Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

шапқылып қал!

Аласұрған бұлақ қозғалысы -өмір ағынының бейнесі тәріздес. Ақын көңілі бұлақпен адам өмірін үндестіре, жымдастыра бейнелейді.

… Көкжиектен күн аунап барады әні, қызарғаны - қоштасып қарағаны… Күз де келер, кем-кемдеп тартыларсың, Қыс та келер, біржола сарқыларсың…

Бұлаққа қарата айтылған сөз - ақының өзіне айтылар ой.

«Әбдіраштың Жарасқаны – қазақ поэзиясында сирек кездесетін құбылыстардың бірі еді»– деп

жазады ақын Т.Медетбеков. Бұл сияқты пікірлер

көптеген әдебиет сыншыларының

аузынан

да айтылды. Жарасқан ақынды осындай қазақ

поэзиясындағы құбылыс ретінде

танытқан

– оның жырлары. Ақын жырларының әрбір жолын шебер қиюласқан, берік сөздер тізбегінен, бөлшектеуге келмейтін тұтас шешендік толғамдардан тұратынына өлеңдерін оқи отырып көз жеткізуге болады. Ақын жырларының тақырыптары әр алуан. Десе де сол тақырыптар арасында ерекше орын алатыны – халық тарихы деуге болады. Ақынның соңғы мұрасы – «Құлпытас немесе екі дүние: фәниден бақиға дейін...» атты жыр кітабы. «Бұл кітап -

... Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Жұмабаев, т.б. арыстарға жырдан қойылған құлпытас» - дейді ақын Т.Медетбек [3,5].

Ұлттық поэзиямызға үлкен жаңалық болып қосылған бұл жинақтағы эпитафиялық өлеңдер Жарасқан қаламына тән рух асқақтығын барынша айқын танытты. Қайсарлық пен табандылық, тәкаппарлық пен ірілік, асқақ пафос, шешендік толғаныс – осының бәрі бірігіп келіп ақынның романтикасын нақтылай түсті. Трагедиялы халдің өзін асқақтай жырлайтын ақын

халық

басынан

кешкен қиямет кезеңдерді осы эпитафиялық

өлеңдерінің өзегіне сіңірген.

Әрбір

жолынан

ұшырасар астары терең, философиялық

мәні зор қанатты сөздер, асқақ

үн, терең ой ақын қаламының қуаттылығына мысал. Жалпы стиль мен әдіс қаламгердің дарын қуатының жемісі болса, эстетикалық ләззат сыйлар тамаша туындыға шеберлік кепіл болары анық. Кітап кіріспесінде ақындық ұстаным, айтылар идея айқындалған.

Үнсіз, тілсіз тас қой! – деме «Құлпытас» Үлкен-кіші құлпытастар астында Тірлік жатыр! Тағдыр жатыр!

Тарих жатыр біртұтас! Құлпытасқатікпе назар тым сұлық!

Үлкен-кіші құлпытастар астында Өмір жатыр! Көңіл жатыр!

Әлем жатыр тұншығып!

Әруақтарға оқы дұғаырымдап...

Үлкен-кіші құлпытастар астында Төзім жатыр!

Сезім жатыр!

Шындық жатыр шырылдап! (Ж.Әбдіреш)

Келтірілген үзіндіден ақынның өзіне ғана тән асқақ үн, поэтикалық өр екпін танылады. Осы сипат жинақтың өн бойына өзек болып тартылып, тұтас бір көркемдік жүйе құраған.

Әрбір тарихи тұлғаның халық азаттығы үшін қасірет шеккені жалаң,

сырдаң

айтылмай, астары

терең айшықты сөз тіркестерімен берілген. Поэзияға қатысты

көп айтылатын

ақындық

мінез поэтикалық туындының бар болмысынан көріне алған.

 

 

 

Ақынның махаббат тақырыбындағы өлеңдеріндегі стильдік ізденістер,

ақындық

мінез де

жан-жақты саралап қарауды қажет етеді. Махаббат, жастық романтикасы «Махаббат математикасы» топтамасында өзгеше қырымен көрінген. Көркемдік, пішіндік ізденістер аталмыш топтамада бірсыпыра жетістікке жеткен.Өлең сүйер қауымның арасында қанатты сөзге айналып, кең тарап кеткен поэтикалық жолдар тұтасымен осы топтамаға кірген. «Менің арифметикам», «Өмір алгебрасы» атты екі бөлімге жіктелген бұл топтама махаббат туралы толғаныс-толғамдардан тұрады. Жастыққа тән алабұртқан сезімді ақын бұл өлеңінде көтеріңкі леппен өрнектейді:

О,махаббат, Сегіз әріп, бір арман!..

81

О, бір арман, Қырық қыздан құралған!

Мұңдыжырсың – Тебіренсем,Толғасам, Бір қыз болып көрінесің сен қашан?

Ақынның Махаббат бейнесін сипаттауы да өзгеше. Топтамадағы пішіні жаңаша, құрылымы тың өлеңдердің мазмұндық, көркемдік бедерінен де ақынның өзіне ғана тән тәсілді тануға болады. Тұтастай тіркестерді әдепкі қайталау үлгісімен өре отырып, табиғат құбылысын жан-дүниемен үндестіре береді [3,41]

Мысалдар келтірсек,

Сен ізде мені –жолым көкжиекке сіңіп жоғалғанда!

Сен ізде мені –жасыл бақ жапырағынан тоналғанда! Осылай тізбектеліп келген өлең жолдары Сен ізде мені – Сезініп іштей бар халімді оймен!

Іздеусіз қалудан қорқамын ғой мен! деген жолдармен түйінделеді.

Ж.Әбдірашев өлеңдерінен жиі ұшырасатын бір тәсіл — қайталау. Ақын қайталау үлгілерін шеберлікпен қолдана отырып, тапқыр да тың тұжырым жасауға шебер. Әрине, тапқырлық пен шешендік, тыңнан ой қозғап, өрнек табу талант қуаты аса күшті ақынға тән. Ұлттық поэзиямыздағы озық дәстүрді жаңашылдықпен дамыту, сол арқылы әдебиетті биік деңгейге көтеру аса талантты ақынның еншісінде екені аян. Жарасқан Әбдірашев поэзиясының қуаттылығын арттырып, даралай көрсететін бір қыры — өзіміз жоғарыда айтып өткен қайталау тәсілін өзіндік даралықпен өлеңінде өре білуі дер едік. Мәселен «Ақ бұлақтар» өлеңінің кіріспесінде, ортасында, қорытындысында бір ой ағыны тұтастай қайталанады:

Ақ бұлақтар! Алқынған ақ бұлақтар! Қазір — көктем, алдың — жаз, шапқылап қал!

Бұл жолдар — осы өлеңдегі ойдың өзегі, ақынның ой ұстанымы. Өткінші өмірдегі өз сәтіңді қапысыз өткіз деген сырдың барынша үстем болып тұрғандығын оның қайталана айтылуы аңғартады. Тұтастай ой ағынының қайталануы тек түр жағынан ғана ұтып тұрған жоқ, ақын мазмұнға да ерекше мән берген. Түр мен мазмұнның бір-бірін толықтыруы — поэзияның басты шарты екені көне дәуірлерден жеткен теориялық еңбектерде де баса айтылады.

Ж.Әбдірашев поэзиясындағы қайталауларды, әрине, сол қайталаулардың айна-қатесіз үлгісі дей алмаймыз. Ақын қайталауы өзіне ғана тән ерекшелікпен көрінеді. Қайталай айтылған сөйлем немесе сөз ақынның негізгі айтар ойының қазығы. Мысалға «Ақын кетіп барады» өлеңін алып қарайық. Өлең сегіз шумақтан тұрады. Алғашқы шумақ «Ақын кетіп барады көшеменен» деген жолмен басталады да, осы жол араға екі шумақ салып қайталанады. Яғни үш шумақ — ақынның аласұрған бір сәтін арқау етсе, келесі «Ақын кетіп барады көшеменен» деген қайталаумен басталатын үш шумақ екінші бір ойды жеткізеді. Сол сияқты соңғы бөлік екі шумақта осы қайталаумен басталып, өлеңде бейнеленген әрекет қорытылып, тұжырымдалады. Талдай келе, өлеңді құрылысына қарай қайталау басталған шумақтан жіктеп, үш бөлімге бөліп қарауға болатынына көз жеткіземіз. Бұл қайталаудың анафоралық (әдепкі қайталау) үлгісі.

Ж.Әбдірашев қайталау тәсілін қолданғанда лирикалық қаһарманның арман-тілегін сол қайталанған сөз арқылы аңғартып, ақындық тұғырнамасын белгілейді. Мысалға төмендегі өлеңіне назар салайық:

Досым мені қайғыртпаса екен -

достарын сатып,

Құсым мені қайғыртпаса екен -

аспанын сатып.

82

Бұлақ мені қайғыртпаса екен -

суалып мезгілсіз.

Құрақ мені қайғыртпаса екен -

қуарып мезгілсіз.

Гүлім мені қайғыртпаса екен -

түрін жоғалтып.

Ұлым мені қайғыртпаса екен -

тілін жоғалтып

Өлеңді бастан-аяқ өз айналасында ұстап тұрған «қайғыртпаса екен» деген сөз. Айтылмыш сөзде ақынның айтар ойы өрнектелген. Бұл сияқты қайталау тәсілі Ж.Әбдірашевтің біршама өлеңінен орын алған. Лириканың нәзік иірімі мен әсем сазы сол қайталау арқылы неғұрлым айқын көрінгеніне «Ей, самал жел...», «Мені мүлде ұмытуға…» өлеңдерін мысал етуге болады.

Поэзиядағы стиль мәселесін сөз еткенде, туындыдағы барлық компонеттерді тұтастықта алып талдаған жөн екенін барлық теориялық тұжырымдар қуаттайды. Ж.Әбдірашев шығармашылығындағы тіл шеберлігі, сөз қолданысы туралы айтқанда бейнелілік пен суреттілік, көркемдік айшықтар назардан тыс қалмауы заңды. Әр ақының стильдік даралығы оның көркем әдебиетке сапалық өзгеріс енгізуінен, жаңалық әкелуінен көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда Ж.Әбдірашевтің көркем ойды шешендік толғаныспен тоғытатын ақпа ақындығы алдымен ауызға алынады. Ақынның анафоралық, эпифоралық, т.б. қайталаулары өлең айшығын даралап қана қоймай, ішкі мазмұнды да ерекше ырғаққа, екпінге түсіреді. Лирикалық қаһарманның жан-дүниесіндегі бұлқыныстарды беруде ақын қайталау үлгілерін өз орынымен сәтті қолдана алған [4,34]

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Н.Уәли. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.

2.Қ.Өмірәлиев. Қазақ поэзиясының жанры және стилі». Ғылым» баспасы, 1983ж.

3.Майтанов Б. Сөз сыны. А., 2002.- 344 бет.

4.Базарбаев М. Қазақ поэзиясы: кҿркемдік ізденіс.-Алматы, 1995.

Бірәлі Г.А.

ҚР ҰҚК Академиясының доценті, филолог. ғ к.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫН ТАНЫТУДА ЭПОС ЖЫРЛАРЫНЫҢ РӨЛІ

Резюме: В данной статье автор рассматривает важность эпосов как один из духовных ценностей нации при формировании лингвострановедческий и социальнокультурный компетенций обучаемых.

Summary: In this article author emphasizes significance of epos poems as one of the spiritual values of our nation at formation of country-oriented linguistics and socio-cultural capability of trainees.

Халық ауыз әдебиетінің, фольклордың негізгі жанрларының бірі болып саналатын эпос жырларының қай ғасырда болмасын маңызы жоғары. Себебі эпос – біздің өткен тарихымыз, халқымыздың дүниетанымы мен рухани байлығы. Эпостық жырлар ғасырдан-ғасырға ауызша тарап отырғандықтан, онда ғасырлардың үні, халықтың арман-мақсаты жатыр. Эпостық жырлардың өміршеңдігінің тағы бір себебі, оның синкреттігі, театралдығы, драмалық және драматургиялық элементтердің көптеп кездесуі. Негізінен көшпелі өмір сүрген түркі халықтарында арнайы театр болмағанмен, олардың ауыз әдебиетінің, фольклорының мазмұны драмалық шығармалармен ағайындас болып келеді.

Сондықтан болу керек, түркі тілдес халықтардың барлығы дерлік тұңғыш театр сахналарының шымылдығын эпостық шығармалармен ашқан. Атап айтқанда түркі тілдес халықтарда «Шаһсенам-Ғарип», «Фархад-Шырын», «Көроғлы», «Таһир-Зуһра» сияқты халық эпостарына драматургиялық шығармалар туды. Қазақ драматургиясының алғашқы туындылары – М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман-Шолпан», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз

83

Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Ж.Шаниннің «Арқалық» т.б. пьесаларының негізгі сюжеті эпостық жырлардан туған. Осы эпостан туған шығармалар қазақ драматургиясының алтын қазынасына айналды. Оған әлі күнге ұлттық театрларымыздың репертуарларынан түспей келе жатқандығы дәлел бола алады.

Кез келген ұлттың тарихы мен мәдениетін терең білу үшін, оның ауыз әдебиетін, атап айтқанда эпостық жырларын білу керек.Осы тұста «Тұлпар мініп ту алған» ұлттық жобасының аясында батырлар жырынан («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр») үзінді оқу эстафетасына зиялы қауым өкілдерімен бірге депутаттардың қатысуы халықтық дәстүрді жаңғыртудағы игі бастама болып отырғандығын айта кеткеніміз дұрыс. Эпостық жырлар арқылы халықтың өткен өмірін, салт-дәстүрін, ұлттық болмысын, ұлттық ділін танимыз. Сондықтан қазіргі жаһандану заманында әр халық, әр ұлт өзінің ұлттық негізін сақтап қалуға бар күш жігерін жұмсап жатқан кезеңде Ұлы даладағы өркениеттің тіліміздегі көрінісі болып табылатын эпос жырларының орны ерекше.

Әлемдік өркениетпен біте қайнасып жатқан біздің еліміздің, яғни қазақ халқының алдында тұрған басты жауапкершілік ұлттық болмысымызды сақтап қалу екені баршамызға белгілі. Ал, ұлттық болмысымыз, қазақ халқының тек өзіне тән генетикалық ұлттық кодын танытатын - ең бірінші ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге жеткен ауыз әдебиеті, оның ішінде эпостық жырлары. Сондықтан заманауи өркениетке тән «ақпараттық» немесе постиндустриалдық қоғам» деген жаңа парадигмалармен ерекшеленетін қазіргі қазақстандық білім беруде тілдерді, оның ішінде қазақ тілін оқытуда эпостық жырлардың маңыздылығы ерекше. Қазіргі жастарға эпостарды дәріптеуде театрдың атқаратын рөлі айрықша деп есептейміз. Бұл турасында Т.Ахтанов өзінің зерттеу еңбегінде қазақ эпостарының заманының көкейкесті әлеуметтік мәселелерін көтергендігі, адамзат қоғамында ешқашан құнын жоғалтпайтын махаббат, отансүйгіштік, адалдық, ерлік, достық тәрізді адамгершілік асыл қасиеттердің көркем бейнеленуі және оның халықтың эстетикалық талғамына, яғни көркемдік, сұлулық туралы түсінігіне сәйкес келуі туралы айта келіп, «Абзалы біз көп жылдар жалаң социализмге бой ұрып – эстетикалық критерийді, жалпы көркемдік сауатымызды төмендетіп алдық. Ал, қазақтың көптеген батырлық эпостары мен лиро-эпостары ең алдымен осындай эстетикалық талапқа сай келетін шығармалар еді. Бұлардың екінші ғұмыры – сахналық ғұмырының ұзақ болуына басты бір себеп осы ғой деймін. Ал екінші себеп? Екінші себеп әрине жазушыда» [1], - деп жаза отырып, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясына, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясына арнайы тоқталады.

М.Әуезов қазақ драматургиясына 30-дан астам драмалық шығарма берді. Солардың ішінде эпосты арқау еткен шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман-Шолпан». М.Әуезовті әдебиетке алып келген «Еңлік-Кебек». Шығарманың негізгі сюжеті – эпостық жыр. Әлемдік әдебиетте мұндай тәжірибе көптеп кездеседі, мәселен немістің ұлы жазушысы Гетенің «Фаусты» осындай тәжірибеден туған, ал ағылшынның ұлы драматургі Шекспирдің шығармалары сюжетінің негізі халықтікі.

1917 жылы Абай ауылынан бастау алған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі», 1922 жылы Орынборда баспа бетін көрді. М.Әуезов аталған пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Алғашқы нұсқасындағы бірнеше көріністер алынып тасталған. Ғашықтық мотивтері тереңдеген. Жырда жоқ Жапал образы қосылып, Абыз бейнесі күшейтіледі. Шығарманың басты идеясы Абыздың сөздерінде ашылады. Соңғы нұсқасы 1956 жылы жарияланған. Мұнда билер сахнасы (Көбей, Еспембет, Кеңгірбай, Қараменде) қоюлана түскен. Пьесаның прологіндегі Абыз сөзі – шығарманың азаматтық салмағын анықтайды. Осы жерде М.Әуезовтің тағы бір ұлылығына тәнті боламыз. М.Әуезов өзінің әйгілі «Абай жолы» роман эпопеясын 1957 жылы аяқтаған, ал тұңғыш шығармасы «Еңлік-Кебекті» 1917 жылдан 1956 жылға дейін 40 жыл бойы желісін үзбей өңдеп-толықтырып отыруы өзгеше бір даналық, Әуезов әлемінің ерекше бір дарыны деп айтуға болады.

Абыздың заманға айтқан жоқтау іспеттес күңіренісі – сол уақыттағы, яғни Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан кейінгі халық басындағы трагедиялық хал.

«Барар жерің батпақ сор, күн түзелер тарпы жоқ ... Бәріңнің де нәрің жоқ, халқым қайтіп күн көрер» деген публицистикалық тебіреніс халық басындағы трагедияны қозғайды. «Еңлік-Кебек» жырының негізгі тақырыбы шығыс халықтарының әдебиетіне ортақ тақырып – махаббат трагедиясы болса, М.Әуезов драматургиялық шығарманың жанрлық ерекшеліктерін сақтай отырып, екі жастың арасындағы (Еңлік пен Кебек) махаббат трагедиясын халықтық, елдік трагедияға айналдырып толғайды. Сөйтіп автор халық ауыз әдебиетіндегі жырдың сюжетін ала отырып, жаңа туынды жазып шығады. Бұл жөнінде Т.Ахтанов былай дейді:

84

«Сонымен М.Әуезов романтикалық эпосты реалистік кең арнаға алып шыққан. Эпостың сахналық вариантын жасамай, халық өмірін, тарихи шындықты терең де кең қамтыған эпикалық драма жасаған. Ондаған өзге пьесаларын айтпағанның өзінде Мұхаң осы тырнақ алды туындысымен бүгінгі эпикалық драматургиямыздың, әзірге ешкім ашпаған, тамаша үлгісін жасап берді»[1,370].

Қазақ драматургиясының әліпбиі – «Еңлік-Кебектен» кейін, эпикалық шығармалардың негізінде көптеген драмалық туындылар өмірге келді. Солардың бірі – Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуы».

Әрине Ғ.Мүсіреповтің эпостық жырларды драмалық туындыға айналдырудағы қалам тербесі М.Әуезовтен бөлек. Бұл тек қана әр жазушының стиліндегі дербестік ғана емес, әр таланттың өзіндік табиғи дара болмысында деп түсінген абзал.

Ғабит Мүсірепов М.Әуезов секілді тақырыпты кең көлемде жан-жақты алмай, белгілі бір тақырыпты алып, негізінен соның ізіне түсіп, қазбалап суреттейді.

Жазушылық жолын прозадан бастаған Ғ.Мүсірепов ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының орта кезінде драматургия жанрына келеді. Оның ең алғашқы сәтті шығармасы – «Қыз Жібек» музыкалы драмасы. «Қыз Жібектен» кейін 1939 жылы түркі тілдес халықтарға ортақ «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының желісі негізінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасын жазады.

Осы тұста жырдың көп нұсқалылығына тоқталып өтейік:

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының қазақ арасындағы сюжеттерін 1830 жылдан бастап Г.Саблуков, 1833 жылы орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин жазып алады. Г.Саблуков шығыс қазақтарынан жазып алса, А.С.Пушкин Жайық бойындағы кіші жүз қазақтарынан жазып алған. Кейін А.С.Пушкин бұл жырдың негізінде поэма жазуды жоспарлайды. Жырдың А.С.Пушкин жазып алған нұсқасы айрықша бағаланады және орыс халқын қазақ халқының тамаша эпостық шығармасымен тұңғыш таныстырған А.С.Пушкин деп есептелінеді. Жырдың тағы бір құнды нұсқасын Ш.Уәлиханов Жанақ ақыннан жазып алған. Бірақ өкінішке орай, Шоқанның қолжазбаларымен бірге Тезек төренің ауылында жойылып кеткен. Осы Шоқанның жазып алған нұсқасын Г.Н.Потанин ерекше бағалаған. Ол: «Қазақ эпосының шоқтығы, оның сюжеті халықаралық, бірақ бірде-бір халық оны дәл қазақтардай ғажайып жырға айналдыра алған жоқ» [2, 70] – деп жазады. Қазіргі біздің қолданып жүрген нұсқамыз Бейсенбай жыраудан жазылып алынған нұсқа. Жырдың бұл нұсқасы 1936 жылы М.Әуезовтің редакциясымен жеке жинақ болып шығады.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының қазақ, ұйғыр, барабы татарларының арасындағы түрлі нұсқаларын халық аузынан жазып алған және сол елдердің тілінде тұңғыш рет жарияланған академик В.В.Радлов. В.В.Радлов жырдың зерттелуіне негіз салды десе де болады. В.Радловтан кейін жырдың қазақша нұсқасын жинаушылар И.Березин, П.Мелиоранский, Н.Катанов, Е.Баранов, И.А.Кастанье болды.

Ал, ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері Ә.Бөкейханов: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайылмаған түрік жұртында ел жоқ десе де болады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры Ертіс, аяғы Тобыл татарында, Түркістанда, Сарыарқада, Алтайда, Оралда, башқұртта, Кавказда, шешенде де бар» [3, 34], - деген.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының қазақша нұсқаларын айтушылар – Жанақ, Шөже, Бекбау, Бейсенбай. Шөже нұсқасын Мәшһүр Жүсіп жазып алған. Ол қазір М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының туған уақыты туралы алуан түрлі деректер бар. Бізге жеткен нұсқалары ХІХ ғасырда жазылып алынғандықтан, жырдың сюжетінде Қарқаралы, Қараөткел, Баянауыл, Қарсақпай, Аягөз деген қазіргі замандағы жер-су атаулары да жүр. Ал, жырдың негізгі туу тарихын ХҮІ ғасырдан басталатынын зерттеушілер Ормамбет ханның есімінің жүруімен дәлелдейді. Сондай-ақ жырда шамандық наным-сенімдердің болуы, оның исламнан көп бұрын туғанын көрсетеді [4, 78].

М.Әуезов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырына ғылыми тұрғыда былай баға береді: «Жиналған ел әдебиетінің ішінде қазақ жұртының ел поэмасына қосылатын екі әңгіме бар. Біреуі – «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры. Дастанның жазылған немесе хатқа түспеген нұсқаларының ішінде ең айтулысы – өткен ғасырда атақты импровизатор ақын Жанақ жырлаған вариант. Дастанның Жанақ нұсқасында мал баққан халықтың көшпелі тұрмысы мейлінше толық суреттелген. Қозы мен Баянның да тамаша махаббаты да аса талантты түрде жырланған» [5, 99].

85

Жалпы алғанда халық арасына кең тараған қай нұсқасы болмасын бұл жыр – биік махаббатты, адал достықты жыр етеді.

«Мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас ұлтына айналу үшін қоғамдық сананы өзгертуге мүмкіндік беретін неғұрлым ауқымды және іргелі жұмысқа кірісетін уақыт жетті,-деп[6] Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, елімізде тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүддесін іске асыруға бағдарланған тәрбиенің тұтас жүйесі өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Жаһандық бәсекеге қабілетті мәңгілік ел болу үшін жоғары интеллектуалды ұлт тұлғасының жаңа сапасын қалыптастыруда білікті маман болумен қатар, рухани жан дүниесі бай, азаматтық, адамгершілік ұстанымы жоғары болуы шарт. Осы міндетке сай болу үшін түрлі бағытта жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Соның бірі жастарға Ұлы даланың бүгінгі иесі дана халқымыздың тарихы, мәдениеті, рухани дамуының көрінісі болып табылатын эпостық жырларды танытуда театрлардағы драмалық пьесалардың маңызы жоғары. Тілді оқыту барысында ұлттық мәдениетті, әдебиетті, салт-дәстүрді сабақтастыра оқыту оқытушының басты міндеті екенін ескерсек, білім алушыларды ұлттық театрлардағы қойылымдарға апару қажет болып табылады. Рухани жанжақты дамыған заманауи тұлғаны қалыптастыруда тіл мамандары ұлттық брендке айналған басты қазақстандық мәдениеттің үздік үлгілері мен жетістіктерін пайдалана білуі керек. Атап айтқанда халық шығармашылығындағы, тарихындағы, музыка, әдебиет, кескіндеме, театр, кино өнеріндегі озық туындыларды өзбетінше жұмыстар ретінде беріп оқып жүрген тілінде жобалық жұмыстар дайындату немесе байқаулар, әдеби музыкалық кештер өткізу секілді жұмыстарды жандандыру қажет деп есептейміз.

Тіл үйренушінің лингвоелтанымдық және әлеуметтік-мәдени құзіретін қалыптастыру мақсатында ұлттық мәдениетіміз бен рухани құндылықтарымызды, оның ішінде эпостық жырларды дәріптеуге көңіл бөліп отырғанымыз абзал деп есептейміз. Сол арқылы қазақ халқының көне заманнан бүгінге дейін жеткен асыл рухани мұралары мен мәдениетін әлемге ұсына алатын рухы биік жастардың тілдік тұлғасын қалыптастыра аламыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Ахтанов Т. Таңдамалы шығармалар. ІІ том. – Алматы: Жазушы, 1974. -423 б.

2.Потанин Г.Н. В юрте последнего киргизского царевича //Валиханов Ч.Ч. Собрание соч. Том 3. –Алма-Ата, 1968. –С.298.

3.Бөкейханов Ә. Таңдамалы. –Алматы, 1995. -339 б.

4.Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. –Алматы: Ана тілі, 1991. -288 б.

5.Әуезов М. Мақалалар мен зерттеулер. –Алматы: Ана тілі, 1991. -106 б.

6. Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру». – Астана, «Ақорда»

12 сәуір 2017жыл //www.akorda.kz

Оралова Г.С.

филология ғылымдарының кандидаты Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

СЫР ӨҢІРІ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ ІЛІМНІҢ КӨРІНІСІ

Резюме: В этой статье анализируется Суфизма-исламского значение дидактических произведений акынов Сырдарьинского региона в виде проповеди в сочетании с системой мышления, характерной для казахской земли, принципами исламской культуры. В дидактическом центре определяется продолжение художественных традиций суфийских учений между древнетюркской литературой и поэзией поэтов-жырау.

Summary: This article examines Sufi and Islamic didactic value of the works of poets of Syr Darya region in the form of the sermon, combined with the system of thought characteristic of the Kazakh land, principles of Islamic culture. In the didactic center is determined by the continuation of the artistic traditions of Sufi teachings between ancient Turkic literature and poetry of poets-Zhyra

Қазақ әдебиеті тарихында ағартушылық бағыттағы ақындардың шығармалары жеке шығармашылық тұрғысында да әдеби үдеріс аясында да қарастырылып келеді. Қазақ әдебиетінің көп ғасырлар бойы үздіксіз қозғалыста келе жатырған даму жолында халықтың шынайы

86

қабылдауына ие болған, ұрпақтардың үздіксіз жалғасқан барлық кезеңдеріндегі өкілдерінің бәрінің де жүректерінен орын алатын көркем туындылар әкелген Сыр өңірі ақындарының шығармалары жылдар бойы ұмытылмай үнемі тыңдалып, ұрпақтарға эстетикалық, адамгершілік, имандылық тәлім-тәрбиесін беру құралы болып келеді. Профессор Е.Ысмайылов ақындық орта, дәстүр мәселелерін саралай келіп, қоршаған табиғаттың, жаратылыстың ықпалына да ерекше баға береді: «...талант оянып, ақындық орта жасалуына қосымша көп себептердің бірі – қолайлы географиялық орта. Әдемі, таулы, өзенді, дария, теңізді жерлер ақындық, көркемдік сезімнің ерте оянып, қалыптасуына әсер ететіні сөзсіз. Көкшетау, Баян, Шыңғыс; Қарқаралы, Қаратау, Алатау, Жайық, Сырдария, Каспий, Арал бойлары – ақындық жыр, ән-күйге таусылмас тақырып, аңыз, мотив беріп келе жатырғаны тегін емес.[2]

Қай өңірдің қай жағынан болмасын ұлттық мәдениетімізге қосар қомақты үлесі болады. Осы тұрғыдан келгенде, Сыр өңірінің жарқырап, шоқтығы биік көрінер тұсы – сөз өнеріне жетік келетіні. Сыр өңірі – белгілі бір дәстүрдің ғана жеке дамыған жері емес, алуан түрлі тарихи оқиғалар мен көзқарастар бір мүддеге тоғысқан өлке. Сол себепті өңірде өмір сүрген жырау, жыршы, ақын, күйші, әнші, сал-серілер шығармашылығы әлем әдебиетінде сирек кездесетін құбылыс ретінде өзіндік сипаты басым өнер түрі есебінде айрықша назар аударады. Сыр елінде өмір сүріп, аты үш жүзге мәлім болған ақын – жырауларымыз ұрпақ тәрбиесіне, инабаттылық пен ой-өрісінің дамуына, эстетикалық талғам биігінен көрінуін басты назарда ұстаған. Тұрмағамбет Ізтілеуов мұраларын зерттеуші Ұ.Жанбершиева: «Қазақтың жыраулық өнері мен Қорқыт сарынын үндестіре жырлай білген, сол ізді ғасырлар бойы жалғап келе жатқан Сыр сүлейлері деп аталатын топтың рухани өмірімізде алатын орны ерекше. Қорқыт бабамыздың Сыр бойы жыраулары мен шайырлары ұлтымыздың әдеби, мәдени өмірін байыта түсті. «Ежелгі Тұран ойпаты мен оғызқыпшақ ұлысы мекендеген Сыр еліндегі әдеби мұралар өзіндік ерекшелігімен танылады. Мәселен, Сыр елінде «жыршы» сөзінен гөрі «жырау» сөзін көп қолданады., сөйтіп «жырауды» жай орындаушы деп емес, нағыз әдебиеттің өкілі ретінде таниды» [7, 3б.].

Кез-келген ұлт үшін бабалар жасаған мұраны болашаққа аманаттау құндылық болып танылады. Ұлттық сана, ұлттық жады ең қастерлі қасиет. Сыр өңірінде таңды таңға ұрып, үш күн, үш түн көлемді жыр-дастандарды орындаған жыршы, жырауларымыз қаншама. Терметолғауларды, дастандарды орындаудағы термешілер, жыршылардың мақамдары мен саздары да Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда өзгешеліктерімен ерекшеленеді.

Ақындық мектеп – көрнекті шығармашылық тұлғалардың ықпалымен қалыптасатын көркемдік дәстүр. Қазіргі Қызылорда облысы өңірінде халыққа танымал болған көрнекті ақындардың есімімен аталатын бірнеше ақындық мектептер дәстүрі бар. Олар әдеби бағыттары тектес ақындар. Бұл ақындардың поэтикалық мәнері, исламдық-ағартушылық бағдардағы дидактикалық сарындары үндес болды. Өңіріміздегі ақындық мектеп өкілдерін шартты түрде былайшы жіктеп қарастыруға болады:

Біріншісі – дәстүрлі жыраулық-ақындық поэзияны ислам ағартушылығы, шығыстың фольклоры мен классикалық әдебиеті дәстүрлерімен ұштастырған тұлғалар

1.Базар Оңдасынұлы, Ерiмбет Көлдейбекұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, Даңмұрын Кенжебекұлы, Жүсiп Ешниязұлы, Жүсiп Кәдiрбергенұлы, Рахмет Мәзхожаев, Жаңаберген Бiтiмбайұлы, Нұртуған Кенжеғұлұлы, Айманкүл Тәжiбаева, Қуаныш Баймағамбетов, Жәмет Сайымқұлұлы, Төлеубай Үркiмбаев және т.б.

Екiншiсi – ақындық поэзия мен кәсiби жаңа жазба әдебиет дәстүрлерiн ұштастырған тұлғалар. Мысалы:

2.Нұрсұлтан Жұбатұлы, Молдағали Құлмұрзаев, Байназар Өтепұлы, Дәрiғұл Өмiрқұлұлы, Мұзарап Жүсiпов, Нұғыман Молыбаев, Әбзәли Егiзбаев, Әбдiлда Жүргенбаев, Асқар Қожахметов, Әбiлхан Маханұлы және т.б. Сыр өңiрi ақындары шығармаларының аймаққа жыршылықтермешiлiк өнер арқылы таралуы, ұрпақ тәлiм-тәрбиесi қызметiне жұмсалуы Сырдария және Амудария өзендерi аралығындағы, одан бергi Қаратау атырабындағы дәстүрлi ақындық мектептердің ұстанған бағытымен тығыз байланысты. Бұл – қазақ әдебиетi тарихын құрайтын дәстүрлi ақындық мектептер жүйесiнiң көрсеткiшi. Бұлар – ақындық тағылымы, халықтың эстетикалық талғам таразысы арқылы уақыт сынынан өткен тұлғалар. Әрине, әрқайсысының артында қалған әдеби мұраларының көлемдерi де бiркелкi емес, әр түрлi, әр көлемде.

Сопылық – ағартушылық әдеби ағымындағы Сыр өңірі ақындары шығармашылығының негізгі арқауы – исламдық мәдениет қағидаларын қазақ топырағына тән ойлау жүйесімен ұштастыру, Алланың өзі де рас, сөзі де рас екенін мойындау болды.

87

Суфизм ( араб. Суфий – жүн шекпен киген адам – сондықтан да жүн талшығы тақуа, сопылар үшін айырылмас қасиет болып табылады.) дәруіштік – исламдағы мистикалық тақуалық бағыт. ХУІІІ-ХІХ ғасыр кезіндегі әдебиетіміздің дамуындағы шығармашылық тұлғалардың туындыларындағы діни-исламдық көзқарастары адамзатты Адам Жер дүниеде, жанды, жансыз тіршілікті жаратқан Аллаға деген сүйіспеншілікті насихаттап, рухани тазалық арқылы Аллаға жақындай түсу жолын іздейтін ілім қазақ әдебиетінің түркілік дәуірлеріндегі әдеби мұраларында Қожа Ахмет Иассауи хикметтерінде орын алды. «Ақыл кітабында» 100-ге жуық хикмет бар. Бес жасынан дін жолына түскен, жеті жасында Аристотельді іздеп тапқан ғұлама өзін аузымен Алланы айтып, бірақ жүрегінде иманы жоқ, көкірек сарайы таяз пенделерден өзін жоғары бағалаған.

Жеті жаста Арыстанбап келді маған, Хаһ Мұстапа аманатын берді маған. Сол сәтінде ақ көңілім тауып басы, Нәпсім өліп, тәңірі жолына түстім менде. Құрма беріп, мейірлене назар салды, Сол заматта кеудемде бір шырақ жанды. Еркелете шақырып қасына алды,

Мектеп барып, бек қуанып, тұрдым менде. Жер астында қылуетке түсіп, бар уақытын діни кітап оқып, шығармаларын жазған ғұлама:

Таң сәріде дүйсенбі күн жерге кірдім, Мұстапаға қайғы тұтып кірдім, мана. Алпыс үште сүндет деді естіп білдім,

Мұстапаға аза тұтып кірдім мана –дейді [3,34] Иассауи адамзатты азғындаудан сақтау жолында қызмет еткен. Тоқсан мың шәкірт тәрбиелеп,

ілімі Орта Азия, Түркияға дейін таралған Иасауи заманынан бергі Аллаға деген мінәжаттылықпен жырлау сарыны Сыр өңірі ақындары шығармаларында да көрініс тапты.

Жаратушының құдіретімен дара бітімді дарындылық, таланттылық қасиеттерді иеленген ақындардың шығармашылық тұлғалары Шораяқтың Омары, Ерімбет, Тұрмағамбет, Нұртуған ақындардың насихат, мінажат, ғазал, төрттаған өлеңдері ұрпақтарды имандылыққа тәрбиелеудегі насихаттық-ағартушылық тұрғысындағы маңызы айрықша болды. Мәселен Шораяқтың Омары мына өлеңінде:

...Ақырын «Алла» де де тұр, Нанмен жарты жұбан да Ат бағалы болады, Шығарса шабыс құнанда Жасыңнан һаққа жалбарын Жақсылар болар дұғаңда

Дүниені жаратушы Аллаға негізделген адамзат, тіршілік болмысын ақын осылай ұғындыруға тырысады.

Әуелі аспанмен жер жараттың, Әннан соң он сегіз мың жан жараттың, Адамды әммасынан асыл етіп, Әм және ақылға бай сұм жараттың Дүр етіп Адам ата – Һауа анадан,

Егесі еттің және күллі адамның, -деп өлеңнің идеялық композициялық құрылымында Алла берген адам өмірінің әр кезеңін тізбектей жырлап, артына қалар ұрпағымен, адал ісімен жаққан шамшырағының сөнбей жалғасатындығын, адамның өмірге қонақ екенін адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, Алла деп имандылық нұрын жүректеріне құюды ұқтыруға тырысады. Ақын жүрегінің имандылықпен толысуының тағы бір көрінсі:

Айналайын атыңнан Жаратқан өзің, нирубар. Адасқан өзің пендеңе

Болмасаң өзің мәдатқар– деп Алладан көмек, медет тілеп жалбарынған жанның күйі жырланған.

88

Шығарашылық шабытымен елін сусындатқан Ерімбет Көлдейбекұлының да «Ей, Алла, сүйген құлың қатарында ет!» деп аталатын туындысында азаматтық көзқарас тұрғысында бейнелі тіркестер қолдана отырып,

Я, Алла сүйген құлың қатарда ет, Күйзелтіп көп ішінде зар жылатпай?!-дейді. Өлеңде Жаратушымыздың құдіретінің

шексіздігін, Аллаға құлшылық жасап, мінәжат етуден адамзаттың жаңылыс таппайтындығын лирикалық кейіпкердің тілегімен фәни дүниені босқа өткізбей ұлағаты іс жасау тұғырнамасы уағыздалған. Ақынның тағы бір өлеңінде:

Бұл дүние сені алмаса, сен алмайсың, Ол жайға кетсең, қайтіп келе алмайсың. «Құдай бір, құран шын! деп илансаңыз, Шыққанша жан кеудеден шек алмайсың Қиын іс құдайыңа құл атанбақ Мың таяқ ұрса біреу кек алмайсың.

Жасыңнан дінге мейлі болмақты ойла, Қартайсаң һаққа құлдық ете алмайсың. [5,73].

Жалған дүниенің қарама-қарсы қат-қабат тіршілігінде адамгершілік асыл қасиеттерді бойға дарытуды, сөз арқауында фәни мен бақи дүние жалғастығын дәлелдеуге тырысады.

Әуелі, Алла, бейкүмән, Өзіңе бәрі аяның. Жоқ еді ерге қашаннан,

Дүние, сенің баяның![5,76]. Алланың құдіретін мойындау, оған құлшылық етуді, фәни өткінші екендігін Аллаға негізделген тіршілік тынысын пенделерге ұқтыруға ұмтылады.

Тұрмағамбет Ізтілеуовтың әдеби мұрасында да ізгілік жолдан айнымау тұрғысындағы имандылық тағылымдары өрілген «Ей, Алла өрлет енді ықпалымды», «Серігің жоқ бір Алла», «Иа, Алла, рахым айла мұсылманға», «Иа, Алла, әһлі исламға орнат ықпал», «Ет, Алла, ажарымды айдан да ашық»т.б. шығармаларында мейірімді де жомарт Жаратушыға деген сенімін

«Үмітіңді үзбе!» деп, Айтқансың өзің құранда – деп Алла құдіретіне табына, тілек тілеп сөз өрнегін кестелеген.

Нұртуған Кенжеғұлұлының шығармашылығындағы «Ия, Алла, сиынамын бір өзіңе!, «Дертімнің «Құлым» десең дауасын сал»-деп аталатын өледерінде күнделікті тұрмыста сан мәрте қолданылып жүрген қарапайым сөздің өзіне қанат бітіріп, «Сүйендім, жалғыз, Алла, өзіңе адал, Шипа бер кеселіме, сен, зүлзалал?!» деген жыр жолдары арқылы Алланы басты назарда ұстап, адамзатқа тән көңіл-күймен, лирикалық кейіпкерге үміт жүгін арқалатып, тілек тілетеді. Адамдардың сезім құбылыстарын поэтикалық тұрғыда өрнектейді.

Қазақтың қай ақынының шығармасында да эстетикалық-көркемдік талаптың жоғары екендігін танытатын сырлар көп. Сөз арқауымыздағы Сыр өңірі ақындарының әдеби мұралары негізіндегі рухани құндылықтар ұрпақты, адамзатты имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар тұрғысында жұртшылық көңіліне ұялап, ақындық поэзияның көркемдік жалғастығы жүйесінің шығармашылық болмысын аңғартады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Ысмаилов Е. Ақындар – Алматы: ҚМКӘБ, 1956 2 Қожа Ахмет Иассауи. Диуани хикмет (Ақыл кітабы). Жинақты баспаға әзірлеп, қазақшаға аударғандар:

М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, М:Шафиғи.– Алматы: «Мұраттас» ғылыми-зерттеу және баспа орталығы, 1993. 3.Көлдейбекұлы Е. Ұлағат сөзім ұрпаққа – Алматы: Маржан, 1995.

4.Кенжеғұлұлы Н. Қанеки, тілім сөйлеші... – Алматы: Маржан, 1994. 5.Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Шығармалары – Алматы: Дешті қыпшақ, 2007.

7. Жанбершиева Ұ. Т. Ізтілеуовтың әдеби мұрасы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2013. – 336б.

89

Абдылбары уулу Д.,

Докторант Университет Минзу в Китае, г. Пекин, КНР

ФУНКЦИЯ МИФОЛОГИЧЕСКИХ ЭЛЕМЕНТОВ В ЭПОСЕ «МАНАС» ‒ по варианту сказания жусупа мамая

Аннотация. Бұл мақалада аңыз тарихының барысында эпостың алғашқы формасы біртіндеп өзінің қызметін жоғалта бастауы, бірақ алғашқы мифологиялық элементтердің бұрынғыдай сақталғаны, тіпті көптеген компоненттердің әдеби шығармаларда көрініс табуы туралы сөз қозғалады. Оларды әртүрлі әдеби стильдерден кездестіруге болады, бірақ эпостағы мифологиялық элементтер айқын көрініс тапқан. «Манас» эпосында сақталған мифтік факторлар эпостық баяндарға айқасып, оған романтикалық және сиқырлы түстерді қосу мен бірге, сондай-ақ эпоптағы әр түрлі мотивтерді қалыптастырады. Бұл мақалада мысалы ретінде «Манас» эпосы келтіріледі, әрі эпостағы мифологиялық элементтердің қызметі мотив және нарративті кеңістік тұрғысынан зерттеледі.

Түйін сөздер: мифологиялық элемент, «Манас», мотив, кеңістіктік нарратив, қызмет

Annotation. As time goes, myth, as a narrative form, has gradually lost its original function. However, mythical factors are still vital, and they are presented in a large number of literary works. Among various literary genres, myth is particularly active in epics. The mythical factors that remain in ‘Manas’ are intertwined in the narrative of epics, which add a romantic and magical color to the epic, and also form a variety of motifs in the epic. Based on the context of the epic of ‘Manas’, this paper explores the function of mythical factors from the perspective of motifs and narrative space.

Key words: mythological element, epic of ‘Manas’, motifs, spatial narrative, function

Киргизский народ хранит множество мифов. Многие из них связаны со степями, пустынями, горами и реками, тотемными животными. В этих мифах отчетливо просматриваются культурные особенности кочевых народов. Мифы стали самой ранней формой киргизского фольклора и оказали большое влияние на появившийся позднее эпос. Многие киргизские мифы утрачены, но в эпосе «Манас» сохранились многочисленные мифологические элементы. «Манас» является одним из наиболее показательных примеров классического киргизского эпоса, его повествование неразрывно связано с мифами. В эпосе мифы зачастую сокращены до мифологических компонентов, но на функциональном уровне глубинной структуры эти элементы оказывают огромное влияние на основные темы эпоса и нарративное пространство.[1, с. 283]

1. Мифологические элементы и мотивы

Сохранившиеся в эпосе «Манас» мифологические компоненты, тесно связанные с повествованием, придали ему окраску романтизма и сверхъестественности, а также сформировали множество разнообразных сюжетов. В первом издании Ститха Томпсона «Народные сказания» мотив определяется следующим образом: «Мотив – это наименьшая часть истории, элемент, повторяющийся в одной традиции. Большинство мотивов делятся на три группы. Первая группа представляет собой персонажей рассказов: боги, невиданные животные, шаманы, оборотни, пророки или же традиционные герои. Мотивы второй группы составляет имеющий отношение к сюжету контекст: волшебные предметы, удивительные традиции, идеалы и пр. Третья группа – это отдельно взятые события, эта группа включает в себя большинство мотивов. Эта группа могла бы существовать независимо и использоваться для достоверного описания событий».[2, с. 573] На основании выше сказанного, мы разделили мотивы на три типа: мотивы образов, мотивы обстоятельств и сюжетные мотивы.

1)Мотивы образов

Вэпосе «Манас» встречаются многочисленные мотивы образов, как, например, герои, обладающие сверхъестественной силой, волшебные животные, предсказатели, волшебные девы и другие образы. Классическим примером мотива образа является образ волшебной девы. В древних мифах киргизского народа есть богиня кайып, покровительница животных, которой молились перед охотой, считалось, что она защищала всех животных и охотничьих собак. Гора, на которой она жила, также называется Кайып. Поскольку здесь жила покровительница животных, эта гора со временем превратилась в священное место обитания бессмертных. Небожители горы Кайып были наделены сверхъестественными силами: они могли превращаться в птиц, у них были волшебные одежды и ковры-самолеты, позволявшие человеку летать. Айчурек, о которой говорится в

90

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]