Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология книга.doc
Скачиваний:
259
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.26 Mб
Скачать

Қазақстанда қазіргі заманғы әлеуметтану ғылымы дамуының негізгі бағыттары

Ғылымның дамуы ғылыми қоғамдастықтың, мектептердің және бағыттардың бар екенін білдіретін тұжырымдамалардың, ғылыми бағыттар мен парадигмалардың бекуінен көрінеді.

Қазақстандық кәсіптік-ғылыми әлеуметтану қауымдастығының қалыптасу ерекшелігі бұл ғылымның қалыптасуы кезеңінде әр түрлі салалардың зерттеушілері мен ғалымдарын біріктіргенінде, олар: тарихшылар, философтар, экономистер, психологтар, филологтар, саясаттанушылар, инженерлер, математиктер және т.с.с. Ғылымның өзегі ғылыми ізденіс, зерттеу жобалары, іргелі және қолданбалы зерттеулер процесінде, әдіснамалар мен теорияларды жасауда қалыптасады. Ғылымның кәсібиленуі мен өзіндік ерекшелігінің көрсеткіші - мамандардың, ғалымдардың және тәжірибешілердің болуы.

Қазақстандағы ғылыми және тәжірибелік әлеуметтану қызметінің ұйымдық-құрылымдық тұрғыдан мынадай құрылымдары бар:

  1. Жоғары оқу орындарындағы әлеуметтану.

  1. Кафедралар, бөлімшелер, факультеттер;

  1. Профессорлар-оқытушылар құрамы;

  1. Ғылыми және оқу-әдістемелік база;

  1. Қолданбалы әлеуметтану.

  1. Зерттеу орталықтары;

  1. Кәсіби кадрлар;

  1. Материалдық-техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету;

  1. Кәсіби бірлестіктер.

  1. Қазақстан әлеуметтанушыларының қауымдастығы;

  1. Қоғамдық пікірлер мен нарықты кәсіби зерттеушілердің қазақстандық қауымдастығы.

Жоғары оқу орнындағы әлеуметтану ғылымның өмір сүруі мен дамуының негізгі факторы болып табылатын әлеуметтанушылық білім беру жүйесі қалыптасады, сабақтастықты қамтамасыз етеді.

Қазақстандағы әлеуметтанушылық білім беру екі деңгейде қалыптасады. Бірінші деңгей - жалпы гуманитарлық. Қазіргі уақытта әлеуметтану жоғары оқу орнының міндетті оқу пәні болып табылады. Жоғары білім алуға талапкер студенттердің барлығы осы пән бойынша жалпы гуманитарлық даярлықтан өтеді. Екінші деңгей – әлеуметтанушы-маманды көпсатылы даярлау. Ол бакалавриаттағы, магистратурадағы, аспирантура мен докторантурадағы іргелі базалы дайындыққа негізделген.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенер болсақ, 2002-2003 оқу жылының басындағы жағдай бойынша әлеуметтанушыларды республиканың 10 жоғары оқу орны даярлауда (1-кесте).

1-кесте

Қазақстан Республикасының “Әлеуметтану” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары

Жоғары оқу орнының атауы

Аспи­ран­ту­расы­ның бар-жоғы

Магис­тратура­сы­ның бар- жоғы

Оқы­ту

тілі

Бейімдік немесе біріккен

кафедра­лар

1.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты

-

бар

қазақ, орыс

біріккен

2.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

университеті

-

-

қазақ, орыс

біріккен

3.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

-

-

қазақ, орыс

біріккен

4.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

-

бар

қазақ, орыс

біріккен

5.

Батыс Қазақстан

мемлекеттік университеті

-

-

қазақ, орыс

біріккен

6.

Шығыс Қазақстан

мемлекеттік университеті

-

-

қазақ, орыс

біріккен

7.

Х.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

бар

-

қазақ, орыс

біріккен

8.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

бар

бар

қазақ, орыс

бейіндік

9.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

бар

-

қазақ, орыс

біріккен

10

Шығыс гуманитарлық

институты

-

-

орыс

біріккен

Осы мамандық бойынша жоғары оқу орындарында барлығы 522 адам оқып жатыр. 2002-03 оқу жылының басында республикада “Әлеуметтану” мамандығы бойынша оқу бітіргендердің саны 138 адам болған.

Елімізде “Әлеуметтану” мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлауға 2002-03 оқу жылына 30 мемлекеттік білім беру гранты мен 20 несие бөлінді.

Кеңестік білім беру жүйесінде әлеуметтану жоғары оқу орнында пән ретінде оқытылмағаны белгілі. Қоғамдық әлеуметтік процестерді, әлеуметтік-таптық қатынастарды ғылыми зерделеу “ғылыми коммунизм” курсында көзделген болатын. Әлеуметтану мамандықтары ретінде “қолданбалы әлеуметтану” ұсынылды. Мамандық туралы аннотацияда былай делінген: “Қоғам туралы ғылыммен “қолданбалы әлеуметтану” мамандығы да байланысты. Бұл мамандықта оқыған болашақ әлеуметтанушылар жеке институттардың, процестердің, қоғамдық топтардың заңдарын, дамуы мен қызмет етуінің қозғаушы күштерін қоғамдық-экономикалық формациялар мен жалпы тарихи процестер шеңберінде зерделеудің маркстік көзқарастарын меңгереді” [28, 7-б.].

Қазіргі заманғы әлеуметтанушы білім берудің басты мақсаты - әлеуметтану ғылымы туралы толық, жүйелі түсініктерді, сондай-ақ әлеуметтік шынайылықты зерделеу саласындағы тәжірибелік, аспаптық білімдерді игеретін мамандар даярлау. Әлеуметтанушылық білім берудің жоғары міндеті - тағы да бір мүмкіндік жасау арқылы - әлеуметтану ғылымын зерделеумен студентті үнемі өзгеріп отыратын ортаға сәтті бейімдей отырып, әлеуметтік процестердің, құбылыстар мен фактілердің, олардың пайда болу көздерінің, қызмет етуі мен дамуының мәніне түсінік беру арқылы студенттің санасын әлеуметтендіру болып табылады. Әлеуметтанушы білім берудің негізгі қызметі - Қазақстан қоғамының жабық қоғамнан ашық қоғамға өту процесіне жәрдемдесу, өйткені қоғамның ашық түрінде ғана өзгерістер мен жақсаруларға деген мүмкіндіктер болады.

Әлеуметтанушы-мамандарды даярлау әлем университеттерінде оқуды және тағылымдамадан өтуді көздейтін “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде де жүргізіледі. 1994 жылдан бастап бұл бағдарлама бойынша “Әлеуметтану” мамандығына 6 адам АҚШ пен Ұлыбританияның мына жоғары оқу орындарында оқып шықты:

АҚШ:

- Пенстэйт университеті (1994 жыл);

- Индиана штатының университеті (1997 жыл);

- Луисвиль университеті (1998 жыл);

- Колумбия университеті (2000 жыл).

Ұлыбритания:

- Манчестер университеті (1999 жыл);

- Дархум қаласының университеті (1999 жыл).

Әлеуметтану бойынша кадрлар даярлау деңгейінің көрсеткіші оқулықтар, әдістемелік құралдар және т.б. болып табылады. Әлеуметтануды оқытудың бірінші кезеңі шетелдік, ең алдымен ресейлік авторлардың оқулықтарына негізделді. Соңғы уақытта отандық оқулықтардың саны өсіп келеді. Оқу әдебиетінің бұл буыны мамандандырылуымен, отандық әлеуметтану материалдарының болуымен ерекшеленеді. Мына бағыттардың қарқынды дамуы белгіленді:

Жалпы әлеуметтану

  1. Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология: Учебник для студентов гуманитарных факультетов вузов. ­– Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 293 с.

  1. Аженов М.С., Утешев С.К., Жаназарова З.Ж. Общая социология. Альбом для схем: Учебно-методическое пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 41 с.

  1. Забирова А.Т. Новейшие теории и концепции социоло-гической науки: Учебное пособие. - Астана, 2001. - 100 с.

  1. Социологиялық сөздік /Жалпы редакциясын басқарған - К.У. Биекенов. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 167 б.

  1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы /Аженов М.С., Садырова М.С. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 160 б.

Экономикалық әлеуметтану

  1. Экономическая социология: Учебное пособие /Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф., Садырова М.С. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 79 с.;

  1. Экономическая социология. Курс лекций /Рук. автор.колл. - Л.Я. Гуревич. – Алматы: Экономика, 2001. - 253 с.;

  1. Касымова Л.Н. Практикум по экономической социологии: Учебно-методическое пособие. – Алматы: Экономика, 2002. - 134 с.

Құқық әлеуметтануы

  1. Оспанов С.И. Социология права. – Алматы: Раритет, 2002. - 336 с.

  1. Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы: Оқулық. - Алматы, 2003. - 208 б.

Отбасы әлеуметтануы

  1. Биекенов К.У., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлеуметтік жұмыс: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. - 133 б.

  1. Жаназарова З.Ж. Социология семьи: Учебно-методическое пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 78 с.

Қоғамдық пікір әлеуметтануы

  1. Биекенов К.У., Жаназарова З.Ж., Нурбекова Ж.А. Социология общественного мнения: Учебно-методическое пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 58 с.

  1. Маканов Ж.К., Лосев В.В. Эмпирия общественных настроений: Социологический практикум. - Костанай, 2001. – 360 с.

  1. Связь с общественностью в системе государственной службы: методика, основные проблемы и казахстанский опыт / Под общ. ред. Б.Канешева, А.Серикбаева - Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2002. - 403 с.

Ғылыми кадрларды даярлау әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аспирантура мен докторантура бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда әлеуметтанушылардың кадр құрамында 14 әлеуметтану ғылымдарының докторы, 30-дан астам әлеуметтану ғылымдарының кандидаттары бар (2-кесте).

2-кесте