Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық Банк туралы.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
23.11.2019
Размер:
335.36 Кб
Скачать

8 Тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру

      48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша төлемдерi мен                аударымдарын және төлем жүйелерiн                ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi   

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi және:

      1) ақша төлемдерiн және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру ережелерiн және тәсiлдерi қолданылуының ерекшелiктерiн, нұсқаулардың мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;

      2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.       Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлігі мен сенiмділiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актілердi қабылдайды.       Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлем жүйелерінің тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметі.       Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:       1) төлем жүйелеріне қадағалау (оверсайт) жүргізу тәртібін белгілеуге;       2) төлем жүйелерін ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;       3) төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;       4) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және олардың жұмыс істеуін тексеруге;       5) ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;       6) төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.       Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы.       Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69, өзгерту енгізілді - 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      48-1-бап. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 69 Заңымен )

      49-бап. Шоттар

       Қазақстан Ұлттық Банкi банк шоттарының түрлерін, құқықтық режимін және құрылымын, шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi .        Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi

      Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк   құқықтық актiлерiнде белгіленедi.       Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .

      51-бап. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен )

      8-1-тарау. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ                  ЖӘРДЕМДЕСУ

      Ескерту. Заң 8-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      51-1-бап. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету                 жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру

      Қазақстан Ұлттық Банкi дербес және (немесе) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.       Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында:       1) қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға ұдайы мониторинг жүргізеді;       2) қаржы жүйесін макропруденциалдық реттеуді жүзеге асырады;       3) Қазақстан Ұлттық Банкiнің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде банктер үшін соңғы сатыдағы қарыз беруші болады.

      51-2-бап. Макропруденциалдық реттеу

      Макропруденциалдық реттеу деп қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін реттеуге бағытталған әкімшілік, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар кешені түсініледі.       Жүйелік тәуекелдер деп, тұтастай алғанда, басталуы қаржы жүйесінің тұрақсыздануына әкеп соғатын және оның тұрақты жұмыс істеуіне нұқсан келтіретін қаржы жүйесінің тәуекелдері түсініледі. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдері жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тәуекелдерін де қамтиды.       Жүйе құраушы қаржы ұйымдары деп тұрақты жұмыс істеуіне тұтастай алғанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы байланысты болатын қаржы ұйымдары түсініледі.       Қазақстан Ұлттық Банкi макропруденциалдық реттеуді жүзеге асыру мақсатында:       1) тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;       2) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;       3) қаржы жүйесі жүйелік тәуекелдерінің деңгейін төмендету және олардың басталуының алдын алу үшін пруденциалдық нормативтерді және (немесе) жүйе құраушы қаржы ұйымдары үшін сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы;       4) жүйелі қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда, дербес немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеу енгізеді.