaty: Desht-i-Kypchak, 2001. – 646 p.

Жұмабаев Д.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті Магистрант

Сағындықұлы Б.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті Филология ғылымының докторы, профессор

ТАРИХИ ЛЕКСИКОЛОГИЯ – ТАНЫМ ТҰҒЫРЫ

Аннотация. В статье представлены изучение исторической лексикологии Сагындыкулы Берикбаем. Фонетические доктрины ученого в развитии лексического познания распространяются через конкретные выводы. В статье рассматриваются фонолексические, фонограмматические подходы. Примерные данные и научные выводы наиболее убедительны.

Annotation.The article reveals the historical lexicology of Berikbai Sagyndykuly. The work of Berikbai will be shown. Lexical knowledge of the scientist phonetic teachings in the development of specific findings through the spread. The article is phonolex, provides views on the phono-grammatical directions. Examples of data and scientific reviews as motivated.

Қазақ тіл білімінің қазіргі саралануы – өткен күннің белгісі. Әдетте, тарихы терең ғылымның болашағы да зор екені күмәнсіз. Осы жағынан келгенде, қазақ тіл білімінің алған белесі де, жеткен жетістігі де қомақты. Бұл жағынан әлемдік ғылыми аренада да өз үлесіміз бар деп қабылдаймыз. Сонымен бірге нақты тіл білімі мәселесі де көштен кейін қалып жатқан жоқ. Тіпті, оның жеке салалары да зерделенуге түсті. Мәселен, тарихи синтаксис туралы Е.Ағманов, тарихи сөзжасам мәселесі А.Салқынбай, тарихи морфология мен фонетика жайттары М.Томанов еңбектеріне арқау болды. Мұның сыртында қазақ тіл білімінің әр саласындағы тарихи құндылықты қазақ ғалымдарының қай-қайсысы да зерттеуге алғаны да белгілі. Бір ғана синтаксис саласындағы Н.Сауранбаевтан бастап, Т.Қордабаев, Р.Әмір, Б.Әбілқасымов еңбектерінің өзі неге тұрады. Бұлардың бәрі бір арнаға келіп тоғысатыны да рас. Себебі сол, «Историческая лингвистика – море материала, в котором может потонуть любой пойск» (О.Сүлейменов).

Ал тарихи лексикологияның бұл бағыттағы қанатын ұштап, қатарға қосқан Б.Сағындықұлы десек артық айтқандық емес. Біздің қолымызға ғалымның 2005 жылы толықтырылып, екінші рет жарық көрген «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» атты еңбегі тиді. Еңбек аталымына лексика саласының шығу тегі мәселесі арқау болғанымен, мазмұн тақырыптарынан әрі фонетикаға, әрі лексикаға (бұл жерде сөз мағынасы, сөздік жайы мен шығу тарихы жайлы) толық қатысы бар көкейтесті мәселелерді аңғарғанымыз анық. Өз кезегінде ол түйткілді мәселелерге ауысып, осы мақаланы жазуға итермеледі.

Тағы сол О.Сүлейменов трактаттарына көңіл бөлсек, оның ертешумерлік жазбаларға ой жүгірте отырып, мынадай тұжырым жасайтыны бар: «Протошумеры относились к простым знакам, входившим в постоянное сочетание, как мы к буквам. Они видели в них графическое выражение бессодержательных фонем: «угол» - u, «крест» - d', d, t. Поэтому изменение пространственного

221

положения этих знаков не влияло на их звуковое значение. Такое ожидаешь только от букв» [1, 243]. Әрине, бертінгі заман таңба-белгіден гөрі, таңба-әріпке негізделгені ақиқат. Бұл мәселеге Б.Сағындықұлы тікелей тұжырыммен келіпті. Ғалым сөзін толық берелік: «Белгілі бір сәйкестікке, атап айтқанда, қандай фонема архетип бола алады деген сұрақ соңғы жүз жыл бойына айтыс тудырып келе жатқан-ды. Еңбегімізде осы түйіннің шешімі табылды. Түркі тілдеріндегі барлық дауыссыз дыбыстар сәйкестіктерінің архетиптері ашылып айқындалды. Бір ғана фонеманы архетип деп тану кей сәйкестіктер үшін қате екендігі тұжырымдалды. Бірқатар дауыссыз дыбыстар сәйкестіктерінің арғы тегі аффрикат, яки дыбыс тіркестері екендігі айқындалды» [2, 5]. Ғалым сөз басында келетін «й-дж-ж-т-д-ч-ш-с-з...» сәйкестіктерін түркологтардың күні бүгінге дейін «й» фонемасы дап тануына «ц, ч» аффрикаттарының алғашқы екендігімен жауап берген. Дәлелі де орнықты: «Себебі, біріншіден, бұлардың құрамындағы т дауыссызы екеуіне де ортақ. Екіншіден, аффрикаттардың екінші жапсарлары с мен ш тектес» [2, 5]. Әрине, ғылыми тұжырым болған соң, нақты, әрі қысқа берілген жауапты таңдадық. Ал еңбекте мұндай тұжырымға келудің бұлтартпас дәлелі бар. Орысауи түркологтардың пікірлерін алға тарта отырып, ұсынылған тұжырым қазақ ғалымының еншісі екендігіне көзіміз жетті, әрі бұл жайт қуанатын факт. Аффрикаттық ұсынымның қолдау тапқаны да ақиқат. «Тіліміздегі «т» дыбысы мен оның аллофондарының пайда болу және даму жолдары туралы Б.Сағындықұлы ұсынған үлгіні, негізінен, дұрыс деп білеміз, - дейді Ш.Бекмағанбетов. – Осындағы «ц, ч» дыбыстарының бірте-бірте ұяданып, жіңішкеріп өзгеру сатысы да жүйелі» [3, 117].

Қазақ лексикологиясының зерделену жолындағы ғалымдарымыздың еңбектері ұшан-теңіз. Бірақ солардың тарихи тұрғыдан таразылануы өте сирек. Тіпті, түгелтүркілік бағытта да еңбектер қарасы көп емес. Барының өзі лексикалық танымды сөз табы тұрғысынан таныту болып келеді. Мәселен, сын есімнің лексикалық қабатын Г.Исхаков қарастырыпты. Етістіктің лексикалық құрамын Э.Р.Тенишев, А.А.Юлдашев, Н.З.Гаджиева, А.А.Коклянова сынды ғалымдар тарқатқан екен. Ал нақты лексика тақырыбын қаузаған ғалымдар қатарында А.М.Щербак пен Л.А.Покровская тұр. Олардың өздері «үй және дала жануарлары мен туыстық атаулардың» мағыналық қарым-қатынасын зерттеген. Бұлар жалпытүркілік салыстырулар негізінде іске асты, әрі болашақ ғылыми ізденіске жол салды. Тіпті, олардың «Исторические развитие лексики тюркских языков» деген зерттеу жұмысын жариялауға алып келді. Авторлар құрастыруындағы еңбек мазмұны өздерінің алғы сөздерінде айтқанға саяды: «Проделанная коллективная работа – это лишь первая попытка изучения отдельных разделов лексики тюркских языков в ее историческом развитии. Авторы надеются, что их опыт послужит началом ряда лексических исследований по тюркским языкам, которые необходимо осуществить для далнейшего более глубокого изучения вопросов» [4, 10].

Бұл еңбекке дейін С.Аманжоловтың диалектология және қазақ тілі тарихына қатысты еңбегі жарық көрген де болатын. Қалай болғанда да бұл еңбектің қазақ тілінің көнелік қасиетін анықтап бергені анық. Себебі ғалымның «...сходные слова подтверждают большую, весьма близкую связь казахского языка с языком «древнетюркских» памятников» және «Современный казахский язык имеет в себе множество сходных (имею в виду древнейшие элементы) слов и грамматических форм и т.д. древнеуйгурских письменных памятников» дегені жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады [5, 115].

1960 жылдардың аяғында қазақ тіл білімінің алғашқы қысқа этимологиялық сөздігі пайда болды. 1970 жылдардың ішінде қазақ лексикологиясы синхрондық сипатта даму шыңына шықты. Бірақ, қайталап айтсақ, тарихи лексикология мәселесін біз тек 1990 жылдардың аяғында жинақтай алдық. Оның өзі Б.Сағындықұлының ерен еңбегінің нәтижесінде болды. Бұл арада жалпы түркі тілдеріне ортақ көне түркі, орта ғасыр уақытындағы сөздіктердің тілдік материал болғаны сөзсіз. Сонымен қатар тіл лексикасының тіл фонетикасынсыз аттап баспайтынын түсінгендей болдық. Себебі кез келген сөздердің тарихын тексеру үшін оның құрамындағы дыбыстың қатысын анықтау керек болатын. Б.Сағындықұлы да бұл үрдістен аттап кете алмады, әрі өз тұжырымының негізі етті.

Бүгінгі таңда, қазақ жазуының мәселесі көптеген сұрақтарға жауап таба алмай тұрған шақта, өзіміздің ғалымдар тұжырымдарын тегістей қамтып қалған жөн деп ойлаймыз. Жазу реформасының бастауы А.Байтұрсыновта мейлінше түсіндірілсе, қазіргі уақытта басымыз бір арнаға түйісе алай жатқанымыз бар. Мәселен, қазақ тіл білімі көшбасшысының дауысты дыбыстарды бегілеуде төрт таңбамен таңбалаудағы ұтымдылығы әлемдік тіл білімінде таптырмас әдіс екенін мойындасақ етті. Сөйтсек, А.Байтұрсынұлы терең білімнің теңізінде жүзген екен: көне түркілік, тіпті одан бертінгі

222

жазба ескерткіштердегі дыбыс-таңбалық әлеуетті әбден ақтарған, әрі бойына сіңірген екен. Оның дауысты дыбыстың жуан және жіңішкелік тарихын таразылап барып, жазу реформасын жүзеге асыруға көшкеніне көз жеткіземіз. Дәл осы әдісті Б.Сағындықұлы да кәдеге жаратыпты: «Тарихи жазба ескерткіштердегі «қоп», «қары», «құйыш», «күнәш» сөздері қазіргі қазақ тілінде – «көп», «кәрі», «күн». Бұдан ең алдымен бағзы заманда жуан дауыстылармен айтылған сөздер қазіргі кезде жіңішке айтылатыны байқалады. Егер «қоп», «қары», «құйаш» сөздері ата түркі тілінен қалдық деп есептесек, к дауыссызының, оның ұяң варианты г дауыссызының кейінірек тарихи даму эволюциясында пайда болғанын аңғарамыз. Сонымен қатар мысалдардағы ү~ұ, о~ө, а~ә дауыстылар сәйкестіктері де көне заман мен жаңа заманның жемісі. «Құйаш», «күнәш» сөздері орта ғасыр ескерткіштерінде жарысып жүрсе, «қары», «кәрі» қазіргі қазақ тілінде жарысып жүр. «Құйаш» сөзін қазір оның жіңішке варианты «күн» ығыстырып шығарған. Демек, жуан вариантты сөздер мен жіңішке вариантты сөздер біршама уақыт жарысып жүреді екен де, жуан вариантты жіңішке вариантты ығыстырып шығарады екен» [2, 125]. Ғалым тұжырымындағы мысалдық материал толықтай қолдауға ие боларлықтай дәрежеде.

Б.Сағындықұлының тың шеберлігі қазіргі күні өлі жұрнақтар қатарына жатқызылатын тілдік бірліктерді саралануында жатыр. Әрине, ғалымның өзі айтқанындай «Түбірлердің мыңдаған жылдар бойы қосымшаларға айналу процесін ашып-айқындау арнайы, әрі ыждағатты зерттеуді талап етеді». Қазір ғалымның сол «ыждағаттылығына» куә болып отырмыз. Бір ғана мысалын біз де келтіре кетелік. Ғалым -ыр (ір) жұрнағының о бастағы тұрқы (ур) мен қазіргі мағынадағы (бір ғана сөз ұр) келбетін шынайы дәлелдейді (қазақ фразеологизмдерінен келтірілген мысалдарын қараңыз). Қорытындысында, «Аса ежелгі уретістігі қазіргі тілдерде түбір ретінде мардымсыз қолданылғанымен, жұрнақ ретінде жиі жұмсалады. Алайда ол фонетикалық өзгерістерге ұшырап, түбірге сіңісіп кеткен. Осы себепті қазір жеке сөз ретінде пайымдалмайды» [2, 152].

Мақала көлемі ғалым еңбегін барынша таразылауға мұрсат бермейді. Дегенмен әр тараулық тұжырымдардан көненің көзіндей болған лексикалық танымдылыққа бас июге келетінің анық. Ғалым алғашқы түбірлердің үш түрлі бағытта дамығанына иек артыпты. «Дәлірек айтқанда, әрі фонетикалық, әрі семантикалық, әрі грамматикалық жағынан өзгерген. Осының нәтижесінде олардың варианттары басқа-басқа сөз сияқты ұғынылады. Сыртқы тұлғасын сақтап, іштей мағыналық өзгерістерге ұшыраған түбірлер кездеседі. Бұл, сірә, кейінгі дәуірлердің жемісі болса керек. Керісінше, лексикалық мағынасы сақталып, дыбыстық-морфологиялық құрылымы басқаша өң алған сөздер де бар. Бұлардың қай-қайсысы да жеке-жеке талдағанда өзінің сыр сипатын ашады» [2, 206]. Ғалым түсінген «сыр-сипат» та ерекше. Бір, екі, үш буынды сөздер деп тарқатқан теоремалардың қай-қайсысы да талдауға түсіруге сұранып-ақ тұр. Лексикалық танымның ұшар басы да осы тарауда. Мәселеге мысал арқылы келер болсақ, қолдауға жақын ойландыратын тұстары көптеп кездеседі. Ғалым пікірінше, тіпті қарапайым адам түсінігінде де (егер жетесі жетіп тұрса) «ақ жауын» тіркесімі табиғат құбылысының түсінен гөрі, қимылын болмаса үздіксіз белгісін білдіріп тұр. Ондағы ақ сөзі сындық қызметтен гөрі, қимылдық қызметтке ие. Дәл сол сияқты ақ сүт, ақ қар тіркесімдері, біріншіден, қолданылуы дұрыс емес (олар онсыз да ақ түсті), екіншіден, қолданыла қалған жағдайда қимылдық әрекетке бағынулы (сүттің сауылуы мен жауынның ағуы).

Қорыта келгенде, тарихи таразылаумен шыңдалған ғалым еңбегі әлі де көптеген ізденулерге бағыт сыйлайтын еңбек болары сөзсіз. Бұл салыстырмалы-тарихи әдістің толғамдарына жауап беретін шынайы, әрі қажетті еңбек болып қалары да анық.

Әдебиеттер:

1.Сулейменов О. Язык письма. – Алматы-Рим, 1998. – 502 стр.

2.Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: «Қазақ университеті», 2005. – 258 бет.

3.Бекмағанбетов Ш. Тілдік таным негіздері және тілдік символдар. – Қызылорда: «Тұмар», 1999. 457 бет.

4.Исторические развитие лексики тюркских языков. – Москва: Издательство Академии Наук СССР, 1961. – 466 стр.

5.Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алматы: «Санат», 1997. – 608 стр.

223

Ильясова Назгүл Бөлтірікқызы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2-курс PhD докторанты

«ҺИБАТ-УЛ ХАҚАЙЫҚ» ДАСТАНЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР МЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Қазақ тілі – қазіргі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілгенге дейін түрлі тарихи кезеңдерді бастан кешірді. Тілдің тарихы жайында сөз қозғағанда орта ғасыр ескерткіштерінің берері мол. Осы ғасырға тиесілі Ахмед Йүгінеки және оның «Һибат-ул хақайық» (Ақиқат сыйы) атты дастанында кездесетін мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер көне түрік тілінің асыл қазынасы болып табылады.

Түрік ғалымы Өмер Асым: «Мақал-мәтелдер бір қоғамның қалып сөздері. Осы себепті қандай да бір адам, мақал-мәтелдердегі сөздерді немесе сөздердің ретін өзгерте алмайды. Мұның себебі, мақал-мәтелдердің бір адамның емес, барша қоғамның ортақ дүниесі болуы және сол қоғамның ақылойы мен тілдік талғамының көрінісі» - деп өз ойын білдіреді1.

Исламға тән құндылықтарды ортаға қоюы тұрғысынан «Һибат-ул хақайық» дастаны Ислами кезең түрік әдебиетінің маңызды шығармасы. Дидактикалық, сопылық шығарма ретінде түрік тілі тарихи болумен қатар, тарих және әдебиет тарихы зерттеулерінің қайнары болуы тұрғысынан маңызды бір шығарма.

«Һибат-ул хақайық» 14 тараудан тұрады. Таухидпен басталып, пайғамбар мен төрт халифаға арналған мадақпен жалғасады. Бұл жолдардан кейін шығармасын өзіне арнап жазған Тад Испаһсалар Бекке мадақ және шығарманың жазылу себебі баяндалған бөлім жазылған. Шығарманың барлығы 494 жолдан тұрады. Мадақтан кейінгі негізгі мәтін 9 тараудан тұрады. Тараулардың тақырыптары білім үйрену және пайдалары, тілдің сақталуы, надандықтың зияндары, дүниенің пәнилігі және опасыздығы, жомарттық, қанағат және қарапайымдылықтық мақтауы, сараңдық және ашкөздіктің жамандығы, тектілік және басқа жақсылықтар, заманның нашарлығы2.

Дәуірдің түрік тілінің барлық ерекшеліктері қолданылған бұл шығармада сезімдерге қарағанда үйретушілік тарапы басым. Шығарма «Һибат-ул хақайық» атауынан бөлек «Атабетүл Хақайық», «Айбетүл Хақайық» деп те аталған. Шығарманың әр түрлі атауының болуының себебі көшірмешілердің тарапынан жіберілген қателік деп есептейміз.

Р. Арат «Һибат-ул хақайық» дастанының құндылығы жайында былай деп пікір білдіреді: «...

бірнеше уақыт өткеннен кейін де оның қайта көшіріліп жазылуы мен жариялануынан, бірнеше жазушының автор және шығарма жайлы айтуы және түрік елінің белгілі жерлерінде жазылған нұсқаларынан көрінуде» 3.

Өмірі жайлы нақты деректер жоқ Ахмедтің кім екендігі және өмір сүрген дәуірі мен ортасы жайлы да өкінішке орай мардымды мәлімет жоқ. «Һибат-ул хақайыққа» қосылған бөлімдерде автор жайлы айтылған мәліметтер бізге іздегенімізді беретіндей деңгейде болмауымен қоса ол жерде айтылғандар да әлі толық анықталмаған. Кімнің жазғаны белгісіз бір шумақта автордың көзінің көр болғандығы, Эмир Сейфеддинге тиесілі шумақта да оның мықты жазушы және өнерлілердің басы екендігі айтылған. Арслан Қожа Тарханға тән он бәйіттен тұратын бөлімде туған жерінің Йүгінек екендігі, әкесінің Махмуд Йүгінеки деген атпен танымал екендігі және шығармасын Қашқар тілінде, яғни ескі жазу тілімен жазғандығы айтылған.

«Һибат-ул хақайық» дастанында кездесетін тұрақты тіркестер

305.Ажун нәңини терип (Дүние затын теріп): Қазынаға ие болу, бай болу мағынасында қолданылған тұрақты тіркес бәйітте де дүниенің нығметтерін пайдалана отырып баю мағынасында қолданылған.

102.Аның өз тили өз башыны йейүр (Оның өз тілі өз басын жер): Біреудің өліміне немесе үлкен зиян шегуіне жол ашу мағынасында қолданылатын тұрақты тіркес бәйітте (өлең шумағында) адамның айтқандарының айналып келіп өзіне зиян келтіретінін айтуда.

76.Аның зикри таңсуқ едиз болсу теп (Оның зікірі таңсық биік болсын деп): Біраз уақыттан бері алыста жүрген жақын адамына қауышуды тілеп, сағынып жүру мағынасында қолданылған. Бәйітте кітаптың мазмұнына дұға етіп, адамдың бұл кітапқа мұқтаж екендігін түсіндіруге тырысқан.

224

447.Нафисни чалып (Мейірімділерді шалып): «жерге шалу» тіркесімен бірдей мағынаға ие болып, жасалған бір нәрсені лақтыру, жоқ қылу, жою мағынасында қолданылған.

135.Сөзүң бошлуғ етма (Сөзің бостық етпе): Бақылауда ұсталуы керек біреуді бақыламай өз білгенін істеуге қоя беру мағынасында қолданылатын тұрақты тіркес, бәйітте адамның айтқан сөздеріне абай болуын насихаттаған.

277.Такаббур лыпасын кейип (Тәкаппар лыпасын (киімін) киіп): Адамның тікаппар болуы және жасаған әр ісіне тәкаппарлығын араластыруы мағынасында қолданылған.

267.Такаббурни башдин салып (Тәкаппарды бастан салып): Жасалған бір нәрсені лақтыру, жоқ қылу, байланысын бітіру мағыналарында қолданылған. Бәйітте адамның тәкаппарлығынан құтылуы, тәкаппарлығын жоюына кеңес берілген.

422.Қул қылурлар (Құл қылар): Біреуге үлкен құрметпен және беріле жақсылық жасауға дайын болу, біреуге жақын болу мағыналарында қолданылатын тұрақты тіркес бәйітте адамның нәпсіне құл болуы мен нәпсінің әр айтқанын орындауын айтуда.

240.Ат едгү кодуп (ізгі ат қойып): Өзі өлгеннен кейін атының жақсы істерімен еске алынуы және атының есте сақтауы мағынасында қолданылған. Сондай-ақ аты қалсу деп (аты қалсын деп) тұрақты тіркесімен бір мағынада қолданылуда. Бәйітте жомарт болған адамның өзі өлсе де аты өлмейтіндігі айтылған.

165.Атан көни (Атан шыншыл): Бір адамның айтқан сөздеріне байланысты дұрыс/шыншыл адам ретінде білінуі, ол адамға сену мағынасында қолданылған.

70.Аты қалсу деп (Аты қалсын деп): Өзі өлгеннен кейін атының жақсы істерімен еске алынуы және атының есте сақтауы мағынасында қолданылған. Автор, бәйітте кітабының ешқашан ұмытылмауы үшін дұға еткен.

95.Аты өлмәди (Аты өлмеді): Өзі өлгеннен кейін атының жақсы істерімен еске алынуы және атының есте сақтауы мағынасында қолданылған. Сондай-ақ аты қалсу деп (аты қалсын деп) тұрақты тіркесімен бір мағынада қолданылған.

96.Аты өлүг (Аты өлік): Өзі өлгеннен кейін аты аталмау мағынасында қолданылған. Аты өлмәди (аты өлмеді) деген тұрақты тіркестің антонимы ретінде қолданылған. Бәйітте ақылсыз/білімсіз адамның атының ұмытылатыны айтылған.

157.Аз қыл сөзүң (Аз қыл сөзің): Айтылатын бір сөзді ұзатпай айту мағынасында қолданылған.

244.Бахил алды (Сараң алды): Өзімен байланысты бір жол табу, бір нәрсенің өзіне тиесілісін алу мағыналарында қолданылған. Бәйітте сараңның жасаған жаман істерінің хазасын тартатыны айтылған.

138.Башны йеди (Басты жеді): Біреудің қандай да бір істе қиындыққатап болуына жол ашу, жұмысынан айыру мағыналарында қолданылады. Бәйітте бәдіктік пен бос сөйлеудің көп адамға зиян келтіретіндігі айтылған.

205.Баз алын қаш чытар (Қайтадан маңдай қас шытар): Қастарын бір-біріне жақындатып маңдайын шыту арқылы ашуланғандығын көрсету мағынасында қолданылған.

49.Адизрак тутар (Биігірек тұтар): Бір нәрсені немесе біреуді лайықты дәрежесінен биігірек ұстау арқылы оның өзіне қымбат екенін көрсету, үлкен құрмет білдіру мағынасында қолданылған.

311.Еки пул динарни ол он пул қылур (Екі қол динарды ол он қол қылар): Адамның қаншалықты ашкөз және тойымсыз екенін айту үшін қолданылған.

29.Елиг туттачымға (Қол берушіме): Жәрдемді қажет ететін немесе қабілетті біреуге көмектесу арқылы оның алға жылжуын қамтамасыз ету мағынасында қолданылатын тұрақты тіркес.

428.айр йиди (Қайыр көрді): Бір нәрседен пайда табу мақсатында қолданылған.

Хисаб ол (Есеп ол): Біреуді жасағандары үшін сұраққа алу, тергеу мағынасында қолданылған.

31.Ыдураман салам (Жолдаймын сәлем): Таныс біреуге сәлем жолдау мағынасында.

225.Йизин излагил (Ізін іздегіл): Біреудің бастаған ісін немесе жасағандарын дәл сол түсінікпен, жолмен жалғастыру мағынасында қолданылған.

460.Қафасқа кирүр (Торға кірер): Алдатылып тұзаққа түсу, азаттығы қолынан алыну мағынасын білдіреді. Бәйітте құстап секілді торға кіріп азаттығынан айырылу мағынасында қолданылған.

288.Қалур кедин (Қалар кейін): Артта қалу, кешілу. Замандастарының және өзімен жастылардың деңгейіне жете алмау деген мағынада.

354.Қалы болса атлас (Егер кисең атлас): Байлыққа ие болу, атлас сияқты қадірлі заттарды киетіндей ақшасы болу мағынасында.

225

194.Кечар йел кечар дәк (Кешер жел кешердей): Уақыттың өте жылдам өткенін айтады.

369.Кәт йақын (Қатты жақын): Сапасын түсіну үшін бір нәрсенің жан-жағына қарау, зерттеу, бақылау деген мағынада қолданылған.

278.Керип халыққа көксүң (Керіп халыққа кеудең): Бір оқиғаға байланысты қуаныш сезімін көрсету, мақтану мағынасында қолданылады.

338.Көкини қазып (Тамырын қазып): Қайта көбейе алмайтын жағдайға келтіру, ешқандай қалдығын қалдырмау, жойып жіберу деген мағынада.

183.Көңүл бағламақ (Көңіл байлау): Жақсы көру, іштей біріне жақындау, ғашық болу мағыналарында қолданылатын тұрақты тіркес.

318.Көңүл ерклиг ол (Көңіл ерікті ол): Біреуді жақсы көру, оған ғашық болу мағынасында.

371.Көңүл тут (Көңіл тұт): «көңүл бағламақ» тіркесімен бірдей мағынаға ие бұл сөз жақсы көру, іштей біреуге жақындау, ғашық болу мағынасында қолданылған.

185.Көңүлдин чықарғыл (Көңілден шығарғыл): Бір адамды еске алмайтын, ұнатпайтын болу, енді (бұдан былай) жақсы көрмеу мағынасында қолданылған.

365.Көңүллар алып (Көңілдерін алып): Біреуді қуанту және сыйлық беру арқылы оның көңілін аулау; ренжітілген бір адамды әдемі сөз бен жақсы әрекетпен қайта көңілін аулау мағынасында қолданылады.

165.Көни бол (Шыншыл бол): Жалған сөйлемеу және адамдарды алдамау мағынасында қолданылады.

167.Көнилик тонын кей (Шыншылдық тонын ки): «Көни бол (Шыншыл бол)» тіркесімен бірдей мағынада қолданылады. Жалған сөйлемеу және адамдарды алдамау мағынасында қолданылған.

344.Қул ол (Құл ол): Бір нәрсеге тым қатты жақын болу, байлану, басын ию мағынасында қолданылған.

266.Қулақ тут (Құлақ тұт): Айтылған нәрсені назар салып тыңдау мағынасында қолданылған.

331.Күч емгак тегүрма (Күш еңбек келтірме): Бір адамға орындалуы қиын нәрселерді беріп шаршату мағынасында қолданылған.

345.Күдазгил хақын (Күзеткіл ақысын): Шын, рас, ақиқат мағыналарын білдіретін «Хақ», Алланың аттарының бірі. Тұрақты тіркес әділ болу, басқасына тиесілі нәрсені қорғау мағыналарында қолданылған.

157.Гүдазгил тилиңни (Күзеткіл тіліңді): Артын ойлап қалай болса солай сөйлейден сақтану, өлшеммен сөйлеу, әйтеуір сөйлей салмау мағынасында.

351.Өчар мехнат оты (Өшер азап оты): Қиын және ауыр жағдайдың азайып жойылуы, ауыр жағдайдан құтылу мағынасында қолданылған.

46.Өгүт өгрәтүр (Мадақ үйретер): Бір адамды бір нәрсе жайлы сөйлетумағынасында қолданылған.

179.Өң арқыш узады (Алдыңғы керуен ұзады): Әрекет ете бастау мағынасында қолданылады. Бәйітте өмірдің өткінші екендігін айту үшін қолданылған.

51.Сәлим тил (Жұмсақ тіл): «Тәтті тілді болу» деп те қолданылатын тұрақты тіркестің мағынасы ұнамды сөз айту, әдемі сөздермен көндіру.

44.Сәвинсүн жаны (Сүйінсін жаны): Көңілі ашылу, дерті кету, жеңілдеу мағынасында қолданылған.

356.Сылық боп сөзүң (Сыпайы тұт сөзің): «Сәлим тил» тұркесімен бірдей мағынаға ие бұл сөз қазіргі түрік тілінде «тәтті тілді болу» түрінде қолданылады. Ұнамды сөз, әдемі сөздер сөйлеу мағынасында.

181.Соңыда йүгірмак (Соңында жүгірмек): «Соңынан қалмау, соңынан еру» түрінде де қолданылатын бұл тіркес бір нәрсенің немесе біреудің соңынан жүру, оған еруді тоқтатпау мағынасында қолданылған.

138.Тил сөз бошы (Тіл сөз босы): Жасырылуы керек нәрселерді айтып қоятын, сыр сақтамайтын, бәдік, орынды-орынсыз сөйлейтін (біреу) мағанасында қолданылған.

475.Сөзүм қалсу тип (Сөзім қалсын деп): «Аты қалсу тип (Аты қалсын деп)» деген тұрақты тіркеспен бірдей мағынаға ие және атының немесе өзіне тиесілі бір нәрсенің ұмытылмауы дегенді білдіреді. Автор, бәйітте тәні өлсе де кітабының арқасында айтқандарының ұмытылмайтынын айтқан.

226

207.Татыр бу тилим (Татыр бұл тілім): Бір нәрсені айтудан рахат алу, жақсы көретін бір нәрсесін айту мағынасында. Ахмед Йүгінеки бәйітте Хазіреті Мұхаммедке деген сүйіспеншілігін айтқанда мұның өзіне қаншалықты ұнайтынын осы тұрақты тіркес арқылы жеткізген.

130.Тил күдазмак турур (Тіл күзетпек тұрар): «Тілін ұстау» түрінде де қолданылатын бұл тұрақты тіркес ақырын ойлап қалай болса солай сойлеуден сақтану, тіліне ие болу деген мағынаға сай қолданылған.

160.Тил ол деди йығ тил (Тіл ол деді жи тіл): «Тіліне ие болу, тілін ұстау/тарту» түрінде де қолданылатын бұл тіркес өлшеммен сөйлеу, әйтеуір сөйлей салмау деген мағынада қолданылады.

131.Тилиң бекта тутғыл (Тілің берік тұтғыл): «Тіліне ие болу, тілін ұстау/тарту» түрінде де қолданылатын бұл тіркес өлшеммен сөйлеу, әйтеуір сөйлей салмау деген мағынада қолданылады.

156.Тилиңи безе (Тіліңді безе): «Жұмсақ тілді болу» деген тұрақты тіркеспен бірдей мағынаға ие. Сөйлескенде ұнамды, қарсыңдағының көңілін аулайтын тілмен сөйлеуді айтқан.

148.Тилга таззару қылур (Тілге құлшылық қылар): Хазіреті Мұхаммедтің «Адам баласы таңертең оянғанда ағзалары тілге сәжде етер.» хадисін келтіре отырып бәйітте адамның айтқандарына абай болуы керектігін үгіттейді.

308.Топрақ ичинга кирип (Топырақ ішіне кіріп): Өлу мағынасында.

262.Тутар берк аны (Тұтар берік оны): Сөздікте мән беру мағынасын білдірсе де бәйітте «қолы қатты болу» деген тұрақты тіркеспен мағыналас сараң болып жәрдем бермейтін мағынасында қолданылған.

22.Укуш хош йититип (Парасат ақыл өткірлеп): Бір істе ақылы мен назарын жақсырақ қолдану мағынасын білдіреді. Қазіргі түрік тілінде «құлақтай болу» деп қолданылады.

353.Улуғлуққа тегсаң (Ұлылыққа жетсең): Бай болу, көп мөлшерде мал-мүлікке ие болу мағынасында қолданылған.

293.Узатма амал (Ұзатпа амал): Жасалуын қалаған бір нәрсе жайлы үміттенбеу, бір істің орындалуын күтпеу мағынасында қолданылған.

296.Узун санма сақынч (Ұзын ойлама уайым): «Сөзді созбау» ретінде де белгілі бұл тұрақты сөз тіркесі айтылатын нәрсені қысқа және нақты баяндаудың пайдасын, қажетсіз сөздерден аулақ болу керектігі айтылған.

268.Йапыш кәт аңа (Жабыс қатты оған): Жасалуын қалайтын іске ынтамен жақындау, бір істің орындалуы үшін тырысу мағынасында қолданылған.

136.әтәр башқа (Жетер басқа): Аса қажеті жоқ кезде шаршататын, жалықтыратын, көңілін қалдыратын істі бастау мағынасында қолданылатын тіркес.

135.Йыға тут тилиң (Жия тұт тілің): «Тілін тарту/ұстау» деп те қолданылатын тұрақты тіркес соңын ойламай қалай болса солай сөйлеуден сақтану, өлшеммен сөйлеу, әйтеуір сөйлей салмау мағынасында қолданылған. Кітапта 131 және 161-ші бәйіттерде бұл тұрақты тіркес қайталанған.

179.Йол тутуп (Жол тұтып): Өмір салтын, әрекеттерін өзіне сай тәртіп пен бір қалып ішінде жалғастыру, белгілі бір тәртіпке мойынсұнып сол тәртіппен жалғастыра беру мағынасында қолданылған.

424.Йумуп көзларин (Жұмып көздерін): Бір адамды әдейі көрместен келу, көңіл аудармау және жақындық танытпау мағынасында қолданылған.

424.Йүз әврүп (Жүз бұрып): Жақындық танытпау, көңіл аудармау, байланысты үзу мағынасында қолданылған.

«Һибат-ул хақайық» дастанында кездесетін мақал-мәтелдер

439.Асал қайда ерса била арысы, ары заһри татқу асалдин оза (Бал қайда болса бірге арасы,

ара заһарын тат балдан бұрын): «Еңбексіз ас болмас.», «бейнет шекпей рахат өмір сүре алмайсың» мақал-мәтелдерімен бірдей мағынаны білдіреді. Әрекет етіп тырыспай, қиындық көрмей қалаған жақсы және әдемі нәтижелерге қол жетпейді деген мағынада қолданылған.

139.Бу тил башақтурса бутмас бутар оқ башы (Бұл тіл жараласа бітпес бітер оқ жарасы): Халық арасында «Пышақ жарасы жазылар, тіл жарасы жазылмас.» деп қолданылатын бұл мақалда оқтың (пышақтың) жарасының ауыртатындығы, жараның беті жабылып, жазылған соң ауырғанының қоятындығы, тіпті ізі де қалмайтындығы, алайда ащы, адамға қатты тиетін, жүректі жаралайтын сөздердің рухани жара ашатыны, әр еске түскенде адамның жүрегін ауыртатындығы айтылған.

227

379. Есизга йавума есиз сухбаты сәни таркин есиз қылығлық қылур (Ессізге жуыма ессіз сұхбаты сені дереу ессіз қылықты қылар): Тілімізде, мәдениетімізде бірдей мағынаны білдіретін басқа да мақалдар бар: «Итпен бірге жатқан битпен тұрар.», «Адам досына қарап бұзылар.», «Соқырмен бірге жатқанның қасы көтерілер.», «Ақсақпен бірге жүрген ақсаңдауды үйренер.» Жаман достан жаман, жақсы достан жақсы мінез, жықсы қылық үйренерсің деген мағынаны білдіреді.

377. Еши едгү болса ер едгү болур (Досы ізгі болса ер ізгі болар): Тілімізде дәл осы мағынаны білдіретін басқа мақалдарды да кездестіруге болады: «Адам досынан-ақ белгілі.», «Маған досыңның кім екенін айт саған кім екеніңді айтайын.», «Жүзім жүзімге қарай қарай қараяр.» Жақсы адамның досы жаман адам бола алмайды немесе жақсы дос адамға жақсы жағынан ықпал етеді деген мағынаны білдіреді.

359. Мың ер достуң ерса өкүш көрмагил бир ер душман ерса аны азлама (Мың ер досың болса көп көрмегіл, бір ер дұшпан болса оны аз деме): Халық арасында «Мың дос аз, бір дұшпан көп.» түрінде қолданылатын бұл мақалда досың қаншалықты көп болса да олырдан зиян келмейді, бірақ жалғыз ғана дұшпаның болса да үнеми зиян шегу қаупімен өмір сүресін дегенді білдіреді.

376. Тикан тарыған йер үзүм бичмаз ол (Тікен еккен жерден жүзім кеспес ол): «Не турасаң асыңасол шығар қарсыңа (қасығыңа)», «Не ексең соны орарсың», «әркім еккенін орар» деп те қолданылатын бұл мақал-мәтел бүгін біреуге жақсылық жасаған ертең одан жақсылық; жамандық жасаған да жамандық көреді деген мағынаны білдіреді.

«Һибат-ул хақайық» дастанында тілдік тұрғыдан алғанда тұрақты тіркестер мен мақалмәтелдер барынша бай. Шығармада 76 тұрақты тіркес, 7 мақал-мәтел анықталды. Шығармадағы тұрақты тіркестердің көпшілігі Ислами көркем мінез аясында нәпсіні тәрбиелеу, жақсы адам болу сияқты жағдайларға байланысты қолданылған тұрақты-тіркестер. Өз тілі өз басын жеу, нәпсін жерге шалу, тәкаппарлық лыпасын кию, тәкаппарлығын жерге шалу, құл ету, жақсы ат қалдыру, басын жеу, жақсылық көру, есеп сұрау, көңіл байлау, шыншыл болу, шыншылдық лыпасын кию, ақысын жемеу, тілін тарту, тәтті тілмен сөйлеу сынды тұрақты тіркестер солардың кейбіреулері. Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді зерттеген кезде Йүгінекидің хадис пен Құраннан көп нәр алғандығы көрінді. Мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестері жалпы ерекшеліктеріне сәйкес көбінесе ауыспалы мағынада қолданылған. Шығарманың дидактикалық жағы осы тілдік бірліктермен айқын көрсетілген.

Шамамен мың жыл бұрын жазылған «Һибат-ул хақайық» дастанында тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер бүгінгі таңда да қолданылуы түрік тілінің ғасырлар бойы сақталып, өзін өрнектеп, мағынасы тереңдегендігін және тілдік эстетикаға ие болғандығының арқасында деуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.AKSOY, Ömer Asım, Türkçe Tabirler Sözlüğü. Atasözleri ve Deyimler Sözlüğü: Atasözleri Sözlüğü I, İnkılap Kitabevi, İstanbul 2010.

2.Sagyndukuly Berikbay, Hibat-ul-hagaig – XII edition: Kazakh Publishing House Baspasy, Almaty 2002

3.ARAT, Reşit Rahmeti, Atebetü’l-Hakâyık (Edib Ahmed B. Mahmud Yükneki), TDK Basımevi, Ankara 1992.

Имамбаева Ғ.Е.,

Ф.ғ.д., профессор Павлодар мемлекеттік инновациялық университтетінің профессоры.

ҒАЛЫМ БЕРІКБАЙ САҒЫНДЫҚҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТІЛДІК МҰРА - ТІЛДІК ҚАЗЫНА

Аннотация.Статья посвящена рассмотрению богатства языковых источников в научно-исследовательских трудах ученого Берікбая Сағындықұлы и широкому использованию их в современных условиях.

Annotation. The article is devoted to the consideration of the richness of linguistic sources in the research works of the scientist Berikbai Sagyndykuly as well as their widespread usage in the modern conditions.

228

Ғалым Берікбай Сағындықұлының ғылымизерттеу еңбектері қазақ тілінің тарихына, қазақ тілінің шығу тарихына арналған. Нақтырақ айтатын болсақ, ғалымның көптеген ғылыми мақалаларында байырғы сөздердің түптөркіні, фонетика, морфология, лексикология салаларына қатысты тақырыптар сөз етіліп, тіл бірліктеріне жан-жақты ғылыми - зерттеулер жүргізілгендігін байқаймыз. Ағамыздың ғылыми еңбектері тек қана біздің елімізде ғана емес, шет елдерінде де кеңінен таралып, ауқымды баспа беттерінде жария етілгендігін мақтан етеміз. Осыған қоса, бір қуантарлық жайт - 2011 жылы Берікбай Ағамызды Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университеті әкімшілігі тіл білімі саласы бойынша жоғарғы курс студенттеріне дәріс оқуға арнайы шақырып, соның нәтижесінде бірсыпыра облыстық, аудан, қала мектептерінің мұғалімдер қауымы, жас ғалымдар, магистранттар өткізілген ғылымитәжірибелік семинарлар барысында жаңа ғылыми мәліметтермен танысқан еді. Осындай ел аймағы арасында жүргізілген ғылыми еңбегі үшін Берікбай Сағындықұлы Ағамызға 2011 жылы ҚР БжҒМ Инновациялық Еуразия университетінің құрметті профессоры академиялық атағы берілді. Берікбай Сағындықұлы Ағамыздың ғылыми – зерттеулері мен оқу-әдістемелік жұмыстарының негізгі бағыты-қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы, қазақ тілі тарихы, тарихи фонетика және түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы лексикасы, түркі тілдерінің тарихи салыстырмалы грамматикасы, көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеу, теология мәселелері. Ғалым Берікбай Ағамыз аталған тіл білімінің ауқымды салаларына қатысты көптеген ғылыми-зерттеу еңбектерінің авторы.

«Мен қазақ тілі тарихының маманымын. Өз мамандығыма деген сүйіспеншілік мені түркологияда бірқатар жаңалықтар ашуға жетеледі», -деп, Берікбай Сағындықұлы Ағамыз «Әлем тілдерінің түбі бір» атты ғылыми мақаласын бастайды.

Ғалымның алғашқы жаңалығы 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» деген монографиялық еңбегінде баяндалды деп айтылса, кейінірек қазақорыс тілдерінде басылып шыққан «Түркі тілдері лексикасы дамуының фонологиялық заңдылықтары» атты еңбегінде ғалымның ізденіс жаңалығы жалғасын тапты. Берікбай Сағындықұлының ғылым саласындағы айрықша жетістіктері қоғам ішінде кең таралып, тіл білімі саласында бекім алған танымдық қажеттілігімен құнды. Кереку өңірінде өткен ғылымитәжірибелік семинардағы «Әлем тілдерінің түбі бір» атты мақаласында сөз басындағы й- дж- ж- т- д -ч –ш- с- з сәйкестігі туралы тарихи мәліметтер берілгеннің нәтижесінде, осындай сәйкестігінің түпкітегін (архетипін) табу үшін, түркі тілдерінде қолданыс тапқан үш бірдей заңдылығы бар екендігін тіл оқытушы мұғалімдер қауымы тыңдап, біліп алып, өздерінің сабақ беру барысында сөз басындағы айырмашылықтардың қалай шыққандығын болашақ ұрпаққа, тіл меңгерушілерге, түсіндіре алатындай болды. Осындай игі іске арқау болып тұрған, бірнеше жылдар бойы оқылып келе жатқан, Берікбай Ағамыздың басшылығымен орныққан - «Түбіртек теориясы» деп аталатын арнаулы курстың нәтижесі. Себебі, түбіртек теориясы кезкелген сөздің этимологиясын түп төркінін ғылыми жолмен ашуға көмектеседі. Сөйтіп, тіпті түбіртек бірлігінің табылуы әлем тілдерінің түбі бір екендігіне дәлелдеме болып есептеленеді.

Ғалым Берікбай Сағындықұлының ғылымизерттеу еңбектеріндегі тілдік мұратілдік қазына болып саналатын Берікбай Ағамыздың орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің тілі жөніндегі құнды пікірлерін жатқызуға болады.

Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» аясында қоғам ішінде, әсіресе, тіл білімі саласында көптеген өзгерістер ендіріліп жатқандығы рас. Солардың ішінде басты мәселелерді шешу жолдарын іздестірудің бір бағыты - жас ұрпақтың тіл білімі саласының дамуына үлес қосқан зиялыларымыздың әдеби мұратілдік қазынасын оқып білуге, меңгеріп алуға парыздық бетбұрысы. Шынын айту керек, Берікбай Сағындықұлы Ағамыздың тіл біліміне қатысты еңбектерін оқи келе, бірсыпыра тәлім - тәрбиелі мәліметтер жайлы хабарда болуымен қатар, пікір жинақтауға, сол пікірді түйіндеуге түрткі болып жақсы істердің бастауына баршамызды жетелейді.

«Белгілі ғалым, білікті тіл маманы Б. Сағындықов «һибат-ул хақайиқ» - «ХІІ ғасыр ескерткіші» деп аталатын еңбек жазып, көне дәуір жәдігерлігіне тілдік тұрғыдан жан-жақты талдау жасады. Мұнда дастанның транскрипциясы, аудармасы, зерттеу тарихы, ғылыми сипаттамасы, лексикаграмматикалық ерекшеліктері, «түрікше–орысша-қазақша», «арабша-орысша-қазақша», «парысша- орысша-қазақша» сөздіктері тұңғыш рет жарияланды. Ғалым ХІ-ХVІ ғасырлар арасындағы түркі әдеби жәдігерліктерінің тілі туралы айта келіп, аса құнды тұжырым жасайды», - дейді, Берікбай Ағамыздың еңбегін бағалап, әдебиеттанушы Немат Келімбетов « Ежелгі дәуір әдебиеті»

229

оқулығының авторы [1, 217]. Бұл жерде ғалым Берікбай Сағындықұлының ғылыми тұжырымдамасы бойынша: «Дұрысы – әр нәрсені өз атымен атаған орынды. ХІХVІ ғасырлар аралығында халық арасында тараған жазба әдебиеттің кез келген үлгісін көне түркі әдеби тілінде жазылған деп есесптесек, қателеспейміз. Бұдан былай «ана әдеби тіл», «мына әдеби тіл» деп бірнеше әдеби тілге бөлуді тоқтатқанымыз дұрыс. Қай жерде, қай кезеңде пайда болғанына қарай, көне түркі әдеби тілінің оғыз варианты, көне түркі әдеби тілінің қыпшақ варианты, көне түркі әдеби тілінің түрікмен варианты, т.б. деп атаған жөн», - деген ұсыныстар айтылады [2, 4-5].

«Ақиқат сыйы» дастанының қазақ тіліндегі прозалық және поэтикалық аудармасын жасағандар Ә. Құрышжанов пен Б. Сағындықов болды», - деп айта келе, Н. Келімбетов бұл дастанның композициялық құрылысына, сонымен қатар, идеялық мазмұнына сипаттама береді.

«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы болып келеді» [1, 218], - деген әдебиеттанушының сыни пікірімен таныса отырып, қазіргі қоғамдағы орын алып тұрған: «Адам қалай өмір сүру керек?» дейтін сұрақтарға жауапты жастар қауымы тарихи мәліметтерден ғана таба алатындығын білеміз. Ғалым Берікбай Сағындықұлының «Ақиқат сыйы» атты дастанның аудармасы арқылы оқырман қауымы да, шығарманың ақыны сияқты, жоғарыдағы қойылған сауалдарға жауап іздейді. Аударманың көпшілікке түсінікті тілінің арқасында тарихи дастандағы ақынның дидактикалық сарында оқушысына айтқан өсиетуағызы жайлы, сонымен қатар, тарихи шығарманың авторы шәкіртіне: адам адал өмір сүруі тиіс, сараң болмауы керек, жомарт жанды, білімді кісіні қадірлеуі қажет, жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесапат сияқты берген ғибрат кеңестерін білеміз.

Берікбай Сағындықұлының «hибатул хақайиқ» - ХII ғасыр ескерткіші» тілі мен қазіргі қазақ тілі арасындағы ортақ сөздердің өзге түркі тілдерінен қандай өзгешеліктері бар екендігі туралы мәліметтерді алумен бірге, аударма тілі арқылы дастанның негізгі идеясы жайлы, ақын білімінің пайдасы мен надандықтың зияны туралы жырлайтынын, тілді тыйып сөйлеу – әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігін, өмірдің өзгеріп тұратындығын, дүниенің құбылмалылығы жайында, сол кезденақ, қоғам ішінде сөз болғандығын байқауға болады. Әдеби мұраға жататын дастан тілі адам бойындағы: жомарттық пен сараңдық қасиеттерді сипаттаумен, түрлі моральдық-этикалық мәселелер туралы дидактикалық мазмұнда уағыз-өсиет айтумен құнды.

Берікбай Сағындықұлы зерттеуінде Ахмет Йүгінеки – әрбір сөзді ажарлап та, құбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері екендігін көреміз. Дастан тілінің аудармасында тарихи шығарма дидактикалық сарындағы ақыл-өсиет, уағыз, ғибрат сөздерінен тұрады. Білімді адам – таза алтынға, надан кісі – құны жоқ, жалған ақшаға, білімді әйел – ер жігітке, ал білімсіз еркек – әйелге, шын сөз – балға, жалған сөз пиязға теңелетіндігін көрдік. Сондай-ақ, дастан сараңдық – ем қонбайтын дерт, жеміс бермейтін ағаш, ал жомарттық – алқызыл роза гүлі секілді теңеулерге толы. Бұл жерде Берікбай Ағамыздың тарихи дастан мазмұнын ғылыми тұрғыдан зерттеп, қазіргі ұрпаққа түсінікті етіп жасаған аудармасының өзіндік тәрбиелік мәні бар екендігін айтуды жөн көрдік.

Демек мәтінмен таныса, оқырман ақынның әдеби тілдің әсерлілігін арттыра түсу үшін екі бірдей ұғымды, құбылысты, сезімді, т.б. қатар қойып жұптап суреттеп, сөзді айшықтап қолданудың бір түрі

– параллелизм яки егіздеу әдісін зор шеберлікпен пайдаланғандығын бір сәттен аңғарады. Мәселен, дастан мәтінімен танысқан оқырман: білімді – надан, жомарт – сараң, тәкаппар – момын, атлас шәйі

– бөз, адал – арам, ұзын – қысқа сияқты ұғымдар бір-біріне қарсы қойып шеберлікпен суреттегенін байқайды:

Өмір тәтті, бүгін қолың жеткенде, Удай ащы, ертең тастап кеткенде. Қайда балы – сонда арасы бір жүрер, Балдан бұрын татып көрші зәрінен.

«Аударма ісіөнер» -, деп айтқандай, Берікбай Ағамыздың зерттеуінен «Ақиқат сыйы» авторы белгілі бір құбылысты айна-қатесіз дәл бейнелейтін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер секілді теңеулер, қанатты сөздер тауып айтуға шебер екендігін көреміз. Мәтін көлемінде: ақымақтың тілі – өзіне жау

230

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]