- •1.Тақырып.Экономикалық теория пәні мен әдістері
- •2.Тақырып. Қоғамдық өндіріс факторлары
- •3.Тақырып. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік
- •Тақырып 4. Қоғамдық шаруашылық нысандары.
- •Тақырып 5. Тауарлы шаруашылық. Ақша
- •Тақырып 6. Нарық: түрлері, құрылымы, үлгісі.
- •7.Тақырып. Сұраныс және ұсыныс
- •8. Тақырып. Бәсеке және монополия
- •Тақырып. Капитал (қорлар).
- •10.Тақырып. Өндіріс шығындары.
- •Тақырып 11. Өндіріс факторларынан түсетін табыстар
- •12.Тақырыптың аты – Ұлттық экономика жүйе ретінде
- •13.Тақырып. Экономикалық өсу, экономикалық цикл.
- •14.Тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: жұмыссыздық және инфляция
- •15.Тақырып. Мемлекеттік реттеу: мәні , мақсаты, құралдары.
- •16.Тақырып. Ақша несие жүйесі
- •17.Тақырып. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржы саясаты
- •18.Тақырып.Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері.
|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА | |
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ |
1.Тақырып.Экономикалық теория пәні мен әдістері
Негізгі әдебиеттер:
|
Қосымша әдебиеттер:
|
Құқықтық нормативті актілер |
Шеденов Ө.Қ.,Сагындыков Ғ.Н.,Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С.Комягин Б.И.«Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе-2004 А –Полиграфия, 5-20 беттер |
Самуэльсон П. «Экономика» М., Прогресс, 1996 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 6 маусым N 125 |
Макконелл К. «Экономикс» М., Республика, 2002 |
Калдыбаев О.К., Темибаев А.Р. «Экономика предприятия» Учебное пособие Алматы: Санат,2004 |
Қазақстан Республикасының (2008 ж., 4 желтоқсан, № 95-IV) Бюджет Кодексі |
Сабақтың мақсаты
Экономикалық оқиғалар мәні, түрлі экономикалық жүйелердегі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық заңдылықтары туралы ойлау қабілетін бекіту.
Экономикалық теорияның басқа да ғылымдармен ара қатынасын түсіндіру.
Экономикалық теорияның дамуының негізгі сатылары: меркантилизм, физиократия, классикалық мектеп, маркстік экономикалық ілім, неоклассикалық теорияның дамуы туралы түсініктерді ашып көрсету. Экономика шаруашылық жүргізу процесінде туындайтын адамдар арасындағы қатынастар.
Оқытудың міндеттері:
Экономикалық теория дағдыларын тұтас бір жүйе ретінде қалыптастыру; экономикалық мәселелер бойынша пікір сайыстар ұйымдастыру
Экономикалық процестер негізінде алған білімдерін қазіргі экономикамен байланыстыра зерделеу.
Сөз алған курстасына сұрақ құрастыра білу және сұрақ қоя білу,оқытушының және студенттің сұрағына жауап
Тест тапсырмасымен,кейс-стади,дисскусия сұрақтарымен жұмыс істей білу
Негізгі түсініктер: Шектеулі ресурстар, өндіріс факторлары
Жаңа түсініктер:Меркантилизм,физиократия,монетаризм,индукция,дедукция,талдау,
сұрыптау,ғылыми абстракция.
Қарастыратын негізгі сұрақтары
Экономикалық теория экономика жүйесіндегі пән.
Экономикалық теорияның шығуы мен негізгі даму жолдары.
Қоғамдық өндірістің факторлары мен нәтижелері.
Өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері.
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
Оқытудың әдістері: Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, ойын, кейс-стади,дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Семинар сабақ ойын түрде өткізу. Ұлы ғалымдар-ойыны
Ойынның мақсаты:
Экономика ғалымдарының ойларымен таныстыру:
Ф. Кенэ,А.Тюрго,Д.Рикардо,Т.Мальтус,К.Маркс,В.Ленин,К.Менгер, Д.Кларк және т.б.
2.Экономикалық теорияның даму кезеңдегі мектептер:Физиократия,классикалық және тарихи мектептері, марксизм, маржинализм, институционализм.
Экономика-ғалымдарының айтылған нақыл сөздеріне қысқаша сипаттама келтіру:
Франсуа Кенэ-физиократттар мектебінің өкілі, өндіріс факторы –бұл табиғат, жер,еңбек өнімі-ауыл шаруашылығы.
Анн Робер Жак Тюрго-физиократ, капитал -ссудалық пайыз алғашқы анықтама берген.
Давид Рикардо-классикалық мектептің өкілі, негізгі ережелері:1) тауардың құндылығы –оған жұмсаған еңбекшығынымен анықталады; 2)еркін бәсеке-экономиканың тиімді қызмет етуі және оның дамуы үшін өте қажет.
Томас Роберт Мальтус- классикалық мектептің өкілі,халық саны туралы тұжырымның авторы,бұл тұжырым бойынша кедей топтар санының шектен тыс артуы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселенің негізгі себебі болып табылады.
Карл Маркс-классикалық және социализм өкілі, «Тұрақты капитал»және «Эксплуатация»түсініктерін енгзді
Владимир Ленин-марксист, пролетариаттық революция арқылы монополиялық капитализмнен коммунизмге өту тұжырымдамасын авторы
Карл Менгер-маржинализм өкілі, жоғары реттегі (шиккізатттар,еңбек құралдары,еңбек) игіліктер құндылығын соңғы өнім құндылығынан шығарған автор
Джон Кларк-маржиналист, Ең алғаш еңбек және капиталды өндіріс факторы ретінде теңдей қарастырған экономист
Ойынның шарты:
Ойынды ойнау үшін 8 экономисттердің нақыл сөздерді білуі және карточкалар қажет.Карточкада әр экономист-ғалымдардың айтылған нақыл сөздерінің авторын табу керек.
Карточка сұрақтары:
Халық өз қиындықтырының ең басты себепкері болып табылады
Мемлекетте тек саудагерлер мен қолөнершілер тұратын болса,жер өнімдерінен түсетін табысты тек сырттан аламыз
Құн субъективті өзінің болмысымен ғана емес, ол субъективті - әрине өз мөлшерімен де
Адам еңбегі құнды қалыптастырады,бірақ еңбек құн емес.Құн затты пішінде болады.
Соңғы құрал алғашқы құралға қарағанда адам өнімділігіне қарағанда аз әсер етеді
Капиталдың тезайналым жылдамдығына байланысты негізгі немесе айнымалы капиталға жатқызылады
жалақының мөлшері Жеке және еркін бәсеке байланысты белгіленеді
Мемлекет түрлі қарама-қайшылықтарының пайда болу себебі және өнімі болып табылады
Пайыз бағасын барлық еңбек,жерді өңдеу,өнеркәсіп,сауда,,тоқтаған кездегі деңгейден төмен жағдай ретінде қарастыруға болады
Пайдалылық-бұл адам қажеттілігін қанағаттандыру,сондықтан барлық игілікке тән болып табылады
Капиталдың өндіріс құралы айналатыфн бөлігі өз құндылығын өзгертпейді
Егер адам жұмыс істемесе-онда тамақтануға құқы жоқ
Пайыздық займ-дегеніміз сауда,займ берушы-сатушы,займ алушы-тұтынушы
Тігінші-киім тігеді,етікші-етік шығарады
Экономисттер мен нақыл сөздер
Ф. Кенэ-2 А.Тюрго Д.Рикардо-6 Т.Мальтус-1
К.Маркс-4 В.Ленин К.Менгер-3 Д.Кларк-5
Кейс-стади
АҚ ЕБ «Сбербанктің» алға қойып отырған стратегиялық мақсаттарының бірі – рыноктағы үлесін дамыту. Сонымен бірге Қазақстандағы, Белоруссиядағы, Украинадағы халықаралық банктеріндегі түсімнің «Сбербанктің» 2013 жылдың аяғында шығатын жалпы таза түсімінің 5 пайыздық үлесін қамтуға қол жеткізу мақсаты бар. Осы позициядан алғанда әрбір елдің аумағындағы бизнесімізді арттыру қажеттілігі айқын. Бүгінгі күні Қазақстан рыногының .«Сбербанк» 2 пайыздық үлесін алып отыр, Әрине, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан экономикаларын қарастыратын болсақ, соңғы 3 жылда оларда өсім бар екені көрініп тұр.
2010 жылдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ активтері 2010 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 13 пайызға артып, 221,3 млрд. теңгеден 250,0 млрд. теңгеге дейін өсті. Осы мерзімде заңды тұлғалардың салымы 30%-ға артып, 115,1 млрд. теңгеден 150,1 млрд. теңгеге жетті. Клиненттерге берілген кредиттер 59,7%-ға артып, 96,5 млрд. теңгеден 154,1 млрд. теңгеге дейін өсті. 2010 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша банктің өз капиталы 37,8 млрд. теңгені құрады, жыл басынан бергі осы мерзімдегі таза табысы 806,6 млн. теңгеге жетті. 2010 жылдың 1 қарашасында Қазақстандағы рейтингі бойынша банк өз капиталы бойынша – 8 орын, таза табыс бойынша – 11 орын және активінің көлемі бойынша 11 орын алады. Қазақстанда істеген 4 жылдың ішінде біз 0,2 пайыздық үлестен, жоғарыда айтқанымдай 2 пайыздық үлеске қол жеткізді. «Сбербанктің» -мақсаты ай сайын активтерін арттыра түсу. Өзбекстан, Тәжікстан сияқты жақын шетелдерде трансшекаралық аумақтарда да кредиттеу мүмкіндігін қарастыруды банктер жоспарлап отыр. Қазақстанның кейбір ірі компаниялары сол жерлерде өздерінің бизнесін ашқан, сондықтан олардың бизнес-жобаларын қаржыландыру керек. Ұлттық банктің реттеуші ретіндегі күш-жігерінің арқасында экономиканың, банк секторының оңалуына жағдай туғызылғанын көріп отырмыз. Сонымен қатар, Қазақстанда тұрып, жұмыс істейтін адам ретінде «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өте көп кредиттік тапсырыстардың беріліп жатқанын бақылаудың өзі жағымды әсер береді. Банктердің өзі дағдарыстың кәсіпкерлікке деген құштарлықты жоя алмағанын көрсетеді. Жалпы алғанда «Сбербанктің» Қазақстан экономикасы нақты секторын қаржыландыруы 2010 жылдың қыркүйек айында тамызға қарағанда 3 пайызға, ал қазанда қыркүйекке қарағанда 6 пайызға артты. Біздің болжамымыз бойынша заңды тұлғаларды қаржыландыру портфелінің өсімі 45 пайызға артуға тиісті. Ал жеке тұлғаларды қаржыландырудың өсімі осы уақыт аралығында 9,5 пайызға артпақ.
Егер бюджет түсімінің құрылымын қарастыратын болсақ Ресейде де, Қазақстанда да ол негізінен шикізатты сатудан түсетін табыстан тұрады. Ал күшті экономика әртараптандырылған, бәсекеге төтеп бере алатын экономика екендігі даусыз. Сондықтан Президент Н.Назарбаев өткен жылы үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бағдарламаға қол қойып, оны іске асыратын негізгі салаларды белгіледі. Осының өзі өте маңызды. Бүгінгі күні Қазақстанның дүкендеріне енсеңіз, жеңіл өнеркәсіпте өндірілген тауарлардың 2/3 Түркия мен Қытайда шығарылғанын көреміз. Ал соларды шығаратын шикізат қоры өте бай Қазақстан өздерінде шығарса, шет елдердікінен сапасы кем болмас еді деп ойлаймын. Ол үшін әрине, бағдарламалар қабылданып, жаңа технологияларды меңгеру керек. Міне, бізге бүгінгі күні жетпейтіні осылар және оны еңсеру жолында бәріміз біріге жұмыс істеудеміз.
Талқылау үшін сұрақтар:
Сіз Қазақстан экономикасының перспективаларын қалай бағалайсыз?
Қазақстан экономикасының өсімінің оң жақтарын атаңыздар.
Сіздің ойыңызша, банк жүйесінің дамуы немен байланысты?
Қазақстандағы«Сбербанктің» табыстың сыры неде деп ойлайсыз?
Қазақстанның қаржылық рыногында сіз қандай бизнестерді дамыту керек деп ойлайсыз?
Дисскусия
Кез-келген мемлекеттің экономикасын алатын болсақ дамыған,дамушы,артта қалған болып бөлінеді.
Қазақстанның мемлекетінің экономикасы қай түріне жатады?
Дамыған мемлекеттер қатарына кіру үшін не қажет?
Егер сізге практиканы медицина саласында шетелде өтуге мүмкіндік берсе, қай мемлекетті таңдайсыз,неге?
Карточкамен жұмыс:Төменде көрсетілген анықтамалардың дұрыс жауабын көрсетіңіз:
1 |
Талдау- |
-зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. |
2 |
Синтездеу- |
- экономикалық құбылыстарды жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі ретінде зерттеу. |
3 |
Индукция- |
-бұлэкономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіріп, біртұтас зерттеу.
|
4 |
Дедукция- |
-жеке оқиғадан, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, қағидалар шығару. |
5 |
Ғылыми абстракция - |
жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. |
Карточкамен жұмыс:Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басымдылықтарын, мақсаттарын және құралдарын анықтаңыз.
Қазақстан-2050 даму стратегиясы | ||
Басымдықтары:
|
Мақсаттары: |
Құралдары:
|
Қорытынды: Қарастырылған негізгі сұрақтар талқыланды,ойын,кейс-стади,дисскусияға студенттер белсенділік танытты. Экономикалық оқиғалар мәні, түрлі экономикалық жүйелердегі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық заңдылықтары туралы білім алды.
Экономикалық теорияның дамуының негізгі сатыларын туралы ақпараттандырылды Сонымен қатарэкономиканың қалыптасуыжайлы терең ой қалыптастырды.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тесттік тапсырмалар:
1. Қандай анықтама экономикалық теорияның зерттеу пәнін дәл анықтайды?
а) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің динамикасы туралы ғылым
б) адам іс-әрекетінің құлшыныстары туралы ғылым
в) игіліктерді өндщіру және бөлу туралы ғылым
г) ресурстардың шектеулілігі жағдайында қоғам дамуының жалпы заңдары туралы ғылым
д) ақша ресурстарын басқару туралы ғылым
2. “Политэкономия” терминін өз еңбегінде ең алғаш қолданған кім?
а) адам смит
б) антуан де монкретьен
в) аристотель
г) карл маркс
д) альфред маршалл
3. “Экономикс” терминін өз еңбегінде қолданысқа енгізген кім?
а) Жан Батист Сэй
б) Артур Фон Хайек
в) Альфред Маршалл
г) Джон Мейнард Кейнс
д) Пол Самуэльсон
4. Экономикалық теорияның тарихи ең алғаш қалыптасқан мектебі қандай?
а) марксизм
б) меркантилизм
в) кейнстік ілім
г) классикалық политэкономия
д) монетаризм
5. Байлықтың көзі- ауыл шаруашылығы өнімдері мен табиғи ресурстар деп санаған экономикалық мектеп:
а) физиократтар
б) меркантилизм
в) монетаризм
г) институционализм
д) маржинализм
6. Институционалдық пікір бойынша экономикалық талдауда келесі мәселелер қаралуы тиіс:
а) әлеуметтік
б) этикалық
в) құқықтық
г) саяси
д) әлеуметтік, этикалық, құқықтық, саяси
7. Экономиканың жекелеген субъектілері деңгейінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды оқытатын бөлім:
а) микроэкономика
б) менеджмент
в) макроэкономика
г) маркетинг
д) мегоэкономика
8. Экономика ғылымының әдісі түсінігін қамтиды:
а) пәннің құрылымы
б) нақты мәліметтер жиынтығы
в) барлық танымдық құралдарды оптималды пайдалану тәсілдері
г) ғалымның дүниетанымдық ұстанымдары
д) шаруашылық процестер арасында туындайтын байланыстарды дұрыс әрі терең түсінуге мүмкіндік беретін ғылыми құралдар
9. Ғылыми абстракция әдісінің мазмұны қандай?
а) зерттелетін процесс туралы біздің ойымызды кездейсоқ және өтпелі мәліметтерден арылту
б) зерттелетін процестің аса елеулі жақтарын бөліп алып, кездейсоқ және екінші ретті жағдайлардан бас тарту
в) экономикалық процестерді модельдеу
г) тәжірибе жасау
д) зерттелетін құбылысты жекелеген элементтерге бөлу
10. Егер экономикалық жалпылау мәліметтерге сүйенетін болса, онда ол- :
а) бақылау
б) ғылыми абстракция
в) дедукция
г) индукция
д) экономикалық- математикалық модельдеу
11. Экономикалық заңдар дегеніміз не?
а) экономикалық құбылыстардың елеулі жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін ғылыми абстракция
б) экономикалық құбылыстар туралы формальды түсініктер
в) өндірістік қатынастардағы елеулі және тұрақты байланыстар
г) себеп-салдарлы байланыстар
д) экономкалық қатынастарды реттейтін құқықтық заңдар
12. Экономикалық категориялар дегеніміз не?
а) өндірістік қатынастардың әртүрлі жақтарын сипаттайтын ғылыми абстракция
б) түсініктерді субъективті бағалау
в) қарапайым пікірлер
г) себеп-салдарлы байланыстар
д) экономикалық құбылыстар туралы формальды түсініктер
13. Макроэкономиканың зерттейтін мәселесі:
а) экономикадағы мемлекеттің рөлі
б) жалпы ұлттық экономикадағы процестер
в) адамзаттың экономикалық дамуының жаһандық мәселелері
г) политэкономия алғаш қалыптасқан кездегі мәселелер
д) баға қою механизмі
14. Дедукция дегеніміз не?
а) экономикалық құбылыстырға тарихи ұстанымды қолдану
б) жекелеген ұстанымдардан жалпы жағдайлар шығару
в) қарапайым пікірлер
г) экономкалық процестерді модельдеу
д) жалпы дағдайлардың негізінде жеке пікірлер шығару
15. Синтездеу әдісін қалай түсіндіруге болады?
а) экономкалық процестерді модельдеу
б) жалпы дағдайлардың негізінде жеке пікірлерді негіздеу
в) тәжірибе жасау
г) жекелеген элементтерді біртұтастылыққа біріктіру және оларды өзара байланыста зерттеу
д) құбылысты жекелеген бөліктерге бөліп зерттеу