Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

69

.pdf
Скачиваний:
4
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.44 Mб
Скачать

құруды қолға алды. Саяси партиялар мен бірлестіктер заңды түрде жұмыс істеуге мәртебе алды. Қазақстандағы көппартиялықтың дамуына зор әсер еткен 1998 жылғы қазанның 7-і күні ҚР КонституциясынаенгізілгенЗаңболды.ОсыЗаңбойыншаҚРпарламентіМәжілісіне«ондепутатбарабар өкілдік жүйесібойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлауокругініңаумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады» деп жарияланды. Осы Заң қабылданған соң бір жылдан кейін, 1999 жылдың 10-шы қазанында Қазақстанда ең алғашқы көппартиялық негізде Парламентке жалпыхалықтық сайлау өткізілді. Елдің Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл күнді: «Осы сайлау біздің Қазақстан үшін көппартиялық демократияның туған күні» - деп атады. Сол күнгі сайлаудан бастап еліміздегі саяси партиялардың өкілдері ҚазақстанРеспубликасы парламентіМәжілісіндегі депутаттық орындарға сайланатын болды. Бұл еліміздегі демократияның негізгі белгілерінің бірі — көппартиялықтыңқалыптасуының бастыкөрінісіболып табылады. 2006жылы 22желтоқсанда«Отан» партиясының кезектен тыс съезінде Қазақстан қоғамындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен «Асар», Азаматтық және Аграрлық партиялар «Отан» партиясымен қосылып, біртұтас саяси партияға айналды. Съездегі осы партиялардың 346 делегаты партияның «Нұр Отан» деген жаңа атын мақұлдап бекітті. Қазақстан Конституциясына 2007 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгертулер бойынша, Мәжіліске 98 депутат партиялық тізім негізінде сайланатын болды. 2007жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» жетекші саяси партия болып қалыптасты. Бұл партия бүгінгі таңда Қазақстандағы ең қуатты, халықты көп қамтыған, ұйымшыл қоғамдық-саяси күш.

Қазақстанда 2007 жылы Парламенттің екі палатасында да депутаттар саны көбейтіліп, премьерді таңдау кезінде саяси партия фракциялары президентпен кеңесу мүмкіндігін алды. Дегенмен тұтастай алып қарағанда, конституциялық реформа керісінше саяси-билік жүйесінде, әсіресе 2010 жылы Ұлт Лидері статусы арқылы президент дәрежесін көтерді. [13]

2007 жылдың 16 мамырында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, елдің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын депутаттардың қарауына ұсынды.

Елбасы: Мен Конституцияға өзгерістер енгізуде басқару жүйесі президенттік республика ретінде сақталып, бірақ Парламент өкілеттігін мейлінше кеңейту бағытындағы жолмен жүруді ұсынамын. Бұл бізді президенттік республикадан президенттік-парламенттік моделге көшіретін болады, - деп мәлімдеді.[14]

Конституцияға енген түзетулер әлемдік саяси жүйенің өзгерістеріне жауап беруге, мемлекет және азаматтық қоғам институттары арасындағы арақатынасты нығайтуға, заң шығарушы биліктің дәрежесін көтеруге тиісті болды.

Өткізілген реформалар әрі қарай мемлекет институтары мен қоғамды демократияландыруға бағытталған. Конституцияға өзгертулер енгізілгеннен кейін парламент Қазақстан Республикасының Президенті туралы, Қазақстан Республикасының Парламенті және депутаттар статусы туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы, Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы заңдар жинағы қабылданды.

Мемлекет басшысы Мәжіліс санын 107 депутатқа дейін көбейтуді ұсынды, яғни 98 депутат пропорционалдық жүйе бойынша сайланады, ал 9 депутатты Қазақстан халықтары ассамблеясы ұсынбақ. Сондай-ақ, Сенат санын президенттік квотаны ұлғайту есебінен арттыру ұсынылып, ол 7-ден 15 депутатқа дейін көбейеді. Олардың бірқатары Қазақстан халықтары ассамблеясымен тиісті кеңесуден кейін тағайындалатын болады.[14]

Президент өкілеттілігінің біразы Парламентке берілді. Парламент Үкіметті, Конституциялық Кеңесті, Орталық Сайлау комиссиясын, Есеп комитеттін жасақтауда және жұмыстарын қадағалауда көбірек мүмкіншілікке ие болды. Сенат статусы да күшейтілді, Парламенттің Конституциялық заңдардын және Мәжіліс уақытша жұмысын тоқтатқанда заң қабылдай алады.

Ұсынылғанзаңжобасынасәйкес,ҮкіметтіжасақтаудыңжаңатәртібібойыншаПремьер-Министрді Президент саяси партиялар фракцияларымен кеңескеннен кейін және Парламент депутаттары көпшілігінің келісімінен соң тағайындайтын болады.

Үкіметті жасақтау және оның функциясының жаңа тәртібін құрудың басты салмақ парламенттің негізінде болатынын атап көрсеткім келеді. Енді Премьер-Министрді, яғни барша Үкіметті бекітудегі басты рөлді Парламент атқаратын болады.

Азаматтық қоғам институттарын жан-жақты барынша жетілдіруге және мемлекетпен арақатынасы гармонияда ұстауға бағыт алынды. Сондай-ақ, толықтай ішкі сұраныстарға жауап бере алатындай жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жаңғыртылды. Соттардың еркіндігін күшейтуге бағытталған конституциялық деңгейде сот және құқықтық реформаларға жаңа импульс берілді.

341

Өлім жазасын кесу өкілеттілігі тарылтылып, тек қана адам өліміне себеп болған террорлық әрекеттерге қатысы барларға және соғыс уақытында өте ауыр қылмыс жасағандарға қолданылатын болады. Қазақстан шарттарында сай бұл өлім жазасынан бас тартумен бірдей. [15]

Қазақстан алдыңғы қатарлы реформатор мемлекеттің бірі, мұны халықаралық рейтингтер дәлелдейді. Елбасының ұсынған «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» жүйелі бағдарламасы нақты мысал. 2017 жылдың 24-ші қаңтарында өткен мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев: Мен ұсынған бес институционалдық реформаның бірін іске асыру Үкіметке экономика саласында қосымша атқарушылық өкілеттіктер беруді көздейді. Бұл орайда қорғаныс қабілетінің, сыртқы саясаттың, мемлекеттік басқарудың, Конституцияны қорғаудың және мемлекеттік билік тармақтары арасында тиімді жұмысты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері Президенттің құзырында қала береді, – деді.[16]

Билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейліықпалететінболады.Бұлминистрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтеді. Айтылған екі бағыттың қай-қайсысы да жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін күшейтеді.

Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заң Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін арттыра түспек. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заң Кеңестің өкілеттігін мейлінше кеңейтеді. Осыған байланысты нормативтік құқықтық базаны, соның ішінде құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының жұмысын реттейтін құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу қажет, – деді Қазақстан Президенті.2018 жылдың мамыр айында Парламент заңды қабылдады. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тəуелсіздікті, аумақтық тұтастықты жəне халықаралық аренада Қазақстанның ұлт тық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын жəне Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлес тіретін конституциялық орган болып табылады.Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері президент және Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының шешімімен анықталады.

Қауiпсiздiк Кеңесiнің жəне Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешiмдері мiндеттi болып табылады жəне Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдары мен лауазымды адамдарының мүлтіксіз орындауына жатады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына оның тарихи миссиясына байланыстыҚауіпсіздікКеңесінТөрағаретіндебасқаруқұқығыөмірбойытиесілі.Бұлзаңныңеңбасты жаңалығыелбасыға,ҚазақстанРеспубликасыныңтұңғышпрезидентіне,ҚауіпсіздікКеңесінөмірбойы басқаруқұқығыберіледі.Заңнамағасай оныңқұзырынакеңесмүшелерінебұйрықберукіреді,алкеңес мүшелеріне – қазіргі президент, парламенттің екі палата спикерлері, премьер-министр, мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігінің басшысы жатады. [17]

Түркия өзінің тарихи орналасуына байланысты Сириядағы, Ирактағы жағдайларға араласуға мәжбүр. Бір жағынан осы жағдайларды Түркия өз пайдасына шешіп алғысы келеді, яғни мұсылман әлемінде мықты державаға айналудың орайы келіп түсті. Мұны Мьянмарда болған оқиғалардан бақай аламыз.ҚазіргіелпрезидентініңТүркияғаОсманимпериясытұсындағыабыройменкүштіқайтарғысы келетіндігі де жасырын емес. АҚШ-пен болған арадағы кикілжің кезінде Еуропалық мемлекеттер қолдаудың орнына керісінше қарсы шығып жатты. Бұл Түркияның ЕО-қа кіреміз деген векторынан Ресей және Қытайға ауысты. ЕО-қа кірудің басты талаптарының бірі елде толық демократияның орын алуы.Билікпарламенттіңқолындаболуытиіс.Сондықтанелдереферендумөткізіп,парламенттікбилік жүйесінен президенттікке аусуын осының көрінісі деп айта аламыз. Биліктің президенттік болуы біраз дамудытежейтінібелгілі,бірақТүркияныңжағдайындақауіпсіздіктіқамтамассызетуүшінтиімдіжол. Түркия – әскери держава екендігін ұмытпағанымыз жөн, қажет болған жағдайда өзін-өзі қорғауға шамасы жетеді. Парламенттік жүйеден президенттікке өтуді агрессия ретінде қабылдап жатқандарда жетерлік. Соңғы сәтсіз төңкеріске себепші болған әскерилердің билігін азайтып, парламентке тікелей бағындырса бұл да дұрыс шешім болатын еді деп есептейміз. Ал, Қазақстан баяу түрде президенттік жүйеден президенттік-парламенттік жүйеге ауысып келе жатыр. Мұны бірнеше факторлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, тәуелсіз мемлекетімізде бір ғана президент болды. Нұрсұлтан Назарбаев тарихи міндетіне байланысты толық парламенттік билікке ауыстыра алмас еді. Екіншіден, Қазақстан қос алып мемлекеттің ортасында орналасқан, яғни геополитика тұрғысынан билік алғашқы жылдары саясаткерлердің арасында құрмет пен абройға ие тұлғаның қолында болғаны дұрыс. Бірақ,

342

2021 жылы Қазақстан тәуелсіз ел болғанына 30 жыл толмақ. Осы уақыт ішінде жетістіктер де, кемшіліктердеорыналды.ЕуропажәнебірқатарАзиялықмемлекеттерпарламенттікжүйеніңтабысқа бастар жол екенін көрсетті. Билікті халық өзі таңдайды, халықтың өзі басқарушы. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып мәселені шеше алатын парламенттік билік жүйесі Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейді. 2020 жылғы сайлауда келетін жаңа президентпен қатар жаңа билік жүйесі орнайды деп сенеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.https://www.zakon.kz/4670367-uspekh-razvitija-strany-zavisit-ot.html Успех развития страны зависит от качества управления государством, а не формы правления

2.Саясаттану. Б.Өтемісов, Қ.Қарабала. – Ақтөбе, 2011. 193 б.

3.https://www.investopedia.com/insights/worlds-top-economies/ The World's Top 20 Economies

4. https://www.rbc.ru/opinions/politics/04/05/2016/5729ec8a9a794785aa3e7152

Феномен Трампа: как популизм и

национализм помогают в предвыборной борьбе

 

5.https://www.bbc.com/news/uk-politics-32810887Brexit: All you need to know about the UK leaving the EU

6.https://inosmi.ru/politic/20180816/243007016.html Россия и Турция объединятся в один фронт?

7.https://www.bbc.com/russian/news-37945892 ООН оценила потери от "арабской весны" в 614 млрд долларов

8.www.dw.com/ru/миграционный-кризис-в-европе/a-44427250 Миграционный кризис в Европе: осторожно, двери закрываются

9.https://news.un.org/en/story/2018/01/1000901Unemployment to remain high, quality jobs harder to find in 2018 – UN labour

agency

10.For a survey of Turkey’s problems with the United States and the EU, see Amanda Sloat, “The West’s Turkey Conundrum,” (Washington, DC: Brookings Institution, February 2018), https://www.brookings.edu/research/the-weststurkey-conundrum

11.Eduard SoleriLecha, FundaTekin, Melike Janine Sökmen, “It Takes Two to Tango: Political changes in Europe and their

Impact on Turkey’s EU bid,” (Cologne, Germany: University of Cologne, April 2018), http:// www.feuture.unikoeln.de/sites/feuture/user_upload/Online_Paper_No._17_D2.2..pdf

12.“Freedom in the World 2018: Turkey Country Report,” (Washington, DC: Freedom House, 2018), https://freedomhouse.org/report/freedom-world/2018/turkey

13.http://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysy-nursultan-nazarbaev-tungysh-prezident-ult-koshbasshysy-turaly- zannamaga-ozgerister-men-tolyktyrular-engizu-zhonindegi-zandМемлекетбасшысыНұрсұлтанНазарбаевТүңғышПрезидент, Ұлт көшбасшысы туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заңдарға қол қойған жоқ және осыған байланысты Қазақстан азаматтарына, ел Парламентіне, «НұрОтан» Халықтық-демократиялық партиясының Саяси бюросына үндеу жолдады

14.Саясаттану. Б.Өтемісов, Қ.Қарабала. – Ақтөбе, 2011. 193 б.

15.http://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysy-nursultan-nazarbaev-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysynda- soz-soilep-eldin-konstituciyasyna-ozgerister-men-tolyktyr Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының

бірлескен отырысында сөзсөйлеп, елдің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын депутаттардың қарауына ұсынды

16. http://www.akorda.kz/kz/events/memleket-basshysy-nursultan-nazarbaev-parlament-palatalarynyn-birlesken-otyrysynda- soz-soilep-eldin-konstituciyasyna-ozgerister-men-tolyktyr Мемлекетбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөзсөйлеп, елдің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын депутаттардың қарауына ұсынды

17. http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_sittings/elbasy-memlekettik-bilik-tarmaktary-arasynda- okilettikterdi-kaita-bolu-maseleleri-zhonindegi-zhumys-tobynyn-otyrysyna- katystyЕлбасыМемлекеттікбиліктармақтарыарасындаөкілеттіктердіқайтабөлумәселелеріжөніндегіжұмыстобыныңотырысын ақатысты

18. https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=38039248#pos=26;-3 ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О Совете Безопасности Республики Казахстан

343

Смаков С.Т. ҚазҰУ «Түркітану» мамандығының 4 курс студенті

Жетекші: Жанатаева Б.Г. Аға оқытушы

Әлихан Бөкейхан – мотивация бастауы

Әлихан Бөкейхан XIX ғасырдың II жартысында дүниеге келген, қазақтың маңдайына туа біткен, қазақтыңқазақтығынсақтапқалуғасүбеліүлесінқосқанұлытұлғалардыңбіріжәнебірегейі.Тарихтың қиынқыспақкезеңіндеелдіңқамыүшінормантанушы,экономист,тарихшы,этнограф,әдебиеттанушы аудармашы, саясаткер сынды қызметтерді атқарған.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — қазақ елінің саяси «Алаш» қозғалысының лидері, ұлттық Алашорда үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым ормантанушы, есепші, тарихшы, энциклопедист, этнограф, әдебиеттанудың негізін қалаушы, аудармашы, саясаткер, көсем сөз шебері. XX ғасыр басындағы қазақтың зиялы ортасын жарып шыққан мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыстың серкесі, әдебиетші Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — Алаштың саяси элитасының дамуына тікелей әсер еткен тарихи тұлға.

Алғашқы білімді Ә.Бөкейхан жергілікті молдадан алған: «Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді». Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін, ол Қарқаралыдағы үш жылдық училищені бітіреді. 1886 жылы ол Омбыдағы 4 жылдық техникалық училищеге қабылданады. Бұдан кейін ол Санкт-Петербордағы императорлық Орман институтына түсуді көздеп, Омбы техникалық училищесінің директорына өтініш хатпен барады. Ә.Бөкейханның псевдонимдері: «Қыр баласы», «Сын степей», «V», «Киргиз степняк», «Туземец», «Қ.Б.», «Ғ.Б.», «А.Б.». [1:105]

20 жасында Санкт-Петерборға келген Ә.Бөкейхан сол кездегі ресей саяси элитасының студенттік ортасында болған. Ормантану институтында оқып жүріп, Императорлық университеттің құқықтану мамандығын экстерн түрде бітіріп, В.И.Ульяновпен бірге емтиханды үздік тапсырған. Ленинді өз білгірлігімен мойындатқан Ә.Бөкейхан бұл рухани достықты қазақ шекарасын бекіту үшін де пайдаланды.

Орман институтын ойдағыдай бітіріп, Ә.Бөкейхан 1834 жылы Омбыға оралады. Осы жерде қоғам, саяси қайраткер, әдебиеттанушы, ғалым ретінде шыныға түседі. Патшалық тәртіптің қуғын-сүргініне де ұшырап, екі рет заңсыз абақтыда отырғаны белгілі.Жастайынан елдің бүгіні мен ертеңін ойлап, түн ұйқысын төрт бөліп күрескен тұлға. Мемлекеттіліктің негізі тіл, әдебиет және тарих екендігін жақсы түсінген Әлихан Бөкейхан ғылым жолына түскен. [1:105]

Әдебиеттанушы Әлихан Бөкейхан өз халқының мұң-жағдайын өте жақсы білді. Қатыгез орыс саясатының халықты жою мақсатын іштей сезіп, оның алдын алуға тырысқан. Профессор Д. Қамзабекұлының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан тапқан “Алқа” атты тарихи құжатта ғалымның шығармашыл қазақ зиялыларының басын қосып, оларға сол кезеңдегі қазақ халқының әдебиет жағдайын жіті түсіндіріп, келер қауіпті де болжап көрсеткен.

“Қазақ әдебиеті тоғыз жолдың торабында тұр. Артында бір жол, алдында мың жол. Мың жолдың ішінде өзен өрлегені де, шөлге улегені де, барса келері де, барса келмесі де бар. Қазақ әдебиетін мынау мың жолдың тарауына алып келіп, аңыртып тұрған – тұрмыс. Қазақ тұрмысы орыс тұрмысымен, орыс тұрмысы арқылы Ауропа [Еуропа] тұрмысымен соқтығуы қазақ әдебиетінің орыс әдебиеті екпініне, орыс әдебиеті арқылы Ауропа әдебиеті екпініне кез келуі тас пен жапалақтың жапалағы өлмек, әрине, қазақ тұрмысы қирамақ, әрине, қазақ әдебиеті еліктемек.”

[2:130]

Қазақ әдебиетін Еуропа әдебиетімен салыстыра отырып, егер жазушылыққа да ден қоймасақ тек ақындықтың жетегінде кетіп әдебиет қорымыз молаймайтындығын ескертеді.

“Қазақ елі Ауропа мәдениеті көзінен қарағанда мәдениет қоры, әдебиет қоры жоқ, кедей ел болғандықтан, біздің жазушыларымыз не әскерлік, не азаматтық міндетін ұмытып, құр ақындыққа қамалып қалуға мүмкін, әсіресе ақындық міндетін біле алмай, жалпы айқайдың екпінімен кетуге мүмкін.” [2:131]

Сондықтан, Абылай Ханды мысалға ала отырып, елдіктің тізгінін қолға алуға бел буады.Үзеңгілес жолдастарын шақырып, осы жолда бірге тер төгеді.

344

“Осы мүмкіндіктердің шет бүшел ғып көріп, әдебиет қазанының бір құлағына жармасып жүрген біз тоғыз ойланып, тоқсан толғанып, төмендегі пікірлерді ортаға салуды өзіміздің борышымыз деп білдік. Бұл құрғанымыз – сегіз қанат боз орда, алты қанат ақ отау емес – абылайша. Майдан, ойран, жорық дәуірінде дағарадай орда, айдай ақ отау құрып отыруға болмайды. Аттан дәуіріне абылайша керек. Жорық басылар, жаңа тұрмыс орнар, абылайша қалып, бәріміз сиятын боз орда тігілер. Бұл – келешек. Әзірге баспана – абылайша. Оқушы! Жақсы келдің. “Табалдырықты” аттап, төрге шық. “Алқаға” кір.” [2:131]

Орыс,Еуропаелдеріжоққасанайтынқазақәдебиетікерісіншебайекендігінөзіненбірғасырбұрын халықтың мұң-мұқтажын жырлаған ақындар мысалында дәлелдейді.

“Қазақ өмірінің түрлі өзгерісі, өрі, қыры, қайғысы, қуанышы, ойы, қиялы әдебиетіне түсіп отырған. Әзір тіпті тексерілмеген дәуірді қоя тұрып, соңғы дәуірді алсақ, кешегі Мұрат, Махамбет, Базар, Шортанбай, Ақан сері сықылды ақындардың елдің мұңын, зарын, ой, қиялын жырлай білген шын жыраулар екені анық.” [2:132]

Абайдай алып қазақтың бетке ұстары болғанын, дүниеге философиялық тұрғыдан қарап, тереңінен ойлайтындығынан жиын-тойға көп қатыспай осы себептен көп ешкім тани бермейтінін алға тартады.

“Қазақ әдебиетінің алыбы Абай – қазақ даласына кеулеп кіріп келе жатқан капитализмге, отаршылдыққа халықтың қанды жас төгіп, еріксіз шалған бірінші құрбаны. Ел билеп, елге ақыл айтудан бастап, өмірден үміт үзуге, тұңғиық ойға барып тірелген Абайдың өмірінің, ақындығының трагедиесі де тереңдігі осындай. Абайдың алыптығы – қыл көпірдің үстінде тұрғандығы, екі қолмен, екі үмітпен алысқандығы, сондықтан қазақ әдебиетінің ескі мағынасын, бұрынғы бағытын тереңдеткендігі, әдебиетке жаңа түр кіргізгендігі. Абай жиын-тойдың ақыны болмағандықтан, әсіресе баспасөздің жоқтығынан, Абайдың әдебиеттегі бағыты, әсіресе, түрі елге тарай алмайды.”

[2:132]

ӘлиханБөкейханныңaбайтанушыретіндегіеңбегі,ақынмұрасыныңмирасқор-жанашырыболғаны

– « Алаш» қозғалысы» атты анықтамалықта айқын көрсетіледі: «...Әлихан тұңғыш абайтанушы да болды. Абай шығармаларын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады. Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға атсалысты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 жылы Санкт-Петербургте басылып шығуына қол ұшын берген [3:22].

Әлихан Бөкейхан «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» атты мақаласында қазақ руханиятының көгіндегі жарық жұлдыз, ақындық өнердің үздік үлгісі, ұлттық мақтанышымыз – Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын алғаш рет қалың көпшілікке таныстырып, ақынныңжаңашылдық қырларын, тақырыптық ерекшеліктерін, көркемдік-поэтикалық қуатын, өзіндік өзгешеліктерін кезең-уақыттың өзекті мәселелерімен байланыста байыпты сөз етеді.

Әлихан Бөкейхан Абай әлеміне еркін еніп, ақындық өнеріне, өлеңдегі бейне-бедерлерге, құбылыскөріністерге, жан-жүрекке, сыр-сезімге маңыз береді. Ол туралы: «Өлеңдерінен көрініп тұрғандай, Абай асқақ поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың рухани шығармашылығын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ. Оның жылдың төрт мезгіліне арналған (көктем, жаз, күз, қыс) тамаша жырлары оны Еуропаның атақты ақындарының қатарына қосар еді», - деп түйін жасайды. [4]

Әдебиетке теориялық түсініктеме беруге тырысқан. “Әдебиет деген не?” мақаласында Кант философиясынан бастап Шекспир,Байрон мен Гете шығармашылықтарны зерттеп барып сұраққа жауап береді.

“Әдебиет – ескүстыбаның бес тарауының біреуі. Ескүстыба адамзаттың сұлулық сезімінен, сезім арқылы жаратылысты, өмірді ұғуға ұмтылуынан туған...”[2:137]

Әлихан Бөкейхан – қазақ ұлтының әлеуметтік рухани өмірі мен мәдениеті, ғылымы мен білімі жолында аянбай адал еңбек еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі. Оның ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді. Ол – әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын тәржімалау арқылы қазақ аударма өнеріне зор үлес қосқан қаламгер.

Әлихан Бөкейханаудармаларысан-салалы. Еуропаныңжазушылары ГидеМопассан,О.Уайльдтан бастап, орыс классик жазушылары Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, В.Г.Короленко, Д.М.Мамин-Сибиряктың туындыларын тәржімалаған. Аударма жасауының мынадай себептері өзгенің рухани дүниесімен танысу арқылы өз халқының рухани құндылықтарын таныту; әдеби және мәдени ауыс-түйіс арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды орнықтыру; рухани, мәдени ауыс-түйіс арқылы ұлттық әдебиетті жаңа сапалық деңгейге көтеру.

1913жылғы Қазақгазетінің 2-ші санында тарих дейтін– бұрынғы өткен заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің ісінен хабар беретұғын бір ілім делінген. “Қазақтың көбі оны

345

«шежіре» деп айтады. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңдымұғалім деп түсінеді. Тарих – түзу жөнді үйретуші деп айтады. Тарих халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүние де түзушіліктің кітабы. Тіршіліктің жолбасшысы деуге де болады. Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады.Тарих– елдің айнасы, тарихтанелөткенуақыттағымінін көреді. Айнажоқболса адам бет-аузын көре алмайды. Тарих жоқ болса – ел өткен күнін һәм мінін көре алмайды. Мінін көре алмаған соң, өмірін оңдай алмайды. Оңдамаған соң мәжнүн болып, құдыққа құлайды.” [5:169]

Әлихан Бөкейхан Геродоттан бастап қазақтың соңғы ханы Кенесары кезеңдерін зерттеп, келер ұрпаққа маңыздылығы жағынан өте құнды деректердің бір ұшын жинастырып кеткен. Әлихан Бөкейханның «МатериалыкисториисултанаКенесарыКасымова» аттызерттеуіаталғанкөтеріліске: «Ұлт-азаттық қозғалыс» деп тарихи баға берген тұңғыш ғылыми еңбек.

Егемендік үшін жан пида деп отаршыл саясат ұстанған Ресей империясына қарсы шыққан Кенесары көтерілісіне тікелей қатысқан сарбаздансұхбат алған. Алғысөзінде автор Кенесарының ұлтазаттық күресі қазақтың басын біріктіру үшін, Ресей отарлауына қарсы бағытталғанын ашық айтады. Зерттеудегі негізгі ақпарат Әлібеков Қалығұлдың аузынан жазып алынғаны, оның 1845-1846 жылдары соғысқа тікелей қатысқаны, бұл жайды әңгімелеп бергенде, жасы 85-те екені келтірілген.

“Выяснить настоящую физиономию Султана Кенесары Касымова - дело будущих историков. В настоящей же работе я имею в виду лишь поделиться имеющимися сведениями о последних боях Султана Кенесары Касымова. Предлагаемый рассказ записан со слов кара-киргиза Калигуллы Алибекова, участника событий 1845-1846 гг., в момент передачи рассказа ему было 85 лет. О сообщаемых Калигуллой Алибековым событиях, насколько я знаю, имеется еще только один обрывочный рассказ сына Кенесары Касымова - Ахмета Кенесарина.”[6]

“Алашорда” үкіметінің негізін қалаған Әлихан Бөкейхан мемлекетті дамытудың озық үлгілерін ұсынған. Әлихан Бөкейхан Мэйдзи бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесiнде артта қалған аграрлық елден 21 жылда әлемнiң ең дамыған мемлекетiне айналған Жапонияның тәжiрибесiн үлгi етiп, Алаш мемлекетiн 20-25 жылда әлемнiң төрiне жеткiзудi жоспарлады. Алаш көсемi жапондардың тәжiрибесiн қазақ елiне сол қалпында орната салмай, халқының өзiндiк мәдениетi мен салт-дәстүрiнiң негiзiн сақтай отырып жетiлдiрудi көздедi.[7]

«Мэйдзи төңкерiсi» немесе «Мэйдзи жаңғыруы» деп Жапонияны артта қалған аграрлық елден 21 жылдың iшiнде әлемнiң жетекшi мемлекетiнiң бiрiне айналдырған 1868-1889 жылдар аралығында iске асырылған саяси, әскери және әлеуметтiк-экономикалық реформалардың жиынтығын айтады. «Мэйдзи» саясатының нәтижесiнде қазiргi жапон ұлттық мемлекетi мен бiрегей жапон ұлты қалыптасты. Сегундар үстемдiк еткен мемлекеттiк билiктiң самурай жүйесiнен тiкелей император мен ол жасақтаған үкiмет басқаратын жүйеге көштi. «Мэйдзи жаңғыруы» iске асырылған жылдары жапондардың дәстүрлi тұрмыс-тiршiлiгi түбегейлi бұзылып, елде жедел түрде Батыс өркениетiнiң жетiстiктерi енгiзiлдi. Тұрақты армия құрылып, қару-жарақ пен соғыс техникасының, соғыс тактикасының ең үздiк үлгiлерiмен қаруланды. Терең реформалар жапон қоғамының әлеуметтiк, жер, қаржы-салық, ағарту-бiлiм беру салаларын да қамтып, ұлттық экономиканы дамытудың ең үздiк технологияларға негiзделген өнеркәсiптiк жолына түстi.[7]

Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.

Ә. Бөкейхан – негізгі күш санада деп білді. Ұлы Даланы мыңдаған жылдар мекендеген түркілердің ұрпағын ұйытатын ұран – Алаш ұраны екенін жақсы білді. Сондықтан оны саяси философияның туы ретінде халқына ұсынды: «Партия ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сөйтіп қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп тұр. Жалпықазақ сиезінің қаулысын қабыл етіп, қазақ өз алдына саяси болуын қостайтындар, сайлауда кандидат списогін «Алаш» партиясының списогі деп жүргізулері керек».[8]

Алаш партиясының бағдарламалары келесідей болған:

1. Мемлекет қалпы. Россия «демократическая, федеративная республика» болу («Демократия» мағынасы – мемлекетті жұрт билеу. «Федератсия» мағынасы – құрдас мемлекеттер бірлесу. «Федеративная республикада» әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді). Үкімет басында «Учредительное собраніе» мен «Государственная Дума» қалауыншакесімдіжылғасайланатынпрезидентболу.Президентхалықтыминистрлерарқылыбағу, ол министрлер «Учредительное собраніе» мен «Государственная Дума» алдында жауапты болу.

346

Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хақында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болады. Законды жалғыз ғана «Государственная Дума» шығаруы һәм «Государственная Дума» үкімет үстінен қарау, іс тексеруі, «запрос» (сұрау) жасау құқы да «Государственная Думада» болуы. Мемлекет салығы «Государственная Думасыз» салынбау.

2.Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республикасының федератсиялық бір ағзасы болуы. Реті келсе, Қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болуы, реті келмесе – бірден-ақ өз алдына жеке болуы. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алуы. «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милитсияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын қалауына салады. «Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарих ету жолына бастайды.

3.Негізгі құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатысыз, ешкім табалдырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық;қылмыстыболғанадамсудиябаржерде24сағатішінде,судиясызжердебіржетіден қалмай судияға тапсырылып жабылса судия үкімімен жабылуы. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болуы.

4.Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен айрылулы болуы. Дін біткенге тең құқық. Дін жаюға ерік. Кірушығу жағына бостандық. Мүфтилік қазақта өз алдына болуы. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болуы, жесір дауы сотта қаралуы.

5.Билік һәм со. Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судия жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы. Би һәм судия орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болуы; құдайдан соңғы күшті би һәм судия болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсұнуы. Айтылған үкім тез орнына келуі. Зор жазалы қылмыстар «присяжный сотпен» қаралуы.Қазақкөпжердесоттіліқазақтіліболуы.Присяжныйларқазақтаналынуы.Қырдағыауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылуы.

6.Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету; әскер тобына бөлгенде туысқан тобына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милитсия түрінде атқаруы.

7.Салық. Салық – мал, ауқат, табысқа қарай, байға байша, кедейге – кедейше әділ жолмен таратылу.

8.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болу (қазақ жерінде зауыдфабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында сотсиалдемократтардың меншевик тобының программасын жақтайды).

9.Ғылым-білім үйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу, жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы: қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы; ел ішінде кітапханалар ашылуы.

10.Жер мәселесі. «Учредительное собраніе» негізгі закон [Ата Заң немесе Конституция. Құраст.] жасағанда, жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін сыбағасын жергілікті комитеттеркесуі;сыбағаөлшеу– норма– жердіңтопырағыменшаруашылықтүрінеқарайжасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілуі, Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілуі; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл аймақ, туысқан тобына меншіктеп алу; өзара әділдік жолымен пайдалану. Жер законында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу. Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл байлықтары земство мүлкіне саналу.

Жоба жасаушылар: Ғали хан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Омаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамид Жүндібаев, Әзімбек Бірімжанов. «Қазақ» газеті, № 251, 1917 жыл. Орынбор қаласы.[5:42]

Әлихан Бөкейхан земстводан үлкен үміт күтті. Жерге ие болудың және тәуелсіздік сананың қалыптасуына, тұлғаның өсіп шығуына земство үлкен роль атқарады деп сенді. Алаш көсемi 1904

347

жылдан бастап туған елiне жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесi – земствоны енгiзу үшiн күрестi. 1906 жылы IМемлекеттiкдумаға сайланғандаӘлиханземство енгiзу, қазақиеленiп отырғанжердiқазақтың қауымдық меншiгiне беру, қазақты әскери қызметке тарту, iс қағаздарын қазақ тiлiнде жүргiзу, қазақ мектеп-медреселерiнде ана тiлiнде оқыту туралы бiрқатар заң жобасын дайындап қойған едi. Оның земство енгiзбек ойының астарында, бiрiншiден, ата-баба жерiн земствоның қарауына берiп, келiмсектердiң ағынын тежеу болса, екiншiден, қазақ мемлекетiнiң құрылысын оның берiк негiзiн (фундаментiн) қалаудан, яғни жергiлiктi инфрақұрылымның негiзiн қалап, дамытудан бастауды көздедi. «Земство – жұрт өзi сайлап қоятын мәжiлiс мекеме. Жұрттың көзi, жанашыры, күзетшiсi, қамқоры, қорғаушысы. Тұрмыс-тiршiлiкте земство билемейтiн iс болмайды… Земство қойма-склад жасап, жұртқа арзанға егiн оратын, пiшен шабатын сайман алып бередi… Осы күнде мұхитқа шатырболатын,темiрсататынземствосоюзыбар.Земствоқолындасотболады.Судьяныземство сайлап қояды. Милицияны земство жалдап қояды. Земство жол түзейдi, көпiр салады, арық қаздырады, су басқан пiшендiктi құрғатады. Земство егiндi, малды страхование қылады. Жұрттың өз тiзгiнi өзiне келдi деген мiне, осы» деп жазды қыр баласы Алаш автономиясын жариялаудың дәл қарсаңында.

Алаш автономиясының заманынан озық туған тағы бiр ерекшелiгi ол – дiн iстерi мемлекеттен бөлiнген зайырлы, бiртұтас (унитарлық) демократиялық мемлекет болды. Дiндi мемлекет iстерiнен бөлгенде Әлихан Бөкейхан мемлекеттiң гүлденуiн, дiннiң де аяқасты болмауын мақсат еттi.

Алаш көсемi жердi жекеменшiкке беруге үзiлдi-кесiлдi қарсы болып, қауымдастық меншiкке берiлуiн қолдады. Оның сырын «Бiздiң қазақ жердi меншiктi қылып алса, башқұртша көршi мұжыққа сатып, бiраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келедi!» деп түсiндiрдi. Әлихан Бөкейхан Алашты автономия деп жариялағанымен, қазақтың таяу болашақта толық тәуелсiздiгiн алып, дербес мемлекет болатынына күмән келтiрмедi. Оны «Жалпы Сiбiр сиезi»

мақаласындағы мына жолдарынан көремiз: «Қазақ ұлты… Сiбiр автономиясына уақытша қосылады. Өздерi, бiз ендi бөлiнiп, өз алдымызға автономия боламыз деген күнi босанып, автономия болады деп. Биылжаздайболғанкомитетсайлаулары,бiздiңқазақөзiн-өзiбилегендеiстегенiстерiкөрсетiптұр: iс атқаратын азаматтың аздығын, жалпы жұрттың қараңғылығын бiз ойладық, әуелi Сiбiрге сүйенiп, тасымалдап, жалғасып, көшiп кетелiк; жiп жалғап, зор мемлекет көрнеуiнен құтылып ап, отау болып соңынан бөлiнелiк деп».[5:61]

Ғылым философиясы ХХ ғасырдың екінші жартысында өз орнын философияда нық алса, «ғылым философиясы» ұғымының ғылыми айналымға енгеніне ғасырлар өткен. Әлихан Бөкейхан оны анық білді. Жоғарғы оқу орны болса ғылым болатынын және ол қоғамның негізгі басым бағыттарын алға шығаратынын Әлихан Бөкейхан терең білді: «Край нуждается въ открытіи высшаго сельскохозяйственаго и ветеринарнаго института, такъ какъ земледеліе и скотоводство состовляютъ краеугольный камень его экономическаго благосостоянія; отсутствіе же ученыхъ и практиковъ-спеціалистовъ по этимъ отраслямъ отзывается весьма неблагопріятно какъ на ихъ теперешнемъ состояніи, такъ и на ихъ дальнейшемъ развитіи».[9]

Әлихан Бөкейхан – білім мәселесін сол қоғамның басты құндылығы ретінде қарастырды: «Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендердің көбі біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізге түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге қосылмай – өтер. Олар өтіп кейінгі жастардың да заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойнын бұрып қайырылар, халық түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріп бәрінен жоғары қойылатын жұмыс».[10] Әлихан Бөкейхан жастарға үміт артты, өз халқының қабілетіне ерекше сенді, генетикалық дарындылығына күмән келтірмеді: «Қыр халқы... өздері ғылым-білімге көңіл бөлген себебінен кешікпей-ақ жақсылықты біліп, еңсесін көтеруге аяқ басар, өздерінің сүйектеріне берген ақыл-санасы болған соң...».[11] Әлихан Бөкейхан білім саласында болып жатқан әр жаңалықты қағыс жібермей, содан қазақ халқының сусындағанын қалаған. Петербор қаласында өтпекші мұғалімдер сиезінен қазақ мұғалімдері қалмауы керек деп халыққа қаратып сөз айтқан, оның мәнін түсіндіріп берген: «Алдымызда осы қыс Петерборда мұғалімдердің бас қосуы – сиезі болады. Бұл сиездің басында неше білгіш ғылымды профессорлар болады. Оқуды жақсылап оқытатын Жапон, Америка, Норвегия сияқты жұрттардың қалай бала оқытып отырған үлгісін жиылған мұғалімдерге көрсетеді. Біздің қазақ мұғалімі бұл сиезге бармаса болмайды. Халық болып көп аз демей қазына жиып, талапкер қазақ баласын оқытатын мұғалімдерді Петербор сиезіне жіберу – үлкен мақсат. Мұғалімдерді Петербор сиезіне жіберетін ақша қазақтан табылмаса, міне, жұрттан қалғанның белгісі. Қиналып тапқан ақылды толғатып сөзге аудардым. Енді бұл сөзді іс қылмақ, оқушы жұртым, қазақ өз мойныңда!».[12]

348

Алаш қайраткері, Әлихан Бөкейханның серігі Ахмет Байтұрсыновтың, «Біз кейін қалған халық,

алға басып, жұрт қатарына кіруіміз керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек. Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай, кірісіп, істей берсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы»,- дейді.

Ә.Бөкейханның «Егістікке жоңышқа салсаң, бидай жақсы өседі»,- деген мақаласында ең басты байлық жер құнарлылығын сақтау екендігін Мәскеу губернесі, Волокалам оязындағы сол кездегі жағдайды баяндай келе, мал бақ, егін сал, әдіс қыл, шебер бол, мерген бол, еңбекке, білімге жалын. Еңбекке, білімге жалынған еуропалықтар – міне бес жүз жыл болды – жұт, аштық жоқ. «Жаңбыр жоқ болды, егін шықпады, қар қалың болды, мұз жауды» деп ел боспайды. Мал бақса, егін салса тізгіні өзінде, «құдай» демейді. Егінде де, малда да құдайдың жұмысы жоқ. Егінді алам, малды жұтқа, топалаңға, қасқырға бермеймін деп білімге жалынып еуропалық еңбек қылады. Түзу мылдықты мергендей, қыран бүркітті аңшыдай қанжығасы қандалады, аузы майланады.

Қазақ кедейі, сен қашан осы жолға түсе аласың? Бір жерді «құдай»деп жырта берген, о жер тозған, отырған жерді көң, қорда төгіп жаңартатын мұжықта қорда жоқ. Қорда неге жоқ? – Мұжықта мал жоқ дей келе олардың жоңышқа егуі арқылы жерді тыңайтуы арқасында мол егін алып отырғанын жазады. Және түсінікті тілмен барынша анықтап, жүйелі жеткізеді.

Сарыарқаның күнгейінде арық тартып, егін екпеген өзен мен бұлақ жоқ. Бір тақия тары салып, оны қауға тартып,құдықтан суғарған. Қарқаралы оязыШұбартауелінде қазақкөп. Өзенгетоғанқазыпегін салған ел одақтасып, осы күнгі саяси тілде кәператип (кооператив) болып іс қылып отыр. Осыларды кәператип жолына бастап егін салатын жабдық, жақсы тұқым беріп, инженер жіберіп тоғанын түзетіп, жоңышқа салатын жолды көрсетіп жіберетін Наркомзем(нің) жер бөлімі болуы керек. Өзендегі егіншініаймақ-аймаққылыпбөліп,тоғанынтүзеп,диірменінсалып,жоңышқасалғызыпөнеркөрсетсе, қазақтың шаруасы түзеліп, қасқа жолға түсіп жөнеп кетеді. Аш отырған ел тіршіліктен таяқ жеп, бұрынғы Волокалам мұжығынша қаңғып кетеді. Не біз жұтадық «әкел» деп ауызын ашып қарап отырады. [13]

Алаш көсемi қазақты егiн, мал шаруашылығын жедел дамыту үшiн кооперативке бiрiгуге шақырды. Оған үлгi ретiнде Әлихан тағы бiр Еуропа елiнiң үздiк тәжiрибесiн келтiредi. 1924 жылы

«Ақ жол» газетiнде шыққан мақаласында «Дания – Еуропадағы кiшкене мемлекеттердiң бiрi. Жерi бiздiң қазақтың бiр оязының жерiнен аз, адамы – орташа екi облыстың елiндей. Данияда жалпы жұрттың күнелткенi – егiн салу мен мал бағу... Жалпы елдiң бiлiмi молдығынан, кәператипке сүйенiп iстегендiгiнен байлық Дания елiне күйедей жаққан. Бiздiң Ресей мұжығынан Дания мұжығы 19,5 есе бай. Бiздiң Ресей мұжығы олақ егiншi, Дания мұжығы шебер малшы келедi... Бiздiң қазаққа қазiргi кезде баласын оқытатын мектеп, жерiн гүлдететiн су, елге қызмет қылатын... май алатын, жүн жуатын, терi илейтiн, ет сататын, мал өсiретiн, егiн салатын кәператип керек» деп жазды.

Әлихан 1897-1901 жылдар аралығында Егін шаруашылығы және мемлекеттік мүлік министрлігі жарақтаған (МЗиГИ) Фёдор Щербина жетекшілік еткен далалық аймақтарды (Ақмола, Семей және Торғай) зерттеу экспедициясының жұмысына қатысады. Жұмыс барысында ғасырлар бойы Далалық өлкеніңүшаймағын(облыс)енжайлағанқазақтардыңтарихы,тұрмысыменшаруашылығы,мәдениеті мен дәстүріне сонымен қатар аталған аймақтардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қатысты аса құнды мәліметтер жинақталды.Экспедиция материалдары кейіннен 13 томдық жинақ болып басылды. Оларда белгілі бір жердің байырғы қазақы ұлттық атаулары, жергілікті тұрғындардың саны, тұрмысы мен шаруашылық салтына қатысты құнды мәліметтер жүйеленіп, жан-жақты баяндалды.

Осы экспедициядан кейінгі қортынды жазбасында осы аймақтың экономикалық жағын көтеруді қарастырады. Онда әсіресе Қарқаралы уезінің шеткі аймағы Шу өзенінің маңы егіншілік пен мақта өсіруге қолайлы екенін айтып, жергілікті жұрт көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, оның жұт болған жылдардан кейінгі қиын әлеуметтік жағдайын баяндайды. 1899 жылы дәл жұт болған жылдың көктем айларында осы экспедиция сол аймақтан өткен. [14]

Советтік Қазақстанның бірінші басшылары алғашында Әлихан Бөкейханды негізсіз қудалау мен тұтқындаудан құтқарып қалғысы келген. Жаңадан табылған құжаттар осыны дәлелдейді. Бұл құжаттардың арасында Иосиф Сталиннің құпия жеделхаты да бар.

Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы Халық Кеңесінің бұрынғы төрағасы Әлихан Бөкейхан (Бөкейханов) 1920 жылы біршама уақыт бостандықта болған. Оған Ресей әлеуметтік-саяси тарих мемлекеттік мұрағаты (РӘСТММ – РГАСПИ) ұсынған жеті құжаттың біреуінің көшірмесі дәлел бола алады. Бұл – РКП(б) Орталық Комитеті Саяси бюросының 1920 жылдың 8 наурызындағы «Әлихан Бөкейхановты Совнарком мәжілісінешақырутуралы»хаттамасының көшірмесі. Қалғаналты

349

құжатта әңгіме негізінен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысы көсемінің тұтқындалу жайттары мен себептері туралы болады. Бұл құжаттардың бір бөлігіне кезінде «аса құпия» деген таңба басылған. Осы бір мұрағат құжаттарына қарағанда, Әлихан Бөкейхан 1922 жылдан 1937 жылға дейін кем дегенде үш рет тұтқынға алынған. [5:5]

1922 жылдың қазанынан 1937 жылдың 27 қыркүйегіне дейін Алаш-Орда ұлттық-аумақтық аутономия үкіметінің бұрынғы басшысы Әлихан Бөкейхан (ол өзінің 1927 жылы жарық көрген соңғы ғылыми еңбегінде аты-жөнін дәл осылай көрсеткен) Мәскеуде тұрған және жұмыс істеген.

Мәскеуге Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Владимир Лениннің тікелей нұсқауы бойынша айдауылмен алдырылған. Мәскеуде Үлкен Кислов қиылысындағы 4-ші үй, 15-ші пәтер мекен-жайы бойынша өмір сүрген.

Ә.Бөкейхан1927жылдыңбіріншіқазанкүніненбастап,онжылбойы1937жылдыңтамызынадейін пәтерінде қамауда ұсталынған. 1937 жылы тамызда Ә.Бөкейхан тұтқындалып, Бутыр түрмесіне жабылады, қолындағы мол әдеби, көсемсөздік мұрасы кәмпескеленеді, жоғалады. 1937 жылдың 27 қыркүйегінде жалған айыппен қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, әдебиетші Ә.Бөкейхан Мәскеуде өлім жазасына кесіледі. Үкім сол күні, 27.ІХ. 1937 жылы жүзеге асырылады.[1:127]

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ісімақова А., «Алаш әдебиеттануы». – Алматы: «Мектеп», 2009, — 560 бет.

2.Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866–1937). Шығармаларының 9 томдық толық жинағы = Полное собрание сочинений в 9 томах. /Құраст.: Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы. – Астана: «Сарыарқа», 2013. – Қазақша-орысша. Т. 9. – 520 б.

3.«Алаш» қозғалысы.- Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2008.- 22 бет

4.Ә.Бөкейхан. Абай (Ибрагим) Құнанбаев (Мүнҽхиб-Некролог). - «Семипалатинский листок», 1905, 25-27 қараша.

5.Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866–1937). Шығармаларының 9 томдық толық жинағы = Полное собрание сочинений в 9 томах. /Құраст.: Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы. – Астана: «Сарыарқа», 2013. – Қазақша-орысша. Т. 7. – 520 б.

6.МАТЕРИАЛЫ К ИСТОРИИ СУЛТАНА КЕНЕСАРЫ КАСЫМОВА (ВОСПОМИНАНИЯ КАРА-КИРГИЗА

КАЛИГУЛЛЫ АЛИБЕКОВА)

7.«Мэйдзитөңкерiсi»немесеӘлиханБөкейханмұраты:http://qasym.kz/mejdzi-tonkerisi-nemese-alihan-bokejhan-muraty/

8.«Алаш» партиясы. // «Қазақ», қыркүйек, 1917 жыл. Орынборқаласы.

9.Историческія судьбы киргизскаго края и культурныя его успехи. // Букейхановъ, А.Н. и др. Россія. Полное

географическое описаніе нашего отечества. Киргизскій край, томъ 18, 156-175 стр. 1903 г. СПб.

10.Қыр баласы. Қазақша оқу жайынан. // «Қазақ», 1913 ж., №14. Орынбор.

11.Қыр ұғлы. Баспаханаға хат. // «Дала уалаятының газеті», №24, 16 маусым. 1889. Омбы.

12.Қыр баласы. Мұғалімдер жиылысы. // «Қазақ», 1913 ж., №40. Орынбор.

13.Қосшы» газетінің 1924 жылғы №509 саны

14.«ЩЕРБИНА ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ» МАҚСАТЫ НЕ?:https://www.qamshy.kz/article/qazaq-zherininh-zhoqshisi- taryxy-ocherk.html

Сарсенбаева Д. Қ.

студентка 4 курса специальности «Востоковедение» КазНУ им.аль-Фараби, Научный руководитель:

к.и.н., доцент Ашинова Ж.Е.

ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ РАЗВИТИЮ ЯПОНИИ В СТРАНАХ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ: ОСНОВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ И ИТОГИ

Введение

Японская Официальная помощь развитию (ОПР) является наиболее мощным инструментом внешнейполитикиЯпонии.ПрограммапомощипозволилаЯпониисущественноулучшитьсвойимидж на мировой арене. На сегодняшний день Токио является лидером по объемам ОПР. И, конечно, за прошедшие годы Япония стала ведущим провайдеромОПР и в ЦА. Хотя основное внимание Япония в помощи по оказанию ОПР на протяжении многих лет уделяла странам Восточной Азии, ЦА стала еще одним регионом для более активной японской политики через ОПР. Поддерживаемые Японией в последние годы инициативы, как правило, благоприятствуют более прагматичному дружественному сотрудничеству со странами региона. ОПР является инструментом двустороннего и многостороннего сотрудничества Японии с зарубежными странами. Через оказание официальной помощи Япония достигает своих целей и помогает развивающимся странам для достижения задач в их развитии.

350

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]