Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп Акерке.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
132.54 Кб
Скачать

Мектептің оқу жұмысы

Тараз қаласы № 36 орта мектебінің өзекті мәселесі: «Оқытудың инновациялық технологияларын тиімді пайдалану»

Мақсаты:

  • Болашақта еңбек етуге қабілетті, білімді, жоғары дәрежелі мамандарды даярлау;

  • Жаңа мәліметтер мен интерактивті технологияны енгізу негізінде білім беру сапасын жоғарылату;

  • Жоғары әдістемелік деңгейде барлық сабақтарды өткізуді қамтамасыз ету;

  • Оқушылардың біліктілігін арттыру, білімі мен қабілеттілік деңгейін анықтау;

Міндеттері:

  • Әр оқушыға қабілетіне қарай Мемлекеттік стандарт талабы бойынша сапалы білім беру;

  • Оқушылардың ерекшеліктеріне бағытталған әр деңгейлі саралап оқыту технологиясын енгізу негізінде әр оқушыға оқу материалын толық меңгеруіне қол жеткізу, білім сапасын көтеру;

  • Ұлттық мәдениетпен қатар, әлем мәдениетіне де,оқушыны да хабардар ете отырып, ойлау өрісін кеңейту, өзіндік пікір айту қабілетін шыңдау, қызығушылығын арттыра отырып, жеке тұлға қалыптастыру;

  • Оқушының білім алуға дайындық деңгейін, сапасын және жеке қабілеттерін айқындап, нақты көрсеткіштерін ғылыми тұрғыда негіздеу, сол көрсеткіштермен студенттің оқу және танымдық , шығармашылық іскерлігін бағалау;

  • Мектепте білім беру мазмұнына сай енгізілген жаңа технологияларды оқытушының жүйелі меңгеруіне, сабақ тиімділігі мен білім сапасын , деңгейін көтеруіне бағытталған оқытушылардың кәсіби жетілдірудің бағдарламасы арқылы оқу-әдістемелік жұмысты дұрыс жолға қою;

  • Оқушының сапалы білім алуына және оқытушының дидактикалық мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін материалдардың базасын жетілдіру, қажетті техникалық құралдардын, дидактикалық құралдарды және көрнекіліктерді толықтырып отыру.

Ашық сабаққа қатысқан оқушылар тізімі «А» қосымшасында,ашық сабақ «Б» қосымшасында көрсетілгенСыныпқа мінездеме «В» қосымшасында; оқушыға мінездеме «Г» қосымшасында;Талдау жұмысы «Д» көрсетілген

Мектептің тәрбие жұмысы

№ 36 орта мектебінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, мұғалімдер және тәжірибе жетекшісімен тәрбие жұмысы жүргізілді. Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты: ұлттық сана-сезімі оянған , рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ұжданы мол, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеу.

Мақсаты –оқушыларды этика, эстетика ережелерімен таныстырып, отбасындағы, достарының арасындағы, мектептегі, қоғамдық ортадағы тәрбиенің ерекшеліктері, дүниетанымымен таныстыру.

Міндеттері – арнайы тәрбие арқылы ұлттық тәрбиені қалыптастыруға, осы идеяларға негізделген үйірме жұмыстары , іс-шаралар өткізу, кештер, кездесулер , интелектуалдық – танымдық ойындар , т.б.өткізу.

  • оқушыларды жалпы азаматтық құндылықтарға тарту , сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;

  • баланың ұлттық сапасын қалыптастыру , халыққа деген құрмет , мақтаныш ұялату , ұлттық рухын дамыту;

  • ана тілін, дінін, тарихын, мәдениетін, өнерін кәсіби меңгеріп , салт- дәстүрін , мәдени мұраларын қастерлеу;

  • шыдамдылық, намысшылдық, жинақылық, сенімділік мінезін қалыптастыру;

  • Сұлулықты сүйетін , салауатты ұлт алдында ерекше істерді атқаруға қабілетті, іскер, білімді , жауапкершілігі мол , текті, алғыр тұлға қалыптастыру;

  • Осы мақсатқа орай аталған сатыға қарай мынандай үйірмелер жұмыс істейді: шахмат, футбол, баскетбол, волейбол, ән өнерінен сайыстар.

  • Мектепте осы құрылымның барлық сатылары жұмыс істеуде, ол үшін нақты мавтериалдық-техникалық база жасалған.

  • Сынып жетекшісі студенттермен жан-жақты тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл өткізілген тәрбие жұмыстары болашақта оқушыларды еліміздің патриоты ретінде тәрбиелеуге бағытталған.

Тәрбиенің негізгі бағыттары «Е» қосымшасында көрсетілген.

Тәрбие сағатын «Ж» қосымшасында көрсетілген