Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

50

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.7 Mб
Скачать

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

интерес к себе со стороны мировых держав. Особенно важно то, что данная концепция за основу берет именно экономическое взаимодействие. Мы можем с уверенностью сказать, что это самая большая возможность для роста, которая выпала Казахстану после обретения независимости. Крупнейшими заинтересованными сторонами в стране являются национальные компании, которым за предстоящие годы необходимо обеспечить свою готовность к поддержке огромных объемов транзита через страну. Они должны понимать важность Нового шёлкового пути и уделить ему такое внимание, какого он заслуживает. А это говорит о том, что в ближайшее время необходимы значительные перемены.

Литература

1.Юйцай Цинь, Вэйдун Ло, Гупин Чжоу: Один пояс и один путь, Издательство «Шанс», 280с., 2017г.

2.Гэ Цзяньсюнь. Изменяющий мировую экономическую географию проект «Один пояс — один путь» / Цзяньсюнь Гэ, Ифу Линь, Аньган Ху и др. — Пекин, 2017г.

3.Вань Ивэй. «Мир взаимосвязан: логика проекта “Один пояс — один путь ”» / Ивэй Вань. — Пекин, 2016.

4.Ли Юнцзюнь. Синяя книга «Один путь и один пояс. Отчёт развития продвижения «Один путь и один пояс» / Юнцзюнь Ли, Сяоцзюань Ван. — Пекин, 2017.

5.Лю Цзяньфэй. «Один путь — один пояс» — это путь участия Китая в глобальном управлении / Цзяньфэй Лю — Чанчунь, 2016.

6.http://www.mfa.kz/zh/beijing/content-view/ha-sa-ke-si-tan-da-shiyi-dai-yi-ludui-zheng- ge-zhong-ya-de-qu-you-zhong-yao-yi-yi

7.https://forbes.kz/finances/markets/kazahstan_i_novyiy_shelkovyiy_put

“ ”

Жамантаева Г.Ə., Батаева А.А. Международный казахско-турецкий университетимени. Х.А.Ясави (Казахстан, г. Туркестан)

Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумелëва (Казахстан, г.Астана)

50 “ ”“ ”

181

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

“ ”“ ”

“ ” 1 23

4. 1.

182

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

使学生能真正将掌握的理论、知识和技术熟练而有效地应用到翻译工作中去。2. 3.4.

“ ” “ ”

1.. J

2012 4

2.. —— J

( ) 2011 6

3.J

2009 5

4.2011 5

5.( MTI) J2010 3

6. [M]. 2015

183

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

«БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ СТРАТЕГИЯСЫ»АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙДЫҢ БІЛІМ МЕН МƏДЕНИЕТ

САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

Сатбай Г.Қ. Коспаганбетова Н.Х.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы gulnaz_satbay@mail.ru nuri1993-93@mail.ru

Түйіндеме:«Бір белдеу, бір жол» – Қытайдың сауда, көлік жолдарын, сондай-ақ Орталық Азияның, Еуропа мен Африканың 60-тан астам елдерін байланыстыратын экономикалық дəлізді жетілдіру мен оның жаңа түрлерін жасауға, олардың Қытаймен арадағы сауда қарым-қатынасын дамытуға серпін беруге бағытталған халықаралық бастамасы.«Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында тек қана сауда-саттық ынтымақтастық орын алып қоймай, сонымен қатар инфрақұрылым саласындағы, білім мен мəдениет саласындағы ынтымақтастық мəселесі де қарастырылған. Мақалада, аталмыш жоба аясында Қазақстан мен Қытайдың білім мен мəдениет саласындағы ынтымақтастығының даму болашағы қарастырылады.

Тірек сөздер: «Бір белдеу, бір жол» жобасы, Қазақстан, Қытай, мəдениет, ынтымақтастық

Резюме:«Один пояс, один путь» - это международная дорожная карта, нацеленная на улучшение торговых путей Китая и экономического коридора, связывающего более 60 стран Центральной Азии, Европы и Африки, и содействие их развитие с Китаем.Проект «Один пояс, один путь» не только занимается торговлей, но и занимается сотрудничеством в области инфраструктуры, образования и культуры.В статье рассматриваются перспективы развития сотрудничества Казахстана и Китая в сфере образования и культуры.

Ключевые слова: Проект «Один пояс, один путь», Казахстан, Китай, культура, сотрудничество

Resume:“One Belt, One Road” is an international road map aimed at improving China’s trade routes and economic corridor linking more than 60 countries of Central Asia, Europe and Africa, and promoting their development with China.The project “One Belt, One Road” is not only engaged in trade, but also deals with cooperation in the field of infrastructure, education and culture. The article discusses the prospects for the development of cooperation between Kazakhstan and China in the field of education and culture.

Key words:The project “One belt, one road”, Kazakhstan, China, culture, cooperation

Жібек жолы экономикалық белдеуі – бұл ондаған мемлекеттерді экономикалық дамуға біріктіретін жаһандық бастамалардың бірі. Ұлы Жібек жолының бастауында орналасқан Қазақстан, ең іскерлік, транзитті жəне логистикалық қақпалардың біріне айналып, Еуропа мен Азияның арасындағы көпір болмақ.

Бүгінде «Бір белдеу, бір жол» жобасы Азия, Еуропа, Африка континенттеріне тарады, бір жағынан жанданған Шығыс Азия экономикалық шеңбері болса, екінші жағынан дамыған Еуропалық экономикалық шеңбер, ал ортасында, ішкі алып территорияның ұлттық экономикалық дамуының зор

184

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

əлеуеті жатыр. Жібек жолының экономикалық белбеуі еш кедергісіз Қытайдан басталып, Орталық Азия, Ресейден өтіп, Еуропа континентіне (Балтық теңізі) дейін жетеді; Қытайдан Орталық Азия, Батыс Азияны кесіп, Парсы шығанағы, Жерорта теңізіне дейін жетеді; Қытайдан Оңтүстік – Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Үнді мұхитына дейін барады. 21 ғасыр теңіз Жібек жолының басты бағыттары – Қытайдың теңіз бойы айлақтарынан бастау алып, Оңтүстік теңізінен өтіп, Үнді мұхитынан ары қарай Еуропа құрлығына дейін жайылады; Қытайдың теңіз бойы айлақтарынан бастау алып Оңтүстік теңізінен өтіп Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіне дейін жетеді.

«Бір белдеу, бір жол» стратегиясы ежелгі Жібек жолын қазіргі заманға сай қайта жаңғыртты. Қытай елі үшін оның реформа мен ашық есік саясатын тіпті де тереңдетудің тамаша мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар ол Еуразия одағына жаңа серпін береді, əлемдік дамуға жаңа жол ашады. «Ежелгі жібек жолы» қытайдың өзге елдермен саяси –экономикалық қарым қатынасының жалпы атауы болған. Олар: Батыс хан хандығының тұсында қалыптасқан «Солтүстік батыс жібек жолы»; ішкі Монғол үстірті, батыс бағытта Тяньшань тауының солтүстігіне келіп қосылатын Орта Азияның «Сахара жібек жолы»; Шианнан Чынду арқылы Үнді еліне баратын «Оңтүстік батыс жібек жолы»; Қытайдың оңтүстік шығысынан басталып теңізді жағалай, Оңтүстік-Қытай теңізі арқылы, Тынық мұхитына, Үнді мұхитының, Парсы шығанағы, Африка, Еуропа елдеріне баратын «Теңіз жібек жолы», т.б.ғасырлар бойы əр елдің дипломатиялық миссиялары, керуені, аяхатшылары, ғалымдары, қолөнершілеры осы «Жібек жолдары» бойымен өзара ғылми, экономикалық жəне мəдени алмастыруларды жүзеге асырып, осы негізде қытай , Үнді, Парсы, араб өркениетінің өзара тоғысуы жүзеге асырылады.

«Бір белдеу, бір жол» жобасы бірлікте дамуды жүзеге асырып, өзара тиімді серіктестікті нығайту жолы, көпжақты қатынас аясында өзара сенімділікті, бейбітшілік пен достық байланысын күшейтетін жол. Қытай үкіметі, бейбітшілік жəне ынтымақтастық, ашықтық пен қамқорлық, өзара үйрену жəне өзара толықтыру, өзара тиімділік жəне бірлікте табысқа жету идеясын берік ұстанады, көпжақты қызметтік ынтымақтастықты дамыту, саяси өзара сенімділікке қол жеткізу, экономикалық біріккен, мəдениеті тоғысқан, тағдыры мен міндеті ортақ топ құру бастамасын ұсынып отыр[1].

«Бір белдеу, бір жол» стратегиясы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін қалыптастыру ісіне зор үлес қосты. Қазіргі кезде қытаймен қол жеткізген уағдаластықтар мен бірқатар өнеркəсіп орындарын Қазақстанға көшіру жөніндегі ұсыныс толық қарқынмен жүзеге асырылуда. Соның нəтижесі ретінде бүгінге дейін бірлескен индустриялық нысандар құру туралы 25 келісімге қол қойылды. Мемлекеттер арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуда «Нұрлы жол» жəне «Жаңа Жібек жолы» бағдарламаларының жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. «Қазіргі уақытта Қазақстаннан Ресейге қарай автомобиль жолы, Иран арқылы Парсы шығанағына қарай теміржол салынды, Каспий теңізінде теңіз порты

185

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

құрылды, Орталық Азияның барлық мемлекеттері Қорғас арқылы байланыстырылды

Бір белдеу, бір жол» жобасында өте үлкен басымдық берілген тағы бір негізгі бағыттарының бірі – білім жəне мəдениет саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Қытайда Қазақстанның тарихын, мəдениетін, салт-дəстүрін зерделеген еңбектер ұшан-теңіз. Ауыз толтыра айтарлықтай сүбелі еңбектер Су Бэйхайдың төрт томдық «Қазақтың жалпы тарихы», Уаң Жылайдың төрт томдық «Орта Азияның жалпы тарихы» сияқты еңбектері. Қытайда Орталық Азияны зерттейтін 20-ға жуық ғылыми зерттеу орталығының басым бөлігі Қазақстанды зерттеуге бағытталған.

Студенттерді алмасып оқыту көлемін кеңейту, білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қытай жыл сайын белдеу бойындағы елдерге 10 мың орын мемлекеттік шəкіртақы тағайындайды. Белдеу бойындағы елдер ара мəдениет жылы, өнер фестивалі, кинофестиваль, теледидар апталығы, кітап көрмесі жəне т.б іс-шаралар ұйымдастырады. Радио, телевидения саласындағы үздік туындыларды көптеп аударып тарату жəне құнды мəдени жəдігерлерді əлемдік деңгейге көтеруге бірігіп ұсыныс беріп, бірлесе қорғау үдерісін дамытады. Белдеу бойындағы мемлекеттер ара білікті мамандармен алмасу ынтымақтастығын күшейту керек[2].

Туризм саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп, туристік аумақты кеңейтіп, туризмді дамыту апталығы, туризмді насихаттау айы сынды ісшараларды ұйымдастырып, Жібек жолы ерекшелігіне ие халықаралық танымал турлар мен туризм өнімдерін бірлесе жасап, белдеу бойындағы елдерде туристік виза мəселесін жеңілдету керек. 21 ғасыр теңіз Жібек жолы круиздік кеме туризмі ынтымақтастығын дамыту. Спорт саласындағы əріптестік шараларды көптеп ұйымдастырып, белдеу бойындағы елдердің Ірі халықаралық спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік алуына қолдау көрстетін болады.

Көрші елдер арасында жұқпалы аурулар туралы ақпарат алмасу, алдын алу жəне емдеу технологиясымен алмасу, мамандарды тəрбиелеу тараптарындағы ынтымақтастықты күшейтіп, қоғамдық денсаулық сақтау төтенше жағдайларды ынтымақтаса отырып шешу əлеуетін арттыру керек. Медициналық көмек пен төтенше медициналық көмекке мұқтаж елдерге көмек көрсетіп, ана мен бала денсаулығы, мүгедектерді оңалту, сондай-ақ, ЖҚТБ, Туберкулез, безгек сынды басты жұқпалы аурулар саласындағы прагматикалық ынтымақтастықты күшейтіп, дəстүрлі медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңінен қанат жайдыру керек.

Ғылым жəне технология ынтымақтастықты күшейтіп, бірлескен зертханалар (зерттеу орталықтары), халықаралық технологиялар трансферті орталығы, теңіз ынтымақтастық орталықтарын құрып, ғылыми-техникалық кадрлар алмасуды дамытып, ірі ғылыми жəне техникалық мəселелерді шешу жұмыстарын бірлесе өрістетіп, бірлесіп ғылыми-технологиялық инновациялық қабілетін арттыру қажет.

Қолданыстағы ресурстарды реттеу, белдеу бойындағы елдерде жастарды жұмыспен қамту, кəсіпкерлікке баулу, кəсіби дағдыларын дамыту,

186

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

əлеуметтік қауіпсіздік басқару қызметтері, Мемлекеттік басқару, жəне т.б. сынды ортақ қызығушылық тудыратын салаларда прагматикалық ынтымақтастықты қарқынды дамыту керек.

Саяси партиялар мен парламенттік байланыстардың көпірлік рөлін толығымен сəулелендіріп, белдеу бойындағы елдер арасындағы заң шығарушы мекемелер, негізгі партиялар мен саяси ұйымдар арасындағы достық байланысты күшейту қажет. Қалалар арасындағы ынтымақтастықты өріс алдырып, белдеу бойындағы басты қалалар арасындағы достық қатынас орнатуға қолдау көрсетіп, адамзаттық мəдени байланысты негіз еткен, төтенше прагматикалық ынтымақтастық арқылы ынтымақтастықтың одан да көп жарқын мысалдарын қалыптастыру мақсат етіледі. Белдеу бойындағы елдер арасында бірлескен зияткерлік зерттеулер мен ынтымақтастық форумдарын ұйымдастыруды құптайды.

Белдеу бойындағы елдерде қоғамдық ұйымдар арасындағы алмасу мен ынтымақтастықты күшейтіп, негізгі сатыдағы бұқараға басты назар аударып, медициналық білім беру, кедейлікті жою, биоəртүрлілік пен экологиялық ортаны қорғау салаларында түрлі қайырымдылық іс-шараларын көптеп ұйымдастырып, белдеу бойындағы елдердегі кедей аймақтардағы тұрмыс деңгейінің көтерілуіне септігін тигізу қажет. Мəдениет бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық алмасулар жəне ынтымақтастықты нығайту, интернеттік платформаларды белсенді пайдалану, жаңа медиа құралдарын қолдану, Үйлесімді жəне берекелі мəдени экология жəне жарасымды қоршаған орта жаратуға күш салу керек[3].

Қазіргі таңда, əлемдік экономиканың кірігуі тез қарқынмен дамуда, аймақтық ынтымақтастық кең етек алды. Сол себепті Қытай қолданыстағы көпжақтылы ынтымақтастық механизмдерін белсенді қолдана отырып, «Бір белдеу, бір жол» жобасын дамыту, аймақтық ынтымақтастықты тіпті де күшейте түсуге мүдделі.

Екі жақты ынтымақтастықты күшейту үшін, көпдеңгейлі, көп салалы байланыс кеңесі құрылып, екі жақты қарым-қатынастар жан-жақты дамытылуда. Ынтымақтастық меморандумы немесе ынтымақтастық жобасы дамытылып, екі жақты ынтымақтастық демонстрациясы құрылды. Екі жақты біріккен жұмыс механизмін оңтайландыру мақсатында «Бір белдеу, бір жол» жүзеге асырылу жолдарын, жол картасын дамыту мүмкіндіктерін қарастыру керек. Қазіргі кезде жұмыс атқарып отырған бірлескен комиссия, аралас комиссия, ассоциациялы комиссиясы, нұсқау беру комитеті, басқару комитеті сынды органдардың екі жақты ынтымақтастық механизіміндегі міндеттерін күшейтіп, ынтымақтастық жобасының үйлесімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Көпжақты ынтымақтастық механизмін күшейтіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Қытай – Онтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы АСЕАН («10+1»), Азиялық-Тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастық АТЭС APEC, Азия-Еуропа форумы (ASEM), Азиядағы ынтымақтастық бойынша диалог (ACD), Азия жаңалықтары форумы (CICA), Қытай-Араб ынтымақтастық форумы, Қытай-Теңіз ұйымы стратегиялық

187

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

диалог, Үлкен Мекон субаймағы GMS, Экономикалық ынтымақтастық, Орталық Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық Жобасы CAREC), жəне т.б. көпжақты ынтымақтастық механизмдердің міндетін арттырып, қатысты тараптармен қарым-қатынастарын күшейтіп, «Бір белдеу, бір жол» құрылысына қатысатын елдерді көбейту керек.

Белдеу бойындағы елдер экономикасын үздіксіз дамыту, субрегион халықаралық форумдардың, көрмелердің, сонымен қатар, Азиялық Боао Форумы, Қытай-АСЕАН көрмесі, Қытай-Еуразия көрмесі, Еуразиялық Экономикалық Форум, Қытайдың Халықаралық Инвестиция мен Сауда көрмесі, сонымен қоса Қытай-Оңтүстік Азия көрмесі, Қытай-Араб Көрмесі, Батыс Қытай Халықаралық көрмесі, Қытай-Ресей көрмесі, Цяньхай Ынтымақтастық Форумы (Qianhai Cooperative Forum) жəне т.б

платформалардың сындарлы əсерін дамытуды жалғастыру қажет. Жібек жолы бойы елдерінің жергілікті жəне қоғамдық ұйымдарының «Бір белдеу, бір жол» тарихи-мəдени мұрасын айқындауын қолдау керек, бірлесе келе арнайы инвестиция, сауда, мəдени айырбас іс-шараларын ұйымдастырылған, Жібек Жолы (Дуньхуан) халықаралық мəдени көрмесі жəне Жібек Жолы Халықаралық Кинофестивалі мен Кітап көрмесін өткізілген. «Бір белдеу, бір жол» Халықаралық жоғары деңгейлі форумын құрды[4].

Бұлардың барлығы «Бір белдеу, бір жол» жобасы белдеу бойындағы елдерге ауқымды экономикалық ынтымақтастықтың жарқын болашағы болып табылады. Қатысушы елдер қол ұстаса құлшынуы, өзара тиімділікті басты назарға ала отырып, ортақ қауіпсіздік мақсатына жету жолында күресуі қажет. Аймақтық инфрақұрылым нысандарын жетілдіруді қарқынды жүзеге асыру, қауіпсіз де тиімділігі жоғары құрлық, теңіз жəне əуе жол тармақтарының қалыптастыру жолында күш салуы керек, сонда ғана, өзара байланыс пен тұтастық жаңа деңгейге көтерілетін болады; сауда инвестицияны жеңілдету деңгейін көтеріп, жоғары өлшемді еркін сауда аймағының негізі салынып, экономикалық байланыс нығайып, саяси тұрғыдағы өзара сенімділік одан бетер тереңдейтін болады; мəдени ынтымақтастық аясы кеңейіп, түрлі өркениеттің өзара бірін –бірі толықтырып, бірлікте гүлденіп, елдер халқы бірін-бірі тани бастап, бейбіт қарым-қатынас орнататын болады.

Əдебиеттер

1 Выступление Председателя ҚХР Си Цзиньпина в Назарбаев университете (полный текст) // Посольство Китайской Народной Республики в Республике Қазақстан. – 2013. – 16 сентября.

2 Краткий очерк пяти государств Центральной Азии / Под ред. Чжао Чанцина; Институт России, Восточной Европы и Центральной Азии Академии общественных наук КНР [Электронный ресурс].-Режим доступа:

б.http://euroasia.cass.cn/Chinese/Production/projects23/001.html.

3. Бай Юншию, «Жібек жолында еркін сауда аймағын құруға болады», Сан Цинь газеті,

, 24.12.2013.

188

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

4. Бай Юншию, У Хан, «Қытай экономикасының өсу қарқынының өзгерісі жəне оған қатысты шаралар», Экономика ілімі журналы,

, 2013 ж.

ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ТРАНСПОРТТЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ ЖƏНЕ «БАТЫС ҚЫТАЙ – БАТЫС ЕУРОПА» ЖОБАСЫ

Оразбекова А.Р.

Тұран университеті, Гуманитарлық – заң факультеті, Аймақтану жəне халықаралық қатынастар кафедрасы аға оқытушы

МақаладаҚазақстан-Қытай транспорттық байланыстары жəне «батыс қытай – батыс еуропа» жобасының саяси-эконмикалық маңыздылығы, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тəуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі транспорттық жоба болып отырғандығы қарастырылады.

Түйін сөздер:«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жобасы, Халықаралық транзит, трансшекаралық инфрақұрылым

KAZAKHSTAN-CHINA TRANSPORTATION LINKS AND THE WESTERN CHINA - WESTERN EUROPE PROJECT

Orazbekova A.R.

TuranUniversity, Department of International relations and Regional studies Senior teacher

The article considers Kazakhstan-China transport links and the political-economic importance of the Western China-Western Europe project and the largest transportation project in the history of independent Kazakhstan- "Western China-Western Europe".

Kеy words:«Western China-Western Europe»project, International transit, transboundary infrastructure

Транспорт, сауда, елдің гүлденуі – бұл үш түсінік ежелден өзара тығыз байланысты. Ұлы Жібек жолының тарихы бүгінгі күні əртүрлі елдердің өзара тиімді саудасының жəне бейбіт мəдени қатынасының өзекті тəжірибесі ретінде қарастырылады. Бұл ежелгі сауда жолы несімен қызықтырады? Ең алдымен, материалдық жəне рухани құндылықтармен алмасу арқылы ол жиырма ғасыр бойына Шығыс пен Батыстың өзіндік жəне қайталанбас өркениеттерін жалғастырып келді.

Заманауи өркениеттің жаһандық үдерістері елдер мен халықтардың интеграцияға қарай қуатты қозғалысымен сипатталады. Тіпті кейбір жасанды ұлтүстілік құрылымдардың ыдырауы, жəне соның негізінде теңдік пен егемендік үшін күрес одан арғы жықындасу мен өзара ынтымақтастыққа əкеледі. Халықтардың мəдени өзгешелігін сақтау мен байыту бүкілəлемдік прогрестің негізі əрі нəтижесі. Əлемде бұл прогрестің негізі Еуропада да, Жерорта теңізі аймағында да жəне азиялық құрлықта да емес, олар бүкіл адамзаттың күш-жігерімен жасалған деген түсінік нығайып келеді. Өткеннің тəжірибесі бір-бірін дұрыс түсінуге, өркениеттердің жалғастылығын,

189

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

халықтардың тағдыры мен өзгеріссіз уақыт байланысын сезінуге мүмкіндік береді. Осылайша, Ұлы Жібек жолы адамзат қоғамы дамуының ежелгі интеграциялық үлгілерінің бірі болып саналады [1].

Қазір де ең оңтайлы трансқұрлықтық жол ретінде оған қызығушылық кеміген жоқ. Ұлы Жібек жолы орасан халықаралық «Бір белдеу-бір жол» жобасы аясында қайта жандануда. Қытай төрағасы Си Цзинпиннің бастамасымен қолға алынған бұл бағдарламаға дейін «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жобасы іске асырылған болатын. Ендеше сөз сол туралы болмақ.

Транспорттың техникалық мүмкіндіктеріне, ең бастысы əлемнің саяси құрылымына қарай, өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін Ұлы Жібек жолының маршруттарын ешкім пайдаланған жоқ. Дегенмен ғасырлар тоғысында бұл жолдың қайта өрлеу дəуірі туғаны анық болды. Елдердің экономикалық дамуы осыны талап етті. Ең қызығы, еуропалық жəне азиялық елдердің өз транспорттық жүйелерін барынша тығыз байланыстыру мен интеграциялауға талпыныстары, 1998 жылы мамырда Алматыда өткен Транспорт бойынша халықаралық еуразиялық конференциядағы мəлімдемелерінде көрініс тапты.

Ұлы Жібек жолы өзінің ежелгі бар болмысымен өмірге қайта келді жəне əлем картасынан орын алды. Үшінші мыңжылдықтың жас əрі қызуқанды ұрпағы өздерінің байырғы бабаларының дəстүрлерін жалғастыра отырып, халықаралық байланыстың орасан əлеуетін игеруде.

Қазақстан Президенті өзінің халыққа Жолдауларында ел экономикасының логистикалық құрамдас бөлігін дамыту қажеттігі туралы айтып келеді. Біздің еліміздің мұхитқа шығатын жолы жоқ, бұл сыртқыэкономикалық байланыстарды орнатуға елеулі кедергі келтіреді. Оның үстіне, əлемнің 209 елінің 192-сімен біздің еліміз сауда жүргізеді. Бұдан тыс, республика территориясымен біздің көршілермен саудаға мүдделі көптеген елдердің маршруттарын өткізуге болады. Біздің байырғы көршіміз – Қытай, бүгінде əлемнің кез келген мемлекеті үшін басымды сауда серіктесі болуға тұрарлық ел. Осыларды ескере келе, «БатысҚытай-батыс Еуропа» халықаралық транспорттық дəлізін құру идеясы өмірге келді.

Халықаралық транспорттық дəліз құру кез келген елдің экономикалық саясатының басты міндеттерінің бірі, оны орындау əлемдік жүк тасымалы жүйесіне интеграциялануға, сондай-ақ сол елдің транзиттік əлеуетін арттыруға жəне сол аймақтың экономикасын дамытуға мүмкіндік береді.

Мəдени, экономикалық жəне туристік байланыстардың өзара əрекеттестігі деген түсінікті басшылыққа ала отырып, Азия жəне еуропа елдерінің басшылары жаңа автотранспорттық дəліз құруға шешім қабылдады, бұл сол елдердің интеграциясының бастамасы болды. Мұндай шешім қабылдауға өткен ғасырдың 60-жылдары салынған автомобиль жолдарының қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына сай келмейтіндігі де қосымша түрткі болды.

Еуразия құрлығының ортасында орналасқан, жаңа «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолын салу жобасының бастамашысы - ел президенті Н.Назарбаев еді. Ірі транспорттық тораптар мен терминалдарды жалғастыратын,

190

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]