Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / ТЕСТ МА#U049aТА 2014 / #U04d8д_стемел_к.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
2.09 Mб
Скачать
  1. Агротехникалық талабтар және нормативтік құжжаттардан пайдаланып қтКның көрсеткіштерін есептеу

3.1. Табиғи жағдай, қожалық орналасқан орта және басқа жағдайлардың мта жұмыс өнімділігі мен жанармай шығынына әсері

Өнім өндіру технологиясының тиімділігі өндірісті механикаландыру дәрежесіне, жұмыс өнімділігіне және материалдар шығынына көп тұрғыдан байланысты болады.

Материалдар шығынының ең салмақты бөлігін жанармай шығыны құрайды. Сол себепті, жұмыс өнімділігін арттыру және жанар май шығынын азайту өнім өндіру технологиясы тиімділігін арттыруда ең елеулі факторлар саналады.

Фермер және агроқұрылымдар шаруашылығында жерден тиімді пайдаланудың өзіне тән ерекшеліктеріне: егістік алқабының үлкенді-кішілігі, алқап айналасында түрлі ағаштар өсуі, алқап формасының күрделілігі (ыңғайсыздығы) көрші фермерлердің алқаптарымен жапсарлас орналасуы, алқапта МТА жұмыс жасауына кедергі беретін электр бағаналарының орналасуы, жер жырту,тұқым себу, қатараралық өңдеу, өнім жинау кезеңдеріндегі агрошараларды орындау барысында көрші фермер жерлері конфигурациясына-орналасуына байланысты алқап ұзындығының ыңғайсыз өзгеріп отыруы, уақытшалық суғару жүйелерін(оқарық және арықтар) әзірлеу және оларды қайта тегістеу сияқты жұмыстармен өрнектеледі. Осы факторлардың барлығы да МТА жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Әсіресе, қатарараларын өңдеу жұмыстарында МТА түзу сызықты қозғалуына, жүйектер соңында бұрылу жолақтарының төңірегінде ағаштардың болуы агрегаттың оңтайлы бұрылып алуына, жаңа қатараралығына дұрыс орналасуы және де (өсімдіктерге зиян тигізбей) шабық агрегатының жұмысшы реттеулерін өзгертіп алмай жұмыс істеуін қыйындатады.

Суармалы жерден тиімді пайдалану үшін фермер МТА бұрылу жолақтарына да дақыл егуге мәжбүр.

Қолда бар техникалық-нормативтік құжжатардан пайдаланып технологиялық карталар әзірлеуде жоғарыда айтылған факторларға мұқият көңіл беру қажет. Сол факторларды ескеру үшін түзету коэффициенттерінен пайдалаған жөн. Осы факторлар ішінен кейбіреулерінің МТА жұмыс өнімділігіне және жанармай шығынына әсерін көріп шығамыз(талдаймыз).

Алқап ұзындығы.Дала алқабы ұзындығының артуына сәйкес агрегаттардың жұмыс өнімділігі де артады. Алқап ұзындығын100 м ден 300 м ге арттырғанда жер жырту және культивациялау агрошарасында жұмыс өнімділігі 25% артады, жанармай шығыны болса жер жыртуда 10 %, культивациялауда 13 % ға азаяды.

Алқап өлшемдері. Дала алқабы өлшемдері агрегаттың жұмыс сменасы(күндік) бойында агрегаттардың бір алқаптан екінші бір алқапқа ауысуы үшін жұмсалатын уақыт шығынына әсер етеді. Алқап өлшемдері кіші болған жағдайларда агрегаттың бір алқаптан екіншісіне өту саны артады жәнеагрегаттардың жұмыс жағдайынан транспорт жағдайына өткеруге жұмсалатын уақыт шығыны да артады.

Егістік алқабы пішіні(формасы). Егістік алқабы пішінің күрделілігі алқап ұзындығы сияқты жұмыс өнімі мен жанармай шығынына жұмысшы әрекеті коэффициенті арқылы кері әсерін тигізеді. Алқап пішінінің ыңғайсыз(үшбұрышты немесе шеңбер пішіндес) болуы агрегаттың бұрылылып алуы уақытының артуына себеп болады. Осылардың салдарынан дұрыс төртбұрышты ақаптағы агрегаттың бұрылуға жұмсалатын уақытына қарағанда25 % ға дейін артады..

Алқаптағы кедергілер. Электр бағаналары сияқты кедергілер көп болған жағдайларда агрегат жұмыс жағдайынан бос жағдйға (бос жүріс) ауысып жылдамдығын азайтып кедергі айналып өтуге мәжбүр. Нәтижеде, өңделмей қалатын шаршы алаң және бос жүрістер жолы артып, агрегаттың жұмыс өнімділігі төмендейді.

Агрегаттардың күрделі және кедергілі алқаптарда жұмыс орындаған

Оның жұмыс өнімділігі жәнер жанармай шығыны түзету коэффициентері көмегімен есептеледі (6 - кесте) [2, 18, 19].

6-Кесте.

Егістік алқабындағы кедергілердің МТА жұмыс өнімділігі және жанармай шығынына әсерін түзету коэффициенті (Кт)

Кедергілердің болуы, жалпыалқаптағы үлесі, %

Түзетукоэффициентінің мәні

Сменадағы жұмыс өнімі мөлшеріне

Сменалық жанармай шығыны мөлшеріне

Доңғалақты және шынжыртабанды тракторлар үшін

Доңғалақты тракторлар үшін

Шынжыртабанды тракторлар үшін

5 % ға дейін

0,96

1,03

1,03

5...10

0,93

1,05

1,07

10...15

0,89

1,07

1,10

15...20

0,86

1,09

1,13

20...25

0,83

1,11

1,17

25...30

0,80

1,14

1,20

30...35

0,77

1,17

1,23

Алқаптағы жер рельефі көлбеулігі. Алқаптағы жер рельефі көлбеулігінің МТА жұмыс өнімділігі және жанармай шығынына әсерін түзету коэффициенті (K) төмендегі 7 - кестеде келтірілген[2].

7 – кесте.

Алқаптағы жер рельефі көлбеулігінің МТА жұмыс өнімділігі және жанармай шығынына әсерін түзету коэффициенті

Жұмыс түрі

Ер рельефининг қиялиги, градус

10қа дейін

10-30

30-5 0

50-7 0

70 тан жоғары

Жер жыртуда

1,00

0,98

0,96

0,92

0,86

Жер жыртудан басқа

1,00

0,96

0,93

0,87

0,80

Егістік алқабының тастақтығыәсерін төмендегі 8 –кестеден пайдаланып есептеп табу мүмкін [18, 19].

8-кесте.

Егістік алқабының тастақтығы әсерін түзету коэффициенті

Тастақтық дәрежесі

25 см ге дейінгі тереңдіктегі тастар мөлшері, м3/га

Түзетукоэффициенті

Жұмыс өнімділігіне

Жанармай

шығынына

Тассыз алқаптарда

0,5 ке дейін

1,00

1,01

Күшсі дәрежедегі тастақ

0,5...20

0,98

1,02

Орташа тастақ

20...55

0,92

1,04

Жоғары дәрежеде тастақ

55 тен жоғары

0,85

1,06

Өнім түсімі Өнім түсімі жоғары болған алқаптарда астық комбайны немесе мақта жинайтын комбайнның тонна есебіндегі жұмыс өнімділігі артуымен бірге олардың гектар есебіндегі жұмыс өнімділігі төмендейді. Бұл жағдайды, егін орағында астық комбайнының жаншып бастырушы астық мөлшерінің артуымен, мақта жиын-терімінде комбайнның терім аппараттары тазалаулары санының артуымен және бункердің мақтамен тез-тез толуымен түсіндіру мүмкін.

Соседние файлы в папке ТЕСТ МА#U049aТА 2014