Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu срс.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
35.64 Кб
Скачать

Тақырып 13 – Қазақстан Республикасы территориясында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдар

1. Қазақстан республикасында тыйым салынған діни ұйымдар тізбесі

• «Асбат-әл-Ансар»

• «Мұсылман ағайындар»

• «Әлеуметік реформалар қоғамы»

• «Орталық Азия можахедтер жамағаты»

• «Лашкар-и-Тайба»

• «Шығыс Түркістан ислам партиясы»

• «Өзбекстанның ислам қозғалысы»

• «Аум Сенрике»

• «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы»

• «Күрдтік халықтық конгресс»

• «Халифат сарбаздары»

• «Аль-Каида»

• «Сенім. Білім. Өмір»

• «АУМ Синрикё»

2. Әл-Қағида (араб.: القاعدة‎‎‎, al-qāʿidah, IPA: /ælˈqɑːʕɪdɐ/ — «негіз», «қағида», «фундамент». Сонымен қатар орысшаға еліктеп «аль-Каида», «әл-Каида» деп те аталуы мүмкін) — ең ірі халықаралық ультрарадикалды лаңкестік ұйымдардың бірі[1].

1988 жылы құрылған. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуынан кейін, «әл-Қағида» өз күресін АҚШ-қа, «Батыс әлемінің» басқа да елдеріне және Ислам елдеріндегі олардың жақтастарына бағыттады. Ұйымның мақсаты Ислам елдеріндегі зайырлы режимдерді құлатып, «Ұлы Ислам халифатын» құру болып табылады[1] Целью организации является свержение светских режимов в исламских странах, создание «Великого исламского халифата».

1998 жылы Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшіліктеріндегі жарылыстардан кейін, Әл-Қағида әлемдегі №1 террористік ұйым атағына иемденді. «Әл-Қағиданың» мойнында бірқатар террористік актілерді жоспарлау мен орындау бар, оның ішінде Құрама Штаттардағы 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілер бар. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде шабуылдан кейін басталған және «әл-Қағиданың» әрекеттерімен және оларды оларды тоқтату шараларымен байланысты оқиғалар тізбегі Лаңкестікке қарсы соғыс деген атаумен белгілі.

3. Экстремизм

(лат. тіл. – «шеткі») – адамның басқа түсініктерді, сенімдерді, дәстүрлер мен құндылықтарды қабылдамауға түрткі болатын белгілі бір сенімдер мен идеяларға деген шектен тыс радикалды көзқарас жолын ұстаунуы.

Терроризм (лаңкестік)

(лат. тіл. – «үрей, қорқыныш», «қорқыту») – экстремизмнің шеткі көрінісі. Терроризм (лаңкестік) саяси мақсатқа жету жолындағы аса қатігездік, қорқыту, күштеу әдістерін қолданады.

Толеранттылық

(лат. тіл. – «төзімділік») – басқалардың тұрмыс қалпына, мінез-құлқына, әдет-ғұрып, сеніміне, сезіміне, пікіріне, идеясына төзімділік таныту.

Секта

(лат. тіл. – «мектеп», «ілім») – негізгі (қалыптасқан, басым) діни бағытқа қарама-қарсы бағытта пайда болған діни бірлестіктің ерекше түрі. Секталар үшін қоғамнан оқшаулану және доктринаның, идеялық қағидаттарының, құндылықтарының өзгешелігі жөніндегі талап қоюы тән.

Магия

адамдар мен қоршаған әлемге ықпал ету мүмкіндігі бар сеніммен байланысты түсініктер мен рәсімдер жиынтығы.

Миссионерлік

(лат.– «жіберу», «тапсырма») – басқа діни сенім өкілдері немесе тіпті сенім білдірмеушілер арасында өздерінің діни ілімін діни бірлестіктер атынан уағыздайтын тұлғалардың қызметі.

Тақырып 14 – Дін және жастар

1. Жалпы, дін дегеніміз – тұңғиық теңіз. Оның тереңінде еркін сүңгіп жүру үшін көп оқып, ілім-білім жинауымыз қажет. Сондай әлемдегі көп діннің ішіндегі асыл дініміз пайдасын санамалап айтып бітіру тіптен мүмкін емес. Ислам дінінің ішінде әсіресе, Орта Азия халықтары ұстанатын төрт мәзһәб өкілдерінің бастарын иіп тұрып мойындайтын Мәзһәб болып табылады. Бір қуантарлығы, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жастардың исламға бет бұруы қуантарлық жайт. Әсіресе, еліміздің Оңтүстік өңірлеріндегі жастардың исламға жаппай бет бұруын көзім шалған болатын. Мысалы, Алматы қаласындағы орталық мешітте намаз уақыты келгенде азан шақырыла бастаған тұста жастардың мешітке ағылуы, даңғарадай мешіттің ішіне сыймай, ауласында жамағатпен намаз оқуы көңіліңді бір серпілтіп тастары сөзсіз.  Ал біздің Қазақстанымыздың Батыс өңірінде, мүмкін Еуропамен шекаралас жатқандықтан шығар, дінге деген көзқарас өзгерек, үлкендер жағы кеңес үкіметінің атеистік саясатының құрсауынан шыға алмай, жастардың дінге бет бұруына шоши қарайтындары да бар. Шоши қарауының да бір себебі, олардың қазіргі таңдағы еліміздің түрлі кертартпа діндерге бой алдыруында, сол себептен олар жастардың қай бағытты ұстанғанын білмей әлек болады. Қазіргі уақытта осындай асыл дінімзді бұрмалап, өздерінше ұйым жасап, бизнес көріп, табыс көздеріне айналдырып отырғандар да жоқ емес. Осындай себептердің салдарынан қылшылдаған жастардың кейбірі қайсысы дұрыс бағыт, қайсысы бұрыс бағыт екендігін айыра алмай бастары шыр айналушылар да ұшырасады.  Бұндай оқиғаларды көзімізбен көрмесек те, құлағымыз шалып қалған кездерде ішіміз удай ашып, осындай кертартпа ұйымдардың негізін салушыларға ашу-ызамыз қара қазандай екендігі сөзсіз.  Жалпы, ислам дінінің дұрыс бағытын берік ұстанған адамның баратын жері жәннат болатыны сөзсіз. Қазіргі жастарымызға ислам дінінің әсері егер дұрыс бағытын ұстанған болса, әрине жақсы жағынан, ал егер кертартпа бағытын ұстанған болса, ол әрине кері әсерін тигізері анық. Екеуі де мінез-құлықтың сәл болса да өзгеруіне әсер етеді, ал мінез артынан іс-әрекеті кететіні тағы бар.  Сол себептен замандастарым, дінге бет бұрмас бұрын немесе бір нәрсеге күмәнмен қараған жағдайда, кез-келген адамнан емес, мешіт имамдарымен ақылдасқан жөн болар.