Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ 1-69-1.docx
Скачиваний:
450
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.29 Mб
Скачать

I тарау. Төтенше жағдайларда тіршілік қауіпсіздігің қамтамасыз ету тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық шаралары

" Тіршілік қауіпсіздігі"адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселерін зерттейді.

Пәнде мынадай мәсәлелердің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады:

-тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары;

- адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері жөне оның қызметінің қолайлы жағдайлары;

-жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық құрал дар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;

- шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жұмыс істеу тұрақтылығын зерттеу әдістері;

- ТЖ мен оның салдарын болжау;

Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;

- тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік-техникалық және ұйымдық негіздері.

Курстың негізгі мақсаты-төмендегі мақсаттарды шешу үшін қажетті теориялық білімдер мен практикалық іс-әрекеттер көлемін студенттердің игеруіне жәрдемдесу:

- еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау;

- адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу, оны іске асыру;

-техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану;

Ұйымдастыру— бақылау және кадр жұмысы департамент і

Агенттіктің аумақтық органдарыньгң басшыларың, олардын орынбасарларын (аумақ бойынша бас мемлекеттік инспекторлар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерімен келісе отыра Агенттік төрағасы тағайындайды

Агенттік төраға, оның орынбасарлары, департамент директорлары, Агенттікпен оның ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары құрамындагы алқа құрылады. Ғылыми техникалық кеңес құрылады.

Агенттік құрамына орталық аппараттан басқа аумақтық органдар кіреді:

-облыстық басқармалар (инспекцияларды қоса алғанда)

- қалалық басқармалар (Астана, Алматы, Қарағанды қалалары);

- аудандық бөлімшелер, сондай-ақ Агенттік ведомстволық бағыныстағы ұйымдар;

- біліктілікті көтеретін Республикалық курстар;

- Республиқалық дағдарыс орталыгы;

- Республикалық ақпараттық-техникалық орталық;

- химиялық-радиациялық лабораториялар;

- Республикалық жедел-Құтқару отрядтары;

- облыстық жедел Құтқару отрядтары;

- аймақтық автомобилді отрядтары;

- АҚ әскери бөлімдері;

-мемлекеттік өрттен қорғау қызметтерінің бөлімшелері;

- "Қазселден қорғау" Республикалық кәсіпорны.

ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органның өкілеттігі

Төтенше жағдайлар жөніндегі ҚР Агенттігінің: - Агенттік құзыретінің саласын реттейтін заңнаманың сақталуына бақылау жасауға;

- Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерге, орталық атқарушы органдарға, жергілікті атқарушы органдарға табиғи және техногендік сипатты ТЖ салдарын ескерту мен жою жөнінде нұсқаулар беруге;

- өз құзыретінің шегінде Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргізу мәселесі бойынша шешім қабылдауға;

- ҚР Үкіметіне ТЖ аймағындағы авария, апат, зілзала, салдарын жою, қоғамдық тәртіпті сақтау мен объектілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін қүқық қорғау органдарьшың, Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларын, басқа әскерлер мен құрамалдардың күштері мен құралдарын тарту туралы үсыныс енгізуге;

-өз құзыретінің шегінде аттестация жүргізуге, лицензиялау мен сертификаттауды жүргізуге, сондай-ақ тиісті жұмыс түрлерін жүргізу үшін рұқсат беруге;

- объектілердің жұмысын немесе тоқтатуға, адамдардың өміріне қауіп төнгенде немесе төтенше жағдай туындаған кезде көшіру шараларын жүргізуге;

-егер объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамалардың даярлығы мен жәй-күйі белгіленген нормативтерге сай келмеген жағдайда ұйымдардың қызметін толық немесе ішінара тоқтатуға;

- бүкіл республика аумағында бірыңғай радио жиіліктері белдеуін;

-ТЖ-ны ескерту және жою жөніндегі мөселелері бойынша журналдар, режимдік анықтамалықтар, бюллетендер мен өзге де басылымдар шығаруға құқыгы бар.

Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия

Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия-тұрақты жұмыс істейтін орган. Комиссияның мақсаты:

-төтенше жағдайдагы ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі жүйені қүруды және дамытуды қамтамасыз ету;

- орталық, жергілікті атқарушы органдарының және шаруашылық объектілерінің табиғи және техногендік сипаттагы төтенше жағдайдан сақтандыру, болдырмау, ауыртпалығын төмендету және жою жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау;

- төтенше жағдай кезінде құтқару-іздестіру және авариялық құтқару қызметтерін, құрал дарын және халықтың тіршілік жүйесін қүру.

"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

• Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданған Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаыысының нсгізгі міндеттерін, құтылу және жұмыс істеу принципін, орталық, жергілікі атқаратын және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.

Халық пен шаруашылық объектілерін қорғау АҚ-ның бірінші кезектегі міндеті және осы заманғы зақымдау құрал дары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту мақсатында халыктың іс-әрекеттері мен шаруашылық объектілерін және аумақты өз уақытында дайывдаудың тиімді әдістерін ғылыми түрде анықтау негізінде жүргізіледі.

АҚ-ньң негізгі міндеттері: f« - басқару, хабарлау және баланыс жүйесін ұйымдастыру, дамыту және тұрақты әзірлікте ұстау;

АҚ күштерін құру, оларды даярлау жәпе ТЖ кезіннен іс әрекетке тұрақты әзірлікте ұстау;

3 - орталық, жергілікті және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін даярлау және халыққа үйрету;

f - радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологаялық) ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау; АҚ әскери құрамаларының даярлығын қамтамасыз ету;

«- шаруашылық салалары мен объектілерінің тұрақты жұмысын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;

« - қорғаныс штаптарыньң қажетті қорын, жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-ның өзге бөлігін жинау және әзірлікте ұстау;

« - халықты, орталық, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы құлақтандыру;»

«- Құтқару-іздестіру және өзге кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қаупін ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету;

« - азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізатын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық- (биологиялық) зақымдаудан қорғау

АҚ-ны ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері

*Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.

*АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізеді.

* АҚ-ға даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін ҚР Үкіметі анықтайды.

*АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу жүргізіледі.

АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.

АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтері

АҚ шаралардың орындауды қамтамасыз ету үшін мына органдар құралады:

- ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органы мен оның құрылымдық аумақтық органдары;

- орталық және жергілікті атқарушы органдардың АҚ болімдері (қызметкерлері);

- ұйымдарда АҚ штабтарды немесе АҚ бастығына тікелей бағынатын АҚ мен ТЖ жөніндегі босалқы мамандар.

ТЖ басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары лауазым бойынша АҚ тиісті орынбасарлары болып табылады.

АҚ арнайы шараларын орындауды және осы мақсаттағы күш пен құралды даярлауды камсыздандыру үшін республикалық, облыстық, аудандық, қалалық АҚ және ТЖ қызметтері, сондай-ақ қажет жағдайда АҚ бастығына тікелей бағынатын ұйымдардың АҚжәне ТЖ қызметтері құрылады.

АҚ және ТЖ қызметтері ҚР Үкіметінің қаулысымсн, облыс, қала, аудан әкімдерінің, ұйымдар басшыларының шешімдерімен құрылады.

АҚ және ТЖ республикалық қызметтерінің тізбесін ҚР Үкіметі аңықтайды. Олар туралы ережені ҚР орталық атқарушы органы бекітеді.

АҚ және ТЖ нүктелерінің, күштсрі мен қүралдарының, кызметтерінің әзірлігі жөніндегі жауапкершілік олардың негізінде құрылган орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.

Орталық, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарда АҚ көшіру шараларын ұйымдастыру мақсатында көшіру, көшіру-қабылдау комиссиялар құрылады.

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау

Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі төнген немесе болған кезде) және дау шабуылы қауіпі кезінде төнген і қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және "Баршаңыздың назарыңызға !" АҚ ескерту дабылының берілгендігіне өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлау қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шұғыл хабарын тыңдаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.

Согыс уақытында жау шабуылы мен әуе радиоациялық, химиялық және бактериологиялық қауіп төнген кезде де "Баршаңыздың назарыңызга!" дабылы беріледі, оның артынша халықтың алдағы іс-әрекет мен панаханалардың орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]