Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

49

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.66 Mб
Скачать

Айкумбеков Н.Р.

Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізу аталған медициналық қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік берер еді.

Қазақстан Республикасында орын алып отырған ахуалға шолу жасай отырып, қолдан жасалған репродукцияны пайдалану әдісі, оны ішіндегі суррогат ана саласын реттеуші қолданыстағы нормалар, фрагментарлы, орын алып отырған мәселелердің кейбір қырларын ғана қамтиды. Осыған байланысты оларды заңды түрде қамтамасыз ету міндеттілік мемлекетке жүктелуі қажет. Біздің пікірімізше, адамдармен өздерінің репродуктивті құқықтарын жүзеге асыру барысындағы туындайтын өзекті мәселелердің көпшілігін шешудің жолы ретінде Қазақстан Республикасының 18 қыркүйек 2009 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі (14.07.2017 ж. өзгертулер мен толықтырулар) болуы тиіс (Қазақстан Республикасының кодексі, 2017: 19; Рүстемова, 2015 b: 20).

Репродуктивті денсаулық пен адамның репродуктивті құқығы бойынша мәселелер ұлттық қауіпсіздікті анықтайтын әлеуметтік мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып саналады. Осыған байланысты мемлекетке оларды жан-жақты заңды түрде қамтамасыз ету міндеттілігін жүктеу қажет.

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сот суррогатананемесебасқакөмекшірепродуктивті технологиялар туралы істерді жиі қарастырады. Мысалы, Диксон Біріккен Королдікке қарсы, 18 сәуір 2006 жылғы №44 362/04 Қаулысы.

1994 жылы бірінші шағымданушы Диксон адам өлтіруге кінәлі танылып, бас бостан­ дығынан айыру орнында 15 жылдан кем емес мерзімге жазасын өтеу түріндегі өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім кесілген. Оның балалары болған. 1999 жылы ол өзі сияқты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген

әйелді кездестіріп, 2001 жылы үйленген. Диксон ханымның бұрынғы некеден үш баласы болған. Оның бостандыққа шыққаннан кейін, балалы болуүшінерлі-зайыптыларқолданұрықтандыру бойынша қызмет көрсету мекемесіне жүгінген. Ішкі істер министрлігі олардың шағымын қабылдамаған, ол жөніндегі шағым да қараусыз қалдырылған.

Балалықтың алғашқы кезеңінде әкесінің ұзақ уақытболмауынажәнематериалдыққамтамасыз етілмеуіне байланысты бала күтімінің болмай­ тындығыналғатартыпЕуропалықсотминистрді қолдаған. Адам құқығы жөніндегі Еуропа Соты жұмысының тәжірибесінде көмекші репро­ дуктивті технологияларды құқықтық реттеудің басқа­ да жағдайлары кездеседі (Москаленко, 2006:21).

Қорытынды

Репродуктивті денсаулықты қылмыстық құқықтық қорғау мәселелерін қарастыруды қорытындылай отырып (осы сұрақ бойынша бұрынмақалажарияланған),адамөміріндегіреп­ родуктивті саланы қылмыстық-құқықтық қорғау қазіргі уақытта аз зерттелген құқықтық зерттеу тақырыбы болып отырғанын атап өткіміз келеді. Адамның репродуктивті денсаулығы, жай адам денсаулығы сияқты, өзінің маңыздылығында қылмыстық-құқықтық қорғаудың тек нысаны болып қана танылмайды, сонымен бірге бола­ ды. Сонымен бірге адамдармен өздерінің реп­ родуктивті­ денсаулығын жүзеге асыру бары­ сындағы туындайтын өзекті мәселелердің көпшілігінің шешілу жолы ретінде жоғарыда атағанымыздай, Қазақстан Республикасының 18 қыркүйек­ 2009 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін де алдағы уақытта жетілдіру қажеттігі туындап отыр.

Әдебиеттер

Вишневский А.Г. Балалар мен қоғамның жасалуы. – М., 2002. – 287 б. Вундер П.А. Жыныстың эндокринологиясы. – М., 1990. – 253 б.

Голод С.И. Отбасы тұрақтылығы: әлеуметтік және демографиялық аспектілері. – СПб., 2002. – 136 б.

Орталық және Шығыс Еуропа: адам құқықтары мен демократия мәселелері // «Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі демократияның шешілуі барысындағы дағдылық» ЮНЕСКО халықаралық конференция материалдары. – М.: Моск. Халықаралық құқық Тәуелсіз Институты, 1995. – 396 б.

Адам құқықтарын заңды қорғау // «Адам құқықтары» Мәскеу Хельсинкі тобы Семинарының материалдар жинағы. – Шығ. 5 / Л.И. Богораз редакциясымен. – М., 2003. – 240 б.

Люшер Ф. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын Конституциялық қорғау / Француз тілінен аударылған. – М.: Прогресс, Универс., 1993. – 261 б.

Неке, отбасы, туу көрсеткіші және репродуктивті ұстанымдарды әлеуметтік демографиялық зерттеу. – Ереван, 2003. – 143 б.

ISSN 1563-0366

Journal ofActualProblems ofJurisprudence. №1 (85). 2018

221

Суррогат аналық пен қылмыстық құқық

Тольц М.С., Оберг Л.Я., Шишко О.А. Әйелдердің репродуктивті қызметін жүзеге асырудың алғашқы кезеңі // Ресей Федерациясының Денсаулық сақтауы. – 2003. – №7. – Б. 12-17.

Харчев А.Г. Неке және отбасы: ұлт пен халықтар арасы. – М., 2002. – 339 б. Інжіл: Тұрмыс, тарау. –Aлматы: Інжіл. Қоғам, 1994. – 301 б.

Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы бойынша хрестоматия: 2 т. К.И. Батыр, Е.В. Поликарпованың редакциясымен.

– М.: Юристъ, 1996. – 519 б.

Плутарх. Әйел даңқы туралы // Морали: Соч. – М.: Эксмо-пресс, 1999. – 1117 б.

Рулан Н. Антропология заңы: жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – М.: Норма, 2000. – 501 б. Воеводин Л.Д. Тұлғаның заңи мәртебесі. – М., 2000. – 304 б.

Ананьев Б.Г. Адам сананың заты ретінде. – СПБ., 1999. – 339 б.

Андреева И.С. Жыныстың, некенің, отбасының әлеуметтік философиялық мәселелері // Философия сұрақтары. – 2000.

– №2. – Б.16-22.

Рүстемова Г.Р. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар: монография. – Алматы, 2016. – 133 б.

Азербайджан Республикасының ҚК / Ғылыми. ред., кіріспе сөз И.М. Рагимова, азербайжан тілінен аударылған. Б.Э.  Аббасова. – СПб.: Пресс заң орталығы, 2001. – 325 б.; Литва Республикасының ҚК. – Спб.: Пресс заң орталығы, 2002.

– 320  б.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2017.

Рүстемова Г.Р., Тажибаев Б.Н. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының жаңа ҚК бойынша // Asian Social Science; Vol. 11, No. 19; 2015 ISSN 1911-2017 E-ISSN 19112025 Published by Canadian Center of Science and Edication; Б.275-280.

МоскаленкоВ.Ф.Денсаулыққақұқықтыңкөлеміменқағидалымазмұныхалықаралықнормативтікқұқықтықактілерде // Медициналық құқық. – 2006. – №4 (14). – Б. 10-21.

References

Vishnevsky A.G. (2002) Balalar men kogaminn jasaluy. – M. – 287 b. Vunder P.A. (1990) Zhynystyn endokrinologiyasy. – M. – 253 b.

Golod S.I. (2002) Otbasy turaktylygy: aleumetik zhane demografiyalyk aspektileri. – St. Petersburg. –136 b.

Ortalyk zhane Shygys Europa: Adam kukyktary men demokratiya maseleleri // Ortalyk zhane Shygys Europa elderindegi demokratiyanin sishilui barysyndagy dagdylyk: UNESCO halykaralyk conference materials. – M.: Mosk. Halykaralyk kykyk tauelsiz instituty, 1995. – 396 b.

Adam kukyktaryn zandi korgau // “Adam kukyktary”: material of the ginagi. – Shyg. 5 / L.I. Bogoraz redaktsiyasymen. – M., 2003. – 240 b.

Lyusher F. Tulganyn kukyktary men bostandiktarin konstitutsiyalik korgau / Frantsuiz tilinen audarylgan. – M.: Progress, Univers., 1993. – 261 b.

Neke, otbasyi, tuu korsetkishi zhane reproduktivti ustanyimdardyi aleumettik demografiyalyik zertteu. – Erevan, 2003. – 143 b. Tolts M.S., Oberg L.Ya., Shishko O.A. Ayelderdin reproduktivti kyizmetin zhuzege asyirudyin algashkyi kezeni // Resey Fed-

eratsiyasyinyin Densaulyik saktauyi. – 2003. – № 7. – B. 12-17.

Harchev A.G. (2002) Neke zhane otbasyi: ult pen halyiktar arasyi. – M., 2002. – 339 b. Inzhil: Turmyis, tarau. 30. – M.: Inzhil. Kogam, 1994. – 301 b.

Memleket zhane kukyiktyin zhalpyi tarihyi boyyinsha hrestomatiya: 2 t. K.I. Batyir, E.V. Polikarpovanyin redaktsiyasyimen.

– M.: Yurist’, 1996. – 519 b.

Plutarh. Ayel dankyi turalyi // Morali: Soch. – M.: Eksmo-press, 1999. – 1117 b.

Rulan N. (2000) Antropologiya zanı: Jogargı oku orındarına arnalgan okulık. – M.: Norma. – 501 b. Voevodin L.D. (2000) Tulganın zani martebesi. – M. – 304 b.

Ananev B.G. (1999) Adam sananyin zatyi retInde. – SPB. – 339 b.

Andreeva I.S. (2000) Zhyinyistyin, nekenIn, otbasyinyin aleumettIk filosofiyalyik maselelerI // Filosofiya suraktaryi. – № 2. – B.16-22.

Rustemova G.R. (2016) Meditsinalyik kyilmyistyik kukyik buzushyilyiktar: monografiya. – Almatyi. – 133 b. Azerbaydzhan Respublikasyinyin KK / Gyilyimi. red., kIrIspe soz I.M. Ragimova, Azerbayzhan tIlInen audaryilgan. B.E. Ab-

basova. – Spb.: Press zan ortalyigyi, 2001. – 325 b.; Litva Respublikasyinyin KK. – Spb.: Press zan ortalyigyi, 2002. – 320 b. «Halyik densaulyigyi zhane densaulyik saktau zhuyesI turalyi» Kazakstan Respublikasyinyin kodeksI. – Almatyi: YuRIST,

2017;

Rustemova G.R., Tazhibaev B.N. Meditsinalyik kyilmyistyik kukyik buzushyilyiktar Kazakstan Respublikasyinyin zhana KK boyyinsha // Asian Social Science; Vol. 11, No. 19; 2015 ISSN 1911-2017 E-ISSN 19112025 Published by Canadian Center of Science and Edication; B.275-280.

Moskalenko V.F. Densaulyikka kukyiktyin kolemI men kagidalyi mazmunyi halyikaralyik normativtIk kukyiktyik aktIlerde // Meditsinalyik kukyik. – 2006. – №4 (14). – B. 10-21.

222

Хабаршы. Заң сериясы. №1 (85). 2018

ҒТАМР 10.77.31

Нұрхан А.С.

докторант, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Қазақстан, Астана қ.,

e-mail: aibar888@mail.ru

ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАР ҮШІН

ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақала соттың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі қызметінде ерекше орын алатын жаза тағайындау мәселелеріне және 2014 жылғы ҚР Қылмыстық кодексіндегі жаза тағайындау институтының құқықтық реттелу деңгейіне қылмыстық құқық ғылымының әсерін көрсетуге арналған. Жаза тағайындаудың субъектілері мен объектісі мәселесін көтере келе, автор жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің талаптарына егжей-тегжейлі тоқталады: қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға әділ жаза тағайындау; жаза тағайындаудың заңнамалық шектерін сақтау; тағайындалған жазаның мақсатқа лайықтылығын қамтамасыз ету; жазаны үнемдеп тағайындау; қылмыстық құқық бұзушылық пен оны жасаған адамның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жазаны жеке даралау. Аталған талаптардың мазмұнын тым кең мағынада түсінетін ғалымдардың ұстанымына сыни баға беріледі. Жаза тағайындаудың жалпы ережелерін талдау авторға қылмыстық теріс қылық санатының енгізілуіне орай жаза тағайындау институты түбегейлі тұрғыдан қайта қарауға ұшыраған жоқ деген ой қорытуға негіз берген. Соған қарамастан, қылмыстық заңның жеңілдетуші мән-жайлардың тізімін бекітетін және қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәртібін реттейтін нормаларының қылмыстық теріс қылықтар үшін жаза тағайындау бөлігінде кейбір ерекшеліктері бар. Автордың пікірінше, осы ерекшеліктерді жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің отандық қылмыстық заңнама үшін дәстүрлі талаптарымен қатар ескере отырып тағайындалған жаза ғана қылмыстық теріс қылықтар үшін тағайындалған жазалардың әділ, заңды әрі негізді болуын қамтамасыз ете алады.

Түйін сөздер: қылмыстық теріс қылық, жазалар жүйесі, қылмыстық құқық бұзушылық, жазаның түрлері, жаза тағайындау тәжірибесі.

Nurkhan A.

Doctoral Candidate, Academy of Law Enforcement Agencies under the Prosecutor General’s Office of the Republic of Kazakhstan, Kazakhstan, Astana,

e-mail: aibar888@mail.ru

General principles of sentencing and specific features of sentencing for criminal offences

The article is devoted to the issues of sentencing, which occupy a special place in the activities of the court on the application of criminal law measures to persons who have committed a criminal offense, and to identifying the impact of the science of criminal law on the level of legal regulation of the Institute of sentencing in the Criminal code of Kazakhstan in 2014. Touching upon the problem of the subjects and the object of punishment, the author dwells in detail on the requirements of the General principles of punishment: the appointment of a person found guilty of a criminal offense, a fair punishment; compliance with the legal limits of punishment; ensuring the appropriateness of the punishment; economical purpose of punishment; individualization of punishment by taking into account the individual characteristics of the criminal offense and the person who committed it. Critical remarks are made about the

© 2018 Al-Farabi Kazakh National University

223

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері және қылмыстық теріс қылықтар үшін жаза тағайындаудың өзіндік ерекшеліктері

position of scientists who overly interpret the content of these legislative requirements. An analysis of the General rules on sentencing has allowed the author to conclude that, with the introduction of the category of criminal offence, the institution of sentencing has not been radically revised. At the same time, the norms of the criminal law, fixing the list of mitigating circumstances and regulating the rules of sentencing for a set of criminal offenses, in terms of sentencing for criminal offenses have separate features. According to the author, only taking into account these peculiarities, along with the traditional requirements of the national criminal legislation for General purposes, can ensure the appointment of a fair, legal and justified punishment for criminal offenses.

Key words: misdemeanors, punishment system, criminal offense, types of punishment, practice of imposing punishment

Нурхан А.

докторант, Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Респулики Казахстан, Казахстан, г. Астана,

e-mail: aibar888@mail.ru

Общие начала назначения наказания и специфические особенности назначения наказания за уголовные проступки

Статья посвящена вопросам назначения наказания, занимающим особое место в деятельности суда по применению мер уголовно-правового воздействия к лицам, совершившим уголовное правонарушение, и выявлению влияния науки уголовного права на уровень правовой регламентации института назначения наказания в Уголовном кодексе РК 2014 года. Затронув проблему субъектов и объекта назначения наказания, автор детально останавливается на требованиях общих начал назначения наказания: назначение лицу, признанному виновным в совершении уголовного правонарушения, справедливого наказания; соблюдение законодательных пределов назначения наказания; обеспечение целесообразности назначенного наказания; экономное назначение наказания; индивидуализация наказания путем учета индивидуальных особенностей уголовного правонарушения и лица, его совершившего. Высказываются критические замечания по поводу позиции ученых, излишне широко трактующих содержание указанных законодательных требований. Анализ общих правил назначения наказания позволил автору заключить, что в связи с введением категории уголовного проступка институт назначения наказания не подвергся кардинальному пересмотру. В то же время, нормы уголовного закона, закрепляющие перечень смягчающих обстоятельств и регламентирующие правила назначения наказания по совокупности уголовных правонарушений, в части назначения наказания за уголовные проступки, имеют отдельные особенности. По мнению автора, лишь учет этих особенностей, наряду с традиционными для отечественного уголовного законодательства требованиями общих начал назначения, может обеспечить назначение за уголовные проступки справедливого, законного и обоснованного наказания.

Ключевые слова: Уголовные проступки, система наказаний, уголовное правонарушение, виды наказаний, практика назначения наказания.

Кіріспе

Мемлекеттік органдардың қылмыстық заңнаманы­ қолдану жөніндегі санқырлы қызметі­ түптеп келгенде әрекетке қылмыстық-құқықтық­ баға беруге, яғни қылмыстық құқық бұзушы­ лықты саралауға және қылмыстық құқық бұзу­ шылықты жасаған адамға қылмыстық-құқық­ тық ықпал ету шарасын анықтауға барып саяды. Өз кезегінде қылмыстық құқық бұзушы­ лықты жасаған адамға қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасын анықтау жөніндегі қыз­ мет төмендегідей элементтерден тұрады: а) қылмыстық­ жауаптылыққа тарту немесе одан босату; ә) қылмыстық жауаптылыққа тартқан жағдайда – жаза тағайындау немесе жаза­

дан босату; б) жазадан босатқан жағдайда – кәмелетке­ толмағандарға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын тағайындау; в) медици­ налық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қол­ дану.Аталғанэлементтердіңішіндегіеңнегізгісі

– жаза тағайындау қызметі, өйткені қылмыстық сот ісін жүргізудегі құқық қолдану үдерісі, әдетте, жаза тағайындаумен аяқталады.

Жаза туралы ілімнің құрамдас бөлігі бо­ лып табылатын жаза тағайындау теориясы қылмыстық құқық ғылымының жан-жақты зерт­ телген салаларының қатарынан саналады және қылмыстықзаңдажазатағайындауинститутының­ бүгінгі күнгі деңгейіне елеулі ықпал етуде.

Қылмыстық жазаны жіктеп, көптеген түрлерге бөлу қылмыстық құқық бұзушылық

224

Хабаршы. Заң сериясы. №1 (85). 2018

Нұрхан А.С.

пен оны жасаған адамдардың қайталанбайтын өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жазаны мейлінше жеке даралау мүмкіндігін береді деп саналады. Дегенмен, бұл үрдістің келеңсіз салдары да бар екенін естен шығармау керек: дербес жаза түрлері немесе жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары бірібірін ішнара, кейде тіпті толығымен қайталап жатады (мысалы, бөліп төленетін айыппұл мен түзеу жұмыстарын ажырату өте қиын, шартты түрде соттау мен бас бостандығынан шектеу арасында қандай да болмасын айырмашылық табумүмкінемес).Құқыққолданутәжірибесінде бұл соттардың жаңа немесе жаңартылған қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолданудан тартынып, дәстүрлі, үйреншікті ықпал ету шараларын тағайындауына алып келеді. Жазалау тәжірибесінің заманауи қылмыстылықтың­ ерекшеліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ететін жаза түрлеріне М. Бабаев пен Ю. Пудовочкин айыппұлды, қоғамдық жұмыстарға тартуды және бас бостандығынан айыруды жатқызады. Ғалымдар заңнамада тармақталған жазалар жүйесінің көзделуін соттың қолында қылмыскерлерге әсер етудің мол мүмкіндіктері бар екенін көрсетуге арналған жалған елес деп және жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолданужіктерінажыратуданегізсізқиындықтар туғызатын жасанды кедергі деп бағалайды (Бабаев, Пудовочкин, 2017: 17).

Осындай қиындықтарды оңай еңсерудің бірден-бір жолы – қылмыстық заңнамада жаза тағайындауережелерінмұқиятқұқықтықреттеу, яғни соттың қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға жаза түрі мен мөлшерін анықтау жөніндегі қызметінің алгоритмін заң жүзінде бекіту.

Д.С. Дядькин жаза тағайындауды қоғамдық қатынастардың ерекше түрі ретінде қарастыра отырып, оны төмендегідей құрылымдық элементтерді қамтитын жүйе ретінде қарасты­ рады: 1) субъект (қатысушылар) – белгілі бір әлеуметтік­ мәртебеге ие, қылмыстық жаза тағайындау мәселесінде құқықтары, бостандық­ тары мен міндеттері бар адамдар; 2) мазмұны

– жаза тағайындау субъектілерінің өздерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы; 3) объект – жазамен бағаланатын қыл­ мысты­ әрекет; 4) жаза тағайындау жөніндегі құ­ қықтыққатынастардыңпайдаболуына,өзге­руіне немесе тоқтауына себепші болып табылатын құқықтық фактілер (Дядькин, 2006: 25).

Жаза тағайындаудың субъектілері туралы мәселе бір қарағанда қарапайым болып көрінеді. ҚР Конституциясының 75-бабына сай Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Демек, жаза тағайындау қызметінің негізгі субъектісі – сот билiгiн жүргізуші, осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiби судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы).

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 656-ба- бында алқабилердің қатысуымен шешілетін мәселелердің қатарына мыналар аталған: а) сотталушының жауаптылығы мен жазасын жеңiлдететiн немесе ауырлататын мәнжайлардың бар-жоқтығы; ә) сотталушының өзі жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жазалануға жатып-жатпайтыны; б) сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиiстігі; в) жаза тағайындамай үкiм шығару немесе жазадан босату не қылмыстық жазаны өтеудi кейiнге қалдыруға негiздердің бар-жоқтығы; г) соттың сотталушыны құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, мемлекеттiк наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыну енгiзуге) тиiстігі немесе тиіс еместігі. Алқабилердің пікірі он бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны, өмір бойы бас бостандығынан айыру мен өлiм жазасын тағайындаған кезде айрықша ескеріледі. Көріп отырғанымыздай, алқабилер жаза тағайындаудың дербес субъек­ тілері болмағанымен, олар жаза тағайындау­ үдерісіне тікелей атсалысады.

Демек, кәсіби судьялардан тыс, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын алқабилер заңда көзделген жағдайларда жаза тағайындаудың субъектілері болып табылады.

Жаза тағайындаудың субъектілері кәсіби судьялармен және алқабилермен шектелмейді. Себебі ҚР ҚК 78-баб. 4-бөлігіне сәйкес кешiрiм жасауактісініңнегізіндеқылмысүшiнсотталған адамға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн не мұндай адам қосымша жазадан босатылуы мүмкiн. ҚР Конституциясының 44-баб. 15)-тармағына сай азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігіне кіреді. Олай болса, бұл жағдайларда жаза тағайындау субъектісі ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентiболады.­

ISSN 1563-0366

Journal ofActualProblems ofJurisprudence. №1 (85). 2018

225

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері және қылмыстық теріс қылықтар үшін жаза тағайындаудың өзіндік ерекшеліктері

Негізі бөлім

Жаза тағайындаудың объектілері қылмысты әрекет пен кінәлінің жеке басы болып табылады. Сол себепті жаза тағайындаудың жалпы негіздерін анықтайтын ережелер осы объектілердің төңірегінде шоғырланады. Бұл орайда тағы бір айта кететін жайт, жаза тағайындағанда қылмысты әрекет пен кінәлінің жеке басының барлық қасиеттері бағаланбайды, тек олардың қоғамдық қауіптілігіне әсер ететіндері ғана бағаланады.

Н.О. Дулатбеков жаза тағайындау объек­ тілерінің заңнамадағы орналасу ретіне қатыс­ ты сын пікір айтады. Қылмыс пен жазаны – «қылмыстық құқықтағы ең өзекті қос ұғым»,

– деп атай отырып, ғалым қылмыстың қасиет­ тері қылмыстық жауаптылыққа тартудың негіздері туралы мәселені шешкенде бірінші кезекке қойылады, ал жаза тағайындау кезінде қылмыскердің жеке басы басты маңызға ие болуы тиіс, – деп жазады. Ғалымның пікірінше, жаза тағайындау кезінде қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі екінші кезекте ғанаесепкеалынуыкерек(Дулатбеков,2002:  88).

Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға жаза түрі мен мөлшерінанықтаукезіндесотбасшылыққаалуға міндетті, қылмыстық заңнамада бекітілген жалпылама ережелерді (талаптарды) сипаттау үшін қылмыстық заңнамада жаза тағайындаудың жалпы негіздері деген тіркес қолданылады.

Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің мазмұнын заңда тұжырымдалған нақты ережелер (талаптар) құрайды, олар ҚР ҚК 52-бабында және өзге де баптарында бекітілген.

Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің бірінші ережесі – қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға әділ жаза тағайындалуы керек (ҚР ҚК 52-баб. 1-бөл.).

Әділдік – күрделі және өте ауқымды ұғым болғандықтан, оның жаза тағайындау саласындағы шектерін нақты айқындап алу керек.В.Н.КудрявцевпенС.Г.Келинақылмыстық құқықтағы әділдік ұғымының көріністерінің үш деңгейін бөліп қарастырады: 1) жаза тағайындаудыңәділдігі–тағайындалғанжазаның түрі мен мөлшерінің қылмысқа, кінәлінің жеке басынажәнеістіңбарлықмән-жайларынасәйкес болуы; 2) санкциялардың әділдігі – санкцияның заңда сипатталған әрекеттің ауырлығына парапаржәнеөзгеәрекеттерүшінкөзделгенсанкция­ лармен сәйкестендірілген болуы; 3) қылмыстық заңмен қудаланатын әрекеттер аясын анықтау

жөніндегі қызметтің әділдігі – әрекеттерді криминализациялау және декриминализациялау мәселелерін шешкенде заңшығарушының қоғам мүшелерінің қандай да бір мінез-құлық көріністерінің әділдігі немесе әділетсіздігі туралы көзқарастарын есепке алуы (Кудрявцев, Ке-

лина, 1985: 9-10).

Біздің ойымызша, ҚР ҚК 52-баб. 1-бөлігінде әділдік ұғымының бірінші деңгейі туралы ғана сөз болып тұр, өйткені санкциялардың әділдігін және қылмыстық заңмен қудаланатын әрекеттер аясын анықтау жөніндегі қызметтің әділдігін қамтамасыз ету, біріншіден, соттың емес, заңшығарушының құзыретіне кіреді, екіншіден, бұл мәселелер жаза тағайындау кезінде емес, қылмыстық заңды қабылдау, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу сатыларында шешіледі.

Қылмыстық құқық теориясында кең тара­ ған пікір бойынша, жаза тағайындаудың әділдігі­ қылмыстық құқық бұзушылық пен қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылатын жазаның арасындағы сәйкестікті білдіреді. ҚР ҚПК 438-бабын талдау, отандық заңшығарушының да жазаның әділдігі талабын дәл осы мағынада қабылдайтынын көрсетеді: қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейтін жаза әділетсіз деп танылады, әділетсіз жаза ҚР ҚК тиісті бабының санкциясында көзделген шектерде тағайындалса да, не шектен тыс жеңіл, не шектен тыс қатал болады.

Әділ жаза тағайындау туралы заң талабының орындалмауын (жазаның қылмыстық құқық бұзушылық­ ауырлығына және сотталған адам­ ның жеке басына сәйкес келмеуін) қылмыстықпроцестік заңнама бірінші сатыдағы сот үкiмiнiң күшiн жоюдың немесе өзгертудің негіздерінің қатарында атайды (ҚР ҚПК 433-бабы).

Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің екінші ережесі – жаза Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлмінің тиiстi бабында белгiленген шектерде және Жалпы бөлiмінiң ережелерiн ескере отырып тағайындалуы керек (ҚР ҚК 52баб. 1-бөл.).

Жаза тағайындағанда ҚК Жалпы бөлiмінiң ережелерiнескеруталабықылмыстық-құқықтық әдебиетте кең және тар мағынада түсініледі. Бұл талапты кең мағынада қабылдайтын ғалымдар қарастырылып отырған ереже қылмыстық заңның Жалпы бөлімінің барлық нормаларын ескеруді талап етеді деп пайымдайды. Мысалы, отандық зерттеуші А.Б. Сакенова ҚК Жалпы бөлiмінiң ережелерiн ескеру, ең алдымен, сот қылмыстық жауаптылыққа тартудың

226

Хабаршы. Заң сериясы. №1 (85). 2018

Нұрхан А.С.

негізін, яғни әрекетте нақты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының бар екенін анықтап алуға міндетті дегенді білдіреді деп жазады (Сакенова А.Б., 2015: 7). Жалпы бөлімнің жаза тағайындау кезінде ескерілуге тиіс ережелерінің қатарында әдебиетте бұдан тыс, әрекеттің қылмыстылығын теріске шығаратын мәнжайлардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату негіздерінің бар-жоқтығын анықтау, кінә нысанын, қылмыстық пиғылды іске асыру дәрежесін, қылмысты әрекетті жасауға қатысу дәрежесін және т.б. ескеру аталады (Борчашви-

ли, 1999: 336-337).

Келтірілген пікірлер жаңсақ болып табылады, өйткені қылмыстық-процестік заңна­ маның­ бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібін­ , басты сот талқылауының жекелеген бөліктерін, соттың үкiм шығару кезінде шешетін­ мәселелерiн реттейтін нормаларына кереғар келеді. Сот жаза тағайындау сатысына қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның кінәлілігінің бұлтартпас дәлелдерін зерттеп, оның кінәлілігіне анық көз жеткізіп, әрекетті саралап алған соң ғана көшеді. Сондықтан, жоғарыда келтірілген мәселелердің бірқатары, әсіресе, қылмыстық жауаптылық негізінің баржоқтығын анықтау жаза тағайындау барысында шешілетін мәселелер қатарына кірмейді.

Жаза тағайындағанда ҚК Жалпы бөлiмінiң ережелерiнескеруталабынтармағынадатүсінетін авторлардың бір бөлігі қылмыстық заңда Жалпы бөлімнің жаза тағайындаумен байланысты және бұл үдеріске әсер ететін нормалары туралы ғана сөз болып тұр деп санайды. Ғалымдардың басқа бір бөлігі осындай нормалардың нақты тізімін келтіреді,мысалы,А.С.Гореликосындайнормалар қатарына мыналарды қосады: 1) қылмыстық заңнаманың міндеттері және қылмыстық жаза­ ның мақсаттары туралы жалпылама ережелер; 2) жаза тағайындаудың жалпы негіздері туралы норманың талаптары; 3) жеңілдетуші және ауырлатушы мән-жайлардың тізімдемелері; 4) жазаның жекелеген түрлерін тағайындау ережелері; 5) жаза тағайындаудың арнайы ережелері; 6) шартты түрде соттауды қолдану кезінде жаза тағайындауды реттейтін нормалар; 7) жаза мерзімін немесе мөлшерін анықтау тәртібін реттейтін нормалар; 8) кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау ерекшеліктерін реттейтін нормалар (Горелик, 1989: 78-79).

Қарастырылып отырған талапты мүлде тар мағынада түсінетін ғалымдар оны жаза тағайындаудың заңнамалық шектерін анықтай­ тын жалпы ереже деп қабылдайды. Біздің ой-

ымызша, нақ осы ұстаным заңшығарушының еркіне толық жауап береді. Себебі ҚК Жалпы бөлімінің ережелерін ескеру туралы талапты оның бірінші жартысынан бөліп қарастыруға болмайды. Қылмыстық заңда жаза «Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлмінің тиiстi бабында белгiленген шектерде және Жалпы бөлiмінiң ережелерiн ескере отырып ... тағайындалады» делінген.

Келтірілген заңнамалық ереженің алғашқы бөлігі сот сотталушының әрекеттерін ҚК Ерекше бөлігінің қай бабымен сараласа, жазаны сол баптың санкциясында көзделген шектерде тағайындауға тиіс дегенді білдіреді. Осы себепті Е.В. Благов ҚК Ерекше бөлігі нормасының санкциясын жаза тағайындаудың заңнамалық шегі деп анықтайды (Благов, 2002: 57). Алайда сот қолдана алатын жазалар ҚК Ерекше бөлігі бабының санкциясында көзделгендермен шектелмейді. Мысалы, ҚК Ерекше бөлігі баптары санкцияларының басым бөлігінде жазаның минимумы көрсетілмеген; қылмыстық заңда санкцияда көзделмеген жағдайда да тағайындалуы мүмкін қосымша жазалар кездеседі; заңнамада сотталушылардың кейбір санаттарына қолдануға болмайтын немесе мерзімі мен мөлшері өзгеше жаза түрлері бар. Сонымен, ҚК Жалпы бөлімінің нормалары кейбір жағдайларда Ерекше бөлім санкция­ ларын құбылтады, атап айтқанда, олардың төменгі және жоғарғы шектерін өзгертеді немесе санкцияда көзделген жазаларды қолдануқолданбау мүмкіндігін айқындайды. Олай болса, ҚР ҚК 52-баб. 1-бөлігінде бекітілген ереже жаза тағайындау шектерін анықтау мәселесінде санкцияның рөлін асыра бағалауға жол бермеуге бағытталған.

Қылмыстық заңнамада жаза тағайындаудың заңнамалық шектері туралы жалпы ережеден ауытқу түрінде ҚК Ерекше бөлімі баптары санкцияларының шегінен шыға отырып жаза тағайындау мүмкіндігі де көзделген:

ҚР ҚК 55-бабында көзделген жағдайларда жасалған әрекет үшiн ҚК Ерекше бөлімінің тиiстi баптарында көзделгеннен жеңілірек жаза тағайындалуы мүмкін;

ҚР ҚК 58 және 60-баптарында көзделген жағдайларда жасалған әрекет үшiн ҚК Ерекше бөлімінің тиiстi баптарында көзделгеннен қатаңырақ жаза тағайындалуы мүмкiн.

Біз жаза тағайындаудың жаңа шектері (яғни, Ерекше бөлім бабының санкциясында көзделгеннен ерекшеленетін) туралы жоғарыда келтірілген талаптарды жаза тағайындаудың

ISSN 1563-0366

Journal ofActualProblems ofJurisprudence. №1 (85). 2018

227

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері және қылмыстық теріс қылықтар үшін жаза тағайындаудың өзіндік ерекшеліктері

дербес негізі ретінде емес, жаза тағайындаудың заңнамалық шектері туралы ереженің құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Ресейлік ғалым Т.В.Непомнящаядаолардыжазатағайындаудың жалпы негізін қолдануға қатысты соттарға берілгеннақтылау,түсініктемедепсанайды(Не-

помнящая, 2006: 19).

Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің үшінші ережесіне сай қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс (ҚР ҚК 52-баб. 2-бөл.).

Арнайы әдебиетте бұл заңнамалық ереже, әдетте, жазаның мақсатқа лайықтылығы принципінің аясында қарастырылатын, алайда қазіргі кезде ғалымдардың басым бөлігі бұл талапты жаза тағайындаудың қажетті шарты деп бағалайды да негізінен жазаның тиімділігімен байланыстырады (Велиев, 2004: 123).

ҚР ҚК 39-баб. 2-бөлігінде сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың­ да жаңа қылмыстық құқық бұзушы­ ­лықтар жасауының алдын алу жаза мақсаттарының қатарында аталған. Олай болса, сот тағайындаған жаза шамасы қылмыстыққұқықтық ықпал ету шарасының осы түрінің алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуді, яғни жазаның тиімділігін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Сот жазаның түрі мен мөлшері туралы мәселені шешкенде оның жаза мақсаттарын қамтамасыз ету әлеуетін әрқашан ескеруге міндетті.

Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің төртіншіережесінесәйкес,жасалғанқылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазалардың катаңырақ түрін ол үшін көзделгендердің арасынан жеңілірек түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана тағайындауға болады (ҚР ҚК 52-баб. 2-бөл.).

Қылмыстық құқықтың респрессияны үнем­ деу принципінен туындайтын бұл талап соттарды жазаны үнемдеп тағайындауға бағыттайды. Сот әрбір жағдайда санкцияда көзделген жаза түрлерінің ішінен мүмкіндігінше жеңілірек жаза түрін тағайындау жолдарын қарастыруы керек.

Талданып отырған ереже отандық қыл­ мыстық заңнама тарихында алғаш рет 1997 жылғы Қылмыстық кодексте бекітілген болатын. Бұған дейінгі кезеңдердегі қылмыстық заңдарда соттарға жазаны үнемдеп тағайындау міндеті жүктелмейтін.

Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің бесінші ережесі жазаны жеке даралау

принципінен туындайды және соттардың жазаны қылмыстық құқық бұзушылықтың және оны жасаған адамның ерекшеліктерін сипаттайтын мән-жайларды ескере отырып тағайындауды талап етеді (ҚР ҚК 52-баб. 3-бөл.).

ҚР ҚК 52-баб. 3-бөлігінде жаза тағайын­ дағанда ескерілуі тиіс мән-жайлардың қата­ рында мыналар бекітілген: қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дәрежесi; кінәлі адамның жеке басы, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы; жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар; тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне ықпалы; тағайындалған жазаның сотталған адамның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы.

Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің талаптарын талдау көрсеткеніндей, олар қылмыстарменқылмыстықтерісқылықтарүшін ортақ. Дегенмен, жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің кейбір талаптары қылмыстық теріс қылықүшінжазатағайындаудыңерекшеліктерін ескере отырып бекітілген.

Атап айтқанда, қылмыстық теріс қылықтар үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктері қыл­ мыстық заңның қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдетуші мән-жайлардың тізімін айқындайтын (ҚР ҚК 53-баб. 1-бөл. 1)-тарм.) және қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәртібін (ҚР ҚК 58-бабы) реттейтін баптарында көрініс тапқан.

Жазаны жеке даралау құралдарының ішінде жеңілдетуші және ауырлатушы мән-жайлар ерекше рөл ойнайды. Жасалған әрекеттің қоғамдық қауіптілігі неғұрлым төмен болса, оны жасаған адамға мемлекет кешірімділік таныту ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. 1997 жылғы қылмыстық заңнамада жеңілдетуші мәнжай ретінде кінәлінің онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасауы аталған болса, қолданыстағы қылмыстық заңнамада олардың қатары қылмыстық теріс қылықтармен толықтырылған (ҚР ҚК 53-баб. 1-бөл. 1)-тарм.). Дегенмен, аталған жайт заңнамада бекітілген­ жеңілдетуші мән-жайға айналуы үшін қыл­ мыстық құқық бұзушылықтардың аталған түр­ лері әрі алғаш рет, әрі мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан жасалған болуы керек.

Қандай қылмыстық құқық бұзушылықтар алғаш рет жасалған деп танылады деген мәселені шешкен кезде ҚР Жоғарғы сотының

228

Хабаршы. Заң сериясы. №1 (85). 2018

Нұрхан А.С.

«біріншіретжасалғанқылмысдепадамныңшын мәнінде алғаш рет жасаған әрекетіне бірінші рет жасамаған, бірақ егер бұрын жасалған қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапкершіліктен босатылған немесе жазадан толық босатылған не соттылығы жойылған немесе алынған әрекеті танылуға тиіс» (http: // adilet.zan.kz/kaz/docs/P160000015S), – деген түсініктемесін басшылыққа алу керек.

Қылмыстық құқық бұзушылықты мәнжайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан жасау айыптының күні бұрын дайындалмай, кенеттен пайда болған қасақаналық бойынша немесе абайсызда әрекет етуінен көрінеді. Айыпты үшін күтпеген жерден орын алып, оның мінез-құлқына әсер еткен мән-жайлар кездейсоқ деп танылады (Рахметов, 2000: 65).

Соттар заңда аталған шарттардың үшеуінің (жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігінің төмен болуы, олардың алғаш рет және мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан жасалуы) қатар келуі жеңілдетуші маңызға ие болатынын ескере бермейді. Үкімдерде, әдетте, жеңілдетуші мәнжай ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтың алғаш рет жасалғаны ғана көрсетіледі. Жеңіл­ детуші мән-жайлардың тізімі ашық болған­ дықтан, қалыптасқан тәжірибе заңға өрескел қайшы келмейді.

Қылмыстыққұқықбұзушылықтардыңжиын­ тығы бойынша жаза тағайындау мәселесіне арналған нормада (ҚР ҚК 58-бабы), біріншіден, оның сатылары; екіншіден, түпкілікті жазаны анықтау тәртібі; үшіншіден, түпкілікті жазаның ең жоғарғы шектері реттеледі. Қылмыстық теріс қылықтар үшін жаза тағайындаудың ерек­ шеліктері түпкілікті жазаны анықтау тәртібінен және түпкілікті жазаның ең жоғарғы шектерінен көрініс тапқан.

Қылмыстық заңнамада қылмыстық құқық бұзушылықтардың­ жиынтығы бойынша түп­ кілікті жазаны анықтаудың үш тәсілі көзделген: жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру, ішінара қосу, толық қосу. Бұл тәсілдердің қолданылуы жиынтыққа кіретін қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрі мен санатына тәуелді. Мысалы, егер жиынтыққа тек қылмыстықтерісқылықтаркірсе,ондатүпкілікті жазаны анықтағанда үш тәсілге де жүгінуге болады. Ал егер жиынтыққа тек қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы ор-

таша қылмыстар кірсе, онда түпкілікті жаза жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен ғана анықталады.

Қорытынды

Жалпы ереже бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша тағайындалған­ түпкілікті жазаны ҚК Жалпы бөлiгiнде жазаның осы түрi үшiн белгiленген ең жоғары мерзiмнен немесе мөлшерден асыруға болмайды. Қалыптасқан заңшығарушылық дәстүрге сәйкес бұл ереженің күші тек бас бостандығынан айыру жазасына жүрмейтін. 2014 жылғы ҚР ҚК бойынша түпкілікті жазаны жазаның осы түрi үшiн белгiленген ең жоғары мерзiмнен немесе мөлшерден асырмау туралы талап қылмыстық теріс қылықтар үшін тағайындалған айыппұлға және қоғамдық жұмыстарға тартуға да жүрмейді.

ҚР ҚК 58-баб. 2-бөлігіне сәйкес жиынтыққа кіретін қылмыстық теріс қылықтар үшін тағайындалған жазаларды қосқан (толық немесе ішінара) кезде айыппұл түріндегі жазаның түпкілікті мөлшерін – 1000 АЕК-тен (500 АЕК-тің орнына), қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаның түпкілікті мерзімін – 600 сағаттан (300 сағаттың орнына) асыруға болмайды. Қылмыстық теріс қылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың келтірілген ережелері бізге тым қатал болып көрінеді. Біздің ойымызша, қылмыстардың жәнеқылмыстықтерісқылықтардыңжиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде түпкілікті жаза мерзімін (мөлшерін) анықтау ережелері бірдей болуы керек, яғни жазаның тиісті түрi үшiн белгiленген ең жоғары мерзiмнен немесе мөлшерден аспауы.

Отандық қылмыстық заңнамаға «қылмыс­ тық теріс қылық» санатының енгізілуі жаза тағайындау институтын түбегейлі қайта қарауға алып келмегенімен, соттар қылмыстық теріс қылықтар үшін жаза тағайындаудың өзіндік ерекшеліктері бар екенін естен шығармауы керек. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде ҚР ҚК 52-бабында бекітілген жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің барлық талаптарын бұл­ жытпай сақтау (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/ P150000004S.) ғана кінәлі адамға әділ, заңды және негізді жаза тағайындаудың кепілі бола алады.

ISSN 1563-0366

Journal ofActualProblems ofJurisprudence. №1 (85). 2018

229

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері және қылмыстық теріс қылықтар үшін жаза тағайындаудың өзіндік ерекшеліктері

Әдебиеттер

Бабаев М., Пудовочкин Ю. Уголовное наказание: проблемы теоретического понимания и уголовно-политическое значение //Уголовное право. – 2017. – №4. – С.13-18.

ДядькинД.С.Теоретическиеосновыназначенияуголовногонаказания:алгоритмическийподход.–СПб.:Издательство Р.Асланова «Юридический центр Пресс», 2006. – 510 с.

Дулатбеков Н.О. Қылмыстық жаза тағайындау (теория және практика мәселелері): монография. – Астана: Фолиант, 2002. – 446 б.

Кудрявцев В.Н., Келина С.Г. О принципах советской уголовной политики. – Владивосток, 1985. – 176 с.

Сакенова А.Б. Некоторые аспекты теории и практики назначения наказания по уголовному законодательству Республики Казахстан: Диссертация на соискание степени доктора философии (PhD). – Караганда, 2017. – 138 с.

Борчашвили И.Ш. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Общая часть (то м 1) /Под общей редакцией Генерального Прокурора Республики Казахстан Даулбаева А.К. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. –504 с.

Горелик А.С. Положения Общей части уголовного права о назначении наказания (понятие, классификация, соот­ ношение). // Совершенствование уголовного законодательства и практики его применения. – Красноярск, 1989. – С.  78-85.

Благов Е.В. Назначение наказания (теория и практика). – Ярославль: Изд-во Яросл. гос. Университета, 2002. – 187 с. Непомнящая Т.В. Назначение уголовного наказания: теория, практика, перспективы. – СПб.: Издательство

«Юридический центр Пресс», 2006. – 781 с.

Велиев С.А. Принципы назначения наказания. – СПб.: Издательство Р. Асланова «Юридический центр Пресс», 2004.

– 388 с.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы №4 Нормативтік қаулысы //http: //adilet.zan.kz/kaz/docs/P160000015S

Рахметов С.М., Кулмуханбетова Б.А. Наказание: понятие, цели, виды, порядок и назначение. – Алматы, 2000. – 122 с. «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4

Нормативтік қаулысы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P150000004S.

References

Babaev M., Pudovochkin Ju. Ugolovnoe nakazanie: problemy teoreticheskogo ponimanija i ugolovno-politicheskoe znachenie //Ugolovnoe pravo. – 2017. – №4. – S.13-18.

Djad’kin D.S. Teoreticheskie osnovy naznachenija ugolovnogo nakazanija: algoritmicheskij podhod. – SPb.: Izdatel’stvo R.Aslanova «Juridicheskij centr Press», 2006. – 510 s.

Dulatbekov N.O. (2002) Qqylmystyq zhaza tagajyndau (teorija zhәne praktika mәselelerі): Monografija. – Astana: Foliant. – 446 b.

Kudrjavcev V.N., Kelina S.G. (1985) O principah sovetskoj ugolovnoj politiki. – Vladivostok. – 176 s.

Sakenova A.B. (2017) Nekotorye aspekty teorii i praktiki naznachenija nakazanija po ugolovnomu zakonodatel’stvu Respubliki Kazahstan. Dissertacija na soiskanie stepeni doktora filosofii (PhD). – Karagandy, 2017. – 138 s.

BorchashviliI.Sh.KommentarijkUgolovnomukodeksuRespublikiKazahstan.Obshhajachast’(tom1)/Podobshhejredakciej General’nogo Prokurora Respubliki Kazahstan Daulbaeva A.K. – Almaty: Zhetі zharғy, 1999. –504 s.

Gorelik A.S. Polozhenija Obshhej chasti ugolovnogo prava o naznachenii nakazanija (ponjatie, klassifikacija, sootnoshenie). // Sovershenstvovanie ugolovnogo zakonodatel’stva i praktiki ego primenenija. – Krasnojarsk, 1989. – S.78-85.

Blagov E.V. (2002) Naznachenie nakazanija (teorija i praktika). – Jaroslavl’: Izd-vo Jarosl. gos. Universiteta. – 187 s. Nepomnjashhaja T.V. (2006) Naznachenie ugolovnogo nakazanija: teorija, praktika, perspektivy. – SPb.: Izdatel’stvo «Ju-

ridicheskij centr Press». – 781 s.

Veliev S.A. (2004) Principy naznachenija nakazanija. – SPb.: Izdatel’stvo R. Aslanova «Juridicheskij centr Press». – 388 s. «Qazaqstan Respublikasy Qylmystyq kodeksіnіng 68-babyn qoldanu zhonindegi sot praktikasy turaly» QR Zhogargy Sotynyng

2001 zhylgy 21 mausymdaғy №4 Normativtіk qaulysy //http: //adilet.zan.kz/kaz/docs/P160000015S

Rahmetov S.M., Kulmuhanbetova B.A. (2000) Nakazanie: ponjatie, celi, vidy, porjadok i naznachenie. – Almaty. – 122 s. «Qylmystyq zhaza tagajyndaudyng kejbіr mәselelerі turaly» QR Zhogargy Sotynyng2015 zhylgy 25 mausymdagy № 4

Normativtіk qaulysy // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P150000004S.

230

Хабаршы. Заң сериясы. №1 (85). 2018

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]