- •1.1-Тақырып: Амандасу.
- •1.2 -Тақырып: Танысу.
- •1.3-Тақырып: Кешірім. Өтініш. Алғыс. Келісу. Қарсылық білдіру. Құптау. Құптамау.
- •2.1-Тақырып: Өзім туралы.
- •2.2-Тақырып: Досым туралы.
- •2.3-Тақырып: Отбасы.
- •2.4-Тақырып: Мекенжай (Біздің үй. Менің бөлмем).
- •Біздің үйіміз
- •3.1-Тақырып: Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн.
- •Жыл мезгілдері
- •3.2-Тақырып: Сағат неше?
- •3.3-Тақырып: Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс.
- •Демалыс күні
- •3.4-Тақырып: Мереке күндері.
- •Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері
- •3.5-Тақырып: Шақыру, құттықтау, тілек айту.
- •4.1-Тақырып: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Мерекелік дастархан
- •4.2-Тақырып: Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).
- •5.1-Тақырып: Дене мүшелері (мәтін құру).
- •Дене мүшелері
- •5.2-Тақырып: Емханада. Ауруханада.
- •6.1-Тақырып: Менің туған ауылым (орналасқан жері, табиғаты).
- •Алматы қаласы
- •6.4-Тақырып: Әмбебап дүкенінде. Базарда.
- •6.5-Тақырып: Мұражайда.
- •6.6-Тақырып: Кітапханада.
- •6.7-Тақырып: Саябақта.
- •6.8-Тақырып: Театрда.
- •7.1- Тақырып: Менің елім - Қазақстан.
- •7.2-Тақырып: Ел рәміздері.
- •7.3-Тақырып: Елордасы – Астана қаласы.
- •7.4-Тақырып:Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт-дәстүрі.
- •7.5-Тақырып: Қазақстанның мәдениеті. Ұлттық өнері.
- •7.6-Тақырып: Қазақстанның өнеркәсібі.
- •7.7-Тақырып: Ұлы адамдар өмірінен.
- •8.1-Тақырып: Біздің университет.
- •8.2-Тақырып: Менің мамандығым.
Тәжірибешілік сабақтардың тапсырмалары мен жаттығулары
1.1-Тақырып: Амандасу.
1 - тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:
Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет, кездесу; Сәлеметсіз бе?Сәлеметсіз бе?Халіңіз қалай?Шүкір, жақсы.Кездескенше сау болыңыз!Сау болыңыз!
2 – тапсырма. а)Жуан, жіңішке дауыстылар аралас сөздерді дұрыс айтып жаттығыңыз:
Дәрісханада, дәрісхананың, кітаптарды. ә) Жіңішке дауысты дыбыстарды жазыңыз; б)Жуан дауысты дыбыстарды жазыңыз; в) Орыс тілінде жоқ дауыстыларды жазыңыз.
3 – тапсырма. Қазақ тіліне тән дыбыстармен 5 ер және 5 әйел атын жазыңыз:
1.2 -Тақырып: Танысу.
1 – тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:
Ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол
-Таныс болайық. Сіздің атыңыз кім?Менің атым – Гүлнәр.Сіздің атыңыз кім?Менің атым – Ержан.Өте жақсы.Танысқаныма қуаныштымын.
2 – тапсырма.Мына сөздерді оқыңыз, орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі Ы дыбыстарын айтудағы айырмашылықтарға көңіл бөліңіз. Прочтите, обращая внимание на разницу произношение русского-Ы и казахского-Ы:
[1, 20-б. 3-жаттығу]
Жир – жыр Сыр – сыр Сын – сын Жил – жыл Дым – дым
3 – тапсырма. Ы және І артикуляциясындағы ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Прочтите, объясните разницу в артикуляции Ы и І: [1, 21-б. 7-жаттығу]
Ыс – іс Ыл – іл Тыс – тіс Сыз – сіз Ызыл – ізсіз
1.3-Тақырып: Кешірім. Өтініш. Алғыс. Келісу. Қарсылық білдіру. Құптау. Құптамау.
1 – тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:
- Кешірім, ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы болмау, жоқ, келісу, әрине, келіспеу, құптау.
- Кешіріңіз, кіруге бола ма? Кіріңіз. Ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін. Оқасы жоқ, не айтайын деп едіңіз? Айтып жіберіңізші, сағат қанша болды? Сағат 8-ден 5 минут кетті. Сізбен әңгімелесуге бола ма? Жоқ, уақытым жоқ. Кешіріңіз, әңгімелесуге уақытым жоқ.
2 – тапсырма. Ы және І дыбыстарының айтылудағы ерекшеліктеріне көңіл бөле отырып, мына сөздерді оқыңыз. Прочтите, обращая внимание на произношение звуков Ұ и Ү: [1, 71-б. 5-жаттығу]
ұқ- үк, ұн – үн, ұр – үр, ұш – үш, құн – күн, сұр – сүр, тұр – түр.
2.1-Тақырып: Өзім туралы.
1 – тапсырма. «Өзім туралы» тақырыбына шығарма жазыңыз.
Мына сұрақтар қамтылсын:
-фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты кім?
- туған жеріңіз қайда?, жасыңыз нешеде?
-қайда оқып жүрсіз, нешінші курста?, қайда жұмыс істеп жүрсіз?
-аға, апа, іні, қарындастарыңыз барма?
-олардың жастары нешеде?
-олар не істеп жүр?, ата-анаңыз не істеп жүр?
2 – тапсырма. Ғ - Қ, Х - Қ артикуляциялық ерекшеліктерін оқыныз, түсіндіріңіз [1, 31-б. 3-жаттығу]:
Баға – бақа қат – хат ғана – қана қал – хал
таға – тақа қош – хош жаға – жақын Қасен – Хасен
3 – тапсырма. Жіктік жалғаулардың лайықтысын жалғап, жекешесін бір бағанға, көпшесін екінші бағанға көшіріп жазыңыз [1, 158-б. 15-жаттығу] :
Мен абзал... . Біз егіз... . Мен мұғалім... . Біз дәрігер... . Мен жігіт... . Мен қазақ... . Мен жалқау... . Мен елуде... . Біз жас... . Мен студент... . Мен жаман... . Біз қонақ... . Біз еркек... . Мен күшті... . Мен Ораз... . Біз отызда... .
4 – тапсырма. Төмендегі сөздерді жіктеңіз: (Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. «Казахский язык для всех» Основной курс. 158-б. 17-жаттығу)
Бірінші, мұғалім, үлкен, адам, жас.